Материалдық емес байлық


Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі дүние - бір тұтас әр түрлі құбылыстар жиынтығы. Дүние - өте күрделі, қайшылықты процесстер мен өзгерістерге толы. Өткен ғасырымыздың соңынан бастап дүние саяси, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық т. б. ауыртпалықтарды кездестіруде. Бұл мәселелер елдердің бір-бірімен байланысын және өзара тәуелділігін бұрын болмаған жаңа деңгейге көтерді. Шаруашылықтың интернационалдық сипаты күшейіп, нығайды. Жаңа шаруашылық құрылымдары қалыптасып, дамып келеді.
Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолдарында ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи жағдайына, жер, шикізат қорларына, халықтың менталитетіне, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысына байланысты.
Экономикалық ғылым оның категориялары мен заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдерде жоғарыдағы аталған ерекшеліктерге байланысты, олардың іс-әрекеттерінің көріністері әр түрлі.
Елімізде сапалық жаңа өмір басталды. Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып, өз алдына жеке мемлекет құрып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әміршілдік жүйеден нарық қатынастары арқылы құқықтық, демократиялық ел болуға бет алды. Осы негізгі бағытын іске асыру барысында еліміз өтпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізіп, қоғамды тұрақтандыруға бет алып отыр. Осыған орай елімізде жаңа өндірістік қатынастар заңдылықтары, олардың ерекше көріністері қалыптасу бағытында.
Ғаламдану және нарықтық реформалар жағдайында Қазақстанның экономикасында түбегейлі ұйымдастыру және әлеуметтік- экономикалық өзгерістер белең алуда. Осыған байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР экономикасын жеделтетіп жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға қабілетті жоғары білікті экономистер мен жаңаша ойлайтын басқарушыларды даярлау қажет екені өткір сезіледі.
Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі халықаралық стандарттарға жуап беретін инновациялық - дамуға және ұлттық экономикалық жүйесінің технологиясын жетілдіруге біршама дәрежеде байланысты. Осы орайда жақын және алыс шет елдердің оң тәжірбиесін ескере отырып, ұлттық экономиканың жұмысы мен дамуының ерекшеліктерін, заңдылықтарын зерделуге негізделген, теориялық және практикалық жағынан білімді мамандар даярлауға ерекше назар аудару қажет.
Ұлттық байлық ұдайы өндірістің барлық фазалары, экономиканың барлық деңгейлері, техникалық, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілердің біртұтас жүйесі ретінде қарастыратын кешенді тәсілдеменің іске асырылғаны осы оқулықтың ерекшелігі болып табылады.
Курстық жұмыста еліміздің экономикасының тұрақты дамуын, яғни тұрақты экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік, экологиялық даму көзделетін Тұрақты даму тұжырымдамасы тұрғысынан зерттелген.
Сол немесе басқада ел экономикасының ахуалы, ең алдымен, оның қолындағы өндірістік күштердің, ресурстардың даму деңгейіне, экономиканың, яғни оның секторларының салалары мен аумақтық құрылымдарының ауқымы мен құрылымына байланысты. Курстық жұмыста ұлттық байлық жүйесі қызметінің теориялық негіздері, Қазақстанда экономикалық процестердің дамуы баяндалады, сонымен бірге біздің елдерімізде көбінесе бір тұрпаттас ұлттық экономикалық үлгілердің дамитыны көрсетіледі. Бұл қазіргі кезеңдегі аралас экономиканың қалыптасуындағы жалпы қағидаларымен де, сонымен бірге біздің елдеріміздің орталық еуразиялық кеңістікте орналасуымен де байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында « Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандартын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз» деп нақты бағыт берді. Жаңару кезеңінің өзекті мәселелерін шешуде әрбір адам жаңа экономикалық ойлау жүйесін, өмірде болып жатқан өзгерістердің бүкіл болмысын жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік, т. б. қатынастарды игеруге тиіс. Сонымен алдыңғы қатарлы, өркендеу, қоғамның сапалық жаңа экономикалық түріне көшу міндеті тұр.
Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.
Курстық жұмысымның басты мақсаты “Ұлттық байлық” деген тақырыпты ашу болып табылады. Ұлттық байлық деп бұл елде бар, еңбекпен жасалған, жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы. Оның ішіне: өндірістік негізгі қорлар (ғимарат, машиналар және жабдықтар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім беру мекемелерінің жабдықтары, мәдениет және денсаулық сақтау) ; б) материалдық айналымдық құралдар; в) азаматтардың жеке мүлкі; г) табиғи ресурстар кіреді.
1 Ұлттық байлық: мәні мен мазмұны
1. 1 Ұлттық байлық санат ретінде
Ұлттық байлық - бұл елде бар, еңбекпен жасалған, жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы. Оған мыналар жатады: а) өндірістік негізгі қорлар (ғимарат, машиналар және жабдықтар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім беру мекемелерінің жабдықтары, мәдениет және денсаулық сақтау) ; б) материалдық айналымдық құралдар; в) азаматтардың жеке мүлкі.
Ұлттық байлық - елдің экономикалық қуаттылығын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі.
Ұлттық байлық барлық тұтыну құнының ақшалай көрінісінің жиынтығы. Ұлттық байлықтын шығар көзі - еңбек пен табиғат.
Ұлттық байлық үш бөліктен құралады:
1) Заттық байлық;
2) Табиғи байлық;
3) Материалдық емес байлық
Заттық байлық - өндірістің және еңбектің нәтижесі.
Табиғи байлық - еңбек сіңбеген табиғи байлық. Байлықтың мұндай түрге бөлінуі еңбекпен жасалған немесе табиғат сыйлаған болуынан.
Заттық байлық - дегеніміз қазіргі уақытқа қорланған өткендегі еңбек өнімі, өндірістің әрі қарай өсуіне қызмет ететін және адамдардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына әсер ететін заттар. Ол адам қоғамының дамуының барлық кезеніңде, адамдардың еңбегімен жасалған тұтыну құны. Осыған байланысты заттай байлық - экономикалық категория болады. Онда адамдардың еңбегі қорланған, сондықтан заттар жөніндегі адамдардың қатынасын көрсетеді.
Тауарлы өндіріс тұсында заттай байлық құн түрінде болады. Оған жататындар (немесе элементтері) :
1) Негізгі капитал: үй жай, қора-қопсы, өндірістік құралдары.
2) Айналмалы капитал. Оған жататындар: шикізат, жанама материалдар, жанар-жағар май, электр қуаты т. с. с. еңбек заттары.
3) Қоғамның өндірістік емес капиталы. Оған жататындар: барлық меншік түріндегі тұрғын үй қоры, ғылым және оқу орындары, ауруханалар, санаториялар, театрлар, музейлер, мәдениет үйлері т. б. әлеуметтік жайлары.
4) Айналым капиталы. Оған жататындар: заттық байлық құнына айналым капиталының тек сатуға дайын өнімдер бөлігі мен қамсыздандыру қоры кіреді.
5) Халықтың жеке мүліктері: Оған жататындар: тұрғын үй, киім, атокөлік т. с. с. жеке адамдар ұзақ тұтынатын заттар құны кіреді.
6) Мемлекеттік резервтер. Оған жататындар: қамсыздандыру қоры, алтын қоры және қорғанысқа қажет қорлар кіреді.
7) Өндіріс процестеріне табиғи ресурстарды тарту. Оған жататындар: ауылшаруашылық жерлері, орман-тоғайлар, қазба байлық көздері, гидроэнергетикалық ресурстар енеді. Ескеретін жәй бұл элементтерді статистика есепке ала бермейді.
Айта кететін тағы бір мәселе заттық байлыққа адам ресурстары мен табиғи игіліктер (су, ауа, ауа-райы т. с. с. ) кірмейді, себебі олардың нарықтық бағасы болмайды. Сонымен қатар, жалған капиталдар, акциялар, облигациялар, вексельдер т. с. с. кірмейді.
Заттық байлық үнемі өсіп отырады. Заттық байлықтың өсуіне мына факторлар әсер етеді:
1) еңбек өнімділігінің өсуі;
2) жалпы өндіріс тиімділігінің өсуі;
3) материалдық өндіріс сферасында жұмысқа қамтылған адамдар санының
өсуі;
4) ұлттық табыста қорлану нормасының ұлғаюы.
Ұлттық байлықтың құрамды бөлігінің бірі - табиғи байлық.
Табиғи байлық- өндірістің материалдық негізін және адамдардың іс-әрекетінің ішкі ортасын құрайды. Табиғи байлықтың пайда болуы адам қоғамына тәуелді емес, табиғи заңдылықпен өтіп жатады. Орман - тоғай, су, жер ресурстары, қазба байлық заңымен пайда болған.
Табиғи байлық қоғамның тек потенциалды байлығы. Себебі ол адамдардың іс-әрекетінің ішкі ортасын құрайды. Табиғи сыйлығы адамдардың еңбегінің әсерімен қоғам байлығына айналады. Мысалы, адамдар ормандағы ағашты кеседі, сонымен қатар оны егеді, жерге егін егеді, тыңайтады, т. с. с. Осының нәтижесінде табиғи ресурстар табиғаттан алынып, қоғамдық байлық элементіне айналады.
Бұл жерде ескеретін мәселе табиғи байлықты заттар мен табиғи күш жиынтығы деп түсінуге болмайды, тек оның адам жасаған құрал-жабдықтармен әсер етуге болатын бөлігі ғана. Қазіргі кезеңдегі техниканың даму деңгейі кейбір қазба байлықтарды алуға мүмкіншілігі жетпейді. Мысалы: өте тереңдегі қазба-байлықтарды, теңіз суында еріген бағалы металлдарды пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Осыған байланысты, табиғи байлық түсінігі мен оның көлемі тарихи дамуда болады.
Барлық қазба - байлықтар бастапқы қалпына келмейді. Табиғи байлық қоры жылдан - жылға қысқарып, азайып келеді. Сондықтан пайдалы қазбаларды алуға тұра келіп отыр. Осыған байланысты қазба-байлықтарды ұтымды (үнемді) пайдалану, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелері туындап отыр.
Ұлттық байлықтың келесі құрамды бөлігі - метериалдық емес байлық.
Материалдық емес байлық - материалдық емес өндіріс сферасында жасалады. Материалдық емес сферада заттық субстанциясы жоқ ерекше тұтыну құны жасалады. Ол материалдық сфераның қызмет жасау үшін және дамуына ғана емес, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде қажет. Оған жататындар: мәдениет пен өнердің дамуы, ғылыми білімнің қорлануы мен қоғам мүшесінің интеллектуалды деңгейі, жұмысшылардың кәсіби білімі мен мамандық деңгейі, медицина, денсаулық сақтау, физкультура және спорттың даму деңгейі.
Қазіргі кезеңге байланысты классикалық мектептің ұлттық байлыққа деген көзқарастарын толықтыру қажеттілігі туындап отыр. Әрине, меркатилистер, физиократтар және классикалық мектеп ұлттық байлық туралы сол кездегі өмір қажеттілігіне байланысты қорытынды жасады.
Ол кезең қоғамның индустриялық даму кезеңі деп анықталады да, соған байланысты қажеттілікті негізге алды. Қазіргі кезеңде постиндустриялды кезең деп айтып жүрміз. Осыған байланысты ұлттық байлықты жаңаша қарауға тура келеді. Посиндустриялды қоғам маңызды екі жағдаймен сипатталады:
1) жоғарғы ақпаратты қоғам;
2) қоғам мүшелерінің хал-ахуалдарының сапалы өсуі.
Сондықтан ақпарат ұлттық байлықтың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ақпарат - ол қабылдаушылар үшін жаңалық элементтері бар және шешім қабылдауды талап ететін мәлімет.
Ақпарат - қазіргі қоғамыздың гүлденіп дамуын қамтамасыз ететін өндірістің, сауданың және технологиялық іс-әрекеттердің фундаменталды негізі. Сондықтан, ақпараттандыруды жолына түспеген және қазіргі ақпараттық технологяны енгізбеген қоғамда ұлттық байлықтың уақтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Макроэкономикалық бағыттағы ұлттық экономиканың құрылымы нақты қалыптасқан қатынастар ретінде сипатталады:
елде бар өндірістік ресурстар арасындағы;
еңбекті қоғамдық бөлу негізінде ерекшеленген, экономикалық агенттер арасындағы оларды бөлу көлімімен; осы агенттердің өндіру көлемі арасында; оны өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерістерінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрамдас бөлігі арасында.
Экономикалық құрылымның қалыптасуына көп жақты факторлар ықпал жасайды:
қалыптасқан рыноктық жағдаят;
рынок монополизациясының деңгейі мен сыймдылығы;
ұлттық экономиканың шаруашылық байланыстары әлемі жүйесіне қосылу деңгейі
өндіріс күштерінің даму деңгейі;
ауқымы, сипаты және ҒТК-нің (НТП) даму қарқыны;
өндіріс ресурстарының сапасы;
аумақтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі және ұзындығы.
Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын, макроэкономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар үйлесім деп аталады. Біріктіру дәрежесі бойынша олар мынадай бөлінеді:
жалпы үйлесімі, яғни, еңбекті (ЖҰК пен ұлттық табыс арасындағы, тұтыну мен жинақ арасындағы, инвестиция мен тұтыну сұранысы арасындағы және т. б. ) қоғамдық бөлу құрылымының есебінсіз қалыптасатын, агрегаттар арасындағы үйлесім;
еңбекті қоғамдық бөлу құрылымын көрсететін үйлесім.
Еңбекті топтың құрамында мыналар ерекшеленеді:
сала аралық үйлесім, яғни, өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және қаржылық ресурстар мен өндірістік салалық бөлім құрылымдарын сипаттайтын ұлттық өндірістің әр түрлі салаларындағы үйлесімдер;
өндірілген құрамдағы бөлек аймақтағы үлесті салмағын, елдің пайдаланылған ұлттық табысын және елдің аумағы бойынша мемлекеттік инвестицияны бөлу құрылымын сипаттайтын және т. б. ішкі салалық үйлесімдер;
мемлекетаралық үйлесімдер, яғни, экспорт пен импорт көлемі арасындағы сандық қатынастар, әр түрлі елдердің жеке өндіріс салаларындағы, әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігінің деңгейі және т. б.
Байлықтың жалпы экономикалық анықтамасы мен ұдайы өндірістің ерекше санаты ретіндегі оның мәнін ажырата білу керек.
Егер табиғи шаруашылық өктемдік еткен бастапқы кезеңде байлық заттың сомасын білдірсе, меркантилистер байлықты елде ақшаның жинақталуымен байланыстырды. Тек меркантилизм дамуының кейінгі сатысында В. Петти заттық игілікті қосып байлықты есептеді. Физиократтар байлықтың нысанын ең алдымен егін шаруашылығының өнімімен байланыстырып, «бастапқы» және «ағымдағы» авансты шектеп, байлықты экономикалық санат ретінде түсінуде маңызды қадам жасады. А. Смит және Д. Риккардо өкілі болып табылатын «Классикалық буржуаздық политэкономия» байлыққа өнімнің тауарлық нысаны деген түсінік берумен шек-теліп, оған ұдайы өндірістің санаты ретінде ілім әзірлеген жоқ.
К. Маркс бір жағынан, негізгі және айналым капиталының арасындағы, екінші жағынан, қоғамдық өнімнің арасындағы айырмашылықты негіздеудің арқасында өнім мен ұлттық байлықты шектеуде маңызды қадам жасады, алайда қоғамдық өнімді ол арнайы қарастырған жоқ. Ұлттық байлықты зерттеуге кеңес кезеңіндегі ресейлік ғалымдар айтулы үлес қосты. Мүны экономикаға халық шаруашылығы тәсілдемесінің приматы ынталандырды. XX ғасыр-дың 20-30 жылдардағы пікірталас барысында, С. Г. Струмилиннің, ал кейіннен С. А. Фалькнердің, А. Н. Ноткиннің, Н. А. Цаголовтың, М. В. Колгановтың, В. А. Собольдің, Я. А. Кронродтың, Е. Н. Фрейдмундтың, А. Вайнштейннің, В. Н. Богачевтің, содан кейін басқа да бірқатар экономистердің еңбектерінде ұлттық байлық пен өнімнің құрамы, шекарасының, сондай-ақ арақатынасының мәселелері жанақты талданды. КСРО халық шаруашылығы балансын әзірлеу барысында КСРО капиталы мен КСРО-ның халық мүлкін алғаш рет есептеу әрекеті жасалды, ал мүны ұлттық байлықтың көлемін ресми есептеу ретінде қарастыруға болады. Ұлттық байлық теориясының дамуына байлық пен өнімді ұдайы өндіріс санаты ретінде бөлген В. Н. Кириченко елеулі үлес қосты. 70-жылдары КСРО-да байлықтың статистикалық есептері үнемі жарияланып тұрды. Американдық ғалым Р. У. Голдсмиттің «АҚШ-тың соғыстан кейінгі жылдардағы ұлттық байлығы» атты еңбегінде (1962), сондай ұлттық шоттар жүйесін әзірлеу барысында ұлттық байлық пен оның құрамы жөніндегі түсінік одан әрі дамытылды.
Ұлттық байлықтың мәні, оның құрамы мен шекарасы ұдайы өндіріс барысындағы байлықтың орнымен, функциясымен анықталады. Ұдайы өндіріс процесінде ұлттық байлық пен оның функция-сының ерекшеленуінің объективтік негіздерін ажырата білу қажет.
Ұлттық байлық - бұл қоғамда бар ұдайы өндіріс пен тұтынудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес игіліктің тұрақты запасы. Байлықтың негізгі функциясы осы. Ұдайы өндіріс процесінде ұлттық байлықтың тұрақты ерекшеленуінің немесе ұдайы өндірістің әр түрлі салаларында бекітілуінің объективтік негіздері бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, еңбек құралдарының, бірқатар игіліктің (халық ұзақ уақыт бойы пайдаланатын, тұрғын үй ғимараттары және т. б. ) ұзақ уақыт бойы пайдаланылуына байланысты, олар жинақталып, өндіріс пен тұтынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін ұдайы өндірістің әр түрлі салаларына ұдайы қатысады. Екіншіден, бірқа-тар өнім өндірісінің маусымдық сипатына (мысалы, ауыл шаруашылығында) және бірқатар салаларда өнім өндірісі циклдерінің ұзақ уақыт бойы жалғасуына байланысты запас болуы тиіс. Үшіншіден, өндірілген өнім өндірістен тұтыну саласына айналыс саласы арқылы өнімнің ғана түсетіндіктен, онда ұдайы өндірістің барлық салалары арқылы үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін де запас болуы тиіс. Және ең соңында ұдайы өндіріс процесінің қалыпты барысы күтпеген жерден бүзьшған жағдайда (табиғи зілзала және т. б. ) ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін де жинақталған запас болуы тиіс.
Ұлттық байлықтың ұдайы өндіріс процесіндегі негізгі функциясы - оның үздіксіздігін қолдау және тағы да басқа функциялар. Байлық ұдайы өндіріс процесінде өндірістің, айналыс пен тұтынудың үздіксіздігін қолдауға қатысты көптеген байланыстарға түсетіндіктен, ол өндіріс процесінде де, сондай-ақ тұтыну процесінде де әр түрлі функциялар орындайды. Ұлттық байлық ұдайы өндіріс процесінде өндіріс функциялары мен алғышарттарын және өндіріс нәтижелерін бір уақытта орындайды. Жылдық ұдайы өндіріс тұрғысынан алып қарағанда байлық өнім өндірісінің бастапқы пункті мен өндіріс базасы болып табылады. Ал өндіріс нәтижесі тұрғысынан алып қарағанда байлық ұдайы өндірістің ерекше көп жылдық нәтижесінің функциясын орындайды. Оның өсімі өндірістің тұтынудан асып түсуінің көп жылғы нәтижесі болып табылады. Байлық ұдайы өндірістің ерекше көрсеткіші ретінде елдің экономикалық қуатының, оның жинақталған өндіргіш күштерінің жинақтап қорытылған сипаттамасын білдіреді.
Қоғамдық байлық пен өнімнің арасында ұдайы өндіріс процесіндегі тұрақты, орнықты байланыс бар. Ұлттық байлық пен қоғамдық өнімнің өзара байланысы ең алдымен оның біртұтастығын білдіреді. Ұдайы өндірістің санаты ретінде байлық пен өнім ұдайы өндірістің барлық салалары арқылы өнімнің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін де қажет.
Байлық пен өнімнің арасындағы айырмашылық олардың ұдайы өндіріс процесіндегі әр түрлі шынайы жағдайынан туындайды. Өнім өндіріс нәтижесі, ал ұлттық байлық - ұдайы өндіріс үздіксіздігінің жинақталған, онда бекітілген заттың талабы ретінде үнемі жаңғыртылады. Кейде өнімді де осындай талап ретінде қарастыруға болады, алайда тіпті үстірт қарағанның өзінде де ұдайы өндірістің үздіксіз талабы ретіндегі байлық пен өнімнің арасында айырмашылықтың бары белгілі болады. Егер өнімнің құрамынан өндіріс құралдары мен тұтыну заттары жинақтауға және кеткендердің орнына үнемі түсіп түрса, онда байлық өндіріс, айналыс пен тұтыну саласында тұрақты бекітіледі. Өнім өндіріледі және оны тұтыну сәтінде жоғалады, ал байлық барлық салада үнемі болады. Егер өнім байлықтың құрамына өзінің заттық нысанымен кірсе, байлықтың элементтері өндіріс процесінде тұтынылып, басқа заттық нысан алып, өнімнің жасалуына осылайша қызмет етеді.
Байлық пен өнімнің арасындағы айырмашылықтар оларды өндіріс нәтижелері ретінде қарастырғанда да анықталады. Өнім өндіріс процесіне тікелей шығады, ал байлық өнімнен жасалады. Сөйтіп, байлық өндірістің тікелей нәтижесі емес, алайда осы санат өндіріске сырт санат та емес. Байлық өндіріске үнемі қатысып, бүкіл ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осы орайда өнімнің өндіріс процесімен салыстырғанда байлықтың тікелей өнді-ріс процесімен байланысы тығыз. Егер өнім өндіріс процесінен кетсе, онда байлық оған өзінің белгіленген бөлігімен енгізілген.
Осы жағдай байлықтың экономикалық шекарасын анықтау үшін ерекше маңызды.
Өнім - бұл кезең ішінде өлшенетін материалдық игіліктердің ағыны, ал байлық белгіленген уақыт сөтінде өлшенетін жинақталған мөлшер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz