Біріншісі - жерді жалға беретін жер иеленушілер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе---------------------------- --------------------------------
------------------ 3

І ХІХ ғасырдағы Қытайдың әлеуметтік жағдайы

1.1. Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың
әлеуметтік құрылымы--------------------------- -----------
------------- 4
2.1. Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин
империясына қарсы азаттық күресі-----------------------
---------- 6

ІІ ХІХ ғ. ІІ жартысы- ХХ ғ. басындағы қоғамдық ой- сана

2.1. Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған
реформалары------------------------ ---------------
--------------------- 7
2. Синьхай революциясынан кейінгі Қытайдың қоғамдық
құрылымы--------------------------- ----------------
-------------------- 12

Қорытынды-------------------------- -------------------------
------------------15

Кіріспе

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қытайдың әлеуметттік
құрылымы бірнеше кезеңдерден өту нәтижесінде біршама өзгеріске ұшырайды.
Әлеуметтік құрылымның өзгеруіне мемлекеттік саяси оқиғалар мен
экономикалық даму ықпал етті.
ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басына қарай қытайлықтар
дәстүрлі қоғамдық, ауылдық өмір сүрді. Бірақ ХІХ ғасырдың ортасына қарай
Батыс Еуропа мемлекеттерінің Қытаймен , алғашында , сауда жасасып, кейіннен
рухани мәдениетті енгізу Қытай үшін қауіпті болды. Қытай батыстың
цивилизациясын қажет еткен жоқ, себебі бұл елдің ұлттық құндылықтарына
қарама қайшы келді. Біріншіден, күміс ақша төлеуден жалыққан Ұлыбритания
Қытай жеріне апиынды кіргізіп, жергілікті халыққа таратып, улай бастайды.
Екіншіден, христиан миссионерлері христиан діні жөнінде агитация жүргізе
бастайды. Ал Қытай үшін тек үш қасиетті ілім- конфуцилік, буддизм, даосизм
ғана болды. Үшіншіден, Еуропа державалары өзіне көнбеген елде соғыс
жүргізіп, талай соғыстарды жеңген соң, өз саясаттарын жүргізді. Соғыс
нәтижелерінде Қытай жеңілістерге ұшырап, жартылай тәуелді мемлекетке
айналады. Бұл жеңілістер Қытай халқы үшін ұят, намысқа тиетін соққы
болады. Сондықтан да қытай халқы шетел азаматтарына ғана емес, билікте
отырған Цин империясына дүркін- дүркін қозғалыстар, ұлт- азаттық
көтерілістер жүргізеді. Бұл, ішкі саясатта болған оқиғалар, қоғамдық сана-
ойға мықты әсер береді. Сондықтан да мемлекеттің әр тап өкілдерінен
ойшылдар, реформаторлар шыға бастайды. Олардың қатарына ұлы Сунь Ятсен ,
Кан Ювэй, Тань Сытун, Лян Цичао және тағы да басқалары кіреді.
Қытай тарихында маңызды және қорытындылаушы төңкеріс 1911-1913
жылдары Синьхай төңкерісі атымен белгілі. Нәтижесінде Цин империясы
құлатылып, тәуелсіз Қытай Республикасы орнайды. Сәйкесінше елдің ендігі
экономикасы көтеріле түсіп, ол әлеуметтік құрылымға жаңартулар енгізеді.

Батыс державаларының келу қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік құрылымы.
Қытай мемлекетінің әлеуметтік- экономикалық қатынастарында манчжур әскері
басып кіргеннен кейін еш өзгерістер байқалған жоқ. Әдет- ғұрып бойынша жер
екі катеогорияға бөлінді: ұлттық (минь) және мемлекеттік (гуань). Негізгі
экономикалық не әлеуметтік өмірде де қытайлық ұжымдық қоғамдық
бірлестіктер болды. Ұжым мүшелері жерге бірге билік етіп, бір бірімен
туыстық қатынастарда болды. Олар жерді бірге өңдеп, өзге қауым мүшелеріне
немесе көрші ауылдың адамдарына жалға беріп отырған. Жиналған ақша ауылдың
коллективінің қорына түсті. Әдет- ғұрып бойынша ауылдық ұжымдық жерлер
гуань болып саналды.
Арнайы жерлер де болды. Ол жерлерден келетін табыс ауылдық мектепке
жұмсалды, оқытушылардың жалақысына, жағдайы жоқ немесе өнерлі оқушылардың
жоғарғы оқу орнына түсуге көмек ретінде жұмсалды. Храмдық жерлер діни
мерекелер мен ауылдық храмға жұмсалды. Бұл жерлер ауыл кеңесінің
келісімінсіз сатылмады.
Ұжымдық жер меншігінен басқа жеке меншік те болды. Жер иеленуші жерді
сату не жалға беруге құқылы болды. Бірақ , ең бірінші, ұсынысты ауылдық
ұжым мүшелеріне айту міндетті болатын.
Қытай халқының ерекшелігі- бұл ұжымдар өзара туыстық байланыста
болды және белгілі бір рулық қауым болып саналды. Янцзы өзенінің
солтүстігіне қарай ауыл рулық қауымға бөлінсе, оңтүстігіне қарай ауыл
толық бір клан болып келді.
Рулық қауымдар ата- бабасынан келе жатқан діндерін ұстап, храмдарда
түрлі мерекелер өткізген. Кей жағдайда ауылдық, ұлттық құрылтай өткізген.
Храм қабырғасында балалар білім алған, ересектері кішілерге оқытушы болған.
Храмдар штаб кызметін де атқарған. Егер қарақшылар немесе мемлекеттік
басқыншылық әрекеттер болған жағдайда адамдар осы жерде жиналып, төтеп
беріп отырған.
Қытайда кең таралған рулық- ұжымдық қатынастар Қытай империясының
әлеуметтік институты болып саналды.
Ауыл басындағылар екіге бөлінді. Біріншісі- жерді жалға беретін
жер иеленушілер. Олар қалған жерлерін жанұя мүшелерімен бірге өңдеді. Егер
әкесі таңертен ұлдарына тапсырма берсе: біршісіне егінде жұмыс жасауға,
екіншісіне екінші ауылдағы базарға баруға, ал үшіншісі, ең қабілеттісіне,
емтихан тапсыруға дайындалуға, бұл осы категорияға күнделікті тән нәрсе
болатын еді.
Ал екінші басымдау әлеуметтік топ- қытай қоғамының білімді бөлігін
құрайтын жер иеленушілер болды. Ол көбінесе емтихан тапсыру үшін дайындыққа
көп уақыт пен көңіл бөлген. Сондықтан да көбісі шенеунік карьерасын
жалғастырады. Оларды шэньши деп атаған. Шэньшилер де жерді жалға берген.
Бірақ та барлық шэньши аса бай болмаған. Кейбіреулері елде мұғалім,
емтихандарға дайындайтын жаттықтырушы болып, немесе ауылдың әлеуметтік
істерімен айналысатын ұйым, жергілікті өзін- өзі қорғау отрядтарының
төрағалары болып жұмыс істеген. Жалпы шеньшилердің табыстары барлық
әлеуметтік қоғам табысының үштен бір бөлігін ғана құраған. Табыс сәйкесінше
қызмет, жер иеленушілік және жеке кәсіп үшін 3:2:1 болып бөлінген.
Циндік Қытайда жарты шенеуніктердің арғы аталары шэньши болмаған.
Ал бірінші жерді жалға беруші-иеленушілер жер иеленушілердің тек бір
бөлігі ретінде қарастырылған. Саудагерлер тұйық әлеуметтік топқа жатпады.
Егер олар жерге капитал салса, жер иеленушіге айналу қиын болған емес.
Цин билеушісі Қытай әдет-ғұрпы бойынша Аспан Ұлы деп аталды және
адамдар мен аспан арасындағы қасиетті тұлға ретінде саналды. Жылына екі рет
император Қасиетті Жер және Аспан храмдарында діни мереке өткізеді. Оған
қызмет пен құрмет ететін астындағы адамдарға мейірімді болу үшін Аспан
үшін құрбандық шалған. Сәйкесінше, қарапайым халыққа Заң бойынша император
атын атауға және жүзін көруге болмайтын.
Аспан Ұлы екі негізгі қызмет атқарды, жоғарғы заңнама мен
әкімшілік қызмет. Ол екі кеңестік органға жүгінді: императорлық секретариат
және әскери кеңес.
Басқару органдары алты ведомстваға бөлінді: мереке, шен, салық,
әскери қызмет және әлеуметтік жұмыстар. Бүкіл мемлекеттен келетін
ақпараттар министрліктерге түсті, кейін қорытынды түрінде меморандумдар,
проектер ретінде өткізілді. Нәтижесінде император шешім қабылдады.
Империяның кең ауқымдығына және мемлекеттік басқару жүйесінің
күрделілігіне қарамастан , император әрқашан да уақытында ақпараттандырылып
отырды. Әскери ведомства ұйымдастырған почтовый станциялардың арқасында
жедел хаттар өте алыс жерлерден 2 апта ішінде астанаға жететін болған.
Әкімшілік қатынастар 18 провинцияға бөлінді. Әр провинцияны
губернатор басқарды, және олар 10 облысқа бөлінді. 180 облыстың өзі
уездерге бөлінді. Провинция мен уездерде мемлекет астанасында сияқты
басқару органдары жұмыс істеді. Провинциялық басқару қаржы, білім,
мемлекеттік монополия бөлімдерінен тұрды.
Жалпы Қытайды Цин империясы басқарған кезде де мемлекеттің
әлеуметтік құрылымы өзгеріске қатты ұшыраған жоқ. Бірақ кейбір
ерекшеліктер сақталды. Мысалы маньчжур мен қытайлықтар ешқашан бірге тұрмыс
құра алмады, және де маньчжурлықтардың деңгейі қалған ұлт өкілдеріне
қарағанда жоғары тұрды. Ал жер иеленушілерге жатпайтын саудагер- шаруаларға
элита құрамына кіруге мүмкін болды.
Қытайдың әлеуметтік институтының негізіне сүйенсек, императорлық
басқарудағы қытайлық қоғам бірқалыпты өмір сүрді. Әлеуметтік қоғам екі
топқа бөлінді, яғни нәтижесінде шенеунік қызметін атқарған жер иеленушілер,
екіншісі мемлекеттік қызметтегі адамдар.
Бірақ бұл империялық Қытайдың артта қалған қоғам дегенді
білдірмейді. Себебі оның тарихында династиялар өзгерді, өте атақты
философтар болды, мәдениет дамыды,жаңа діни жүйелер пайда болды, біртіндеп
ауылшаруашылық пен қолөнер технологиялары дамыды.

Қытай қоғамынының Еуропа державалары мен Цин империясына қарсы
азаттық күресі. ХІХ ғасыр Қытай тарихында ең ауыр кезең болды. Себебі осы
кезде Еуропа Қытай қоғамын күштеп цивилизацияға көшірді. Олар қоғамға
билік, жеке меншік, саясат, діни қызмет деген жаңа қосымша әлеуметтік
институттар енгізді. Бұл Батыс елдерінің алып келген діні- христиан ,
ортағасырларда-ақ толық қалыптасқан және бұл ілімнің негізі қытайлықтардың
дінінен әлдеқайда өзгеше болды.
Қытайдың қоғамы батыс цивилизациясын, экономикалық не рухани
жағынан болсын , қажет еткен жоқ. Ал Еуропа елдерінің мақсаты елден еңбек
кіші мен байлықтарын, яғни негізгі капиталын тартып, ұрлау болатын.
Қытай мен Еуропа елдерінің сауда қарым- қатынастары ХVIII ғасырдың
соңына қарай кеңейе түскен болатын. Батыс мемлекеттері Қытайдан фарфор,
жібек, шай алды, және басқа да тауарлар Еуропада үлкен сұраныстарға ие
болды. Бірақ Қытай елге еш тауарды сатып алған жоқ. Сондықтан Еуропа елдері
сатып алынған тауарларға күміс ақша төлеуге мәжбүр болды. Сол кезде
британдықтар Үндістаннан әкелінген апиынды Қытайға өткізе берді және көп
ұзамай жергілікті халық , әсіресе теңіз жағалауында тұратын адамдар
апиынға тәуелді болып кетті. Апиын алып келу жылдан жылға үлкен қарқынмен
өсіп, Қытай үшін ауыр жағдай алып келді. Нәтижесінде XIX ғ ортасында болған
Апиын соғыстарына алып келді. Бұл екі соғыста Қытайдың жеңілуі еуропалық
державалардың жартылай отарының болуына ықпал етті. 1840-1842 жылдар
аралығында болған соғысты Ұлыбританиямен жасасқан Нанкин келісім шарты
1842 ж 29 тамызда аяқтады. Бұл тең емес құқылы келісім бойынша
Ұлыбританияға 15 млн күміс лян, Гонконг аралы мен 5 қытайлық порттың ашылуы
өтті.
Бұл соғыста Гуанчжоуға жақын ауылдар тұрғындарын шэньшилер біріге
ұйымдастырып, ағылшындарға қарсы төтеп беріп, тіптен британдық десантты жою
үстінде болды. Бірақ цин үкіметі шетелдерге қарсы соғыс циндіктерге қарсы
соғысқа ұласып кетеді деп шэньшилерді қолдамады.
Апиын соғысында Қытайдың жеңілуі халықтың үлкен бөлігінде
наразылық тудырды. Бұл шетелдіктерге де, маньчжурлерге де қарсы
қозғалыстар жүргізді. Шарулардың ауыр жағдайы билікте отырған династияға
қарсы жаңа соғысқа итермеледі. ХІХ ғ ортасына қарай 100 шаруалар
көтерілісі өтті. 1850ж маусымына қарай тайпиндер (қозғалыс мүшелері )
ұйымдасқан күш жинап, Қытайдың әділет қоғамын құрып, және Цин
империясына соғыс жариялады. Соғыс 1850-1856 жылдар аралығын қамтыды.
Тайпиндер қозғалысы әскери сипаттағы жүйеде болса да, демократиялық
сипаттқа да тән болады. Себебі соғыстың басшылары халықтың сайлауымен
таңдалды. Әйелдер құқығы ерлер құқығымен теңесті. Қыздың аяғын байлау және
тоқалдыққа беру деген сияқты көне салт- дәстүрілер тоқтатылды. Он алты
жасқа толған азаматқа жер үлесі бөлінді. Бақылау астындағы территоряларда
апиын шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге және азарттық ойындар ойнауға тыйым
салынды. Ал қылмыс жасағандарға қатал жазалар қолданылды.
Қалалардағы барлық қолөнер орындары, сауда орталықтары мен күріш
қоры мемлекет меншігі болып саналды. Ал мектептерде тайпин идеологиясы
негізінде діни сипаттағы білім оқытылды.
1856 жылға таман тайпин лагерінде кризис басталады, және осы
әлсіздікті пайдалануға Англия мен Франция көз жұмбайды. 1856-1860 жылдар
аралығында Екінші апиын соғысы басталады. Әрине, жеңіс мықты әскери күші
бар державаларындың жағында болады. Соғыс нәтижесінде Қытай шетелдерге
тағы да 5 портын ашу туралы келісім жүргізеді. Ал 1860 жылдарда ағылшын
және француз іскерлері екінші тайпин қозғалысын басып жаныштайды.
Апиын соғыстарынан кейін мемлекет батыс державаларының тәуелді
отары болды. Сондықтан мемлекетке жаңа реформа керек болды. 1861-1865
жылдар аралығында тарихта дамудың жаңа жолы, цзы цән, яғни өзін- өзі
күшейту саясаты жүргізілді. Егер 1861-1870 жылдарда билік органдары қытай
шаруаларының билігін жаныштаумен өтсе, 1870-1885 жылы лагерде екі негізгі
топ ұйымдастырылады.
Бұл саясаттың көзделген алты мақсаты ресми түрде жарияланған
болатын: солдаттарды дайындау, кеме жасау, машина жасау, әскери күшті
жаңарту, үкімет басына қабілетті адамдарды алып, мерекелерді уақытында
өткізу болды. Реформаны жүзеге асыру 1895 жылға дейін созылды.
ХІХ ғасырдың 70 жылының І жартысында 120 қытайлық студент АҚШ-қа
оқуға кетеді. Бірақ 80 жылдарға таман студенттер батыстың идеологиясын
қабылдау мүмкін деп елге қайтарады.
Қытай-Франция соғысы нәтижесінде жеңілгеннен соң өзін- өзі
күшейту саясатының соңғы деңгейі аяқталады.
1898-1899 жылдар аралығында болған Ихетуандар көтерілісі Қытай
қоғамның элита арасында емес, қарапайым шаруалар арасында да етек алды.
1898 жылдан бастап елде христиан миссионерлеріне қарсы Хубэй және Юаньань ,
жазда Шанхай провинцияларында антибатыстық қозғалыстар жүргізілді. Бұл
жағдай Солтүстік Қытайда ушыға түсті. 1896ж Шаньдунь провинциасында
жергілікті христиандарға қарсы Үлкен қылыш қозғалысы өтті. Қытай
қоғамында өзге де Ақ лотос, Чжу Хундэн басқарған Ихэцюань ұйымдары
қатысты.
1898-1899жж аралығында өткен Ихэтуан көтерілісіне қатысқан шаруалар,
оларға қарағанда тұрмысы жоғары қала тұрғындары, солдаттар, жұмысшы,
монахтар, соның ішінде люмпендер де болды. Бұлардың мақсаты шетел
азаматтарына қарсы шығу емес, олар тек христиан миссияларына қарсы шығып,
оларға шабуыл жасау болатын. Себебі Қытай халқы үшін тек үш қасиетті ілім
бар- конфуцилік, буддизм жіне даосизм.
Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары.
Бірінші және екінші апиын соғыстары нәтижесінде қытайлықтардың жеңілуі
Қытай қоғамында елдің болашақ дамуы жөнінде бірнеше көзғарас- ойлар
дамыды. Көп ойшылдар басты дилемалы сұрақ – шетелдік державалардың
жартылай отарына айналу ма , әлде варварлар сияқты ұлы цивилизацияның
мәнін жоғалту болды. Бұл сұраққа жауап қайтарған негізгі ұйымдарды көрсете
кетсек, олар консерватолар, новаторлар, моралдық таза топ болды.
Бірінші топтың басты идеясы өзге шетел азаматтарын Қытай жерінен шығарып,
қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік қатынастарды өзгеріссіз қалдыру.
Олардың пікірі бойынша Қытай бұрынғы билікті қайтару үшін көне мемлекеттің
билік еткен тұлғаларының өсиетіне жүгіну керек деді. Қоғамда олардың
әрекеті бойынша антихристиандық және антишетелдік қозғалыстар өрледі.
Тіптен олардың ұрандары Жын-пері сеніміне өлім, Ібілістерді жою және
тағы басқалары болды.
Осы ойшылдардың арасынан атақтысы болған Ханлинь Академиясының мүшесі
Шэньши Чжоу Нань болды. Реформа үшін қозғалыс ликвидациясы нәтижесінде
Цыси оны мемлекеттің жоғарғы орнына отырғызу туралы сұрақ қозғады.
Ал екінше топ болса, олар Қытайдағы ұлттық әдет- ғұрыптарды сақтай
отырып, шетелдіктерден көптеген заттарға үйрену керек деді. Бірақ рухани
жағынан емес, керісінше ,ғылыми және әскери жетістіктерін пайдалану деп
айтты.
Соңғы ұйымның пікірі бойынша мемлекетік билік орындарында
отырғандарды көне нормаларды жоққа шығаратын адамдардан тазартып,
мемлекетке алтын ғасыр қажет екендігін айтты. Елде өзге де мықты Фэн
Гуйфень (1809-1874), Ван Тао (1828-1897), Сюэ Фучэн (1838-1894) ойлаушылары
болды.
1861 жылы Фэн Гуйфеннің Цзяо Биньлу протесті еңбегінде қытайлық
ұлттық өнеркәсп ісін жүргізу, мемлекеттік билік жүйесіне реформа, батыс
үлгісіне қарап мектептер салып, жұмыс жасау және т.б. Осының барлығы
конфуцилік оқытудың рөлін көрсетті. Ал Сюэ Фучэн және Чжэн Гуанинь болса,
олар консерватизмге қарсы шықты, сондықтан оппоненттік топтар оларға қысым
көрсете отырып, олардың тума- туыстарына террорлық әрекеттерді жүргізді.
Реформаторладың ішінен Тань Сытун, Лян Цичао және өзіндік Ұлы
бірігутеориясын ұсынған Кан Ювэйді айта кеткен жөн. Бұл теория Кан
Ювэйдің 1887 жылы жарық көрген Ұлы Бірігу кітабында толық түсіндірілген.
Бұл қағида бойынша адамдар мінсіз мемлекеттік құрылым құру үшін оған кері
әсер ететін кедергілерден құтылу керек деді. Сол кедергілерді айта кетсек-
мемлекеттің тайпаларға , бай мен кедейге, кеңпейілді мен арамқорға,
ұлттарға бөлінуі, еркек пен әйелдің арасындағы теңсіздік, отбасы
қатынастары, мамандарға бөліну, адамдар арасындағы теңсіздік нәтижесінде
туындайтын қарсылықтар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Жылжымайтын мүліктің негізгі нысандары
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Жер пайдалануды орналастыру
Жерге орналастыруды жобалау. Жерді бағалау бойынша жұмыстар
Жер құнын бағалау
Жерге орналастырудың экономикалық факторлары
Пәндер