Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау Ақтөбе облысының әкім аппараты
1.1. Ақтөбе облысының әкімдігінің құрылымдық
ерекшеликтері ... ... ... ... 4
1.2. Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмыс
процестері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 7
1.3. Ақтөбе қаласындағы әкімшілік аппаратының жұмыс
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ тарау Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
2.1. Ақтөбе облысы әкімшілігінің аппаратын басқару
жағдайы ... ... ... ... .19
2.2. Ақтөбе қаласындагы экономиканы басқару
аппараты ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.3. Ақтөбе облысы әкімдігінің аппаратының қызметтерін жетілдіру
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – Қазақстан Республикасы
Министрлерімен және Ақтөбе облысының Әкімімен, ҚР Үкіметімен, мемлекет
Басшысының жаңа қабылдаған шешімдеріне сәйкес пайда болған, КӨБ туралы
Ережеден шығатын және оған жүктелген міндеттерді орындайтын мемлекетік
мекеме болып табылады.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік
аумағында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті
мемлекеттік мекеме.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс
бөлімінде 2010 жылдың 31 қаңтары мен 26 наурыз аралығында өндірістік іс-
тәжірибеден өту барысында бөлімнің, сонымен қатар, басқарманың ережесімен,
құрылымымен танысып, материалды талдамалық ақпараттар дайындауға, қызметтік
хаттар жазу және т.б. тапсырмалар орындалды.
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап
айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін
ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ
қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын
жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық
тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен
салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды
даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату,
қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін
сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің
лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту
І тарау Ақтөбе облысының әкім аппараты
1.1. Ақтөбе облысының әкімдігінің құрылымдық ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты ММ миссиясы – қала әкімінің қызметін
ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық және материалдық-
техникалық қамтамасыз ету, қала әкімдігінің және әкімінің актілерін әзірлеу
және орындалуын ұйымдастыруға қатысты атқару органдарының қызметін
үйлестіру, жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын ұйымдастыру,
тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты ММ болжамы – қойылған міндеттерді
орындауға қабілеті кәсіпқой және сапалы персонал қалыптастыру үшін қолайлы
жағдайлар туғызу.
Қала әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге
асырылады.
Қала әкімі аппаратының штат санының лимиті 61 бірлік құрайды, соның
ішінде 1 - саяси және 60 - әкімшілік мемлекеттік қызметші.
Қала әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 8,9
жыл құрайды, орташа жасы – 34,7. Мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдер –
55,7%, 90,7% - жергілікті ұлт өкілдері. Жоғары білімі барлар саны – 95,1%.
Селолық округтер штаттық санының лимиті - 31 бірлік, соның ішінде 5
-саяси мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 10,6
жыл, орташа жасы – 46,3. Ұлттық құрамы бойынша : қазақтар – 27 адам
(90,3%), басқа ұлттар – 3 адам (8,8%). 5 селолық округ әкімдері ішінде – 1
әйел.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және жергілікті атқарушы органдар
алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қала әкімі аппаратының
құрылымы үнемі жетілдіріледі. Қала әкімі аппаратының құрылымында:
ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік-
құқықтық, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының сақталуын бақылау
жөніндегі, әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар, әлеуметтік сала және мәдени даму мониторингі, қала
инфрақұрылымын дамыту мониторингі, өндірістік сала мониторингі, қаржы-
шаруашылық бөлімдері бар.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік
аумағында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті
мемлекеттік мекеме.
Қала әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге
асырылады.
Қала әкімі аппаратының штат санының лимиті 61 бірлік құрайды, соның
ішінде 1 - саяси және 60 - әкімшілік мемлекеттік қызметші.
Қала әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызметтің орташа өтілі 8,9
жыл құрайды, орташа жасы – 34,7. Мемлекеттік қызметшілер ішінде әйелдер –
55,7%, 90,7% - жергілікті ұлт өкілдері. Жоғары білімі барлар саны – 95,1%.
Селолық округтер штаттық санының лимиті - 31 бірлік, соның ішінде 5
-саяси мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 10,6
жыл, орташа жасы – 46,3. Ұлттық құрамы бойынша : қазақтар – 27 адам
(90,3%), басқа ұлттар – 3 адам (8,8%). 5 селолық округ әкімдері ішінде – 1
әйел.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және жергілікті атқарушы органдар
алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қала әкімі аппаратының
құрылымы үнемі жетілдіріледі. Қала әкімі аппаратының құрылымында мынадай
бөлімдер бар: ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз
ету, мемлекеттік-құқықтық, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының
сақталуын бақылау жөніндегі, әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар, әлеуметтік сала және мәдени даму мониторингі, қала
инфрақұрылымын дамыту мониторингі, өндірістік сала мониторингі, қаржы-
шаруашылық.
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ
кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту
және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік
міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға
тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын
факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен
салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды
даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату,
қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін
сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің
лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.
Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық мемлекеттік
мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында
жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының
деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.

1.2. Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмыс процестері
Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бастығы келесідей міндеттерді орындайды:
- бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;
- бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын, жұмысты уақытылы
және сапалы орындауын, функционалды міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге
асырады;
- әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің
қызметкерлерін мараппаттау және тәртіптік жаза туралы ұсыныстар енгізеді;
- бөлімге келіп түскен хаттарды қарап, тапсырманың мерзімінде
орындалуын қамтамасыз етеді;
- бөлім құзыретіндегі сұрақтар бойынша құжаттарды қала әкімінің
қарастыруына ұсынады;
- Ақтөбе қалалық мәслихаты, қалалық мемлекеттік мекемелер және қала
әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланыса жұмыс істейді;
- атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтылған азаматтарға жедел әлеуметтік
көмек көрсету бойынша комиссияның отырыстарына қатысады;
- құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің
нормативті құқықтық актілерінің жобасын әзірлейді;
- қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі орынбасарларының
тапсырмаларын орындайды;
Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бас маманы келесідей міндеттерді орындайды:
- қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен және қалалық
Халықаралық Қазақ тілі қоғамы ұйымымен бірлесе әрекет етеді;
- мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізу бойынша іс шаралар
жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
- азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарастырады;
- азаматтардың ауызша және жазбаша түскен өтініштерінің есебін
- жүргізеді;
- қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім
бастығының тапсырмаларын орындайды.
Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бас маманы келесідей міндеттерді орындайды:
- жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша
комиссияның хатшысы;
- өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңын, Қазақстан Республикасының
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының
алдын алу туралы Заңын, Қазақстан Республикасының Неке және
отбасы туралы Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативті құқықтық актілерін басшылыққа алады;
- ішкі саясат бөлімі, қалалық білім бөлімі басшыларына тапсырмалар
мен әдістемелік ұсыныстар береді;
- жасөспірімдердің ақысыз білім алуға құқықтарын жүзеге асырады;
- құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің
нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
- қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім
бастығының тапсырмаларын орындайды;
Қала әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі
бөлімінің бас маманы келесідей міндеттерді орындайды:
- қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат комиссиясының хатшысы;
- мақсаты мемлекеттің гендерлік саясатын жүргізу болып табылатын 2006-
2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік
Стратегиясының жүзеге асыруға қатысады;
- Күміс алқа, Алтын алқа мемлекеттік наградалармен көп балалы
аналарды наградтауға облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;
- құзырындағы сұрақтар бойынша тұрақты комиссия отырыстарына
қатысады;
- құзырындағы сұрақтар бойынша қала әкімі және қала әкімдігінің
нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
- қала әкімі аппараты басшысының, қала әкімі орынбасарларының, бөлім
бастығының тапсырмаларын орындайды;
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас
маманы келесі міндеттерді атқарады:
- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өтуімен байланысты
қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін рәсімдейді;
- арнайы тексеруден өту бойынша құжаттарды рәсімдейді;
- мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген шектеулерді қабылдауы
туралы келісімін жазбаша түрде тіркеу (өзіне қойылған шектеулерді бұзған
жағдайда туындайтын құқықтық салдарлар туралы ескерте отырып);
- мемлекеттік қызметке келуімен байланысты шектеулердің сақталуын
қадағалайды;
- уәкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдардың тізімін, бос
лауазымдар бойынша сұраныстарды және басқа да қажетті ақпаратты дайындайды;
- жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізеді;
- қала әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек демалыстарының кестесін
құрады;
- Парламентке, жергілікті өкілетті орандарға сайлауларды
ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және
референдумдар өткізу бойынша құжаттар дайындайды, олардың орындалуына
бақылау жасайды;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстар
жүргізеді;
- қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен
нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді
орындалуын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ бас маман қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік
қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызметтерде болғаны жөнінде мәліметтер
бар тізімге) қажетті жазбалар енгізеді, мемлекеттік қызметшілерге олардың
құқықтық жағдайы туралы кеңес береді, жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау бойынша жұмыстар жүргізеді және қала әкімінің,
әкімдігінің және қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық
актілерінің жобасын жасауға қатысады.
Жалпы жұмыс барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен
және мемлекеттік органдармен әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың біліктілік
талаптарын жетілдіру сұрақтары бойынша өзара қарым-қатынас жасап,
мемлекеттік қызмет кадрларының аттестациядан өтуі бойынша материалдар
дайындайды.
Белгіленген жоспарға сәйкес Парламентке, жергілікті өкілетті орандарға
сайлауларды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
және референдумдар өткізу бойынша құжаттар дайындайды, олардың орындалуына
бақылау жасайды, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастырып,
қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-
құқытық актілермен бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындалуын
қамтамасыз етеді.
Және де бұл қызметтер өз кезегінде қала әкімінің, әкімдігінің және
қала әкімі аппараты басшысының нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын
жасауға, қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қалалық
мемлекеттік мекемелерде, селолық округтерде орындаушылық тәртіпті жетілдіру
бойынша әдістемелік көмек көрсету міндеттерін қамтиды.

1.3. Ақтөбе қаласындағы әкімшілік аппаратының жұмыс ерекшеліктері
Қала әкімі аппаратында кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ
кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту
және мемлекеттік қызметкерлердің ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік
міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға
тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын
факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен
салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.
Кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдірудің басты принципі – кадрларды
даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің жауапкершілігін жоғарылату,
қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін
сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің
лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.
Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық мемлекеттік
мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында
жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының
деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.
Қала әкімі аппаратында құжат айналымы бойынша жүйелі түрде талдау
жұмысы жүргізіліп, іс-қағаздарын жетілдіруге, құжаттардың орындалуын
бақылау және заңды, жеке тұлғалар арыз-шағымдарымен жұмысты жақсартуға
сайкес іс-шаралар алынады. ҚР Бас прокуратурасы бекіткен Азаматтар арыз
шағымдарының бірігей есебі автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жөніндегі
жұмыс жетілдірілуде.
Қалалық мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланатын сапа
көрсеткіштерінің мақсатты мәнін бекіту және мемлекеттік қызметтердің қол
жетімділігі мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын
жақсарту жөніндегі сұрақтармен танысу үшін жұмыс тобы құрылды.
Қалалық мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын енгізу жағдайымен танысу жөніндегі қалалық жұмыс тобы
құрылды.
Ақтөбе қаласында және Қарғалы селолық округында, бір терезе қағидасы
бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1
қаулысымен бекітілген тізімінен 22 мемлекеттік қызметтер көрсететін,
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрі - ХҚКО) бар. Қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан бір терезе қағидасы
бойынша жұмыс істейтін Мемлекеттік қызметтер көрсету орталығы ашылды.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Мемлекеттік мекеменің:
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік
саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік
егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыруға және қоғамды
жұмылдыруға қатысу;
2) қалада мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттің ішкі
саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің, облыстық ішкі саясат
департаментінің бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілері мен
тапсырмаларын іске асыру барысын орындауын бақылау;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның
2030 жылдарға арналған даму стратегиясының негіздерін түсіндіру және
насихаттау;
4) мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының ішкі саясат,
қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамаларын насихаттау және
түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау мен іске асыру жөніндегі
жұмыстарды үйлестіру;
5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық
ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық біртектілікті, Қазақстанды дамытудың ұзақ
мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды жұмылдыру жөніндегі
ұсыныстар жасау;
6) қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму
тенденцияларын жан-жақты зерттеу, жинақтау және талдау;
7) калалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру қалалық
бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау
жөніндегі қызметін үйлестіру;
8) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік
және саясаттану жөніндегі зерттеулерді жүргізу;
9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және
діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, жұртшылық өкілдерімен өзара iс-
қимыл жасау негізгі міндеттері болып табылады.
10. Мемлекеттік мекеме оған жүктелген міндеттерге сәйкес  Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен мына функцияларда жүзеге
асырады:
1) Ішкі саяси процестерді реттеуге қатысу, ішкі саясат саласындағы
жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру,  қаладағы
қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен өзге бірлестіктердің
қызметтеріне мониторинг, талдау және болжау жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси
тұрақтылықты, қоғамды жұмылдыруды, қазақстандық отаншылдықты насихаттауды
және тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жасау мен жұмыстарды
ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
тапсырмаларының, әкімият қаулыларының, облыс және қала әкімдері, Ақтөбе
облыстық ішкі саясат департаменті мемлекеттік мекеменің  шешімдерінің,
өкімдерінің, бұйрықтарының және тапсырмаларының орындалуын бақылауды
қамтамасыз ету;
3) тұжырымдамалық құжаттарды жасауға қатысу,  мемлекеттік мекеменің
құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкімі шешімдері, өкімдері,
актілерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;
4) қоғамдық-саяси және экономикалық салада  қала туралы, билік
органдары туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі  қала
 әкімиятының жұмысына қатысу;
5) Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақтөбе
облыстық ішкі саясат департаменті мемлекеттік мекемесімен, қала әкімі
аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық
байланысты қамтамасыз ету;
6) Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментіне мемлекеттік
мекемесіне  атқарылған жұмыстар жәйі туралы жүйелі түрде есеп беру;
7) Мемлекеттік мекеменің  құзыретіне жататын мәселелер бойынша қалалық
басқармалар мен бөлімдердің қызметтерін бақылау және
үйлестіру;                                                                    
                                                    8) қала әкімінің
аппаратын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
9) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды
өткізу барысын саяси тұрғыдан қамтамасыз ету;
10) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі қалалық мемлекеттік
мекемелердің  ауылдық округ әкімдерінің, қалалық    бұқаралық ақпарат
құралдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымы
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мекемесі қызметі
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Келес ауданының әкімі
Жергілікті басқару органдарының теориялық аспектілері
Жергілікті бюджеттің шығыс көрсеткіштері
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік мекеме бойынша есеп беру
Ақмола облысындағы Степногорск қаласының бюджетін және Алем-Степногорск ЖШС кәсіпорынының бюджет құралдарын игеруіндегі іскерлігін талдау
Пәндер