Есеп саясатын қалыптастыру негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . ……3

1. Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері

1. 1. Есеп саясатының мәні мен маңызы . . . 5

1. 2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері . . . 11

1. 3. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері . . . 31

2. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатын жасау мәселелері мен жетілдіру жолдары

2. 1. ХҚЕС кезіндегі есеп саясатының жасау мәселелері … . . . 35

2. 2. ХҚЕС-қа көшуге байланысты есеп саясатын жетілдіру жолдары . . . 45 Қорытынды… . . . …51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 53

Кіріспе

Қазақстандық экономикалық жүйе толығымен нарықтық қатынастарға көшті. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, мұның тұрақты түрде дамуына байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі де жаңа сипатпен жаңа бағытқа, халқаралық мазмұн мен мағынаға ауыстырылып келеді. Қазіргі таңда ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың «тұнықтылығын» талап етеді. [1, 11 бет]

Курстық жұмыстың өзектілігі: қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, тағы басқа жағдайларды толығымен көрсетеді.

Сонымен есеп саясаты ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын көрсетеді. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Курстық жұмыстың мақсаты: есеп саясатының мақсаты мен мәнін, мазмұнын ашу, қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларға ұйымдардың есеп саясатын қосымша түсіндірілетін ақпарат көзі ретінде тәжіребеде қолданудың қажеттігін қарастыру; бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын және ұйымдардың есеп жүргізу ерекшеліктерін көрсететін есеп саясатының қажеттілігін көрсету; есеп саясатының қандай мақсаттарға және не үшін қалыптасатындығын түсіндіру; есеп саясатын қалыптастырудың тәжірибедегі құрылымы мен қолдану бағытын және есеп саясатын өзгеріске түсіретін жағдайларды қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

1) есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай

қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

  1. нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі

әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

3) қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын

маңызды есеп әдістерін белгілеу;

  1. ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және

ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;

  1. синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы

материалды қорларды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу тағы басқа әдістерді кеңінен қолдану. [2, 9 бет]

Осы курстық жұмысымда мен есеп саясатының мәні мен маңызын, құрамын, қалыптастыру негіздері мен есептегі ерекшеліктерін оның халықаралық есеп стандартына көшкендегі қалыптасқан негізгі проблемаларын қарастырдым.

1. Ұйымның есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері

1. 1. Есеп саясатының мәні мен маңызы және қалыптастыру негіздері

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама (концепция) » деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді. [3, 75 бет]

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұғымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

Қазақстаыдық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп -Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әртүрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т. б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды. [3, 78 бет]

Сонымен есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылык принциптері жатады. [4, 85 бет]

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын, хаттарын т. б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген типтегі ұйымдар, құқылы тұлғалар өзара экономикалық қатынастарға түседі. Бұлардың мақсат-мүддесі де әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек. Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық шараларынан, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен беру сияқты факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп саясатын қалыптастыруға болады. [4, 89 бет]

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т. б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа жетуге болатындығын білгеніміз жөн.

Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.

Есеп саясатының міндеттері: есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау; нәтижелік көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау; қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу; ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету; синтетикалық және аналитикалық счеттар тізімін жасау, тауарлы материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т. б. әдістерді кеңінен қолдану т. б. [5, 98 бет]

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолдалынады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.

Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т. б. байланысты болады. Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.

Бірінші, «жоғарыдан» реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші «төменнен» реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялық ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты -арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады. [5, 102 бет]

Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолданғаны жөн. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде жасалынуы керек.

Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді. Сонымен қатар жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.

Алайда кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, сондай-ақ төленетін дивиденттік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-жақты қаралуы керек. [5, 105 бет]

1. 2. Есеп саясатын қалыптастыру негіздері.

Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде-кім болмасын жақсы білуі керек. Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары мен атқарушы бухгалтерлер айтылған мәселелер өрісін терең түсініп біле бермейді.

Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.

Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері жауапты. [6, 122 бет]

Бухгалтерлік есептің ең негізгі функциясы сенімді жасалған қорытынды есеп мәліметтерін толығымен бекіту және пайдаланушыларға тапсыру болып табылады. Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы терминдерді негізге ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар: мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын; есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.

Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек.

Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын бұған дейін жарияланған қаржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде мүмкін болатын ұйғарымдарды қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі. Есеп саясатының негізін қалаушы әдіснамалар мен ережелерді т. б. ресми құжаттарды қолдану процесі қаржы көрсеткіштерін талдаушыларды шатастырмайтындай жинақы жасалынуы керек. Өткен жылдағы қорытынды есеп жүйесінде қолданылған әдістерге қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді болып қалыптасқандығын көрсете білген жөн. [6, 125 бет]

Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарынын типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т. б. көптеген бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек: осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен дербес жүргізілетіндігін; ұйым өз қызметін белгісіз уакытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін кысқартпайтындығын; таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін; дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы көрсетілетіндігін.

Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті капитал және міндеттемелер мына төмендегіше топтастырылуы керек: бухгалтерлік есептің счеттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар мен олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша; бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша; активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай арнайы сабақтастық принципі бойынша.

Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады. [7, 156 бет]

Жоғарыда айтылған мәселелср мен ұсыныстар мазмұны түгелімен есеп саясатын жасауға қолданылады деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен-бірін байланыстырып қолдануына олардың мүмкіндігі бар.

Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі: шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу; пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау; әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип) .

Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі факторларды есепке алуы керек: меншіктің түрі, шаруашылық қызметінің ұйымдық және құқықтық үлгісі; ұйымның көлемі және технологиялық ерекшеліктері; шаруашылық өрісі; кадрлармен қамту; салық салу және салық есебі ерекшеліктері.

Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясатын аудиттеу
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz