Мектеп бағдарламасындағы бейнелеу өнер сабағына жоспар құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе. 2
1 Тақырыпты теория жағынан қарастыру 4
1.1 Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы . 4
1.2 Теориясы мен типологиясы және оюлардың түрлері 7
1.3 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық қол өнерді насихаттай отырып,
олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 9
2.1 Ілме дорба мен сырмақ жасаудағы пайдаланылған құрал- материалдар.
13
2.2 Ілме дорба мен сырмақ жасаудағы әдіс тәсілдер. 14
2.3 Мектеп бағдарламасындағы бейнелеу өнер сабағына жоспар құру 22
Қорытынды. 27
Пайданылған әдебиеттер тізімі. 28

Кіріспе.

Өзектілігі: Мың тоғыз жүзтоқсан бірінші жылы қазақ елі Тауелсіздік
алғаннан кейін тарих мұрамаларды қалпына келтіріп, қайта жаңғарту қолға
алына бастады. Мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы Қазақстан Республикасының
Призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің ұйымдастыруымен дүние жүзі
қазақтарының құрылтайы шақырылды. Шет мемлекетте жүрген қандастарымыз
жүздеп, мыңдап өз туған жер топырағына орала бастады. Міне, осы қайта
оралған қандастарымыз қолөнердің ұмытылып бара жатқан түрлерін қайта алып
келді. Мәселен, қамшы өру, тері өндеу, қыз-келіншектердің жасауын жасау,
кесте тігіу мен кілем тоқу, сырмақ сыру сияқты көптеген өнер түрлерін қайта
жаңғырта бастады.[1.6 б ]
Қазіргі қоғамда экономика мен элементарлық білім оқыту негізге қойылып,
өмірге материалдық құндылықтың айнасымен қарайтын заманда қолөнер көлеңкеде
тұрса да, бәрібір біз сезіне алатын махаббат пен сұлулық, мейірімділік пен
жылылықтың сәулесі болып қала береді. Ілме дорба мен сырмақ өнерінің
тарихы өте тереңде. Әр ғасырдың өзіндік уақиғаларын суретшілер оюлар арқылы
бейнелей білген. Cол оюлардың теориясы мен типологиясы және оюлардың
түрлерің зерттей отырып , қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірігіп
келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың
тіліне сіңген термин, мағнасы – сәндеу, әсемдеу екенің түсіндіру. Себебі
ұлт өнерді бағалауы оны көзінің қарашығындай сақтап жеткізу оларға парыз.
Жас ұрпақты рухани-эстетикалық тұрғыда дамытуына бейнелеу өнерінің
әсерлі ықпалын, көркем өнер түрлерін оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді
пайдаланудың педогогикалық тиімді жолдарын айқындауға бағытталған ғылыми
зерттеудің аумағы кеңейе түсуде. Оқушыларды бейнелеу өнеріне оқыта отырып,
өнерге баулуға, көркем өнер мен қол өнерге қызығушылықтарын,
талғампаздықтарын арттыру және тәрбиелеу, үнемі, жүйелі, бірізді уақытта
жүргізілсе ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.
Біздің осы дипломдық жұмысымыздың мақсаты – оқушыларға қолөнерді кең
көлемде насихаттау, оларды көркем өнерге, еңбекке баулу, өткенді естеріне
сала отырып, ою-өрнектің тарихынан сыр шерту және ұлт жанды ер азаматтарды
тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері: - ұлттық ою-өрнектің қолөнерде кең көлемде қолданыста
дамытуын қарастыру;
- Дипломдық жұмыс бойынша ғалым-әдістемелік әдебиеттерді оқу;
- Оқушыларға түсінікті, жеткілікті, қарапайым және проблемалық жолдарың
қарастыру;
- Оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерімен психологиялық ерекшеліктерін
ескеру;
- Жүндермен жіптермен жұмыс істеудегі әдіс тәсілдерді меңгеру;
- Ұлттық оюлы сырмақ пен ілме дорба және оқытудың қоғамға сай түрлерін
қарастыру және тағы басқа ;
Пәндік нысан: Ұлттық ою-өрнектердің қол өнердегі қолдану әдіс-тәсілдері;
Зерттеу пәні: Ұлттық оюлы сырмақ сыру мен ілме дорба жасаудағы әдіс-
тәсілдерді оқу;
Әдістері:
- Зерттеу жұмысының өзектілігі ашып мазмұның қарастыру, мақсат-міндеттері
қойылғанан кейін, оны тәжірибе жүзінде іске асыру. Ол үшін біз мынадай әдіс
– тәсілдерді қолданамыз;
- Тақырыптың теориялық мәнің тарихи шолу жасау арқылы,
- Мектеп бағдарламасына енгізіп, салыстыру,
- Болжам жасау және оны тәжірбие жүзінде іске асыру,
- Тәжірибелік жұмыстың (сыру мен жиектеу) тақырыбын талдап, жобаларын
жасау, құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету,
Осы әдістерді пайдалана отырып зерттеу жұмысын бастаймыз.
Пәндік құңдылық: Орындалған жұмыс бейнелеу өнер және еңбек сабақтарында
көмекші құрал ретінде пайдалануға болады деп есептейміз.

1 Тақырыпты теория жағынан қарастыру

1.1 Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы .

Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне
замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті
біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір
мьңжылдықтың басында Батыс Сібір мем Қазақстанды мекендеген тайпалар
мәдениеті. Ал біздің заманымыздан бұрынғы сегізінші -үшінші ғасырларда
сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Казақстан жерлерін мекен
еткен. Сақ тайпалары (массагет, яксарт, дай немесе даха, фарат, көмар,
асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспий және тағы басқа)
туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының
қолжазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды
азиялық скифтер деп, ал парсы тарихшылары
сақ деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық
зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола
алады.[13.9]
Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі
замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің
ықпал-әсері мен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге
келгенін қапысыз таныр едік. Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою-өрнек
үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды
айтсақта жеткілікті.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біразы
геометриялық ою-өрнекпен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Қиқымнан және
лотос қауызы тәріздес етігі жасалған өрнектер (біздің заманымыздан
бұрынғы үш - екі ғ.ғ) Теңлік қорғанынан табылған (Алматы облысы). Әдетте,
өрнек ыдыстын мойнына, иініне немесе түбіне жақын жерге салынған.
Құмыраға тең бүйірлі шимақталған үшбұрыш, сынық сызықтар, ойық үшбұрыштар
немесе ыдыстын мойнынан бүйіріне қарай кенеюлер түріндегі ою-өрнек салу
қола дәуірінде кең тараған. Неолит және қола дәуірінен бізге белгілі ұлу
өрнегі қоғам таптық құрылысқа бөліне бастаған кезде пайда болған деген
болжам бар. Талдықорғаннан мың тоғыз жүз алпысыншы жылдары X. Арғынбаев
тапқан қазаңда ұлу ою-өрнегі бейнеленген. Бұл өрнектің элементі
көптеген тайпалардың нышан таңбасы ретінде бейнеленіп келген. Ал ол Орта
ғасырларда сәулет өнерінде кең қолдана бастады. Қожа Ахмет Иасауи
кесенесінде, Батыс Қазакстандағы ( он сегіз-он тоғызыншы ғ.ғ.) құлпы
тастарда көп бейнеленеді. Қола дәуірінде шеберлер көбінесе тұрмыс-
тіршілікте қолданатың заттарға космогониялы, геометриялық және жан-
жануарлар мен аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнеленген.
Ал саз балшықтан жасаған құмыраларды геометриялық ою-өрнектермен әзірлеген.
Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол
халықтын бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен,
ұлттық қолтанбамен тікелей сабақтасып жатады. Қазақ қолөнерінің ертеректе
пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған
керамика ыдыстары дәлел бола алады. Көне дәуірде өмір сүргсн адамдардың
тұрмыстық кәсіптерінің бірі - саятшылық болғаны мәлім, оның сан түрлі
көріністерін Қаратау жақпарларына салынған суреттерден көруге болады. Ол
жартаста арқар, барыс және тағы басқа хайуанаттарды қолға үйрету
көріністері, сондай-ақ түйенің, ешкінің бейнелері, жаяу адамдар мен қолына
садақ ұстаған аңшылардың суреттері салынған.
Қола дәуірінде өмір сүрген өнер адамдарының әсемдікке деген құштарлығы
және олардың танымдық дүниесі осы жартаста бейнеленген суреттерден
сезіледі. Тасқа салынған суреттердің көпшілігі нүктелі техникамен, яғни тас
құралмен жартас бетіне ұра отырып, нүкте ретінде бейнеленген, сонымен қатар
арасында аралас техникамен салынған суреттер де ұшырасады. Мұның өзі жартас
бетіндегі суреттердің түрлі кезеңдерде алынғанын аңғартады. Тас бетіне
нүкте түсіру жолы мен сурет салу сақ заманынан жалғасып келеді.
Археолог Т.Н. Сенигоиа өзінің Ақтөбе мекеніндегі жартасқа салынған
суреттер деген еңбегінде суреттерді сипатына, ерекше салыну кезеңіне
қарай сегіз топқа бөледі. Жартас бетіндегі суреттердің негізгі бөліп біздің
заманымыздан бұрынғы алтыншы - бесінші ғасырларда, қалғандары біздің
заманымыздың бірінші - үшінші ғасыларында, ал енді бір топ сурет (бес топ)
алтыншы - сегізінші ғасырларға дейінгі кезенде жартас бетіне түсірілген,
сондай-ақ бұл суреттер (үйір-үйір жылқылардың бейнесі, арғын руының таңбасы
және тағы басқа) хронологиялық жағынан бір-бірінен үзілмей, Актөбе
мекенінде өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат береді (1).
Ою-өрнек үлгілерін жасаған рудың таңбалары оюларға оның ең негізгі құрамдас
бөлігі ретінде еніп отырған. Өнер зерттеушісі Сейсен Мұхтарұлы "Оюды оқуға
бола ма?" атты мақаласында: Ру таңбалары ою-өрнектің көптеген айшықты
үлгілерінде Дулаттың бүтін ай таңбасы, Жалайырдың тарақ таңбасы,
Қоңыраттың босаға таңбасы, Қыпшақтьң қос әліп таңбасы, Найман
руының бір шақасы Бағаналының үш айрық алау таңбасы ретінде
суреттеледі - дейді.
Ежелгі ғалымдар Геродот, Ктесий, Страбондардың айтуынша, сақтар мен
массагеттер киімдерінің өзіндік бір ерекшеліктері болған. Тақияның немесе
бөріктің төбесі үшкір болып келеді, сонау ерте заманның өзінде етікті
былғарыдан тіктірген, ал сырт киімдеріне ою-өрнектің орнына аңның, құстың
шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан. Геродоттың
жазуы бойынша, сақтар найзаларының, садақтарының ұшын, қылыштарын, бас
киімдері мен жалпақ белбеулерін алтын мен мыстан жасаған. Қазба жұмыстары
кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, қоладан, ағаштан, теріден жасалған
қолөнер туындылары мен зергерлік бұйымдарда, яғни ежелгі қолөнер
ескерткіштерінің барлығында дерлік ою-өрнек бейнеленген. Көне дөуірдегі
шеберлер аңның қиялдағы немесе шынайы бейнелерінен сан түрлі мүсін жасаған.
Жан-жануарлар мен аңдар, құстар бейнеленген мүсіндерді не қолөнер
туындыларын скифтердің аң стиліне жатқызуға болады. Кеңес дәуірінің
ғалымы С.И. Руденконың пайымдауынша, шебердің зооморфтық стильде жасаған
қолөнер туындысында, яғни мүсінінде аңның, жануардың кішірейтілген басын
бейнелеу көп кездеседі дей келіп, қола дәуірінің шеберлері: Бейнесі са-
лынып отырған нәрсеге немесе жануарға тон белгілерді мейлінше дәл беруге
тырысты , - деп көрсетті. Сақ қолөнершісі көбінесе аңның, құстың, жан-
жануарлардың мүйізін спираль тәрізді дөңгелетіп, ою-өрнекке айналдырып
отырған. Ал мысық тобына жататын жолбарыс, барыс тағы басқа аңдардың тек
бас мүсіндерін жасаған, олардың ауыздарын арандай аштырып, тістерін ақситып
көрсеткен.
Бүркіт тәріздес мифтік ұғымдағы грифон құсының тұмсық ұшы сол кездегі
бастырмаларда, мүсіндерде оның төменгі жағына оюланып көрсетілді. Олар:
құстың алтыннан, қоладан жасалған жартылай аң не жартылай құс бейнесіндегі
мүсіні, сондай-ақ аңдармен және жануарлармен айқас үстіндегі жануарлар
мүсіндері. Аң мен жануарлардың көздері көбінесе шеңбер тәрізді дөңгелек
етіп бейнеленді, ал құлақтарының ұшы созылып кетеді. Сол құлақ, астыңғы
жақпен тұтасып келіп, сегіз таңбасы тәріздес ою-өрнек нұсқасын жасайды.
Қола дәуірінде аң аулаумен шұғылданған көшпелілер аң, жан-жануарларды
қасиетті санап, сиынған. Ал көшпелілердің басты құдайы қошқар (арқар)
болды. Қошқарға (арқарға) байлансыты эпостар жазылып, тұрмыс-тіршілікте
қолданылатын барлық заттарда қошқардың шынайы немесе пішінделген түрі
бейнеленді. Қошқар мүйіз ою-өрнегі байлық пен молшылықтың нышаны.
Кейіннен Қошқар ата қойдың иесі, қорғаушысы деп саналған. Көшпелілер
дүниетанымында қой мен тауешкі рулық төтем ретінде қабылданған. Олардың
сүйегі кішкентай болғандықтан көбінесе әйелдердің бас киіміне тағылатын.
Сондықтан стильденген қошқармүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ
қолөнерінде қолданбайтын жері жоқ деуге болады. Шымкенттегі тайқазанның
бір тұсына қошқар бейнеленген бөлшегі табылған. Бұл біздің заманымыздан
бұрынғы бес-үшінші ғасырларға дейінгі сақ мәдинетіндегі аң стилінің ең
биік деңгейде жасалған туындысы деп бағаланады. Телес, тагар, ухань
тайпаларының мәдениеті сақ, үйсін мәдениетімен тамырлас. Сақ, үйсін, ғүн
мәдениеттері көршілес орналасқан тайпа мәдениетіне үлкен ықпал етті. Ал
алғашқы кауымдық дәуірде өмір сүрген сақтар қолөнер туындылары ретінде
әйелдердің зергерлік бұйымдарын жасай бастады. Олар: білезік, жүзік,
сақина, алтыннан жасалған моншақтар. Зергерлік бұйымлар негізінен ғарыштық,
геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерімен бедерленген. Алматы
облысы, Шелек ауданынан табылған тарақ ежелгі сақ мәдениетіне жатады.
Тарақтың тістері сирек, ал ұзындығы үш-төрт см және үстіңгі тұсына
қошқар мүйіз өрнегі ойылып салынған. Бұл өрнек ғасырдан ғасырға өзінің
бастапқы нұсқасын сақтап бізге жеткен. Сақ модениетінің занды жалғасы
ретінде үйсін мен қаңлы ( біздің заманымыздан бұрынғы үшінші-төртінші
ғ.ғ.) мәдениетін айтуға болады. Үйсін мен қаңлы мемлекеттерінің түсында
мыстан, қоладан, темірден, алтыннан және ағаштан бұйымдар көптеп жасала
бастады. Олар зергерлік бұйымдарды, ағаштан, былғары мен алтыннан жасалған
заттарды буғының, жолбарыстың, қойдың , арқардың, бүркіттің бейнесімен
өрмектеді. Аң мен жан-жануарлар нақты бейнеленген ескерткіштер сақ
тайпалары тұсында ғана жасалған. Сақ дәуірінде пайда болған ою-өрнектің
алғашқы элементтері мен үлгілерін еліміздің барлық аймақтарындағы қолөнер
шеберлері жасаған бұйымдардан күні бүгінге дейін көруге болады. Сақ
мәдениеті Поволжъені, Сібір мен Қара теңіз жағалауын мекендеген тайпалар
мәдениетімен тығыз араласып, бірге дамыды. Бұл тайпалардың бейнелеу
өнерінің бәрінде дерлік скифтік стиль кең тараған. Скиф мәдениеті
Венгриядан Қытайға дейін, Сібірден бастап Парсы және Үнді елдері
мәденитетіне ықпал етті. Скифтік аң стилін үш кезеңге бөлуге болады:
архаикалық кезең, өрлеу кезеңі мен көне скиф аң стилі . Скифтердің
архаикалық аң стилінде аңдар мен жан-жануарлар қарапайым шынайы
бейнеленсе, өрлеу кезеңінде арыстанның, жан-жануарлардың мүсіндерін жасады.
Ежелгі суретшілер (біздің заманымыздан бұрынғы бірінші ғ.) өнер
туындысының тамаша үлгісі. Тамғалы жартасына салынған суреттерден көре
аламыз. Бұл суреттерде жалпы саны мыңдаған жабайы жылқының, таутекенің,
биенің, құланның, арқардың нобай пішіні бейнеленген, сонымен қатар
аңшылардың еңлікті, таутекені аулап жүрген сәті көрсетілген. Тамғалы
жартасына құланның және жылқы бейнесіндегі өгіздің суреті аңық салынған. Ал
жан-жануарлардың терісінен киім киген үш алам музыка аспабы әуеніне билеп
жүр, шамасы бұл шамандар дәстүрлеріне байланысты көрініс болса керек [13.4
].

1.2 Теориясы мен типологиясы және оюлардың түрлері

Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша
орнамент деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген
термин, мағнасы – сәндеу, әсемдеу.[13.41]
Қол өнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған,
бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне қатысты негізгі атаулары, екінші
топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою-өрнекті
теория жағынан негіздеу - этнолингвистикалық атауларды лексика-семантикалық
топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою-
өрнек тарихы, халық тарихымен жасап келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою-
өрнек бұрын-сонды қолға алынып, арнайы зерттеу әдісі болмаған.
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. Ою , өрнек
деген сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп,
қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке,
түскиізге, тағы басқа қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол
сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі
геометриялық бедерлі өрнек дейді.
Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Ою-өрнек
саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай
топтарға бөлген:
I Өсімдік типтес ою-өрнек ( жапырақ , үш жапырақ , шиыршық гүл ,
ағаш және тағы басқалары).
II Зооморфтық ою-өрнек ( жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері,
қошқармүйіз , және оның түрлі нұсқалары: қосмүйіз , сынықмүйіз ,
қырықмүйіз , сондай-ақ өркеш , табан , ботамойын , құсқанат
және тағы басқасы.
III Космогониялық өрнек ( дөңгелек , ирек , шимай , торкөз
тағы басқа ). Ал ағылшын ғалымы А. Хеддона қазақ ою-өрнегін физикаморфтық
және биоморфтық деп екі топқа ғана бөлген. Ағылшын ғалымының өрнектерді
бұндай топқа бөліп қарастыруы қазақ өрнегі үшін тиімді, себебі бұл қазақ ою-
өрнегінің түрлерін, мазмұнын түгел қамтиды, екіншіден, біздің өрнектердің
ерекшелігіне сай келеді.
Өнер тану ғалымында қазіргі ою-өрнектерді белгілі бір тәртіппен мазмұны
жағынан топтау жөнінде қатып қалған заңдылық жоқ. Соған қарамастан қазақ
тіліндегі сан алуан ою-өрнек атауларын лексика-семантикалық топқа ғылыми
тұрғыдан былай бөліп қарастыруға болады:
Ι Ай, күн, жұлдыздарға көк әлеміне байланысты өрнектер. ΙΙ Малға,
малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. ΙΙΙ Аңға, аңның денесіне, ізіне
байланысты өрнектер. ΙV Құрт-құмырысқаға байланысты өрнектер. V Құстарға
байланысты өрнектер. VΙ Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі
өрнектер. VΙΙ Қару-құралдарға байланысты өрнектер. VΙΙΙ Геометриялық
фигуралар тектес өсімдіктер.
Қазақ ою-өрнегі Иран мәдениетінен бастау алады , - дейді Шнейдер. Ал
қазан төңкерісіне дейін қол өнер саласын зерттеп келген ғалымдардың көбі
қазақтарды қырғыз деп жазып келгендіктен көптеген тарихи, мәдени
деректерді қырғыз халқына қатысты қарастырады.
Бүгінгі күннің басты талабы: этникалық жағынан туыстас қырғыз бен қазақ
халқының қол өнерінің басты айырмашылығын айқындау. Қазіргі кезде
мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Бұл жерде шешуші
мәселе - мәдени үлгілерінің өзара байланысын ашу. Дүние жүзілік тұтас
мәдениетте біріңғай дамуы бар ма, әлде әрбір мәдениет бір-бірінен оқшау
дамуда ма?. Осы мәдени үлгілердің тарихтағы орны, оның қосқан үлесі
қандай?. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында орыс тарихшысы И. Я.
Данилевский және О. Шпенглер мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын
логикалық тұрғыдан таңдаудың орнына, әрбір өркениеттің көркем өмірбаянын
суреттеуді алдынғы қатарға қойды. Ресей және Еуропа атты шығармасында
он үш мәдени үлгінің болғаның атап өтеді. Сонымен О. Шпенглер сияқты
Н. Данилевский да Орталық Азия халықтары сатыдан шыға алмады деген
еуропалық көзқарас негізінде өркениетті елдер санына түркі тектес
халықтарды еңгізді.
Академик Ә. Марғұлан мұражайларының көнеден қалған экспонаттарды жинап,
альбом етіп шығарса, Төлеутай Бәсенов негізінен ел арасынан жинаған қол
өнер туындыларын альбом етіп шығарып, өсімдік тектес ою-өрнектердің даму
тарихын және он шақты оюдың нұсқасын қалдырды. Ал елімізге белгілі ғалым -
этнограф С. Қасиманов қырыққа тарта ою-өрнектің мазмұның жазып, екі жүздей
көне атауларын қағазға түсірген.
Оюлардың символдық, магиялық және төтемдік мәні, олардың эволюциясы бізде
зерттелмеді деуге болады. Қазақ пен қырғыздың менталитетін түсінбейтін,
тілін білмейтін, мәдениетін ортақ деп жалпылама қарайтын ғалымдар екі
елдің бейнелеу өнерін бөлек зерттеуді қажет санамады. Сондықтан да,
қазақтікі немесе қырғыздікі деп бөліп жатпай барлық ғылыми еңбектерде
барлық өнер түрін қырғыз халқына төгілді.
Сібір, азияны мекен еткен түркімен, өзбек, тәжік, сол сияқты кавказды
мекен еткен халықтардың да бейнелеу өнері жөнінде жазылған ғылыми
еңбектерде ұлттық нақыштағы әр халықтың бейнелеу өнерінің - ою-өрнектің
халықтың рухани өміріндегі үлкен маңызын көрсетілген.
Қазақ елінің қол өнер түрінде жетінші тоғызыншы ғасырлардан бастап жан-
жануарлардың, аңдардың, өсімдіктердің нақты бейнелері емес, түспалданған
түрін қолданды. Бұл біздің қолөнер шеберлерінің ата дәстүрін берік сақтауы
және ислам дінінің тірі жанның суретін салуға рұқсат етпеуі нәтежиесінде
қазақ даласында бейнелеу өнері пайда болды. М. В. Рындин топтаған оюлар
құрманыңда қазақтың ең көне оюы айгүл ( Пазырық қорғанынан табылған
әйелдің алқасында ) бар. Бұл өрнек ғұндар дәуірінің ескерткіші болып
табылады, сол сияқты тоғызтөбе оюы қолданылған. Ол қазіргі кезде
қазақ, қырғыз, түркімен, қарақалпақ қолөнерінде түрлі нақышта кездеседі.
Келесі көне оюдың бірі- ұмай . Бұл ою-өрнек халықтың мифтік
дүниетанымынан пайда болған әйел бейнесі. ( Ұмай ескерткіші Тараз
қаласындағы музейде сақталған).
Тұмар және ұмай оюларының магиялық күші бар деп сенген, ал Ұмай
ананы жас нәрестенің қорғаушысы деп санаған, ежелгі адамдар ол өрнектерді
балаларының мойнына тұмар қып таққан, сол сияқты қазақтар жылынбас ою-
өрнегін балаларға көз тимеу үшін тақиясына тігіп қойған. Олар бұл
өрнектерде магиялық күш бар деп сенген.
Ал текемет, киіз басу мен сырмақ сыру әдісі қазақ пен қырғыз елдеріне
ортақ. Ал күмбез қабырғаларына түсірілген самаурынды, кеселерді. Бір
үйірі жылқы мен түйелерді және күнделікті тұрмыс-тіршілікті бейнелеу стилі
Египеттегі перғауын жерленген зәулім пирамидаларда кездеседі.
Бейнелеу өнерінде оның әсемдігін арттыру үшін бояулар елеулі роль
атқарған. Ежелгі қолөнер бұйымдарында көбінесе табиғи бояулар қолданған.
Қолөнер бұйымдарына түрлі – түсті бояуларды қолдануда, сондай-ақ
бояулардың семантикасы да екі елге ортақ, тек қазақ оюында өте көп
кездесетін жасыл түсті қырғыздар мүлдем қолданбайды.
Бүгінгі таңда тарихшы – этнографтарды қызығып отырған бағыт- ою-өрнектің
геометриялық тобы. Геометриялық оюлар ежелден дүние жүзі халықтарының
барлығында кездеседі. Мәдениет Батыс, Орталық сібір мекендейтін
тайпалардың бейнелеу өнерінде геометриялық ою-өрнектер көп қолданды.
[13.41-56]

1.3 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық қол өнерді насихаттай отырып,
олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мектеп оқушыларына ұлттық қолөнерді кең көлемде насихаттай отырып,
олардың түрлерін, жасалу жолдарын, ұлттық қол өнер шеберлерінің өмір баяны,
жұмыстарымен таныстырып, ел жаңашылдыққа тәрбиелеу және шығармашылық
қабілеттерін қолөнер арқылы дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы негізгі міндеттердің
бірі — бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша баланың жеке тұлғасын
қалыптастыруда оқушының шығармашылық қабілетін дамыту басты назарға
алынған. Соның негізінде - сапалы білім және эстетикалық тәрбие беру
барысында, оқушылардың шы-ғармашылық қабілеттерін дамыту. Бала ес
кіргеннен бастап бейнелік ойлауға бейім болады. Көргенін көңілге түйіп,
алған әсерін есте сақтайды. Санасында сақталған бейнелік ойын шым-шытырық
етіп қағазға бейнелеуге тырысады. Бұл баланың абстракциялық ойлауынан туған
үндестік. Екі жасар бала есімін жаза алмаса да шимай сурст салуға кұштар.
Сәби жастан пайда болған өнерге деген құштарлық бастауыш сыныпта өз
жалғасын табуы тиіс. Әртүрлі жаттығулар жасату оқушылардың ойы мен
шығармашылық қиялын арттырады. Тақырыптық сурет салғызу арқылы окушылардың
шығармашылық белсендігін дамытуға болады. Мұғалімнің міндеті балалардың
жасына лайық композициялық сюжет таңдауға жәрдем беру. Оқушының көркемдік
талғамы анық болуы керек. Баланың шығармашылық сезімін оятатын алғы
шарттардың бірі - қоршаған табиғат. Тылсым табиғат сұлулықты сұқтана
кабылдауға тікелей әсер етеді. Олардың табиғат туралы таным-түсінігі
кеңейген сайын ой-өрісі дами түседі. Жалпы бала өлі денелерден гөрі
табиғаттағы тірі бейнелерді тез қабылдайды. Табиғат аясын көзбен көріп
бейнелеу арқылы шығармашылық шабытын оятады. Оқушылардың шығармашылық қыры
мұғалімнің дұрыс жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Баланың бойында
қалыптасқан табиғи қасиеттерді ашуға әрқашан ықпал жасауымыз керек. Бала
өзін қоршап тұрған ортамен күрделі қарым-қатынас жасай отырып, көптеген
нәрселерді меңгереді. Әр баланың өзіне тән жеке-дара қабілеті бар. Соның
ішінде алғашқы шығармашылық қабілеттердің негізі қалыптаса бастайды.
Баланың туа берілетін табиғи қасиеттері оның әлеуметтік өміріне
байланысты өзгеріп отырады. Іс-әрекет үрдісінде көру, қабылдау, байқау,
бақылау, түйсіну тағы басқа мүмкіндіктері жүйелі дамиды. Бастауыш сынып
кезеңінде - білімді сіңіру, жинақтау, меңгеруге қабілеттілік басым болады.
Оқушы өз қабілетін бір іскс кіріскенде ғана біледі. Талантсыз оқушы
болмайды, табиғи дарындылығын аша алмайтын оқушы болады. Жалпы қабілет бала
бойына біткен асыл қасиет. Осы орайда оқушының бойына біткен қабілетін
дамытуға мұғалім тікелей ықпал ету керек. Шығармашылыкқа оқушыны бейімдеу
үшін арнайы мақсат қоя білген жөн. Осы орайда оқушылардың ынта-жігерін
арттыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытуға болады. Оқушының
кабілеттілігін дұрыс түсіну үшін баланыц жас ерекшелік психологиясын білу
және ескеру қажет. Бейнелеу өнері сабағынын басты мақсатының бірі -
оқушылардың бейнелік ой-өрісін дамыту. Ол бейнелеу өнерінен жүйелі білім
беру арқылы жүзеге асады. Әсіресе тақырыптық сурет салғызуға үйретуде
композицияның маңызы зор. Ол үшін ең алдымен оқушыларға композиция туралы
дұрыс ұғым, түсінік беру керек. Оқушылар қағаз бетіне түсіретін ойын
бейнелік бейнеге айналдыру үшін бағыт беріп, композициялық шешім табуға
үйрету қажет. Композиция элементтерінің ең алғашқы үлгілерін үйрету үшін
ең алдымен нобай, жобалық сурет салғызудан бастаған жөн. Композициялық
жаттығулар жасату оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың
образды қабылдаудағы түсінік-танымын кеңейту үшін мұғалімнің тікелей ықпалы
қажет. Оқушылар арнаулы тапсырманы орындау барысында заттардың нұсқалық
ұксастығына баса назар аударғаны дұрыс. Әсіресе оқушылар белгілі сурет
салу зандылықтарына сүйене отырып, көркемдік ойлауға айрықша көңіл
бөлмегендіктен, шығармашылык жағдайды естен шығарып алады. Мұндай жағдайда
олардың шығармашылық белсендігін арттыру үшін эмоциялық сезімге баулуымыз
керек. Көбінде бастауыш сынып оқушыларының орындаған суреттерінде сызықтық
бейнелеу жағы басым түсіп, нақты бейне әсерсіз, тартымсыз болып қалуы
мүмкін. Сондықтан оқушыларға ұлттық қолөнерді түсіндіре отырып, оларға
жеңіл салынатын ою-өрнек үлгілерін көрсете отырып, оның мән мағнасын
түсіндіріп, композициялық сурет салуды тапсырамыз. Жүйелі жүргізілген
тәжірибе оқушылардың көркемдік ойлау қабілетіне, шығармашылық жұмыс
жасауына тікелей себебін тигізді. Олардың жұмыс істеу барысын пысықтауда өз
бетінше шығармашылық ізденіс жасағандығына куә болдық. Сонымен қатар
қызығушылығының артқандығына көз жеткіздік. Оқушылардың суреттерінен
образдық бейнелерді байқадық. Жалпы бастауыш сынып окушыларының
әрқайсысының шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар екендігін
аңғардық.
Сурет салу процесін бастауыш сыныпта былай сипаттауға болады: бала бірден
ойланбастан сурет салуға кіріседі, мүмкіндігінше, өз ойын жеткізуге
тырысады. Суретті толығымен үздіксіз бір жүйе арқылы бейнелеуде нақты іс-
әрекет жасайды. Оқушылар суреттерін сирек түзетіп, кейбір жетіспейтін ұсақ
бөлшектерін кейде ғана толықтырады. Эмоционалды оқушының жұмысы карқынды
жүреді. Мұғалім бала эмоциясы мен ойлау қабілетін дамыту арқылы
шығармашылыққа ұмтылуға итермелейді. Л. С. Выготский эмоцияны шындық өмір
мен киял арасындағы байланыстың негізі екенін дәлелдейді. Эмоция баланын
алған әсерін дәл бейнелеуге көмектеседі. Бір бастаған суретін салуды
уақытша тоқтатса, олар өзінің салған суретін одан әрі қарай жалғастырмайды.
Бастауыш сынып балаларында еліктеушілік көп орын алады. Ең бастысы,
көркемдік бейнелеу құралдарын меңгере отырып, шындықты бейнелеуге тырысады.
Сыныптан сыныпка көшкен сайын күрделенген бейнелермен қатар, баланың өзі
салған суреттеріне деген эстетикалық талаптары өзгереді. Накты нәрсені
бейнелеуге ұмтылады, яғни көлемді көрсетуге, заттың консгрукциялык
ерекшеліктерін айқындауға, әрбір заттың формасын дәл беруге бейімделеді.
Алайда бастауыш сыныпта кеңістікті көрсету қиындық туғызады. Бірақ шамамен
үшінші, төртінші -сыныптарда қағаз бетінде перспективалар мен кеңістікті
саналы түрде бейнелей алады. Оқушылар жобалық сурет салуға жаттығады. Ең
алдымен бастауыш сыныпта оқушы заттардың құрылымын дұрыс қабылдап,
түйсінетін болса, әрбір заттың ерекшелігін дәл бейнелей алады. Бастауыш
сыныпта бейнелеу өнері пәнінен білім алу барысында көркемдік іс-әрекетті
меңгеру арқылы оқушылар әр түрлі материалдармен жұмыс жасауда әр алуан әдіс-
тәсілдерді меңгереді. Арнаулы шығармашылық тапсырманы орындау барысында
оқушылар көркемдік материалдар мен техникаларды тиімді қолдануға
бейімделеді. Оқушы көркемдік шығармашылық жұмыс орындау үшін, сюжет
таңдайды, композиция құрастыруға үйренеді, арнаулы шығарманың бар
мүмкіндігінше мазмұнын ашуға тырысады.
Оқушының жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың даму деңгейі әр түрлі
болады. Бастауыш сынып окушысында ең алғашқы есте сақтау қабілеті басты
назарға алынады. Оқушылардың қиялынан туындаған суреттерінде таңкаларлықтай
көрсеткіштердің бар екендігін көре аламыз. Бастауыш сынып оқушылары
мұғалімнің айтқан тапсырмасын бұлжытпай орындауға тырысады. Осындай
орындаушылық қасиет көпшілік жағдайда, білімді меңгеруге колайлы болады.
Бастапқы білім беруде баланың сезімталдығы мен сөйлесуге деген бейімділігі
басым болады: мектепте не көрді, не істеді, серуенде, теледидардан,
кітаптан, журналдан оқығанын есте сақтап қалуға тырысады. Ой бөлісуге деген
қажеттілік таяуда болған оқиғаны бейнелеу, мұқият баяндауға әсерін
тигізеді. Жас шамаларына қарай бастауыш сынып окушыларынын кабілеттері мен
психологиялық даму ерекшеліктері әртүрлі болады.
Белгілі психолог Е.И. Игнатьев, баланыңшығармашылық психологиясын зерттеу
арқылы –бірінші, екінші -сынып оқушы-ларының суреттеріндегі басты ерекшелік
- олардың үлкен батылдылығында дейді. Балалар өз өміріндегі оқиғаларды
және ертегі кейіпкерлерін, кітаптан оқылған сюжеттерді батыл бейнелей
алады. Бала сурет салу барысында ойша бейнелеп салған суреттерінің арасында
жүреді, тек суретін аяқтаған кезде ғана өз шығармашылығының көрермені бола
алады. Дегенмен де бастауыш сынып оқушылары су-рет салу барысында бейнелеу
өнері заңдылықтарын ескермейді. Өйткені олар көпшілігінде өз ойларын еркін
жеткізуге тырысады. Оқушының шығармашылық жұмысын мұғалім дұрыс
қадағаламаған жағдайда кемшіліктер жіберуі мүмкін. Сурет салу кезінде бала
кейде мұқияттылықпен, кейде сөйлеп отырып, қағаз бетін толтыра отыра
адамдарды, аңдарды, үйлерді, әртүрлі көліктерді және ағаштарды салады.
Әдетте оқушылар есте сақтау арқылы сурет салады. Сондықтан да олар сурст
салуда ездерінін қоршаған ортасындағы заттар мен құбылыстарды бейнелеуге
бейім келеді. Көбінде олар ездерінің алған білімдеріне сүйенеді. Бастауыш
сынып балалары есейе келе, бейнелеу өнері сабағының күрделі салаларын
меңгере бастайды. Сол кезде баланың өз жұмысына өзі баға беруі артады. Көп
жағдайда өз суреттеріне қанағаттанбайды, үлкендерден кеңес іздейді, оны
таппаса, өз қабілеттсріне көңілі толмай, тіпті сурет салуға ынта-жігері
болмайды.
Сурет салуда балалардык екі типін кездестіруге болады:байқағыштар және
армандаушылар. Байқағыштардың шығармашылығындағы бейнелер мен сюжеттер
өмірден алынған болса, ал армандаушылардың суреттерінде қиялдан алынған
кейіпкерлер көбірек кездеседі. Біреулер әр түрлі көліктерді, үйлерді,
өмірдегі оқиғаларды, енді біреулері мұзды таулар, космостық бейнелер, ойдан
шығарылған жануарлар бейнелерін салады. Бейнелеу енері пәнінде оқушынын
шығармашылық кабілеті тек қана мұғалімнің тікелей басшылығымен дами алады.
Баланың жағымды эмоциялык жағдайы бейнелеу өнері сабағында міндетті түрде
керек. Окушының шығармашылық белсенділігін арттыруда ата-аналар мен
мұғалімдердің қолдау жағдайы дұрыс болуы кажет. Бейнеленген затпен қоршаған
ортаға оқушының қызығушылығының артуы шығармашылық қабілетін дамуына
септігін тигізеді. Бала өз жұмысын айналасындағыларға керсетугс ұмтылады.
Осыны пән мұғалімі естен шығармай, дұрыс бағалауы және дұрыс бағыттауы
қажет. Баланың байкау қабілеті, шыдамдылығы басым болса, оның жұмысы да
соншалықты қызықты бо-лады. Бала сурет сала отырып заттар мен кұбылыстарды
жай ғана бейнелемейді, суретінде өз сезімдерін білдіреді. Ұстаз ең алдымен
оқушының бейнелеу іс-әрекетіне араласуы үшін оның сурет салу қабілетін
аңықтап алғаны жөн. Содан кейін ғана оқушынын тұрақты шығармашылық жұмыс
жасауына мүмкіндік жасалады. Әрбір оқушының жеке қабілетін ескеру арқылы
шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыра аламыз. Окушының өзіне тән
бейімділігін аңыктау арқылы дербес жұмыс жасап ізденуі не жағдай туғызамыз.
Бейнелеу өнері пәні мұғалімінің білімі мен біліктілігі оқушылардың
шығармашылық кабілетін дамытуға ең басты негіз бола алады.[44.5-6]

2 Сырмақ және ілме дорба жасалуының әдіс-тәсілдері.

2.1 Ілме дорба мен сырмақ жасаудағы пайдаланылған құрал- материалдар.

Ілме дорба мен сырмақ жасаудағы негізгі материал ол- жүн болып табылады.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған
және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу,
арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап,
шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Жүндердің бірнеше
түрі бар. Олар: Жабағы, шуда, күзем жүні, қозы жүні,өлі жүн, шет-пұшақ,
қыл.
Ілме дорба мен сырмақ жасауда негізгі пайдаланатын жүн ол түйе мен қозы
жүні.
Жіп- негізгі табиғи түрі жүн жіп. Жіптің ақ және қарасын ілме дорбада
шеттерің жөрмеу мен оларды сыруда пайдаландым. Ал түрлі- түсті боялған
жіптерді сырмақ сыруда қолдандым. ОЛарды ілме дорба сәндеуде шашақ жасауда
пайдаландым.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар -сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу
талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан июнь-июль айларында
дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын бір метр жиырма сантиметрдей
етіп, екі үшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі екі сантиметрдей, бас аяғы
бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады.
Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ
төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады.
Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай
істемесе, кеуіп тұрган тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы
сабалған дайын жүннен басады. Ол үпгін оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек,
шөміш қажет. Төрт қанат шиді екі қатар жарастыра көктейді немесе шидің шет
бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз
төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе киіздің өңі мен
теріскейі дейді.
Ши- ол сырмақты киіз түрінде басуда пайдаланады. Оның өлшемі жасалатың
киіздің өолшемімен бірдей алынады.
Қатырма қағаздарды ою-өрнектердің үлгісін алуда қолдандым. Пішімдері
қолданылатын облардың өлшемімен дәл.
Қайшы- ою үлгілері мен материалдарды кесіп, пішуде қолдандым.
Инелер- әр түрлі көзді, әр түрлі өлшемде, жиектеу мен сыруда, көктеуде
пайдаланылды.
Қарындаш, өшіргіш- оюлармен өлшемдерді пішуде қолдандым.
Метр мен сызғыш- үлгілерді және оюлардың өлшемін алудағы негізгі құрал.
Бояулар. Қолөнерде пайдаланылатьш бояулардың негізінен үш түрі бар.
Біріншісі - осы заманғы химиялык әдістермен өндіретін алуан түсті порошок,
не сұйық бояулар. Бұларды кез келген шаруашылық дүкендерінен табуға
болады. Екшнісі - табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар
топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен,
малдың қаны мен бауырларынан алынады. Үшіншісі — шеберлер өздері қолдан
жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдала-нылады.

2.2 Ілме дорба мен сырмақ жасаудағы әдіс тәсілдер.

Мектеп қабырғасындағы оқушыларға қазақ халқының ұлттық қол өнері туралы
кең көлемде ақпарат бере отырып, тұрмыстарында жиі қолданыс тауып келген
ілме дорба мен сырмақтың жасалу жолдарын әдіс- тәсілдерің қарапайым және
қызықты қылып түсіндіруді көздедім.
Сырмақ жасау. Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып
қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-
тозаңнан, шөп-шегірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үпгін
сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдер мен бірге еркектер де қатысады.
Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы
қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді өтетінді. Жүн сабалып болған соң
"тулақ шашу" деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін
өткізеді.
Жүн сабау жұмысына керекті заттар -сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу
талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан июнь-июль айларында
дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығын бір метр жиырма сантиметрдей
етіп, екі үшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі екі сантиметрдей, бас аяғы
бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады.
Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ
төселеді.
Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады.
Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай
істемесе, кеуіп тұрган тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы
сабалған дайын жүннен басады. Ол үпгін оралмаған ақ ши, ыстық су, шелек,
шөміш қажет. Төрт қанат шиді екі қатар жарастыра көктейді немесе шидің шет
бауырларын байластырып қояды да үстіне екі қабат жүннен беттестіріле киіз
төселеді. Киіздің екі бетін киіздің асты мен үсті немесе киіздің өңі мен
теріскейі дейді.
Әуелі шидің үстіне (киіздің ішкі бетіне) арналған жүн шабақталады, яғни
-бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, екі адам шыбықпен көпсіте
шабақтайды. (Шабақтау -шыбықтап жаймалау деген сөз). Мұны жабдықтау да
дейді. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің өң жағына арналған неғұрлым
таза, әдемі жүнді сол қолымен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне
салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып үзіп қалдырады. Үзілген жүн
бірімен бірі жалғаса, бір тегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет
тартып машықталған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана
орындайды. Себебі екі-үш адам болса, жүн ала-құла тартылады да киіз
біркелкі шықпайды. Ал әбден машықтанған адам киіздің я қалың, я жұқа екенін
бір қолымен-ақ сезіп отырады. Мұны халық "жүн тартушының қолының көзі
бар" деп дәріптейді.
Егер басқалы отырған киіз сырмаққа арналса, онда оның астыңғы бетіне
бозғылт, қызыл түсті жүндер шабақталады, бетіне ең әдемі жүн тартылады.
сырмаққа арналған киіз жұқа басылады, егер қалың басылса, сырмақ астарланып
сырыла келе өте ауырлап, ыңғайсызданып кетуі мүмкін. Сөйтіп киіздің үстіңгі
беті тартылған соң, жүннің біркелкілігін байқау үшін тағы да бір-бір рет
жүріп өтіп, киізді алақанмен басып көреді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың
жерін жаймалап жұқартады. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен
әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ
шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен
жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып
жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзар
кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды.
Су себіле бастасымен қатар отырған үш-төрт әйел басылып жатқан жүнді
қабаттай шиыршықтап, ескен тәріздендіріп, жинап отырады. Шиді ширатып орап
жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Осы тәртіппен жүн
тартылған ши түтел жиналған соң, оны сыртынан -жіллен шаңдып, жұмырлап
байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп
алып, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бұл шиыр-шықталып жатқан шиді
домалатып сүйрету үшін қажет.
Осыдан соң бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай он-он екі адам қатар
жүріп келе жатып шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға
қарама-қарсы бір адам тұрады, оны қой бастар дейді. Ол бүктеліп әзір жатқан
киізді алға қарай (езіне қарай) домалата сүйрейді. Үнемі домалап жылжып
бара жатқан киіз тепкіленіп әбден теселеді. Мұндағы бір шартты нәрсе -киіз
бойында тепкі .тимеген жер қалмауы тиіс. Әйтпесе киіздің бір жері кірігіп,
бір жері кірікпей, босап, жүн қалпында қалып қоюы мүмкін. Ондай жер
кейін,тесік боп шығады.
Көлемі жағынан қазақ сырмақтары негізінен төрт түрге бөлінеді. Мұның ең
үлкені- көш сырмақ. Бұл сырмақты кешкенде жүк артылған түйенің үстіне
жабуға арнайды, жалпы көлемі үш-бес метрдей болады. Екіншісі - төсеніш
сырмақ, жалпы көлемі үш-үш бүтін оннан бес метрдей. Мұндай сырмақтар кейде
киіз үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене деңгеленіп, ал от жағы бүрілген
сияқты тарыла дөңгеленіп, от басымен төрге дәлденіп жасалады. Ол төріның,
шошаланың, киіз үйдің төрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
Музыка сабағы - өнер сабағы
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Мектеп бағдарламасында көрем еңбек өнерінің элементтерін көркем тіл проблемалық ретінде қарастыру мәселесі
Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры
Сабақты жоспарлау
Пәндер