Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Анықтамалар
4
Қысқартулар мен белгілеулер
5
Кіріспе
6
I Әдеби шолу
8

II Негізгі бөлім
2.1 Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерге сипаттама
9
2.2 Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу кезіндегі іс- шаралар
14
2.3 Биотехнология және қоршаған орта Қазақстандағы экология
мәселелері
16

2.4 Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу негізінде экологиялық
мәселелерді биотехнологиялық әдістермен шешу
25
2.5 Өзіндік зерттеулер ( Тұндырма мен қайнатпа дайындау

технологиясы және олардың жануарларға әсері)
28
Қорытынды
29

Қолданылған әдебиеттер тізімі
30

Анықтамалар
Курстық жұмыс орындаған кезде келесі анықтамалар қолданылды:

Биотехнология – организмдерді, биологиялық жүйелерді және процестерді
адамның мақсатына сай өңдірісте қолдануды
Іn vitro - шыныда, жасанды жағдайда.
Андрогенез in vitro - аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада
өсіргенде, тек қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда
болуы.
Микроконалды көбейту -in vitro технологиясын пайдалана отырып, тез
уақытта жыныссыз жолмен генетикалық тегінене ауытқымаған өсімдіктерді
алу.
Индукциялау – сыртқы орта факторлары немесе бір бөлігінің екінші
бөлігіне әсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу.
Каллус- ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда
болады.
Жасушалық селекция- сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант клеткалар
мен сомаклондық варианттарын бөліп алу әдісі.
Линия -құрамында ендік белгілері бар штамды сұрыптау немесе бір клетканы
көбейту арқылы алынған клеткалар.
Мутация – генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе жасанды түрде
өзгеруі салдарынан, организмінің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің
өзгеруі.
Регенерант - in vitro жағдайында қоректік ортада өсімдік клеткалары мен
ұлпаларын өсіргенде пайда болып шыққан өсімдік.
Қайнатпа – дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан
алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен
экстракциялау арқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрек,
бауыр, бүйрек, т.б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін
пайдаланады.
Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен немесе сулы
экстрациялау арқылы алынатын сұйық дәрілік сорындылар. Тұндырманың дәмі,
иісі, бояуы оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарға (ДӨШ)
ұқсас болады.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Осы курыстық жұмыста келесідей қысқартулар кездеседі.

ҚР- Қазақстан Республикасы
АШМ -Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
БҚБ- биологиялық Қауіпсіздік Бокстары
ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
МS- Мурасиге Скуг
АҚШ- Америка Құрама Штаттары
ҰСҚ- Ұлттық санитария қоры
УК- ультракүлгін
БАП- бензиламинопурин

Белгілеулер:
Мл-миллилитр
Сек -секунд
Г-грамм
%- пайыз
ºС- градус Цельсиясы
см - сантиметр
рН-
м- метр
сағ-сағат

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Еуроазиялық континентте батыстан шығысқа 3000,
ал солтүстіктен оңтүстікке 1700 шақырым жерді қамтиды. Ауа-райының табиғи
және экономикалық ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығының, оның ішінде
өсімдік шаруашылығының өзіндік даму жүйесі бар.
Дегенмен, кең байтақ еліміздегі ауа-райының, табиғатының әр алуан
болғандығына қарай, дәрілік өсімдіктердің таралу аймағы мен саны,олардың
қасиеті әр алуан .
Қоршаған ортаның ластануы, радиация салдарынан адам мен мал арасында
індетке қарсы тұратын иммундық жүйе әлсіреп, кейбір аурулар белең алуда.
Қазіргі өмір сүру шарттарында денсаулық сақтаудың тапсырма диапазоны халық
денсаулығын антропогенді сипаттағы биологиялық, физикалық, химиялық
факторлардың әсерінен қорғау .
Соңғы қездері халықтың денсаулығына қоршаған орта әсерінің зияндылығын
бағалауда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің қойған
мәселелері арасындағы ең күрделісі және көп қырлысы – оның адамзат
тағдырына әсері.
Республика Президентінің (Қазақстан - 2030( жолдауында ел дамуындағы
ұзақ мерзімді приоритеттің біріне (Денсаулық, білім және Қазақстан
азаматтарының жақсы өмір сүруін( жатқызды. Мұнда елдің әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық жақсы дамудың маңызды индикаторы – халықтың
денсаулығы болып табылады.
Қоғам дамуына байланысты, биотехнологиялық заттарға деген адамдардың
сұранысы күн сайын артып келеді. Сондықтан да бұл сала күн сайын
жаңалықтарға толы.
Биотехнология-биологиялық процестер мен белгілі бір қасиеттері
бар,тиімділігі жоғары микроорганизмдердің формаларын,өсімдік пен
жануарлардың ұлпаларын клетка өсінділерін өндірісте қолдану.
Биотехнологияның қазіргі заманғы жетістіктерінің бірі,қай салада болмасын
экономикалық жағынан тиімді өнімдердің бірі.
Биотехнологиядағы ғылыми зерттеулер мен технологиялық жұмыстардың
объектілеріне микроорганизмдер,жануарлар мен өсімдіктердің жасушаоалы мен
тіндері жатады. Жасуша физиологиясының метоболизмін, генетикасын зерттеу,
зертханалық жағдайда дақылдандыру әдісін жасау, өндірістік биомасса көлемін
арттыру, жасушалық метоболиттерді бөліп алу және тазарту биотехнологияда
бір ғана мақсатты көздейді, ол адам тіршілігіне пайдалы өнімдерді түзетін
микроорганизм штамын, жануарлар мен өсімдіктер жасушасын және тінін
дақылдандыруды жасау. Бұл жағдайда биологиялық объектінің сапалық
сипаттамасына биологиялық өнім құндылығы тәуелді болады. Сондықтан
продуцент микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін зерттеу, сұрыптау
және алу, генетикалық түрлендіру. Трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді алу
негізінен биотехнологиялық үрдісте негізгі буын тізбегінің, биологиялық
технология бастамасы болып табылады. Қазіргі кезде биотехнологияда,
ветеренарияда бағалы биологиялық белсенді заттар мен биопрепараттарды
(антибиотик, вакцина, прбиотик, дәрумен, фермент, гормон) өндіруде
биологиялық әдісті қолданумен сипатталады.
Халықаралық денсаулық пен еңбекті сақтау ұйымының конвенциясы халықтың
еңбекпен қамтылған бөлігі денсаулығының мүмкіндігінше жоғары деңгейде
болуын декларациялайды.
Кейбір авторлардың мәлімдеуінше, жұмыс орнында денсаулыққа
қауіптілікті төмендету және оның алдын алу тек технологиялық жағынан
мүмкін ғана емес, экономика жағынан да тиімді.
Қазіргі кезеңде отандық және шетелдік өндірісіндегі биологиялық
белсенді заттар адам организміне, асқорыту және иммундық жүйелеріне жақсы
әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді сақтап
қалу.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойдық:
- Сирек кездесетін өсімдіктерге сипаттама ;
- Дәрілік өсімдіктер тарихына шолу жасау;
- Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері;
- Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді сақтап қалу;
- Қызыл кітапқа енген дәрілік өсімдіктер;
- Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу негізінде экологиялық
мәселелерді биотехнологиялық әдістермен шешу;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыстың кіріспесі, негізгі
бөлім, әдеби шолу, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
I Әдеби шолу

Өткен ғасырдың 60 – шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемін
қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады.Өсімдік –қоршаған ортаның
негізгі компоненті, қорнктену көзі ,ортаның сезімтал индикаторы.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-
лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік –
жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз
елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни,
республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі
ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған.
Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын,
қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км²
жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және
олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа
райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін
маңызы зор [1].
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады.
Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал
етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді
қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен
жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ,
су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге
айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-
280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни
ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру
кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-
тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің
жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр [2].

II Негізгі бөлім
2.1 Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерге сипаттама

Сирек және дәрілік өсімдіктерді қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз
дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы,
Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын
тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар
жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай
рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын
формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін
өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы,
Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау
өсімдіктердің Меккесі деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи
ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін
өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан
қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле
бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі.
Өсімдіктер жамылғысы негізінен бұталар мен шөптесін өсімдіктер. Сирек
кездесетін түрлерге-қүм самалдық, түйетікен, София сармаласы, жолжелкен,
еркекшөп жатады.Сирек кездесетін өсімдік түрлеріне - кіші гүлкекіре,
кәдімгі таңқурай үлкен түйежапырақ, қоңырауша, сылдыршөп және ешкі тал
жатады [3].
Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның
ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың  40
пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған
препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп
мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге
болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші
тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі
дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ықлым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы
өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында
ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен
таралған [5].
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет,
Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық
зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол "шипалы қойма"
іспеттес. Қазақстанның оңтүстік өңірі бай және әртүрлі дәрілік шөптерге
бай, өсімдік әлемінде 3000 -дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп
мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер
бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге:
дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б. Басқа да дәрілік
шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай,
өгейшөп, левзея, бақ - бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ,
долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б. Медицина
саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік
өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да
береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті.
Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да
адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады [6].
Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250
пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда
дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде
медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге
қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай
табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік
шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда. Бұл жерлерде және де
басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге
бейімдеп, биотехнологиялық әдістермен өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда.
Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей,
дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік
валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.
Сондықтан да дәрілік препараттар өндірісінің дамуына актуальды түрде қарау,
дәрілік шөптерге ғылыми - зерттеу жасау, интродукциялық жұмыс, өсімдік
тұқымдарына биотехнологиялық және агротехникалық жағдайлар жасау керек [8].
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани
және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ
халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына
еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін
өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. Өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік
қасеттері бар [7].
Мысал, аюбұлақ – бйіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі
жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры
түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз
айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе
шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседі
Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес
сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының
сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің
жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Шашыратқы – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры-
жуан, ұзындығы 1 метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының
арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.
Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар
көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ,
қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан.
Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия,
Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде
кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр
айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен
далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке
жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан,
жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан
уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыранқы гүл
шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі.
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары бар.
Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ
түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде айларында
гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі.
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде
өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.
Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі
шығатын көпжылдық шөп.
Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында
гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық
аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі [9].

Сурет 1. Лалагүлдер тұқымдасы

Лалагүл тұқымдасы - даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер .
Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа
пішінді жапырақтары болады.
Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады.
Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы
- 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек.
Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3)
(қазжуаның формуласы).
Галамшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі.
Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық
маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік
өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын)
ауламызда көздің жауын алады.
Шырыш (эромурус) техникалық өсімдік болып саналады. Дәрілік өсімдіктердің
көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама десеңдерші?!
Бөлмеле өсірілетін: кірпішөп өздеріңе таныс та болар. Сирек кездесетін
түрлері де бар. Қазақстан Қызыл кітабына лалагүлділердің 14 түрі тіркелген.
Демек Қызыл кітапқа тіркелген гүлдерге ерекше қарап, оларды қорғау -
сендердің де міндеттерің [8].

Сурет 2. Лапыз

Лапыз - көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік
және улы өсімдік . Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз
мысалында тіршілігі мен құрылысын қарастырайық.Күздік лапыздың қабыршақты
пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін
сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын
түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық
болады.Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын
аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі.
Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз
келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы,
жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін
жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі
жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр
тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп,
жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп
шығады.Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі
өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан
ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы.
Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды.
Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр,
қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады [12].
2.2 Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу кезіндегі іс - шаралар

Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып
бара жатқан түрлер тізімі жасалды. Сонан кейін Халқаралық және жеке
мемлекеттер кітаптары жазылды.Қызыл кітап – бұл қауіп қатер дабылы.
Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы Қызыл
кітап шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып,
оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі.
Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына
алып қорықтар ұйымдастыру.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл
бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17
ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар
құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар
жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру
жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар
мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін
арттыру мақсатымен Жас орманшылар, Жасыл патрульшілер, Жас экологтар,
Жас натуралистер атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің орман
шаруашылығының белді көмекшілері.
Қазір қызыл кітапқа келесі негізгі өсімдік категорияларын енгізу
жұмыстары қарастырылып жатыр.
- сирек , реликті, жоғалып бара жатқан өсімдік түрлері
(мысалы,курчавка).
- ареал шекарасында және өатаң жағдайдағы өсімдіктер (Шренка қарағайы,
кавказ каркасы).
- Қазақстанға тән , климакс эталоны және антропоген әсерге тұратын ,
жоғары өнімді және тұрақты (Сиверса алма ағашы ).
Ел ботаниктері Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің өзі жеткілікті
деңгейде қорғалып жатқан жоқ деп дабыл қағып жүр...
Ол рас. Себебі Қызыл кітаптың насихаты аздау болып жатыр. Көп
адамдар қандай өсімдіктердің аталмыш кітапқа енгендігінен хабарсыз. Кеңес
кезінде шығарылған Қызыл кітапқа өсімдіктердің 309 түрі енгізілген екен.
Қазір ғалымдар табиғатта сирек кездесетін өсімдіктерді зерттеп, ғылыми
айналымға кіргізу бағытында көп еңбек етіп жатыр. Бірақ өкінішке қарай,
үкімет тарапынан бұл мәселеге көңіл аударылып отырған жоқ. Себебі осыдан 3
жыл бұрын Орман шаруашылығы комитетімен шарт жасасып, Қызыл кітапты қайта
жазып шыққанбыз. Бірінші шығарылымында 309 өсімдік енсе, соңғысына 409
өсімдік түрінің сипаттамасы берілді. Яғни, жиырма жылға жуық уақыт ішінде
100-ден аса өсімдіктің түрі сирек кездесетіндердің қатарына қосылған. Бұл -
осыншама түр жойылудың алдында тұр деген сөз. Оларды қорғау қажет. Бірақ
кітаптың макеті жасалып, керекті материалдардың барлығы жиналып-қатталып
қойғанымен, әлі күнге жарыққа шықпай тұр. Өкінішке қарай, тәуелсіздік
алғалы бері Қазақстан өсімдік әлемінің Қызыл кітабы жарияланған жоқ.
Өсімдіктердің барлығын жиып-теріп, сипаттамасын жасап, кітаптың бұрынғы
нұсқасын толықтыру - ғалымдардың өлшеусіз еңбегі. Осы жұмыста жасатып алды
да, қаржы жоқ деген желеумен, бастырмай тұр. Мен тек сирек кездесетін
өсімдіктердің түрлері туралы айтып отырмын, сондай-ақ олардың қауымы да
болады. Қауым дегеніміз - бірге өсетін көп өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Егер қауым өсетін жерде ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы дамитын
болса, ол қауымдар түбегейлі жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан, кейін келе
Қызыл кітаптан басқа, Көк кітап шығару мәселесі шықты. Ол заңды күші
бар құжат болмаса да, ғалымдар өсімдік қауымдастығын қорғау мақсатында
осындай бастама көтеріп, Украинада алғашқы кітап жарық көрді. Бұл кітапқа
түрлі өсімдік қауымдарының сипаттамасы, олардың қай жерде кездесетіні,
арнайы картасы кірген. Украиндықтар оны Көк кітап деп атағанымен, біз
Қызыл кітап. ІІ том. Өсімдіктер қауымы деп жүрміз. Өйткені ол Қызыл
кітапқа кірсе, заңмен қорғалатын болады. Мәселен, Медеуден жоғары
көтерілсеңіз, бір жерде тек қана шырша қауымдығы, бір жерде тек өрік
қауымдығы өсіп тұрады. Демек, бұлар бөлек өсімдік қауымы. Осындай сирек
кездесетін өсімдік қауымдары туралы 2003 жылы тағы да жұмыс жасап бердік.
Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек еді. Бірақ қаржы тапшылығынан тағы
да тоқтап тұр. Бірнеше жылдан кейін бұл еңбектер жоғалып кетуі ықтимал.
Өйткені оны жасаған ғалымдардың жасы 70-тің аржақ-бержағында. Егер кітапты
2-3 жылдың айналасында шығармаса, бұл жұмысты жалғастыратын ешкім жоқ.
Әңгіме осында. Сондықтан ғалымдардың бар күш-қуатын, мүмкіндігін уақтылы
пайдаланып қалу шарт. Зоологтар демеушілердің көмегімен Қызыл кітаптың
омыртқалылар бөлімін шығарып алды. Айта берсек, істеліп жатқан еңбек көп,
бірақ елеусіз, ескерусіз қалып жатыр [13].

Өсiмдiктердi қорғаудың биотехнологиялық құралдары
Қоршаған орта үшiн зияндылығы төмен не неғұрлым тиiмдi препараттар,
соның iшiнде биопестицидтер - қолданылуы экологиялық қауiпсiз, микробтық,
өсiмдiк және жануар тектес өнiмдердi шығаруға көшкен өсiмдiктердi қорғау
құралдарының өндiрушiлерiне коммерциялық табыс әкелуде. Биопестицидтер екi
топтан тұрады - микробтық және биохимиялық пестицидтер. Микробтық
пестицидтер белсендi ингредиент ретiнде бактериялардың, вирустардың,
саңырауқұлақтардың микроорганизмдерiн құрайды. Биохимиялық пестицидтер -
бұл қоршаған ортаға улағыш әсерiнсiз ауру қоздырғыштарын туғызушылардың
және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянкестерiнiң өсуi мен таралуын
бақылайтын табиғи субстанциялар (фермондар, өсудi реттеуiштер,
репродуктивтiк функцияларын реттеуiштер). Биопестицидтердiң құнын төмендету
мақсатында фермерлiк шаруашылық жағдайында ферментерлерде өсiруден кейiн
кептiрiлген микроорганизмдердi - бактериялар мен саңырауқұлақтарды қолдану
технологиялары әзiрленуде [11].

2.3 Биотехнология және қоршаған орта
Қазақстандағы экология мәселелерi

      Қазақстанда табиғи орта өте осал. Республиканың аумағын негiзiнен
далалар, жартылай шөлдер және шөлейттер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш,
Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар.
      Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық
аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын
қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен
ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң
шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал
шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады.
Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш
көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100
км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына
шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында
соңғы орында.
      Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық
ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше
километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi
айқындалған.
      Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында
жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы
бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Ауаны, суды және
топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи
ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық
және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң
өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру
сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып
табылады. Сонымен бiрге қоршаған ортаны қорғауға бөлiнген мемлекеттiк
шығындар Еуразия елдерi арасында ең төменгi болып отыр. Олар жылына бiр
адамға шаққанда 0,5 АҚШ долл. құрайды.
      Биотехнология қоршаған ортаны - бактериядан папортникке дейiн
(папортниктiң күшәндық қосылыстарды жинау қабiлеттiлiгi), адамға қажет емес
сияқты папортниктен жоғары өсiмдiктерге дейiн және барлығын қорғауды да
адамға қызмет етуге мәжбүр етедi.
      Егер қоршаған ортаны қорғау үшiн әлемдiк технологиялар рыногы қазiргi
уақытта 235 миллиард долларға бағаланса, кейбiр бағалар бойынша 25-тен 40%-
ға дейiн биотехнологиялар үлесiне тиедi[14].

ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым
қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі
мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын
күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат
арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс
материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы
жедел игеріле бастады. Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге
айналдырып, бермесін тартып аламыз деген көзқарас қалыптасты. Мұның
барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән
құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен
әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі,
әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние
жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті.
Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс
аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы
жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның
ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық
жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп
кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген тұтыну қысымын өсірді.
Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының
мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны
жеделдете қанау оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп
оларда тұратын халық саны арттты.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи
байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан-байтақ өлкенің қысы
Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми
қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде
жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал
құмды жоталарға ауасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады.
Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала орталық
Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі
оңтүстікке қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар
Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады. Республика аумағы 4 аймаққа бөлінеді.
Еліміздегі экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылар класы
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Күрделігүлділер тұқымдасының биологиялық сипаттамасы
Ботаникалық ресурстардың маңызы және олардың негізгі топтары
Құрамында полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
Орман өсу жағдайы
Қазақстан флорасының (соның ішінде дәрілік шөптер) және фаунасының жағдайына қоршаған ортының әсері
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Торғай облысының өзені
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Пәндер