Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМ СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Неологизм терминінің мағынасы мен мәні5-8
1. 2. Неологизмдердің жасалу жолдары8-14
2. ТЕРМИН - ТЕРМИНТАНУДЫҢ НЫСАНЫ
2. 1. Терминнің тілдік сипаты15-16
2. 2. Терминге қойылатын талаптар17-18
3. АҒЫЛШЫН-ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМ ТЕРМИНДЕРДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
3. 1 Экономика саласындағы жаңа атаулар19-21
3. 2 Сөздіктердегі экономика терминдерінінің аударылуы21-22
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
ҚОСЫМША 25
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
АУДАРМА - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды. Ертерек кездерде белгілі сюжетке жазылған еліктеу түріндегі шығармалар аз болмаған. Оларды дәп бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болады. Мысалы, Абайдың Пушкин, Лермонтов сияқты орыс классиктерінен аударған өлендерінің толық мағынадағы сәйкес, дәлеме-дәл аудармаларымен қатар, еркін еліктеу түрінде жазылған, өзіндік туындыға айналған нұсқалар да бар. Толық мағынасындағы аударма қалайда түпнұсқаға негізінен сәйкес болуы шарт.
Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен ша- руашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды біддіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді. Бір заманда діни оқуды қоғамнан шеттетіп, жаңа оқуды өмірге еңдірген кезде осы күнгі мұғаілім, мектеп, класс, тақта, парта, оқушы, карта, глобус, компас деген танымал сөздердің өзі қазақ үшін неологизмдер болып саналғандығына ешбір күмән келтіруге болмайды. Одан бергі кезеңдерде тілімізге қаптап енген колхоз, совхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна т. б. сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Қазіргі таңда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сіңісті де, неологизмдердің қатарынан шығып қалды. Осы кезде қазақ тілінің лексикасы жыл санап емес, күнбе-күн өсіп толығып отырады деуге болады. Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ неологизмдердің қатарынан шығып, ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады. Мысалы: теледидар, атомоход, спутник, космос, космодром, космонавт, космогония, космонавтика, космошлем, ракетодром, синтетика, нейлон, капрон, лавсан, нейтрон, силон, пластикат, ракетник, кибернетика, стиляга, абстращионизм, купътиватор т. б. Кейде неологизмдерге шек қойып ажыратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы ұстайтын негізгі принцип жаңа сөздің бір тілде сөйлеушілерге қаншалықгы түсініктілігімен ғана өлшенбек.
Неологизмдер - бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық единица. Мұндай сөздер әлі де болса сөздік қорға ене қойған жоқ, сондықтан халықтың көпшілігіне таныс болмауы мүмкін.
«Неологизм» ұғымының белгілі бір анықтамасын талдау үшін түрлі зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, екі түрлі көзқарасты аңғаруға болады:
- «неологизм» термині жаңа сөздің жасалуы ретінде қабылданады, яғни бір тілдің жаңа сөз жасам үлгілерінің модельдерін сақтай отырып, бұрын таныс болмаған жаңа сөзді, жаңа ұғымды білдіретін сөздердің тобы ретінде қарастыру. Мысалы, reactor - ядролы реактор, biocide - биологиялық соғыс және т. б.
- Сондай-ақ бұрын қолданыста жүрген белгілі бір сөздің семантикалық және стилистикалық бояулары әсер ететін жаңа синонимі ретінде қарастыру. Мысалы, boffin сөзі (құпия жұмыспен айналысатын ғалым, көбінесе әскери мақсатта) scientist сөзінің ең жақын синонимі болып табылады, алайда оның семантикалық бояуы басқаны білдіреді.
Сол секілді лексикалық жаңа сөздердің құрамының біркелкі болмауы да көрініп отырады. Оның себебі неологизмдердің пайда болуына, тілдегі тұрақтылығына қолданыстағы тазалығына байланысты.
Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;
- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;
- мәдениет саласындағы жетістіктер.
Ғылыми-техникалық прогрестің шарықтауына байланысты қоғамымыз жаңара түссе, тіліміздегі төл сөздеріміз де қоғаммен бірге жаңарып, жаңа атаулармен толығып отырады. Тілдегі сөздік қордың да байи түсуі осындай тілімізге енген жаңа сөздердің үлесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі ағылшын тіліндегі жаңа жетістіктер мен жаңа оқиғаларға байланысты пайда болатын жаңа сөздер - неологизмдердің аударылуын зерттеу.
Зерттеу міндеттері . Курс жұмысының мақсатына байланысты мынадай міндеттер қойылды:
- Неологизмдердің мағынасы мен мәнін, ұғымын анықтау;
- Неологизмдерді аудару ерекшеліктері;
- Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау;
- Ағылшын тіліндегі неологизмдердің қазақ тілінде баламалануын қарастыру т. б.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Неологизм терминінің мағынасы мен мәні
Неологизмдер - бұл қазіргі тарихи кезеңге тән түгелімен жаңа лексикалық единица. Мұндай сөздер әлі де болса сөздік қорға ене қойған жоқ, сондықтан халықтың көпшілігіне таныс болмауы мүмкін.
«Неологизм» ұғымының белгілі бір анықтамасын талдау үшін түрлі зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек, екі түрлі көзқарасты аңғаруға болады:
- «неологизм» термині жаңа сөздің жасалуы ретінде қабылданады, яғни бір тілдің жаңа сөз жасам үлгілерінің модельдерін сақтай отырып, бұрын таныс болмаған жаңа сөзді, жаңа ұғымды білдіретін сөздердің тобы ретінде қарастыру. Мысалы, reactor - ядролы реактор, biocide - биологиялық соғыс және т. б.
- Сондай-ақ бұрын қолданыста жүрген белгілі бір сөздің семантикалық және стилистикалық бояулары әсер ететін жаңа синонимі ретінде қарастыру. Мысалы, boffin сөзі (құпия жұмыспен айналысатын ғалым, көбінесе әскери мақсатта) scientist сөзінің ең жақын синонимі болып табылады, алайда оның семантикалық бояуы басқаны білдіреді.
Сол секілді лексикалық жаңа сөздердің құрамының біркелкі болмауы да көрініп отырады. Оның себебі неологизмдердің пайда болуына, тілдегі тұрақтылығына қолданыстағы тазалығына байланысты.
Неологизмдердің пайда болуының себебі қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс болып табылады:
- әлеуметтік-экономикалық жаңа сөздердің пайда болуы;
- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;
- мәдениет саласындағы жетістіктер.
Неологизмнің ең басты белгісі көптеген тілдердегі сөздердің жаңа түрі. Сөздер неологизмдік қасиетін көп уақыт сақтай алмайды. Жаңа сөзіміз белсенді қолданысқа түсе бастағаннан өзінің жаңа қасиетінен айрыла бастайды, яғни бірте-бірте жаңалық кейпін жойып, жалпытілдік сөз ретінде лексика жүйесіне енеді. Қазіргі уақытта луноход, космодром, радар, ракета-тасушы, бағдарламалау сияқты сөздерді неологизмдер деуге болмайды. Өйткені бұл сөздер өзінің тарихи кезеңінде жаңа сөз деген атқа ие болғанымен қазіргі уақытта тіл қолданысына еніп, қарапайым сөздер қатарына ауысқан. Көптеген ағылшын лексикографтары қазіргі уақытта «окказиональды» деп аталатын неологизмдерді қолданып жүр, яғни олардың мағынасы өзгеше немесе, аяқ астынан айтылған немесе қолданылған сөздер дегенді білдіреді. [15, 24б]
Неологизмдер мен жаңа сөздердің жасалуына қатысты уақытша критерийлерді объективті түрде анықтауға болмайды, сондықтан да жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз - неологизм түсінігі уақытқа байланысты өзгергіш, сөздер қашан өзінің жаңалық кейпін жоғалтпайынша неологизм сөздер болып қала береді.
Қазіргі кезде ағылшын тілі, басқа да көптеген тілдер сияқты «неологиялық жарылысты» бастан кешіруде. Жаңа сөздердің үлкен ағымы және оларды сипаттау қажеттілігі лексикологияның арнайы саласы - неологизмдер жайлы ғылымның пайда болуына себеп болды.
Неологияның теориясын зерттеуде ең үлкен табыстарға қол жеткізген француз лингвистері. А. Дармстетердің классикалық еңбектерінен бастап, француз лингвистикалық мектептері неологияның теориясы мен практикасына елеулі үлес қосты. (Rey, Guilbert, Darbelnet, Deroy, Corbeil) . Сонымен қатар ағылшын және американ лингвистері де неологизмдердің лексикографиялық аспектілерін жетілдіру арқылы неологияның практикасына үлкен үлес қосты. Бұл жерде жаңа сөздер сөздіктері мен түсіндірме сөздіктерге қосымшалар жайлы сөз болып отыр.
Соңғы он жылда Барнхарттың екі құнды сөздіктері басылып шықты.
Олардың ішінде 1 мыңға жуық жаңа сөздер мен олардың мағынасы талданған.
Алайда англистикада неология теориясы лексикологияның дербес саласы ретінде қаралмаған. Сонымен бірге, ағылшын тілінде Берчфильдтің деректері бойынша жылына орташа 800 жаңа сөз пайда болады - әлемдегі басқа кез келген тілдердегіден әлдеқайда көп. Бұл ағылшыншылардың алдына жаңа сөздерді белгілеу ғана емес, сонымен бірге оларды зерттеу міндетін де қояды. Тілге қызметтік әдіс аспектісінде жаңа сөздерді сипаттау айырықша маңызға ие. Бұл әдістің тарихшылары В. Гумбольдт тұжырымдамасынан шығатыны белгілі. Шығармашылық тұрғыдағы неологияның негізгі мәселелері мыналарға жинақталады:
- жаңа сөздер мен мағыналарды тану жолдарын анықтау;
- қоғамның прагматикалық қажеттіктері бар салыстырмалығындағы олардың пайда болуының факторларын талдау;
- олардың қалыптасу модельдерін және оларды қолданылуға шектеулерді зерттеу;
- әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, жас мөлшері мен өзге топтарда оларға жатқызу (олардың қабылдауы немесе қабылдамауы ) қағидаттарын әзірлеу;
- тілдің әлеуметтік саралануын есепке ала отырып, әр түрлі қарым-қатынас жағдайларындағы қолдануға прагматикалық шектеулерді көрсете отырып, лексикографиялық өңдеу. [7, 15б]
Осы проблемаларды шешу барысында лингвистер жаңа сөздер қандай прагматикалық қажеттіліктерден туындайды деген сұраққа жауап беруге тырысады, "тәжірибенің қандай үзінділері және неге дәл солар лексикалық белгілеуді талап етеді, жаңа сөз жасау қажеттілігі туындау үшін адамның шығармашылық тәжірибесінде не өзгеруі тиіс, ол қалай және қандай шарттарда жасалады, бастапқы морфемалық, үлгілік, лексикалық қорлар қандай, жекелеген тетіктердің нормативтік белсенділігі қалай өзгереді, сөз лексикалық жүйеге қалай енеді, жаңа сөздің бейімделу тетігі қандай». [сілтеме ]
Жаңа сөздің пайда болуы - екі үрдістің - тілді дамыту үрдісі мен оны сақтау үрдісінің күресінің нәтижесі екенін еске түсірейік. Бұл "тілде анағұрлым күшті коммуникациялық жарамдылық күйінде сақталу үрдісінің болуымен негізделген [сілтеме] . Алайда, жаңа идеялар мен ұғымдарды анағұрлым барабар көрсету үшін, жаңғырту және бекіту үшін жалпы тіл, әсіресе лексика қайта құрылуға, жаңа бірліктер туындатуға мәжбүр. Бұл ретте жаңа сөздің пайда болуы жаңа мәндегі қоғамның тікелей қажеттілігіне байланысты бола бермейді. Көбіне неологизм - бұл ауытқуды жою нәтижесі, немесе жаңа шоғырлардың нәтижесі және т. б., яғни неологизмнің жасалуы кезінде көбінесе тек тілішілік стимулдар қолданылады.
Неологизмнің көптеген анықтамасы бар. Әрбір маман бұл терминді өздігінше қорытады. Мысалға тіл эволюциясының бірлігі атаудың өзгеруі, яғни білдіретін мен білдіретіндердің арасындағы қатынас болып табылады деп есептеген В. Г. Гактің анықтамасын келтірейік. В. Г. Гактің пікірінше, атау процесінде төрт қарапайым өзгеріс болуы мүмкін: жаңа объектіні беру үшін осы белгіні пайдалану, тілде бар объектіні беру үшін жаңа белгіні енгізу; жаңаны білдіретін жаңа белгіні енгізу және мағынаны білдіретіндердің қажеттілігінің шамалы болуына байланысты белгінің пайдаланылмауы. Осылайша, неологизм - бұл түрі жағынан, не мазмұны жағынан, не түрі жағынан да және мазмұны жағынан да жаңа сөз. Демек, неологизмдердің вокабулярында мыналарды бөліп болады:
1. неологизмнің өзі (түрінің жаңалығы мазмұнның жаңалығымен бір жерден шығады ) :
аudіotypіng - аудио басып шығару;
telecommutіng - электрондық почтаны қолдана отырып үйдегі жұмыс;
2. Түрдің жаңалығы бұрын басқа түрмен берілген мағынамен сәйкес келетін трансноминация:
Bіg C - шаян;
Sudset - көбіршік опера;
Furpһy - тірексіз сыбыс;
3. семантикалық инновациялар немесе қайта мағыналау (жаңа мән тілде бар түрмен беріледі) :
sһort - аздаған ішкілік;
іvorіes - тіс.
1. 2. Неологизмдердің жасалу жолдары
Жаңа лексикалық бірліктердің жасалуы сол тілде тарихи қалыптасқан белгілі бір сөзжасам модельдері бойынша жүзеге асады. Бұл ретте негізгі сөзжасам проблемаларының бірі сөзжасам модельдерінің немесе тәсілдерінің өніміділігі проблемасы болып табылады .
Қазіргі ағылшын тілінде аффиксация, сөз күрделендіру, конверсия, сөздерді кіріктіру, қысқарту, лексикалық-семантикалық тәсіл, сөздегі дыбыстарды алмастыру және екпінді ауыстыру (фонологиялық тәсіл) және т. б. және т. с. с. жататын көптеген жаңа сөздер жасау тәсілдері бар. Алайда аталған тәсілдердің барлығы бірдей қолданылмайды, және әрқайсысының сөзжасам процесіндегі үлес салмағы да бірдей емес. Туынды сөз және күрделі сөз сияқты тәсілдер жаңа сөз жасауда көп қолданылады.
Туынды сөз және күрделі сөз көмегімен жаңа сөздердің 88% (зерттелген 3000 сөздің) жасалады. Басқалары, мысалға, конверсия, лексика-семантикалық тәсілмен жаңа сөздер аз жасалады, және сөздегі дыбыстарды алмастыру және екпінді ауыстыру тәсілдерін жатқызуға болатын үшіншісінің өнімділігі аз және қазіргі уақытта пайдаланылмайды десек те болады. Осыған байланысты былайша бөлу қабылданған:
- аз өнімді аффикстер
- өнімді
- "абсолютті өнімдімдік" деп аталатын, яғни сөзжасам элементі ретінде аффикс өз қолдану аясында аз шектелген сөз жасам тәсілдері бар аффикстер.
1. Аффикстік неологизмдер .
Аффикстік бірліктер ережеге сәйкес, түгелімен ағылшын тіліндегі сөз жасамдық дәстүрді сақтай отырып, яғни морфологиялық құрылым мен мағына сипатына байланысты тасушы тілге әдеттегідей көшеді. Сондықтан өндірістік неологизмдердің пайда болуы сол сөздің мағынасы толық ашылған сәтте ғана сөздің жаңа екенін аңғарады.
Аффикстік бірліктер Кэннонның [Cannon, 1986] мәліметі бойынша, жаңа сөздердің 24% құрайды. [10, 21-22б]
Қазіргі кездегі аффикстердің өзіндік сипаттамасы олардың терминологизациясы, яғни олардың белгілі бір ғылым мен техника саласына тұрақтануы болып табылады. Барлық жаңа жасалған аффикстік сөздердің жартысы ғылым саласына қатысты болып келеді.
Мейілінше белсенді бірліктері физика және биология саласында жаңа терминді сөздердің жасалуына қатысаады. Мысалы, -on жұрнағы (кішкентай ғана бірлік немесе бөлшек) мынадай терминдердің жасалуына қоланылады: gluon физиканың кішкентай жаңа бөлігі, luxon нөл массалы кішкентай бөлшек. Көптеген жаңа энзимдердің ашылуы
-ase (энзим) жұрнағының кең қолдануына алып келді. Алғашқыда жұрнақ diastase терминімен бірге қолданылды. Э нзим көміртегін қантқа айналдырады.
Топырақ таксономиясында sol (лат. solum топырақ) жұрнағы топырақтың түрен білу үшін белсенді қолданылады: aridisol (американдық вариантпен) шөлейт топырағы, histosol ылғалды топырақ, vertisol балшықты топырақ, hioxisol тропикалық топырақ.
Префиксалдік бірліктер жартылай префикстер ролінің ұлғайғанын көрсетеді. Белгілі болғандай, жартылай префикстер көбінесе префикстерге қарағанда мағыналық жағынан күрделі болады, сондықтан да көбіне жаңа сөздің мағынасына әсер етеді. Жартылай префикстердің негізгі көзі - латын тілі, француз тілі және грек тілі: acro-, bio-, xeno-, micro-, euro-, tele- және т. б. олардың қолданылуы ғылыми-техникалық саласымен шектеледі. Алайда техникалық жаңалықтардың тұрмыстық тіршілікте қарқынды өрбуіне байланысты жартылай префикстер де жалпы қолданысқа кіреді.
Кейбір жартылай префикстер күрделі сөздерден және фразалы сөздерден мүшеленіп шығады: dial-a (телефон арқылы қызмет көрсетуді білдіреді ) dialphone -ден, мысалы, dial-a-bus, dial-a-meal; flexi иілгіш, икемді - Ғlexi Van сауда маркасынан. Мысалы:
flexicover, flexinomics, flexiroof. [13, 85-86б]
Осылайша қазіргі аффикстік жүйесі жаңа аффикстер мен жартылай аффикстердің пайда болуымен сипатталады.
2. Қолданыстағы сөзге тағы да бір мағына беру. Мысалы, cal l сөзі ағылшын тілінде «атау», «шақыру», «телефон қоңырауы» және т. б. мағынаны білдіреді. Алайда биржалық істің дамуымен бұл сөздің сөздіктерде «колл, опцион колл» (яғни белгілі бір мерзім ішінде алдын ала сыйлықақы төлеу отырып, келісілген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алу құқығы) болды, ал банктік істердің дамуымен - «несие алушыға банктің оның шарттарды бұзуына байланысты несиені мерзімінен бұрын төлеу туралы талап» ретінде тіркелген жаңа мағынасы пайда болды.
3. Сөздердің қосылуы .
Ағылшын тіліндегі сөздердің жасалуының өте ежелгі, жан-жақты және танымал тәсілі - сөздердің қосылуы. Олар нақ осы кезге дейін өзідерінің белсенділіктерін жоғалтқан жоқ: қазіргі ағылшын тілінің жаңа сөздерінің үштен брін - күрделі сөздер алып жатыр. Күрделі неологизмдердің ішінде көбіне екі компонентті құрайтындар кездеседі. Негізгі модельдері болып N + N ⇒ N; A + N ⇒ N моделдері қала береді. .
Сөздердің қосылу процесі екі сөздің (екі негіздің) қосылуынан жасалады. Мысалы, carryback - «шығындардың ерте кезеңге ауыстырылуы», citiplus ««Ситибэнк» (АҚШ) банктің клиенттеріне ұсынып отырған құралы». Жаңа күрделі зат есімдік бірліктердің ішінде эндоцентриттіктері де бар: glue-sniffing желімнің исін наркотикалық эффект алу үшін ішке тарту , think-tank ұжымдық ойлау .
Қазіргі уақытта күрделі сөздер мен сөз тіркестернің шектелуі үшін бірнеше критерийлер қатары жүргізілді. Ағылшын мәтіндеріндегі неологизмдерді аудару кезінде негізгі критерийді орфографиялық критерий алады, яғни сөздердің қосарлануынан жасалған жаңа сөздердің дефис арқылы жазылуын немес күрделі сөз ретінде жазылуына аса мән береді:
dividend-right certificate - «дивиденд алу құқығы үшін берілетін сертификат»,
dear-money policy - «жылдық үстемелерді ұлғайту арқылы несиені шектеу»,
fill-or-kill order - «клиенттің қазір орындалуы тиіс брокерге бұйрығы »
сөздер қосылған кезде бірінші сөздің аяғындағы дауысты дыбыс пен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыс сәйкес келсе, олардың біреуі түсіріліп жазылады:
net + etiquette = netiquette « Интернетке ақпарат енгізу».
Алайда мұның ереже емес екенін ескеру қажет: Some sections of the American press are upping the case still further by using an even more emotive term «cyberrape», to describe the actions of Jake Baker, a 20-year-old American student. (The Independent, 1998) .
Күрделі жасалатын бірліктердің саны жоғарылайды. Негізгі өнімді жұрнақ -er жұрнағы болып табылады:
baby-boomer соғыстан кейінгі демографиялық дағдарыс кезінде туған бала;
page-turner өте қызықты кітап;
all-nighter түнімен толастамайтын нәрсе, мысалы сессия уақытындағы сабақтар.
Күрделі бірліктердің ішінен шылау мен үстеудің көмегімен жасалған сын есемдер мен етістіктердің үлесі бар:
Laid-back әлсіреу, босаңсу,
buttoned-down дәстүрлі, салтқа сай;
spased-out наркотиктің шырамында жүр
turned-on толқулы,
switched- off есін білмейді, ештеңе сезбейді
burned-out, dragged-out шаршаған, сілікпесі шыққан,
tapped-out сенімсіз
Күрделі неологизмдер көпкомпонентті үйлесулермен де сипатталады. В. И. Заботкина көрсеткендей шамамен 500 бірлік үш компоненттерден тұрады:
point-in-time дәл уақыт, нақты уақыт,
middle-of-the-road, поп-музыкаға арналаған
Осындай көп компонентті модельдердің бірі соңғы кездерде line сөзімен келетін сөздер, олар күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің соңында орналасады:
straight-line responsibility тікелей жауапкершілік,
dotted-line responsibility екеуге арналған жауапкершілік,
bottom-line соңғы
top-of-the-line ең жақсысы
ball-park figure шашамаланған мәлімет
back-of-the-envelope жеңіл әрі жылдам анықталатын
A ball-park figure is a rough estimate, explains lexicographer Sol Steinmetz, while a back-of-the-envelope sum is one simply or easily arrived at without the need of a pocket calculator.
Осылайша мағыналық жағынан ажыратылатын бір немесе одан да көп бірліктер өз деңгейінде қолданылады.
to nickel-and-dime ұсақ-түйекке көп көңіл бөлу
meat-and-potatoes негізі,
nuts-and-bolts базалық
quick-and-dirty тез тамақтануға болатын жер ( бар, кафе)
- Конверсия.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz