Толғанай - аяулы бейне


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Ш. Айтматовтың әлемдік аренасы
2. Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаев шығармаларындағы адам мен аңыз проблемаларының үндестігі.
2. 1 Жазушы Ш. Айтматов түйген ой-толғамдар.
2. 2 Жазушы Ә. Кекілбаев түйген ой-толғамдары
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзасттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың, өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.
Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуге екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғаыср мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т. б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің (жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. ) [1, 40б] .
Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отыр. Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінде қабылдауымен қатар, жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірде тән ерекше қасиет - ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады [1, 40б] .
Ш. Айтматов шығармаларында өзінің шығармашылық позициясы мен өмірге көзқарасын жаңа бір биіктен танытып, адамгершілік негіздерін зерттеуде, адамның табиғи қасиетін танытуда шебер жазушы екенін дәлелдеген жазушы. Көркем шығармада аңыздық желіні пайдалану үрдісі қай кезең, қай дәуір әдебиетінде де мол кездесетіні белгілі. Бұған қазақ әдебиеті тарихынан да көп мысал келтіруге болады. Бәрін тізіп жатпай-ақ Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Иса Байзақов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, т. б. поэмаларын еске түсірсек те жеткілікті. Келтірген мысалдар арасында ой жүгіртсек жаңа жазба әдебиетінің қалыптасу, даму барысында көркем бейне жасау, өткен тарих шындығын бейнелеу поэзия жанрында көріну және аңыздық желіні пайдалану тағы да еске түсетіні рас. Осы бір үрдіс өткен ғасырдың алпысыншы жылдары прозалық шығармаларда да молынан ене бастады [1, 41б] .
Осы бір құбылыс Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» тәрізді прозалық шығармаларында-ақ көрініс тапса, Ш. Айтматовтың «Боранды бекет», «Ақ кеме» шығармаларында Адам деген кім, ол өмірге неге келіп, неге кетеді, оның болмысының мәні неде деген сияқты философиялық проблемаларды қойып, соны керемет шеберлік деңгейінде шешеді.
Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма еді?! Бастауы мен қайнары көне- көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразалауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне сенеміз.
Осы мақсатта Ш. Айтматов және қазақ жазушылары қаламынан туған туындылары арқылы - барлық халықтардың өмір сүруі үшін лайықты, шын мәнінде адамға тән материалдық және рухани жағдай жасау, планетамыздың тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау екеніне тоқталамыз.
Сонымен бірге, қырғыз жазушысы өзінің ұстаз алдындағы бір парызын өтеу ретінде өз еңбегін де аямаған. Сондықтан М. Шаханов «М. Әуезовтің бір кезде идеологиялық жағынан қайшы, кертартпа шығарма деп бағаланып, саясаттың өткір қайшысына түсіп кеткен «Қилы заман» романын тоталитарлық жүйенің тұсында араға үлкен беделіңізді салып, одақтық «Новый мир» журналына жариялаттырып халықпен қайта қауыштырдыңыз. Осы ерен еңбегіңіз үшін де қазақ елінің бұрынғыдан да өзгеше сүйіспеншілігіне бөлендіңіз» деп көрсетеді [2, 2б] .
Біз диплом жұмысымызды осынау көркем дүниелерге арқа сүйей отырып, жазушылардың тағдырынан елінің, жерінің тағдырын көруге ұмтылдық, жазушыны тебіренткен тану-тазару, айту-арылу үлгісіндегі өміршең ойлар кеңістігінен елдік қазынамазға ғана емес, ХХ ғасыр өркениетінің рухани қазанасына қосылар тұғыры биік көркемдік әлемді қайыра бір елеп-екшеуге тырыстық.
Диплом жұмысының мақсаты: Ш. Айтматов шығармаларын талдау. Ш. Айтматов пен қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза аудармалары, Мұхтар Шаханов шығармаларындағы байланысына тоқталып, олардың әдебиет процесіндегі орны мен қайнар бұлағын саралау, көкейкесті мәселелері аспектісінде қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Ш. Айтматовтың еңбектеріне шолу жасау;
- шығармашылығының әр түрлі саласы бойынша талдау жасай отырып, жазушының өзіндік қолтаңбасын айқындау;
- әдебиеттің теориялық мәселелері жайлы толғамдарын бүгінгі қазақ әдебиеті негізінде салыстыру;
- Абайтанудың негізін салудағы еңбектерін топтастыру.
Диплом жүмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: еңбектерді және ол туралы жазылған мақалаларды саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру.
Диплом жұмысының дерек көздері: зерттеу еңбектері, отандық диссертациялық зерттеулер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, Ш. Айтматов шығармалары, естеліктер.
Зерттеудің нысаны: Ш. Айтматовтың әртүрлі тақырыптар бойынша жазылған шығармалары.
Жұмыс нәтижелілігі: жалпы жұмыс барысында Ш. Айтматовтың еңбектеріне талдау жасай келе, келесі мәселелер анықталды:
- Ш. Айтматовтың шығармашылық арнасының ауқымы кең екендігі;
- Дүние жүзі әдебиетінде жаңаша ойлау, философиялық тереңдік таным үрдісінің негізін қалаушы екендігі;
- Ш. Айтматовтың әлемдік аренасы
ХХ ғасыр әлем тарихында қарама- қайшылығы көп, идеологиялық тартысқа толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай жағдайда әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінің еңбегінің танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінің іс-әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік дүниетанымы мен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік мән қосқан ірі қоғам және қалам қайраткері болып табылады.
Жазушының еңбегі әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда, ең алдымен, жазушылық шығармашылық жолға бет бұруының өзінің осы еңбекке қажеттілігін сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюының себебін білу жеке адам үшін қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушының қалам ұстауына себеп өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы, шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс [1, 43б] .
Бұл туралы әлем биігіндегі классик «Әдебиетке деген аяулы аңсар сезім бала кезімнен басталып еді. Мектепте жүргенде еркін тақырыптарға шығармалар жазатынмын. Ал институттардағы жылдарда көркем әдебиетке деген құштарлық сезім бірте-бірте тереңнен қосарлана келіп, өз тұнғиығына біржолата алып кетті. Сол уақытта ең тәуір деп бағаланған шығармаларынан өзімді толғандырған мәселелерге жауап іздеу негізгі машығым еді. Соғыс туралы, қаһарман халықтың ерлігі хақында адам жанын тебірентерлік дүниелер көп жазылар ма еді деген тілек ойымнан бір шыққан емес. Өйткені, ол кездегі қырғыз әдебиетінде бұл тақырып мүлде тың жатқан болатын. Қандай сезім бойымды билігенін қайдам, қырғыз оқушылары да соғыс жайлы, оның ащы шындығы туралы оқуға мүмкіндік алса деген оймен қамшылауымен, көркем аударманың не екенінің байыбына бармастан, кітаптың қалай, қандай жолмен шығатынын білместен сол кездегі сүйікті шығармалар: «Полк баласы» мен «Ақ қайыңды» аударуға құлшына кірістім. Аудармамды болған соң баспаға әкеп көрсеткенде, ондағылар бұл кітаптар әлде қашан аударылып қойған, жақында жарыққа шығады десті. Еңбегімнің зая кеткенде қалай ренжімессің, студент кезімде шағын мақала, очерктер жазғаным болмаса, менің әдеби қадамымның басы сол аудармалар еді.
Институттан соң шығармаларындағы адам кейіпкерлеріне жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен тұлғалардың өз күрделілігімен тіпті өмірдегі есімдерімен берілгендігін көруге болады.
«Мені ақындыққа итермелеген - мені қоршаған адамдар. Шығармаларымда кездесетін кесек мінездер үшін соларға қарыздармын» деп М. Шаханов атап өтсе, Ш. Айтматов та өзінің автобиографиялық мақаласында: «Соғысқа дейін», «Соғыстан кейін», «Соғыс кезі» деп айтып жатамыз, - бұлар жай сөз тіркестері емес. Мен үшін бұл сөздер - өмірді танудың қатал уақыты, біздің қоғамның үлкендер жинақтаған, әлемдік мәңге ие болған тәжірибесін игеру уақыты. Себебі соғыс ХХ ғасыр адамзат дамуындағы соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі дәуір деп екіге бөліп көрсететін дүниежүзілік тарихи кезең ғана емес, сол кезеңде өмір сүрген әрбір адамның тағдыры, оның адамгершілік құндылықтарының өлшеуіші болды. Соғыспен әрбір адам бетпе-бет ұшырасты, мен соғысты айналып өткен, оған қатысы болмаған ешбір адамды білмеймін. Себебі соғыс халықтың ортақ тағдыры еді, сондықтан ешкім ешқайда қашып кете алмайтын (өзімнің ең алғашқы «Бетпе-бет» повесімде осы туралы айтқым келді) [3, 458-459б] деп прозаик ретінде танытқан повестерінде өз өмірінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдарын өткізген Шекер ауылындағы адамдар мен оқиғалар туралы айтылғанын нақтылы көрсетіп отырған.
Ш. Айтматовтың өзінің өзектілігін жоғалтпаған соғыс тақырыбына жазылған - жалпы адамзат әлемі туралы ойлы да сырлы гуманизмге толы «Жер Ана» повесіне тоқталып өтсек.
Ш. Айтматов бұл шығармасын жазғанда екі жақты қиыншылықты өте шебер және білген.
Біріншіден, көп жазылған соғыс тақырыбы автордан көркемдік жинақылық пен көркемдік тиянақтылықты талап етсе, екіншіден, бұл тақырыпты жалпы әлемдік, жалпы адамзаттық масштабқа жеткізу қиын да күрделі құбылыс. Бірақ, кемеңгер жазушы уақыт талабына сай бұл екі маңызды да күрделі міндетті өте нәзік сезіммен, асқан шеберлікпен ұштастыра білді.
Ш. Айтматов өзінің қиын да күрделі міндетін Толғанай бейнесі арқылы шешеді. Толғанай - аяулы бейне. Бұл шығармада эпикалық кеңдік, философиялық тереңдік, лирикалық нәзіктік аңғарылады. Толғанай - рухы өте күшті образ. Өз өмірінде адам айтқысыз қайғы-қасірет шегіп, ері мен ұлынан, келінінен ажырап, қаншама күндер мен түндерді ұйқысыз өткерген ана рухына бас иесіз.
Толғанай - бұл натуралистік портрет емес, бұл барлық адамдардың сезімі мен ойын жинақтаған образ. Повесть өткен ауыр да ұзақ өмірін оңашада Жер-Анамен тілдесіп, еске алған қарт Ананың монологына құрылған. Повесть екі Ананың - Әйел-Ана - диалогымен басталып, екеуінің диалогымен аяқталады. Жер Ана мен Адам Ананың табиғи қызметі - нан табу, өмірге перзент әкелу, басқаша айтқанда, өмірді жалғастыру. Шығарманың философиялық пафосы мен табиғатты мағынасыз қирату мен зорлық-зомбылыққа негізделген әділетсіз соғысқа қарсы.
Автор Толғанай образы арқылы бүкіл бір дәуір суретін көз алдымызға келтіреді. Бұл философиялық мәңге ие болған бейне.
Жазушы адам образын жасаған кезде ғана емес, Жер-Ананың образын айшықтаған кезде де халық шығармашылығына, олардың Жер туралы қалыптасқан ұғымына сүйенеді.
«Жер-Ана» повесіндегі соғыс кезіндеғі ауыл көрінісі прозаның көрнекті беттері болып табылады. Бұл қиын кездеғі әйелдердің қарттардың қаһармандық еңбегінің жемісі. Бригадир Толғанайдың елдің ақырғы астығын алғанда оны себуге дайындағанда, дезертир Жексенқұлдың ісі, ұрыларды қуамын деп оқ тигені, ауыр кезеңдегі бастан кешкен оқиғаларды адамды толғандырмай, тебірендірмей қоймады.
Повесте халықтың көзқарасы, оның демі болып жатқан трагедиялық оқиғаға Толғанайдың Жер-Анамен арасындағы символикалық диалогынан көрінеді. Жер-Ана қарт қырғыз әйелінің жанын, сырын түсінісіп, оны ауыр да қиын күндері демеп, соғыс жылдары оған күш-қуат, рухани қайрат беріп отырады.
Толғанай соғыстың алғашқы күні туралы айта бастағанда, Жер-Ана былай дейді: « - Мен ештеңені ұмытпаймын, Толғанай. Жарық дүние орнағаннан бергі ғасырлар сыры бәрі менде. Кітапқа сыймайды, адамның есінен шығып жоғалған тарихтың бәрі менде. Сенің де басыңнан өткен тағдырың жүрегімде». Жер-Ана түсінеді, қайғырады. Толғанайдың қайғысына ортақтасып, қуанышын бөліседі.
Ш. Айтматов табиғат әлемі мен адамзат әлемі арасындағы қатынастарды өткір параллельдер арқылы көрсетеді (Танабайдың тағдыры мен Гүлсарының тағдыры, Едіге мен Қаранар) . Жазушы табиғатты поэтикалық тұрғыдан жандандырып, оны басты тұлғаға, әрекет иесіне айналдырады. «Ана - Жер-Ана» повесіндегі ұлы да құдіретті бейне - Табиғат-Ана. Жер-Ана бейнесі арқылы табиғат та ойланатын, күрсінетін, қайғыратын, қаһарланатын тірі адамдай суреттелінеді. Ш. Айтматовтың адам мен табиғатты суреттеудегі басты принциптері, оның шығармашылығындағы ең басты және негізгі ерекшелігі - адамгершілік концепциясы болып табылады.
Жер-Ана мен Адам-Ана екеуі де жақсылыққа құштар, екеуі де өмірді туғызушы, жалғастырушы. Жазушы Жер-Ананы реалистік ойлаудың шегінен шығармайды. Жер-Ана бәріне қабілетті емес, ол - Адамға бағынышты. Адам - Жер - Анадан жоғары тұрады.
Повестің соңы бұған дәлел. Кішкене Жанболатқа, бүкіл адамға өз өмірінің тарихын айтуды Жер-Ана Толғанайға тапсырады. « - Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен - Адамсың. Сен бәрімізден биік, бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен - Адамсың » деген жолдар осыған дәлел. [4, 156] .
Шығармадағы екі Ананың образы екі бөлек бейнеленгенімен, олар бірін-бірі толықтырып, оқырман көкірегінде ұлы Ана образына айналған.
Жазушы шығармаларында әйелдер бейнесін жасауға үлкен орын берілген, әйел кейіпкерлер көптеп саналады. «Бетпе-бет» «Құс жолы», «Жәмила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила - көркем образ дәрежесінде биікке көтере жырланған. Жазушы көркем туындыларында жасалған әйелдер бейнесінің қай-қайсында болмасын өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірден сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлерінің де өмірде прототиптері бар екенін жазушының өмірбаяндық мақалаларынан және «Балалығым» кітабы мен Шекер ауылындағы Күркіреу мәдениет үйі музейіндегі материалдардан және Ү. Б. Құлтаеваның «Тұрмыс шындығы және көркем образ» кітабынан келтіруге болады.
Толғанай Шыңғыстың шешесі Нағима есепші болып орналасқан Жиде колхозында тұратын, осы ауылдың жақсылық, жаманшылығында елге жөн сілтейтін салиқалы-сабырлы анасы болған екен. Қырағы Толғанай Нағиманың жай кісі емес екенін байқап, оны балаларымен бірге өз үйіне кіргізіп алады. Болашақ жазушы «Құс жолы» повесінде аттары өзгертілмей алынған Толғанай мен Сұбанқұлға осылай кездесіп тағдырына ортақ болады. Сұбанқұлдың бір ұл, бір қызы болған. Бірақ Толғанайдың соғысқа кетксн жалғыз ұлынан көрген жалғыз немересі 7 жасында қайтыс болып кетеді. Дәл осы уақытта Сұбанқұлдан да қара қағаз келеді. Екі қазаны бірдей көтере алмас деп Сұбанқұлдың қазасын бір жылдан кейін естірткен екен. Ұ. Б. Құлтаева осы тұрмыс шындығы мен жазушы шығармасындағы шындықты салыстыра келіп: «Шығармада Шыңғыстың Сұбанқұл мен оның баласы Қасымнан бір күнде қара қағаз келді дегеннің жөні бар. Шын өмірде әкесі мен баласы бір мезгілдс екі жақта қаза болыпты» деген ой түйеді [4, 16 б. ] .
Повесте аса әссрлі берілгсн «Темір жолға тасталган бас киім» оқиғасы да Толғанай тағдырынан алынған.
Бұл туралы Ү. Б. Құлтаеваның документалдық негіздегі «Станцияға тасталған бас киім» немесе «Темір жол құшақтаған Толғанай ананың шындық тұрмысынан бір үзім баян» атты мақаласынан толық мәлімет ала аламыз. Авторға баяндаған Толғанайдың қызы Жакеш: «Повестегі оқиғалардың көбісі шындық нақты өмірдің өзіндей суреттелгені - темір жолға тасталған шәпке» деп әңгімелеп береді [5, 37б. ] .
Баласының анасына лақтырып қалдырып кеткен бас киімі мен белдігін баса құшақтай жығылған Толғанайды көпке дейін орнынан тұрғыза алмаған. «Бір кезде өзі қайрат қылып, орнынан тұрып біздің жылауымызды тоқтатты» дейді Жакеш. Осы бас киім мен белдікті әркез иіскелси, қармалай беретіи Толғанай бір күні 6 жасар немересіне шапан кигізіп, Сұбанқұлдың белдігін байлап бермек болады. Белдіктің ілгіші шапанның сыртынан әрең жеткенін көріп «баламның белі баласынікіндей болып қалған екен, балам әбден арықтап кетіпті-ау» деп бұрқырап жылап қалған екен. ІІрототип ретінде алынған Толғанайдың осындай аналық мейірімі мен қайраттылығы ақылмандығы мен сабырлығының болашақ суреткерге әсері қатты болған. Тіпті Толғанай ауылда өлген адамды қоюға еркек табылмай қалғанда, әйел атаулының ішінен жалғыз өзі жас балаларды бейітке ертіп келіп, салт дәстүрді, жерлеуді балаларға түсіндіре жүріп, көр ішіне, өзі түсіп, марқұмды жерлеген екен. «Толғанай бейнесінде берілген ең мықты сипаттар Толғанай бәйбішенің сипаттары екен» ден көрсеткен Ү. Б. Құлтаева «Толғанай бойбітпе әдеби қаһарман Толғанайдың прототипі екені анық. Ол тұрмақ жазушы қаһарманның атын да өзгертпеген. Сөз оның атында да емес, қырғыз аналарына тән Толғанайдай ананың өзіндегі тереңдікті, нарықтылықты, ең бастысы, аналық қасиетті типтендіре білуде емес пе. Қаһарманның прототипі кәдімгі жиделік Толғанай болса да оның бейнесінде жазушының өмірінде аналық міндет атқарған әйелдер: Толғанай, Қатей әпкей, әкесімсн бір туған әпкесі Қарақыз бен әжссі Айымкөл, бәрінен де өз шешесі Нағиманың жан дүниелері астасып кеткендей» [5, 37, 17 6. ] .
Негізінен Ш. Айтматов өз шығармаларында бұл кейіпкерлерінің де портретін даралап бермейді. Бірақ шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс- әрекетінен, яғни ішкі дүниесі мен болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сырткы кескін-келбетін, бейнесін дәл елестете аламыз. Олардың өмірдегі түп-тұлғаларының фотосуреттері де осындай бейнелерді көрсетеді.
Жоғарыда аты аталған Қарақыз әпкесі де Толғанай сияқты аса қажырлы да қайратты әйел болған. Шыңғыстың әкесі Төреқұлдың әпкесі мен қарындасы болған. Үлкені Айымкүл әпкесі, қарындасы Қарақыз. 37 жастағы Айымкүл інісін іздеп, Фрунзеге түрмеге келеді. Бұл жерде Төреқұлдың атын атағанда теріс бұрылған адамдарды көріп, бір туғанының жалаға ұрынған қайғысын көтере алмай ауырып қалады.
Қайтыс болған әпкесі Айымкүлдің үш баласын інісі Төреқұлдың төрт баласын бауырына тартқан мықты қыз Қарағыз болып шығады.
Қарағыз бен жұбайы Досалы қиын күндерде жәрдем беруді, әсіресе, балаларға рухани азық беруді ойлаған. Мергендікпен, аңшылықпен тапқан табысын балаларына да емес, жетімдерге арнаған Досалы аңшылық өмірдегі жан-жануарлар мен табиғат жөнінде қызықты әңгіме зерек бала Шыңғысқа ерекше әсер қалдырған, көркемдік дүниетанымының қалыптасуына үлкен әсер еткен.
Болашақ кемеңгер жазушының шығармаларында суреттелген балалық таза махаббат суреткердің өз шындық өмірінен алынған.
Сонымен, обьектіге алынып отырған романдарына қатысты алатын болсақ, автордың философиялық ойлары мен сезім-күйлері, әсіресе, шығарманың бас кейіпкерлерінде жинақталған деп бірден көрсетуге болады.
В. Коркинмен сұхбатында «Құс жолы» повесіндегі Толғанайдың аузымен айтылған ойларды автордың ой пікірлері деп түсінуге болатыны туралы пікірге Ш. Айтматов: «Мұнда сүю сезімі терең, көп қайғы-қасірет көрген адамның өмір тәжірибесі сөйлейді. Менің түсінгім келетін терең-тәжірибе айтылады» деп жауап береді [5, 362 6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz