Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесінің тиімділігін арттыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І-тарау
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
І-тарау: 1. 1
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Отбасы ұғымының мәні . . . 4
І-тарау: 1. 2
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Проблемалы отбасылардың пайда болу себептері . . . 6
І-тарау: 1. 3
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеті7
І-тарау: ІІ-тарау
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: ҚР-ғы проблемалы отбасылардың қазіргі жай-күй і
І-тарау: 2. 1
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Толық емес және ажырасқан отбасылар мәселесі . . . 10
І-тарау: 2. 2
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Аз қамтылған отбасылардың қазіргі жай-күйі . . . 13
І-тарау: ІІІ-тарау
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Проблемалы отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жетілдіру жолдары
І-тарау: 3. 1
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Мемлекеттің отбасы саясатын жетілдіру жолдары . . . 15
І-тарау: 3. 2
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері: Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесінің тиімділігін арттыру жолдары . . . 17
І-тарау:
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері:

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 22

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі мен бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттері отбасында қалыптасады. Сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: « Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі », - десек артық емес. [1]

Бұл курстық жұмысымда мен проблемалы отбасылардың бала тәрбиесіне қалай әсер ететінін сөз етем. Өйткені қазіргі қоғамда бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. «Ұяда нені көрсен, ұшқанда соны ілесін», деген қазақта мақал бар. Нашақор, маскүнем отбасыларының бала тәрбиесіне қосар үлесі қандай болатыны айтпай-ақ белгілі. Мұндай ата-аналар балаларының қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институттың өздерінен бастау алатынын ұқпайды. Перзенттерінің болашағына жол сілтемейді, дұрыс нұсқаулықтар жасамайды. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Ал толық емес отбасыларында әкенің немесе ананың мейірімі жетпей тұрады. Бұл да бала психологиясына әсер етпей қоймайды. Осы тұста әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы ауадай қажет деп айтуға әбден негіз бар. Олар проблемалы отбасыларында тәрбиеленген балаларды әңгімеге тартып, олардың жан сырын білу арқылы көмек көрсете алады. Курстық жұмысымның тақырыбына сай, әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы жайлы толыққанды мағлұмат бергім келді. Осы мәселені қоғамда көтермейінше, проблемалы отбасылардың саны өсе бермек. Әрбір адам бұл мәселенің маңыздылығын айтатын болса, сонда ғана бұдан нәтиже шығады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін жетілдіру және көпшіліктің талқысына салу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті :осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Отбасы ұғымын талдау;
  • Проблемалы отбасылар ұғымының мәнін, пайда болу себептерін анықтау;
  • Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;
  • Толық емес және ажырасқан отбасылар мәселесін қарастыру;
  • Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың бағыттарын талдау;
  • ҚР-ғы әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіруді қарастыру;
  • Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін тиімділігін арттыру жолдарын сараптау.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, екі кестеден тұрады.

I тарау Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстың теориялық-

әдіснамалық негіздері

1. 1 Отбасы ұғымының мәні

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жаңымды өнегелерлің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселерінің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұапақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі-ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай түрі алмастыра алмайды. [2]

Отбасы-болашақтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып. өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі бір ережелері қалыптасқан:

  • баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
  • баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;
  • баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды;
  • жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорлауға болмайды;
  • балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
  • баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
  • бала жөніндегі басқалар тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын, оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн. [3]

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер-бұл өнеге-үлгі, бірліктіеңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. Балаға болған қатынас, ата-аналар арсындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмы процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, жанұяда қалыпты тәрбие беруді айтпағанның өзінде түрлі жағдаймен шаңырақ шайқалып, бала тағдырына өз деңгейінде көңіл бөлінбей жататындығы жасырын емес. Кезінде ата-бабамыз ерекше қастерленген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті? Біз бүгінде оған қаншалықты мән берудеміз? Көкірек көзі ояу әрбір жанды толғандырады.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:

  • қайта өндіру-ұрпақ келтіру;
  • шаруашылық-экономикалық;
  • тәрбиелеу;
  • қарым-қатынас құру;
  • қайта қалыпқа келтіру.

Қазіргі таңда адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселесі, қоғам дамуында тұрған мақсат - мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын талассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз. Бүгінгі таңда тәуелсіздігін алып, өзінің сыртқы және ішкі жағдайларын анықтап жатқан қазақ елі үшін өркениетке жеткізер тәрбие жолдарын саралап, жүйелеп, өмірге енгізудің орны ерекше екені белгілі. Бұл ретте бала дүниеге келгеннен кейін ең алдымен отбасында, онан кейін қоғамдық ортада және оны тұлға ретінде қалыптастыруға, тәрбиелеуге қатысты дініміздің ғасырлар бойы халық арасында сақталып келе жатқан дәстүрлі тәлім- тәрбиесін қолдаудың маңызы зор. [4]

1. 2 Проблемалы отбасылардың пайда болу себептері

XX ғасырдың аса маңызды әлеуметтік өзгерістері немесе отбасы тұрақтылығының шайқалуымен тікелей байланысқан, ал дәстүр дағдарысы ажырысу мен некенің бұзылу қарқыны, жарым-жанды отбасы мен ата-анасының біреуі жоқ отбасы санының көбеюі, аборт пен некесіз баланың туылуының кең таралуы, отбасы зорлығының және т. б көбеюіне әкеліп соғады немесе барлық әлеуметтік және жеке мәселеллердің себептері отбасындағы қазіргі замаңғы зорлықпен қарастырылады

Облысымыз бойынша 537 мың бала бар. Бұл осыншама тағдырға асқан жауапкершілікпен қарауымыз керек дегенді білдіреді. Осы балаларға бүгін қалай тәрбие берсек, болашағымыз да сондай болмақ. Көбіне тәртібі нашар, қиын балалар әке-шешесі ішімдікке салынған немесе толық емес отбасылардан шығып жатады. Олардың қылмысқа, ұсақ ұрлыққа баруын айтпағанның өзінде бүгінгі таңдағы балалар арасында суицид мәселесінің белең алуы ойландырарлық жағдай. Бұл бойынша облысымызда өткен жылы 38, осы жылдың 8 айында 17 жағдай тіркеліп отыр.

Оған себеп, балаға өз дәрежесінде көңіл бөлмеуіміз. Ата-ана күнделікті нан табу қамымен ғана жүргенде отбасы тәрбиесі ақсай береді. Одан осындай шиеленісті жағдай туындайды. Өйткені, отбасылық құндылық деген мәселе төмендеп барады. Бүгін қосылып, ертең ажыраса салатындар қатары көп. Тіпті үйленбей жатып бірге тұру, оп-оңай ажыраса салу сәнге айналғандай. Бұл жағдай оңай шешілсе бір сәрі. Орталарында бала болса ше? Оның тағдыры не болмақ? Балалар үйінің есігінің алдына апарып сәбиін тастап кету сынды жағдайлар міне, осындай ата-ана жауапкершілігінің төмендігі салдарынан туындап отыр. Тіпті мектеп жасындағы қыздардың да жезөкшелік әрекетке баруы бүгінгі таңдағы бәрімізді алаңдататын күрмеуі қиын мәселе. Халқымыздың қуаттылығы қашанда отбасындағы балалар санының көптігімен өлшенген. Мәселен, 1955 жылы жанұядағы бала саны орта есеппен 7-ні құраса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 2-ге төмендеп кеткен. Бүгінгі таңда да отбасындағы бала саны екі-үштен аспауда. Осының салдарынан жыл сайын 200 мыңнан аса жасанды түсік жасату дерегі орын алуда. Бұл да отбасылық құндылықтың төмендеуінің бір салдары. [5]

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:

  • бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
  • өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
  • отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;
  • отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
  • отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
  • отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
  • отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
  • отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы. [6]

1. 3 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың

мақсаты мен міндеттері

Объективті шектелген материалдық мүмкіндікті қажет ететін отбастары, жас балалары (үш жасқа дейінгі) бар отбастары, балалары бар студент отбасылар жатады. Нақты алғанда, олар (көпшілік жағдайда) босқындар мен қоныс аударғандардың (оралмандар) отбасы, ер жетпеген балалары да бар, әлеуметтік жұмыссыз отбасы, девианттық (маскүнем, құқық бұзушы, нашақор және т. б. ) отбасылары ата-аналарының асырауында болады. Қазіргі жағдайда тек әлеуметтік әлсіз отбастары (көп балалы, толық емес, мүгедектер отбасы т. б) ғана емес, бұрын отбасының кемелі әлеуметтік проблемалы қоғамның күрт әлеуметтік-экономикалық жіктелуінен, миграция, халық, соның ішінде отбасы денсаулығының төмендеуінен, демографиялық жағдайдан отбасының, әсіресе әйелдің дәстүрлі рөлінің негізді түрде өзгеруінен, жарымжан отбастары санының өсуінен асыраушылық коэффицентінің көтерілуінен отбасындағы зорлықтан әлеуметтік жетімдік және ең бастысы мемлекеттік бюджеттің үнемі, тапшылығынан көрінеді. [7]

Әлеуметтік жұмыс отбасындағы осы мәселелерді шешуге ғана емес, сондай-ақ отбасының көптеген қоғамдық мәнді қызметтерін орындау үшін оның ішкі әлеуетін нығайтып, дамытып, қалпына келтіруге бағытталған.

Қылмыс көбеюде, соның ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыс саны көбеюде. Шамамен, тонау, ұрлау және зорлыққа кінәлілердің үштен бірі - жасөспірімдер. Әлеуметтік сәтсіздік бұл - жиілеп кеткен балалармен мейірімсіз қатынас жасаудың (оларды сату), психологиялық күйзелістің, науқастану, өзін-өзі өлтіру, жезөкшеліктің себебі (13-15) болды.

Дүние жүзінде, Ресейде және бізде әлеуметтік жұмыс практикасы мен тәжірибесі адамдардың өздері, не отбасы, не жолдастары, не көршілері тілектес шенеуліктер де шеше алмайтын мәселерімен жиі кездесетіндігін көрсетеді. Осы үшін аса маңызды маман иелері отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкерлер талап етіледі. Кадрлардың кәсіптік дайындығынсыз елдегі тез өзгерген әлеуметтік жағдайлардан, жағдайды қиындатқан үдерістен туған мәселелерді шешу, оларды талдау және жинақтау мүмкін емес. Халықпен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау, оның әлеуметтік технологиясын әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті және сенімді шараларын әзірлеу қажет. [8]

Отбасылық тәрбие дегеніміз - ата-ананың баласының рухын және дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Ұстын дегеніміз - қандай да бір теорияның, ілімінің, дүниетанымының, теориялық бағдарламаның түпкі қағидасы.

Отбасылық тәрбиенің келесідей ұстанымдары бар:

  • мақсат белгілеу;
  • тәрбиенің әлеуметтік бағдары;
  • тәрбиенің өмірмен байланысы;
  • тәрбиелік үрдісті жобалау және болжау;
  • отбасылық тәрбие мен қоғамдық тәрбиенің бірлігі;
  • тәрбиелеу үрдісінің өзгергіштігі және басымдылығы;
  • жағымды эмоционалдық;
  • бала тұлғасының дамуының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеру;
  • тәрбиелеу тұрғысында талаптардың бірлігі;
  • тәрбиеленушінің қызметке араласуы;

Әдіс-дегеніміз теориялық зерттеу немесе бірдеңені жүзеге асырудың тәсілі. Тәрбиелеу әдістерінің түрлі классификациясы. Отбасылық тәрбиеде біз келесі әдістерді қолданамыз:

  • сендіру;
  • тіршілікті ұйымдастыру;
  • түзету;
  • марапаттау және жазалау.

Отбасылық тәрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

  • үздіксіздік;
  • тәрбиелік әсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы:
  • тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;
  • тікелей әсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз) ;
  • қарым-қатынастың жекелігі;
  • өзара қарым-қатынастың табиғилығы және көпқырлығы. [9]

Ата-ананың міндеті - ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасап, «жекеше» қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасыішілік атмосферада әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.

Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы әлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі және өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Әрине бұл тәуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы баланың үлгерімі (өткен уақытта) және оның оқуының ұзақтығы өте басым материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-аналарының білім деңгейі әсер етеді (жоғарға білімді ата-аналардың балалары жақсы оқиды) . Ата-аналардың білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты әсер етеді.

Отбасын бұлайша сипаттау олардың ерекше жағдайда материалдық қолдауды қажет ету дәрежесін анықтау үшін қажет.

Отбасыларын нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясат отбасы саясаты үшін әлеуметтік экономикалық дағдарыс жағдайында ерекше мәнге ие болады, яғни мемлекет тарапынан материалдық қолдау, ерекше жеңілдік пен қызметті талап ететін объектілер әлеуметтік қызметкерлер қызметінің объектісі болып табылады.

Тәрбиелеуді иландыру мәнерімен жүргізілетін отбасыларындағы ата-аналар баланы ақыл-кеңеске көндіруге тырысады, ықпал етуге бара бермейді, нәтижесінде бала басқа шығып кетеді деуге болады. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтан баламен қатар ата-анаға қатысты да қатаңдық талап етіледі. Кез келген ата-ана үшін өзінің баласы жөнінде жаман сөз естуі ұнамсыз, сондықтан баланың жақсы жағын да елеп мақтап қойған жөн. [10]

ІІ тарау Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қазіргі жағдайы

2. 1 Толық емес және ажырасқан отбасылар мәселесі

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата - анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.

Толық емес отбасы балалардың ата - анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата - аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата - анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі - зайыптыны бағып - қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі - зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады. [11]

Отбасы дағдарыстары. Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез - келген түрі қалыпты деп есептеледі. Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі - зайыптылардың бір - біріне бейімделу кезеңі -алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі -бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік жұмыс
Толық емес отбасынан шыққан бастауыш сынып балаларының сипаттамалары
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Толық емес отбасыдығы бала тәрбиесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Баланы тәрбиелеуде келісімі жоқ отбасылар
Жас отбасы жайлы
Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі
Бала бойында азаматтылық пен патриотизмге қалыптастыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz