Халықаралық аудит стандарттарының мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

I. Халықаралық аудит стандарттары

1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні

1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар

1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары

II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы

2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы

2.2 Кіріспе аспектілері, жауапкершілік және жоспарлау

2.3 Ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер және басқалардың жұмысын
пайдалану стандарты

2.4 Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну және мамандандырылған
салалар

2.5 Ілеспе қызметтер және өзіндік ерекшелігі бар стандарттар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста, аудиттің халықаралық стандарттары мен олардың
құрамына сипаттама берілген.

Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс
- тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының
принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің
жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар
халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі
аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен
біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың
сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді,
әрі оңтайландырады.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет
жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді
қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит
өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында
қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы
наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық
конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және
оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол
стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің
ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы
мәселелерін, сондай - ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің
барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды.

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым
айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын
Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен
әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей
айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл
саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің
тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің
кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын
аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.

I. Халықаралық аудит стандарттары

1.1 Халықаралық аудит стандарттарының мәні

Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит
өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында
қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы
наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық
конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және
оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол
стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің
ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы
мәселелерін, сондай - ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің
барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды.

Аудит стандарттарының ерекшелігі. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс
тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының
принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің
жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар
халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі
аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен
біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың
сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді,
әрі оңтайландырады.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет
жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді
қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Стандарттардан айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді
қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолдануы мүмкін процедуралары
бойынша басшылықты қамтиды:

• өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру
• жекелеген салаларды ревизиялау
• бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.

Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды
мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар аудиторлар
жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып,
пайдалануы мүмкін.

Аудит стандарттарының маңызын айқындайды:

• жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

• аудит өткізудің барлық кезеңдері бойынша регламентті анықтайды;

• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін
қамтамасыз етеді;

• Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық
экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

• аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты
тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу
міндеттерін шешеді;

• аудиторлық тексеру жүргізу іс тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді
енгізуге ықпал етеді;

• ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін
түсінуге көмектеседі;

• кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

• мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

• аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;

• аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз
етеді.

1.2 Жалпы қабылданатын стандарттар

Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты
төрт тізбекті бөлімнен тұрады:

1. Негізгі постулаттары.
2. Жалпы стандарттары.
3. Жұмыс стандарттары.
4. Есеп беру стандарттары.

Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының
негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар.
Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын
жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде
қызмет етеді.

Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін
мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:

1. тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық
қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек.
2. Аудиторлық органның еш қоспасыз өз пікірі болы және тексеру барысында
пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес бағалауы керек.
3. Қоғамдық сала өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны
немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді, олардың елдің көзінше, яғни
көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық шаруашылық операцияларын
дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.
4. Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс
жүргізілуімен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер
және басқа мәліметтер мазмұнының толық болуымен формасының дұрыс
болуына кәсіпорын басшысы жауап береді.
5. Басшылықпен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің
стандартарын таратуға кепілдеме беруі керек.
6. Есеп берулердің стандарттарын дәйекі түрде, яғни тізбектілікпен
қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды
жасауға өз септігін тигізу керек.
7. Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен
бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор
ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол
мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын
енгізеді.
8. Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан жақты бағалауда қажет
болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін
тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын
мақсат етеді.
9. Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және
басқада нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен
шықпауы тиіс.
10. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық
операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек.
11. Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүдделерінің қарама
қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі
керек.
12. Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің
жағдайы туралы қорытынды шығаруы жолымен тексерілетін ұйымның
қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның
қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған межесімен салыстырып, барлық
ресурс түрін пайдаланылғанын ескертіп, үнемдеу, өнімділік және
тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.
Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:
- даярлығы

- құзіреттілігі

- тәуелсіздігі

- ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді
жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жаауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жалпы стандарттар – аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі
кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір
қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік,
тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап
етіледі).

1.3 Жұмыс және есеп беру стандарттары

Жұмыс стандарттары – бұл қағидалар мен талаптар, мемлекеттік қызмет
көрсетулердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нормативтік
маңызын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібін белгіленген
сападағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға құқығын қамтамасыз ететін,
орындалуы міндетті өзге де нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт,
яғни тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына мыналар кіреді:

- аудиторлық тексеруге дайындалу;

- қадағалауды жүзеге асыру;

- анық айғақтармен сенімді мәліметтерді жинау;

- ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады, әрі
аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге,
орналастыруға және оның формасымен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Мақсаттарымен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына фирмаларда
жасалады:

• қорытынды – қаржылық тексерулердің нәтижелері бойынша аудитордың
тұжырымы.
• есеп беру – шаруашылық қызматтерін тексеру бойынша аудитордың
тұжырымы.
• Хат – ұйым басқарушылары үшін.
ескерту – шағандау фирмалармен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.

Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ықтимал есеп және бақылау
жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру, құрылымдық кеңестер
беру, болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.

Есеп берулерде келтірілген ақпаратар дәл әрі анық, сенімді әрі
құзіретті, тәуелсіз әрі обьективті және сындарлы болып, басшылықты іс
қимылмен қамтамасыз етілуі керек.

Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі
мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің
мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық
негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет.

II. Аудиттің халықаралық стандарттарының құрылымы

2.1 Аудиттің халықаралық стандарттарының сипаттамасы

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым
айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын
Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен
әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей
айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл
саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің
тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің
кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын
аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.

1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты “Аудиторлық қызметтің
жалпы қабылданған стандарты ” деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады.
Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын
бақылау көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және
әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе
бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз
қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС та олар өз
көрінісін тапты.

Кейбір мемлекеттерде ХАС - ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде
пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер ХАС - ты ұлттық
ретінде қабылдайды.

2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының
бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды.

“Қазақстандағы ХАС ” атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық
бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз
етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы
бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды.
Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік
есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
Республикалық аудиторлар палатасы ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады.
ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс
және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторық іс - тәжірибе жөніндегі Халықаралық комитет аудитті өткізудің
халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрcету бойынша стандарттардан
тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС
аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4  ІҚС болса, кодтарды
қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50
- ге жетті, оның ішінде олардың 38 - і ХАС қа , ал 12 - сі халықаралық
аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

ХАС ның негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.

Бірінші бөлім “Кіріспе аспектілері” № 100-199 құжаттарына қосылады:

ХАС 100 Сенімділікті қалыптастыратын тапсырмалар – бұл әр үрлі жұмыс
түрлерінің орындалу нәтижелері бойына қалыптасқан қорытындыларман
аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.

ХАС 110 Терминдерінің глоссариі ХАС -та және оның заңдастырылған
анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.

ХАС  120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі.

Екінші бөлім - “Жауапкершілікке”  200-299 стандарттары кіреді:

ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсатпен жалпы
принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі
мақсаттары мен принциптерін, сондайақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп
берудегі жауапкершілігін анықтайды.

ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің
келіскенін қаржылық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім
хаттың мазмыны мен формасы келтірлген. Ол жұмыс мөлшерімен жауапкершілік
шараларын,есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы наутылайды.

ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру
ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып,
осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі.

ХАС 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс қаражаттарының
типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс
қаражаттарының тиістілігімен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.

ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді
қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын
анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі
жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің
нәтижесінде пайда болатын материалдық үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін
ескеріп, аудитті жоспарлау керек. өтіріктер немесе қателіктер туралы
куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады.

ХАС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті
актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан
аутқымау мен бұлжытпай сақтаудғы аудитордың және тексерілетін ұйымдардың
жауапкершілік деңгейлері анықталған.

ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін
хабарлау – тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.

“Жоспарлау” деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт көрсетілген. ХАС
300 – Жоспарлау, ХАС 310  Бизнес білімі, ХАС 320 Аудиттегі елеулілік.
Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын
аудиторлардың түсіну маңыздылығы, аудитттегі елеулілік пен аудиторлық
тәуекелділіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен
өткізу және олардың нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының
қолданылуы сиптталады.

Төртінші бөлім – “Ішкі бақылау”:

ХАС 400  Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау.

Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері
қарастырылған.

ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді
компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қадет қосымша рәсімдер
ашып көрсетілген.

ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланатын субьектілер
ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп
берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің
ерекшеліктері келтірілген.

Бесінші бөлімге - “Аудиторлық дәлелдеулер” стандарттары кіреді:

ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер аудит мәліметтерінің көздерімен
табиғатын, сондайақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін
әдістердің жеткіліктігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

ХАС 501 Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау.
Құндылықтрды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есеп шотарынан
және талапар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа
жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.

ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау
салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.

ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет
жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам
уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі
анықталады.

ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің
процедурасының және оның міндеттемелері мен өткізілу уақытына қатысты
ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура
нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудиордың зердедеу
мәселелері қарастырылады.

ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа
процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателіктерді
экстрополяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.

ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі
кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі
белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар
берілген.

ХАС 550 Байланыстырылған тараптар. Өзара байланысқан тараптар және
олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары
қарастырылады.

ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе
ееп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына
елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет етуі керектігін
көрсететін тәртіптері анықталады.

ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін
қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күмәнданатын жағдай сипатталады.

ХАС 580 Басшылықтың мәлімдемесі. Тексерілген ұйым басшысы ұсынатын
ақпараттарды алу мен пайдалану жағдайы анықталады.

Алтыншы бөлімде № 600-699 “Басқалардың жұмысын пайдалану” стандарттары,
оның ішінде ХАС 600 Басқа аудитордың жұмысын пайдалану, ХАС 610 Ішкі
аудитордың жұмысын қарастыру, ХАС  620 Сарапшы жұмысын пайдалану
біріктірілген.

Жеінші бөлімге “Аудиторлық іріктемелер мен есеп беруді ұсыну” үш
стандарт қосылған : 

ХАС 700 Қаржылық есеп беру бойынша аудиторлық есеп беру – аудиторлық
есеп берудің формалары мен мазмұнына қатысты ұсыныстар берілген, сөзсіз
қорытындылаудың ықтимал қалыптастырулары мен қорытынды жасалатын
жағдайлар, кейбіреуі сөзсіз болатын, ішінара жағымсыз да бар және
қорытындыны беруден бас тарту жағдайлары қарастырылады.

ХАС 710 Салыстырмалы мәндер. Клиенттің есеп беруі өткен жылдың
көрсеткіштерін қамтыған жағдайларда аудитордың әрекет ету тәртібі
сипатталады.

ХАС 720 Тексерілген қаржылық есеп берулердің елеулі сәйкессіздігін
сәйкестендіру  мақсатында аудитордың басқадай ақпараттарды оқу қажеттілігі
айтылады.

Сегізінші бөлімде “Мамандандырылған салалар” екі стандарт келтірілген:

ХАС 800 Арнайы мақсаттарға арналған аудиторлық тапсырмалар бойынша
аудиторлық есеп беру. Жалпы қабылданған стандарттар немесе принциптер
бойынша ғана емес, сондайақ субьектілердің қызмет түрлері, операциялары
нақты есеп шоттары, баптары бойынша жасалған есеп пен есеп берулерді арнайы
тексеру бойынша есеп берулердің ерекшеліктері. Ашып көрсетіледі.

ХАС 810 Болжалды қаржылық ақпаратты зерттеу. Болжау мен бағалау
мәліметтеріне немесе уақиғаны дамытудың жорамалды сценерийіне негізделген
қаржылық ақпараттар туралы аудиторлық есеп берулерді тексеру және жасау
процедуралары сипатталады.

Тоғызыншы бөлімде “Ілеспе қызметтер” үш стандарт кіреді:

ХАС 910 Қаржылық есеп берулерді шолып тексеру бойынша тапсырма.
Аудиттің жеңілдетілген нұсқасын білдіретін қаржылық есеп берулерге жалпы
тексерулерді жүргізудің тәртібі келтірілген. Бұл арада аудиор есеп
берулердің анықтығы туралы емес, оның анық еместігін растайтын фактілердің
болмауы туралы пікір білдіруі керек.

ХАС  920 Қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураны орындау
бойынша тапсырма. Есеп пен есеп берудің жекелеген бөлімдерін тақырыптық
тексеруді жүргізудің процедуралары баяндалған. Мұндай тексерулердің
нәтижелері бойынша тапсырма. Есеп пен есеп берудің жекелеген бөлімдерін
тақырыптық тексеруді жүргізудің процедуралары баяндалған. Мұндай
тексерулердің нәтижелері бойынша қорытынды қаржылық есеп берудің әдеттегі
аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды қаржылық есеп берудің әдеттегі
аудиттің нәтижелері бойынша қорытындыға қарағанда аз күшке ие болады.

ХАС 930 Қаржылық ақпаратты компиляциялау бойынша тапсырма. Қаржылық
есеп беруді дайындауда және осы қаржылық есеп беруді жасау барысында
пайдаланатын мәліметтерді тексеруге аудитордың клиентке көрсететін көмегі
ретінде қаржылық ақпарат компиляциясының мазмұны ашылып көрсетіледі.

Оныншы бөлімде “Аудиттің халықаралық іс – тәжірибесі бойынша етеже
өзіндік ерекшелігі бар” стандарттар келтірілген:

Аудитің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1000. Банктер
арасындағы растау процедуралары. Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі
бойынша ереже – 1001.

Ақпраттық технологиялық орта – дербес компьютерлер.

Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1002. Ақпараттық
технология ортасы – онлайндық компьютерлік жүйе.

Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1003. Ақпаратық
технология ортасы – мәліметтер базасының жүйесі .

Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1004. Банкілік
қадағалау органдарымен сыртқы аудиторлар арасындағы өзара қарым қатынасы.

Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1005. Шағын
кәсіпорындардағы аудиттің ерекшеліктері

Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит стандарттарының ерекшелігі
Аудит стандарттары
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Аудиторлық қызметтің негіздер
Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар
Қаржылық есеп беру аудиті
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Шаруашылық қызмет аудиті
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Пәндер