Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. Отбасы – халық педагогикасының негізі 6
1.1 Халық педагогикасында отбасының алатын орны 6
1.2 Отбасы – педагогикалық қатынас субъектісі 13
1.3 Отбасы – болашақ азаматтың бастапқы адымы 18
Қорытынды 22
Әдебиеттер тізімі: 24
Кіріспе
Бүгінгі таңда ХХІ табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие
мен білім беруді жетілдіру басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында
ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны
анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан - 2030 халыққа
жолдауында былай жазылған: Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз
мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені
игеруге ұмтылғанымыз жөн.
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық
құндылықтар, рухани – мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие қазіргі елімізде орын алып отырған көптеген
мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар,
тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен
аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың
және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған
ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл
болып өседі. Сондықтанда ұлттық тәрбие ел болашағы.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық
педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан –
ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір
педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен
әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың
мұраттары мен арман – тілектеріне сүйеніп отырған.
Көне көшпелі және рулық тайпа негізінде құрылған халықтарда туыстық
байланыстар қоғамдық қарым – қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын,
туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық
байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар әке бала
арасында туыстық байланыстан туындайтын қазақтың заң – салттарымен
бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қытынас – ерлер жағынан есептелген. Сонымен
қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған
балаларды жиен деп атап, балалары үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы
жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын
беріп, көңілін жұқпауға тырысқан.
Жалпы алғанда қазақтың туыстық атаулары 90-ға жетеді.
Туыстық жүйенің ең негізгі, бел ортасы – отбасы саналады. Барлық алыс
– жақын туыстық осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Зерттеу мақсаты: Халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде
бейнеленген отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеті:
1. Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны;
2. Халық педагогикасының талаптарын ұштастыра қолдану бала тәрбиесінің
жақсаруына ықпал етуі.
Зерттеу пәні: Халықтық педагогика
Зерттеу нысаны: Отбасы тәрбиесінің халықтық педагогикалық процес ретінде
мәнін ашу.
Зерттеу әдісі: Эмперикалық әдіс, ғылыми бақылау әдісі.
1 тарау. Отбасы – халық педагогикасының негізі
1.1 Халық педагогикасында отбасының алатын орны
Отбасы белгілі бір дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын
игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің
негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала
тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтежиелі болуы ынтымақтастыққа
негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет
алдындағы ата – аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда.
Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін
толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас
натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық
үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл
бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің
жүйесін кеңейту; аналар жағдайын есепке алып, әйелдердің халық
шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін
үйлестіру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй
еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс – әрекетін ұйымдастыруды негізгі жағдайлардың бірі
– ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі – өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың
парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді
қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен
демалыстың кезектесип өтуінің қажет екендігін көсететін П.П.Павловтың
іліміне негізделеді.
Күн тәртібін баланың жинақылыққа, тіл алғыштыққы, дәлдікке,
мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады.
Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке
айналады. Әдет келешекте баланың қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын,
мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының
бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері
– еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс
алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа
жағдайлар:
• Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір
балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
• Тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі,
еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл – ахуалы,
ауылдық және қалалық отбасы.
• Отбасының мәдени потенциялы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн
ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка
аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлі
мерекелер.
• Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі
және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндетіне көзқарасы.
• Қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
инстуттарына қатысты.
• Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-
аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, олардың
тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат
ұрпағын одан әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы
мүшелерінің өзара және туған туысқандармен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке
ұшырауының басты себебі – тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық
көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық,
әлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
• Отбасындағы өктемдектің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып,
өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-
жігерінің төмендеуі, сезімнің мұқалуы.
• Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бірін кешірушілік. Баланың
дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.
• Отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздақты
пайдаланып, баланың екі жүзді және жағысмсыз нәрсеге бейім болып
өседі.
• Ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың
қалыптасуына кері әсер етуі.
• Ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық
танытып, баланың, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік
алуы.
Отбасы және отбасылық қатынастар педагогикасы – күрделі үрдіс. Ол
халықтық махаббат, отбасы, балалар және ата-аналар туралы түсінігі ретінде
сан ғасырлық өмір тәжерибесі негізінді қалыптасты. Отбасы – ең сырлас ұжым
болғандықтан, бала өзінің ішкі сыртын ата-аналарына айтып отырады.
Отбасында ішкі отбасылық қатынастар орнап, әке мен ананың тәрбиелік қызметі
анықталды, балаларға ықпал етуге жағдай жасады.
Бала тәжерибесі жөніндегі түсініктер жинақталып, педагогикалық
тұрғыдан практикада тексерілген, халықтың педагогикалық мәдениеттің
байлығын көрсететін ереже, норма, ақыл-кеңес, ұсыныстарды көрініс тапты.
Қазіргі терминдерді қолданатын болсақ, отбасы өз тәжерибесі негізінде әдет-
ғұрыптарды, бала тәрбиесіне ықпал ететін әдістерді анықтап, жобалау
жұмысын, күн ырғағын орнатып, ұйымдастырушылық жұмысты, ата-аналар, ата-
аналар мен балалар, тума – туыстар мен көршілер арасындағы қарым-қатынас
нормаларын жасап, коммуникативтік қызмет атқарды. Осының бәрі бірте-бірте
отбасылық қатынастар жүйесін жасады.
Отбасының қазақ халқының алатын орны тіпті ерекше. Бұл реттегі
отбасының өзгеше әлеуметтік күші – екі жас бірімен-бірі жұптасып, шаңырақ
көтерген кезде екі рулы елдің жасындасуына себепкер болады. Қазақтың ұлт
болып қалыптасуы мен әлемдік үрдіс ішінде тарихи орнын иемденуінде осы
фактордың ерекше әсері болғанын атап көрсетуге болады.
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты педагогикалық идеялары мен
тәрбиелік тәжірибелері өте бай. Отбасы – халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарының сақтаушысы. Ат тұяғын тай басар деп аға ұрпақ келер ұрпақтың
ата салтын бұзбауын талап еткен.
Тәрбиенің біртұтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші басты
себеп қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты
болса керек. Халықтың осындай асыл қасиетіне кезінде тамсанып, таңданған
этногроф, фольклорист, зерттеушілір жеткілікті екені белгілі. Мәселен,
Шиле: Қазақтың өз әйеліне немесе балаларына қол жұмсағанын біреу міреу
көрді ме екен?! Олар, әсіресі, балаларға мейірімді - десе, А.Диваев:
Қазақтардың арасында тіпті аз уақыт болғандардың өзі олардың балажан
екенін байқатады, - деп атап көрсетеді. Зерттеуші ғалымдардың сөздерінде
үлкен шындық жатыр.
Қазақ баласының тәрбиесі ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен
көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болды. Атадан бала тусайшы, ата жолын
қусайшы деп аға ұрпақ келер ұрпақты ізгілікке тәрбиеледі.
Отбасындағы тәрбие мына бағыттарда (Ш.Ахметов) жүрді:
• Тәрбие басы – әдептілікке үйрету;
• Мейірімді бала тәрбиелеу;
• Тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу;
• Адалдық пен шындыққа баулу;
• Білгір болу ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін
тыңдату, Ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре
беру;
• Үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету – басты міндет;
• Кісі айыбын бетіне баспа дейді. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес,
ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз;
• Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса
дегенді үйретеді.
Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол қазынасындағы баға
жетпес байлықтарының бірі – әдеп тәрбиесі. Әдеп – белгілі бір халықтың әдет
– ғұрпында тұрақталып, қалыптасқан этикалық тәртіп. Әдеп тәрбиесінің негізі
отбасынан басталады. Отбасындағы әдеп тәлім – тәрбиесінің басты түрлеріне
мыналар жатады:
– Әке мен ананың жеке тәрбиесі, үлгі – өнегесі;
– Ата мен әженің, отбасы мүшелерінің, көрші мен туыстың тәлім –
тәрбиесі;
– Халық даналығын, мақал – мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-
әңгімелерді, батырлық, ғашықтық жырларды пайдалану;
– Ұлттық ойындар, салт – дәстүрлер;
Осы әдептілік ұғымдарын қазақ балалары Ұлы Қазан төңкерісіне дейін
өмірден, күнделікті тұрмыстағы тәжірибеден үйренген.
Тәрбие барысында баланың жас кезеңдері ескерілген. Бүгінгі күнде жас
кезеңдерге бөлудің бірнеше түрі бар. Мәселен, адамның физиологиялық және
психологиялық даму ерекшеліктерімен байлансты түрі: туғаннан 1 жасқа дейін
– нәресте; 1-7 – сәби; 7-12 – ойын баласы; 12-15 – сығыр, ересек
бала, т.т. немесе қазақтардың мал шаруашылығы (төрт түлік) әрекетімен
байланысты түрі: туғаннан 10 жасқа дейін - қозы жасы; 10-20 – қой жасы;
20-30 – жылқы жасы; 30-40 – аға жас, ер түлегі; 40 жас әдетте патша
жасы. Мүшел жасқа адам дамуындағы қатерлі жас тұрғысында қараған (12-ден
13-ке қараған кезең). Бұл кезеңде тәрбиеге баса назар аударған, балаларға
өздеріне абай болуын ескертіп отырған. Қазақтарда ғасырлар бойы қалыптасқан
ішкі отбасылық қатынастардың да елеулі маңызы болды. Оның өзіне тән
ерекшелігі ауылдың айтулы оқиғаларына (мерекелер, кездесулер, айтыс, жиын –
тойлар, т.б.) туыстас отбасылардың бірге қатысуына жағдай туғызады. Көбіне
ауылға күйші, жыршы, әншінің немесе өзінің талантымен, шапағатымен өте аты
шыққан адамның келуі барлық туыстас отбасыларының балалары мен жастарын
қонақ күткен үйге жинауға себеп болады.
Мұндай жағдайда балалар мен жастар ауылдағы оқиғаларды сырттай
пайымдаумен шектеліп қана қоймай, оған белсене араласып отырған. Өйткені
мұндай кездесулер мен мерекелердің тіпті жанама қатысудың өзі ой тудырып,
тәжірибеге алмасуға, халық шығармашылығының таңдаулы үлгілерін күнделікті
тұрмысқа қажетінде пайдалануға түрткі болады.
Туыстық байланыстарды беріктігі арқасында бір адамның қабілеті мен
таланты туыстас отбасыларының ортақ игілігіне айналды. Олар бұл игілікті
үнемі жетілдіріп, өзінен кейінгі ұрпақтың бойына сіңірді.
Мұнда тәрбиенің маңызды гуманистік, шын мәніндегі халықтық дәстүрлері
бізге дейін де жеткен патриархалдық тұрмыстың кейбір белгілерімен ерекше
күрделі байланысып жатады.
Халық ең алдымен бақытты отбасын армандады. Себебі, отбасы – бақыт
кілті. Бірақ, бақыт дайын күйінде берілмейді, оны күреспен алуға тура
келеді. Еңбекпен келген бақыт адамды қанағаттандырады. Халық ұғымында тату
отбасы адамға осындай бақыт әкеледі. Халық көптеген ұрпақтың тәжірибесіне
сүйеніп, отбасы негізі өзара махаббат екендігіне көзі жетті. Сондықтан
барлық халықтар Махаббатсыз отбасы – тамырсыз ағаш деген пікірге келіп
отыр. Тек қана өзара махаббат, сезім, көзқарас, талғамның бірдей болуына
ықпал етеді.
Ұят сезімінің көп ғасырлық тарихы бар. Отбасылық дәстүрлер еңбекшілер
арасында берік болды. Неке тазалығы бәрінен берік болып, ажырасу болған
жоқ. Ерте тұрмыс құру – Қазақстан және Орта Азия халықтарына тән
ерекшеліктің бірі болып табылады.
Осы істе махаббат мәселесі отбасы тәрбиесі педагогикасы маңызды деп
саналып келді. Жас жігіттер мен қыздар арасындағы достық, әдетте махаббатқа
– ең биік адамдық сезімге ұласады. Халық даналығы махаббат көріністеріне
сыйластықпен қарайды. Адам алғашқы махаббатын ең бақытты, қайталанбас
жастық шағында сезінеді. Алғашқы махаббаттың бұрынғыдан өзгешелігі - жас
адам алдымен өзін тани бастайды. Көрнекті мамандардың және физиологтардың
пікірінше, балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа деген құлшыныс
болмайды. Жыныстық тәрбиенің құдіретті факторы ана, әке өнегесі, олардың
арасындағы шынайы қарым – қатынас, сыйластық. А.Сухомлинскй Жыныстық
қатынастардың жоғары мәдениеті - біздің арамыздағы маңызды қоғамдық
мақсаттардың бірі болуы тиіс деген болатын.
1.2 Отбасы – педагогикалық қатынас субъектісі
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына, кең өріс ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім
Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев т.б. педагогикалық ой-
пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғалымдары.
Бұл демократ ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет-
ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем
щығармалары, тіл мен мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналады.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этногрофы, жазушы Ыбырай Алтынсарин
өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын, мысалы,
Қобыланды батыр, Жәнібек батыр, Қара батыр, т.б. түрліәңгімелерді
(Ағаштар бағы, Жомарт адам, Әке мен бала, Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаш т.б., сонымен бірге жақсылық пен жамандық, адам, бала, ата-
аналар) пайдалана білген. Мәселен, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш атты
әңгімеде әкесі он жасар баласына даламен жүріп келе жатып бірнеше сұрақтар
қояды:
– Балам, ана өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz