Трансұлттық корпорациялардың Қазақстан экономикасының дамуына әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі мен пайда болу себептері 5
1.2 Трансұлттық компаниялар типтері мен олардың құрылым ерекшеліктері 8
1.3 Қазіргі нарықта Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын
орны 13
2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау (ҚАЗПОЧТА
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ материалы негізінде) 16
2.1 Компания сипаттамасы мен қаржылық-экономикалық жағдайы 16
2.2. Қазпочта трансұлттық компаниясының инвестициялау процесін талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ басымдықтары 26
3.1 Трансұлттық корпорациялардың Қазақстан экономикасының дамуына әсері 26
3.2 Трансұлттық компаниялардың дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары
28
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканы глобализациялау үрдістері әлемдік
экономикалық және саяси аренада жаңа ойыншылардың – трансұлттық
корпорациялардың пайда болуына әкелді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген маңызды
глобализация үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Алайда елдің
әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның
ішінде оның негізгі субъектілері – ТҰК-мен оңтайлы әрекеттердің
механизмінің қалыптасуын болжамдайды.
Бұл жағдайда ТҰК үшін жағымды факторлар ретінде Қазақстандағы мына
жағдайлар атап өтуге болады: пайдалы қазбалардың мол қоры, әртүрлі
биологиялық және бай рекреациялық ресурстары, білікті және арзан жұмыс
күшінің болуы.
Қазақстан экономикасындағы ТҰК-ң мінез-құлық үлгісін таңдау
осы шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқа дамушы елдер экономикасына
енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға
байланысты болады:
– корпорациялардың экономикалық мүдделері;
– шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау;
– жобаның ауқымы;
– шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары.
ТҰК-ң қабылдаушы елдердегі қызметтері түрлерінің Қазақстанда
анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК).
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ТҰК Қазақстан
экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи ортасына,
саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты
әсер етіп келеді.
Əлемдiк экономикада шын мəнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық
компаниялары болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi
үстемдiк етiп отыр. Қазiргi кезде ТҰК əлемдiк өнеркəсiп өндiрiсiнiң
жартысына дерлiгiн бақылайды.
ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жiберу
жəне бəсекенi əлемдiк ауқымда жүзеге асыру; əлемдiк нарықтарды бөлiсу; өз
елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн iлгерiлету үшiн
пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге экономикалық жəне саяси
ықпалды жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу
профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің
экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының
негізгі күштерінің біріне айналады.
Жұмыстың зерттеу объектісі – трансұлттық компаниялар.
Зерттеу пәні – трансұлттық компаниялардың әлемдік және отандық экономика
жүйесіндегі алатын орны мен маңызы.
Жұмыстың негізгі мақсаты – трансұлттық компаниялардың пайда болуы мен
қазіргі әлемдік шаруашылықтағы жұмыс жасау ерекшеліктеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– трансұлттық компаниялар түсінігін теориялық сипатта ашу;
– трансұлттық компаниялар түрлері мен қызметтерін жетік меңгеру.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері – курстық жұмыстың теориялық
бөлімі ғылыми-сілтеуші мына авторлардың: М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов,
Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, К.Б. Бердалиев секілді отандық авторлардың
кітаптары мен Алешина И.В., Зайцева Н.А., Бикташева Д.Л., Косолапов А.Б.,
Котлер Ф., Мишурова, И. В., Лысенко, Н. А., Кулапина Г.М., Чапурина Е.В.
секілді отандық және шетел әдебиеттері, оқу-әдістемелік оқулықтар көмегі
негізінде, талдау бөлімі – Қазхром трансұлттық компаниясы АҚ материалдары
мен мерзімдік басылымдар, арнайы сайттардың ақпараттары қолданылды.

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Трансұлттық компаниялар түсінігі мен пайда болу себептері

Тікелей шетел инвестициясының жылдам өсуінен технологолиялық еңбек
бөлінісінің фирмадан тыс ортаға, салаларға, ұлттық шекарадан да асып жұмыс
жүргізуі – алып халықаралық ғылыми-өндірістік кешендердің өз филиалдарымен
қоса түрлі елдерде, тіпті, әр түрлі құрлықтарда пайда болуына әкелді.
ТҰК ҒТП-тің барлық бағыттарын, оның ішінде, техникалық деңгейі мен
өнімнің сапасы, өндірістің тиімділігі, менеджмент формаларын жетілдіру мен
кәсіпорынды басқару процестерінің үздіксіз дамуын қамтамасыз ете отырып,
әлемдік экономиканы халықаралық өндіріске айналдырады.[2]
ТҰК түсінігі корпорациялардың өз филиалдары бар елдердің
классификациялану дәрежесі, филиалдің жалпы сату көлемінің корпорацияның
жалпы табысындағы айналым қаражатының және капиталдың ұлттқа тиісілі
пайыздық үлесі процестері кіреді.
Р.Вернонның айтуынша, көпұлттық корпорациялар сияқты, күрделі
құрылымды және көпжақты инститтут бір ғана нақты іс-әрекетке ие анықтама
беруге болмайды. Мұндай кәсіпорындар ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін
бірігіп жұмыс жасайтын серіктес ретінде, ал түрлі басымдықтар(приоритет)
үшін конфликтке(жанжалға) баратын қызығушылықтар коалициясынан тұрады.[3]
Егер бұл жағынан қарайтын болсақ, мұндай қасиетке ие кәсіпорындарды
ТҰК деңгейіне жатқызуға бола ма деген сұрақ туындайды.
Сондықтан, ТҰК ұғымына ортақ анықтама беру қиын. Әлемдік экономиканың
инфрақұрылымының жылдан жылға күрделенуіне әкеледі. Бір жағынан, ортақ
анықтаманың болуы тәжірибе жүзінде ТҰК-ға жұмыс жасау процесіне өте тиімді.
Себебі, бұл кәсіпорындар көпұлтты бола тұра, көпсалалы қызметі де бар.
Бұл корпорациялардың мамандану дәрежесі де ауқымды.
ТҰК ұлттық заңнамалардың әртүрлілігінің көмегімен, өздерінің
әдістерін ашық түрде жүзеге асыра алмайтын ортада жасап, көпұлтты
компаниялардың еркін түрде әрекет етеді, сонымен қатар, жауапкершілікті
азайту ТҰК үшін ұтымды [5].
Жоғарыда келтірілген мысал мен ТҰК-ға белгілі ресми анықамалықтың
жоқтығы көптеген құқықтық сұрақтардың туындауына әкеледі, себебі,
компанияларды ТҰК деңгейіне жатқызбасақ, олар заңи тіркелім ала алмайды.
Сондықтан, ТҰК деп қандай компанияларды түсінеміз?
ТҰК – ортақ пайда табу және нәтижеге қол жеткізу мақсатында бір немесе
бірнеше елдерде шаруашылық бөлімшелері бар, оларды басқаратын бірнеше
нүктелерінің көмегімен шешім қабылдаушы, механизмі келісілген саясат пен
ортақ стратегия рерурстарды, технология мен жауапкершілікті теңдей бөлетін
халықаралық фирма [6].
Трансұлттық корпорация, көпұлтты компания (multinational
corporation interprise, MNC) термині 1960 жылдан бастап қолдана бастады.
Трансұлттық компания – бұл өз тәжірибесінде халықаралық әдісті қолданатын,
трансұлттық-өндірістік, сауда-саттық, қаржылық кешенін қалыптастырған, бір
немесе бірнеше елдерде филиалдары бар, шешім қабылдаушы орталықтан тұратын
базалық кешен. Базалық ел — ТҰК штаб-пәтері орналасқан мемлекет. Қабылдаушы
елдер – ТҰК жеке меншігі орналасқан мемлекеттер. Халықаралық өндіріс – ТҰК
шетелдегі меншігі. Соңғы уақытта БҰҰ трансұлттық корпорациялар критериін
көп өзгеріске ұшыратып келеді. БҰҰ ТҰК қатарына, жылдық айналымы 100млн.
Доллар және 6-дан кем емес филиалдары бар компанияларды жатқызады. Соңғы
жылдары мынадай нақты қорытынды жасалды:
• шетелдік активтер көлемі мен олардың компанияның жалпы активіндегі
үлесі;
• өнім сатылуының жалпы көлеміндегі шетел сатылымының үлесі мен
компанияның жалпы тізіміндегі шетел персоналының үлесі;
• сонымен бірге, ТҰК еншілес компаниялардың активтік капиталын бақылау
процесіне, деңгейіне байланысты еншілес компанияларды да жатқызуға
болады. Активтерге бақылау орнату үшін қарапайым акциялардың 10%
капитал үлесі болуы керек [4].
БҰҰ Сауда және даму конференциясы(ЮНКТАД) – жыл сайын ірі ТҰК ранжирлеп,
шетел активтері бойынша, олардың ТҰК деңгейін талдаумен айналысады.
Қызмет ету масштабына қарай ТҰК ірі және шағын болып бөлінеді. Жылдық
капитал көлемі шартты критерийлерінің бірі. 1980жылдары шағын ТҰК жалпы
активтер көлемі 1млрд. Доллардан артық болуы керек болса, орташа 3-4
шетелдік филиалы, ал ірі ТҰК оншақты тіптен, жүздеген филиалдары болу
керектігі қадағаланды. ТҰК ерекше түрінің бірі, халықаралық масштабта
ақшалай есептеуші ұйымдарды, бизнесті несиелеуші трансұлттық банктерді(ТҰБ)
жатқызуға болады [7].
ТҰК келесідей сапалық қасиеттерін атап айтуға болады:
• сату ерекшеліктері: фирма өнімнің белгілі бір бөлігін шетелге сату
арқылы әлемдік рынокқа айтарлық әсер етеді;
• өндірістің орналасу ерекшеліктері: шетелдерде ТҰК еншілес
кәсіпорындары мен филиалдары орналасқан;
• меншік құқығының ерешеліктері: мұндай компаниялардың иелері әр
түрлі елдердің резиденттері болуы мүмкін.
ТҰК пайда болу себептері әртүрлі, бірақ, жоспарлау элементтерінің,
пайдалану деңгейі таза рынокпен салыстырғанда ортақ басымдықтарға ие. ТҰК
қызметін талдау мен тікелей шетел инвестициялар теориясы ТҰК іс-әрекетінің
негізгі тиімді бағыттарын анықтауға көмектеседі(таза ТҰК салыстарғанда):
-кәсіпкерлік қызметін бір ғана елде және шетелдік ресурстарға деген өз
қажеттіліктерін экспорт-импорттық келісім-шарттармен ғана жүзеге асыра
алатын фирмаларға қарағанда, табиғи ресурстарға иелену
артықшылығын(пайдалану) капитал мен білімге, әсіресе, ҒЗТКЖ нәтижелеріне
деген ерекше қолжетімділікке ие;
-корпорацияның өз кәсіпорындарының ішкі нарық ауқымы, экономикалық өсу
қарқыны, баға мен жұмыс күшінің біліктілігі, басқа да экономикалық өсу
ресурстардың қолжетімділігі мен бағасы, инфрақұрылымның дамуы, сонымен
қатар, саяси тұрақтылық маңызды орын алатын саяси-құқықтық факторлары
есепке ала отырып, елдерде тиімді орналастыру мүмкіндігі;
-ТҰК капиталының филиалдары орналасқан шетелдерге несиелік құралдар
ретінде, компания үшін ұтымды орында және жағдайда салынуы;
-әлемнің барлық қаржылық рерурстарын өз мақсаттарына пайдалану; АҚШ Сауда
министрлігінің мәліметтері бойынша, 90-жылдардың ортасында американдық
корпорациялардың шетелдік филиалдарының жалпы актив қоры 2трлн.долларға
бағаланды. Оларды қаржыландыру көздері тек қана американдық басты
компаниялар ғана емес, сол компанияларды қабылдаушы елдердің жеке заңды
тұлғаларының да үлесі мол. Ол үшін ТҰК шетелдік филиалдары бас компания мен
еншілес компаниялар көмегімен қатар, коммерциялық және қаржылық
институттардың, қабылдаушы мемлекеттер мен үшінші мемлекеттің де жалға беру
қызметін бірге алу керек болды.
-Максималды пайда табу мен қаржылық ресурстарды минималды тәуекелмен
орналастырылатын мемлекеттерге капитал ағынын жылдам аударып отыру үшін сол
елдердің тауарлық, валюталық және қаржылық нарық ортасының конъюктурасы
туралы тұрақты ақпараттандырылуы;
-Рационалды-ұйымдастырушылық құрылым ТҰК әкімшілігінің жіті назарында
болатындықтан, олар тұрақты түрде өзін-өзі дамытады.
-өнімді шығару, өндірісті оптималды ұйымдастыру мен фирманың жоғарғы
мәртебесінің тұрақтылығын сақтау мен қатар, халықаралық менеджмент
тәжірибесін зерттеу; тиімді қызметтің өсуіне компания активтері көлемінің
өсуі мен қызметтің диверсификациялануы. Бұл даму көздерінің жүзеге асуының
қажетті алғышарттары бар, олар, ел заңнамасында көрсетілген мүмкіндіктерді
тиімді қолдану, бас компанияның арзан және сенімді шетел филиалдарымен
байланысы, қабылдаушы елдің жергілікті фирмалармен шетел филиалының кең
іскерлік байланыс желісін орнату жатады.
-Жеке халықаралық өндірісі бар ұйым ТҰК-ға тауардың өмірлік циклін ұзартуға
мүмкіндік беріп, тауардың моральды тозу мөлшеріне қарай шетелдік
филиалдарды солардың өндірісінелицензия сата алады[3].
Мемлекеттің өз кәсіпкерлеріне көмек көрсетіп, бөгделерге кедергі
болу тактикасына қарамастан, ТҰК ынталануында мемлекет маңызды роль
атқарады.
Біріншіден, үкімет өзіндік ТҰК қызметінің әлемдік әрекет етуіне шығару
нарығын қамтамасыз ете отырып, саяси, экономикалық және сауда одақтары,
халықаралық құралдар арқылы шетел инвестиция тартуға үлкен үлес қосады.
Екіншіден, өзіндік бизнесті шетел бәсекелестерінен сақтау үшін ұлттық
тарифтік кедергілер тікелей шетел инвестицияларына үлкен стимул болады.
Осылайша, 1960жылы Еуропаға АҚШ-тан келген алғашқы тәкелей инвестициялар
ағыны Еуропалық экономикалық қауымдастықтың қалыптастырған жоғары тарифтік
бағамға байланысты қайтарылған болатын. Осы кедергіден өту үшін американдық
трансұлттық корпорациялар дайын өнім экспортының орнына, өздерінің жеке
өндірісін осы ЕЭҚ елдерінде қалыптастыра бастады [8].

1.2 Трансұлттық компаниялар типтері мен олардың құрылым ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлем экономикасын сипаттайтын негізгі тендициялардың
бірі жаһандану болып табылады. Мұнда, біртіндеп, экономикалық ресурстар мен
өткізу нарықтарына мемлекетаралық және фирмалық бәсекелес күрес күшейеді,
екіншіден әлем қарығында ортақ бәсекелестерден жаһанды артықшылықтарға жету
мақсатымен құржатын шектес елдердің мемлекетарлық одақтарының сатып дамуы
болады (ЕО, КАФТА, АСЕАН т.б). Аймақтың, мемлекетарық деңгейлердегі
интеграциялық үрдістер жеке ұлттық экономикалардың маңызын әлсіретеді. Бір
жағынан,жаһандану көптеген салаларда жаңа стратегиялық көзқарастар әкеледі.
Сонымен қатар, дамудың қуатты қарқынын компания деңгейіндегі
интерграциялық шаруашылық қызмет ете алады, халықаралық бәсекелестің
деңгейінің өсуі компанияларды өмір сүру күресінде немесе жетекшілік
күресінде потенциялдарды қосу мен серіктестің жаңа жолдарын іздеуге
итермелейді. Әртүрлі интерграция дәрежесіндегі корпоративтік құрлымдар
құру-бұл соңғы онжылдықтардағы кең тараған ұйымдастырушылық стратегилардың
бірі.
Өзара бірлесе отырып, фирмалар жиі стратегиялық альянстар құрады. 1980
жж ортасынан бастап олардың саны жыл сайын 25%-ға өсіп отырды; АҚШ-ң 1000
ірі корпорациялары алатын барлық пайданың 6% альянстарға тиесілі.
Тереңірек интеграциялануға құштарлық соңғы онжылдықтарда пайда
болды, яғни АҚШ, Еуропа және Азиядағы фирмалар мен банктердің бірігуіне
байланысты мәліметтердің жасалуында, соның ішінде бірігу сатында да,
олардың көлемінен де көрніс тпапты. Ең танымал мысал ретінде City bank және
Travelers банк топтарының, worldcom және Mcl телекомуникациялық
комуникациялардың Dаimler және Chrysler автогиганттарының, British
Petroleum және Amoco мұнай компанияларының бірігуін жатқызуға болады.
Мұндай мәлімелелер мен келісімшарттың маңызды ерекшелігі нәтижесінде
трансұлттық корпорация құжатын олардың халықаралық, ұлтаралық сипаты болып
табылады [10].

Қазіргі халықаралық бизнестің тәжірибесінде әртүрлі, сонымен қатар
халықаралық коорпарацияның иілмелі формалары жұмыс істеп жатыр оларға:
- лицензиялық келісімшарт-авторлық құқығын, тауар белгісін, патентті
қолдану.
- бірлесіп өндіру-кешенді өнімді немесе оның компонентік шетел
серіктестерінің бірінің жасауы.
- келісімшартты менеджмент-менеджмент аймағындағы нау-хауды бір серіктестің
екіншісіне беруі.
- франчайзинг-қосымша басқару маркетинтік және техналогиялық қолдаубере
отырып белгілі бір қызметке лицензия беру.
- стратегиялық альянс-қайта ұйымдастыру мәселелерін шешу, нарықтық
тиімділікті арттыру үшін ресурстарды біріктіру мақсатында құрылатын
формаларды немесе формалды емес одақ.
- бірлескен кәсіпорын-заңды және экономикалық бейтарап кәсіпорындардың жаңа
компания құруымен байланысты стратегиялық альяныстың ең кең тараған
формаларының бірі.
- көпұлтты компания-акционерлік қатысу және немесе басқа да корпоративтік
басқару тәсілдері механизміне негізделген халықаралық серіктестіктің ең
“қатаң” формаларының бірі.
Көпұлттық компания (КҰК) халықаралық бизнесті ұйымдастырудың ең
күрделі формаларының бірі болып табылады. Мұндай компания шетелдік нарықты
іздеуде және өндірісті орналастыруда халықаралық байланыстарды пайдаланады,
сонымен қатар түпкі елде де, одан тыс елдерде де шаруашылық қызметті
меңзейтін бизнестің кешенді жаһан философиясын да қарастырады.
Әртүрлі КҰК ұйымдасуы, формаларының және құрлымның ерекшеліктері
әрқалай болуы мүмкін. Соның өзінде КҰК негізінде жатқан және бұл
халықаралық бизнестің ұйымдасу формаларын басқа халықаралық бизнес
формаларынан, мысалы ЖА-дан ажырататын негізгі принциптері бар:
- акционерлік қатысу принціпіне негізделген корпоративтік тұтастық
- КҰК компаниялары үшін бірдей стратегиялық мақсаттарға жетуге
және ортақстратегиялық мәселелерді шешуге бағыттану.
- бірегей басқару вертикалы (әртүрлі қатаңдақтағы дәрежелері бар)
және холдингтік компания, банк немесе өзара байланысқан компаниялар тобы
түріндегі бірігей бақылау орталығының болуы.
- КҰК өмір сүруінің мерзімсіздігі.
Бизнесті анықтау үшін “көпұлтты” терминімен қатар “әлемдік” немесе
“жаһандық” интеграцияланған тәсіл қолданылады.
- маңызды елдік (аймақтық) нарықтарда компанияның қатысуын
тұрақтандыруға тырысады.
- әртүрлі географиялық нарықтарға тән ортақ нышандарды іздеуге
бейімделген [11].
Бұл көзқарас бойынша көпұлттық компания-бұл шаруашылық қызметін
әртүрлі ұлттық нарықтарда іске асыратын және бағынышты бөлімшелер
менеджерлері арқылы өзінің өнімдері мен маркетингтік стратегиясын
жергілікті ерекшеліктерге бейімдеуге тырысатын холдинтік компанияларының
бір түрі.
“Көпұлтты” және “жаһан” компаниясы терминдерімен қатар ғылым арнайы
және іскерлік әдебиеттерде осыған ұқсас түсініктер қолданылады. Дәстүр
бойынша БҰҰ және дамыған елдердің үкіметтік ұйымдары онжылдықтары бойы
бірнеше елдерде бизнес жасайтын фирмаларға “трансұлттық” терминін
(трансұлттық корпорация, ТҰК) қолданып келеді. Соңғы жылдары кейбір
ғалымдар бұл терминді жаһанды да, көпұлттық та деп сипаттауға болатын
компанияларға да қолданып жүр. Яғни жаһанды интеграция арқылы көлемдік
эффектке жетуге тырысатын және ерекше сыртқы ортаға бейімделетін
компанияларға қатысты айтып жүр (жаңа термин: “Көпмәдинетті КҰК”). Көріп
отырғанымыздай бұл анықтама ертеректе енгізілген жаһандық компания
түсінігімен ұқсас. Ал бизнесмендер өзара бірдей көлемдегі, бірақ әртүрлі
елдердің екі компаниясының қосылуы (бірлескен кәсіпорын немесе стратегиялық
альяес құрмай) нәтижесінде пайда болған бизнеске қатысты “трансұлттық
корпорация” терминін жиі қолданады. Ең танымал және сәтті бірігудің
қатарына Unilever және Royal Dutch Shell ағылшын-голланд компанияларын, АВВ
щвед-швейцар компаниясын, Deutche bank –Bankers Trust алман-американ
банктік топтарын жатқызуға болады.
Қазіргі күш ТҰК өндірістік, сауда, қаржылық және ғылыми-зерттеу
профиліндегі компаниялардың трансұлттық топтарына айналып, дамыған елдердің
экономикасының тірегі блоып қана қоймай, сонымен қатар әлем шаруашылығының
негізгі күштерінің біріне айналады. Мысалы, егер 1976 жылы ТҰК саны 11
мыңдай болса (86 мың шетел бөлімшелері бар), 1998жж олардың саны 35 мыңнан
асты (147 мың шетел финалдары бар). Қазіргі 40 мыңға жуық ТҰК, 130 елде 200
мыңнан астам бөлімшелері бар, жұмыс істейді.
Әлем экономикасында ТҰК әртүрлі көрсеткіштер бойынша алда келе
жатыр.2000 жылы ТҰК саудасының жалпы көлемі 5,5 трлн доллар болды немесе
әлемдік ЖІӨ\ң 25 %-ін құрады.
Қазіргі барлық ірі ТҰК\р өзінің құрамына қаржылық немесе өндірістік
бағытағы бас компанияны және ТҰК орналасқан елде де, шетелде де орналасқан
өнеркәсіп, логистика, сауда және маркетинг, қаржы және т.б салаларда жұмыс
істейтін, онымен корпоративті (акционерлік) қатысу жүйесімен байланысқан
көптеген бағынышты және ассиоцияланған фирмаларды енгізетін халықаралық
қаржылық-өнеркәсіптік бірлестіктер болып табылады. Мұндай интеграцияланған
корпоративті құрлымның формасы қаржылық-өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ) деп
атайды [12].
Әртүрлі елдердегі интеграцияланған бірлестіктердің қызметінің құрлымы
мен сипаты ұқсас та, әртүрлі де болып келеді. Мұндай айырмашылықтар ҚӨТ
құрылуының нақты тарихи жағдайларына, корпаративті қатынастарды заңмен
реттеу ерекшеліктеріне (монополияға қарсы заңдар), қор биржасының даму
сатысына, корпоративтік меншік және басқару мәселесіндегі қаржылық ұйымдар
мен мемлекеттің маңызына байланысты.

Кесте1 Халықаралық бизнестегі қаржылық - өнеркәсіптік топтардың негізгі
сипаттамалары
Капитал Капитал Акционерлік ҚӨТ Бас
Ел көзі трансформа құрылым типі Ядросы холдингтік
циясының компанияның
механизмі түрі
АҚШ Тәуелсіз Қор нарығы Иерархия Банк Банктік ХК
жеке
инвесторл
ар
ӨнеркәсіптікАралас немесе
таза ХК
Корпорация
Германия Тәуелсіз Банктік Қиылысып Банк Банк
жеке жүйе қатысу
инвесторл элементтері
ар бар иерархия
ӨнеркәсіптікАралас немесе
корпорация таза ХК
Жапония Мемлекет Банктік жүйе Этархия Банк Жоқ
Оңтүстік Отбасы Тікелей Иерархия Сауда- өнер-Аралас ХК
Корея капиталы инвестиция- кәсіптік
лар компания
Ресей Мемлекет Ваучерлік Иерархия ӨнеркәсіптікАралас ХК
жекеше- немесе сауда
лендіру – кәсіп
инвестициялық орыны
байқаулар
Кепілдік Иерархия Банк Таза ХК
аукциондары

1-кестеде әртүрлі елдердің КҰК-\ң негізгі сипаттамалары берілген,
мұнда
КҰК не кіретін кәсіпорындардың капитал тарту формаларына,
корпаративтивтік басқару механизіміне және олардың негізгі интеграциялану
түріне көбірек тоқталған.
АҚШ тың қаржылық-өнеркәсіптік топтары: АҚШ-та қаржылық-өнеркәсіптік
топтар дамыған нарықтық жүйе, құрлып болған капитал нарығы, қор құралдарына
ірі инвесторлардың да, ұсақ салушылардың да кең енуі жағдайында құрылды.
өнеркәсіптің дамуының жоғары деңгейі мен қарқыны және қалыптасқан
бәсекелестік нарықтық орта корпорацияларға акцияларды эмиссиялау есебінен
капиталын тиімді көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл кезде банктер қаржылық-
есептік агенттер рөлінде шығын және корпорацияларды басқаруға қатыспай
көменші рөлде болды. Бұған алғашқы кезде банк капиталының өнеркәсіптік
капиталымен қосылуына қарсы болған АҚШ-ң монополияға қарсы заңдары себеп
болды. АҚШ-та 1960-1970 жж бастап ҚӨТ құруда банктердің қатысуына
шектеулерді жұмсарта бастады. Нәтижесінде қазіргі кезде құрылған бірнеше
жүз ірі ҚӨТ-ры американдық экономиканың негізгі болып табылады, олардың
ірілерінің 100-ң үлесіне ЖҰӨ-ң 30-ден 60%-ға дейін [15].
АҚШ-та қаржылық-өнеркәсіптік топтар формасындағы ҚӨТ-ң негізгі
екі түрі қалыптасты: өнеркәсіптік корпорация маңында құрылған ҚӨТ\р және
банк маңында құрылған ҚӨТ\р. ХХ ғасыр бойы Еххon корпорациясы әлемдік мұнай
өндірісінде көшбасшы болып келеді.Exxon кең қаржылық-өнеркәсіптік топ
формасындағы ҚӨТ болып табылады,және оның кәсіпорындары АҚШ та және тағы да
80 елде орналасқан. Топтың кәсіпорындары бас холдингтік компаниясы Нью-
Иоркте орналасқан иерархиялық пирамидаға тізілген.
Exxon корпорациясы вертикал интеграцияланған құрылым болып табылады,
топтың негізгі кәсіпорындары мұнай және газды өңдеудің циклдарының әртүрлі
сатыларында арнайы маманданған: шикі мұнай мен табиғи газды барлау және
өндіру, құбырлар мен танкер флоты көмегімен мұнай және мұнай өнімдерін
халықаралық тасымалдау,шикі мұнай мен табиғи газды өңдеу, мұнай өндеудің
өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату. Сонымен қатар негізгі бағытпен қатар
корпорация полимерлер мен пласмасса, еріткіштер резина, ауылшаруашылық
тыңайтқыштар өндіретін АҚШ тағы Канададағы және Еуропадағы мұнай химиялық
кәсіпорындарды иеленеді. ҚӨТ құрылымына көмір, уран, жанатын тақтатастар
өндіретін және көздейтін басқада да салалардың энергетикалық кәсіорындары
кіреді. Exxon Corporation Джон Д.Рокфеллердің трестіне жаттын және 1911
жылы трестке қарсы заңның негізінде сот шешімімен тартылған Standard OiL
Company of New Jersey компаниясының мұрагері болып табылады. “Exxon” атауы
айналымға 1972 ж. енгізіледі. Ағылшын –голланд Royal Dutch Shell және англо-
американдық Britіch Petroleum Amoco компанияларының артып келе жатқан
бәсекелестік қысымынан Exxon басқа ірі американдық мұнай ҚӨТ\і-Mobil
компаниясымен қосылды.
Германияның қаржы - өнеркәсіптік топтары: неміс экономика желісінің
ерекшелігі – банк пен оның қаржылық емес секторымен байланысы (өнеркәсіп,
сауда, қызметтер, транспорт). Банктердің ерекше рөлі – Германияның
Заңдарының ерекшеліктерімен белгіленген, бұл заңға байланысты, жеке
инвесторлар қор биржаларына қол жеткізе алмайды, олар акцияларды банк
арқылы сатады және сатып алады. Оған қоса, көптеген жеке акционекрлерт
сенімхат негізінде банктерге, депозиттерге салынған акцияларды сайлау
құқығын табыстайды. Осының нәтижесінде, Германиялық ААК бақылауы өте жоғары
деңгейге жеткен – жиналыстарда дауыстың 80 % - ті банктермен ұсынылған.
Бұл жағдай, Германияның банктеріне бақылау кеңестің мүшелерін сайлауға,
ұйымдардың басқарушыларын ауыстыруға мүмкіндік береді, оған қоса олар
корпорациялардың уставтарының өзгеру процесін қатаң түрде бақылап отырады.
Бұл банктердің айналысында ірі деңгейлес біріктірілген қаржы - өнеркәсіптік
бірлестіктер құрылған. Бұл топтың басында банк тұр, ал сомен бірге ірі
өнеркәсіптік – сауда компаниялары байланысып тұр, ал олардың қосылуы
көпетеген орташа фирмалар топтастырылған [11].
Жапонияның қаржылық-өнеркәсіптік топтары: Қазіргі кезде Жапония
экономикасының негізін алты ірі ҚӨТ құрайды: Mitsubishi, Summate, Mitsui,
Fuji, Dai-chi Kangyo және Sanwa. Алты алып топтардың жинақталған сату
көлемі елдің ЖІӨ\ң шамамен 15% - құрайды.
Жапондық ҚӨТ\р акцияларды қиылысып иелену кең тараған иерархиялық
құрлымдар болып табылады (өзара қатысу).Жапондық компаниялар топтарының
негізгі бөлігі, барлық құрлымдар жиналған орталық болып негізгі банктердің
бірі болып табылады. Сонымен қатар топтар өзіне ірі сауда компаниясын
(сауда үйі), сақтандыру қоғамы,инвестициялық компаниясын және бір немесе
бірнеше вертикал интегратцияланған өнеркәсіптік бірлестіктерді енгізеді.
өндірістік кәсіпорындар бір-бірінің капиталында өзара байланысқан, сонымен
қатар топтың басты банкі қатысатын арнайы қаржыландырумен өзара
байланысқан. (нэйрецу-қаржыландыру) Жапондық ҚӨТ\ң мұндай корпаративтік
құрлымы екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін экономиканы қалпына
келітіру үрдісінде қалыптасты, әсіресе банк жүйесі өте тез дамыды. Сонымен
қатар өнеркәсіптік потенциялды қайта қалпына келітіру және дамыту үшін
негізгі банктер арқылы ұзақ мерзімді қаржылық ресурстар бағыталған
мемлекеттің рөлі ерекше болды [12].

1.3 Қазіргі нарықта Халықаралық саудадағы трансұлттық компаниялардың алатын
орны

Еуропа - Азиядағы халықаралық сауданың қазіргі заманғы жай-күйі
Қазақстанды әлемдік еңбекті бөлуге озық технологияларды енгізу, танымал
әлемдік брендтарда тауарларды экспортқа шығару және оны басқарудың әлемдік
тәжірибесін зерделеу мақсатында трансұлттық корпорациялардың
инвестицияларын өңдеуші салаларға тарту жолымен қосу тиімділігінің
қажеттілігін көрсетеді.
Әлемдік сауданы дамытудың анағұрлым маңызды факторларының бірі
халықаралық өндірісі бар әлемдік сауданы біріктіретін және олардың дамуының
жоғарғы серпілісін қамтамасыз ететін үлкен ғылыми-өндірістік және нарықтық
әлеуетке ие ТҰК қызметі болып табылады.
2006 жылғы жағдай бойынша әлемде 830 мың шетел филиалдарын бақылайтын 64
мың ТҰК әрекет етті. Бұл ретте ТҰК әлемдік сауданың шамамен 23-сін,
әлемдегі бар патенттердің, лицензиялар мен ноу-хаудың 45-ін бақылайды,
әлемдік өнеркәсіптік өндірістің шамамен Ң тиесілі.
Жинақталған ТШИ(тікелей шетел инвестициялары) шоғырланған көлемі 2006
жылы 9 трлн. долларға бағаланды, бұл сатудың жалпы көлемі 19 трлн. АҚШ
долларға жететін ТҰК және оның шетелдік филиалдарының қызметімен қамтамасыз
етілген. Шетелдік активтердің әлемдегі ірі шетел активтері мөлшері бойынша
қаржылық емес ТҰК дамыған елдерде базаланады, мысалы Дженерал электрик
(АҚШ) және Форд мотор (АҚШ). 100 ірі ТҰК арасында Хатчинсон Вампоа
(Гонконг, Қытай), басқаратын төрт компания дамушы елдерде базаланады.
2006 жылы тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ) жаһанды
ағындарының өсімі дамушы елдердің арқасында бірінші кезекте жаңартылды.
2006 жылмен салыстырғанда ТШИ-дің әлемдік ағыны 2007 жылы 2%-ға ұлғайды
және 648 млрд. АҚШ долларына жетті. Дамушы елдерге олардың ағындары 40%-ға
өсті, 233 млрд. АҚШ долларына дейін жетті. Сол уақытта дамушы елдерге ТШИ
ағыны жалпы алғанда 14%-ға кеміді. Нәтижесінде ТШИ жаһанды ағынындағы
дамушы елдердің үлесі 1997 жылғы деңгейден рекордты - 36%-ға жетті. Үшінші
- ірі ТШИ алушы Қытай болды.
Азия сонымен қатар, ТШИ-дың маңызды көзі болып табылады. 2007 жылы ТШИ-
ды басты түрде Гонконгтан (Қытай) ТШИ-дың қанағаттанарлық өсуінің, сондай-
ақ ТҰК инвестицияларын Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа аудандарынан
өсіру арқасында өңірден әкету төрт есе ұлғайды және 69 млрд. АҚШ долларына
жетті. ТШИ-ды Қытайдан әкетудің негізгі катализаторларының бірі осы елдің
оны ТМД және Латын Америкасы елдерінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге
асыруға мәжбүрлейтін табиғи ресурстарға сұранысының өсуі болды.
ТШИ-дың ТМД елдеріне ағыны негізінен мұнай мен табиғи газдың жоғарғы
бағаларының арқасында 2004 жылы 5 млрд. АҚШ долларынан 2006 жылы 24 млрд.
АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Жекелей алғанда Қазақстандағы ТШИ ағыны
2006 жылы 8,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте ТШИ құрылымында мұнай
және табиғи газ өндіруге (ТШИ-дың жоғарғы ағынынан 63,5%), геологиялық және
іздестіру қызметіне (20,3%), сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіпке (3,8%)
инвестициялар басым болды.
Азиядағы және ТМД елдеріндегі ТШИ-дың ағындары және кері ағындары ұлттық
және өңірлік деңгейдегі әртүрлі саяси өзгерістерге қолайлы жағдай жасайды.
Мысалы, Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН)
2010 жылы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды, азия елдері
АҚШ-пен еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасасты.
Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістерді оларды одан әрі Еуропа және
Азия елдеріне экспорт мақсатында орналастыру мынадай артықшылықтар күшінде
инвесторлар үшін тиімді болып табылады:
өткізудің негізгі нарықтарына - Еуропаға, Қытайға және Азияның басқа
елдеріне географиялық жақындық;
айтарлықтай көліктік және транзиттік әлеуеттің болуы;
өндіріс факторларының қатысты төмен құны;
айтарлықтай отын-энергетикалық ресурстардың болуы.
ТҰК инвестицияларын ұлттық экономикаға тарту әртүрлі елдер арасында
орнықты экономикалық байланыстар құра отырып, экономикалық ықпалдасуға
жәрдемдеседі. Мәселен, ТҰК-тың негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары әлемнің
әртүрлі елдерінде әдетте экспортқа бағдарланған болып табылады, TҰК-тың
тікелей инвестицияларын қандай да бір елге орналастыру нәтижесінде
өндірілген өнімінің орташа есеппен 94%-ы экспортқа өткізіледі.
Дамушы елдер үшін ТҰК жүргізетін ғылыми зерттеу және тәжірибе
конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) ұлтаралық етудің маңызы зор.
ҒЗТКЖ негізінен базалық елдерде ТҮК ҒЗТКЖ-мен дәстүрлі түрде айналысты.
Бүгінде ұлтаралық процестерде бірқатар жаңа ерекшеліктер пайда бола
бастады, атап айтқанда ТҰК жергілікті нарықтың талаптарына бейімдеу аясынан
шығатын ҒЗТКЖ дамушы елдердің шегінен шығады. Кейбір дамыған елдерде, ал
нақты алсақ Оңтүстік Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде ТҮК көбінесе өзінің
инновациялық қызметінде оларды басты бағытта жаһандық нарықтарда өзінің
ҒЗТКЖ-ын бағыттайды.
Трансұлттық құрылымның жекелеген өндірістік бірліктерін құру мен
капиталды орналастыру орнын таңдау тәжірибесі көрсететіндей, ТҰК
стратегиясы мынадай жалпы қағидаттармен айқындалады:
– өндіріс факторының құнын ескере отырып, халықаралық еңбек
бөлінісіне бағдарлану;
– халықаралық көліктік дәліздерде және уақыт пен қашықтықты және
негізгі тұтынушылық нарықтарға дейін тауарларды жеткізу уақытын
қысқартуға мүмкіндік беретін ірі көліктік-логистикалық
тораптарға жақын жоғарғы қосымша құны бар түпкілікті жинастыру
өндірісін орналастыру;
– арнайы сауда-экономикалық өндірістерде және қолайлы
инвестициялық климаты бар оффшорлық аймақтарда өндірістерді
басымдықпен орналастыру және өндірілген өнімдердің одан әрі
экспорты.
Қазақстанда ірі трансұлттық корпорациялардың қызметі толық көлемде
ұсынылған. Республикада қолданылатын кейбір ТҰК инвестициялары негізінен
шикізаттық салаға шоғырландырылған, ал жоғарғы қосымша құны бар тауарлардың
өнеркәсіптік өндірісінде инвестициялар айтарлықтай емес. Негізгі себептер -
көліктік және логистикалық инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы және Еуропа
- Азия халықаралық көліктік дәліздерді бағыттары бойынша тиімді
қалыптастырудың болмауы.
Сонымен қатар, трансұлттық өндіріс - бұл экономиканы қайта құрылымдау
проблемаларын шешуге жол болып табылады, яғни ғылымды қажетсінетін өнімдер,
жоғарғы технологиялар өндірісін және өткізуді ұйымдастыру. Трансұлттық
инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық экономика әлемдегі ірі ТҰК
инвестициялық белсенділігінің барлық жинақталған тәжірибесін пайдалана
отырып және өндірісті трансұлттандырудың негізгі өңірлік, салалық және
стратегиялық ерекшеліктерін ескере отырып әлемдік экономикалық кеңістікке
мүмкіндік алады [14].

2 Трансұлттық компаниялардың қазіргі жағдайына талдау (ҚАЗПОЧТА
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ материалы негізінде)

2.1 Компания сипаттамасы мен қаржылық-экономикалық жағдайы

Қазпочта АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан
компаниялардың бірі,  Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағын қамтитын,
қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы
толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының
ұлттық операторы.
2003 жылы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Почта туралы Заңына
және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-
жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық
пошта операторы - Қазпочта акционерлік қоғамы белгіленді. 
АҚ Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры 2006 жылғы 7 маусымнан
бастап Қазпочта АҚ  жалғыз акционері болып табылады.
Компания миссиясы - Қазақстан Республикасының барлық аумағында
клиенттерге  олардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық,
қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызметтер көрсету.    
  Үздік халықаралық стандарттар негізінде және Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына сәйкес
клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің жоғары сапалы қызметтерін
ұсынатын,  ел экономикасының маңызды элементі болып табылатын, ел ішінде
сонымен қатар дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада болып
жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін инновациялық – бейімделген
бизнес-құрылым.
 Қазпочта АҚ 2020 жылға дейін стратегиялық даму бағыттары: 
1. Пошта қызметтері бейінді бизнесін кеңейту.
2. Логистикалық қызметтерді күшейту және сыртқы нарыққа шығуға дайындық.
3. Сапалы банк бизнесі болып қалыптасу.
4. Қазпочта АҚ қызметінің тиімділігін арттыру.
5. Қазпочта АҚ IT қарымын дамыту.
6. Сенім және сапа брендін дамыту.
Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык
Трансұлттық корпорациялар
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАРЫ РӨЛІ
Трансұлттық корпорациялар туралы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Пәндер