Ақша массасы тауарлар сомасы ақша бірліктерінің айналым саны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы 5
1.2 Ақша агрегаттары және оның құрылымы 9
1.3 Ақша массасының негізгі компоненттері 12
ІІ тарау. Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы
15
2.1 Мультипликатор түсінігі және оның түрлері 15
2.2 Міндетті резервтер нормасы 17
2.3 Пайыздық мөлшерлемесі және резервтік талаптар 20
III – тарау. Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің
ерекшеліктері 24
3.1 Қазіргі таңдағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері 24
Қорытынды. 26
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың
баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық
байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде
айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген:
егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып
асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға
деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып
оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот
айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін
мүлтіксіз (мінсіз) орындады.
К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа
қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек,
Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін
артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып
осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша
айналысының негізгі принципі - айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп,
осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша массасының және ақша айналымының
теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің
заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан
түрлендірілуі, Қазақстандағы ақша массасы,Ұлттық банктің қызметі мен
операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі қарастырылған.
Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша массасының және ақша айналымы
теориясы.Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан,
әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша массасының теоретикалық аспектілері туралы
жазылған. Мұнда ақша массасының элементтері және типтері, ақша массасының
құрлымы қарастырылады.
Екінші, тарауда Ақша массасының мультипликациясы және міндетті
резервтер нормасы және Қазақстан Республикасындағы ақша массасы, оның
түрлері зерттелген. .
Үшінші, тарауда Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің
ерекшеліктері жазылған

1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі
параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен
көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың
динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз
жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар.
Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша
мен қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан
тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар
қолданылуы мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы
басқалары.
Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде
басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.
Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына
қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.
Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік
бойынша өлшеу.
Ақша массасын трансакциондық өлшеу ақшаның айналым құралы ретіндегі
функциясына негізделеді. Бұл ойды қолдаушылар ақшаның мәні тауарлармен
қызметтерді төлеу үшін қолданылады деп санады. Олардың ойынша , айналыс
құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден
ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін
атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс құралы ретінде
қолданылады.
Ақша массасын трансакционды өлшеу айналыс құралдары қызметін
атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем
құралы ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен
қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.

Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді
актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген
берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін
білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана
ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың
өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті
сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал,
мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен
тауарларды сату көп уақытты алады.
Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет.
Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез
келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар
бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып,
айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол
келесідей:
MV = PQ, немесе M = PQ V
Мұндағы:
M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;
PQ – тауар бағасының сомасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім
болған. К.Маркс өзінің Капиталының І томында бұл теңдікті былай
көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) n
Мұндағы:
Ц*Т – тауар бағасының сомасы;
Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер
ағымдағы периодта жүзеге асады;
n – ақша бірлігінің айналым саны;
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының
өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.
Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы
көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы
табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.
Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға,
экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық
факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен
өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және
тағы басқаларға байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын
жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысының жылдамдығы айналыстығы
ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері
пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі
азаяды деп санауға болады.
Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша
қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ
мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін нәрсе – ақша айналысының жылдамдығы және төлемдердің
өту жылдамдығы деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы,
сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:
өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш
техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші
болады:
1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші –
жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына,
дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш
ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы
байланысты көрсетеді.
2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік
ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша
массасының орташа көлеміне қатынасы.

1.2 Ақша агрегаттары және оның құрылымы

Ақша айналымының екі жағының ( қолма –қол ақша мен банктік
айналымдағы ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы
жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы -
ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және
белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол
сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс -
шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай
көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша агрегаттары бір – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең
өтімділігі жоғары агрегат болып М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 –
дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.
М2 ақша агрегаты қолма қол ақша және қолма – қол емес құралдар арқылы
анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды
тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан
мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде
жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында
ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады. Ендеше халықтың
жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын
атқарады деп айтуға болады.
Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша
массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің
құрамына бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының
депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа
мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы
жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты
қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.
Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек тоқталып
өтейік.
М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы
нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.
Кейбір елдерде бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда
тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ –
та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылған
аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын
депозиттерді де жатқызады.
Негізінде, М1 агрегаты айналыстағы ақша массасының тар көрсеткіші
болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның
төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың барлық
өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз
ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды.
Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін.
Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық
шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.
М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында елдер арасында мәнді
айырмашылықтар бар.
Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі
мерзімсіз депозиттер; АҚШ - та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша
нарығы қорларының акцияларын, АҚШ – ғы банктерде және шетелдегі
банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда – чек
шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді
жатқызады.
М3 агрегаты М2 агрегатынан басқа: Францияда резидент еместердің
ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы
мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ депозиттерін;
Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер
мен сертификаттарды жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының кең
көрсеткіші болып табылады.
М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып алу қабілетінің толық соммалы
көрсеткіші деп санауға болады. Сондықтан мемлекет көп жағдайда осы
агрегатты пайдаланады және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында
қолданады.
Сонымен, барлық ақша агрегаттары иерархиялық жүйеге тізбектеледі:
әрбір келесі агрегат өзінің алдындағы агрегатты қосып алады.
Ал енді Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарын көрсетейік:
М0 – айналыстағы қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;
М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы
депозиттері;
М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы
басқа да депозиттері;
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға
бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.

1.3 Ақша массасының негізгі компоненттері

Ақша массасының негізгі компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы
міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол
келесі формуламен анықталады:
МВ = СІС + RR + DCB
Мұндағы:
CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік
шоттарындағы қаражаттары;
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы
көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі: А = М3МВ
Ақша базасы - бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол акшалар, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі
арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк
депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қар-
жылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп
аталады. Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі
корреспонденток шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның
мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына
байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші
деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы
қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы
реттейді.Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының
мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты,
өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып
пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына
байланысты болады.
Бұл - айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда)
орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының
интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді,
мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.Экономикадағы ақша
айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем
жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ
оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін
үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ
мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының
өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық
валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының
жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша
массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың
төменгі үлес салмағы-мен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын
сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5%, Германияда - 64,5%,
Ұлыбританияда - 89,1%, АҚШ-та -77,5%, Жапонияда - 116,7%) болды.
Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12%-ға жуық болды, бұл әрине
жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым
жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді,
өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының
экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер
нормасы АҚІІІ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің
мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз
депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік
банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі
процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы
банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік
операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің
(ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен,
коммерцияылқ банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк
несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат
коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе,
соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің
ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық
банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономичный тұрақтылығы)
резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп
есептейді

ІІ тарау. Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы

2.1 Мультипликатор түсінігі және оның түрлері

Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік
шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни
банктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл
аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша
базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз
әсерін тигізеді.
Мультипликатор - (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) –
табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін
коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж.
ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу
қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын)
көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы
теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін
берді.
Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
И. Фишердің сандық теориясы
Ақша айналысының заңы және оны реттейтін институттар жайлы
Ақша массасының жылдамдығы
Айналыста ақша түрлерінің даму эволюциясы
Тауар өндірісінің типтері
Ақша айналысының құрылымы
Ақша айналысы
Ақша массасы және ақша базасы
Ақша айналымының құралдары
Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері
Пәндер