Сотта істі қараудың жариялылығы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1. 1. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің рим құқығында орнығуы және дамуы 5
1. 2. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2. 1. Ұйымдастырушы принциптер 16
2. 2. Функционалды принциптер 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3. 1. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің конституциялық негіздері 55
3. 2. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағы 56
Қорытынды 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Кіріспе
Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық іс жүргізу принциптерін және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Принциптер, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Принциптердің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің принциптері түсінігін дұрыс талқылау қажет.
Зерттеу объекті - азаматтық іс жүргізудің принциптері және олардың конституциялық негіздері.
Зерттеу пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.
Зерттеу мақсаты - азаматтық іс жүргізу принциптерін талқылау.
Зерттеу гипотезасы: АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс талқылауы - сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі анықталғанын айта кеткен жөн.
1 Тарау. Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман
1. 1. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің рим құқығында орнығуы және дамуы
Өзін жасаған халықтан көп өмір сүрген және екі рет әлемді жаулаған рим құқығының адамзат тарихында орны ерекше: Рим құқығының пайда болуына себепкер жер бетінде нүкте секілді де болмайтын, сол кезде орта Италияда өзге тайпалардан еш айырмашылыға жоқ кішкене тайпа. Бұл даму сатысында рим құқығы патриархалдық және тек национальдық жақтары бар архаикалық жүйе болатын. Егер ол осы сатыда дамымай қалса, онда тарихтын жоғалған беттерінде қалар еді.
Бірақ тағдыр Римге өзге болашақ таңдады. Тірлік үшін күресте кішкене civitas Roma өсу жолында көрші civitates-терді басып, өзінің ішкі ұйымдылығын күшейтті. Кейін терреториясы кеңейіп, бүкіл Италия, жақында орналасқан аралдар, Жерорта теңізінің жағалауын қамтыған, сол дәуірдің мәдени орталығы болатын алып мемлекет құрылды; Рим әлем сөзінің синонимына айналды.
Сонымен бірге Римнің ішкі құрылымы да өзгереді: бұрыннан қалған әлеуметтік шектеулер жойылады, натуралдық шаруашылық күрделі экономикалық қатынастармен алмасады, патриархалдық басқару нысаны құлайды. Жаңа өмір әрбір индивидтан барлық күшін, жоғары кәсіби біліктілікті қолдануды мәжбур етеді. Осыған сәйкес рим құқығы индивидуалдылық жағына қарай өзгереді, енді оның негізгі жақтары адам бостандығы, мұрагерлік шарт, келісім шарт жасасу бостандығы болады.
Римнің әскери және саяси қатынастары оны экономикалық қатынастарға түсуге мәжбүр етті. Айта кетер жайт, Рим бүкіләлемдік тарихқа шыққанға дейін, Жерорта теңізінде Мысыр, Финикия, Карфаген және Грекия өзара сауда қатынастарында болған. Рим де осы халықаралық сауда айналымына қатысты. Саяси қатынастыр орталығы болған сайын, Рим сауда қатынастырың орталығы бола бастады. Оның территориясында түрлі ұлттардың саудагерлері сауда шарттарын жасасатын, сондықтан рим магистраттары әрдайым осы қатынастардан туындайтын дауларды шешу үшін нормалар жасады. Бұл мәселені шешу үшін римнің ескі ұлттық құқығы жарамады. Римге грек те, галл да, римдік те қолдайтын жаңа құқық керек еді. Ескі, ұлттық емес, әмбебап құқық қажет. Сондықтан, рим құқығы бұрыннан қалыптасқан халықаралық қатынастарда жүретін әдет-ғұрыптарды сіңіре бастады. Бұл оған заңи күш пен ашықтық берді.
Бүлік антикалық әлемнің жалпы құқығы болған рим құқығы осылай пайда болды. Дәлірек айтқанда бұл құқықты бүкіл әлем жасады, ал Рим негізгі халықаралық әдет-ғұрыптады жинап, қорытып шығарды. Индивидуалдық пен әмбебаптық - рим құқығының негізгі бастаулары.
Классикалык период заңгерлерімен жасалған, әлемге мұрагерлікке қалған рим құқығының соңғы танымал жинағы - император Юстинианның Corpus Juris Civilis заңдар тізімі.
Әлемнің тагдырын қолында ұстаған темір колосс құлай бастады: рим мемлекетінде тұратын халықтар әрқайсысы әр жаққа ұмтылды; шекарадан варварлар шабуыл жасап жатты. Бір мезгілде олар бүкіл антикалық әлемді басты. Ұлы халықтар көшу уақыты басталды. Ескі мен жаңаның арасындағы байланыс үзіліп, ежелдің бай мәдениеті құрып, тарих бүрынғыны өшіріп жаңадан жазғандай болды [1, 52] .
Бірақ бұндай ой жалған. Ежелгі әлемге құйылған зор адамдар ресурстары тұрақтылықты қажет етеді, сол себепті, адамзат мәдениетінің дамуы сәл бәсеңдейді. Жаңа келген халықтардың орналасуы мен көшуімен, өзара қақтығыстарымен бірнеше ғасырлар өтеді. Әрине бұның бәрінің кесірінен көптеген құндылықтар жоғалады, бірақ барлығы емес.
Біркелкі уақыттан соң, көшу мен орналасу периоды өтеді. Жаңа халықтар өмірінде тыныштық орнайды, бірнеше жүзжылдық өткен соң, антикалық ұлылырдың ойлап тапқаны мен жасағаны, олардың мұрагерлеріне де түсінікті болатын уақыт келеді. Антикалық өнер, антикалық мәдениет, антикалық құқық жаңадан туды.
Жаңа халықтар, экономикалық даму жолында, әрине, халықаралық сауда қатынастарымен танысады. Ескі әлемде секілді, халықаралық сауда айналымы арқасында түрлі ұлттар тағы да бір-бірімен сұхбаттасады, және тағы да осы сұхбатты реттеу үшін оларға бір жалпы құқық, әмбебап құқық қажет. Қайтадан, жеке индивидқа әрекет бостандығына, даму бостандығына қол жеткізу үшін, оған феодалдық, тайпалық, патриархалдық шектеулерден босану керек. Сонда, мұрагерлер, антикалық әлемнің ұмытылған құндылығы - рим құқығын еске түсіріп, іздегені осы екендігін түсінеді.
Рим құқығы рецепсия периодынан өтеді: зерттеледі; соттарда қолданылады; жергілікті және ұлттық заң актілеріне көшеді. Көптеген жерлерде Юстинианның Corpus Juris Civilis заң ретінде қабылданады. Рим құқығы жаңа өмір үшін жаңадан туды да, екінші рет әлемді біріктірді. Қазіргі уақытқа дейін, бүкіл Батыс Еуропаның құқықтық дамуы рим құқығынын жалауы астында өтіп жатыр - 1900 жылының 1 қаңтарынан ғана Германияның кейбір аймақтарында сақталған Юстиниан жинағы формалды түрде өз заңи күшін жойды. Бірақ рим құқығының материалдық әсері ешқайда кеткен жоқ, барлық құқықтық құндылықтары қазіргі заман кодекстерінің тараулары мен баптарына көшті және қолданылады.
Рим құқығы тек практиканы емес, сонымен бірге теорияны да анықтады. Рим құқығын бірнеше ғасырлар бойы зерттеу, әсіресе римдік заңи әдебиеттерді талқылау, бүкіл Батыс Еурапоның заң шығармашылық жұмысына қатысатын жоғары сапалы заңгерлердің, басшылар мен қоғамдық қайраткерлердің заңға деген көзқарастарын қалыптастырды. Рим құқығы Еуропаны практикада ғана емес, теориялық іздеулерде де біріктірді: бірдей мәселелердің шешімін іздеп, бір тілде сөйлеп, франциялық құқық неміс және италиялық құқықтарымен бірге жұмыс істеді. Осылай рим құқығының негізінде, антикалық әлем ойшыларының ісін жалғастырып, бүкіл еуропа заңгерлері жалпы іске бел буды: шексіз қолдан өтіп, белгісіз Юлиан, әлде Папиньянмен жағылған от жалауы қазіргі заманғы барлық ұлттың оқымыстыларына көшті.
Рим құқығының тарихи тағдыры осы. Бүкіл антика әлемінің заңи шығармашылығының синтезі болып, кейін жаңа халықтардың құқықтық дамуының түп негізіне айналған, және Батыс Еуропа халықтарында осы негіз ретінде - Францияда, Германияда, Италияда; Англияда және т. б. елдерде зерттеледі. Заңи ойдың өсіп-дамыған базисі бола тұра, кездейсоқ және ұлттық жақтарынан арылған, негізгі заң институттары мен түсініктері ең таза анықтауды тапқан азаматтық құқық теориясы, құқық жүйесі ретінде қазір де зерттеліп келеді. Бұрынғы заманда рим құқығын ratio scripra - жазылған ой деп жай айтпаған [2, 45-46] .
Тағдырдың тілеуімен біз Батыс Еуропамен қатынасудан, олардың мәдениетінен алшақ болдық, енді арамызды ажыратқан шектеулер құлағанда, біз адамзат дамуының соңында келеміз. Құқық жағынан да қалып қойдық. Егер біз соңғы аспект бойынша Еуропамен теңескіміз келсе, егер бір тілде сөйлегіміз келсе, онда жалпыеуропалық құқық фундаменті - рим құқығын мектептен бастап оқуымыз қажет.
Бірақ, рим құқығын зерттеу, оған шексіз сену, алға жылжу қажет емес дегенді білдірмейді. Бұл рим құқығын жазған адамдар - рим заңгерлеріне, олар сенген зерттеу бостандығына, тарихқа қарсы болар еді. Қазіргі заман заңгерлерінің ұраны танымал Иерингтің - «durch das romische Recht, aber uber dasselbe hinaus» - «рим құқығы арқылы, алға, және болашаққа» сөздері болып табылады. Құқықтық мәселелер ешқашан шешілмейді, сондықтан ата-бабаларының тәжирибелерен сабақ алып, ұрпақтар алға қарай жылжу керек. Заң ғылымы жаңа заманның жаңа шарттарына жауап береуі тиіс. Тарихтың қоятын шарттары мен мәселелерін халыққа жеткізу заң ғылымының басты парызы. Заң ғылымы мен заңгерлердің негізгі міндеті - көш басында болып, болашаққа шырақ жағу, адамдардың өзара қарым-қатынастарында құқықтық сана-сезімді шындық пен имандылыққа баулау.
«Рим құқығы» деп антикалық Римнің құқығын, құлиеленушілік Рим мемлекетінің құқығын айтады. Бұл мемлекеттің даму тарихы мен құқық жүйесі шет елдердің мемлекет пен құқық тарихы пәнімен зерттеледі.
«Рим азаматтық құқығының негіздері» пәні меншік құқығының(сонымен бірге неке құқығының) маңызды институттарын зерттейді.
Қазіргі құқық жүйелерінде «азаматтық құқық» термині, сол қоғамдағы меншік қатынастарын реттейтін құқық саласын білдіреді [3, 123] .
Атап айтқанда, латын тілінде «азаматтық» сөзіне civilis cөзі сәйкес келеді. Бірақ рим құқығындағы ius civile қазіргі кезеңнің «азаматтық құқық» терминінің мазмұнына сәйкес келмейді. Ius civile рим құқығында әртүрлі мағынаға ие. Бұл термин тек римнің квирит азаматтарына қатысты қолданылған, ұлттық ежелгіримдік құқығын білдіреді; сондықтан оны кейде квириттік құқық деп атайды. Осындай мағынада ius civile бүкіл рим халқына қолданылған(перегриндерді қоса алғанда) «халықтар құқығына»(ius gentium) теңестіріледі. Ius gentium рим азаматтары мен перегриндер араларында пайда болатын мүліктік қатынастарды реттеген болатындықтан, ол рим азаматтық құқығының бір түрі. Рим заңгерлері ius gentium терминімен үлкен философиялық категорияны - бүкіл халықтардың жалпы құқығын білдіретін; адамға табиғатпен берілген ережелер де бұл категорияға қатысты деген оймен, олар оны ius naturale - табиғи құқық деп атайтын.
Басқа жағдайларда, ius civile преторлардың(және кейбір магистраттардың) тәжирибелері нәтижесінде құрылған құқық жүйесіне теңестіріледі де, преторлық құқық деп аталады.
Бұл мағынада ius civile халықтық жиналыстардың, кейін сенаттың құқық нормаларын білдіреді.
Сонымен, азаматтық құқыққа(қазіргі кездегі) Римде үш жүйе сәйкес келген - цивильдік құқық, халықтар құқығы, және преторлық құқық. Осыларды біріктіретін ең қолайлы термин ius privatum, жеке құқық.
Рим тарихшысы Тит Ливии XII таблицалар заңдарын «fons omnis publici privatique iuris» - бүкіл жеке және жалпы құқықтың қайнар көзі деп атаған. Бұл жерде «қайнар көз» сөзі, алып рим құқығы өскен ағаштың тұқымы мағынасында қолданылады; Ливии «қайнар көз» терминімен рим құқығының дамуына себеп болатын бастауды білдірген.
Рим құқығының тарихы жолында құқықшығармашылығының нысандары: 1) жай құқық; 2) заң (республикалық кезеңде - халық жиналыстарының қаулылары; принципат дәуірінде - сенатусконсульттар, принцепстің қалауын жасыратын сенат қаулылары; абсолюттік монархия кезеңінде - императорлық конституциялар) ; 3) магистраттар эдиктілері; 4) заңгерлер қызметі(заң ғылымы) .
1. 2. Азаматтық іс жүргізу принциптерінің түсінігі мен мәні
Азаматтық іс жүргізу құқығының, өзге де құқық салаларының принциптерінің мәселесі: олардың осы салалардың негізгі жақтарын сипаттауында. Сондықтан осы принциптердің түсінігін, мәнін, әрекет механизмін толық ашу үшін, олар қолданатын сала мен сот ісін жүргізуде қабылданатын нормалар мен институттардың анализін жасау қажет. Азаматтық іс жүргізу жайындағы әдебиеттерде және сот практикасында, принциптердің мәні мен түсінігі жайлы қөзқарас әртүрлі болғандықтан, мәселе қиындай түседі.
Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, азаматтық іс жүргізуге негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады.
Өзгелердің пікірінше азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері - ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.
Латын тілінен аударылғанда «принцип» сөзі «негіз», «бастау» дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.
Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру мақсатымен құқық нормалары біріктірілген соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу принциптері деп, азаматтық іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.
Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады [4, 93-94] .
Н. Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін даулы [5, 86] . Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:
1) құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісін белгілеу мүмкін емес;
2) принциптер құқықтық реттеудін жалпы пәні мен әдісіне негізделетіндіктен, азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық нысандары үшін приниптер жүйесін құру мүмкін емес;
3) іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты жүзеге асыру әрекетіне ғана тән; өзге қорғану нысандары заңшығарулық іс жүргізу негізінде жүзеге асырылады;
4) субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарының әрекетін реттейтін(әрбір құқық саласына тән) нормаларды кодификациялау мүмкін емес, азаматтық іс жүргізу нормаларын, өзге азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарына қолдану одан да қиын.
Н. Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық қазір де бар, өйткені «азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық қорғау нысандарын «бір шатыр» астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады».
Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, «функцияларының дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін» мүліктік(жалпы алғанда азаматтық) құқықпен тығыз байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы құзыретті соттармен байланыстыра отыра, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» қарсыластары, азаматтық құқықты қорғаудың өзге нысандарында пайда болатын қатынастарды, реттейтін нормаларда іс жүргізу сипаты орын алатындығын мойындайды. Бұл дегеніміз, ондай қатынастар жай іс жүргізу емес, азаматтық іс жүргізу қатынастары болып табылады. Өйткені, келе-келе соңында, олар азаматтық құқықтың нормаларының санкциясын қолдануды мақсат етеді.
Сондықтан, азаматтық іс жүргізу пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады [6, 76-77] .
Құқықтық реттеу пәні бұртұтас екенін мойындағасын, әрбір құқық саласы реттеу пәні ғана емес, әдісімен де ерекшеленетіндіктен, реттеу әдісін де айқындауымыз керек.
Мемлекет қоғамдық қатынастарды реттей отырып, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін дұрыс бағытта ұстау үшін, өзінің күшіне сүйеніп, кейбір әрекеттерді шектейді, кейбір әрекеттерді рұқсат етеді, ал кейбір әрекеттердің тәртібін белгілейді. Іс жүргізу салаларында «шектеу әдісін», «рұқсат ету әдісін» немесе «тәртіп белгілеу әдісінің» үшеуінің біреуін де қолдануға болмайды.
Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі «жол беру әдісі» бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі «шектеу әдісі» бойынша болмаса да, «тәртібін белгілеу әдісі» бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары «диспозитивтің-императивтік әдіс» бойынша құрылғандарын білдіреді [7, 25-33] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz