Қазақ тіліндегі қосымшалардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 6
2.1 Қазақ тіліндегі қосымшалардың жіктелуі 6
2.2 Қазақ тіліндегі функционалдық қосымшалар 13
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Қазақ тіліндегі функционалдық қосымшалар жаңа мағыналы сөз
тудырмағанымен, түбірдің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп
жібермегенімен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір
сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады да, сөйлеу процесінде
қолданылуы жағынан түбірдің граммaтикалық сипатын сақтап қалады, сөйтіп бір
сөз табының шеңберінде жасалатын туынды түбірге ұқсап кетеді. Қазақ тілінде
функционалдық көпшілік ғалымдар тарапынан зерттеліп келді және әлі де
жалғасын табуда.
Қазақ тіліндегі сөзжасам қосымшаларының бір тармағы –
функциялық қосымшалар. Бұл қосымшалар -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз,
-ғы, -гі қосымшалары. Қазақ ғалымдары бұл қосымшаларды жаңа сөз де
тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам
қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды. Қазақ тіліндегі функционалдық
қосымшалар жөнінде ғалым С. Исаев, Ы. Маманов секілді ғалымдарымыз өз
тұжырымдарын ұсынған болатын.
Ғалым С. Исаевтың зерттеулеріне сүйенсек, функционалдық қосымшалардың
қасиеті, олардың қолданылу аясы мен мағыналық шеңбері, жанрлық-стильдік
бояуы жеке зерттеуді қажет етеді.
Функционалдық қосымшалардың кейбірінің түбірге жалғану шеңбері
шектеліп те қалған. Олар грамматикалық сипаты жағынан категориялық түрлену
жүйесінің көрсеткіші болу қасиетінен айырылып, сөзжасам қосымшаларына ауыса
бастағанмен, сөздің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді.
Сондықтан ғалым Ы. Маманов өз зерттеулерінде ондай қосымшаларды қосымшалар
қатарында қарамай, тілдің даму барысындағы жұрнақтар мен сөзжасам
қосымшалары арасындағы тұлғалар деп қараған жөн[1] деген пікір айтады.

Ғылыми жұмыстың зерттелу мақсаты мен міндеттері:

Жұмыстың мақсаты – қазақ тіліндегі қосымшалардың бір түрі
функционалдық қосымшаларды қазақ тілін зерттеуші ғалымдарымыздың
пікірлеріне сүйене отырып дәлелдеу. Бұл мақсатқа жету үшін ғалым
мұрасындағы төмендегі мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:
- қосымшалардың қызметіне орай топтастырылуы;
- қазақ тіліндегі негізгі және қосымшалардың қызметі, функционалдық
және таза грамматикалық қосымшаларға ажыратылуы;
- функционалдық қосымшаларға қатысты тұжырымдардың ғылыми-теориялық
деңгейін қазіргі тіл білімі тұрғысынан анықтау;

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдісі :

Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, жүйелеу, жинақтау, қорыту
әдістері қолданылды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы :
Жұмыс мақсатына сай құрылған кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер берілген.

Негізгі бөлім

2.1 Қазақ тіліндегі қосымшалардың жіктелуі

Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша
морфема. Негізгі морфемалар — лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір
сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі),
туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. Қосымша морфемалар — дербес
қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар.
Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар бол ып екіге
бөлінеді. Қосымшалар: сөзжасам, сөз түрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың
сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп
танылады. 
Қосымша – сөзге жалғанып оған сөзжасамдық немесе грамматикалық мағына
үстейтін морфема. Қосымшада мағыналық та, тұлғалық та дербестік болмайды.
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық
ерекешеліктері мен қызметі жағынан жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні
белгілі. Қосымша морфемалар кез келген түбір морфемаға жалғана
бермейді, синтагматикалық және пара дигматикалық заңдылықтарға бағынады,
араларында мағыналық және тұлғалық мәндестік болады. Қосымша морфеманың
түбірге жалғануында ішкі иерархиялық заңдылық бар. Айталық, зат
есім тұлғаларының
жалғануы түбір морфема + көптік + т әуелдік + септік жалғауларыболып келеді,
мысалы: бала+лар+ымыз+дың. Бір мағына беретін морфема бірінің үстіне бірі
жалғанбайды, етістік тұлғаларында да осындай заңдылық сақталады. Есімше
тұлғасының үстіне көсемшенің жұрнағы жалғанбайды, жіктік жалғауы соңынан
жалғанады: кел+іп+ті, бар+ған+быз. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема
жалғана алады:
алдымен, сөз тудырушы морфема, сосын мағыналық, қызметтік, тұлғалық
сипатына қарай өзге морфемалар жалғанады. Түбір морфеманың мағынасы нақты,
дербес;қосымша морфеманың мағынасы жалпы, абстрактылы.
Тілімізде түбір морфема көп, қосымша морфеманың саны әлдеқайда аз.
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын
немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен
қызметіне қарай екіге бөлінеді:
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы,
“жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып,
сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”,
“сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-
ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін
жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды
сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”).
Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа
жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес,
синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір
жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы,
“баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын-тін” жұрнақғы
“тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған –
баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі
жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі
жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын.
Сондықтан олардың бір түрі функционалдық жұрнақтар, екінші түрі таза
грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Функционалдық жұрнақ жаңа
мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен
бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ
тілінде функционалдық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын
есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс,
күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық
немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық
мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады.
Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену
көрсеткіштері болып табылады. 
Қазақ тілінде қосымша немесе қосымша морфема ұғымының мәні неде,
сипаты қандай?
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық
ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау мен жұрнақ болып екіге бөлініп
жүргені белгілі. Сөздің морфологиялық құрамды бір бөлігі ретінде және
сөздің мағыналы дербес бөлшегі болып табылатын түбірден, бір жағынан, бөлек
морфема, екінші жағынан, түбірмен бірлесіп барып сөз құрап, бірлікте тұру
арқылы оны сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіріп
тұратын морфема ретінде, немесе сөздердің синтетикалық жолмен жасалған
формаларының түрлері ретінде және олардың ішкі категориялық мағыналары
мен қызметтеріне қарап қосымшаларды сөз тудыратын формалар, сөз
түрлендіретін формалар және сөз жалғастыратын формалар деп үлкен үш салаға
бөлу дәстүрі де бар[2,14].
Ал түркологияда қосымша деген ұғымы аффикс терминімен белгіленеді
де, ол көбіне өз ішінде әрі қарай жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады,
сөйтіп, аффикс деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикаларында
қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан, әрі жалғау, әрі жұрнақ
мәнінде бірдей жұмсалады. Сондықтан да түркологиялық әдебиеттерде бір
жағынан, аффикс множественного числа (көптік жалғау), аффикс падежа
(септік жалғау), аффикс принадлежности (тәуелдік жалғау), аффикс
сказуемости (жіктік жалғау), екінші жағынан аффиксы залога (етіс
жұрнақтары), аффиксы степени сравнения (шырай жұрнақтары), үшінші
жағынан, аффиксы глагольного словообразования (етістік тудыратын
жұрнақтар), аффиксы именного словообразования (есім тудыратын жұрнақтар)
деген күрделі терминдер немесе жеке жалғаулар мен бірге сөз түрлендіретін
қосымшалардың да, сөз тудыратын қосымшалардың да әрбір түрін аффикс деп
көрсету жиі кездеседі. Бұнымен бірге аффикс термині мағынасы мен
қызметтік ерекшеліктері жағынан кейде сөз түрлендіруші
(словоизменительный), сөз тудырушы (словообразующий), форма тудырушы
(формообразующий) болып та бөлініп отырады.
Қайткен күнде де қазақ тілі білімінде қосымшаларды белгілі түрлерге
жіктеуге негіз болатын қасиеттері: қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-
сипаты, қолданыстық қызметі, жіктелу жүйесі толық айқындалды деуге
болмайды. Қосымшалардың қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп жүрген
айырым белгілері, мағыналық, қызметтік түрлері оны сөз құрамының бір
морфемалық бөлігі ретінде, әсіресе семантикалық мәні грамматикалық –
тұлғалық, қызметтік дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретіндегі
қажетті сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардың өз ішіндегі құрылымдық-
мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік ерекшеліктерін, соларға байланысты
тілдің грамматикалық құрылысын, оның сырын айқындап, жіктелу түрлерін
таныта алмайды. Өйткені, аффикс деген термин де, қосымша да мағыналық-
құрылымдық жағынан да, қызметтік-қатыстық жағынан да әр түрлі сипаты болып
келеді.
Аффикс терминін қосымша деп қазақшалап, оны түркологиядағы үлгідей
қосымша түрлерінің нақтылы атауларымен қосақтап жіктеу қосымша, септік
қосымша, көптік қосымша, тәуелдік қосымша, шырай қосымша, шақ
қосымшасы, зат есім тудыратын қосымша, сын есім тудыратын қосымша,
етістік тудыратын қосымша т.б. деп қолдану мүмкін болғанмен, қазақ
тілінің грамматикаларында алынып жүргеніндей қосымшаның өзін мағыналық,
қызметтік ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөліп, сол бөлінген түрлерінің
атауын ғана нақтылы анықтауыштармен қосақтап септік жалғау, шырай
жұрнақтары, сөз тудырушы жұрнақтар т.б. сияқты қолданудың ғылыми негізі
бар екенін байқаймыз. Бұдан қосымша морфеманың жалпы ерекшеліктерімен бірге
оның түрлерінің өзара айырмашылықтарын, әр түрінің мағыналық қызметін,
қасиеттерін, түрленуінің принциптері мен критерийлерінің және оның
грамматикалық құрылыс жүйесінен алатын орнын айқындай аламыз. Мұндағы
бастысы, ол түрлерінің аталуында, терминде емес, негізгі мәнінде, солай
бөліп жіктеудің ғылыми негізінде және оның тілдің грамматикалық құрылыс
жүйесіндегі сырларын аша алуында.
Қазақ тілінің ғылыми грамматикаларында қосымшалардың ерекшеліктері
қалай айқындалады және олар қалай бөлінеді?
Қазіргі қазақ тілі оқулығында өздеріне тән мағыналары ен
қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар
деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады. Әдетте
жұрнақтар сөзден сөз тудыратын болғандықтан, грамматикалық категорияға
жатқызылады.
Бірақ қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру категориясы
грамматикамен де байланысты. Ол байланыс жұрнақтардың мынадай екі түрлі
ерекшеліктерінен айқын көрінеді.
Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік
қасиет жұрнақтардан да табылады, екіншіден, грамматикалық категорияларға
тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да бар[2,10]. Сөйте
тұрса да, қосымшалар бір ыңғайда жұрнақ пен жалғау болып жіктеліп,
мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтарды сөз тудыратын және форма
тудыратын жұрнақтар деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар кейбір
жұрнақтар әрі сөзтудыратын, әрі форма тудыратын синтетикалық морфема
есебінде де қызмет ете береді[3,31]. Және жұрнақтар мен жалғаулардың бір-
бірінен ажыратарлық шегі олардың мағыналары мен қызметтерінен
ажыратылатындығы көрсетіліп, атап айтқанда, жалғаулар сөйлем ішіндегі
сөздердің араларындағы әрқилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-
түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды
білдірмейді, тек өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар
үстеумен ғана тынады делініп жүрсе де, кейде сөз тудыратын қосымшалар,
сөз түрлендіретін қосымшалар және сөз жалғастыратын қосымшалар болып
бөлініп соған лайық әрқайсысы сөз тудырушылар, сөз түрлендірушілер, сөз
жалғастырушылар делініп [2,114]жеке терминдерге ие болып жіктелу үлгісі де
бар.
Ал ғалым Ы. Маманов қазақ тіліндегі қосымшаларды орыс тілінің
үлгісімен сөз түрлендіруші, сөз тудырушы және форма тудырушы деп үшке
бөліп қарастырудан гөрі қазақ тілінің тілдік материалы оларды жаңа
мағыналы сөз тудыру және сөздің грамматикалық формасын тудыру қызметіне
сәйкес сөз тудырушы және форма тудырушы деп екіге бөлуді қуаттайтынын
былай көрсетеді: Сөйлемдегі грамматикалық формалар мен түрленетін толық
мағыналы атауыш сөздер тек қана екі түрде: не түбір сөз түрінде, не
грамматикалық форма болып қалыптасады. Бұл тілде не туынды түбір сөзге, не
грамматикалық формаға жатпайтын екеуінің аралық категориясы болып табылады.
Олай болса, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалдарға сәйкес сөз
тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің
морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады.
Оның үстіне Ы. Маманов сөз түрлендіруші жұрнақтар мен жалғаулар деп
аталатын қосымшалар түрін бір топқа енгізіп, қасиет-қызметтері бірдей
тұлғалар деп қарайды. Өйткені, бұл қосымшалардың қызметі – сөздің әр түрлі
грамматикалық формаларын тудыру. Әрине, септік, тәуелдік, көптік, жіктік
формаларының тілде алатын орны қолдану өресі етістіктің есімше, көсемше,
рай формалары мен сын есімнің шырай формаларына қарағанда әлдеқайда
күрделі. Бірақ бәрінің де атқаратын қызметі – сөздің грамматикалық формасын
тудыру. Сондықтан бұларды жалғау және форма тудырушы деп екі топқа бөлмей,
грамматикалық форма тудырушы қосымшалар деп біріктіріп қарау дұрыс болар
еді. Түркі тілдерінде, ауызекі сөйлеу тілінде болсын, баспа бетінде болсын,
толық мағыналы сөздер екі-ақ түрде қолданылады. Бірі лексикалық бүгінге
жататын түбір сөз күйінде, екіншісі – бір сөз табына жататын грамматикалық
формалар. Осыған орай, барлық қосымшалар да, негізінен, екі-ақ түрлі қызмет
атқарады: бірі – сөз тудыру, екіншісі – сөздің грамматикалық формасын
тудыру. Енді бірде ғалым Ы. Маманов қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалар
және сөз таптарының грамматикалық формаларын тудыратын қосымшалар деп екі
топқа бөліп қарайды. Қарақалпақ тілінде аффикстер қызметіне қарай сөз
жасаушы, форма өзгертуші, сөз түрлеуші болып үшке бөлінеді. Қырғыз тілінің
грамматикасында да қосымшалар функциясына қарай сөз өзгертуші, сөз жасаушы,
форма жасаушы мүшелер болып бөлінеді де сөз өзгертуші мүшелерге септік,
тәуелдік және жіктік, жаңа категориялардың тұлғалары жатады да, сөз жасаушы
қосымшаларға бір сөз табының ішінде жаңа сөз тудыратын лексикалық және бір
сөз табын екінші сөз табына айналдырып жіберетін лексикалық-грамматикалық
функциядағы қосымшалар еніп, форма жасаушы қосымшаларға сөздің лексикалық
мағынасын өзгертпей, оған кейбір реңк үстейтін не грамматикалық мағына
үстейтін, бірақ сөздерді бір-бірімен байланыстыра алмайтын қосымшалар, атап
айтқанда, реңдік мәнді білдіретін тұлғалар, көптік тұлғасы, шырай, есімше,
көсемше, шақ т.б. тұлғалары жатады. Сондай-ақ, қосымшаларды сөз тудырушы,
грамматикалық және стильдік деп бөлу де кездеседі.
Бұл пікірлерден қосымшаларды жіктеуде, ең алдымен, олардың қандай
белгілерін негізге алуға тиістіміз деген мәселенің басы ашылмай келгенін
аңғарамыз. Сондықтан бірде бір түрлі принциппен, екіншіде өзге түрлі
принциппен қосымшаларды топтауға мәжбүр болғандық аңғарылады. Бұл – бір.
Екіншіден, қосымшалардың білдіретін мағыналық сипаты, қызметі, олардың
өзіндік қасиеті деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай, сапырылысып кеткен
де, кейде олар туралы жаңсақ пікір қалыптасқан. Айталық, жоғарыда кейбір
еңбектерде көрсетілгендей жаңа мағыналы сөз тудыруы немесе форма тудыруы
олардың қызметі еес, мағыналық мәні болып табылады. Немесе грамматикалық
категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар жұрнақтарда да
бар деу де ғылыми жағынан дәлелсіз.

2.2 Қазақ тіліндегі функционалдық қосымшалар

Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты
сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша
термині алғашқы грамматикаларда приставка, послелог, частица делініп
түрліше аталды. Қосымша терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі
ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын
өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің
орнына үстеу терминін қолдануды ұсынған.
Ал ғалым Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын
қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген
концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан
ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде
қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам
қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті
қосады. Бұл қосымшалар -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі
қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да
тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше
қолданысы деп атайды [4,65 б.].
Жалпы алғанда, функция дегеніміз – тілдік тұлғалардың сөйлеу
процесінде белгілі бір мақсатта жұмсалуы. Функциялану деген ұғым жалпы
алғанда бірнеше процесті қамтиды: айтуға ыңғайланған нәрсені іштей
бағдарлау, белгілі бір мақсатты орындау үшін жұмсалатын функцияға
айналдыру.
Қазақ тіліндегі алматылық жігіттер, бір қайнатым шай, таяқ тастам жер,
бір көйлектік мата т.б. тіркестер құрамындағы көрсетілген сөздер контекст
ішінде жұмсалады. Бұлар сөздік құрамдағы даяр тұрған туынды сөз де емес,
сөйлеу процесінде басқа сөзімен қарым-қатынаста тұратын сөз формасы да
емес, тек белгілі контексте ғана қолданылатын уақытша сөздер. Осындай
белгілі контексте ғана қолданыла алатын уақытша сөздерді тудыратын
қосымшалар функционалды қосымшалар деп аталады [4,66].
Қосымша морфеманың ең бірінші және ең басты лексика-грамматикалық
белгісі – мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болумен қатар
дербестігінің жоқтығы. Түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмауы,
демек, өз бетімен жеке дара қолданылмауы және түбірдің дыбыстық ыңғайына,
әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, нұсқаланып барып түбірге
жалғануы, түбірге жалғану арқылы жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру
немесе түбір білдіретін негізгі мағынаны өзгертпей, оған әр түрлі қосымша
мағына үстеу болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі
қызмет атқара алады. Қосымшалардың білдіретін және беретін мағыналары оның
ең бірінші қасиеті де, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге
асатын екінші қасиеті болып саналады. Сондықтан қосымшаларды жіктегенде,
олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа лексикалық
мағына тудыра ма, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыта ма, жоқ түбір
сөздің лексикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, тек қосымша
грамматикалық мағына үстей ме – осыған қарап қосымшаларды сөз тудырушы және
форма тудырушы деп екіге бөліп қараған жөн. Осы тұрғыдан келгенде А.
Ысқақовтың мына пікірімен ғалым С. Исаев келіспейді: Дегенмен форма
тудыратын жұрнақтар сөз байланыстыратын қосымшалардан гөрі сөз тудыратын
жұрнақтар сөз тудыратын қосымшаларға жақынырақ. Өйткені форма тудыратын
қосымшалар да өзі жалғанған сөзге сәл де болса жаңа мағына үстейді[4,91].
Бұдан әрі автор осы ойына күмән келтірерліктей күдіктенеді. Бірақ ол тән
емес, екіншіден, не жаңа мағыналы сөз тудырмайды,не түбір білдіретін
лексикалық мағынасын өзгертіп жібермейді, тек сол бір сөз табы шеңберінде
өзі жалғанған түбірге қосымша грамматикалық қана мағына үстейді де, белгілі
сөз табының парадигмалық жүйесінің бір көрсеткіші болады. Сондықтан да
осындай типтік қосымшалардың тұлғалық түрленуі мен мағыналық жиынтығы
белгілі грамматикалық категория құрайды. Демек, форма тудырушы қосымшалар
категориялық форма тудырады да бұнда өнімді-өнімсіздік, құнарлы-құнарсыздық
сипаттың қажеті болмайды. Ең өнімді әрі құнарлы деген сөз тудырушы қосымша,
мысалы, мамандық, бір іске бейімділік, икемділік мәнін білдіретін –шы, -ші
барлық зат есімге бірден жалғана бермейді: балқышы, қойшы, жылқышы, сиыршы,
демек бұл жұрнақ зат есімнің бәріне бірдей, мысалы, шортан, сазан, лақ,
құлын, кеспе тәрізді толып жатқан негізгі туынды түбір зат есімдерге
жалғанбайды. Сөйтіп форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз
табының парадигмалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса,
екінші жағынан сол сөз табын және сөз табы ретінде тануға негіз болатын
және басқа сөз таптарынан ерекшеленетін сөздерді топтастырудағы
морфологиялық критерийдің, сөз табының грамматикалық сипатының басты
көрінісі екенін ескеру қажет.
Ы. Маманов Қазақ тіліндегі сөз тудырушы және форма тудырушы
қосымшалардың жігін айыру үшін, олардың сөз мағынасын өзгерту, өзгертпеуі
толық критерий бола алмайды. Сондықтан да форма тудырушы қосымшаларды сөз
тудырушы қосымшалардан ажыратуда екінші бір басқа белгісі – оның
грамматикалық абстракция жасау қабілетіне сүйенген жөн. Былайшы айтқанда,
форма тудырушы қосымша бір сөз табына, не бір сөз табының бір тобына, тіпті
кейбіреулері бірнеше сөз табына жалғанады да, грамматикалық абстракция
жасайды[1,86] - дейді.
Сөз жоқ, форма тудырушы қосымшалардың, біріншіден, сөздің лексикалық
мағынасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін көрнекілік арқылы түсіндіру
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы
Аффикстердің түрлері, жүйесі
Түркі тідерінің салыстырмалы грамматикасы
Етістіктің зерттелуі туралы
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Түркі тілдерінің жіктелу түрлері
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Пәндер