Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында
қолданудың теориялық негіздері
1. . Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...8
2. .VIII-IX сыныпта ағылшын тілінен cыныптан тыс
сабақтардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Орта тапта сыныптан тыс ағылшын тілінде жобалау әдісін қолдану бойынша
интерактивті
сабақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25
Кіріспе
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол
оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен
құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін
дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту.
Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы :
Еліміздегі білім беру саласындағы басты да, негізгі мақсат ол үш тілдік
білім беру программасын қамту мен дайындау екені белгілі, соған байланысты
беріліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстың негізгі өзегі шет тілдегі
материалдар мен шет елдерде қолданылып әдістер мен методиканы немесе жалпы
білім беретін орта мектептегі орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс
ағылшын сабақтарында қолдану әдістерін қазақ мектебінде ендіру мен жүзеге
асыру. Тағы бір маңызы, белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын
және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін
мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін
тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни
тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат
ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым
іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін,
күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген
пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден
– нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі
, әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ
үрдісі өнімді, нәтижелі болады.
Мектеп программасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық
технологиялардың енуін оқушының рухани, интелектуалды дамуының маңызды
түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық
процесстің нәтижелі түрі болып табылады. Шет тілі сабақ ретінде оқушылардың
мәдени, рухани дамуына үлкен мүмкіндік беретін сабақ.
Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай
тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы
дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне жоба
ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді
мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты
салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге,
қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі
әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан,
ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық
салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының
қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері көрнекі болуы
тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер
тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе
алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде
ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз
таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
• тәжірибелік құндылықтары болуы;
• оқушылардың өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
• онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей
мөлшерде болжаусыз болуы;
• оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
• өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
• оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
• кең спектрлі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына
көмегі болуы;
• оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы
тиіс.
Дамыған елде шет тілінде сыныптан тыс сабақ жүргізудегі ең басты мақсаты:
Шет тілінде мәдени қатынасқа түскісі келетін оқушының жеке тұлғасы. Мектеп
алдында тұрған басты мақсаттың бірі : жаңа педагогикалық технологиялардың
өнімді қолдануы мен еңгізілуі.Оларға әрине бірінші жобалау әдісі
жатады.Төменде көрсетілетініңдей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық
технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.
➢ Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс(сабақ
жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен
құрылымына әсер етпейді.
➢ Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру
стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
➢ Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана
камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау,
мұғалімге, оқушылардың бір(біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік
қарым(қатынасқа бейімділік, бір(біріне көмекке келу сиякты
қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік,
дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі
қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
➢ Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің
әдіскерлерімен зерттелуде: [2.17-22]
И.Л Бим ,И.А Зимний ,Т.Е Сахоровой, О.М Моисеевой, Е.С Полат, И Чечель, L
Fried-Booth,T Hutchinson, D Phillips және т.б.
Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең
маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс(әрекет түрі арқылы
(жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез( дәстүрлі стандартты емес
білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдісін әсіресе Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында
және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Өйткені осы
уақытта (8-9 сыныпта( алдыңғы қатарлы жаңа мәлімет алу үшін шет тілін өз
бетімен қолдану, сөздік қорды байыту, лингвистикалық білімді кеңейту және
оларды қоршаған болмыстың жаңа саласында қолдану алға шығады.
Жобалау методикасы жаңа педагогикалық жеке ( тұлғаға бағытталған технология
ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
➢ Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
➢ Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Осыған сүйене отырып біз ешқандай күмәнсіз жобалау әдісі әзір материалды
игеру мен жаңадан игеруге негізделген дәстүрлі сабақ беру тәсілінің
баламасы екенің айтамыз.
Ғылыми( теориялық әдебиеттерді анализдеудің, педагогикалық тәжірибеге
сүйенудің және ғылыми-зерттеу жүргізушінің жеке зерттеулерінің арқасында
қазіргі таңда шет тілін оқыту үрдісінде бірнеше қарама( қайшылықтар бар
екені аңықталып отыр, олар:
➢ Мемлекеттік білім беру програмасы бойынша шет тілін оқытуда орта
тапқа қойылған талаптар мен шынайы орта тап оқушыларының арасындағы
қарама( қайшылықтардың болуы;
➢ Шет тілінде сыныптан тыс сабақтарда жаңа педагогикалық
технологиялардың қажеттілігіне қарамастан дәстүрлі сабақ беру
тәсілінің шет тілінен сынптан тыс сабақтарда басым болуы;
➢ Оқушылардың сабақ үрдісіне жаңа еңгізулерді, технологияларды жоғары
ниетпен калауымен және оған дайын болғанымен мұғалімдердің жаңа
әдістер мен технологияларға әлі де сенімсіздікпен қарау;
Зерттеудің өзектілігі, теориялық маңыздылығы осы мәселелерді шешудегі
практикалық өңдеулердің жетіспеушілігі берілген тақырыпты таңдауға негіз
болды. “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында
қолдану”
Зеріттеу обьектісі: Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында
ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтар үрдісі мен сыныптан тыс сабақтардағы
сөйлеу қабілеті.
Зеріттеу пәні: “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын
сабақтарында қолдану”
Зеріттеудің ғылыми болжамы: Егерде орта тапта Жалпы Орта Білім Беретін
мектептердің орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау
әдісін қолдансақ, біз мынадай жетістіктерге жетеміз:
➢ Шет тілін өнімді игеру үшін ішкі мотивтің қалыптасуы мен дамуына;
➢ Ойлау қабілеті мен ойлау жылдамдығын арттыруына проблемалық
жағдайда логикалық ойлау қабілетін игеру;
➢ Тілдік, сөйлеу қабілетінің дамуына;
➢ Оқушылардың жеке тұлғалық индивид ретінде қалыптасуына, дербес
тәуелсіз тұлға болуына;
➢ Алға қойған тапсырмалардың нәтижелі шешім табуына.
Зерттеудің міндеті: Сыныптан тыс ағылшын тілі сабақтардағы жобалау әдісін
теориямен негіздеу, өңдеу, және оның нәтижелі, өнімді технология екенін
дәлелдеу. Алға койылған мақсат мынадай шешімдерді талап етті:
- Орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың
теориялық негіздерін аңықтау.
- Орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау
әдісін қолдану бойынша интерактивті сабақтардың маңыздылығын анықтау.

әдісін қолданудағы жаттығулар кешені.
Көрсетіліп отырған ғылыми-зерттеу жұмысы жүйелі де, мазмұнды I бөлімнен,
жалпы зерттеу жұмысына берілген қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бөлім I
VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын
сабақтарында қолданудың теориялық негіздері
1. Сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау әдісін қолданудағы
жаттығулар кешені
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық,
шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу
икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын
тұрғыдан ойлауын дамыту.
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын

ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы,
олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын
табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген
сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден –
нәтижеге қол жеткізуді болжайды.[5.67-88]
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай

тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақтынәтиженің болуы.
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ,
онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің
жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар
әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа
білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық
технология. Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және
құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы
нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде
қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері.
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
1. Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік,
қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және
т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
2. Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында);
пәнаралық жоба;
3. Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын
(анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны
имитациялау);
4. Байланыстың сипаты: бір ЖОО, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер
арасындағы қатысушылар үшін;
5. Жобаға қатысушылардың саны;
6. Жобаның ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері.
Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу,
жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді
бағалау.
Дайындалу.
- мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
- мәселені шешудің болжамдарын беру;
- зерттеу әдістерін талқылау.
Жоспарлау.
- ақпарат көздерін анықтау;
- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау;
- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау;
- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату;
- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу.
Зерттеу.
- ақпараттарды жинау;
- аралық тапсырмаларды шешу.
Нәтижелер және қорытындылар.
- алынған көрсеткіштерді талдау;
- қорытындыны тұжырымдау;
- нәтижелер мен үрдісті бағалау;
- соңғы нәтижелерді рәсімдеу;
- қорытынды жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар. [11.67-99]
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары.
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің
шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір
зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады
(мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді
зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың
әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу
мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер
шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің
кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім
стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық
тапсырмаларды орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ
айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру
тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
ОҚУ – алдағы үлкен өмірде өз орныңды дұрыс таба білу үшін керек
екен. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне
деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім
қабылдауға , яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.
XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі
басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз
бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын
жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн
талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Бұл әдісте:
Оқушы: Мұғалім:
-Оқушы-оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағытталған
ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
жетуші белсенді субъект.
-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін құптаушы.
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
-Өз ізденісімен табысқа жетуші -Мақсаттарға жетелеуші.
шығармашылық тұлға.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық
ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру,
ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі
қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.Егер оқушы жобасы
тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол
болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда
дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр
ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте
сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық
қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа
ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың
жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай,
оны жоспарлай білу қажет.
Жобалау технологиясында басты мақсат - жобаланған қорытынды мен жетістіктер
тәсілінің жоспарымен, сол тәсілдерді моделдеумен, жасалған жоспар мен
моделдің жүзеге асырылуымен, басқару іскерлігімен және осы жоспарды
орындаушы адамдар тәртібімен байланысты. Аталмыш жағдайда жалпы жобалау
технологиясында сүйенетін индивидуалды шеберлік ескеріледі. Жобалау
технологиясының төңірегінде дамыған тұлға жолында кездесетін барлық
қиыншылықтарға төтеп береді.Технологиялық шешім қабылдау барысында әрбір
тәрбиеленуші алдын-ала анықталған белгілеріндегі шығармашылық мүмкіндіктері
арқылы қорытындысын коррекциялап, бақылау арқылы мақсатқа қол жеткізу
жолынан өтуге міндеттенгендігі көрінеді.
Сонымен қатар жобалау әдісінде берілген жаттығулар кешені
оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу кезінде, олардың
сөйлеу, оқу, тыңдау, жазу қабілеттерін толығымен дамытып, әсіресе оқушының
өз өзіне деген сенімдігін арттыруға көмектеседі.
2. Орта тапта (8-9 сыныпта) ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтардың
мазмұны.
Берілген тарауда мынадай сұрақтарға тоқталамыз:
- Қазіргі заманда жобалау әдісінің Жалпы Орта Білім Беретін
мектептердегі орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда ең
тиімді де, оңтайлы технология екендігіне;
- Дәстүрлі сыныптан тыс сабақ пен жобалау әдісі қолданылған сыныптан тыс
сабақтың айырмашылығы;
- Жобалау әдісінің жеке тұлғаға бағытталған әдістін негізгі мазмұнына.
Елімізде Жалпы Орта Білім Беретін мектептерде орта тапта ағылшын тілінен
сыныптан тыс сабақтарға арналған бірнеше жаңа технология түрлері белгілі
солардың ішінде ең ыңғайлысы жобалау әдісі. Өйткені оның басты мақсаты
оқушының жеке тұлғасына бағытталу, мұнда эго фактор кеңінен
қолданылған.[6.65-77]
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
Білімді, білікті, шығармашылықпен, жұмыс істей алатын жылдам өзгеріп
отыратын ортада өмір сүруге бейімділігін, өздігінше дамуға өз ойын толық
жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс
жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру.[1.150] Жұмыстың
міндеті:
• Оқушылардың сапасы білім алуға, білімін көтеруге деген ынтасын
арттыру.
• Шығарманың жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол
адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті,
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
• Өмірлік бағдарын белгілейтін, әлемдік бір тұтас көзқарасты, тұрақты,
әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру.
• Қазақстан халықтарының рәміздеріне, тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне
деген құрметке, адамның жеке құқығының бостандығын сыйлауға
тәрбиелеу.[4.15]
Жұмыстың теориялық негізі:
• Аудару емес – түсініп, оқу- түсіну- сөйлем құрау.
• Сөйлемнен –эссе жазу.
• Түсінік айту.
• Әлем әдебиетімен байланыс жасау.
Сыныптан тыс жұмысқа түрткі қайдан шықты дегенге жауап - қажеттіліктен.
Американ ғалым, философ Дейль Карнеги сөзінен бастағым келіп отыр.
“Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан
келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады.” деген екен. Бала бойындағы
қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет, шетел тілін меңгертіп үйрету
керек. Яғни тілді меңгеру үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге
деген бейімділігі, қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушыны ойын
дамыту міндеті келеді. Бала бізден тілді тек сабақ барысында ғана
меңгереді.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті жұрттың қамын же - дейтін бабаларымыз
тілдің құдіреттілігін ертеден(ақ айқындап берген. Осыған сүйене отарып біз
сыныптан тыс сабақтың орта таптағы маңызына көз жеткіздік. Жоғарыда
көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге тек жобалау
әдісі көмекке келеді. Оған дәлел ретінде дәстүрлі сабақ беру әдісі мен
жобалау әдісін салыстырып көрейік.[1.190]
Мильрудтің айтуы бойынша:
• Дәстүрлі сабақ беру әдісінде жаттығу, жаттандыру әдістері басым болып
келеді,ал жаңа технологияда жоба басым.
• Жаттығу әдістерімен оқушылар әзір мазмұнды игереді, ал жобада олар
мазмұнды өздері дайындайды, яғни рухани мәдени дамиды.
Бұл жағынан Мильруд өте дұрыс атап кетті, өйткені мектептердің
алдында басты мақсат улкен материалды меңгерту тұрады,
• ал дәстүрлі әдісті қолданатын мектеп мұғалімдерінің басты мақсаты осы
материалды сыныптан тыс сабақта теориялық жағынан игерту, ал
практикалық жағына келгенде мұғалімнің уақыты да, көңілі де таусылады.
Жобалау әдісі теория мен практиканы ажыратпайды.
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда мұғалім мәлімет көзі, диктатор болып
табылады, ал жобалау әдісінде ол көмекші, кеңесші, сырттай бақылаушы
болып табылады.
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда оқушылар 20%жұмыс жасайды, ал 80%
мұғалім жасайды. Жобалау әдісінде 20% мұғалім ал, 80% оқушы.
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда оқушылар ұян, өздері сөйлеуге
қателесуге ұялады, ал жобалау әдісі бойынша еркін, өз(өзіне сенімді
болады, қателесуге қорықпайды.[3.76]
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда оқушылар қиындыққа әзір болмайды, ал
жобалау әдісінде қиындықтарға төтеп беруге үйренеді.
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда бірен(саран оқушы қалыс қалу мүмкін,
жобада барлық оқушыға жүктелген жұмыстары болады.
• Дәстүрлі сыныптан тыс сабақтарда оқушылар ұжыммен жұмыс істей алмайды,
ал жоба оқушыларды біріктіреді, өйткені барлығының ойы бір мақсатқа
жету.
• Жобада меңгерілген білім бір салалы емес көп салалы болады.
Осы аталған себептер жобалау әдісін сыныптан тыс сабақтарда дәстүрлі
әдістің алдына шығарады.Тек осы әдіс арқылы біз Мемлекеттік білім беру
стандартында көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға қол жеткіземіз. Енді
осындай ойға келу үшін бұл тұжырымның қайдан пайда болғанын, еліміздегі
және шет елдердегі жобалау әдісін қолданудағы өткенге шолу анализі жасасақ.
Ғалымдар мен методисттер бірнеше жылдар бойы оқытуың гуманисттік бағытына
көңіл бөлуде.
“Жобалау әдісі” немесе “Проблемалық әдіс” немесе “Мақсатталған
іс(әрекет әдісі” жобалау технологиясы 19(ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ
ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон
Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы –
Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям
Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру
арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. Өзіне көйлек
тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі
үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап
тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау
технологиясының нағыз типтік үлгісі. - деген екен Хилпатрик. Бұл
технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда
cooperative learning – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау
технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды
орындау арқылы меңгеретін білімі.
Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы
мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша,
балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге
дайындау – бұл технологияның негізі. Джон Дьюи, американдық педагог,
психолог, философ. Сол кезде АҚШ( та жүріп жатқан сабақ беру әдісін,
методикасын алға алады.Оның ойынша бұл әдістер баланы шынайы өмірден
алшақтатады. Джон Дьюидің айтуы бойынша бала білімді өз тәжірибесінен, өз
бетімен жинау керек деген екен. Ол : “Кез келген білім (ақыл(ой, тәрбиелік(
белгілі(бір мақсатқа бағытталған білім деп атауға болады егерде ол қоғамдық
өмірде , шынайы өмір жағдайында игерілсе”. Жобалау әдісінде Джон Дьюи айтып
кеткен бір дауға түспес қағида бар ол: “Оқыту тек істеп көру арқылы
мүмкін”. Соған қоса жобалау әдісінің сәтті болуы үшін мынадай
міндеттемелер қояды.[11.143]
- Сабақ материалының проблемалық болуы.
- Оқушының белсенділігі.
- Оқытудың оқушының өмірі мен еңбегімен және ойынмен байланыстылығы.
Соған сәйкес Дж. Дьюи оқушы материалды есту, тыңдау қабілеттері
арқылы игеріп қоймай өз жобасының белсенді субьектісі болып табылады деп
айтып кеткен.
Осы уақытта орыс методисттері де жобалау әдісімен қызыға бастады.
Олар С. Т Шатский, В. Петрова, Н.К Крупская, Б.В Игнатиев, Шульгин, Н.В
Крепенина. Олардың ойы да ағылшын педагогтар ойларымен қиылысты.
1929-1930 жылдары жаппай мектеп программаларына арналған жобалау
әдістерінің программалары шыға бастады. Тәжірибеде мұғалімдердің бұл
технологияны дұрыс түсінбеу, нәтижесінде оқушылар тек тайыз біліммен
шектеліп қалды. Мұғалімнің жүйелі білім беру тәсілі, жобаны зерттеумен
ауыстырылды. Нәтижесінде білім деңгейі төмендеп кетті.
1931 жылы Крупская Совет мектептерінде жобалау түрлерін зерттеп шығып,
“Тәжірибенің тарлығынан сақтаныңыз(деп ескерткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz