Темперамент түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Темперамент туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Темперамент туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.2. Темперамент типтерінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ тарау. Темпераменттің жүйке жүйесімен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..11
2.1. Темперамент
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .11
2.2. Темпераменттің жүйке жүйесімен байланыстылығы жөнінде
отандық және шетелдік ғалымдардың ой-
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13

ІІІ тарау. Темперамент және оның іс-әрекетте көріну
ерекшеліктері ... ... ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .24
КІРІСПЕ

Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
кайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы
көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы-қөзғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен
түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық.
Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент -жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент
көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қөзғалыстағы сипатын
бейнелейді.
Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға
қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай,
заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы
көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы-қөзғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен
түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық.
Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент -жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент
көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қөзғалыстағы сипатын
бейнелейді.
Курстық жұмысымызды жазудағы мақсатымыз, темпераменттің жүйке
жүйесімен байланыстылығы туралы отандық және шетелдік педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерді талдау.
Курстық жұмыстың міндеті: темпераменттің жүйке жүйесімен байланысы, ол
туралы шетелдік және отандық психология мәліметтерінен қарастырып, талдау
жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі – 24-
26.

І ТАРАУ. ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Темперамент туралы түсінік

Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын
айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық
ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп
түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске
түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен,
әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық
құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер
шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай
істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр
болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл
күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.)
эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы
байқалып отырады.
Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
кайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы
көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы-қөзғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен
түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық.
Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент -жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент
көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қөзғалыстағы сипатын
бейнелейді.
Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға
қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай,
заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді[.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-
ақ айтыла басталады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың
(б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.
Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың
денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып
тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары
өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың,
араласуының пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде бұл
терминді темпераментум деп атап кеткен.
Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне
байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық
болса, ол сангвиникалық (латынша сангиус - қан), ал шырын басым болса
(грекше флегма - шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара
өт басым болса меланхолик (грекше мелай - нехоле - қара өт), организмде
сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталады.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке
жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым, адамның темпераменті
күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық
заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент
организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы
жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі серкеция бездеріне т.б. байланысты
деген пікірлер де тарады. Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің
Антропология деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ, ол темперамент пен мінез ұғымдарын
бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент
типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік(типологиялық) жүйесі
өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты
тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады[20].

1.2. Темперамент түрлері

Сонымен, темперамент - бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын
айқындайтын дара қасиеттертіц жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша
түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс
береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара
байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент
типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана
емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен
әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент
типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай
деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт
(сангвиник, холерик, флегматик. меланхолик)түрінің психологиялық сипатын
түзу үшін кебіне төмендегі аталған негізгі темперамент касиеттері
қолдануда:
Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әреке-тінің пайда
болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап
әрекеттің туындау шапшаңдығы. Жауап-әрекетке келу - бірдей ықпалды
сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік - максатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау
және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы
(табандылық,зейін кою,бағдар тандау т.б.).
Жауап-әркетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін
пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы
немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден,: кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет,
мақсат, талғам т.б
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты
женіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат
қылық көрсетуі.
Жауап-әрекет карқыны - әрқилы психикалық әрекеттер процестер, сөйлеу,
ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсня - адамның жауап әрекеті мен қимылына себепші
жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезім немесе өткен мен болашаққа
байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін ең теменгі әсердің
шамасы мен оның туындау жылдамдыгы.
Аталған касиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясын;
темпераменттің барша ғылыми кауым кабылдаған төрт типін) сипаттамасы
төмендегіше:
Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, әрекетшеңдік
оның, белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелу тепе-тең. Назарын
тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарат мен қозғалыс қимылдары мәнерлі,
шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып,
мұңаяды, жүзінен көңіл-күйі, заттармен адамдарға болған қатынасы білініп
тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған
дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай көтеріңкі белсенділікке ие,
жұмыс кабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі,
ұзак уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған
объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз
әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-
ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі,
қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады.
Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға
икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта
үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені
мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып
коймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және
белсенді. Бірақ холериктің әрекетшендігі белсенділіктен басымдау, сондықтан
ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиниққа қарағанда салғырттау, икемі
кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін
ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық
экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем
көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден
жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен
байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған
жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да
болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге
берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге
төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.
Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы
нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен
қабылдайды. Ым-ишарасы жоктың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр.
Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің
жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша
психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы
мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.
Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал
қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми
шешімін таппаған[25].
ІІ ТАРАУ. ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

2.1. Темперамент теориялары

Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек
дәрігері - Гиппократ (б.ә.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт
дене шырындарының - қан, шырыш, от, запыран - өзара қатынасымен
ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние
дәрігері Клавдий Гален (б.ә.д- II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне
ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған
шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға
дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник(sаngius- қан),
флегматик (рһ1еgmа - шырыш). холерик (сһоlе - өт), меланхолик (mеlаnсһоlе -
запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде
көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және
физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-
қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің
көптүрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип –
адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне
негізделген - конституциялық типология (Ә. Кречмер). Бұл теорияның мәні әр
адам өз дене құрылымына орай өзінді психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене
мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт
конституционалды психикалық тип белгіленген:
1. Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы
жайылыңкы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны
кампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым,
берік: ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы
мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас,тума аяқ-
қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик,
иксотомик, циклотомнк. Шизотомик - дене құры-лымы нәзік. әлсіз дамыған,
тұйык. эмоциялары ауыспалы. тұрақ-сыз. талаптар мен көзқарастар өзгеріміне
ере бермейді, осыдан коршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі
мығьтм, мі-незі байсалды, сезімталдығы кем. ым-ишараға жок, ойлау қабілеті
шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі,
эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары
шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін
қалаған - Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қол-дауын тапты. Ал осы
теорияны өзіндік ерекшеліктерімен өткен ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан
әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның датемпераменттиптерін
айырудаұстан-ған принципі - адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы -
эмбриологиялық белгілер.
Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға
алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі - тұлғаның психикалық
қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың
ескерілмеуі. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады:
Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сиякты
темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес,
мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негізге ие болғанымен тәрбие
және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады[26].
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен
оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі
болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер
ерекшелігіне тәуелді келуі И. П. Павлов және оның шәкірттерінің
еңбектерінде экспериментальды дәлелденген.
И. П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы
көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жүргізілген
осындай ізденістер нәтижесінде И. П. Павловтын шәкірттері В. М.Теплов,
кейін В. Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен
толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін эксперименталды талдауға ала
отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және
динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі - жүйке процесінін туындау және
сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы - қоздырғыш, ұнамды және
кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен
байқалады.

2.2. Темпераменттің жүйке жүйесімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темпераментпен байланысты жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процестерінің қозғалғыштығы
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Әрекет темпераменттері
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент және мінез
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті
Холерик темпераменті
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Пәндер