Экскурсиондық объектілерді таңдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1.1Экскурсия қызметінің тарихи 5
1.2Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
1.3Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11

2 Шарын шатқалы бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
2.1Шарын шатқалы бойынша экскурсияның кіріспесі 12
2.2Шарын шатқалы бойынша экскурсия маршрутының технологиялық 14
картасы мен схемасы
2.3Шарын шатқалы бойынша экскурсияның қорытындысы 17
2.4Шарын шатқалы бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18

Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың
экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып
табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай
отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени
ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның
денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-
ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа
қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей
білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға
үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қор-шаған ортаны
белсенді танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер
өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның
табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар
халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты
жағдайлармен күреске қатысады [1].
Қазақстан 2030 стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы
жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт
болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан,
бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол
елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани
және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға
пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен
байланысқан жеке және заңды тұлғаларды асырап жатқанын айтып өтпеуге
болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң
күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия
түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті
көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру керек.
Экскурсиятану пәні бойынша курстық жұмыс Шарын шатқалы бойынша менiң
жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру үшін мен
ұлттық кітапхана материалдарын, ғаламтордың әр түрлі сайттарынан
мағлұматтарды қолдандым.
Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi
петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған
суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша
айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген
көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит
дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.
Шарын каньоны - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның
шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін
ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның
түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың.
Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді
өмір туралы ойланасың.
Біздің маршрут 1күндей уақытты алады. Дегенмен, экскурсия кезінде ол
уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады.
Экскурсия кезінде біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек -
Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.
Курстық жұмыстың мақсаты: экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің
барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің экскурсиялық
түрлерінің әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру, туризмдегі экскурсия және
оның әдіс-тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
- Транспорт экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру
және оларды ұйымдастыру;
- Экскурсия түрлерін өткізуге болатын Шарын шатқалының негізгі
объектілерін бөліп қарастыру;
- Шарын шатқалының пайда болу тарихымен экскурсанттарды таныстыру;
- Шарын шатқалының көрнекті де қызықты орындарына барып, эккурсанттарды ол
жерлермен жақынырақ таныстыру;

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері

1. Экскурсия қызметінің тарихи

Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда серуендеу деген
мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі
(жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан
аспайтын уақытқа барып көруі.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары
арқылы 18-19ғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде Орталық экскурсиялық
комиссия құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет
үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918
жылы Мәскеуде Орталық оқушылар экскурсиялық бюро құрылды. Экскурсиялар
туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың
сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928 жылы Советский турист АҚ
құрылды, 1930 жылы Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін
қоғамы (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Норкампросаның
эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және
экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2].
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды
белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен
ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан
экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи,
архитектуралық, әдеби және т.б.
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі.
Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы
айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды
атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану,
мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың
белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған.
Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу,
айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен
қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте
аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға,
шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне 19ғ енгізген.
Басында бұл сөз әскери шапшаңдық, кейіннен серуенге шығу, жорық деп
белгіленген [3].
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты 18ғ алдыңғы қатардағы прогрессивті
адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы
мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
2. Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны
білдіреді. Экскурсияның белгілері:
Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін созылады. 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді;
Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін
болады. Экскурсовод - уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру
жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге
лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсант - бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа
елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа
уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық топты
алып журуге көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда
көрсетілуі керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына,
экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып
жасалады. Маршруттың басты міндеттерінің бірі - тақырыптың барынша толық
ашылуына әсер ету.
Маршрут құрастырушы маршрутты құрастыру барысында ескеру керек
негізгі талаптар - объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру
және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз
ету. Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар:
хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық. Хронологиялық
маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған
экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру
қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [4].
Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді.
Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше
бөліктерге бөлініп көрсете алады.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:
- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл
экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала
тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи
оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке
баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған
ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың
көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде
объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен
көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір
ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама
тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға
байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.
- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы
түрін сөзбен айтып жеткізеді.
Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде
қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы
толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде
объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен
айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің
көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және
туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі
көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж
тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы
толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір
объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып
экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде
келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес
бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін
бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні
басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып
береді [5].
Бизнес жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес
жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген
уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу
үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың
меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың
қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және
экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның
негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи,
мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық
ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды
ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді атқару керек:
- экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және
архитектурасымен таныстыру керек;
- экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып
жеткізу;
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі
кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі
талаптарлдан тұрады:
- потенциялдық сұраныс;
- нақты экскурсия;
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты
экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер
келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық;
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша - экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп
жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша - экскурсиондық объектілер негізгі,
қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша - экскурсияның объектілері келесі түрлерге
бөлінеді:
- толық сақталған;
- өзгерістерге ұшыраған;
- жоғалтылған объектілер.
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты,
данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі,
оналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
- жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;
- тақырыпты анықтау;
- экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;
- экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;
- экскурсовод портфелін толықтыру;
- экскурсияны жүргізу техникасы;
- көрсету және айтыпберу әдістемелерін таңдау;
- экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;
- экскурсиондық ақпаратты қорғау;
- жол ақпаратты бекіту.
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын
барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.
Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама
беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер
қарастырады:
- объектінің түрі;
- атауы;
- объектке байланысты оқиғалар;
- қысқаша сипаттамалар;
- авторы;
- орналасу уақыты;
- экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары
толығымен ашылып жазылады.
- индивидуалды текст - бақылау текстінен алынады, яғни мұнда
экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады.
- маршруттың схемасы - онда экскурсияның басталуы және
аяқталу орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар
көрсетіледі.
- экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына
байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар,
карталар, т.б.
- әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру
әдістері;
- жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет-журналдар, кестелер,
мақалалар).
- экскурсоводтың тізімі - қарастырып жатқан экскурсияны
жүргізе алатын экскурсияның тізімі [6].
Жаңа экскурсияны дайындау.
1. Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі
құжаты. Бизнес-жоспарда экскурсияның жаңа тақырыбы, экскурсияға
берілген уақыт және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес-
жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік
нарық зерттелгеннен соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады.
Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметкерлеріне жаңа
экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты
адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адам анықталған
соң экскурсоводтар тақырыбы бойынша мәліметтер
жинайды.Экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдайды және
экскурсиның маршрутын қарастырады.
2. Жаңа экскурсияның мақсаты және міндеттері анықталады.
Экскурсияның негізгі мақсаты - туристерді археологиялық,
архитектуралық, тарихи, мәдени, әдеби ақпараттармен таныстыру.
Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты - табыс. Сондықтан
әрбір экскурсия ақпараттық, танымдық және табысты болу керек.
3. Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде
экскурсиның тақырыбын таңдап алуға бірнеше талап қойылады:
- потенциалдық сұраныс;
- нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның
тақырыбына байланысты болуы керек.
4. Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті
ақпаратар екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-
журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық объектілерлі таңдау. Экскурсиондық объектілер келесі
түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени және т.б [7].
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1) мазмұны бойынша экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және
көпжоспарлы болып бөлінеді
2) функциялық қызметі бойынша экскурсиондық объектілер негізгі және
қосымша болып 2 түрге бөлінеді.
3) сақталу дәрежесі бойынша экскурсиондық объектілер: 1)толық
сақталған; 2)өзгерістерге ұшыраған; 3)жоғалтылған объектілер.
4) экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері. Объект атақты,
даңқты болу керек. Сонымен бірге танымды, мәнерлі орналасу орны бойынша,
уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
5) маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі
бар:
- хронологиялық;
- тақырыптық;
- хронологиялық-тақырыптық.
6) Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж
анықталады. Хронометраж дегеніміз - экскурсиондық объектіге бөлінген
уақытты есептейді. Хронометраж бір объектіден екінші объектіге дейінгі
болған уақытты есептеп шығарады. Маршрут объектілерінің орналасу
принциптері: маршрут қайталанбауы керек; туристік объектінің қасында
туристерге арналған орын болу керек; бір объектіден екінші объектіге
дейінгі уақыт 10 минуттан аспауы керек; қалалық экскурсияның маршруты
шеңберлі болу керек; маршруттың қосымша нұсқасы болады; қала шетіндегі
экскурсияларда санитарлық аялдамалар болукерек; маршрут жол полициясымен
келісілген болу керек.
7) Контрольді текстте экскурсия бойынша жиналған мәліметтер зерттеледі
және әдеби тілмен жазылуы керек.
8) Экскурсоводтың портфелі. Портфель ішінде суреттер, көшелердің
схемеалары, жануарлардың суреттеріғимараттардың сызбалары және маңызды
құжаттарлың көшірмелері болады.
9) Технологиялық карта. Оның бірінші парағында экскурсияны дайындаған
адамның аты-жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсиның ұзақтығы,
экскурсанттардың құрамы және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі.
Екінші парағында, экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында,
ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсиның алдында 15 минут
бұрын келу керек [8].

1.3 Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі

Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған
халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің
жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ
анықтамасына сай 2010-2025 ж.ж әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай
демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет. Бұл
мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады. Себебі Қазақстанда
және оның аймақтарында туристік-экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды
жерлері жеткілікті. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және
туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік-экскурсиялық ұйымдар 20-ғасырдың 20-30
жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристік-экскурсиялық
жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17
мектеп мұғалімдері қатысты. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында
Пролетарлық туризм жэне экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей
бастады. Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай шатқалында
туристер үшін 1936 ж. республикадағы ең алғашқы 50 кісілік Горельник
турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында алғаш
қазақстандық туристер слеті өтті. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан
туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзілік
туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын дамытуға
арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының
Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік тілдес
мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы
туризм дамуының стратегиясы жасалды.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно, экология,
денсаулық,сауықтыру балалар,спорттық,аң аулау,балық аулау,атпен серуендеу
бойынша жүргізіледі.Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық
маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін күшейтуге, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады.
Алматы облысындағы Шарын шатқалының сұлу да көркем табиғаты, ағысты
өзендері, таза ауасын, бүкіл әлемге танымал ғажайып шатқалдарды сөзбен
айтып жеткізу өте қиын. Мен өз курстық жұмысымда таңғажайып, сұлу, әдемі
табиғи шатқалдар мен объекттерді анықта қанық түсіндіруге тырыстым. Менің
қамтыған маршрутым ерекше, жалпы әр маршрут өзінің әсемділігімен ерекше,
өйткені табиғат, ғажайып архитектуралық ғимараттар әрдайым өздерінің
әдеміліктерін, ерекшеліктерін, байлықтарын ешқашан жоғалтпайды деген
ойдамын.

2 Шарын шатқалы бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

2.1 Шарын шатқалы экскурсиясының кіріспесі

Сәлеметсіздер ме, құрметті экскурсант-студенттер! Сіздерге экскурсия
кезінде Фараб турфирмасының менеджері мен қызметкерлері қызмет
етеді, мен - сіздердің экскурсаводтарыңызбын.
Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi
петроглифтердiң тұтастай көрмесiн - палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған
суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша
айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген
көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит
дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi [9].
Шарын каньоны - жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның
шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін
ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның
түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың.
Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді
өмір туралы ойланасың [10].
Біздің маршрут 1күндей уақытты алады. Дегенмен, экскурсия кезінде ол
уақыт толығымен тек сіздің табиғатты тамашалап, жақсы көңіл-күйге арналады.
Экскурсия кезінде біз мынандай объекттерді көріп өтеміз: Көкпек -
Кулджинский тракт - Сюгаты аңғары - Шарын.
Табиғат жақұтын көргенде көңіліңіз керемет бір сезімге бөленбей
қоймайды. Әлемде АҚШ пен Қазақстан және Ресей аумағында ғана кездесетін
мұндай әсем жерімен әр қазақ мақтануы керек. Жаз айларында аптаған ыстық
жайлаған жер жәннаты қыста қар баспайтын аса ғажап күйге енеді.
Шарынның ең көркем жері негізгі жолдан он шақырым жерде. Он шақырым
жолдың көп жерде кездеспейтін ойқыш-ұйқышы бар. Алғаш барғанымда
білместіктен газға басып, көлігімнің ходовкасын (кешіріңіздер
қазақшалай алмаймын) босатып алғам. Жақсысы внедоржниктер дұрыс. Егер
тасбақа жүріске төзіміңіз таусылмайтын болса, онда мәселе жоқ. Жол тегіс.
Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 200 шақырым жерде, Райымбек
ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге
құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде
300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км),
суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын
өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады.
Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып
сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді қорғанды қамалдар аңғары
деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шатқалды аралай
жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда
болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар
бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет
өнерiн дүниеге әкелген.
Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның
құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының
негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi
өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы)
және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен
тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде -
Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. Шарын шатқалы - ең ірі
экзотикалық орындардың бірі. “Қамалдар аңғары” атауымен мәлім Шарын шатқалы
(Алматыдан 200) Талғардан шығысқа қарай 180 шақырым жерде, орналасқан.
 “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге
шейін жетеді. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында
Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге
дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол,
рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып
жатыр. Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы көлемі
жағынан шағын болса да, Әдемілігі бойынша орын бермейді.
Егер де сіздерде тақырыпқа қатысты сұрақтар туындаса, мен шын
көңіліммен барлық сұрақтарыңызға жауап қайтарамын!
Мен үшін сіздермен жұмыс істеген өте қызықты болады.
Топтың алдын ала бекітілген маршрут бойынша жүрген кезде тәртіптік және
қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды еске саламын. Құрметті
экскурсанттар, экскурсиялық топтан қатты артта қалуға немесе алдыға жүгіріп
кетпеуге тырысыңыздар. Себебі, жаяу экскурсия барысында топ ретінде жұмыс
істегеніміз дұрыс болады, сонда барлық қызықты заттардан құр қалмайсыздар.
Егер мәселелер немесе сұрақтар туындаса, маған келіп сұрасаңыздар болады,
мен сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға жауап беремін. Ал, барлығын
қысқаша түрде түсіндіріп өттім, енді экскурсиямызды бастауға болады.
Ендеше, ғажайып экскурсиямызды бастайық!

2.2 Шарын шатқалы бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен
схемасы

СХЕМА

- маршрут жолы

- аялдама
- маршрут бағыты

1. - Алматы қаласы
2. - Құлжа трассасы
3. - Көкпекті
4. - Сөгет жазығы
5. - Шарын шатқалы

1-кесте – Шарын шатқалы экскурсиясының технологиялық картасы

Маршрут Аялдама Көрсету Уақыт Экскурсия Ұйымдастырушылық Әдістемелік нұсқаулар
объектілері (мин) тақырыпшаларының нұсқаулар
атауы
Алматы қаласы Сол жердеОрталық 45 Топты жинап, тізім
Стадионға Кіріспе. бойынша тексеріп
дейін, жол Тақырыпша. Алматы – шығу, өзімді
бойындағы әсем қала. таныстыру,
объекттермен Алматы қаласы және қауіпсіздік
қысқаша оның тарихы, маңыздыережелерімен
таныстырып даталары. таныстыру.
өту;
Құлджа трассасыСол жердеЖол бойындағы30 Тақырыпша. Объектті көрсету
табиғат, Құлджа трассасы кезінде алдын-ала
табиғи Объект туралы Автобуста келе жатып,бақылау әдісін
көрініс мағлұмат. қысқаша шолу қолдану керек,
жасағаннан кейін, оқиғаларды оқшау
далаға шығып, бөлікке бөлу,
табиғатпен, жолмен әңгімелеу кезінде
танысу. Топты объект суреттеу әдісін
барлығына қолдану керек.
көрінетіндей етіп
тұрғызу.

Көкпекті Базар, Тақырыпша. Әңгіме кезінде
Сол жердетабиғаты, 60 Тау арасындағы Экскурсанттарды жол объектті алдын-ала
жолы ғажайып дүние. бойында орналасқан көрсету және
1. Объекттің қысқашабазарға шығарып, салыстыру тәсілдері
тарихы. тамақтандырып, арқылы көрсету, назар
2. Көкпекті аудан кішкене уақыт аудару тәсілін
туралы ақпарат. демалып, ары қарай қолдану, және де
жол жүруді суреттеу әдісін
жалғастыру; қолдану керек.
1-кестенің жалғасы
Сөгет жазығы Сол жердеЖазық 30
табиғаты, Тақырыпша. Сөгеті Автобуста келе жатып,Экскурсанттар тобына
тарихы жазығы. қысқаша шолу локализация және
Объект туралы жасағаннан кейін, салыстыру әдістерін
мағлұмат. далаға шығып, қолдана отырып,
табиғатпен, жолмен суреттеме жасай
танысу. отырып, Сөгет жазығы
туралы әңгімелеу.
Шарын шатқалы Сол жердеШарын өзені, Тақырыпша.
шатқалдар, 120 Шарын – Колорадоның Автобустан Экскурсанттарға
табиғатын кіші бауыры. экскурсанттарды локализация және
тамашалау 1.Объекттің шығарып, түгендеп, салыстыру тәселдерін
тарихы,табиғаты, жүру аймағын қолдана отырып
туралы мағлұмат. көрсетіп, шатқалдарғаобъектті көрсету,
2. Шарын өзені қарай бет алу; топтың назарын сол
туралы мағлұмат. объектке аудара
отырып, әңгімелеу
арқылы сол объектті
суреттеу.
3. Шарын шатқалы экскурсиясының қортындысы

Сонымен, біздің экскурсиямыз аяқталайын деп қалды. Бірақта сіздер
біздің саяхатымызды бос уақыттарыңыз болғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа экскурсия дайындау
Экскурсиядағы дайындық технологиясы
Экскурсия маршрутын құрастыру
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Экскурсияға кіріспе, оның құрылымы: ұйымдастырулық және ақпараттық
Пәндер