Қаржылық жобаларды бақылау тобы
Мазмұны:
Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері
ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік
реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді
ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу
тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі
құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері
Кіріспе
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде
бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып
жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді
халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да жиырма жылға жуық
уақыт өтті. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу
мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде
бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан – 2030 атты стратегиялық бағдарламасында
Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты – шағын және
орта бизнесті дамыту - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сонымен қатар
қазіргі кезде халықаралық стандарттарға өту барысында бухгалтерлік есеп
және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі болып саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық,
еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі
қорлар – еңбек құралдары және белгілі бір қызметпен айналысуға жағдай
туғызатын матариалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді
пайдалану арқылы іске асырылатыны баршамызға белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт бойы
пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын шығарылған
өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын еңбек
құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру болып
табылады. Себебі, кез келген өндірістік, немесе, коммерциялық кәсіпорын
құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді қажет
ететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-
жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар,
сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді.
Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп отырған барлық
субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу
міндеттілігі жүктеледі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы
мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.
Сол себепті, бұл курстық жұмысымның мақсаты болып кәсіпорында ұзақ
мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруды меңгеру болып
табылады. Теориялық негіздерді практикалық материалдармен сабақтастыра
отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:
- негізгі құралдардың есебі мен материалдық емес активтердің есебін
ұйымдастырудың қағидаларын оқып-білу;
- негізгі құрал мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
әдістері;
- ұзақ мерзімді қаржы салымдарының есебін ұйымдастыру;
- ұзақ мерзімді активтердің аудитін ұйымдастыру әдістемесін қарастыру.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі ретінде ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ біріккен
кәсіпорынын алдым. Бұл біріккен кәсіпорын 1993 жылы құрылған. Келісімшарт
бойынша шетел инвестицияларының сомасы 20 млрд. долларды құрайды. Қазіргі
уақытта Теңізшевройл біріккен кәсіпорынның құрылтайшы-серіктестері болып
төмендегі компаниялар саналады: Шеврон Оверсиз Компани - 50%, ЭксонМобил
Казахстан Венчурс Инк - 25%, Казмұнайгаз - 20%, және ЛукАрко - 5%.
2008 жылы ұзақ мерзімді активтері 3369968 мың доллар. 2008 жылы
кәсіпорынның шикі мұнай өндіру көлемі 13,7 млн. тоннаны құраған, бұл
кәсіпорында орташа күндік мұнай өндіру деңгейі 296 мың баррельді көрсетеді.
Есепті кезеңдегі бірлескен кәсіпорынның таза табысы 632519 мың долларды
құрап отыр.
1. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері

Ұзақ мерзімді активтер деп кәсіпорында бір жылдан артық уақыт
пайдаланылатын, болашақта экономикалық олжа, табыс әкеледі деп күтілетін
активтерді айтады. Ұзақ мерзімді активтерге төмендегілер жатады:
1) негізгі құралдар;
2) материалдық емес активтер;
3) ұзақ мерзімді инвестициялар;
4) ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар.
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
артық) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)
сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде
ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 Негізгі қорлар
(құрал-жабдықтардың) есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес жүргізілген. Қазіргі кезде Қаржылық есептің халықаралық
стандарттарының 16-шы Негізгі құралдар деп аталатын стандартына сәйкес
жүргізіледі.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар – деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру
орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске
арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік
тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,
өлшеуіш аспаптары және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі
құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі
құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және қызмет істейтін түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау
және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және
тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда
бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3
топқа бөлініп, есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
б) тауарлы-материалды қорлар;
в) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып
табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі
құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік
құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Шаруашылық
субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы
мақсатында алынған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде
есептелінеді.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма, тағы басқалары)
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары,
эстокадалар, мұнай іздейтін және өндіретін скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
мұнай, газ тасымалдайтын құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш
шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлар, таразылар, кассалық аппараттар
мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы да басқалары;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы
да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер,
тағы да басқалары);
е) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);
ж) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған
негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін баланстан тыс Жалға алынған
негізгі құралдар - деп аталатын шот ашуға болады. Қазіргі кезде пайдалану
барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және
сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі
себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Мүліктік түгендеуге байланысты негізгі құралдар инвентарлық және
инвентарлық емес деп жіктеуге болады.
Шаруашылық субъектілерінде ұзақ мерзімді активтер қатарына материалдық
емес активтер де кіреді. Сондықтан да материалдық емес активтер Қазақстан
Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартымен сонымен бірге, 38-ші
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес
активтертердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген
заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи
пішіні жоқ, қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге
үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді
айтамыз.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып
алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер
қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы
хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері,
ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны
бойынша кіріске алынады. Бірақ кейбір материалдық емес активтертердің
бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар.
Мұнай газ секторындағы кәсіпорындарда материалдық емес активтерге
бірінші кезекте, Қазақстан Республикасында белгіленген заңдарға сәйкес
мұнайды іздеу мен барлау құқығы, мұнайдың қорларын өндіру құқығы,
лицензиялар т.с. с. жатады.
Материалдық емес активтер шартты түрде 4 топқа бөлінеді:
1) Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер;
2) Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер;
3) Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер;
4) Материалдық емес активтертердің басқа да түрлері.
Бірінші топқа ноу-хау, ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық
жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары,
белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі,
өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. Ноу-хау
- құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрде көрсетілген нысан
және тағы басқа түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін
халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында ноу-хау техникалық құжаттама түрінде рәсімделген,
бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті
өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-
сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда,
техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, кілті қолма-қол
тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудің сан алуан
түрлерінде кеңінен қолданылады. Ноу-хау өзінің бағасы мен басты
көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты мен төлем нысаны жағынан ол
лицензия бағасына ұқсас. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар
мен патенттерден ноу-хаудың өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық
капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық
емес активтертердің қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс
әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат (мысалы, мұнайгаз
секторында дәлелденген мұнай қоры бар секілді геологиялық барлау
мамандарының ақпараты) немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі
тұтынушылары туралы және тағы да басқа мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды
құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына
жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес
активтер болып есептелінеді. Мұнайгаз секторында бірлескен кәсіпорындар
көптеп ашылады, сондықтан да мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын,
кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау,
банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау – кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы
пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді
талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтерге көбінесе
тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және тағы басқалар жатады. Тауар
таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар
бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды
немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен
қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай
пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым
сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу,
сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы
іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып
есептелінеді. Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның
бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере
алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай
істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы – тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын
елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса
және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат
тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе
жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді.
Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керектігін ұмытпайық.
Қолдану, пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.
Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары,
копирайт лицензиялар және басқалар жатады.
Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін
немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына
тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құқық болып
саналады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді.
Патенттің қызмет мерзімі ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар,
патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын
тұлғаларға берілген құжат болып саналады. Оны алуға көптеген ірі
кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да,
патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы тиіс.
Өнеркәсіптік үлгілер. Мұндай материалдық емес активтерді пайдалануға
айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің
қосындысымен берілуі мүмкін. Өнеркәсіптік үлгілер авторлардың шығармашылық
еңбегі ретінде мойындалады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.
Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) – қандай да
бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген
рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
Субъект бойынша:
- Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға,
халықаралық ұйымдарға берілетіндер.
Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі – мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен
шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық
кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен
шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) – белгілі бір
шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің
көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;
- операциондық – валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды
пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын
жасау үшін беріледі.
Мерзімдік әрекеті бойынша:
- тұрақты – берілген мерзімі шектелмеген;
- уақытша – белгілі бір мерзімге берілген.
Мұндай лицензия секілді материалдық емес активтер мұнайгаз
секторындағы кәсіпорындарда ең керекті де маңызды активтердің бірі ретінде
саналады. Бірде-бір кәсіпорын лицензиясыз қандай да бір қызмет түрімен
айналыса алмайтындығын бәрімізге белгілі.
Инвестицияға тоқталсақ, жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз –
бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни
капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте
пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып
табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып
келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік. Инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың
маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып саналады. Кәсіпорындар
мен компаниялар инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер,жабдық,құрылыс)
өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі
бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтырады деп түсінген
дұрыс. Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа
біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған
салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны
қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай
түрін болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту,
ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша
жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата
алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
б) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер
ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономика жолымен
даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі
мен маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын
көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың
артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне
түсетін түсімдерді көбейтеді
2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол
халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін
арттырады
3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен
технологияны еліміздің кәсіпорындарында қолдануды жылдамдатады.
Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды
және жеке тұлғалардың компанияның алдындағы сатып алған тауарлары,
субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ қызметкерлердің
субъектілерден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары
мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге
берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар
дебиторлар болып табылады.
Дебиторлық борыш -дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын қосқандағы заңды
хұқтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік
болып табылады. Олар, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне
мүмкіндікті қамтамасыз ететін болашақтағы тиімділікті қамтиды.
Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ
мерзімді активтердегі Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар бабына
енгізіледі.
Олардың қатарына төмендегілер жатады:
- активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын-ала) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі
арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- басқадай дебиторлық борыштар.
Жоғарыда көрсетілгендей шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімді
активтері қатарына жататын негізгі құралдар, материалдық емес активтер,
инвестициялар мен ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды теориялық аспекті
тұрғысынан қарастырып өттім.

Үлкен кәсіпорындарды санамағанда, өндірістік қызметпен айналысатын
көптеген кәсіпорындар азғантай негізгі кұралдар мен материалдық емес
активтерді пайдаланады. Сондықтан ұзақ мерзімді активтер мен оларға сәйкес
шаруашылық операцияларға ішкі бақылау процедуралары жеке көлемді
жасалмайды, өйткені арнайы бақылауға кететін шығындар көлемі өзін-өзі
ақтамайды. Мысал үшін үлкен өндірістік кәсіпорындағы ұзақ мерзімді
активтерге аудит жасау әдістемесін келтірейік.
Ұзақ мерзімді активтердің ішкі бақылауы туралы жалпы түсінік алу
мақсатында, аудитор лауазымды тұлғалар арасындағы ақпарат қозғалысындағы
құрылымдық жүйесін есеп ақпараттарын көрсету үшін зерттеуі немесе өзі
құрастырған ішкі бақылау жайлы сауалнама сұрақтарына жауап іздеуі тиіс. Бұл
қүжаттар аудиторға клиентті бақылау тиімділігін тестілеуге және
тәуекелділік деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық операциялар
есепте нормативтік-құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп саясатына, есеп
саясатының ережелеріне т.б. сәйкес көрсетілуі тиіс. Бақылау процедураларын
зерттеу алдында аудитор тексеру жүргізгенде жүгінетін ақпараттарды білуі
тиіс
Ақпарат көздері қаржылық есептілік баптарынын бекітілген дұрыстық
категориялары бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін зерттелуі тиіс.
Ұзақ мерзімді активтер бойынша аудитор тексеруі тиіс:
• Есепте көрсетілген ұзақ мерзімді активтер (ҰМА) бар, өндірісте
қолданылады және кәсіпорын меншігі болып саналатындығын.
•ҰМА қалдығы түгелдеу қортындыларында көрсетілгендігін.
• Барлық ҰМА кәсіпорын меншігі болып табылады және олар бухгалтерлік
есеп принциптеріне сәйкес есептелгендігін.
ҰМА кірісі мен шығысы бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп
шоттарында есептелгендігін.
ҰМА синтетикалық есебінің шоты бойынша айналымы және сальдосы аналитикалық
есеп шот сальдосы мен айналымымен салыстырғанда тең болады. Олар Бас кітап
пен қаржылық есепке дұрыс көшірілуін.
• Алынған ҰМА құнына оларды сатып алу бағасы, қою, монтаждау, жеткізу
шығындары кіргендігін.
• ҰМА-ді қайта бағалау нормативті құжаттарға сәйкес
жүргізілгендігін.
• Амортизация қабылданған әдісі бойынша дұрыс есептелгендігін
• Болған операциялар бастапқы есеп құжаттарында тіркелуі тиіс және
қаржылық есептілікке тура көшірілгендігін.
• Қаржыландыруға жататын бір де бір бап шығындарға жатқызылмағандығын.
• Кәсіпорын мүлікке иелік етуге заңды құқығы бар екендігін
• Мүлік тірлік мақсатында салымға салынбағандығын
ҰМА-дің сыныпталғандығын және қаржылық есеп беруге тура көшірілгендігін.
ҰМА жайлы ақпаратың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашылғандығын.
Ұзақ мерзімді активтерге байланысты шаруашылық операцияларды бақылауды
тестілеу тек операциялардың өте көп болуынан және бақылау тиімсіздігіне
әкелетін тәуекел көлемі үлкен болғанда қолданылады.
Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді активтердің мүмкін
бұрмалаушылықтары. Ішкі бақылау құралдары арқылы шаруашылық операциялар
жасалу барысында барлық мүмкін бұрмалаушылықтардан айырылу мүмкін
болмағандықтан, аудитор өз тәжірибесі мен ұйым бизнесі жайлы білімдарлығына
сүйеніп, тиісті процедураларды қолдануы керек. Бухгалтерлік есепте ҰМА-дің
бұрмалаушылығы болып мыналар табылады:
Негізгі құралдарды уақытынан тыс кірістеу;
Негізгі құралдар (НҚ) объектілерінің бастапқы құнын дұрыс анықтамау;
Амортизация толық есептелген НҚ объектілеріне тозу есептеу;
Капиталға жөндеу жүргізу үшін ақау актілері мен сметалардың жоқтығы;
НҚ объектілерінің нарықтық құнын дәлелдеу құжаттарысыз қайта бағалау;
ҰМА-ді өз меншігіне алу мақсатымен есептен шығару;
Есептеу негіздеріне дұрыс емес пайдалану мерзімі көрсетілгенде;
Бастапқы құжаттарының жетіспеушілігі;
Дұрыс емес есеп жүргізу;
ҰМА- ді түгелдеуді тек формальді түрде жүргізу;
Аудит мақсаттарына жету үшін мына мәселелерге көңіл бөлі керек:
ҰМА-ді сақтау және пайдалану шарттарын зерттеу;
ҰМА қозғалысы бойынша операциялардың есептегі дұрыс рәсімделуіне көз
жеткізу;
ҰМА бойынша есептелген амортизацияны растау;
НҚ-ға жасалған жөндеу жұмыстарының көлемін және таңдалған әдісіне
байланысты есепте көрсету заңдылығын анықтау;
Қаржылық есеп беруді құру алдындағы ҰМА—ге жүргізілген түгелдеудің сапасын
бағалау.
Шот-фактура, келісім-шарт, жалдау туралы келісім, сақтандыру
полистары, белгілер, салық комитетінің актілері сияқты құжаттарды қатыстыру
аудиторға объект туралы маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Егер
аудиторларға одан да дәйекті ақпарат алу қажет болса, онда ол жалға
берушілерге бағытталған, сақтандыру компанияларына бағытталған және
мемлекеттік мекемелерге бағытталған хаттармен танысуы керек. Бухгалтерияда
негізгі құралдардың талдамалық есебі әр түгелдеу объектілеріне ашылатын
түгелдеу карточкаларында жүргізіледі. Ұқсас (бір) типті құралдарды бір
түгелдеу карточкаларында есептейді.
Ұзақ мерзімді акгивтердің сақталуына, пайдаланылуына тексеру жүргізу
Ұзақ мерзімді активтердін пайдаланылуна, сақталуына тексеру жүргізу,
олардың бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдаланылуы мен
күзетуі қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет алуды көздейді. Ол үшін
өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына
сұрау жүргізу қажет.
Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процессінде негізгі құралдар
объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды
(өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына
қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).
Ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есебін дұрыс ұйымдастыруын
анықтағаннан кейін, олардың инвентарлық нөмірі барлығын, және техникалық
құжаттарының түсу мерзіміне тексеру жүргізу.
Осы алынған мәліметтердің барлығы, типтік шоттар жоспарының 10,12
бөлімшелерінің жазуларымен және инвентарлық карточкалардың мәліметтерімен
салыстырылады. Талдамалық және жинақтық есептердің мәліметтері бірдей
болмаған жағдайда, олардың себебін, және айыпты тұлғалар мен оның
экономикалық салдары анықталады.
Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша операцияларды тексеру
Негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алудың заңдылығы,
тиімділігі және дұрыстығы тұрғысынан тексерілуі қажет. Бұл кезде жүргізіліп
отырған процедуралар көлемін аудитор операциялардың қайталануы, кәсіпорынды
құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу қиындығынан шыға отырып,
өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын типтік және типтік емес деп
субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес
операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар
объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың
толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың
техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі. Ең алдымен негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның біліктілігі
анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін мамандар енуі
керек. Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері
негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі
толтырылғаннан кейін, осы объектіге катысты техникалық құжаттармен бірге
бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы
немесе өкілетті тұлға бекітеді.
Аудитор міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің,
инвентарлық объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың номері,
күші), оның толықтығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру
енеді. Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен
жағдайда аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың
дұрыстығын, қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Аудит процессінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және
ары қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық
тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды көлік құралдарын, аспаптарды алып
тастауға аса мұқият бақылау жүргізіледі.
Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру
кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін
еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы
бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін
тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет
мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары
енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау
инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару
кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль
инспекциясы, техникалық қадағалау).

Бухгалтерлік есептің әдістемелік негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу
тәртіп нормативті құжаттар жүйесімен реттеледі. Төрт деңгейлі жүйе бөлініп
шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары; құқықтық
нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорын құжаттары.
Есепті реттеу- есеп жүйесіне тәртіп пен ұйымдастыруды енгізу бойынша
белгілі бір қызмет болып есептеледі. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралы
заңдылықтар болып табылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына нег iзделедi және
осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк - құқықтық
актiлерiнен тұрады.
Нормативті құжаттар жүйесінің бірінші заңнамалық деңгейіне мына
заңдар жатады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
2. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы 1995 жыл 26 желтоқсандағы (2007 жылғы 28 ақпан түзетулер мен
толықтырулар) Заңы;
3. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Аудиторлық
қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы (2006 жыл 5 мамыр түзетулер мен
толықтырулар)Заңы;
4. Қазақстан Республикасының Салықтар мен басқа да бюджетке міндетті
төлемдер туралы Заңы.
Бұл Заңның күші: дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды
тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе
патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер
бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге
асырмауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты
мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы,
қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық
және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің екінші деңгейі бухгалтерлік
есеп стандарттары, стандартқа әдістемелік ұсынулар және ережелер болып
табылады.
Бухгалтерлік есеп стандарттары - есеп жүйесін реттеудің екінші
деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субъектілер үшін нормативті
құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке
учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің салалық ерекшеліктері
бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты – мына
төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп беру элементтері;
- өлшеу және мойындау критерийлері;
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі Қаржылық есептің
халықаралық стандарттарының 16-шы Негізгі құралдар деп аталатын
стандартына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдардың есебінде Қазақстан Республикасының заңдылықтары
немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп
құжаттары қолданылады:
1) негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-1);
2) жөнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді
қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2);
3) негізгі құралдарды шығару актісі (НҚ-3);
4) автокөлік құралдарын шығару актісі (НҚ-4);
5) негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы (НҚ-5);
6) негізгі құралдар есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімі
(НҚ 6);
7) негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы (НҚ-7);
8) жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің
карточкасы (НҚ-8);
9) материалдық-жауапты тұлға бойынша негізгі құралдардың мүліктік
тізімі (НҚ-9) (тұрған жерлері және пайдалануы бойынша) – негізгі
құралдардың тұрған жерлеріне байланысты объектілік есепті жүргізу үшін

туралы заңнамасын жүзеге асыру мақсатында 2007 жылғы 22 маусымда Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігімен №221 Бухгалтерлік есепті жүргізу
ережесін бекіту жөніндегі бұйрығы шығарылып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан
бастап күшіне енді. Осы ережемен кәсіпорындағы кассалық операцияларының
есебін жүргізіледі. Бұл ереже Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, халықаралық және ұлттық қаржылық
есептеме стандартына сәйкес өңделген және Қазақстан Республикасының
ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібін
бекітеді.
Негізгі құралдардың есебі №6 Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың)
есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізілген.
Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есептілік”-деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-
бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол
элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі
ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері –атты
еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері
мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді.
Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы
шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда
табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер
пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ
мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.
Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір
жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады. Ал
қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге
айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес
ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ
мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ
мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады.
Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің үшінші деңгейі- кәсіпорында
қолданылатын есеп саясаты болып саналады. Кәсіпорынның есеп саясаты
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашада бекітілген №1 қаулысы бойынша Есеп саясаты және
оның ашылуы бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өңделеді. Кәсіпорынның
есеп саясатында бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес қаржылық есеп беруді
құру, ашу, дайын өнім қозғалысы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін
қабылданған бухгалтерлік есеп әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
қарастырылған.
Бухгалтерлік есепті реттеудің төртінші деңгейі мекемеде бекітілген
жұмыс шоттар жоспары болып табылады.ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік Заңының 20 бабының 5 тармағының 6 тармақшасын орындау
мақсатында, ҚР Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185
бұйрығымен бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары бекітіліп, 2008
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді. Бұл Типтік шоттар жоспары ҚР
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы Заңына сәйкес өңделген
және құндық негіздегі қаржылық есептеме элементтерін ағымдық бейнелеу және
топтау үшін арналған.

Мұнай-газ саласының қарқынды дамуы ел экономикасының осы секторында
Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты
көптеген ұлттық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Солардың
бірі болып 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы және Бас офисі АҚШ-та
орналасқан Шеврон компаниясы арасындағы Тенгиз мұнай кен орнын бірге
отырып игеру келісіміне қол қойылды.Сол келісімге орай Теңізшевройл
Біріккен Кәсіпорны құрылыды. Теңіз мұнай кеніші Қазақстан Республикасы,
Атырау облысы, Жылыой ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде,
Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа 110 м, Атырау қаласына оңтүстік шығысқа
қарай 150 км жерде орналасқан.
Біріккен кәсіпорынның негізгі қызметтері болып төмендегілер саналады:
мұнай қорларын геологиялық барлау, мұнай өндіру және тасымалдау, мұнайдан
алынатын өнімдерді сату, тауарлық мұнайды экспорттау. ТШО қызметінің
көптеген түрлері ең деген сөзге лайықты: әлемдегі ең ірі кен орындарының
бірі, ең ірі инвестор, әлемдегі ең терең ұңғымалар, әлемдегі ең қуатты
бұрғылау станоктары, әлемдегі ең қуатты компрессор, жалпы өнімділікті
өсірудің әлемдегі ең жоғарғы қарқыны, мұнайды темір жол көлігімен
жеткізудің әлемдегі ең үлкен көлемі, қоршаған ортаны бақылайтын кешенді
экологиялық мониторингінің ТМД елдері ішіндегі ең ауқымды және ең озық
жүйесі, Қазақстандағы табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын ең ірі
инвестициялар, үздіксіз жүргізілген апатсыз жұмыстың ең жоғары көрсеткіші,
ең озық технологиялар, Қазақстан экономикасына қосылатын ең қомақты үлес,
қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын ең үлкен жарнамалар және тағы
басқалар.
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының орналасқан жері: Қазақстан
Республикасы, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 3. Кәсіпорынның негізгі
активтері құрамына кеңселік, өндірістік үйлер мен ғимараттар, мұнай
қорларын іздестіру-барлау, өндіруге қатысатын ұңғымалар (скважиналар),
басқа да құрал-жабдықтар, мұнайды алдын-ала дайындау, өңдеу цехтары, мұнай
паркілері, құбырлары т.с.с. жатады. Теңізшевройл Біріккен Кәсіпорыны 4
субьектілерден құралатын бірлестік. Олар: ШЕВРОНТЕКСАКО ОВЕРСИЗ КОМПАНИ –
50%; ҚАЗМҰНАЙГАЗ– 20% ; ЭКСОНМОБИЛ ҚАЗАҚСТАН ВЕНЧУРС ИНК - 25%;
ЛУКАРКО - 5%. Теңізшевройл Біріккен Кәсіпорыны мынадай бөлімшелерден
тұрады:
1. Өндіріс бөлімшесі.
2. Капиталдық жоба бөлімшесі.
3. Геологиялық барлау бөлімшесі.
4. Маркетинг және тасымалдау бөлімшесі.
5. Қауымдастық бойынша байланыс бөлімшесі.
6. Стратегиялық жоспарлау бөлімшесі.
7. Қаржы бөлімшесі.
8. Заңгерлік бөлімшесі.
9. Адам ресурстар басқармасы, Медицина және Оқу бөлімшелері.
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының ұзақ мерзімді активтерінің бірі
негізгі құралдар - 3687107 мен материалдық емес активтері - 54317, бітпеген
құрылыс – 639902, яғни барлығы 2008 жылдың басында бастапқы құны 4381326
долларды құрады, ал материалды мен материалдық емес активтердің тозуы
711358 долларды, ал баланстық қалдық құны 3669968 долларды құрады.
Бірлескен кәсіпорында негізгі өндірістік құралдарды жақсарту жаңадан
техникалық құрал-жабдықтар мен ғимараттарды енгізу арқылы іске асырылып,
оның экономикалық өсуінің потенциалды мүмкіндіктеріне жол ашады.
Кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесі оның негізгі қорларының техникалық
жағдайымен байланыстырылады. Өндірістің техникалық деңгейі пайдаланылатын
құралдардың прогрессивті дәрежесімен анықталады. Сондықтан, прогрессивті
негізгі құралдардың үлесінің артуы осы заманғы алдыңғы қатарлы
технологияларды енгізуге себебін тигізеді. Соның арқасында кәсіпорынның
техникалық деңгейін көтере отырып, өндірілетін өнімнің сапасы да жақсарады.
Мұнай өндіру процесіне ұңғымалар мен басқа да құрал-жабдықтарды
пайдаланудың және де ауысымдық қорды қолданудың синтетикалық көрсеткіші
ауысымдық коэффициенті болып саналады. Ол тәулік ішінде мұнай өндіруге
қатысатын өндіріс құрал-жабдықтарының жұмысының ауысымдық орташа санын
көрсетеді. Құрал-жабдықтардың ауысымдық коэффициентін қызмет көрсетіп
тұрған ұңғымалардың ауысымдық санын кәсіпорындағы барлық орнатылған ұңғыма
жабдықтарының сандық бірлігіне бөлу арқылы анықталады.
Талдау барысында бірлескен кәсіпорында мұнай өндіруге қатысатын барлық
ұңғыма құрал-жабдықтарының ауысымдық коэффициент динамикасын анықтау болып
табылады.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың активті бөлігі ретінде мұнай
өндіретін ұңғымалар,жұмыс машиналары мен жабдықтар болып саналады. Оларды
уақыт бойынша – (экстенсивті), және проектілік қуаттылығы бойынша –
(интенсивті) пайдалануға болатындығы бәрімізге белгілі. Мұндай
көрсеткіштердің құрылымы кәсіпорындағы нақтылы қолда бар барлық ресурстарды
нақтылы пайдаланылып отырған көрсеткішімен салыстыру мүмкіндігімен
ерекшеленеді.
Егер де, экстенсивті пайдалану коэффициентін есептеуде ресурс ретінде
уақыт саналса, онда нақтылы жұмыс істеген уақытты барынша максимальды
қызмет көрсету мүмкіндігі бар мерзімге қатынасы арқылы анықтаймыз. Қызмет,
бизнестің түріне қарай менеджерлер жылдық, квартал бойынша, немесе
ауысымдық пайдалану мерзімін есепке алуы мүмкін.
Интенсивті пайдалану коэффициенті мұнай өндіру процесінде ұңғымалар
мен басқа да жабдықтарды пайдалану қуаттылығын көрсетеді.
ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі қаржы ресурстарын басқарумен айналысады,
сонымен қатар, ТШО басшыларына немесе жұмысшыларына, акционерлерге т.б.
заңды тұлғаларға ТШО-ның бизнес-жоспары мен мақсаттарына сай,
бағдарламасының аясында есеп беру және түрлі консультациялар берумен
айналысады. Біріккен кәсіпорын Теңізшевройл Қаржы бөлімі келесідей
құрылымдық бөлімдерден тұрады:
- Қаржыгер-бақылау тобының бөлімі;
- Салық бөлімі;
- Ішкі бақылау бөлімі;
- Қазына және несие бөлімі.
ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі 4 негізгі бөлімдерден құралады және Қаржы
Бөлімінің бас менеджері басқарады.
Қаржы Бөлімінің бас менеджері қаржылық саясатты басқара отырып,
барлық ТШО БК-ны жөніндегі қаржы айналымындағы сұрақтарға жауап беретін
тұлға және де Серіктестіктің Бас хатшысы болып табылады.
1.Қаржыгер-бақылау (Группа финансиста-контролера) тобы мына
бөлімшелердің жұмысына жауап береді, яғни, олар:
• Жалпы бухгалтерия;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру
тобы;
• Бюджет және болжамдау тобы;
• Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы;
• Қаржылық жобаларды бақылау тобы.
1. Салық бөлімі – салық төлеу заңдарына сай төленуін бақылау мен
салыққа қатысты сұрақтар жөнінде мағлұмат берумен айналысады.
2. Ішкі бақылау бөлімі (Группа Внутреннего контроля) – ішкі бақылау,
ішкі және сыртқы аудит, оған қатысты сұрақтарға жауап береді.
3. Қазына және несие бөлімі – қолма-қол және қолма-қолсыз
төлемақыларға, сонымен қатар, банк операцияларын жүргізумен, айналым
капиталы мен инвестицияны басқаруды, сақтандыру және несиелендіруді
жүзеге асырады.
Қаржыгер-бақылау бөлімінің ең басты функцияларының бірі компанияда
қаржылық есеп жүргізу, және де бюджет пен болжау, қаржылық талдау, ішкі
басқару есебі, сыртқы қаржылық есепке қатысты сұрақтарды бақылап басқару.
Бұл бөлім 5 топтан құралады:
Жалпы бухгалтерия - барлық негізгі қаржы операцияларының бухгалтерлік
есебін, негізгі қор есебін, аяқталмаған өндіріс пен материалдар, жалпы
бухгалтерлік есеп, шығындарды бөлу және ұйымдастырумен айналысады.
Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы шикізат өнімдерінің
сатылуына жауап береді, тауарлы-материалды қорлардың есебімен, сатқандағы
транспорттық шығындардың есебімен, сонымен қатар, маркетинг бөлімге
қаржылық және келісім-шарттық қолдау көрсетіп отырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру тобы
элетронды-салықтық мониторингтік жүйе бойынша есеп беруді қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz