Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері
АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .3
І. Ақша айналысын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ. Ақша жүйесі және оның негізгі
типтері ... ... ... ... ... ... ... ..25
III Экономикасы дамыған елдердің ақша
жүйесі ... ... ... ... ...38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...40
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Кіріспе
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90
– жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында ақша
айналысы деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл
ажыратылады. Ақша айналымы деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес
ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар
ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер еңгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының
ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын–ала бөлуін атқарады. Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары
және тұтыну заттары ( өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші
жағдайда материалдар техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда
қоғам мүшелерінің табысына ( жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес
мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес
ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет
атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай
табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал
жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізеді.
Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарады.
Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген
қызметтерге тарифтер бекітумен де щұғылданады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді.
Ал метал ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның ( алтын немесе күміс ) өз
құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының
қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүреді. Сондықтан құн
айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктіреді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп –
қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің өз құны
көрсетілген құнмен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек
қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір
бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен
өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша
айналымы деген қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің
тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын
қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен:
қолма – қол ақша айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
Айналыста тек қолма – қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп
атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері
(банкноталар, қазыналық билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.
Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның
маңызы үлкен. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп
бөлігін алу және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық банк банкнота
түрінде эмиссиялайды ( ҚР – ның ақша өлшемі – теңге), екінші деңгейдегі
банктер оның эквивалентін қолма – қол емес формада төлеп алады.
Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма – қол ақшаның көп
бөлігі клиенттерге беріледі, яғни клиенттер заңды тұлғалар болса, ақша
кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі де, ал клиент жеке тұлға
болса, ақша тікелей халыққа беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасындағы қолма – қол ақшаның аз бөлігі олардың өзара есепетеуіне
жұмсалса өзара есептеу, негізінен, қолма – қол емес ақша белгілерімен
жүргізеді), ал басым көп бөлігі халыққа әр түрлі ақшалы табыс түрінде (яғни
жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, сақтандыру қайтарымы дивидендтер
төлеу мен бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім және т.с.с. түрінде
беріледі.
Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалай табысынан және оны
жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін. салық, жарна, сақтандыру
төлемі, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып
алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен жалгерлік
ақы, айып пұл және т.с.с. төлеуге жұмсайды.
Қолма – қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот
иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе
ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқару. Ол бүкіл ақша айналымының
басым бөлігін ( 90 % - ке жуығын) құрайды. Төлем айналымы өлшеулер мен
сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе оларды өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
I. АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУ
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге сатып, қолма – қолсыз балама алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма – қол ақшаның
инкассициялау тәртібін орнатады.
Банкноттардың орташа қызмет көрсету мерзімі 6 айдан 5 жылға дейін.
Банкноттардың қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы оның номиналына
байланысты. Айналыста номиналдары төмен банкноттар 6 айдан 8 айға дейін
жүреді, ал ірілері 5 жылға дейін. Әр банкнот айырықша өңдеу әдісінің
нәтижесінде 2000-нан 4000-ға дейін бүктеуге төзеді. Әрине, барлығы да ең
алдымен купюраның номиналына және оны пайдалану тәсіліне байланысты.
Банкнот банк ұяшығында өз қалпында жатса оның жөні басқа, ал бір әмияннан
басқасына ауысып жүрсе – ол басқаша. Бірақ Ұлттық Банк тозған, ластанған,
жыртылған, желімделген банкноттар мен ақаулы монеталарды қолма-қол ақша
айналысынан алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Бұл ақша қатарының
тазалығын да қамтамасыз етеді.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің және электрондық ақша сияқты
инновациялық төлем құралдарының дамуы ҚР ҰБ қызметінің негізгі басым
бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық Банк 2010-2011 жылдары электрондық
ақшаның құқықтық мәртебесін заңды түрде бекіту және төлемдерді жүзеге асыру
үшін оларды шығару мен пайдалану кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды
реттеу мақсатында Парламент Мәжілісінде және Сенатта Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері
бойынша толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасын келісу бойынша жұмыс
жүргізілді. 2011 жылғы 21 шілдеде бұл заңға ел Президенті қол қойды. Ұлттық
Банк сондай-ақ электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу тәртібін
реттейтін, сондай-ақ олардың эмитенттеріне және Қазақстан Республикасының
аумағындағы электрондық ақша жүйелеріне талаптарды белгілейтін тиісті заңға
тәуелді актілерді әзірледі және бекітті. Осылайша, қазіргі кезде Қазақстан
банктерінің электрондық ақшаны шығаруға және олардың айналысына арналған
қажетті құқықтық база дайындалды.
Сондай-ақ төлем карточкалары нарығын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді.
Тұтастай алғанда, 2011 жылдың 9 айында қазақстандық эмитенттердің төлем
карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдер көлемі 3 046,2 млрд.
теңге сомасына 111,3 млн. транзакцияны құрады. Бұл ретте қолма-қол
жасалмайтын төлемдер жалпы санның және соманың тиісінше 19,9%-ына және
13,5%-ына сәйкес келеді. Сонымен бірге Қазақстанның қаржы институттары
төлем карточкаларына қызмет көрсету желісін кеңейту жөнінде тұрақты негізде
жұмыс жүргізуде. Мәселен, Қазақстанда 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 11 657 сауда кәсіпорны жұмыс
істейді, олар 17 704 сауда нүктесінде төлем карточкаларына қызмет көрсету
үшін жабдықтарды орнатты. Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі 2011
жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мынадай түрде берілді: 7 920 банкомат,
27 579 POS-терминалы және 616 импринтер.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің өсуі мен айналыстағы қолма-қол
ақша массасы көлемінің азаюы қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың
инфрақұрылымдарын пайдалануда қолайлы, қауіпсіз және қымбат емес жағдай
жасауға байланысты және тұтастай алғанда халықтың есеп айырысудың осы
нысанына көзқарасының оң өзгерісімен байланысты. Осы бағыттағы қозғалыс
әзірше ойдағыдай деңгейде қарқынды болмағанымен үдерісті барынша оң сипатта
деуге болады.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайнына келер болсақ,
Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайының ең алдыңғы қатарлы технологиялар
пайдалануының және дайындау сапасының жоғары болуының арқасында теңге
беделді көрмелер мен түрлі конкурстарда лайықты бағасын алуда. Мәселен,
2007 жылы Валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастық конкурс
ұйымдастырды, оған ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттарымен
қатысты. Ең үздік жаңа банкнота номинациясында I орын 10 000 теңгелік
банкнотаға берілді. Ұлттық Банк 2007 жылы монета өнімінің Халықаралық
Виченза Нумизматика жүлдесі (Италия) конкурсына қатысты, онда 16 елден 39
монета ұсынылды. Бұл маңызды нумизматикалық конкурс монета сарайлары немесе
мемлекеттік әкімшіліктер соққан ең әдемі монетаны марапаттайды. Бірінші
жүлде монетаның эстетикалық аспектілері мен тақырыптық мәні үшін беріледі.
Бұл конкурсты ҚР Ұлттық Банкі Ғарыш монетасымен жеңіп алды.
Көшпенділер алтыны сериясынан Қазақстанның Шабандоз монетасы
Жылдың күміс монетасы номинациясында, ал Қазақстанның өсімдік әлемі
сериясынан Регель қызғалдағы монетасы Монета – ең жақсы сыйлық
номинациясында жеңіп шықты. Сондай-ақ ол Монета жұлдыздары-2007 ТМД және
Балтық елдерінің ең үздік монетасы конкурсында көрермендер көзайымы
жүлдесін жеңіп алды.
2009 жылы ҚР Ұлттық Банкі Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі
(Италия) конкурсына және Монета жұлдыздары-2009 ескерткіш монеталардың
халықаралық конкурсына (Ресей) қайта қатысты. Біздің Диадема бөлігі
ескерткіш күміс монетамыз Бірегей идеялық шешім номинациясында ІІ орын
алып, Монета жұлдыздары-2009 конкурсы қазылар алқасының шешімімен
дипломмен марапатталды. Шыңғыс хан ескерткіш күміс монетасы 2009 жылы
Италияда II орын алды. Ол монетаның бет жағы сырт жағындағы Шыңғыс ханның
айқын бейнесімен үйлесімді жасалған көркемдігі үшін аталып өтті. Қазылар
алқасының шешімімен монета Vicenza Numismatica жүлдесімен марапатталды,
ал 2010 жылы Берлинде өткен дүниежүзілік ақша көрмесінде Тарихи тақырып
бойынша ең үздік монета номинациясында Жыл монетасы наградасын алды.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
2011 жылы Қазақстанда халықаралық резервтердің өзгеру динамикасы өсудің
оң қарқынын көрсетуде. Мәселен, 2011 жылғы 10 айда тұтастай алғанда елдің
халықаралық резервтері, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса
алғанда (42,4 млрд. доллар) 26,6%-ға өсті және 2011 жылғы қазанның
аяғындағы жағдай бойынша 75 млрд. доллар болды. Ағымдағы жылғы үшінші
тоқсанның аяғында Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің жалпы көлемі 32
миллиард долларға жуық болды және портфельдік бөлу мынадай болды:
инвестициялық портфель (70%), өтімділік портфелі (17%), алтын портфелі
(12%), стратегиялық портфель (1%).
Ең ірісі инвестициялық портфель болып табылады, оның қосалқы
портфельдері еурода (35%), АҚШ долларында (30%), жапон йенасында (30%),
британ фунттарында (10%), австралия долларында (5%), канада долларында (5%)
және корея вонасында (5%) номинирленді. АВА-нің сақталуын және жоғары
өтімділігін қамтамасыз ету үшін олар көп дәрежеде дамыған елдердің
мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланды. Сонымен бірге, ҚР ҰБ қаржы
нарықтарын талдау бойынша және алтын-валюта активтерін әртараптандыру
мәселелері бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін атап айту қажет.(1)
Қолма – қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында өз күштерін енгізумен байланысты ақша
банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия
беру бойынша, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда мүлдем өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік
шоттағы қаражаттарының қалдығы шегіде қолма – қол ақша түрінде толықтыру
алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма қол ақша қалдығына шек
қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма–қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылдан бастап жағдай жақсара бастады, бұл кассалық
түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма қол ақшаларды
эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банктегі дипозиттер сомасы кредит ақшаны құру үшін
қажет потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырылған кезде кредит ақшалар құрылады. Бұл операциялардың
сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндей депозит үшін міндетті резерв 15
ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі
мүмкін.
Теңге – түрлі төлемдер, оның ішінде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны,
салықтарды, айыппұлдарды төлеу кезінде төлем құралы. 18 жыл ішінде
жинақтаушы, оның ішінде депозиттер түріндегі рөлі де айтарлықтай өсті.
Мысалы, соңғы он жылда теңгемен депозиттер үлесі олардың жалпы көлемінде
2001 жылдың соңындағы 36%-дан 2011 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай
бойынша 67,1%-ға дейін өсті. (1)
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банктің ақша бағасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша бағасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті
резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта
кредит корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк дипозиттерінің
бөлігі ( бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты
банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады). Ақша
айналысының жылдамдығы экономикалық монетизация деңгейіне байланысты
болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады.
Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетизация деңгейі жоғарылайды.
Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол -
тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі.
Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі
факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.)
байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы
үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір
аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін
де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы
қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен
міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму
дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизгізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі
несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың
және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша
мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша
мөлшері;
Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;
Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;
Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;
Ақ – ақша қоры;
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының
орталық саны.
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлардың бағасынан
айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік
проблемасының болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге
өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік
проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық
көрсеткіші. Белгілі бір мерзім арасында және белгілі бір күнге ақша
айналымының сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының
көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі
көрсеткіштер қолданылады. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне
тән ақша несие жүйесімен анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
• Несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың басым бөлігі
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
• Қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
• Ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау
құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік
қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға
кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті
мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары келесідей екі
фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген
қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы
ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне
әкеледі.
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге
байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай
көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша
массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен
монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиді;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді
және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі
жинақ салымдарын құрайды;
М4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялык банктердегі
депозиттік сертификаттардан тұрады.
АКШ-та, ақша массасын анықтауда төрт акша агрегатын, Жапония мен
Германияда - үш, Англия мен Францияда - екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары
пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттык Банк пен екінші деңгейдегі
банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның
кұрамына айналыстағы қолма-қол акша және резидент заңды тұлғалар мен үй
шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар
кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген Акша массасын, акша базасын аныктау
әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды
жіктеу туралы ережесіне сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) - бұл міндеттермелерге жататын
резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің сонғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы
(резервтік ақша) мыналардан тұрады:
ҚҰБ-нін айналымға шығарған колма-қол акшаларынан (ҚҰБ-нің кассасындағы
қолма-қол ақшаларды қоспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолма- қол
ақшалардан);
ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес каржылық
ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі
ағымдағы шоттарынан.
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие
статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген, акша базасы мен
белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша
агрегаттары жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);
М1 = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы
депозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар
мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел
валютасындағы басқа да депозиттері.
Мұндағы,
• Аудармалы депозиттер — 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы
құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жирокепілдіктің
көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады.
Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.
• Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz