Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу
1.1 Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2   Азаматтар   мен    қоғамдык   бірлестіктердің   коршаған    ортаны
қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Қоршаған ортаны  қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 5

2.   Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау
саласында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері
2.1  Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамды қ бірлестіктердің қоршаған  ортаны
 қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 5

Кіріспе
 
 Егеменді және тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарга бай мемлекет болып
табылады. Алайда , біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына
қарамастан, оған қамқорлықпен қарау әрқашан туындап отырады. Қоғамның
қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына кең түрде
пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтақ қатынастар дами түскен сайын
одан әрі күрделене береді.
Сондықтан, ғалымдар мен  бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын 
пайдаланудың адам үшін қажеттілігі  мен табиғи ортаны
қорғаудың қажеттілігі  арасындағы қарама - қайшылықтарға  байланысты
дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи
ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған
ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту
және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті
туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау
шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде
сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда
оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып
отыр.
Осыған орай Қазақстан - 2030 стратегиясының басымдықтарын ескере
отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық
жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада
еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық
бағыттар көрсетілген - экономиканы, Ұлттық заңнамаларды және қоғамды
экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат және жүртшылықтың
қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану  мәселесін  шешуді
қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі құқықтық
институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер
қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар,
азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.
Қоршаған ортаның жағдайымен байланысты мәселелер қазіргі таңдағы
адамзат мәселелерінің ішінде бірінші орынға шықты.
Ал қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға
қатысуы саласындағы қызметінің маңызы дүниежүзі қауымдастығымен танылған
БҰҰ- ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта жоне даму туралы
Конференциясында қабылданаған негізгі қүжаттарының бірінде, қоршаған ортаны
қорғау саласында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың күштерін
біріктіру қажеттілігі бекітілген.
Осыған сәйкес Қазақстанда  да қоғамдық экологиялық бірлестіктердің 
рөлі маңызды. Қазіргі таңда біздің елімізде әртүрлі деңгейде өрекет ететін
және бір - бірінен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы және идеологиялық
қағидаларымен ажыратылатын, бірақ ортақ мақсаты қоршаған ортаны қорғау және
азаматтардың экологиялық құқықтарын сақтау болып табылатын 200 жуық
қоғамдық экологиялық бірлестіктер бар.
Қазақстан Республикасында  қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің 
күрылу тәртібін, мемлекеттік тіркелуін және өкілеттіліктері мен қызметін
реттейтін бірқатар құқықтық актілер қабылданды. Олардың құқықтық
жағдайларын реттейтін құқықтық нормалардың көптеген бөлігі барлық
коммерциялық емес ұйымдарға және қоғамдық бірлестіктерге қатысты заң
актілерінде бекітілген.
Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттейтін
нормативтік актілерді, олардың бұндай бірлестіктердің қызметінің құқықтық
мүмкіндіктерін ашатын артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін зер
салып және терең зерттеу қажет .
Баяндалып отырған мән - жайларға байланысты осы курстық жұмысында
таңдап алынған зерттеу тақырыбы өте өзекті болып табылады және тәжірибиелік
мән -маңызы бар деп айта аламыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы,
зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен тығыз байланысты, өтпелі нарықтық
экономика жағдайында, жаңа құқықтық, саяси, экологиялық және әлеуметтік
жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтар мен қоғамдық
экологиялық бірлестіктердің қызметін құқықтық жағынан реттеу мәселелерін
кешенді түрде қарастырған және елімізде түңғыш мемлекеттік тілде орындалған
ғылыми еңбек болып табылады.
Бұл курстық жұмысына азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған
ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдарын, олардың қағидаларын жүйелі
түрде зерттеген. Және табиғат қорғау саласындағы заңдар мен қоғамның басқа
салаларын құқықтық реттейтін заңдарда азаматтар мен қоғамдық
бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен
міндеттеріне сипаттама берілген. Жалпы басқару саласындағы қоғамдық
басқарудың орны анықталған. Бұл еңбекте азаматтардың экологиялық құқықтары
сараланып, соның ішінде қолайлы қоршағаи ортаға құқықтық маңыздылығы
анықтылған.
Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің түсінігі анықталып, оның
белгілері ашылған. Қоғамдық экологиялық бірлестіктердің міндеттеріне,
қызметтеріне және өкілеттіліктеріне негізделген, олардың жіктелуі үсынылып
отыр. Шетелдердегі қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайының
талдауы беріліп отыр.
Орындалған зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы бар. Оның
нөтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтар мен қоғамдық
экологиялық бірлестіктердің тәжірибелік қызметі кезінде және бұл
қатынастарды реттейтін заңдарды қолдану барысында пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыста үсынылып отырған ұсыныстар бұл саладағы заң актілерін жетілдіру
кезінде қолданылуы мүмкін.

1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердщ қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу
1.1 Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму тарихы
Егер де адамзат қазіргі  даму бағыттарымен әрі қарай жүре берсе, екі-үш
үрпақтан қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану,
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің экологиялық
саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда қоршаған
ортаны ластануы, табиғи ресурстардың азамат және экологиялық байланыстың
бұзылуы өзекті мәселелердің бірі.кейін табиғи апатқа үшырайтыны анық.
Табиғат өзінің объективтік  заңдылықтарымен дамиды. К. Маркстың
көзқарасы бойынша табиғат - бұл адамның денесі, ол өліп қалмау үшін онымен
өзара арақатынаста болуға мәжбүр.
Адам өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарын табиғаттан алады, дамуы
қоғамдық заңдылықтармен анықталатын экологиялық қызметтің барысында өз
еңбегімен табиғатты игереді. Адам табиғат күштерінің қүлы болып табылмайды.
Ол өзі және қоғам үшін оң және теріс нәтижелер ала огырып, өзінің
қажеттіліктеріне табиғи ортаны пайдаланады. Бірақ, бұндай қызметтің
салдарына байланыссыз адам әрқашан және барлық жағдайда табиғаттың ішінде
болады және экологиялық жүйесің бір түйіні болып табылады. Адам мен
табиғаттың ара қатынасының мәнін Ф. Энгельстің сөздерімен сипаттауға
болады. Оның пікірінше, Адам, жаулап алушы басқа елге билік еткендей,
табиғатқа билік ете алмайды. Ол өзінің тәнімен, қанымен, миымен табиғатқа
тиесілі және оның ішінде. Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда, табиғат
заңдарын тани біледі және оны дұрыс қолдана алады.
Ғылыми - техникалық төңкеріс өндірістік күштердің кең түрде дамуына
алып келді. Өндіріс пен технологияның жаңа салалары пайда болды, ғылымның
өзі өндірістік күшке айнала бастады. Адам табиғат қүпияларын ашты.
Адам мен табиғат  арасындағы заттар алмасуы тез әрі сапалы түрде өзінің
сипатын өзгертті. Адамның табиғатқа араласуы тереңдей түсті. Бірақ оның
салдарының теріс жақтары да, оң жақтары бар. Адамдар қалпына келмейтін
табиғи ресурстарды сарқылтты және қалпына келетін табиғи ресурстарды
жойылуы қаупін туғызды. Адам табиғаттың құрамдас бөлігі, биологиялық және
әлеуметтік феномен ретінде оның өмір сүруі оған байланысты болып отыр.
Қазіргі өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының, көліктің және т.б. Қызметтердің
әсерінен табиғи ресурстар сарқылып қана қоймай, адамның айналасындағы
ортаның табиғи элементтерінің сапасы мен саны азаюда және экологиялық
жүйеге зиян туғызуда және жойылып кету қаупі туындады. Табиғи ортаның қайта
қалпына келу қабілеттілігі табиғатқа келтіріліп отырған антропогендік
зиянмен күресуге мүмкіндігі жоқ.
Табиғи ортаның жағдайы  қоғам мен табиғаттың өзарақатынасының жаңа
нысанының пайда болуына  алып келді. Ол - қоршаған табиғи ортаны қорғау.
Алғашқыда ол табиғи экологиялық  жүйені, табиғат ескерткіштерін,
табиғаттың ерекше объектілерін қорықтық, консервативтік қорғау нысанында
болды.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты табиғи
байлықтарды  қарқынды пайдалану табиғатты қорғаудың  жаңа түрінің табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігіне алып келді. Бұнда табиғи
ресурстарды пайдалануға байланысты шаруашылық қызмет процесі барысында
табиғи ресурстарды қорғау талаптары тікелей қарастырылады.
Өндірістік қызмет аясының  өсуі өмір сүру ортасы ретінде табиғатқа 
адамның зиянды әсерінің үлғаюына алып келді. Ал бұл ез кезегінде адамдардың
қазіргі және болашақ үрпақтарының мүдделеріне, адамның өміріне,
денсаулығына қауіп туғызды. Бұндай жағдайларда табиғаттың адамға
тәуелділігінен басқа, адамның табиғатқа тәуелділігі айқын көріне бастады.
XX-ғасырдың 50-шы жылдары қорғаудың тағы бір нысаны - адамға қолаылы
қоршаған ортаны қорғау пайда болып, дами бастады. Бұнда негізгі мәселе
адам, оның өмірі, денсаулығы, оның өмір сүру үшін қолайлы қоршағаи ортаға
құқығы болды.
Осы жоғарыда көрсетілген қоғам мен табиғаттың арақатынасынан
туындап отырған зиянды салдарды реттеудің нысандарын құқықтық түрғыдан
жүзеге асыру табиғатты қорғау заңдарын қабылдау арқылы реттелді.
Қоршаған табиғи ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
қатысуы осы табиғат қорғау заңдарында қай жылдардан бастап көрініс тапқанын
анықтау үшін осы заңдардың пайда болу және даму кезеңдерін ашу керек.
Табиғат қорғау заңдары елімізде табиғатты қорғау талаптары  мен 
тәртібін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қүзыреттілігін,
табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін, табиғат қорғау
ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын нормативтік-құқықтық
актілердің жиынтығы болып табылады. Табиғат қорғау заңдары мемлекетіміздің
табиғатын құқықтық қорғаудың заңдық негізі болып табылады. Ол кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында пайда болды. Табиғат қорғау заңдарының
қалыптасуы мен дамуында В.И. Лениннің ролі ерекше. Ол табиғат қорғау Ісінің
негізін салушы. Оның көптеген мақалалары мен сөздерінен, ол кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ еліміздің табиғи ресурстары, оларды
пайдаланудың болашағы туралы көп ойлағанын байқаймыз. В.И. Ленин
еңбектерінде табиғат қорғау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру,
мемлекеттік қорықтарды құру; табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалануға байланысты арнайы мемлекет органдарын құру қажеттілігі
туралы нақты нұсқаулары бар. Ол табиғат қорғау заңдарын құқық бұзушылықтар
үшін жауапкершілікті күшейту, табиғат пайдалану мен табиғат қорғау
саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың жүйесін нақты және дұрыс
анықтады.
В.И. Ленин табиғатты  қорғау мен ұтымды пайдаланудың қажеттілігінің
негізін салып қоймай, табиғат қорғау қызметінің негізгі қағидалары мен
құралдары белгіледі. Кеңес мемлекетінің дамуының алғашқы кезеңдерінде
табиғатты қорғауға байланысты 234 заң актілері қабылданды.
Қазақ ССР-нің Жер қойнауы  Кодексінде 1976 жылы 4 тамызда қабылданған,
жоғарыда көрсетілген мәселеге байланысты арнайы нормалар бар. Бұл заңда
кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар
және басқа да қоғамдық ұйымдар мен азаматтар жр жылы қойнауын қорғау мен
оларды ұтымды пайдалану саласында шараларды жүзеге асыру барысында
мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді деп көрсетілген. Қоғамдық
бірлестіктер жер қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз
етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және олардың жарғыларына
сәйкес қатысады. Мемлекеттік органдар жер қойнауын корғау мен оларды ұтымды
пайдалануға байланысты шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық
бірлестіктер мен азаматтардың ұсыныстарын жан-жақты ескеру қажет.
Осы заңға сәйкес азаматтар  жер қойнауын қорғау мен оларды үгымды
пайдалану шараларын жүзеге асыруда  мемлекеттік органдарға мынадай 
көмектер көрсетеді: қажетті жұмыстарды    жүргізуге қатысу; жер қойнауын
қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды жақсартуға ұсыныстар енгізу; оларға
белгілі жер қойнауын қорғау мен пайдалану ережелерін бұзушылықтар туралы
хабарлау.
Қазақ ССР-нің 1981 жылы 12 маусымда қабылданған Атмосфералық ауаны
қорғау туралы заңына сәйкес, кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты
қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар және басқа да қоғамдық ұйымдар, еңбек
коллективтері атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда
мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктер атмосфералық
ауаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және
олардың жарғыларына сәйкес қатысады.
Азаматтар атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды  жүзеге асыруда
мемлекеттік органдарға мьшадай жолмен көмек көрсетеді:
Атмосфералық ауаның қорғалуын жақсарту туралы ұсыныстар енгізу;
атмосфралық ауаны қорғау жөніндегі ережелерді өздеріне мәлім болған
бұзушылықтар туралы хабарлау;
Атмосфералық ауаны  қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге
тікелей қатысу.
Қазақ ССР-нің Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы заңында
да қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы  
қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген  заң актілерінің барлығында да қоғамдық
бірлестіктердің табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы мемлекеттік органдарға
көмек көрсету нысанында берілген. Және де олардың бұл саладағы атқаратын
қызметтерінің мазмұны, механизімі ашылмаған, тек қоғамдық бірлестіктердің
жарлығына сілтенген. Ал, азаматтардың табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы
мемлекеттік органдарға көмек көрсетуінің үш жолымен сипатталған.
Бірақ, бұл заңдарда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған
ортаны қорғауға қатысуы тиісті деңгейде реттелді деп айта алмаймыз. Себебі,
олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
заңдарда толық ашылып көрсетілмеді.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға
қатысуының екінші кезеңі - егемендік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңде
экологиялық заңдарды жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында
дами бастады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында табиғат
қорларын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық
қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мақсатымен көптеген
жұмыстар жүргізілді.
1991 жылдың 18 маусымында Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы
қабылданды. Қарастырылып отырған сұраққа байланысты бұл заңда екі тарау
арналған. II тарауда айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында азаматтардың
күқыктары мен міндеттері анықталса, XI тарауда айналадағы табиғатты
қорғауға халықтың қатысуы анықталған.
1993 жылдың  аяғына дейін жер, жер қойнауы  және  минералды  шикізатты
 үқсату туралы, Орман, Су кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, осімін
молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдары
қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуіріндегі 
окімімен мақұлданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп,
онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары қарастырылған болатын.
Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында
қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық
қүжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, табиғат
қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылдың 15 шілдесінде
Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі, Ерекше қорғалатын табиғи
ресурстар туралы заңы, 2002 жылы 11 наурызда Қазқақстан Республикасының
Атмосфералық ауаны қорғау гуралы заңы, 2003 жылы 8 шілдеде Жер кодексі,
Орман кодексі және Су кодекстері және 2004 жылы 9 шілдеде Жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортраны қорғау туралы заңының
екінші тарауында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің қоршаған ортаны
қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітілген. Әрбір азаматтың
және Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың,
сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға,
оның жай - күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулыгы мен мүлкіне келтірілген залалдың
өтелуіне құқығы бар. Бұл ереже жартылай түрде, еліміздің негізгі заңы -
Конституцияда (31 -бап) көрініс тапқан. Азаматтардың қолайлы қоршаған
ортаға құқығы деп нені түсінеміз. М.И. Васильеваның көзқарасы бойынша,
Қолайлы қоршаған ортаға құқық - бұл субъектіге нақты тиесілі, үздіксіз
жүзеге асырылатын, заңда бекітілген мемлекетпен кепілдік берілетін және
қорғалатын денсаулық үшін қауіпсіз табиғиғ игіліктерді талап ету және
пайдалану мүмкіндігі, мемлекеттен, барлық басқа азаматтар мен заңды
тұлғалардан табиғатты пайдалануды және экологиялық маңызды басқа да
қызметті жүзеге асыру барысында халықтың денсаулығын қорғау бойынша
міндеттерді орындауды талап ету, және де бұл ережелер бұзылған жағдайда
мемлекеттік және қоғамдық қорғауға жүгіну.
Қазақстан Республикасының қазіргі заңында азаматтардың қолайлы қоршаған
ортаға құқығының анықтамасы берілмеген. Заңда тек қолайлы қоршаған ортаны
түсінігі берілген, яғни қолайлы қоршаған орта-объектілерінің жай-күйі
экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол
бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды
молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта.
Азаматтардың қолайлы  қоршаған ортаға құқығы олардың қоршаған орта
мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар,
арыздар мен ұсыныстар беру және оларды қарауды талап ету; қоршаған ортаны
Қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құру, қоғамдық
экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысу және тағы
басқа арқылы жүзеге асырылады. Осы заңның 6 бабында қоғамдық
бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
бекітілген.
Қоғамдық бірлестіктердің  қоршаған ортаны қорғау саласында өздерінің 
экологиялық бағдарламаларын әзірлеу ге, бекітуге және насихаттауға,
азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде
қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тартуға; коршаған ортаны
қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру
жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатысуға; экологиялық тәрбие
мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға; мемлекеттік
экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық
сараптама өткізуге; қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды
жүзеге асыруға; мемлекеттік органдар мен ұйымдардан коршаған ортаның жай-
күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және
анық ақпарат алуға; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік
органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл
жасауға, олармен келісімдер жасаса отырып, олар үшін шарттар бойынша
заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға; қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысуға; кәсіпорындарды, құрылыстар мен
экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта
құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тулғалардың
қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге
де қызметін шектеу, тоқтата туру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік
немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге; айыпты ұйымдарды, лауазымды
адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған
ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне
келтірілген залалдың өтелуі гуралы сотқа талап - арыз беруге құқықтары бар.

1.2   Азаматтар   мен    қоғамдык   бірлестіктердің   коршаған   
ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
 
 
Қоғамдағы кез  келген қызмет осы қызметтің мәнін анықтайтын ережелерге,
бастамаларға негізделеді. Кейбір жағдайларда бұл ережелер нормативті
бекітілген бастаулар немесе қағидалар нысанына ие болады. Бірақ барлық
адамдар өз қызметінің бағыттарын анықтау үшін негізге алынатын бастауларды
басшылыққа алады.
Құқық оның мәнін және әлеуметтік маңызын айқындайтын, негізгі
қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсететін белгілі бір қағидаларға
негізделеді. Құқықтың қағидаларын экологиялық қатынастардың барлық
қатысушылары -заң шығарушы, атқарушы, сот билігі органдары, қоғамдық
құрылымдар және азаматтар басшылыққа алуға тиіс. Қағидаларды сақтау
мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік сипатының, ұтымды табиғат пайдалануды
және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге байланысты барлық қьпметтің
нөтижелігінің, адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтары меы заңды
мүдделерін қорғаудың өлшемі болып табылады.
М.И. Байтиннің көзқарасы  бойынша, құқық қағидасы - бұл құқықтың пайда
болуының, дамуының және жұмыс істеуінің адамгершілік және ұйымдық негізін
құрайтын бастапқы, анықтаушы идеялар, ережелер, нұсқаулар.
Құқық қағидасы - бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және
мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар қүкықтың
заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында
әрекет ететін және барлық субъектілерге тарайтын жалпы нормаларды
білдіреді. Бұл нормалар заңда тікелей қөрсетіледі немесе заңның жалпы
мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын
идеялар ретінде бола түрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды.
Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қогамның маңызды мүдделері мен
қажеттіліктеріне бейімделеді.
Заң әдебиеттерінде экологиялық  заңдар қағидаларына және экологиялық
құқық қағидаларына көп көңіл бөлінген. Қазақстандық ғалымдар ішінде С.Б.
Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, Н.Б. Мухитдинов және басқа да
ғалымдар қағидаларды қағидаларды зерттеген. Ресей ғалымдарының ішінде бұл
салада зерттеулер жүргізген ғалымдар - Б. Ерофеев, О. Колбасов, В. Петров
және т.б.
Предмет и система советского земельного права монографиясының
авторлары жер құқығының қағидаларын анықтай отырып, мынадай анықтама берген
құқық нормаларының мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігі мен дамуын
көрсететін негізгі, бастапқы идеялар. Бұл монографияның авторлары құқық
қағидаларына жоғары императивтік және жалпы маңыздылық сипат береді.
Д.Л. Байдельдинов Экологическое законодательство Республики Казахстан
атты монографиясында да экологиялық заңдардың қағидаларын ашып көрсеткен.
С.Б. Байсалов су құқығының қағидаларын зерттеген, құқық салаларының
барлық институттарын қамтитын негізгі, алға қоятын бастаулар, олар құқық
саласының барлық нормаларында көрсетілген негізгі мазмұнын аныктайды.
Н.Б. Мухитдиновтың көзқарасы бойынша құқық қағидасы - бұл оның
құрылымының алдағы бастамасы, ол жалпыға міндетті сипатта болады.
А.С. Стамқүловтың пікірі бойынша, экологиялық құқық қағидаттары-
мемлекет, қоғам, көсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа
құрылымдардың, азаматтардың, лауазымды адамдар мен азаматардың экологиялық
құқықтық қатынастардағы алғашқы бастамасы.
Құқық қағидалары-құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар
мен бастаулар. Ол идеялар әділдік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау
арқылы шығарылады.
Құқық қағидалары әділдік, туралық көрсеткіші болғандықтан
тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уақыт бойына өзгермейтіндігі
құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады. Барлық авторлар құқық
қағидасы-бұл құқық саласының мәнін аынқтайтын бастама, идея, мақсат,
нұсқау деген пікірге бір ауыздан келіседі. Қағидалар құқық саласының
қалыптасу сатыларында ғана қажетті болып табылмайды, оның даму және қызмет
ету процесінде де маңызды орын алады. Құқық қағидалары нормативтік құқықтық
актілерде өз көрінісін табуы қажет. Жоғарыда көрсетілген құқық
қағидаларының анықтамаларынан олардың императивті және жалпыға
міндеттілік белгісін анықтауға болады. Құқық қағидасының идея ретінде
анықтамасы нақты құқық нормаларында бекітілмеуі де мүмкін. Құқық - қағида
құқық нормаларының нақты, салыстырмалы түрде көлемді жүйесінің мәнін және
маңызын талдауға мүмкіндік беретін ғылыми, нақтырақ айтсақ философиялық
категория болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласында өз саясаттарына сәйкес әрбір
мемлекеттің өз ресурстарын дайындауға құқығы қағидасы 1962 жылы Біріккен
Үлттар Ұйымының бас Ассамблеясының ХҮІІ сессиясының резолюциясында
бекітілген. Бұл қағида мемлекеттің егемендігінің ажыратылмыс белгісі
ретінде танылды, және мемлекетке оның дамуының әлеуметтік, экономикалық
және саяси жағдайларына байланыссыз тиесілі болады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 6 бабында барлық табиғи ресурстар мемлекет меншігінде
болады, сонымен қатар жер жеке меншікте де және мемлекеттік меншікте де
болады деп көрсетілген. Мемлекеттің оған меншік құқығымен тиесілі табиғат
Объектілерін дайындау және қорғау құқығы күмән туғызбайды, бірақ
Декларацияның бұл қағидасы жеке меншіктегі табиғи ресурстарға да тарайды.
Себебі мемлекет меншік құқығының шектерін, меншік иелерінің құқықтары мен
міндеттерінің көлемін, жерге меншік иелерінің өз міндеттерін орындамағаны
үшін жауапкершіліктің жағдайлары мен тәртіптерін белгілейді. Сонымен қатар,
мемлекет еліміздің аумағында әртүрлі субъектілердің табиғат пайдалану
құқығының көлемі мен тәртібін белгіледі, қоршаған ортаны қорғаудың саясаты
мен стратегиясын анықтайды, бұл салада арнайы мемлекеттік органдар құрады,
табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен қорғауға байланысты шараларды
қамтамасыз ететін қаржыларды басқарады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық саясат қағидасына
Декларацияның мынадай  қағидаларын жатқызамыз: Қоршаған ортаның 
ластануының құрбандарына зиянды өтеу және жауапкершілік сүрактарына
байланысты халықаралық - құқықтық ынтымақтастықты дамыту; халыкаралық
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде әрбір мемлекетте бекітілген
өлеуметтік критериилер мен құндылықтар жүйесін сыйлау; табиғат қорғау
саласында екі және көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде барлық
мемлекеттің мүддесін есепке алу; халықаралық экологиялық ұйымдарға
көмектесу.
Халықаралық табиғат  қорғау шараларын жүзеге асыру кезінде 
әрбір мемлекетте бекітілген әлеуметтік критериилер мен құндылықтар жүйесін
сыйлау қағидасы Қазақстан Республикасында Конституцияның 8 бабына сәйкес,
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық саясатын жүргізу, олардың теңдігі және
ішкі істерге араласпау жолымен қамтамасыз етіледі. ҚР ҚР Экологиялық
кодексі 3 бабында халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады деп бекітілген.
Стокгольм Декларациясының  қағидалары жекелеген мемлекеттердің
экологиялық саясатын құрудың негізгі ережелерін анықтады, көптеген елдердің
ұлттық заңдарын дайындаудың негізі болды.
Қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы объективті және шынайы
мәліметтерге халықтың қолжтімдігі қағидасы. Азаматтар мен қоғамдық
бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтерді жүзеге асыру
барысында қоршаған табиғи ортаның жағдайы туралы мәліметтерді мемлекет
бүкіл халықтың назарына ақпараттық құралдар жүйесі арқылы үсынуы керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 бабының 2 тармағына сәйкес,
әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат
алуға және тартуға құқығы бар. 1998 жылдың 25 маусымында Қоршаған ортаны
қорғауға қатысты мәліметтерге қолжетімдігі туралы Орхус конвенциясы
қабылданды. Бұл конвенцияның мақсаты әрбір адамның денсаулығы үшін қолайлы
қоршаған ортаға құқығын қорғау үшін экологиялық мәліметтерге қолжетімдігі
құқығына кепілдік береді. Яғни қоршаған ортаның жағдайы  туралы  шынайы 
және  обективті  мәліметтерге  ие  азаматтар  менқоғамдық бірлестіктердің
осы саладағы қызметі жоғары деңгейде және нәтижелі түрде жүзеге асырылар
еді.
Қоғамдық экологиялық  сараптаманың міндеттілігі қағидасы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық сараптама туралы заңында
экологиялық сараптаманың екі түрі мемлекеттік және қоғамдық сараптама
айқындалған. Біріншісі арнайы қүзіретті мемлекеттік органдармен
жүргізіледі, ал екіншісі - қоғамдық бірлестіктермен, ғылыми ұйымдармен және
азаматтар тобымен.
Қоғамдық экологиялық  сараптама кез келген қызмет түріне экологиялық
 баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер
мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құралатын сараптама комиссиялары ерікті
негізде жүзеге асыратын қызмет түрі. Қазақстан Республикасының Экологиялық
сараптама туралы заңының 31 бабында қоғамдық экологиялық сараптаманы
жүргізу тәртібі қарастырылған. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін
жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тіркелу талап етіледі және оның
басталуы туралы бүқаралық ақпарат құралында жарияланылуы тиіс. Қоғамдық
экологиялық сараптама жүргізіледі және оның нәтижелері бойынша қорытынды
арнайы құрылатын сараптама комиссияларына беріледі. Қоғамдық сараптама
жүргізудің нәтижелері туралы бүқаралақ ақпарат құралдарында мәліметтер
жарияланады. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттік
экологиялық сараптамаға қарағанда ақпарттық және ұсыныстық сипатта болады.
Сондықтан, шаруашылық және өзге де қызмет объектілерінің қоршаған ортаға
әсерін бағалау барысында мемлекеттік сараптамамен қатар қоғамдық
сараптаманы жүргізу міндеттілігі алға қойылуы тиіс. Тиісті заң актілеріне
өзгерістер енгізіп, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысына міндетті
сипат беру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Халыққа экологиялық  тәрбие мен білім бру шараларын  жүргізу  қағидасы.
Адамдардың қоғамдағы экологиялық мәселелерді сезіну үшін тиісті экологиялық
мәдениет деңгейі жоғары болуы керек. Азаматтарың экологиялық мөдениетін
көтеру шараларынаң арасында экологиялық мәдениет пен білім беру маңызды
орын алады. Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі экологиялық
мәдениет пен білім беруге арналған. Қоғамның экологиялық мәдениетін және
мамандардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, жалпы
орта, косіптік-техникалық, арнаулы және жоғары білім берудің бүкіл
процесін, мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды
қамтитын экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз
жүйесі белгіленеді. Экологиялық мәдениет адамдардың сезіміне әсер ету
тәсілі, олардын санасы, көзқарасы және түсінігі. Экологиялық мәдениет
экологиялық білім берумен толықтырылады. Экологиялық білім беру қоршаған
ортаны қорғау үшін қажетті білім, шеберлік және дағды аясын қамтиды.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамсына сәйкес қоғамның экологиялық мәдениетін
қалыптастарудың негізі ретінде экологиялық білім беруді дамыту үшін білім
берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларында экология және тұрақты
даму мәселелеріненгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін
қалыптастыру және экологиялық білім беруді мемлекеттік қолдау шаралары
жүргізілуі тиіс. Халық арасында экологиялық білім туралы таратуды қоғамдық
бірлестіктер бүқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады.
Қоршаған  ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
саласында заң жобаларын дайындауға қатысу және осы саладағы маңызды
заңдарды бүкілхалықтық референдум жолымен қабылдау қағидасы. Кез келген
мемлекеттегі қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану
саласындағы қызметтің тиісті деңгейде жүзеге асырылуы экологиялық заңдардың
жоғарғы деңгейде болуына байланысты. Экологиялық заңдардың жоғарғы деңгейде
болуының бірден бір себебі, заң шығару процесіне білгір заңгер мамандардың,
азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуы. Қазақстан
Республикасының ҚР Экологиялық кодексі қоғамдық бірлестіктердің қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысуға құқығы берілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 - бабының 2 - тармағында
республика азаматтары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық
референдумға қатысуға құқығы көрсетілген. Референдум өткізу азаматтардың
референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркін ашық білдіруі, азаматтардың
референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және төте қатысу
құқығы, жариялылық принциптеріне негізделеді Сонымен қатар, жоғарыда
көрсетілген заңда азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі
құқықтарының бірі ретінде референдумдарға қатысу құқығы анықталған.
Қазақстан Республикасында  заңнаманы және қоғамды экологияландыру
қағидасы. Қоршаған табиғи ортаға өсер ететін қызметті реттейтін экологиялық
талаптарды заңдарға және басқа нормативтік актілерге енгізу процесі
заңдарды экологияландыру деп аталады. Қазақстан Республикасы заңнамасын
экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын
ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру
және жүйеге келтіру жолымен қол жеткізіледі. Қоғамды экологияландыру - бұл
адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам
көзкарасының жүйесін қалыптастыру процесі.
Қоршаған ортаны қорғау саласында басқа шет мемлекеттерінің   қоғамдық
бірлестіктерімен үйлесімдік және ынтымақтастық негізде жұмыс істеу
қағидасы. БҰҰ-ның мүшесі бола отырып, Қазақстан әлемдік серіктестіктің
негізінде мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің кілті ретінде
халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы маңызды халықаралық конвенцияларға және халықаралық деңгейдегі
табиғат қорғау қызметіне азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің неғүрлым
кеңірек қатысуын қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттердің экологиялық
қоғамдық бірлестіктерімен үйлесімді және халықаралық ынтымақтастықтың
басымдығы негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
 
 
1.3 Қоршаған ортаны  қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы

 
Кең мағынада басқару  деп бір нерсеге немесе біреуге  басшылық
етуді тусінеміз. Қоғам  мен табиғаттың арақатынасы аясындағы 
басқару қоршаған орта туралы заңдардың талаптарын орындауды қамтамасыз
етуге бағытталған тиісті субъектілердің атқаратын әрекеттерінің жиынтығын
білдіреді.
Экологиялық басқару - бұл күрделі де көп салалы ұғым және ол мынадай
мәселелерден туындайды:
1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды бақылау
қызметтерінен;
2. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану механизмдерінің
тиімділігінің кепілдемесінен;
3. Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінен.
Кең мағында экологиялық  басқару ретіндегі мемлекеттік  және басқа да
ұйымдардың мақсаттарын төмендегі қызметтерден түсінуге болады:
1.Қошаған орта мен  оның шаруашылық және басқа  да қызметтері  әсер 
ететін жеке объектілердің жағдайын бақылау;
2. Қоғамның барлық  заңды тұлғалары мен азаматтарының қоршаған ортаны
қорғауда экологиялық ережелер мен заңды талаптардың дұрыс орындалуын
тексеру;
3. Қоршаған   орта   мен   оның   жеке   объектілерін,    адамны   
өмірі мен денсаулығына зиянды әрекеттерден сақтау және оны болдырмау
мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Тар мағынада экологиялық басқару - қоршаған орта мен оның жеке
объектілеріне, заңды тұлғалар мен азаматтардың зиянды әрекеттерден
тудыратын жағдайларын болдырмау мақсатындағы экологиялық заңдардың
талаптары мен ережелерінің орындалуын тексеру болып табылады.
Табиғат объектілерін тиімді және кешенді түрде пайдалану мәселесін
шешуге әртүрлі құқықтық институттар қатысады. Олардың кейбірі табиғатты
пайдаланудағы қоғамдық қатынастардың пайда болу, озгеру және тоқтатылу
тәртібін белгілейді. Басқалары табиғат байлықтарына мемлекеттік меншік
құқығын бұзушыларға ықпал ету тәсілдерін, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың т.б. Бұзылған құқықтар мен мүдделерін орнына келтіру тәсілдерін
реттеумен айналысады. Бұлардың бөрінің де мемлекеттік әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасының дер кезінде және сапалы орындалуына
белгілі бір әсері болғандықтан маңызы жоғары. Олардың әрқайсысы белгілі бір
қызмет атқарады. Ондай қызметсіз қоғам мен табиғи орта арасындағы озара
қатынастың реттелуі қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделерінің
ғылыми негізделуі екі талай мәселе. Сонда да, табиғатты пайдалану
саласындағы қатынастарды дамытып жетілдіруде мемлекеттік басқарудың ролі
ерекше. Басқару міндетіне интенсивті даму факторларын біріктіру, ғылыми -
Техникалық революцияның жетістіктерін мемлекеттік шаруа жүйесімен
байланыстыру кіреді.
Сонымен қатар, басқару  міндетіне өндірістің, ғылымның және білім беру
саласының тиімді қызметі мен дамуы кіреді. Ал басқарудың ең басты міндеті
ғылыми жетістіктерді техника мен технологияға дер кезінде енгізу болып
табылады.
Жердің, жер қойнауы  мен орманның, судың пайдалануға 
берілуі мен қайтып алынуының белгілі бір тәртібін үсына отырып, оларға есеп
жүргізу, кәсіпорындар мен ұйымдардың, азамттардың іс-әрекетін бақылауға
алып, мемлекеттік басқару институты негізінен бүкіл табиғатты пайдалану
саласының тиімділігін қамтиды. Жер қорын мемелкеттік басқару - жер құқығы
институттарының бірі. Жер құқық қатынастарының ішінде өзіндік ерекше сипаты
бар. Оның негізгі бағыты жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру,
олардың әлеуметтік және экономикалық қасиеттерін жүзеге асыру шараларын,
соның ішінде құқықтық шаралар, тәртіптер мен ережелерді белгілеу, олардың
орындалуын жүзеге асырумен бірге бақылау жұмысын атқару болып табылады. Ал
табиғатты дұрыс пайдалану дегеніміз мемлекеттің табиғи байлықтарын тиімді
пайдалануды, адамдардың табиғатқа кері әсер тигізбеуін қамтитын белсенді
қызмет.
Жалпы экологиялық басқару  мына мәселерді жүзеге асырады:
1. Экологиялық  заң талаптарының  тексерумен  қатар  қоршаған   ортаны
қорғау жөніндегі шараларды өткеру әдістерінен;
2. Қоршаған   ортаның  сапалық  нормативтері   мен   зиянды  
әрекеттердің лимиттерін анықтау;
3. Экологиялық зиянды іс - әрекеттерді тоқтату;
4. Кінәлі адамдарға әкімшілік жолмен шаралар қолдану.
Қорыта келгенде, қоршаған табиғи ортаның тиімділігі мен сапасын сақтау
-мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты
болады. Біріншіден, мемлекет табиғи байлықтардың иесі және шаруашылықпен
айналысатын субъект болып табылады. Бұл жағдайда мемлекетке басқа тұлғалар
иелерінде болмайтын экономикалық, материалдық және құқықтық құралдардың
арақатынасын реттеуге мүмкіндік береді. Табиғи байлықтарды тиімді және
кешенді түрде пайдалану үшін мемлекет экономикалық жағдайды ескере отырып,
өзіне керекті құқықтарды иеленеді. Билік жүргізуші органдары мен басқару
органдары мемлекет атынан габиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен
қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін
анықтайды. Ол табиғи байлықтарды пайдалану түрлері мен тәсілдерін таңдауға
ерікті.
Екіншіден, мемлекет барлық үлттар мен халықтардың қалауын, мүдделерін
қорғайды. Ол бүкіл халықтың саяси ұйымы болып табылады.
Қоғамдық қатынастардың  көрінісі ретінде, табиғатты тиімді
пайдалануды мемлекет тарапынан басқару, белгілі бір элементтердің жүйесі
мен бөліктерінің арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Қандай да болмасын қоғамдық қатынастың болу онда екі жақтың болуын
көрсетеді. Басқарудың екі жағы - басқару  субъектісі мен басқару объектісі
болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, әлеуметтік басқару
әлеуметтік-қызметтік реттеу ретінде, екі жүйе бөліктерінің үзілмейтін, екі
жақты өзара қатынасы болады. Оның біреуі басқарады, екіншісі оған бағынады,
яғни басқарылады. Бұлардың арасында басқару сипатын анықтайтын өзара
байланыс пен өзара қатаң тәуелділік болады.
Табиғи ресурстарды  пайдалану мен қорғаудағы қоғамдық қатынас
 саласындағы басқарылатын жүйе бөлігіне - кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
және азаматтар, яғни байлықты тікелей пайдаланушылар кіреді. Басқаратын
жүйе бөлігіне - мемлекеттік билік органдары, министрліктер, ведомстволар
және т.б. Кіреді. Бірақ нақты өмірде объекті мен субъекті арасын бөліп
қарастыру мүмкін бола бермейді. Айналасып жүрген қызметінің сипаты мен
мазмұнына сәйкес қайсыбір заңды тұлғаны басқаратын не басқарылатын жүйе
бөлігіне жатқызуға болады. Мысалы, ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды
тұлға жер пайдаланушы ретінде, басқару объектісі болады және де осы заңды
тұлға жер пайдалануға қатысты басқару субъектісі де бола алады. Бұның бәрі
заңды тұлғаның жасайтын қоғамдық қатынастар сипатына байланысты болады.
Бірақ бұл жағдайда әлеуметтік басқарудың құрылымдық - қызметтік сипатының
маңыздылығын ескермеуге, басқарушы және басқарылатын жүйе бөліктерінен де
бас тартуға негіз бола алмайды.
Бірақ, бір тұлға бір қоғамдық қатынаста бір мезгілде басқарудың
субъектісі және объектісі бола алмайды. Басқару қатынастарына қатысушылар
арасындағы байланыс сипаты, қорыта келгенде, олардың иерархиялық орнымен
емес, басқару мен билеудегі атқаратын қызметі және қатынастарындағы жалпы
әлеуметтік рөлімен айқындалады.
Жалпы басқару объектісі  мен субъектісін бөліп қарастырудың
теориялық қана емес, тәжірибиелік те маңызы бар. Ең алдымен, ол кез келген
үжым қызметінің негізгі мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Адамдарға билік арқылы ықпал ететін жүйе, негізінен әкімшілік - құқықтық
ыңғайында жұмыс атқарады. Бұл жүйедегі тұлғалар қызметінің ең басты мазмұны
олардың адамдар, үжымдар т.б. Қатынастарын ұйымдастыру және реттеу қабілеті
болып табылады.
Әрине, бағыну тәртібіне  сәйкес бұлар да басқарылады. Алайда, олар
басқарудың объектісі емес, субъектісі ретінде бағаланады. Баскарушы
субъектілерді басқару олардың қызметінің түрлері мен тәсілдерін жетілдіру
болса, объектіні басқару - адамдар өмірінің материалдық қызметі және мәдени
деңгейін жоғарлатуға байланысты қызметі мен олардың белсенділігін
арттыруына, жағдайын жақсартуына және дамытуына негізделеді [41, б.576].
• Адамдардың   барлық   құқықтарының   жан-жақтылығы,   бөлінбейтіндігі,
өзара байланыстылығы;
• Қазіргі және болашақ үрпақтардың қолайлы қоршаған орта өмір сүру
құқығын сақтау;
• Жаппай экологиялық білім мен тәрбиенің қажеттілігі;
-   экологиялық   мәселелерді   мемлекеттік   органдардың, коммерциялық
құрылымның, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп шешуі. Зеленое спасение
экологиялық қоғамының қызметінің негізгі бағыттары бірі:
1. ҚР табиғат қорғау заңдарын дайындауға қатысу; ұйым ресми түрде ҚазССР
Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңын (1991ж.), Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заң (1997ж.),
Экологиялық сараптама туралы (1997ж.), Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы (1997ж.), Жер туралы (2001) заңдарын талқылауға
қатысты.
2. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтарын қорғау;
3. Экологиялық білімді, тұрақты даму идеясын насихаттау. Зеленое
спасение экологиялық қоғамы 1992 жылдан гуманитарлық - экологиялық
тақырыптар бойынша семинарлар жүргізеді, 1995 жылдан бері Зеленое
спасение жаршысын шығарады.
4. Экологиялық білім беру және ағарту, экологиялық ойлау мен мәдениетті
қалыптастыру. Бұл бағытта әртүрлі көрмелер, балалар шығармашылығының
байқауларын ұйымдастырады, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағында
жазғы экологиялық мектеп өткізеді.
5. Экологиялық акциялар;
6. Қазақстандағы экологиялық жағдайлар туралы мәліметтерді жинау болып
табылады.
Бұл қоғамдық құрылымдардың барлығы әртүрлі аталуына, әрекет ету аясына,
аймағына, жұмысының нысаны мен әдісіне, қызметінің түріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Еңбек құқығы қағидаттары
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары
Адам және азаматтардын бірлесу құқықтарына қойылатын конституциялық шектеулер
Пәндер