Франция отарлық саясатының күйреуі
Жоспар
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
II. Негізгі бөлім
2.1 Бесінші республиканың
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 1958 жылғы Конституцияның мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Францияның экономикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.4 Франциядағы оппозициялық күштердің
қарсылығы ... ... ... ... ... .
2.5 Шарль де Голль үкіметінің сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Франция отарлық саясатының
күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 1968 жылғы саяси дағдарыс және Шарль де Голльдің үкімет басына
келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.8 Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ... .
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Атқарушы және заң шығарушы билікті сәйкестендіру проблемасы Ресейдің
саяси-құқықтық сферасындағы дискуссиялық тақырыптарының бірі болып
табылатыны белгілі. Европада тәжірибеленіп жатқан демократиялық
конституциялық нормалар мен Ресейлік тәртіптердің сәйкес екендігіне дәлел
ретінде Франция тәжірибелеріне жүгінеді.
1958 жылдан бастап, яғни Францияның соңғы конституциясы қабылданғаннан
және Бесінші Республикалық мемлекеттік құрылымы және биліктің аралас
формасы бекітілгеннен кейін, елдегі парламенттің саяси жүйедегі рөлі едәуір
әлсіреді. Бұған қоса, ол ұлттық саясатқа нақты түрде әсер ету мүмкіндігінен
айырыла отырып, орталық мемлекеттік органдардың арасындағы соңғы орындардың
бірінде тұрғандығын сенімді түрде айтуға болады.
Қазіргі Францияның осындай төмендетілген жағдайына француз және
отандас бетке ұстар заңгер-ғалымдары және саясаткерлері өз еңбектерінде
көңіл аудартады. Атақты құқықтанушы Д. Мостың пікірінше Бесінші
Республикалық Жоғарғы таныстырушы мекемелері енді саяси өмірдің орталығы
бола алмайтындығын және оның рөлі тек билік ұсынған жобаларға заңдық күш
беру ғана екендігі көпшілік құптаған факт. Бұрынғы саясаткер А. Шандернагор
де парламенттің заң шығарудағы рөлі шектен тыс төмендеді, ал бақылау
полномочиелері онда тіпті жоқ деп ойлайды.
Бұл сияқты тұжырымдарды көптеп келтіруге болады. Олардың барлығы бір
ғана айқын шындықтың көрінісі: Үшінші (1870-1940) және Төртінші Республика
(1946-1958) кезеңінде күшіне енген парламент суверенитеті концепциясы
жаңа билікпен жоққа шығарылып, рациональды талдау парламентаризм
коцепциясымен ауыстырылды.
Жоғарыда келтірілген жағдайларға байланысты, мен өз алдыма Франция
Республикасының Парламентін Францияның мемлекеттік билік жүйесінде
қарастыруды мақсат еттім. Бұл сұрақты зерттеу барысында мен оған әр түрлі
көзқарастар арқылы жақындадым:
- Парламенттің құрылу ретін көрсету;
- Парламент жұмысының құрылымын және ұйымдастырылуын зерттеу;
- Заң шығару процесін көрсету және т.б.
Қолданылған әдебиеттердегі Керимов А. Д., Крутоголов М.А., Демишель А.
сияқты атақты және тағы да басқа авторлардың авторитетті ойларына сүйене
отырып, осы тақырыбыма байланысты аймағы кең сұрақтарды қамтыдым.
[1.1-Б.]
2.1. Бесінші Республиканың құрылуы
Бесінші Республиканың құрылуы (1958 – 1969жж.). 1958 жылғы Франциядағы
саяси дағдарыстан Төртінші Республика таратылды. 2 маусымда Шарль де Голль
жаңа үкімет құрды. Шарль де Голль ұлттық жиналысты таратты. Төртінші
республика кезіндегі Конституцияның құзырын тоқтатып, жаңа Конституцияның
жобасын жариялады. 1958 жылы 28 қыкүйекте жаңа Конституция жобасын қабылдау
үшін референдум өткізілді. Жаңа Конституцияны қолдап, 17,7 миллион дауыс
беріп, 79,25% сайлаушы қолдады. Жаңа Конституция жобасына коммунистер мен
социалистер қарсы болды.
Конституция Францияда президенттік саяси билікті бекітті. Оның 16 –
бабы Президентке шексіз билік берді. Ол 7 жылға сайланды. Президент Үкімет
басшысын және мүшелерін бекітуге, жоғарғы әскери басшылықты атқара отырып,
елде төтенше жағдай жариялауға, елдің тәуелсізідгіне қауіп төнген жағдайда
үкіметтік билікті өз қолына алуға құқылы болды. Парламентте қабылданған
заңдарды қарап, қол қоюға немесе кері қайтаруға ерікті болды.
Парламент екі палатадан – Ұлттық жиналыс және Сенаттан құрылды.
Парламенттің қызметі заң шығару және бюджетті қабылдау, Үкіметтің
бағдарламасын талқылап, оны бекіту болды. Парламент Үкіметке сенімсіздік
білдірген жағдайда таратылады. Алайда, Президентті қызметінен кетіре
алмайды. Жаңа Конституция Шарль де Голльдің жеке билігін күшейтуге
мүмкіндік берді. Жеке билік саясатын ультраколониалистер мен буржуазиялық
қарсылық қозғалысына қатысқандар қолдады. Шарль де Голльдің жеке көзқарасы
француз ұлтының ұлылығын көтеру болды. Бұл идеяның ұлтшылдық пен
шовинистікке ешқандай қатысы жоқ. Шарль де Голльдің сөзімен айтқанда,
Менің идеямның негізгі мақсаты – әлеуметтік принциптерді дамыта отырып,
Ұлы Франция ұлтының дербестігін қалпына келтіру, француз халқының
ұлылығын жаңа деңгейге көтеру дегенге саяды.
Шарль де Голль Франция тарихында бонапартизмді және республика идеясын
жаңартуды көздеді. Ол Руссо, Дантон және Клемансоның ұлттық идеясын
жалғастырды. Парламенттің қолдауымен француздардың соғыс жылдарында
жоғалтқан ұлттық намысын қалпына келтіруді армандады. Саяси жеке билік
орнағанмен, Президент Парламент пен Конституция алдында жауапты болды.
Жаңа Конституция Францияда Бесінші Республиканың құрылғандығын
жариялады. 1958 жылы қараша айында Парламент сайлауы болды. Сайлау
мажоритарлық жүйе арқылы жүргізіліп, екі тараудан өтті. Сайлау қарсаңында
Шарль де Голль Жаңа Республиканы қолдау (ЮНР) партиясын құрды. Оңшыл
буржуазиялық партия Шарль де Голль саясатын қолдады. Сайлаудың бірінші
турында 24,6 % дауыс алып, бірінші орынға шықты. Екінші орында 1 миллион
дауыс алған Тәуелсіз партиясы болды. ФКП 18,9 % дауыс алып, Парламентке
10 депутат өткізді.
Мажоритарлық сайлаудың екінші турында ЮНР партиясы 189 депутат өткізді.
Парламенттің қолдауымен 1958 жылы 21 желтоқсанда Шарль де Голль Бесінші
Республиканың тұңғыш Президенті болды. Жаңа Үкіметті ЮНР-дан М. Дебре
басқарды. Үкіметтің құрамына Тәуелсіз партиясы және МНР кірді. Мишель
Дебре және басқа Үкімет мүшелері Францияның ірі монополиясы және банк
иелерімен тығыз байланыста болды. Сыртқы істер министрі М. Кув де Мюрвиль
Вандель династиясынан, Қаржы министрі А. Пине Мирабо банкирінен, Шарль де
Голльдің жеке хатшысы Ж. Помпиду Ротшильда банкирінің отбасынан қолдау
тапты.[2. 85-Б ]
2.2. 1958 жылғы конституцияның мәні мен маңызы
Генерал Шарль де Голль 1958 жылы саяси билікке қайта оралғаннан кейін
Францияның жаңа сыртқы саяси бағытын дамытуы өте күрделі жолмен жүрді.
Өзінің ішкі және сыртқы саясатын кең көлемде жүргізу мақсатында, Шарль де
Голль Франциядағы парламенттік құрылымды қысқартып, президенттік билікті
кеңейтуге бар күшін жұмсағаны белгілі. 1958 жылдың 28 қыркүйегінде оның
конституция жобасы референдумға қойылды. Жаңа қабылданған 1958 жылғы
Конституцияға байланысты Президент шексіз билікке ие болды. Президент
мемлекеттің ішкі және сыртқы бағытын айқындап, жүзеге асырады. Ол
тағайындаған үкімет тек республика Президентінің алдында ғана жауапты.
Сондай-ақ Президент халықаралық келісімшарттар мен келісімдерге қол қояды
және бекітеді. 7 жылға сайланған президент мемлекет басшысының және қарулы
күштердің қолбасшысы қызметін атқарды. Ол Министрлер Кеңесінде төрағалық
етеді, премьер-министр мен министрлерді, жоғары азаматтық және әскери
қызметтерге шенеуніктер тағайындады, заң шығарушы бастамалық құқын
иеленді, кез келген заңды парламентте қайта қарау үшін қайтару немесе
референдумға қою құқына ие болды. Президент төтенше жағдайды жариялау
құқына ие, тіпті республикаға немесе ұлтқа қауіп төнген жағдайда өз қолына
барлық өкілеттілікті алу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Ұлттық жиналыс және Сенаттан тұрған екі палаталы парламент өкілеттілігі
Төртінші республика кезіндегіге қарағанда едәуір аз болды. Парламент заңдар
мен бюджетті қабылдады, үкімет бағдарламасын бекітті, бірақ ол президентті
бақылай алмады. Бірақ Ұлттық жиналыс көпшілік дауыспен бетке басу қарарын
қабылдаса, үкімет қызметтен кетуге мәжбүр болады, мұндай жағдайда президент
парламентті таратып, жаңа сайлаулар өткізуді тағайындайды.
Референдум кезінде конституция жобасына 79 пайыз дауыс берілді. Жобаны
қолдағандар тек оңшылдар ғана емес, сонымен қатар Төртінші республиканың
саяси жүйесіне және атқарған жұмысына қанағаттанбаған көптеген солшыл
сайлаушылар да қолдады. Конституциға қарсы болғандар коммунистер,
социалистердің бір бөлігі, оның ішінде Мендес-Франс пен Миттеран да болды.
Конституция жобасын қолдаған сайлаушылардың үштен бір бөлігі конституцияны
қабылдамау және Шарль де Голльдің қызметтен кетуі Францияда азамат
соғысының тұтануына әкеледі деп есептеді.
Сондай-ақ мұнда да Шарль де Голльдің жеке беделінің де маңызы зор
болды. Көптеген француздар оның Қарсыласу қозғалысындағы рөлін, оның
еуропалық әскерге қарсы шығуын ескерді, сондықтан да олар тек де Голль
ғана ұлттық мүддені қорғай алады және Алжирде бейбітшілікке қол жеткізеді
деп есептеді.
Қабылданған конституция заңды түрде Бесінші республиканы бекітті. 1947
жылы сәуірде (де Голльдің басшылығымен) құрылған саяси партия-Француз
халқының бірлестігі (ФХБ) партиясын басқарған де Голльдің жақтастары енді
жаңа саяси партия – Жаңа республиканы қорғау одағын (ЮНР) құрды. Бұл
оңшыл партия халықтың едәуір қолдауына ие болды және халық бұл партияға көп
үміт артты, тіпті осы партия Алжирдегі соғысты тоқтата алады деген сенімде
де болды.
1958 жылдың желтоқсан айында де Голль президент болып сайланды, ал ол
премьер-министр етіп өзінің бұрынғы қызметтесі, ЮНР-дің негізін
қалаушылардың бірі – Мишель Дебрені тағайындады. Үкіметте коммунистер мен
социалистерден басқа барлық басты партиялар болды, бірақ негізгі
қызметтерді де Голльді қолдаған ЮНР мүшелері атқарды.[3.87-Б]
2.3. Францияның экономикалық дамуы.
Шарль де Голль Үкіметі жылдарында Францияның экономикалық дамуы
жедел қарқынмен жүрді. Үкімет экономикалық дамуда негізінен үш бағыт
ұстанды. Бірінші, дирижерлік – мемлекеттік реттеу, екінші, атлантикалық –
АҚШ-тың қаржылық қолдауы, үшінші, орталық отар елдермен экономикалық
байланыстар арқылы дамыды.
Бесінші Республика Үкіметі экономикалық саясатты өндіріс салаларын
мемлекеттік реттеу арқылы жүргізді. Өнеркәсіптің шоғырлануы, ғылыми-
техникалық революция жетістіктерін енгізу макроэкономиканы модернизациялау
арқылы дамытылды. Халық шаруашылығының 3-жоспары (1958-1960 жж.), 4 (1962-
1965 жж.) және 5-жоспарының (1966-1970 жж.) негізгі бағыты өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығына, сыртқы сауда мөлшерін өсіруге мемлекеттік субсидиялар
бөлу арқылы жүргізілді. Өнеркәсіптің жаңа салалары – ұшақ жасау, химия және
автомобиль тез қарқынмен дамыды. Әскери-өнеркәсіп кешендерінің: атом,
зымыран және аэроғарыш салаларының дамуы Францияны дүние жүзінде үшінші
термоядролық державаға айналдырды. Аэроғарыш орталығы Тулуза қаласында,
ядролық-зерттеу орталығы Гренболь қаласында, электрондық өндіріс
кәсіпорындары Бретан қаласында орналасты. 1958-1968 жылдарда өнеркәсіп
өнімдерін шығару 60%-ға, жылдық өнеркәсіптің даму қарқыны 5,5 жылдық
өнеркәсіптің даму қарқыны 5,5%-ға артты.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 66%-ға өсті. Ауыл шаруашылығын қажетті
техникамен жабдықтау 30 есеге, тыңайтқыштар өндіру 4 есеге артты. Ауыл
шаруашылығы мамандары жетілдіріліп, өндірістік негізде дамыды. Мемлекет
шетелге ауыл шаруашылық тауарларын шығарудан АҚШ-тан кейінгі екінші орынға
шықты. Ауыл шаруашылығымен айналысатын халықтың саны жыл сайын азайып,
елдің 12%-ы осы салада қалды.
Франция қалаларында тұратын халықтың 30%-ы шағын және орта
кәсіпкерлікпен (сауда, халыққа қызмет көрсету, білім және денсаулық сақтау,
қолөнер салаларында) шұғылданды. Бұл салада 3 миллион адам жұмыс істеді. 10
жылда халықтыңтұрмыс жағдайы жақсарды. Жалақы 25%-ға өсті, еңбек, демалыс
уақыты 3аптадан 4 аптаға өсірілді. Шарль де Голль Үкіметінің ішкі саясаты
оппозициялық саяси күштердің қарсылығына ұшырады. Елдегі оппозициялық
күштер ескі билікке қарсы күреске шықты.[4.88-Б]
2.4. Франциядағы оппозициялық күштердің қарсылығы.
Шарль де Голльдің саяси көзқарасына және жеке билік үстемдігіне
қарсы күштер күрес жүргізді. Коммунистер жеке билік арқылы Францияда
диктаторлық билік орнатылды деп айыптады. Елді демократияны қалпына келтіру
үшін күреске шақырды. Социалистердің жетекшісі Миттеран Жеке билік
мемлекеттік төңкеріс жолымен келді, сондықтан республикалық идеяның
шектелуіне әкелді деп, солшыл күштерді оппозицияға бірігуге шақырды.
Франциядағы солшыл күштердің жеке билік үстемдігіне қарсы күресте бірлік
бағдарламасы болмады.
60-жылдарда Шарль де Голль Үкіметінің құрамындағы оңшылдар мен
центристер еуропалық саясатқа қарсы болды. Үкіметтің сыртқы саясаттағы
атлантизмнен бас тарта бастауына ұлттық дербестік саясаттың жүргізілуіне
қарсы Тәуелсіз партиясы мен МРП-дағы Үкімет мүшелері қарсы болып,
атқарушы билік құрамынан шығуға дейін барды. Бұл қадамды Үкіметте
Тәуелсіз партиядан жас Қаржы министрі В. Жискард және Эстен қолдады.
Үкіметтік оппозиция Шарль де Голль Үкіметінің ішкі саясатына қарсы болды.
Шарль де Голльдің билігі әлсірей бастады. Сондықтан, президенттік билікті
нығайту үшін 1962 жылы Парламентте көпшілік орынға ие болған оңшыл
партиялар Конституцияға өзгерістер енгізіп, Президентті жалпыға бірдей
дауыс беру арқылы сайлау керек деген ұсыныс енгізді. Үкіметтік жобаға
референдум өткізіліп, депутаттардың көпшілігі өзгеріс енгізуге қарсы
болып, Үкіметке сенімсіздік білдірді. Бұған жауап ретінде Шарль де Голль
парламентті таратты.
1962 жылы 28 қазанда үкіметтік жобаға референдум өткізіліп, оны
сайлаушылардың 60 % қолдады. Қараша айында Парламент сайлауында
бұрынғысынша ЮНР партиясы Парламентке көп депутат өткізіп, ірі жеңіске
жетті. Екінші орынды Тәуелсіз республика партиясы алып, социалистер мен
коммунистер өздерінің орындарын сақтап қалды.
1965 жылы желтоқсанда Франция тарихында тұңғыш рет Президент сайлауы
өтті. ФКП мен ФСП және радикалдар бірігіп, президенттікке Миттеранның
кандидатурасын, ал оңшыл партиялар Шарль де Голльді ұсынды. Сайлау екі
турдан құралып, 5 және 19 желтоқсанда өтті. Бірінші турда Шарль де Голль
44%, Миттеран 32% дауыс алды. Екінші турда Шарль де Голль 44,7%,
Миттеран 37,4% дауыс жинап, Шарль де Голль жеңіске жетті. 1967 жылы
парламенттік сайлауда оңшыл партиялар жеңіске жетіп, Парламентте көпшілік
орынға ие болды. Солшыл партиялар бірігіп, 40% дауыс алып, оппозиция да
Парламентте қалды. Президенттік және парламенттік сайлау солшыл
оппозициялық күштердің ішінде бірліктің жоқтығын көрсетті. Олар Шарль де
Голльдің жеке билігіне қарсы күресте ғана біріге алды. Үкіметтік бағдарлама
арқылы оппозиция ынтымақтастыққа келе ал [5.89-Б]
2.5. Шарль де Голль Үкіметінің сыртқы саясаты.
Францияның сыртқы саясаты Шарль де Голльдің ұлттық дербестік және
ұлттық мүдде принциптерінің негізінде құрылды. Шарль де Голль атлантикалық
саясаттан бас тартуды жақтап, халықаралық қатынастағы екіполюстік саясатқа
қарсы күресті. Батыс пен Шығыс елдері арасында өзара келісімдер жүргізу
арқылы шешімге келуге болатынын айтып, кез келген дау-жанжал мәселелерді
бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Бұл саясат француз-кеңес қарым-қатынастарын
жаңа деңгейде жүргізуге жол ашты. АҚШ-тың қырғи-қабақ саясатын толық
қолдамай, бейбіт қатар өмір сүру саясатына қарай ауыса бастады. Халықаралық
қатынастағы екіполюстік саясатта бәсеңдеу кезеңі басталды. Екі ел
арасындағы үкіметтік деңгейдегі қарым-қатынастардың арқасында экономикалық-
сауда байланыстарының кең түрде жүруіне жол ашылды. 1960 жылы Н. С.
Хрущевтің Францияға сапары барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер
жүргізуге қол жеткізілді.
1966 жылы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Франция Президенті Шарль де
Голль КСРО-да болды. Бұл кеңес еліне соғыстан кейінгі тұңғыш рет келуі еді.
Шарль де Голльді жоғарғы деңгейдегі қонақ ретінде қарсы алды. Ол Мәскеу
қаласында болған кезде Кремльге орналасты. КСРО-ның көптеген қалаларында –
Новосибирск, Ленинград, Волгоград, Киевте т.б. болды. 25 маусымда Шарль де
Голль мен Н. В. Подгорный Қазақстандағы ғарыш айлағы – Байқоңырда болды.
Франция Президенті тұңғыш рет Жер серігінің ұшырылуын өз көзімен көрген шет
ел басшысы болды. КСРО-ға сапары барысындағы кездесулерде Кремльді бейбіт
мақсатта келіп алуға болады... Мен ержүрек халқы бар, жаңа гүлденген
кеңестік Ресейді таптым. Француз халқы атынан ұлы кеңес халқын
құттықтаймын дей келе, өз сөзін Француз-кеңес халықтарының достығы
жасасын деп аяқтады. Кездесулер барысында екі ел арасындағы экономикалық,
ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту туралы кеңес-француз
декларациясына қол қойылды.
Шығыс саясатына бағыт алуы 1966-1968 жылдарда Франция мен социалистік
елдер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына әкелді. Франция капиталистік
елдер арасында бірінші болып Герман Демократиялық Республикасын мойындады.
Шарль де Голль Үкіметінің сыртқы саясатындағы негізгі бағыт Герман
Федеративтік Республикасымен достық, өзара сенім қарым-қатынастарын дамыту
болды. Біртұтас Еуропа идеясын жүзеге асыруда ГФР мен Франция
байланыстарының маңыздылығына көп мән берді. 1958 жылы қыркүйекте Шарль де
Голль Батыс Германияға барып тұңғыш рет Аденауэрмен кездесті. Екі ел
арасындағы сенімсіздікті түпкілікті жоюға келісті. 1963 жылы Франция мен
ГФР елдері арасында сыртқы саясаттағы ынтымақтастық, қорғаныс және білім
салаларындағы келісімдерге қол қойылды. 1963 жылы 14 маусымда Ұлттық
жиналыс француз-герман келісімін ратификациялады.
1963 жылдан бастап Франция Үкіметі ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық
қорғанысты нығайту үшін дербес ұлттық қорғаныс бағдарламасын бекітіп, іске
асыра бастады. Ұлттық ядролық қаруды шығаруды қолға алды. Бұл әскери –
ядролық қорғаныс жүйесінің басқа елдерге қарсы бағытталмайтынын түсіндірді.
Сахарада ядролық қаруды сынақтан өткізді. Мираж – IV – 3 ұшағын шығаруға
келісті, Жер және Жер зымыранын, атом қаруы бар әскери сүңгуір қайығын
шығарды. Бұл қарулардың барлығы ядролық – стратегиялық маңыздылығы бар
ұлттық тежеу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Президент 1964 жылы
шілде айында өткен баспасөз – конференциясында сөйлеген сөзінде Францияның
ядролық державаға айналғанын мәлімдеді.
1965 жылдан бастап АҚШ-тың басшылығымен құрылған Солтүстік атлантикалық
альянс (НАТО) ұйымынан шығуға бағыт алды. НАТО ұйымынан шығудағы негізгі
ойын Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдеріне шығыстан келетін ешқандай қауіп
жоқ деп түсіндірді. НАТО – ға мүше елдермен кеңестер өткізіліп, 1966 жылы
наурызда Франция НАТО ұйымынан шықты. Елдің бұл ұйымнан шығуы АҚШ және ГФР
елдері арасындағы қатынастарға біршама салқынын тигізді. Франция жеріндегі
НАТО ұйымының басқару мекемелері Брюссель қаласына көшірілді. АҚШ-тың 30
мың, Канаданың 9 мың әскері шығарылды. НАТО ұйымының 46 әскери аэродромдары
және бірнеше әскери құрылымдары шығарылды. Франция АҚШ-тан әкетілген әскери
құрылымның 2,5 миллиард доллар шығынын төлеуден бас тартты. Шарль де Голль
өзінің ұлттық тәуелсіздік саясатын батыл жүргізіп, басқа елге тәуелділік,
бағыныштылық саясаттан бас тарту арқылы мықты саясаткерлігін көрсетті.
Бесінші Республиканың Президенті Миттеран Шарль де Голльдің саясатын
жүргізе отырып, 1990 жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы агрессиясын қолдамай, АҚШ
Президентіне берген жауабында Мен американ солдаты емеспін деген болатын.
Францияның сыртқы саясатының дамуына елдің экономикалық нығая түсуі де өз
әсерін тигізді. Төртінші республика тұсында басталған өнеркәсіптік даму
Бесінші республика кезеңінде өз жалғасын тапты. Егер өнеркәсіп өндірісінің
индексі ресми ақпаратқа сүйенсек, 1952 жылды 100 деп алғанда, 1958 жылы –
52, 1959 жылы – 158, 1960 жылы – 175, 1961 жылы – 186, ал 1962 жылы – 199
болды. Мұнай өндіру 1,4 млн т. көлемінен 23,8 млн т. өссе, мұнай өңдеу 29,8
млн т. көлемінен 40 млн т. өсті. Ал алтын қоры 1957 жылдың аяғында 645 млн
доллар болса, 1958 жылы – 1050 млн доллар, 1959 жылы – 1720 млн доллар,
1960 жылы – 2070 млн доллар, 1961 жылы – 2939 млн доллар, ал 1963 жылы –
4050 млн долларды құрайды. Сонымен бірге, Франция 1961-1962 жылдары АҚШ-қа
деген қысқа мерзімді, орта мерзімді қарыздарын толықтай, ал ұзақ мерзімді
қарызының көп мөлшерін өтеді. Яғни, 1962 жылы мезгілінен бұрын 592,9 млн
долларды өтейді. Осы азғана келтірілген мысалдардан Францияның 50 жылдардың
аяғындағы экономикалық ахуалы әлдеқайда түзелгенін көруге болады.
Бесінші республиканың алғашқы кездерінің бірінде болған министрлер
кеңесінің мәжілісінде Шарль де Голль Америка Құрама Штаттары бүгінгі күні
Еуропада өз аумағын қорғауда. Ал ертең, алысқа жететін зымырандық қару-
жарақ құрғанда, қорғаныс шебін өз аумағына аударады. Соған орай Франция
өзінің қауіпсіздігін өзі ойлауы тиіс. [6.281-Б]
Шарль де Голль өз естеліктерінде 1958 жылдың өзінде-ақ елін НАТО-ның
әскери ұйымынан шығаруды өзінің басты мақсаты етіп қойғанын мақұлдайды.
Себебі халықаралық шиеленістің күшейе түсуі, АҚШ-тың бұл шиеленіске
белсенді араласуы, ядролық жанжалға әкеліп соғу мүмкіндігі, Франция саяси
ұстанымына қайшы келгендіктен, онымен НАТО ұйымында әскери одақ құруы
генерал де Голльдің ұйғарымынша қауіпті бола түсті. Жаңа жағдайда АҚШ пен
әскери одақтастықтың құндылығына генерал де Голль күмәнданып қана қоймай,
Франция үшін мұндай Одақтастық қауіпті деп есептеді. Яғни, НАТО көлемінде
АҚШ қандай да бір әскери шиеленіске араласатын болса, Еуропаның қаламауына
қарамастан өзінен-өзі осы соғысқа қатысатындығы айқын.
Кариб теңізіндегі дағдарыс кезінде генерал де Голль үкіметі соғыс
болған жағдайда Солтүстік атлантикалық пактісіне байланысты өзінің
міндеттемесін орындайтындығын 1962 жылдың 24 қазанында мәлімдей келе:
атлантикалық одақ құрайтын өзара міндеттемелер Францияның сыртқы
саясатының негізі болып табылады деп жариялайды.
Сонымен бірге, Франция басқа мемлекеттің ықпалында қалмау саясатын
көздеген жағдайда оның НАТО әскери ұйымында қалуы үйлеспейтіндей еді. Осы
мақсаттағы алғашқы қадам 1958 жылы 17 қыркүйектегі Шарль де Голльдің
Эйзенхауэр мен Макмилланға арнап жолдаған Меморандумы болды. Генерал де
Голль бұл Меморандумында әлемдегі жағдайға қатысты саяси және стратегиялық
мәселелермен айналысатын, құрамында АҚШ, Ұлыбритания және Франция болатын
Жаңа ұйым құруды ұсынады. Бұл ұсыныс қолдау таппаған жағдайда Франция
өзінің НАТО құрамында қалу-қалмауын ескерткен болатын. Шындығына келгенде
Шарль де Голль НАТО құрамынан шығуға сылтау ғана іздегенге ұқсайды.
Сонымен қатар сол кезде еуропалық интеграция жүйесіндегі Франция үшін
оның қатысу шеңберін айқындады. Осылай оның Францияның тәуелсіздігі мен
ұлылығы үшін англосаксондық одақтарға қарсы күресі қайта жанданды.
Қандай да бір шарт шеңберінде экономикалық интеграцияның мүмкін
екендігімен келісе отырп, Шарль де Голль жеке ұлттық саяси органнан жоғары
тұратын бірлестік құруға бар тәнімен қарсы болды. Ғасырлар бойы толассыз
тырысу мен азап шегу нәтижесінде өзінің жағрапиясы мен тарихына, өзінің
тілі мен салт – дәстүріне әр Еуропалық ұлт қол жеткізген кезде, бір –
бірімен тығыз үйлесу барысында жоғалып кету мүмкіндігін ол ойлағысы да
келмеді.
Өзіне дейінгі атлантиялық саясаткерлерге қарағанда, ол Еуропа тек
Атлантика мен Эльба аралығында шектелмей, Атлантикадан Оралға дейін
созылатындығын білді. Сол себепті де Батыс Еуропаның америкалық үстемдіктен
босату аясы тар мақсат ретінде емес, қайта Шығыс пен Батыс Еуропаның
ынтымақтастығы үшін қажетті шарт деп қарады.
Деголльдіктердің пікірінше, Еуропаны біріктіру жоспарын іске асыру
тек Франция мен Батыс Германияның тығыз одақтастығы негізінде ғана іске
асуы мүмкін.1959 жылдың қарашасында сол кездегі Франция премьер – министрі
М.Дебре Еуропа – бұл ең алдымен Германиямен жақындасу, онсыз еуропалық
ұйымның болуы мүмкін емес деген болатын. [6. 283-Б]
Француз мемлекетінің басшылары осы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
кезеңде қалайда Франция мемлекетінің ұлылығын көтеруге тырысты. Ұлттық
мүддеден жоғары тұратын мекеме құру, - деді М. Дебре Францияны ескере
отырып, - мемлекеттің өзін – өзі билеуінің жоғалуына әкеледі. Яғни,
мемлекеттердің өз еркі болмайтын еуропалық ұйымға ұмтылу, Еуропаны жоюға
ұмтылумен бірдей. Бұл жерде олар қалайда америкалық ықпалға түсіп қалудан
сақтанғандай. Сол себепті осы еуропалық құрылықта өзіне тиімді де
экономикалық жағынан күшті одақтас табу француздың сыртқы саясатының бір
тармағы болғандай.
Париж бен Бонн үкіметінің сол сәттегі бір-біріне деген тартылысы
экономиканың әртүрлі саласындағы Франция мен Батыс Германияның ірі
монополияларының ынтымақтастығы негізінде дайындалды. Сондай-ақ екі ел
арасындағы қаржы саласындағы, ірі банктер арасындағы қарым-қатынастар
екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде іске асаған болатын. Мәселен,
1957 жылы қыркүйекте немістің Дейче банк пен француздың Банк де Пари э
де Пэн-Ба Еуропалық өнеркәсіптік даму қоғамына құрылтайшы болды. Қоғамның
негізгі мақсаты Франция мен Батыс Германияның өнеркәсіптік және қаржы
топтарын Ортақ нарық шарттарын жүзеге асыруға дайындау. Яғни, мұндай
шаралар қатарына жаңа өндірістер құрып, көнелерін жаңарту, оларды
шикізатпен, энергиямен қамтамасыз ету, шет жақтан ортақ нарық табу.
Француздық және батыс германиялық монополиялардың ынтымақтастығы негізінен
электрондық, авиациялық, яғни әскери салаға жақын өндірістерде кең етек
алып жайылған болатын. 1959 жылғы 27 мамырда Файненшл таймс жазғандай,
электрондық өнеркәсіпте Сетель компаниясы құрылды. Мұның құрылтайшылары
ретінде француздық Томсон-харистон, батыс германдық Телефункен,
итальяндық Финмекканика, голландық Филипс және бельгиялық Ателье де
констрюксьон электрик де Шарлеруа компаниялары болды.
Сондай-ақ екі мемлекетаралық қарым-қатынастың нығая түсуіне, осы
мемлекеттердің авиациялық құрылыс компанияларының келісімдерге келуі, яғни
1957 жылдың ақпанында Хейнкель мен Турбомека, 1958 жылдың ақпанында
Дорнье және Бреге, 1958 жылдың мамырында Снемка және Фокке-Вульф
компаниялары арасында шарт жасалуы дәлел. Мұндай құбылыстар химия
өнеркәсібінде де орын алды. Бұл екі мемлекет арасындағы тек экономика
саласындағы жақындасу емес, сондай-ақ саяси мақсаттағы жақындасу деп те
білуге болады.
50 жылдардың аяғындағы екі елдің экономикалық даму сатысына тоқтала
кететін болсақ, Батыс Германия Францияның сыртқы саудасында импорт жағынан
да (13пайыз), экспорт жағынан да (20 пайыз) бірінші орында болса, өз
кезегінде Франция 1961 жылдан бастап, ГФР-ден импорт жасайтын елдердің
тізімін бастаса, Батыс Германияға экспорт жасауда АҚШ-тан кейінгі орынды
иеленді. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста кең өріс алған экономика
саласы: атом энергетикасы және әуе-зымырандық өндіріс, сондай-ақ химияда,
машина жасау, электроника, электротехника, тамақ және жеңіл өнеркәсібі.
Бесінші Республика мен Аденауэр үкіметінің арасындағы саяси
ынтымақтастық ресми түрде Коломбе ле дез Эглизде өткен француз-герман
келіссөзінен басталады. Әрине, алғашында бұл келіссөз құпия түрде өткен
болатын. 1958 жылдың 14 қыркүйегінде Германия Федеративтік Республикасының
канцлері Конрад Аденауэр сыртқы істер министрі Генрих фон Брентаномен бірге
Париж қаласына ресми сапармен келген болатын. Франция үкімет басшысы Шарль
де Голль канцлер Аденауэрді өзінің Коломбэ ле дез Эглиз атты жеке иелігінде
қарсы алған. Екі мемлекет басшысы арасындағы жоғарғы деңгейдегі алғашқы
келіссөз үш сағаттық уақытқа созылып, сол күні аяқталады. Бұл аса маңызды
келіссөздің негізгі мазмұнын қорытынды ресми құжаттан түсінуге болады. Бұл
құжаттың негізгі мәні – француз-германдық тарихи татуласу. Осы жоғарғы
деңгейде өткен келіссөз барысында Шарль де Голль мен Конрад Аденауэрдің
жасаған мәлімдемесінде: ...Біздің санауымызша, бұрынғы дұшпандылық
қатынасқа тыйым салу қажет; француздар мен немістер ендігі жерде бір-
бірімен тек өзара бірлікте және тығыз қарым – қатынаста өмір сүруге тиіс.
Біз, Германия Федеративтік Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы
тығыз ынтымақтастық қандайда болмасын Еуропадағы маңызды істің негізі
болатындығына сенімдіміз. Ол Атлантикалық одақтың нығаюына ықпал етіп,
бүкіләлемдік халықаралық қатынасқа аса қажет. Біз бұл ынтымақтастықты
ұйымдастырумен қатар, біздің екі мемлекет өте тығыз байланыстағы басқа да
батысеуропалық мемлекеттерді осы ынтымақтастыққа тарту қажет деп
есептейміз. Бұл мәлімдеменің мәтінін құрастырғандардың бірі генерал де
Голль болғандықтан, бұл оның француз-батысгерман ынтымақтастығын
жалғастыруға ұмтылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz