Қатты фазада культивирлеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Кіріспе
Өсімдіктерден оқшауланып алынған клеткалар мен ұлпалар культурасының
биотехнологиядағы маңызы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өнеркәсіптік деңгейде өсімдік клетка культурасын өсіру технологиясы;
2. Қатты фазалы (беттік) культивирлеу;
3. Суспензиялық (тереңдетіп) культивирлеу;
4. Өнеркәсіптік деңгейде өсірілетін өсімдік клетка культураларынан
биологиялық белсенді заттар алу технологиясы.
ІІІ. Қортынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе

Өсімдіктер әлемі адам өмірінде аса маңызды орын алады. Адам күнделікті
өміріне қажетті қолданатын 1,9 млрд. тонна құрғақ затты, ол шамамен ∼ 99 %-
ды құрайды, өсімдіктерден алатындығы белгілі. Өсімдіктер өнеркәсіптің
көптеген салаларында кеңінен қолданылады: ауыл шаруашылығы, тағам
өнеркәсібі, құрылыс, тоқыма өнеркәсібі, қағаз өндірісі мен энергия өндіру.
Осылардың ішінде қазіргі заманда өсімдік клетка культураларынан дәрілік
препараттар (фитопрепараттар), ауыл шаруашылығында қолданылатын химикаттар
дайындайтын әртүрлі химиялық қосылыстарды, биологиялық белсенді заттарды
(ББЗ) алу қызығушылық туғызуда.
Оқшауланып алынған өсімдік клеткалары мен ұлпалары культурасының
биотехнологияды маңызын үш бағытта бөліп қарастыруға болады (Шевелуха және
т.б., 2003).
Ең біріншісі – өсімдік клетка культураларының медицина, парфюмерия,
косметика және т.б. өнеркәсіптік салалар үшін аса маңызды екінші реттік
метаболиттерді: алколоидтар, стероидтар, гликозидтер, гормондар, эфир
майлары, фитонцидтер және т.б. қосылыстар синтездей алу қабілетіне
байланысты. Екінші реттік метаболиттерді негізінен қатты (агарланған)
немесе сұйық (суспензиялық культура) орталарда өсірілген каллус ұлпаларынан
алады. Клеткалық технологиялар негізінде диоскорен өсімдігі клеткаларынан
диосгенин деп аталатын жүктілікке қарсы медициналық препараттар, женьшень
клетка культурасынан медицинада және парфюмерияда қолданылатын сергітетін
(тонизирующий) заттар алынады. Клеткалық селекция әдісін пайдалана отырып
бұл клеткалардың жоғары өнім беретін түрлерін іріктеп алуға болады. Өсімдік
клетка культураларын өнеркәсіптік деңгейде пайдаланудың өз артықшылықтары
бар: біздің елде өспейтін өсімдік түрлерін in vitro жағдайында өсірі, одан
жыл он екі ай жыл мезгіліне тәуелсіз өнім алуымызға болады.
Екінші бағыт – оқщауланып алынған өсімдік клеткалары мен ұлпаларын
өсімдікті сауықтыру мақсатында қолдану. Бұл әдіс клондық микрокөбейту әдісі
деп аталады, бір жылдың ішінде бір меристемадан мыңдаған өсімдіктерді алуға
мүмкіндік береді.
Үшінші бағыт – өсімдік клетка культураларын өсімдік селекциясында
қолдану. Өсімдік клетка культурасын өсімдіктер селекциясында қолдана
отырып, жылдам өсетін, қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз факторларына:
құрғақшылық, тұздылық, төмен және жоғары температура, фитопатогендерге,
ауыр металдарға төзімді түрлерін оқшауланып алынған протопласттарды
құйылыстыру және сомалық (парасексуалды) будан алу тәсілдерімен жаңа
өсімдіктердішығару.
ХХІ ғасыр трансгенді өсімдіктер ғасыры болатыны күмәнсіз. Себебі
трансгенді өсімдіктер гербицидтерге, насекомдарға, вирустарға төзімді болып
келеді және табиғи жағдайда өсетін көптеген өсімдіктер түрлерін ығыстыруда.
Оқшауланып алынған протопласттарға бөгде организм ДНҚ-сын (рекомбинантты
ДНҚ молекуласы) енгізу әдісі трансгенді өсімдіктерді алуда ең кең
қолданылатын гендік инженериялық әдістің бірі болып табылады.
Оқшауланып алынған тозаңдар мен тозаңқаптарды жасанды қоректік
орталарда өсіру арқылы өнімділігі нашар эндоспермі толық жетілмеген
гибридті ұрықтары бар өсімдіктерді өсіріп алуымызға болады. In vitro
жағдайындағы ұрықтандыру кейбір өсімдіктердің өзара тозаңдана алмауын
жеңуге мүмкіндік береді.

Өндірістік деңгейде оқшауланған өсімдік клетка культуралары мен
ұлпаларды пайдалана отырып биологиялық белсенді заттар алу әдістері

Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) құнды көзі ретінде каллус
ұлпалары қолданылады. Оны қатты фазада және тереңдетілген суспензияда
культивирлеу, мерзімді және үздіксіз режимде жүзеге асырылады.

Қатты фазада культивирлеу
Каллусты клеткаларды жоғары сатыдағы әр түрлі өсімдіктердің
ұлпаларынан алады. содан кейін осы ұлпаларлың бір кесегін қоректік ортаға
орналастырады. бұл кезде қатаң түрде тазалық сақталу қажет.
Қоректік ортада каллусты клеткалардың дамуын қамтамасыз ету үшін, оның
дамуына қажетті заттарды: ұлпа клеткалары, тамыр мен бүршіктері, жапырақ
мезофилі және басқа да ұлпалары, яғни дифференциация қабілетін жоғалту
қажет. Дедифференциацияланған клетканың дамуы 3-6 апта аралығында
эксплантты гормоны жоқ ортада өсіруге қабілетті болып келеді.
Ал, 4-6 апта аралығында алғашқы каллус пайда бола бастайды және бұл
каллусты жаңа қоректік ортаға көшіру қажет.
Агарозды ортада культивирлеу үшін каллустың 1 кесегінің салмағы 60-100
мг-ы жаңа қоректік ортаның 30-40 мл-не тең болу керек. Қатты қоректік
ортаның беткі жағынан өсіп шыққан каллус ұлпалары аморфты құрылымды болу
керек. Әдетте каллусты ұлпаның химиялық құрамы сәйкес келетін өсімдіктің
мүшесінен айырмашылықтары бар.
Каллусты клеткалар бірқатар бөлінгеннен кейін қалыпты өсімдіктің даму
циклына айналады, яғни дифференциациясы басталады. Бұл процесте
гормондардың атқаратын ролі өте зор.

Тереңдетілген суспензияда культивирлеу
Тереңдетіп культивирлеу және суспензиялы культура алу үшін өсімдік
клеткаларының культуралары қолданылады. Қазіргі кезде борпылдақ типті
каллус ұлпасы жақсы қолданылып келеді. негізінен трансплантантты
пектиназамен залалсыздандыру керек. Борпылдақ каллусты өсіргенде қоректік
ортаға 2,4-Д қосылады. Айта кететін бір жайт-қоректік ортада Са ионы болмау
керек, себебі ол кальций пектинатының түзілуіне әсер етеді. культивирлеу
кезінде қоректік ортадан цитокининді алып тастау қажет немесе
концентрациясын төмендету қажет, ал керісінше ауксиннің концентрациясын
жоғарлатуымыз керек.
Борпылдақ каллусты сұйық ортада жиі шайқап, араластырғанда ол жеке
клеткаларға ыдырайды және кішігірім клеткалық агрегаттарға бөліне бастайды.
бөлінбейқалған тығыз каллустың қалдықтары және ірі агрегаттарды 1-2 қабат
дәке немесе нейлон арқылы сүзіп алып тастайды. немесе суспензияны
бірнешеминут қозғалтпай қойып, оны тұндырып, үстіңгі жағында батпай қалған
жеке клеткалар мен майда клетка топтарын бөлек құйып алады. суспензияның
үстіңгі жағындағы жеңіл фракциясын жаңа қоректік ортаға жиі-жиі көшіріп
өсірсе, жеке клеткалардың саны көбейеді.
Культивирлеу процесінде активті бөлінуші клеткалар қоректік заттарды
өз бойына жинап қана қоймай, сонымен қатар өзінің тіршілік етуіне қажетті
заттарды бөліп шығарады, тағы да біраз ферменттерді атауымызға болады.
Оларға: α-амилаза, фосфогидролаза және т.б. Олар суспензияның
дисперстілігін өзгертеді. Культуралды суспензияның дисперстілігін жоғарлату
үшін пектиназаның төменгі концентрациясы және де целлюлозаны қосуға болады.
Клеткалардың өсу процесінде гомогенді жүйені пайдаланған жөн.
Тереңдетіп культивирлеу качалкада колбаларды 100-120 минайналымда
жүзеге асырылады. 60-100 мл қоректік ортаны дайындау үшін 2-3 грамм жаңа
каллус ұлпасынан пайдаланамыз, яғни клеткалық популяцияның бастапқы
тығыздығы 0,5*105-2,5*105 мл тең болу керек.
Айта кетуіміз керек, микроорганизм клеткаларына қарағанда өсімдік
клеткалары өсіп, бірақ баяу дамиды. Олардың екі еселенуі 1-3 тәулік
аралығында жүзеге асады. Негізінен, өсімдік клеткаларының культивирленуі2-3
апта уақытты қамтиды.
Суспензиялық клеткалармен жұмыс істеу уақытында олардың шартты
параметрлерін міндетті түрде білу керек.
Клеткалық популяцияның тығыздығы- клетка концентрациясының 1 мл
суспензиясына тең.
Клеткалық популяцияның екі еселенуі жиынтықты суспензиялы
культуралардың минимальді уақытына тең. Мысалы, қант қызылшасының екі
еселену уақыты 86 сағатты құрайды, сондай-ақ темекінікі 48 сағат,
бұршақтікі (фасоль) 22 сағат.
Суспензияның ылғал массасын алдын ала салмағы өлшеніп алынған
нейлоннан жасалған фильтрге ауыстыру арқылы анықтайды. Қоректік ортаның
қалдық заттарын тазарту үшін сумен шаяды.
Құрғақ массасын өлшеніп алған ылғал биомасса навескасын 60-700С 1
тәулік кептіру арқылы анықтайды.

Мерзімді суспензиялы культураның өсу циклінің фазасы

Өсу циклі немесе егу циклі деп- бұл инокулюмды қоректік ортаға
қосқаннан бастап келесі жаңа ортаға ауыстырғанға дейінгі мерзімді айтады.
Инокулюм деп- жаңа қоректік ортаға көшірілетін суспензияны айтады.
Суспензиялы культуралар өз алдына жеке клеткалар мен кішкене клеткалық
агрегаттардың популяциясын бастайды.
Морфологиялық және физиологиялық гетерогеннің ішкі популяциясына
қарамастан, клетка культурасының өсуі S- қисық сызық тәрізді болып келеді.

Өсу циклдарының бірнеше фазаларын қарастырайық:
1. Латентті фаза (лаг-фаза)- бұл мерзімде клеткалар көбеймейді, өсуі де
байқалмайды. Бірақ су мен қоректік заттарды сіңіру процесі және
бөлінуге дайындық белсенді өтіп жатыр.
2. Үдеу фазасы - бұл кезде клеткалар бөлініп, созылып өсе бастайды.
3. Экспоненциалды фазада- клеткалар жылдам бөлінеді, клеткалар
көбейеді, олардың биомассасының жоғарлауы байқалады. Экспоненциалды
немесе лог-фазадаөсу жылдамдығы өте қарқанды, уақыт өткен сайын екі
еселеніп өседі.
4. Бәсеңдеу фазасы- қоректік ортаның қоспа бөлшектері біртіндеп
төмендейді, клетка метаболиттерінің құрамы артады, клетканың өсуі
мен көбеюі қарқынының төмендеуіне әкеп соғады.
5. Стацианарлық фаза- бұл жаңадан пайда болатын және клеткалардың тең
қатынасы салдарынан қоректік ортада клетка санының бірталай
тұрақтылығымен сипатталады. Стационар фазада культивирлеу басталысы
орта есеппен 21-28күнге созылады.
6. Клеткалардың біртіндеп жойылу кезеңі.

Үздіксіз культивирлеу
Үздіксіз культивирлеу деп- суспензиядағы клеткаларды өсіру процесі
үздіксіз жүргізіледі және де қоректік орта ылғи жаңарып тұруы керек.
Үздіксіз культивирлеу жартылай ағынды және ағынды жүйеге ажыратылады.
1. Жартылай ағынды жүйеде өсіру,бірнеше уақыт интервалында суспензияның
бір бөлігін және қалған суспензияны жаңа ортаға қосумен анықтайды.
Суспензиядан стерильдіауа жіберіледі. Культураны магнитті
араластырғышпен араластырады. Бұл культивирлеу бірнеше айбойы
жалғасуы мүмкін.
2. Ағынды жүйеде культивирлеу- культуралды сұйықтықтан белгілі бір
көлемде алынады. Бұл кезеңде автоматтанған ферменттер бірнеше жыл
бойы функцияланады. Өндірісте көлемі 1500 литрға жететін үлкен
клеткалық биомасса ретінде ферментерлар қолданылады.

Өсімдік
Өсімдіктер көптеген Биологиялық активті заттардың (БАЗ ) продуценттері
болып табылады. Биологиялық Активті Заттар- организмге биологиялық
процестердің қосылуынан пайда болады. Мұндай қосылыстарға жүректік
гликозидтер, стериндер, каратиноидтар, полифенолдар, алколоидтар,
витаминдер, хинондар және құрамында спецификалық ароматты заттар және дәм
мен бояулары бар заттар.
Биологиялық Активті Заттардың екінші реттік алмасудағы өнімдерге
жатады, оны екінші реттік метаболиттер немесе биосинтездің екінші реттік
өнімі деп аталынады. қазіргі кезде екінші реттік метаболиттердің 100 000
түрі белгілі. Оның көбісі практикалық, экономикалық жағынан қажетті
өнімдерді алуда қолданылады. Мысалы, фармокологияда, космитологияда және
тағамдық өндірісте жиі қолданылады.

Өнеркәсіптік өндірісӨсімдік өнімдері Өсімдіктің түрі
1 2 3
Фармацевтикалық кодеин(алкалоид) Papaver somniferum
өндіріс
диосгенин (стероид) Dioscorea deltoidea
хинин (алкалоид) Cinchona ledgeriana
дигоксин (сердечный Digitalias lanata
гликозид)
скополамин (алкалоид) Datura stramonium
винкристин (алкалоид) Catharanthus roseus
Агрохимикаттар Пиретрин Chrysanthemum
cinerariaefolium
Азық-түлік өндірісі хинин (алкалоид) Cinchona ledgeriana
тауматин (халькон) Thaumatococcus danielli
Косметикалық өндірісЖасмин Jasminum sp

Дәрілік өсімдіктер фармацевтикалық өндіріске әлі де өзінің үлесін қосуда.

Дәрілік заттар Активтілігі Өсімдік көзі
1 2 3
Диосгенин Жүктілікке қарсы Dioscorea deltoidea
стероидтары препараттар
Кодеин Ауыруды басатын Papaver somniferum
Атропин Антихолинэргенді Atropa belladonna L.
Резерпин Қан қысымын төмендетуші Rauwolfia serpentina L.
Геоциамин Антихолинэргенді Hyoscyamus niger L.
Дигоксин Жүрек жұмысын сергітуші Digitalis lanata L.
Скопомамин Антихолинэргенді Datura metel L.
Дигитоксин Жүрек қан тамырларын Digitalis purpurea L.
реттеуші
Пилокарпин Холинэргеническое Pilocarpus jabonandi
Хинидин Антималяриное Cinchona ledgeriana

Уды дәрілік заттар деп айтуға болады. Африка мен Оңтүстік Америкадағы
аңшылар өсімдіктердің нейротоксинді уын әлі күнге дейін қолданып келе
жатыр, мысал ретінде айтар болсақ, кураре уы. Көптеген өсімдік улары өте
күшті нейротоксинді қабілетке ие, мысалы рицин.
Химикаттарды ауыл шаруашылығында қолдану. Өсімдіктердің өсу
регуляторлары, пиретриннің ашылуымен байланысты болды. Перетриндер,
Chrysantemum cinerariacfolium гүлінен бөлініп алынады және күшті инсектицид
болып табылады.

ӨНДІРІСТІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨСІМДІК КЛЕТКА КУЛЬТУРАСЫНАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ
ЗАТТАР АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Өндірісте өсімдік клетка культурасынан биологиялық белсенді заттар
(дәрілік сустанциялар) алудың негізінде бірінен кейін бірі орындалатын
кезеңдер мен жұмыстар жатыр: жоғары өнімділік қабілеті бар продуценттерді
алу, мақсатты өнімнің максимальді биосинтезі үшін ББЗ продуцентін
культивирлеуге оптимальді жағдай жасау, ББЗ бөліп алу және оны тазалау
әдістері мен жағдайларын құрастыру және практикада қолдану, дайын
препараттарды жасау және оның сапасын бақылау. Жоғарыда аталған кезеңдердің
әрқайсысында жүргізетін жұмыстардың барлығын осы саланың мамандары:
биотехнологтар, генетиктер және химик-технологтар жүргізу керек (Чуешов
және т.б., 2002).
Егу материалы мен продуцентті культивирлеуге арналған ортаны дайындау
(бірінші кезең).
Биологиялық белсенді заттардың әр продуцентіне, жаңадан түзілген
каллус мен өсімдік клеткаларының суспензиялық культураларына тек өзіне ғана
тән оптимальді ортасы болады. Өндірісте өсімдік клетка культурасын
культивирлеуге арналған қоректік орталар мынадай талаптарға сай болуы
керек:
1) Биомассаның жақсы өсуін және мақсатты өнімнің – алколоидтар,
гликозидтер, полисахаридтер және т.б. екінші реттік метаболиттердің
синтезін қамтамасыз ету керек;
2) Қоректік ортаның құрамдас бөліктері, яғни қорек ортаның химиялық
құрамына кіретін заттар бағасы жағынан қол жетімді арзан болы керек;
3) ББЗ бөліп алу мен оны тазалаудың экономикалық жағынан тиімді
тәсілдерін қолдануға мүмкіндік туғызу керек;
Мурасиге-Скуг (MS) және Шенк-Хильдебрандт (SH) қоректік орталары
өсімдік клетка культураларымен жұмыс істегенде ең көп пайдаланылатын
орталар болып табылады. Себебі, көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары
нәтижесінде осы аталған орталарда дара және қос жарнақты өсімдіктердің
көптеген түрлерінің өсуі үшін ең тиімді екендігі анықталған (кесте).
Мурасиге-Скуг (MS) және Шенк-Хильдебрандт (SH) қоректік орталарын
химиялық құрамы жағынан тұздардың мөлшері жоғары топқа жатқызады (тұздардың
мөлшері аз Уайт ортасымен салыстырғанда). Шенк-Хильдебрандт (SH) ортасы in
vitro жағдайында өсімдік клетка культураларын өсіруге арналған басқа
қоректік орталардан өзінің химиялық құрамында мезоинозиттің он есе көп
болуымен ерекшелінеді. MS және SH қоректік орталары құрамында темір хелатты
ЭДТА-мен комплекс түрінде болады. Бұл темірдің рН 8-ге дейінгі мәнде оңай
сіңірілуін қамтамасыз етеді. Егер өндірісте қоректік орта құрамында хелат
түзуші агент болмаса, онда темірдің тапшылығы тез біліне бастайды.
Каллустық және суспензиялық культураларды өсіруге арналған орталардың
құрамдас компоненттерін алты топқа бөлуге болады:
1) Негізгі бейорганикалық қоректік заттар (макроэлементтер);
2) Микроэлементтер;
3) Темір көзі;
4) Органикалық қоспалар (витаминдер);
5) Көміртек көзі;
6) Өсімдік өсу регуляторлары.
Әдетте қоректік орталарды дайындау барысында осы қосылыстар рет-
ретімен қосылады.
Араластырғышы бар биореакторға вакуум көмегімен төмендегі ретпен алдын
ала әзірленген ерітінділерді енгізеді:
- Макротұздар ерітіндісі;
- Темір хелаты ерітіндісі;
- Микроэлементтер ерітіндісі;
- Кальций және нитрат ерітінділері;
- Қант ерітіндісі.
Қоспаны араластырғыш көмегімен 5 минут шамасында жақсылап
араластырады, одан кейін 1-2 минут барботаж әдісімен вертикальді
араластырады. Сол кезде ортаның рН мәні (ортаның рН мәні шамамен 5,0-6,2
аралығында болу керек) мен температураны (ерітінді темпертурасы 22±2,5°С
шамасында болу керек) анықтау үшін бақылау сынамаларын міндетті түрде алып
отырады.
Өндіріс жағдайларында қоректік ортаны залалсыздандырудың екі түрлі
тәсілін қолданады: мерзімді және үздіксіз.
Залалсыздандырудың мерзімді түрін тек кіші көлемдегі қоректік
орталарды залалсыздандыру үшін қолданады. Мерзімді залалсыздандыруды
ферментерларда немесе арнайы ГПСД-1700 бу стерилизаторларында жүргізеді.
Бұл кезде қоректік ортаны белгілі бір температураға дейін қыздырылады да
(шамамен 120-125°С) 30-60 минут уақыт (қоректік орта көлеміне және химиялық
құрамына байланысты) сол температурада тұрақты ұстап тұрады, одан кейін 27-
30°С температураға дейін суытады.
Залалсыздандырудың үздіксіз әдісін қоректік ортаның үлкен көлеміне
қолданады. Дайындалған қоректік ортаны арнайы түтіктен насос көмегімен
залалсыздандырғыш колоннаға жібереді, ол жерде қоректік ортаға жоғары
қысымдағы бу (шамамен 5 атм.) беріледі. Залалсыздандырғыш колоннаға бу
жоғарыда орналасқан саңылаулар арқылы үздіксіз келіп отырады. Бу қоректік
ортаны қысқа уақыт аралығында қажетті температураға дейін қыздырады.
Қоректік орта залалсыздандырғыш колоннаға керісінше төменнен беріледі де
ішкі түтіктер арқылы спираль бойымен жүріп отырады.
Залалсыздандыруға қажетті температураға дейін (шамамен 125°С)
қыздырылған қоректік орта залалсыздандырғыш колоннадан арнайы аппарат ұстап
тұрғышқа (выдерживатель) беріледі, ол жерде 120-125°С температурада тұрақты
ұстап тұрады, ұзақтылығы ортаның химиялық құрамына байланысты 5-10 минут
уақытты құрайды. Одан кейін орта арнайы жылан тәрізді тоңазытқышқа
(змеевиковый холодильник) беріледі, ол жерде орта 30-35°С температураға
дейін суытылады. Жылан тәрізді тоңазытқышта суыған қоректік орта одан әрі
ферментерге беріледі. Залалсыздандырудың үздіксіз әдісі мерзімді әдіспен
салыстырғанда бірнеше артықшылыққа ие: өндірістік процесті автоматты
басқаруға мүмкіндік беруі, ортаны қысқа уақыт ішінде тез әрі біркелкі
қыздыруы, ортаның толық стерильділігін қамтамасыз етуі.
Егу материалын дайындау – өсімдік клетка культурасынан ББЗ алудың
биологиялық әдісіндегі ең маңызды әрі жауапты операциялардың бірі болып
табылады.
Өсімдік клетка культурасын (культура коллекциясын) өндіруші зауыттар
академиялар, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерден арнайы
алады. Әр культураның өзінің арнайы құжаты – паспорты болады. Ол паспортта
культураның толық аты, морфологиялық сипаттамалары, физиологиялық
қасиеттері, культивирлеуге арналған қоректік орталар мен сақтау жағдайлары
толық жазылады.
Культивирлеудің қатты фазалы әдісі үшін өсімдік клетка культурасын
сыйымдылығы 250 мл болатын колбаға құылған агарланған қатты стерильді
қоректік ортада, арнайы термостұрақталған бөлмелерде немесе термостаттарда
27±1°С температурада 38-46 тәулік бойы өсіреді. Культураға бактерицидтік
шамдар мен дезинфекциялаушы залалсыздандырғыш заттардың тимеуін қадағалау
керек, әйтпесе ол культураның өсуіне өзінің кері әсерін тигізеді. Аналық
культурадан 7-9 қосымша культураны бөліп отырғызады. 38-46 тәулік өткен соң
өскен культуралардың ішінен ең жақсы өсу белгілері бар түрлерін іріктеп
алады. Мұндай культураларға белсенді өсу, қоректік ортаны қолдану
белсенділігі, ұлпаның ақшыл-сарыдан сүт тәрізді түске дейін құбылуы,
некроздық қосымшалардың болмауы белгілері жатады.
Тереңдік (суспензиялық) әдіс үшін өсімдік клетка культурасын алдын ала
агарланған қатты стерильді қоректік орталар құйылған пробиркаларда өсіріп
алады, содан кейін өскен культураларды стерильді сұйық қоректік ортасы бар
колбаларға ауыстырады да тереңдетіп өсірудің екі генерация уақытын
белгілейді. Тереңдетіп өсіру әдісін колбаларды арнайы шайқағыштарға
орналастыру арқылы жүргізеді, генерация мерзімінің ұзақтығы әр кезеңге 38-
46 тәулікті құрайды. Екінші генерация уақыты аяқталған соң колбадағы
культураларды кішігірім шағын көлемі 10 л инокуляторға отырғызады. Одан
кейін жақсы өскен культураларды негізгі ферментерге ауыстырады. Негізгі
ферментерге енгізілетін егу материалының 5-10 көлемдік процестен алынған
инокулятты қолданады.
Биологиялық белсенді заттардың биосинтезі (екінші кезең, басты
ферментация)
Биосинтез кезеңі, бас ферментация – өсімдік клетка культурасынан ББЗ
алу процесінің ең маңызды биологиялық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты
– ББЗ продуцентін ББЗ синтезіне қажетті даму жағдайларын жасау. ББЗ
максимальды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу
Ферментация процесі. Негізгі сипаттамалары
Жасушаларды культивирлеу
Суспензиялы культура
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер
Өсімдік жасушаларын өсірудің қысқаша тарихы
Жануарлар биотехнологиясы пәнінен тіректік дәрістер жинағы
Жасушалардың қосылу әдістерінің мүмкіншіліктері
Май дайындағышта шығарылған май
Пәндер