АҚШ сот билігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ Конституциясындағы Құқық туралы Билль және оның тәжірибеде
қолданылуы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ БИЛЛЬ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 ХVІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін
соғыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...5
1.2 1776 жылғы Тәуелсіздік
декларациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 АҚШ Конституциясындағы Құқық туралы
Билль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...7
1.4 АҚШ-тың бірінші Конституциясының халықаралық құқықтық жағдайы...10
1.5 Конституцияның негізін
салушылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ІІ АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 1787 жылы 17 қазан күні Конвент Конституция
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ...15
2.2 Атқару
билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.3 Cот
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

КІРІСПЕ
Курстық өзектілігі. Америка Құрама Штаттары XVIII ғ. аяғында құрылған,
жас мемлекет болып табылады. Бұл мемлекетті Батыс өркениетінің дамуы
нәтижесі ретінде қарастырған орынды. Орта ғасырларда тижілдің латын тілінен
Еуропа халықтарының тілдеріне аударылуы қоғам санасына үлкен әсерін
тигізді, Інжілде жазылған құдай алдындағы теңдік идеясынан адамдардың өзара
теңдігі, бостандығы туралы ой пайда болады. Осыдан кейін жеке меншік, еркін
сауда, демек демократиялық қоғамға тән негізгі атрибуттар қалыптаса
бастайды. Жаңа кезеңнің басында Нидерландыда, Англия мен Францияда орын
алған буржуазиялық революциялар, соғыстар Солтүстік Америка жерінде
көптеген басы бос феодалдық қатынастардан тыс қалған ерікті қоныс
аударушылардың көбеюіне себепкер болды. Қоныс аударғандардың ұрпақтары
тәуелсіздік үшін соғыс (1775-1783) барысында метрополияны, сонымен бірге
феодалдық тәртіптерді жеңіп, алғашқы рет демократиялық принциптерге
негізделген конституцияны қабылдады.
Жаңадан құрылған мемлекеттің басшылары әр түрлі ұлттарды біріктіру
мақсатымен оларға көптеген бостандықтарды беруге міндеттенді. Осы
бостандықтарды АҚШ Конституциясы кепілдендірді. Конституцияда Тәуелсіздік
декларациясының басты жағдайлары қамтылды.
АҚШ басшылары ұсынған либералдық - демократиялық идеология феодалдық
тәртіптен азып-тозған бұрынғы еуропалықтарға жайлы тиді. Үкімет олардың
экономикалық, шаруашылық қызметіндегі шектеулерді алу мен мемлекетті
басқаруға қатысу құқықтарын беру арқылы американдықтардың ресми билікке
қарсы шықпауын қамтамасыз етіп, әр түрлі ұлттарды біріктіретін нәтижеге қол
жеткізді. Бірақ бұл құқықтар мен бостандықтардан жергілікті шықтары мен
қара нәсілділері тыс қалды, афро-американдықтарға христиан дінін
қабылдағандарына қарамастан, құдай алдындағы теңдік қағидасы таралған
жоқ. АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі
Кондализа Райстың (Соndalize Rісе); Негізін қалаушы Аталардың, Біз,
халық дегендегісі маған қатысты айтылған жоқ — деп, мәлімдеуі осы
жағдайларға байланысты болды. Осылайша, Вашингтонның қазіргі кезде
демократиялық құндылықтарды уағыздауындағы екі жақты стандарттар АҚШ-тың
мемлекет ретіндегі алғашқы қадамдарынан-ақ байқалды.
АҚШ-тың өз халқына қатысты ұстанған идеологиялық қондырғыларындағы екі
жақты стандарттар XX ғ. 60-жылдарына дейін сақталды. Вашингтонның
жергілікті халықтар мен қара нәсілділердің құқықтарын ақ нәсілділердің
құқықтарымен толық теңестіргеніне қарамастан, ақ еместерді екі ғасырға
жуық уақытқа созылған қанаушылықтың жаңғырықтары қазіргі кезге дейін АҚШ-
тың Оңтүстік штаттарында естіліп жатқаны белгілі.
АКШ-тың құрылғаннан кейінгі экономикалық дамуына тарихта бұрын-соңды
болмаған либералдық құндылықтар өз ықпалын жасады. Сонымен қатар,
метрополиядан қалған жаңа техника мен шикізатқа бай жергілікті табиғи
ресурстар жаңадан құрылған мемлекеттің қалыптасып дамуына жағымды әсерін
тигізді. Солтүстікте индустрия мен капиталистік қатынастар дамыса,
Оңтүстікте плантаторлық шаруашылық пен құлдық сақталды. Біріншісінің
экономикалық тұрғыдан тиімділігі мен қуаты азамат соғысы барысында
Онтүстікті жеңуде шешуші факторға айналды.
АҚШ-тың экспансионистік амбициясы мен географиялық орналасуымен
белгіленген геостратегиясы мемлекеттің құрылуынан кейін бірден көріне
бастады. Капиталистік дәуірдің шырқай бастаған шағында үнділерден жерлерді
тартып алу, территорияларды сатып алу немесе басқа державалардың иеліктерін
аннексияләу жиі орын алды. АҚШ-тың Америкадағы ең ірі экспансионистік
қадамдары ретінде Техас пен Калифорнияны өз құрамына көшіруін мысалға
келтіруге болады. АҚШ пайда болысымен-ақ, өзіне қарағанда әлсіз
мемлекеттердің ортасында дамыды. Осындай жағдайда азғантай тұрақты қарулы
күштер АҚШ-тың территориялық тұтастығын сақтауға жеткілікті еді. Ал Канада
мен Мексиканың экономикалық және саяси әлсіздігі АҚШ басшылығын қызықтырып
отырды. АҚШ-тың алғашқы территориялық кеңеюі оңтүстік бағытта жүрді. XIX ғ.
басында АҚШ Испан иеліктеріне, ал кейінірек тәуелсіздік алған Мексикаға
тиесілі Техасқа ең алдымен демографиялық және сонымен қатар экономикалық
енуін бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 72-АҚШ Конституциясындағы
Билль құқығы туралы және оны қолдану тәжірибесін анықтау.
Міндеттері:
- АҚШ Констиуцияларының дамуын, тарихи маңызын зерттеу;
- АҚШ Конституциясындағы Билль құқығы туралы және оны қолдану
тәжірибесін қарастыру.

І АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ БИЛЛЬ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНУ
ТӘЖІРИБЕСІ
1.1 ХVІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс
ХVІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка 
ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан
Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда
болды.
Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі
(Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-
Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер халық басқармасында болса,
қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор
басқаратын, король отары  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар
мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде
санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы,
құқық туралы Билль, жалпы құқық, әділеттілік құқығы және т.б. Бірақ та,
патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және
ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар
мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын
кешеуілдетті. Осылай, ХVІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар
американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.     
1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет
өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс  метрополияның
кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын
бекітті.
1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі
шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей
келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас  қолбасшысы
ретінде Дж.Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті.
Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д.Адамстың,
Т.Джефферсонның, А.Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес
жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың
бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды
бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4
шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния
штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік
Декларациясы. 
1.2 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы
1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық
декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді.
Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола
құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған.
Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған
танымалы прогрессивті құжат.
1781 жылғы Конфедерацияның құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда
заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын
Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы
туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін
штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз
табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ
та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап
алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат
одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген,
алғашқы конституциялық құжат Конфедерация бабтары қабылдауға әсер етті.
Штаттар мәңгі одақ-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.
1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша үкімет органдарының жүйесі. 1787
жылы Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан
құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды.
1.3 АҚШ Конституциясындағы Құқық туралы Билль"
Конституцияның алғашқы бөлігі Ньютонның физикасы сияқты әрі ғылыми, әрі
рационалды кішігірім преамбула мен үлкен мақаладан тұрды. Оған қосымша
ретінде 26 түзету алынған. Бірінші 10 түзетуде жалпы алынғанда "Құқық
туралы Билль" деп аталады. Бұл түзетулер 1791 жылы алынды. Бұдан басқа 16
түзету қабылданған, олардың арасында ең маңыздысы-13, 14, 15 баптар. Бұл
баптар АҚШ-тағы құлдықты құрды.
Преамбуласында Конституцияның мақсаты анықталған-штаттың одақтары
құрылды. Конституция 7 баптан тұрады:
1-АҚШ Конгресі;
2-АҚШ Президенті;
3-АҚШ сот билігі;
4-штатпен федерацияның өзара қарым-қатынастары;
5-түзетулерді енгізу реті;
6-конституцияның жоғарғы приициптерін тағайындау;
7-Конституцияны бекіту реті.
АҚШ Конституциясы негізгі үш принципті бекітеді. Ең алдымен АҚШ
мемлекетінің негізгі принциптеріне өкіметтің бөлінуі жатады. Конституцияға
Локк және Монтескьенің өкіметті бөлу жөніндегі идеялары кірген. Мұндағы сөз
тар мағынада-көлбеу принципімен: заң шығарушы билік, атқарушы билік және
сот билігі болып бөлінеді. Осы негізгі принцип әрбір федерацияның
субъектерінде де қолданылады. Таза догматтар америкалық концепция өкіметке
бөлінген, бұл төмендегіше жинақталды деп көрсетіледі. Мемлекетті басқару
саласының қызметі заң шығару, сот, атқарушы билік болып үшке бөлінеді.10
Әртүрлі міндеттерді іске асыру барысында үшеуіне де, түрлі басқарма
бөлімшелеріне де лайықты болып келеді. Бұл бөлімшілер конституция бойынша
тепе-тең және бір-біріне тәуелсіз. Әртүрлі тәртіп бойынша қалыптасқан
мемлекеттік органдар, олардың өкілдік мерзімінен, бағыныштылығымен тығыз
байланысты. Мұндағы негізгі рөлді жүйенің шыдамдылығы мен қарама-қарсылығы
атқарады. Оның мәні, әрбір биліктің, Конституцияға қарсы көрінуі
мүмкіндігінде жатыр.
Конгресс президенттің заң ұсыныстарын кейінге қалдыруға, федералдық
лауазымды қабылдауға, импичмент тәртібімен президентті сотқа тартуға
құқылы.
Президентке берілген құкық-тыйым салу. Жоғарғы соттың сот қызметкерлері
Президент пен Сенаттың бірігуі арқылы тағайындалады, оның жұмысы
Президентке де, Конгреске де қатысты емес, кейбір жағдайда импичментке
шығуға мүмкіндігі бар.
Конституцияның негізгі екінші принципі-федерализм, яғни, биліктің
жоғарыдан төмен қарай принципімен бөлінуі. Штаттар мен Одақ арасындағы
міндеттер айқын ажыратылған. Ол одақтың қызметіне қатысты мәселелерді
қамтиды.
Конституцияның негізгі үшінші принципі Конституцияның үстемдігі.
Конституция елдің жоғарғы құқығы ретінде жарияланады, бұл федерациялық
штаттың деценгралистік үрдістері мен бірігуіне қарсы бағытталған.
АҚШ президенті атқарушы билікті басқарады, төрт жылға сайланады.
Президент қайтыс болып немесе қатты науқастанған жағдайларда да бұл
мемлекетте жыл толғанша сайлау өткізілмейді, Президенттің орнына кім
тағайындалатынын Конституцияда анық белгіленген: Вице-Президент, одан кейін
төменгі палатаның төрағасы, мемлекеттік хатшы, т.б. Президент орнына
ұмтылған кандидат АҚШ азаматы, 35 жасқа толған, Америкада тұрақты 14 жыл
тұрған болуы керек, оны Вице-Президентпен бірге дәрежелі сайлайды, алдымен
538 адам сайлаушыларды сайлайды (100 адам) Сенат, 438 төменгі өкілеттер
палатасы), осы алқа саяси тізім бойынша қатаң партиялық тәртіппен
Президенттің өзін сайлайды.
Конституцияның бірінші бөлімінде барлық заң шығарушы құқықтар АҚШ
Конгресіне берілген, олар Сенаттан және өкілдер палатасынан тұрады.
Парламенттің құрылысы мемлекеттің федеративтік құрылысын көрсетеді. Өкілдер
палатасына 25 жастағы адамдар сайланады, олар екі жыл бойы қызмет істейді.
Бір сайлау округіне кіретін сайлаушылар саны 30000. Сенатқа әрбір штат екі
сенатордан сайлайды, 1913 жылдан бастап сенаторлар 17-бап бойынша сайлаумен
бекітілетін болды. Сенатың төрағасы Вице-Президент. Сенаторлардың үштен
бірі екі жылға, үштен бірі төрт, ал қалғандары жеребемен алты жылға
сайланады. Сенат өзіне жүктелтен жұмыспен бірге Президентті де тексеруге
құқы бар. Сенаторлардың үштен екісінің қолдауымен өкілдер палатасы
президентті кінәлауға, орнынан алуға құқықты. Сенат президентке шарт қою
кезінде келісімін береді, орі Жоғарғы сот мүшелерін тағайындай алады.
Өкілдер палатасымен салыстырғанда Сенаттың өкілеттілігі үлкен. Конгресс
сайлаудан кейін желтоқсан айының сонында бірінші рет жиналады.
Конгресс баж салығын жинауға, төлеуге, акциз кеңілдікті төлеу, шетел
мемлекеттерімен, әртүрлі штаттармен және үндіс тайпаларының арасынды сауда
жүргізуге мұрындық болады.
Конгресс кіріс салығын тағайындай алады.
Президент төрт жылға сайланады, ол атқарушы билікті басқарады.
Президент лауазымды орынға қызметкерлерді тағайындау үшін Сенаттың
келісімін алуы керек, үлкен халықаралык, шарттарға қол кояр уақытта
сенаторлардың үштен екісі қатысын отыруы шарт.
Сот органдары жергілікті және федералдық сот болып бөлінеді.
Конфедерация тұсындағы сот билігі егемендік белгісі ретінде федерацияның
субъектілерінде қалды, ал федерация тұсында құрылған штаттарда сот биліктің
жартысы ғана қалды. АҚШ соты штат соттарының турасынан жоғары және оның
сапасының бірінші инстанциясында халықаралық құқыққа қатысты барлық істерді
қарайтын болды. Штаттардың талас мәселелерін федералдық сот қарайды.
Конституцияға қабылданған түзетулерді үш топқа болуге болады: бірінші
12-түзету штаттың жене жеке адамның құқықтары үшін болған күреспен
байланысты, 13-15 түзету XIX ғасырдың алпысыншы жьодарында құлдықты жою
жөнінде әр түрті азаматтардың сайлау құқықтарын ұсыну және ХХ-ғасырдағы
демократиялық түзетулер Конгрестің салық көбейту жөніндегі 1913 жылғы 16
түзету Сенатты сайлаудағы өзгерістер тұрады. 1917 жылда тікелей сайлау
енгізілді, 1920 жылдарда заң бойынша әйелдерді сайлауға құқық берілді
1.4 АҚШ-тың бірінші Конституциясының халықаралық құқықтық жағдайы
АҚШ Конституциясы-буржуазиялық мемлекеттің бірінші жазылған
Конституциясы, ол 1787 жылы 12 қыркүйекте Филадельфия Конвенті негізінде
жасалып, 1789 жылы 4 наурызда күшіне енді.
АҚШ-тың бірінші Коиституциясы-халықаралық құқықты қамтитын федеративтік
республиканы бекітті. Қабылданған Конституцияға бұрынғы ағылшын отары
негізінде құрылған тәуелсіз 13 кішігірім мемлекеттің кіруі бекітілді. Бұл
одақтың құрылуына ғасырдың идеологиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық
қажеттілігі де әсер етті.
Жергілікті халықтың қоғамдық көзқарасы мемлекеттің жас қорғаушылары
мемлекеттің бірлігін өте қиын жағдайға өткізді, олар конституциямен бірге
конфедсрацияның баптарын да талап етті.
55 делегаттың ішінде Джордж Вашингтон, Гамильтон, Франклин, Мэдисон,
Вильсон тәрізді қайраткерлер болғандығы мәлім. Әртүрлі жағдаймен қатыса
алмаған Джефферсон, Патрик Генри, Джои Адамс тағы басқа да радикалдар
болды. Оиың әлеуметтік құрылымына көңіл бөлсек, онын, аралығында тек бай
адамдар, плантаторлар, құл иеленушілер, банкирлер, бағалы қағаз ұсатушылар
болды. Бірақ бұлардың арасында біржақтылық, бірізділік болды деп айту қиын.
Конституцияның бағасы меп маңызы жөнінде ағылшын әдебиетінде екі түрлі
көзқарас ағым пайда болды, біреулері мақтаса, екіншілері жатады. АҚШ-тың
негізгі заңында методологиялық жағы да айқын көрінді. Сондай-ақ ағылшын
Конституциясының кейбір елдерде буржуазиялық демократия үстем етіп тұрғанда
құрылғандығын естен шығармау керек. Ол кезде Еуропада тәуелсіздік үшін
соғыс жүріп жатқан еді, сол ғасырдың позициясы болған Конституция құқық
мәселесіндегі демократиялық құжат, Конституцияны жасаушылар белгілі бір
саяси құқықтық принциптері мен нысандарын қалыптастырды, ол Америка саяси
жүйесінің негізі болып табылады.
Бұл конституцияда бірнеше негізгі принциптер бекітілген, олардың бірі-
республикалық принципі. Конституция жасаушылар монархиядан бас тартқысы
келді, оны жек көрді, олар үшін монархия ағылшындардың зорлық, зомбылығының
көрінісі еді. Олардың ойынша мемлекетті тек қана білімді адамдар басқара
алады, ал оған тек аристократтардың күштері жетпейді. Республикалық
нысанның астарында сайлауға жауапты болатын билік жатты. Олар бір-бірімен
байланыста болып, халықтың мемлскеттік іске араласпауын қадағалады.
Халықтың тек сайлауға ғана қатысуына мүмкіндігі бар, онда да қызметіне
байланысты. Олардың негізгі мақсаты таңдаулы республика жасау еді.
Меншік пен бостандықты қорғау. Конвент делегаттары бостандық пен
меншіксіз өмірдің мәні, адамдардың құлпы өмір сүруіне ешқандай мүмкіндігі
жоқ екенін түсінді. Сондықтан олар барлық адамдардың теңдіігін, ажырамайтын
құқықтарын дәйектеді.
Қоғамдық шарт.
Г. Гроций, Дидро, Ж. Ж. Руссо идеяларын Конвенттің делегаттары
Американың жағдайына сәйкес келтірді. Мемлекетті басқару-халықтың үкіметпен
шарттасуы жағдайында қаралады, ол нақ ажырамайтын құқықтардың болуын да
қамтамасыз етуі керек.
Бикамерализм.
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Пенсильвания мен Джорджия штаттарынан
басқаларында екі палаталы легислатура болды.
Конституция жасаушылардың саяси түсінігіне әсер еткен ағылшын
мемлекеттік палатасы. Ондағы атақты палаталар екеу: лордтар және қауымдар
палаталары.
Олар Конгреске аксүйектерді енгізу дұрыс деп есептеді. Бикамерализм
кіріспе мемлекеттік құрылыстағы федеративтік нысанда айтарлықтай дәрежесі
болды.
Федерализм. АҚШ мемлекеттік құрылысының ерекшеліктеріне федерализм
принципі жатады. Американың федерациясы жылдам және қайшылықсыз туды деп
ойласақ, біз қателесеміз. Бұл мәселелер талқыланған кезде өте өткір және
қайшылықты жағдайлар туды. Бұндай күрделі жағдайға әкелген маңызды себептер
үшеу: ағылшын мемлекетінің бір орталыққа бағынған басқару әдістері халықты
жек көретін етті, әрі оны қорқытып тастады. Отарлар тәуелсіздігін
жариялаған кезде мемлекеттік басқару солардың штат шекарасы бойынша
құрылған болатын. Конституция алынғанша жалпы орталық ұлттық басқару
органдары болған жоқ. Осы үрдістер Конституция дайындалған кезде мықты
федерацияға қарсылық туғызды, мықты жалпы федеративтік органдар жергілікті
басқару органдарын езіп, өздеріне бағындырады деп саналатын.
Екінші жағынан конфедерация арыауының бостығын бәрі түсінді, әсіресе
салық жинау мен штаттар арасындағы сауда мәселелері өте шиеленісті өрі
реттелмеген еді. Сондықтан экономикалық және саяси бейберекеттік жағдайды
дұрыстау үшін радикалдық шара қолдану керектігін бәрі толық түсінді.
Мемлекеттік құрылыстағы федеративтік нысан буржуазия мен құл
иеленушілік таптың ымырасының, халықтың наразылығы мен конфедеративтік ырын-
жырыңының нәтижесі болып табылады.
Бір орталыққа бағынған өте табанды мемлекеттік ақпараттың өз жағдайын
нығайтып, халықты жуасытуына мүмкіндігі бар.
13 штатты біріктіру мемлекеттік жағдайда үлкен тарихи маңызы бар іс
болып саналады. Бұл дүниежүзі тарихындағы бірінші буржуазиялық федерация.

1.5 Конституцияның негізін салушылар
Конституция негізін салушылар бір уақытта мемлекеттің біртұтастығы
мен тиімділігін арттырып отырды.
Одақтағы федералды үкіметке штаттардан сыртқы және ішкі саяси өкілді
делегат етіп жіберді. Конституция дуалистік федерализм жүйесін одақтың және
оның құрушы штаттың міндеті негізінде орнатты. Сонымен, Конституция ұлттык
күшті өкіметті құрды. Оның өте күшті, бірақ шектелген құқықтары болатын.
Бірақ штаттар да тәуелсіз егеменді мемлекетгер ретінде бекітілді, бұл
жағдай Биллдің құқық туралы 10 түзетуінде реттелген. Осы штаттар мен
федерацияның арасындағы қайшылықтарды федеративтік сот шешетін болды.
Жоғарыдағыларға қосымша Конституция мынандай жағдайды қамтиды:
1. Кейбір мәселелерді бірнеше өкілдер қосылып шешеді.
2. Конституция жарлықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгілі бір іске
тыйым салуды қарастырады.
3. Конституция Одақтың барлық іске араласуына қарсы.
4. Штаттардың Одаққа кіруіне, федералдық заңды орындамауға федералды
Конституцияны бұзуға, халықаралық келісім жасауға, ақша шығаруға, заң
қабылдауға, азаматтардың тең құқықтылығына, экспорт-заттарға салық салуға
тыйым салынды.
Конституцияның қатаңдығы. Конституция негізін салушылар
Конституцияның қатаңдығын, тұрақтылығын 5-бапта атап айтады. Конгреске екі
палатаның үштен екі мүшесі кіргенде ғана конституцияға түзету енгізуге
болады. Конституция негізін салушылар олардың құрылысының беріктігін
қалады. Америка Конституциясының қатаңдығы буржуазиялық конституционализм
дамуының ең жаңа түрі болды. Халықтың егемендігінен конституцияның қатаң
болу қажеттігі туды, оны тек халық қана өзгерте алатын еді.
Өкіметтің бөлігінің бөлінуі бұрыннан келе жатқан принциптерінің бірі.
XVII ғасырда ағылшындар, ағылшын колонистері француздардың саяси ойы мен
американың әдістерін жетілдірді.
Конституцияны жасаушылар мемлекеттік жоғарғы органдарының Конгресс,
Президент, Жоғарғы Сот қарым-қатынасы мен құзыретін негізгі мәселе етіп
қойды.
Бір ағаштың үш бұтағы сияқты, басқарудың да үш түрі бар. Америкалық
нұсқа бойынша ол мынандай болып бөлінеді: Барлық үш бұтақ та әртүрлі
негізде құралған: өкілдер палатасын сайлаушылардың корпустары сайлайды,
Сенатты-легислатурлар, Президентті екі сатылы сайлау белгілейді,
сайлаушылар сайлау алқасын сайлайды, ал бұл алқаны белгілейтін Президенттің
өзі. Жоғарғы Сотты Президент Сенаттың келісімімен тағайындайды.
Мемлекет өкімет мүшелерінің қызметші әртүрлі мерзімде 2-4 жыл
аралығында атқарады. Сенат әр екі жылда, Президент төрт жылда сайланады, ал
Жоғарғы Сот мүшелері өз міндеітерін өмір бойы атқарады.
Биліктің үш бұтағы бір-бірін шектейді: Конгрестің заңдарына Президент
колын қойып, бекітеді, кейінге қалдыруға да құқығы бар. Сенат Президенттің
тағайындаған адамдарына келісім беруге құқығы бар. Конгресс Президентті
тәртіпке тартуы да мүмкін, кейбір жағдайда Сенаттың келісімі бойынша оны
орнынан алып тастауға да жағдайы бар.
Азаматтардың бостандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ Конституциясы туралы
АҚШ құрылымы
Тәуелсіздік үшін күрес
Оны тапсыз күрес деп атайтын
АҚШ конституциялық құқығының негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс, оның салдары
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Мемлекет нысаны туралы
Пәндер