Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Жоспар
Кіріспе 4
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 6
1,1 Халықаралық қылмыстық құқықтағы қылмыстылық және оның туындау белгілері
6
1,2 Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы 10
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК 15
2.1 БҰҰ-ның халықаралық қылмыстармен күресу саясаты 15
2.2 Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі 17
2.3 Қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтері 24
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
Кіріспе
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң ғылымдарында халықаралық
қылмыстылықтың пайда болуы тақырыбына басқа жалпы қылмыстылықпен
салыстырғанда көп зерттелмеген. Бірақ халықаралық қылмыстылық термині
соңғы кезде қылмыспен күресте кеңінен қолданылып келеді. Ресей заңгерлері
И.И.Карпец, П.И. Гришаев зерттеулері халықаралық қылмыстылық тақырыбына
арналған. Басқа да отандық және Ресей авторлары халықаралық қылмыстылық
тақырыбын зертеген, атап айтатын болсақ: В.И.Степаненко, Ю.А. Решетов, В.Н.
Кудрявцев, В.В. Лунеев, А.В. Наумов, М.Д. Шаргородский, И.П. Блищенко, Р.А.
Каламкарян, В.П. Панов, И.И.Лукашук.
Көптеген авторлар халықаралық қылмыстылық тақырыбына халықаралық
қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер ынтымастығы мәселелерін қозғады, олар:
П. Панов, Ю.Н. Жданов, А.Н. Костин, Л.Н. Галенская, В.П.Зимин и И.Н.
Зубов, А.Г. Богатырев, С.В. Бородин, Е.Г. Ляхов. В.М. Волженкина, П.Н.
Бирюков, Е.Г. Моисеев, Г.В. Игнатенко, В.Ю. Голубовский, С.С. Сартаев,
Р.Н. Акпарова, И. Жұмабеков, А.Х. Арыстанбекова, М.Б. Джарбусынова, Ж.
Акишева және басқалар.
Б.Х.Олжабаев, Б.Т.Қабдуллин Қылмыснама: Заң мамандықтарында оқитын
студенттерге арналған кестелер альбомында: Қылмыстылықтың алдын алуда
халықаралық ынтымақтастық – бұл қылмыстылықтың алдын алудың, онымен
күрестің және құқық бұзушыларды түзетудің тиімділігін арттыру мақсатында
мемлекеттердің және халықаралық қатынастың басқа да қатысушылары күшін
біріктіру болып табылады [8, 144 б]- деп жазады.
А.Б.Шевареганың Сотрудничество государст в борьбе с медународными
уголовными преступлениями(Киев, 1990) авторефератында Халықаралық
қылмыстылықпен күресуде халықаралық мемлекеттер ынтымастығының тиімділігін
арттыру, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ең бірінші Интерполдың
қатысуы керек [9, 55 б]- деп жазады.
А.Ю.Олиппиев өзінің Международное сотрудничество в противодействии
торговле с людьми (Москва, 2011) атты еңбегінде: Құқық қорғау
органдарындағы халықаралық ынтымақтастықтың оларды тергеу кезінде өз
ерекшеліктері мен қиындықтары бар, тіпті кейде дұрыс емес бағыт таңдап
алынуы мүмкін. Сондықтан, барлық қиындықтарға, протоколдарға қарамай,
мемлекеттік ынтымақтастық адам сату қылмысымен күресте және халықаралық
ұйымдасқан қылмыстармен күресте табыстарға жету үшін үлкен мағынаға ие
[11, 277 б]- деп атап өтті.
Зерттеу объектісі. Халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер
ынтымастығының институттық механизмі мәселелері.
Зерттеу пәні. ҚР Қылмыстық құқық, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша
халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының
институттық механизмі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен
күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен
күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның
ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және
даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс –
әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі
мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.
Зерттеудің жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық
қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін
объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар
әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Қылмыстылық тарихына келетін болсақ, "қылмыс" деген ұғымға әрқилы
анықтама беріліп келеді. Бірінші 1919 жылы, одан кейін 1926 және 1932
жылдар аралығындағы Қылмыстық кодекстерде анықтамалар берілді. 1926 жылдан
1935 жылға дейін және одан кейін қабылданған Одақтас республикалардың
Қылмыстық кодекстері мен басқа Заң негіздерінде қылмыс деген ұғымға нақты
түсінік беруге ұмтылыс жасалынды.
1959 жылы қабылданған Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексінің 7-бабында
қылмыс деген ұғымға мынадай анықтама берілген: "Қылмыс дегеніміз - қоғамға
қауіпті, қоғамдық, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттің шаруашылық жүйесіне,
азаматтың жеке басына, саяси өмірге, еңбек мүлкіне, азаматтардың құқығына,
басқа да құқылық тәртіпке қол сұғушылық"[20, 227 б.]. Қылмыстың қоғамға
қауіптілігі, қол сұққан немесе қол сұғуға әрекет жасалған объектіге,
келтірілген немесе келтірілетін зиянның мөлшеріне байланысты, сонымен қатар
қылмыс деп саналатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің түрі мен тәсілі
қандай жағдайдажасалуы, қасақаналықпен, абайсыздықпен жасалудың себептері
мен мақсаты анықталуы қажет екендігі көрсетіледі. Кодекстің 7-бабында
бұрынғы заңдарға қарағанда қылмыстық заң қорғайтын жалпы объектіні
толығырақ айтады.
Қылмыстық кодекстің 7-бабының 2-бөлімінде: "Қылмыстық заңда
көрсетілген, формалды нормалардың сыртқы түрі жағынан қылмыстың құрамдық
белгілеріне дәл келетін, бірақ маңызы шамалы, қоғамға қауіп келтірмейтін
әрекет немесе әрекетсіздік болғандықтан қылмыс болып саналмайды" делінген.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Қылмыстық кодексінің 8-бабында:
"Қылмыс дегеніміз - кінәлінің қоғамға қауіпті іс-әрекет әрекетсіздігі,
қылмыстық заңдарда тыйым салынған объектілерге қол сұғуы" делінген. Қылмыс
ұғымына жоғарыда көрсетілген нормалардан кінәлінің іс-әрекетінің
әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігі де кіреді. Басқа нормативтік актілер
мен құжаттарда адамның табиғи құқықтары мен бостандығына, жеке меншігіне,
Конституция қағидаларына сәйкес әлеуметтік, экономикалық құқықтарға қол
сұғудан қорғалатындығы көрсетілген. 2-бапта қылмыстық заңдардың қағидалары;
4-бапта қылмыстық жауапкершілік айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің 9-бабында қоғамға қауіпті әрекет ретінде (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылмайтындығы көрсетілген.
Қылмыстың негізгі белгісі кінәлінің іс-әрекетінің қоғамға
қауіптілігі, келтірілген зияны, қол сұғылған объектінің маңызы, әрекеттің
тәсілі, жасау әдісі, кінәлінің ой-пікірі, басқа да жағдайлары осы негізгі
белгілерде қаралады. Мысалы, қасақана жасаған қылмыс абайсызда жасаған
қылмыстан анағұрлым ауыр. Бірақ заңда кінәлінің қасақана немесе
абайсыздықта жасаған іс-әрекеті қоғамға, мемлекетке, адамдарға қауіпті
болып көрсетілген. Сондықтан "қауіптілік" қоғамға қауіпті деу үшін
кінәлінің іс-әрекеті жан-жақты қаралады.
Қылмыстың қандай топтың объектісіне жататыны, қандай дәрежеде
жасалғаны, саяси мәні мен адамгершілік жағы, күшпен немесе зорлықпен
жасалғандығы, материалдық, формалдық жағы сияқты жағдайлар қылмыстық іс-
әрекетке "қоғамға қауіпті" белгісін көрсетеді. Мысалы, адамның өміріне,
денсаулығына қарсы қылмыстар, бостандығына, адамгершілігіне қарсы қылмыстың
айырмашылығы, тікелей объектінің маңызы мен мәніне, қандай дәрежеде
жасалғанына байланысты. Құжаттарды қолдан жасау, қауіптілігі жеңіл немесе
ауыр, зорлықпен және күшпен жасалған іс-әрекетте қаншалықты дәрежеде
зорлауы, күш жұмсауы, қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекетте, ой-
пікірлерінің түрлерінде, алдынала дайындалғандығында немесе кенеттен жасауы
және басқа жағдайлар.
Таяудағы уақытқа дейін халықаралық құқықта арнаулы әдебиеттерде
қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың
жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұкаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік
қылмыстық-кұқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп
келді.
Тіпті, қылмыстылық өзінің құрамына әр алуан күтпеген, кездейсоқ,
төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына
күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын кұрамайды дейтін болсақ,
оның дербестігі өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты
болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық-жалпы-әлеуметтік жағдайлардың
ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген қылмыстар
белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие
болады.
Қылмыстылықтың дербестігі, оны құрайтын жекелеген қылмыстарға
байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен
байқалады. Н. Ф. Кузнецованың қоғамға қауіптілік белгісінің қылмыстылық
ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды[21, 123 б.].
Қоғамға қауіптілік осы кұбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін
қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген
қылмыстың қоғамдық кауіптілік қосындысына қосылмайды, дербес мазмұн мен
мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа
әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылықта әлеуметтік жағдайға кері әсерін
тигізеді.
Сонымен қатар, кылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада - бұл
құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және
оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әр қилы
құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге
болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы
байланыстарды үзіп, оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі
теорияға айналдыруға итермелейді.
Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтыгы арқылы ғана
танып-білуге де болмайды. Экономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік
психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік
шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда,
қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б.
Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).
Қылмыстылық - бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір
кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-
күйі, деңгейі, қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын
барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады:
тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы,
әлеуметтік-құқықтық табиғаты.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік
себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп
бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен
әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға
деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заң да осы әлеуметтік
себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалай да қателіксіз
төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба)
мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай,
қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті
қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
Қылмыстылық— нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі
бір кезеңінде пайда болган, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің
тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық
қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.
Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі — ол
мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың
мәнді белгісі — оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана
қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы
екендігін көрсете алады.
Халықаралық құқық доктринасында өз заманында қалыптасқан мемле-
кетаралық қатынастармен және әрбір ғалымның өз көзқарасы ерекшеліктерімен
айқындалған ХҚҚ-тың әр түрі түсініктері берілген.
Алғашқылардың бірі болып ХҚҚ түсінігін Ф.Мартенс берді. Оның тұжырымы
бойынша ХҚҚ - дүниежүзілік қарым-қатынаста мемлекеттердің жазалау билігін
жүзеге асыруда бір-біріне халықаралық сот көмегін көрсету шараларын
реттейтін құқықтық нормалары жиынтығы. Яғни, ХҚҚ тек қана іс жүргізу
нормаларынан тұрады.
Бастапқы кезеңде, И. Карпец Преступления международного характера
еңбегінде: ХҚҚ — қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекетін реттейтін шектеулі
құқық нормалары жиынтығы деп қана танылды[26, 56 б.] - деп жазған.
Біртіндеп ХҚҚ түсінігі толықтырылып, оған құқықтық көмек және
қылмыскерлерді беру мәселелерін реттейтін нормалар қосылды. ХҚҚ
тұжырымдамасының қалыптасуына әлем қауымдастығымен қабылданған агрессия,
геноцид (жаппай қыру), экоцид, халықаралық терроризм, т.б. әрекеттердің
қылмыстығы мен жазаланушылығын орнатқан халықаралық шарттар үлкен әсеретті.
Л.Галенская атап көрсеткендей, кейін заң әдебиеттерінде бір мезгілде ХҚҚ-
тың 5-6тұжырымдамасы орын алды:
а) ХҚҚ - жалпы халықаралық құқықтың бір саласы;
ә) ХҚҚ - халықаралық жариялы құқықтың саласы;
б) ХҚҚ - халықаралық жеке құқықтың бір бөлігі;
в) ХҚҚ - қылмыстық құқықтың бір бөлігі;
г) ХҚҚ - материалдық және іс-жүргізу нормаларын қосатын өзіндік,
комплексті құқық саласы.
Қорыта айтқанда, халықаралық заң әдебиеттерін талдау нәтижесінде біз
адамзат мойындаған ХҚҚ түсінігі және оның табиғаты жөнінде біртұтас
пікірдің жоқтығына көз жеткіздік. Реттеу пәнін алып қарасақ, оған
қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу және қылмыстық іс-атқару құқықтары
реттейтін қоғамдық қатынастар жатады екен. Осыған байланысты қазіргі кезде
көптеген ғалымдар ХҚҚ-ты халықаралық құқықтың мемлекеттер арасында
қылмыспен бірлесіп күресу мәселелерін реттейтін комплексті саласы деп
санайды. Ал, ұлттық құқық жүйесінде олар жеке салалар болып табылады.
Сондықтан, біздің ойымызша, халықаралық құқықта да аталған салалар жеке
бөлініп шығып, халықаралық қылмыстық, халықаралық қылмыстық іс-жүргізу және
халықаралық қылмыстық іс-атқару құқықтары деп аталуы қажет сияқты.
Ендеше, ХҚҚ – мемлекеттердің және басқа халықаралық құқық
субъектілерінің халықаралық шарттарда және ұлттық заңнамаларда адамзат
қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттердің қылмыстығын және
жазаланушылығын орнататын нормалар мен қағидалар жүйесі және халықаралық
құқықтың өзіндік саласы.
1,2 Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде халықаралық сипаттағы қылмыстардың
түрлi атаулары кездесiп қалады:
- халықаралық қылмыстық iстер;
- конвенциялық қылмыстар, қылмыстық iстер,
- халықаралық қылмыстар, трансұлттық қылмыстар.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, барлық халықаралық құқықбұзушылықтар
халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыстық iстерге бөлiнедi
(кейде контексте синонимдер де кездеседi: халықаралық қылмыстық iстер).
Екінші дүниедүзілік соғыс біткеннен кейін, атап айтқанда, 1945 ж. 8
тамызда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтері Халықаралық Әскери
Трибунал құрды. Трибуналдың құрылғандағы мақсаты басты әскери
қылмыскерлерді әділ және тез арада жазалау болатын. Халықаралық
Әскери Трибунал Жарғысының екінші бабына сәйкес, оның құрамы төрт
мемлекеттің әрқайсысынан бір-бір мүше мен орынбасарларды тағайындау арқылы
айқындалды. Халықаралық құқықта бірінші рет ХӘТ жарғысы жеке
жауапкершілікке тартылатын қылмыстар жүйесін айқындап берді:
a) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; атап айтқанда: жоспарлау, дайындау,
халықаралық келісімдерді, шарттарды немесе пәтуаларды бұза отырып
басқыншылық соғыс жүргізу немесе соғыс өртін тұтандыру не болмаса
жоғарыда аталған кез келген әрекетті жүзеге асыруға бағытталған жалпы
жоспарға немесе астыртын сөз байласуға қатысу;
b) әскери қылмыстар, атап айтқанда, соғыс заңдарын немесе салт-дәстүрлерін
бұзу. Оларға мыналар жатады: басып алынған аумақтың бейбіт тұрғындарын
өлтіру, азаптау, құлдыққа немесе басқа мақсаттарға алып кету; теңіздегі
әскери тұтқындарды немесе тұлғаларды өлтірунемесе азаптау; аманаттағы
тұтқындарды өлтіру; қоғамдық немесе жекеменшік тонау; қалалар мен
ауылдарды мән мағынасыз қирату; әскери қажеттілігі дәлелденбеген басқа да
қылмыстар;
c) адамзатқа қарсы қылмыстар: соғыс кезінде немесе соғыстың алдында бейбіт
тұрғындарға қатысты жасалған кісі өлтіру, азаптау, езіп жаншу, жер аудару
және өзге де қатігездіктер немесе саяси, нәсілдік немесе діни желеулерге
байланысты қудалау, осы қылмыстар жасалған елдің ішкі құқықтарын бұзуға
жататына жатпайтына қарамастан, Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез
келген қылмыстарды жүзеге асыру.
Мұндай қылмыстар бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету, жеке тұлғаны қорғау және
тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастық мүдделерiнiң iргелi негiздерiн
бұзады. Мұндай сипаттағы қылмыстардың субъектiлерi мемлекеттер мен олардың
басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен қылмыстық әрекеттердi орындаушылар
болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде жиi кездесетiн халықаралық сипаттағы қылмыстық
iстердiң кейбiрiн қарастырып көрейiк.
Халықаралық терроризм (лаңкестік). Терроризм және террор термині
1789 – 1794 жылдардағы Француз буржуазиялық революциясы кезінен бастап
кеңінен қолданыла бастады. Сәл кейінірек, 1798 жылы Француз академиясының
сөздігінде ол үрей жүйесі ретінде айқындалды. Ұлыбританияда біршама
өзгеше: қорқынышты басқару деген маңызға ие.
Қазақстан саясаттану ғылымында терроризмді зерттеудегі үлгі болатын
тіректі еңбектің бірі - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың
Сындарлы он жыл атты кітабы. Елбасы осы зерттеуінде Қазақстанның әлемдік
қауымдастықтағы орны мен маңызын айқындай отыра казіргі заман қауіптерін
сарапқа салады. Еңбекте қазіргі планетарлық қауіпке айналып отырған
терроризмнің шығу себептері, табиғаты мен салдарлары сарапталады .
Президент еңбегінде берілген: терроризм белгілі бір мақсат
-міндеттерді орындау жолында зорлық көрсету идеологиясына негізделеді.
Терроризм көзқарастар мен идеологиялардың емес, іс-әрекеттің жүйесі.
Сондықтан ол өзі үшін жасалмайды. Ол өздігінен әлеуетті, әлеуметтік күш
емес. Бірақ та әрекет түрі ретінде оның ықпалы мен зәрулігі бар, - деген
анықтамасын біз өз зерттеумізге үлгі ретінде қабылдадық[28, 232 б.].
Терроризмнің себептері, қаржылану көздері, элементтері мен әдіс-
тәсілдері жаңарды. Билікке таластан туатын, идеологиялық-танымдық, саяси
терроризм орнына діни-экстремистік, ұлтшылдық, қылмыстық терроризм
түрлерінің күшейгені анықталды.
Исламдық террористік топтар дінді уағыздамайды. Олар үшін дін тек
ұран үшін кажет. Көптеген сарапшылар Усама бен Ладеннің Аль-Кайда
халықаралық террористік ұйымының нақты шындық екендігіне күдікпен қарайды.
Мысалы, Түркияның барлау ұйымының бұрынғы басшысы Махир Кайнак террористік
әрекеттерді халықаралық террористік ұйымдар емес, жекелеген мемлекеттер
тапсырмасымен олардың арнаулы ұйымдары айналысады[29].-деген пікір айтады.
Сондықтан, ислам терроризмін қоздыру белгілі бір күштерге әлем халықтарын
ислам дініне қарсы қою үшін қажет болып отыр. Халықаралық жүйені қамтитын
арнаулы кызметтер Аль-Кайда атымен терактілер ұйымдастырып исламмен
күресуде, ал ислам дүниесін жақсы білетін әлемдік лидерлердің бірі Беназир
Бухутто ислам экстремизмінің себептерін Таяу Шығыстағы саяси ахуалмен
байланыстырады.
Кейбір зерттеушілер қазіргі терроризмді
антропологиялықэтнографиялық деңгейде, мәдени-тарихи және діни контексте
қарастыруды және бағалауды ұсынады. Террористік әрекеттерді үлкен топтардың
мақсаттарына, кедейлік пен биліктің күресіне, Шығыс пен Батыстың
глобализмнің қайшылықтарына, немесе өркениеттердің қайшылықтарына жекелеп
тәуелді етуге болмайды. Тіптен кедейшілік пен қайшылылықтың жекелеген
елдерде белең алуы терроризмге себеп бола алмайды. Ол үшін өшпенділік
сезімін қоздыратын идеология қажет. Сен кедейсің, сенің елің қаналуда,
оған кінәлі байлыққа кенелген, басқаларды қанаудан миллиардтаған доллар
тауып отырған Батыс пен АҚШ мемлекеттері деп уағыздау нақты терроризмді
тудырады дейді сарапшылар.
Терроризм тек саяси күрес формасы ғана емес, қазіргі бизнестің көзі
ретінде де қарастырылады, дамыған мемлекеттер өздерінің кейбір қаржылық
топтарының пайда табу мақсатында ислам террористерін дайындау бизнесін
жолға қойғандығы туралы деректер бар. Мысалы, Ислам халықаралық майданы
ұйымы өз жұмысын көп уақыт бойы Ұлыбританияның жерінде табыспен жүргізіп
келген. Сондықтан террористік әрекеттерге ислам экстремистерімен бірге
Батыс мемлекеттерінің құпия қызмет жасайтын арнаулы мекемелері де жауапты,
алайда мұндай исламдық діни экстремизм құбылысына, тек исламдық діни
экстремизмді ғана жауапты етуге болмайды, - деген пікірді бұл зерттеу
дәлелдеуге ұмтылады.
АҚШ - тың Ұлттық қауіпсіздігі агенствосының директоры Майкл Хайденнің
айтуынша АҚШ-тың арнаулы қызметтерінің 11 қыркүйектегі терактіні
болдырмауға шамасының келмеуі террористердің қазіргі электрондық почтаны
пайдалануына байланысты. Шынында қазіргі технологиялар террористерге өте
күрлелі қару - жарақтармен, байланыстың құпия құралдарымен және шұғыл
әрекеттерді қамтамасыз ететін жабдыктардың қандай түрімен болсын байланысын
жасақтануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 140-қа жуық интернет
сайттарында террористерге қарапайым жарылғыш заттарды дайындаудан бастап
күрделі терактілік операциялар жүргізуге көмек беретін нұсқаулар бар.
Осындай өздерінің саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен
қаруланып жасақталған қазіргі терроризмді жүзеге асыру масштабтары мен
географиясына қарай негізгі үш топқа бөлдік:
а) халықаралык терроризм
б) ішкі саяси терроризм
в) қылмыстық терроризм
Ал оның табиғаты мен мазмұнына қарай бес типке бөлуді дұрыс санаймыз:
1) ұлтшылдық (националистік) терроризм.
2) діни терроризм.
3) мемлекет қолдауымен болатын терроризм.
4) солшыл экстремистер терроризмі.
5) анархистік терроризм.
Адамзат тарихында терроризм жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орын алып
келеді. XX ғасырда террордың неше алуан түрлері орын алды. Өздерінің саяси
мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған қазіргі
терроризмді негізгі үш топқа бөлуге болады:
Біріншісі — халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік, немесе
географиялық шекарасы жоқ. Бұндай топтар әлемнің кез-келген нүктесінде
қызмет ете алады. Өздерінің өкілдерін, жақтастарын қажет деп тапқан мем-
лекетке орналастырып терроршылдар кадрларын мүқият тексеруден өткізеді,
психологиялық дайындықтар өткізуде террористік актілерді ұйымдастырудың бай
әдіс - тәсілдерін меңгертеді. Оларға тіптен ұшақтарды бақылау жолдарын да
оқуға мүмкіндік жасайды. Халықаралық терроризм өзінің курс әдістерінің
құпиялығы мен жоспарлауының тиімділігімен терактілерінің алдына қойылған
мақсаттарға жетуімен ерекшеленеді. Халықаралық терроризм әлемдік
әділетсіздік тәртіптерге қарсы, АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттерінің
экономикалық, финанстық диктатына қарсы ұрандарды ұстанады. Батыстық жаңа
неоколонистік және неоимпералистік саясатымен күресудеміз деп есептейді.
Халықаралық терроризм өздерінің жасаған іс-әрекеттерін әлемдік әділетсіздік
тәртібіне жауап деп есептейді. Британияның қорғаныс зерттеулерінің
карольдік институтының төрағасы Майкл Александр айтқандай: "Бұл соғыс
дүниелері мен дүниесі жоқтардың соғысы болмақ" саяси және экономикалық
жағынан үтьшған топтар мен ұрпақтардың өзінің байлығын, дәстүрін және
жағдайын қорғаған топтар соғысы. Үшінші дәреже "елдеріндегі қиыншылық пен
тартыстардан туған терроризм тек таяу шығысты ғана емес, бүкіл әлемде
кедейленген топтардың өзінің әділетсіз жағдайына қарсы белсенді
көтерілістерге шығуынан туады".
Антиамерикандық терроризм әлемдік терроризмнің жаңа толқынының
келуіне себеп болды. Террористік әрекеттер тіптен қауіпті бола түсуде.
Дәстүрлі ұшақтарды, магазиндерді, театрларды басып алу әрекеттерінің орнына
катастрофалар терроризмі келе жатыр. Оның әдеттегі электр жүйелерін, жылу
жүйелерін күйрету, ірі жер мекендердегі ауыз су коздерін улау, компьютерлік
жүйелерді талқандау, ядролық. психотрондық қарулар арналарын басып алып
мемлекет пен халықты қорқыту арқылы шантаж жасау әдістері, тәсілдері молая
түсті.
Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен
қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын
көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер,
100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.
Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және
кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған.
Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл
жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан
қиратылды.
Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару
жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен
шығару көзделеді.
Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана
отырып лаңкестік әрекет жасау.
Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік
мақсатқа пайдалану.
Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды
БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан
дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу
үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі
мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын
улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет
жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі
мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың ақпарат лаңкестігі делінуі ғажап емес.
Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.
Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі.
Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып,
адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-
тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық,
экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің
пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің
алдын алуды да білген абзал.
Сонымен бірге терроризмге қарсы күрес жөнінде қолданылып жатқан
шаралар жеткілікті емес, тек ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де
жүргізілетін келісімді іс-қимыл қана осы құбылысқа қарсы күресте
мемлекеттердің бірыңғай саясатын жасауды алдын ала айқындай алады.
Оның үстіне бүгінде терроризмге қарсы күрестің көп жағдайда бір-
бірінен алшақ екі стратегиясы қалыптасты.
Біріншісі, көп тарапты негізде қабылданған, қауіпті режимдерді, тіпті
қарулы күрес жүргізіп жатқан және террористік акциялардан шімірікпейтін
ұйымдарды да халықаралық құрылымдарға тартуға бағытталған жұмсақ, саяси
жағы басым шешімдер және олар әлемдік аренадағы ұстанымда деструктивтік
элементтерді бейтараптандырушы жаңа мотивациялар жүйесін қалыптастыруға күш-
жігер жұмсау қажеттігінен туындайды.
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1 БҰҰ-ның халықаралық қылмыстармен күресу саясаты
Халықаралық ұйымдардың жұмысында бейүкіметтік ұйымдардың қатысуы
жөнінде идея сонау алғашқы кездері айтылса да, ол тек кейінгі жылдары ғана
жүзеге аса бастады. Бұған мысалы, БҰҰ құрылған жылдары-ақ, атап айтсақ, БҰҰ-
ның Жарғысының 71-бабында қарастырылған болсада, бейүкіметтік ұйымдардың
БҰҰ-ның қызметіндегі нақтылы рөлі тек соңғы кездері ғана айқындала түсті.
БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар бейүкіметтік ұйымдармен қарым-
қатынасын тәртіпке келтіру барысында қабылдаған көптеген құжаттар олардың
құқықтары мен міндеттемелерін айқындайды.
БҰҰ-ның іс жүзінде бейүкіметтік ұйымдармен өзара байланысы әлдеқайда
кеңірек және де онын барлық бөлімшелері бейүкіметтік ұйымдармеи байланыста.
Әлбетте, бұл салада ең белсенділік көрсететіні - қоғамдық ақпарат
департаменті. БҰҰ жайындағы ақпараттарды жұртшылыққа жеткізуде бейүкіметтік
ұйымдарды жалғастырушы ретінде қарай отырып, департамент өз маңайына 1500
шамасындағы ұйымдарды топтастыра алды. Өнімі оларды қажетті
жабдықтармен, құжаттармен қамтамасыз ете отырып, олармен семинарлар
өткізеді. БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы өзінің қаулы қарарларында нақтылы
мәселелердің шешімін табуды үкіметтік ұйымдардың қолғабыс көрсетуін
сұрайды. Соңғы он жылдықтарда, іс жүзінде сондай-ақ халықаралық
бейүкіметтік ұйымдарды ірі халықаралық конференциялар өткізу жұмыстарына
қатыстыра отырып қаралатын мәселе бойынша жұртшылықтың көзқарастарын
жеткізуге мүмкіндік беруде. Көптеген мемлекеттер басынан бейүкіметтік
ұйымдардың БҰҰ-ның мәжілістерінде қандай да бір мәселе бойынша талқылау
кезінде өз ретінде тигізетін пайдасының мүмкіндігін түсінді. Тек, өкінішке
орай, Кеңестер Одағы мен басқа да социалистік бағытта болған.
Мемлекеттер бейүкіметтік ұйымдардың мүмкіндіктерін елегісі келмеді.
Сірә, олар жариялықтан қашып, БҰҰ-ның комитеттері мен комиссияларында
бейүкіметті ұйымдардың қызметіне шектеулік қоюды бірнеше рет мәлімдеді.
Кейбір социалистік елдердің бейүкіметтік ұйымдары үкіметтің ықпалынан шыға
алмай, солармен ымыралас болды. Кейін келе, бұл ұйымдарда ЭКОСОС-тағы
өздерінің орындарынан айырылып қалды.
БҰҰ құрылғаннан бастап өзінің қызметінде белгілеген мақсаттарының
бірі адам құқықтарын қорғау болып табылады. Ал, бейұкіметтік ұйымдарға
келетін болсақ, бұл жүйеде олар өз орындарын өздері айқындады. Сөйтіп,
адам, құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясының хаттамасында былай деп
көрсетілген: "БҰҰ-ның жарғысының ережесі, дәлірек айтсақ, оның 68-бабы
(бапқа сәйкес ЭКОСОС адам құқықтарын қорғауға байланысты қажетті мекемелер
құруға өкілетті)-бейүкіметтік ұйымдар мен жеке тұлғалардың Сан-Францискіде
қол жеткізген жетістігі.
Сонымен бірге халықаралық қоғамдастық адамдық қадiр-қасиеттің
қатыгездiкті немесе дөрекiлiкті болдырмау бөлігінде қылмыстық атқару
заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынысын білдірді.
Бұдан басқа, БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетінің Қазақстан
Респбликасы үшін тиісті ұсынымдар жасауы, қаралып отырған проблеманың
құралы ретінде де қарастырылды (мамыр 2001).
Ұлттық заңнамаға қатысты азаптауды болдырмау проблемасы жөнінде
мынадай жалпы әдістер ұсынылды:
1) Қазақстан Респуликасының Қылмыстық кодексіне Конвенцияға сәйкес,
тиісті қатаң жазалаумен бекітілген қинаудың құрамын енгізу;
2) Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодекстерінің басқа ережелеріне
тиісті түзетулер енгізу;
3) тиімді шараларды нақты құруға бағыталған, азаптаудан зардап
шеккендерді оңалту мен өтемге бағытталған заңнамалық актілерді енгізу;
4) кәсіби заң консультацияларына және тұтқындау мен қамауға тиімді
сот бақылауына нақты қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Қылмыстық атқару
кодексіне түзетулер.
Осыған байланысты, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясы
Конвенциясының талаптарын орындау мақсатында 2002 жылғы 21 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңымен Қылмыстық атқару кодексіне тергеушiнiң,
анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан
немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған
немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны
немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген
себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын және
психикалық зардап шектiруi үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін
көздейтін қылмыстардың жаңа құрамы енгізілді (347-1 бап Азаптау).
Бұл өзгерістер қылмыстық түзету жүйесін Әділет министрлігінің
жүргізуіне кезең-кезеңмен беруге бірден-бір себеп болды.
Қазіргі уақытта Қамауға алынғандармен Ең төменгі стандарттық
ережелерінің ұсынымдарына және БҰҰ-ның 1984 жылғы Қинау мен басқа
қатыгездiк, дөрекі және адамның қадір қасиетін кемсітетін жазалау
түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес қамаудағыларды ұстау шараларын келтіру
жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізіліп келе жатыр.
БҰҰ шеңберінде мүше мемлекеттермен және бейүкіметтік ұйымдардың ат
салысуымен жүзеге асқан, адамзат тарихындағы алғашқы адам құқықтары
жөніндегі басты құжат "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы". Осы
құжаттың мәтінін жазуға 30-дан астам бейүкіметтік ұйымдар қатысты. Бұл
ұйымдардың өкілдері Комиссия мәжілістеріне, тіпті редакциялық
комитеттің де мәжілістеріне үнемі қатысып, өздерінің қызықты жобаларын
ұсынып отырған. Олардың ішінде, атап айтсақ, американдық еңбек
федерация комиссиясы, бейбітшілікті орнату мәселесін зерттейтін БҰҰ-ның
көмекші Американдық ассоциациясы, американдық еврейлер комитеті, әйелдер
кәсіподақ комитеті және американдық адвокаттар ассоциациясы . Олар Адам
құқықтары жөніндегі комиссиямен ынтымақтаса отырып, БҰҰ-ның Бас
ассамблеясының тапсыруымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы фактіні
және Экономикалық және мәдени құқықтар туралы фактіні дайындауға
көмектесті.
2.2 Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі
Мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресудегi халықаралық
ынтымақтастығының алғашқы сатыларында нақты қылмыстың түрлерiмен күресуде
және бiрiккен әрекеттер, құқықтық көмек көрсету мәселелерi бойынша жеке
шешiмдер қабылдау басым болды. Ал, қазiргi кезде мұндай ынтымақтасу аталмыш
проблемаға кешендi тұрғыдан қарауға негiзделген. Ол мынадай жолдармен
жүзеге асырылады:
• мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерiн шешуге бағытталған көптарапты
конвенциялар жасау;
• әмбебап халықаралық ұйымдар мен БҰҰ органдар жүйесiнiң және арнайы
ұйымдардың қызметiне негiзделген халықаралық ынтымақтастық нысандарының
шарттық және институционалдық үйлесуi, мысалы Интерпол;
• мемлекетаралық ынтымақтастықтың анағұрлым икемдi және тиiмдi нысандары
ретiнде екi тарапты ынтымақтастықты пайдалану;
• ынтымақтастықтың материалдық және iс жүргiзу аспектiлерiне негiзделген
халықаралық-құқықтық және iшкi мемлекеттiк нормалар мен тетіктердi
келiстiру арқылы.
Қылмыстылықпен күресудегi халықаралық ынтымақтастық мынадай
мәселелердi шешедi:
1.Әлемдiк қауымдастыққа қауiп төндiретiн қылмыстар санатын
айқындайды.
2. Осындай қылмыстардың алдын алу және бұлтарпау жөнiндегi шараларды
үйлестiредi, сәйкестендiредi.
3. Қылмыскерлер мен қылмыстардың юрисдикциясын бекiтедi.
4. Барлық заңды құралдар мен тәсiлдер арқылы жазалаудан қашып
құтылмауды қамтамасыз етедi.
5. Қылмыскерлердi ұстап берудi қоса алғанда көптарапты және
екiтарапты негiзде құқықтық көмек көрсетедi.
Қылмыстылықпен күрес туралы халықаралық шарттар бойынша мемлекеттер
мiндеттемелерiнiң негiзiгi түрлерi мынадай болып келедi:
а) арнайы конвенцияларда көзделген әрекеттердiң қылмыстық
жазаланатынын мойындау;
б) қылмыскерлердi iздестiру және ұстауға көмектесу;
в) ұрланған объектiлердi iздестiруге және қайтаруға көмектесу;
г) қылмыскерлердi сотқа беру немесе қылмыс жасаған деп айыпталушы
тұлғаларды ұстап беру;
д) тергеу іс-жүргізуіне көмектесу.
Халықаралық сипаттағы қылмыстық iстердiң жеке түрлерi мен
мемлекеттердiң оларды бұлтартпау және қылмыскерлердi жазалаудағы
ынтымақтастығына мыналар жатады:
а)құлдық және құл саудасы;
б)есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз өндiру;
в)теңiздегi қарақшылық;
г)әуе кемелерiн заңсыз басып алу;
д)халықаралық терроризм;
е) ядролық материалдарды ұрлау және т.б.
1993 жылдың 22 қаңтарында Минскiде “Азаматтық, отбасылық және
қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы”
Конвенцияға қол қойылды[28]. Оған тоғыз мемлекет қатынасты: Армения
Республикасы, Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова
Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Украина.
Бұл Келiсiм кiрiспеден және 83 баптан тұрады. Қарастырылып
отырған проблемаға орай, “Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек” деп
аталатын IV бөлiмге жүгiнсек, онда әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция),
қылмыстық құралдарды жүзеге асыру және қылмыстық iстер бойынша құқықтық
көмек туралы арнайы ережелер көзделген. Конвенция мүше-мемлекеттердiң “бiр-
бiрлерiнiң талап етулерi бойынша, аумақтарындағы тұлғаларды қылмыстық
жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн беру” мiндетiн
белгiлейдi. (56-баптың 1 бөлігі).
Онда сондай-ақ, әдеттен тыс ұстап беруден бас тарту, оны кейiнге
қалдыру шарттары, беру туралы талаптың қайшылықтарының негіздері
көрсетiлген; берiлген тұлғаны қылмыстық қудалау шегi мен басқа да жағдайлар
айқындалған.
“Ұстап беру” (экстрадиция – extraditition) деген француз сөзi мен
ex, + tradititio беру деген латын сөзi) ұғымына халықаралық құқық
теориясында көп көңiл бөлiнген. Профессор Л.Н.Галенская ұстап берудi
мемлекеттiң қылмыскердi басқа мемлекетке халықаралық құқық нормаларына
сәйкес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе қылмыстық жазаны
қолдану үшiн беру процесi ретiнде айқындайды[24, 177 б]. Ал, профессор
Р.М.Валеев қылмыскерлердi ұстап беру институтын халықаралық және ұлттық
құқықтың тоғысындағы институтына жатқызады[25, 99 б]. Қылмыскерлердi ұстап
беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшiлiк
мойындаған қағидаларына негiзделедi. Бұл мемлекеттiң аумағындағы айыпталушы
немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе
қылмыстан зәбiр көрген мемлекеттiң сұратуы бойынша қылмыстық
жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беруден тұратын
құқықтық көмек актiсi болып табылады.
Қылмыскерлердi ұстап беру институтына мынадай белгiлер тән:
• ұстап беру іс-жосығы негiзделетiн нормалардың кешендi сипаты – мұндай
жағдайда екi дербес құқықтық жүйе – iшкi мемлекеттiк және халықаралық
құқық нормалары өзара әрекеттеседi;
• мұндай мәселелердi дербес шешуге қабiлеттi халықаралық құқықтың негiзгi
субъектiсi ретiндегi мемлекеттiң құзiретi;
• ұстап беру қылмыстық iс жасаған жеке тұлғаларға қатысты ғана жүзеге
асырылады;
• ұстап берiлген тұлға сотпен қудаланады немесе берген мемлекеттiң сот
органы белгiлеген жазаға тартылады.
Ұстап беру мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресiндегi құқықтық
өзара көмек актiсi болып табылады. Халықаралық құқықтың бұл институтының
мазмұны әлемдiк бiрлестiктiң халықаралық қылмыстылықпен күрес саласында
күштерiн ортақ бiрiктiрулерiне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.
Бейбiтшiлiкке қарсы, халықаралық қылмыстар, әскери қылмыстар,
адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы мәселе алғаш рет
бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн герман императоры Вильгелмге қатысты
талқыланған болатын. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы антигитлерлiк коалицияны
ұйымдастырушылық және құқықтық ресiмдегеннен кейiн ғана бұл институтты
жоғарыда аталған қылмыскерлерге қолдануға мүмкiндiк туды.
Халықаралық қылмыстық iстердiң жеке түрлерiмен күресудегi
халықаралық келiсiмдер қылмыскерлердi ұстап берудiң құқықтық негiздерi
болып табылады. Сонымен қатар, бiрқатар мемлекеттер екiтарапты тәртiпте
әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлердi ұстап
беру үшiн заңдық негiздердi белгiлеген кезде ұлттық заңнама нормалары мен
өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады.
Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлердi ұстап беру
шарттарына мыналар жатады:
• жасалған әрекет ұстап беру туралы шартта көзделуi тиiс немесе қылмыстық
iстердiң жеке түрлерi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда
белгiленуi керек;
• қылмыстық әрекет екi мемлекеттiң қылмыстық заңдарында бiр жылдан кем емес
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болуы тиiс (аумағында
қылмыскер жүрген мемлекет пен ұстап берудi талап етушi мемлекет).
• ұстап берiлетiн тұлға тек жасаған қылымысы үшiн ғана сотталады;
• әдеттен тыс ұстап беру (экстардиция) талаптары бойынша қылмыскердi ұстап
берген мемлекеттiң заңында өлiм жазасы көзделген болса, тұлғаға ондай
жаза қолданылмайды;
• егер беру туралы өтiнiш түрмеде қамау туралы үкiмдi орындау мақсатында
немесе осындай құқықбұзушылық үшiн бас бостандығынан айыру шарасын iске
асыру мақсатында iздестiрiлетiн тұлғаға қатысты болса, онда мұндай
жазалаудың аяқталуына кем дегенде төрт-алты айдай мерзiм бар болған
жағдайда ғана рұқсат етiледi (мемлекеттер арасындағы келiсiм бойынша).
Төменде көрсетiлген мән-жайлардың кез-келгенi бойынша қылмыскердi
ұстап беруге рұқсат берiлмейдi (императивтiк негiздер):
а) егер ұстап беру туралы келiп түскен өтiнiш бойынша құқықбұзушылық
сұратқан мемлекетке саяси сипаттағы құқықбұзушылық ретiнде қарастырылатын
болса;
б) егер сұратылған мемлекет ұстап беру туралы өтiнiш тұлғаны нәсiлi,
дiни сенiмi, азаматтығы, тегi, саяси көзқарасы, жынысы немесе мәртебесi
белгiлерiне қарай немесе соттық қудалау мақсатында сұратады деп немесе
қандай да бiр себептермен байланысты мұндай тұлғаға зиян келедi деп ойласа;
в) егер құқықбұзушылыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz