Ақша қызметі мен айналысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Ақша – экономикалық категория ретінде
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы
1.2 Ақша түсінігі

2 Ақша қызметі туралы жалпы ұғым
2.1 Ақша қызметі мен айналысы
2.2 Ақша қаражаттары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Экономикадағы ақша терминінің ұғымын
ашу, ақшаның нарықтағы маңызын, делдалдық қызметін зерттеу.
Бұл рефераттың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына,
маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы,
қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның
маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және
де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер
экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне
әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып
біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық
проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол
тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар
болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да
айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты
баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да,
төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат
өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың
дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың
алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен,
ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы
эквиваент рөлін атқарады.

1 Ақша – экономикалық категория ретінде

1.1 Ақшаның пайда болу тарихы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық
қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға
айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ
кез келген зат тауар бола алмайды.
Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса
немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың
рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға
қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас
құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір
сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның
кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
— барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы
кұндық формасына жасырын түрде өту басталды.
Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы
кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы
тауарлар ақша деп аталынды.
Құнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының
тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе
ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-
шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір
мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады.
Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр
түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір
мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара)
айырбас құралына айналды.
Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты
сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және
қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық
эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны
туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының
нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі
ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған
ақшаларда "өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі
"пекуния” (ақша) "пекус” ("мал”) сөзінен шыққан. "Рупа” ("мал”) сөзі
үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия” негізінде жатыр.
Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал”
деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы "малшы”, қазына, қазына жинау орны –
"мал ұстайтын орын” деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік
Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы
құндық эквивалент ретінде колданды.
Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде
таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық
жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде
жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды.
Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма түріндегі тұздар, тағы басқа.. Жалпы эквивалент ретінде металдар да
пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш,
қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры
Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды
құйды.
XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер
колданылды. Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді,
ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі
салмағының жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие. Әрине,
металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған
жоқ.
Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір
ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт
бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген
мағынаны білдіреді.
Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс
және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды. Монеталардың
пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың
құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз
ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.
Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:
Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс
атқарады.
Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл
атқарады. Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі
және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында
ақша айырбас құралы болып табылады.
Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда
тауар айналысы да болмайды. XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн,
Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін
сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет коғаммен берілген". Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау
үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.      
Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі,
бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді.
Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның
қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары
болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде.
Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-
іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар
түрінде кездеседі.
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында
болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі
үлесі 40 %  кұрады. Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-
сы жұмыс істеп тұр.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге
электронды - есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық
аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады. Жасанды
алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі
уақыттарда алхимиктер еңбектенді.
Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ
уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері  нәтижесінде  нағыз  алтынды алды.
Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы
алтыннан алты есе асып түседі.

1.2 Ақша түсінігі

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып
табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та
тұтыну құны арқылы көрінеді.
Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды;
оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық
қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны.
Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп
кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі
қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл
заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың
қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы
өндірістік қатынас.   
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына
жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады.
Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың
келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау
да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың
(еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы.
Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық
ақшаны туғызды, ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі
болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді.
Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет
өзгерген. ақша аударымы - алушы банктердің төлемді жүзеге асыруға немесе
өзге мақсаттарға байланысты жөнелтушілердің ақша беру туралы нұсқауларын
дәйектілікпен орындауы;
1) ақша аударымының бастамашысы (бұдан әрі - бастамашы) - ақша аудару
туралы нұсқауды орындауға алғаш ұсынған тұлға;
2) ақша жөнелтуші - ақша төлемі және (немесе) аударымы соның есебінен
жүзеге асырылатын тұлға;
3) ақша төлеміне және (немесе) аударымына қатысушылар - ақша төлемі
және (немесе) аударымы жөнінде құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке
және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
4) алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін
банк; қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе,
қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық
заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.
Қолма – қол ақша және қолма – қол ақша емес белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарды. Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға
белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де щұғылданады.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма – қол және қолма қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді.

2 Ақша қызметі туралы жалпы ұғым

2.1 Ақша қызметі мен айналысы

Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде
көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша
қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік –
экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр
түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым
және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау
құралы.
Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Марксв жақсы жүйеледі және
суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі
қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.Демек, олар қазіргі
кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық
ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының
өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз
етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге
кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек
өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың
құнының өлшемі бола алады.
Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын
қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны
иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар
құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың
құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады.
Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар
бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда
нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды
өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады,
яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.  Тауар бағасы
нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі
кезінде  ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс
пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз
төмендейді.
Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір
масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық
өрнектеу керек.
Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т
 классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша
тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас
баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты:
тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни
ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі
делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы
тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер
сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл  жағдайда
ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады.
Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа
қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді.
Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне
айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет.
Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық
құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық
тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды
ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы
мүмкін.
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90
– жылдардың орта шеңіне дейін ТМД – мүше елдердің басылымдарында ақша
айналысы деген ұғымдарға анықтама беріліп, ол бір – біріне дәл
ажыратылады. Ақша айналымы
деп қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең
ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бар ұғымдардың мәні мен құрылымын
өзгертпей кейбір ерекшеліктер еңгізді. Жоспарлы – орталықтанған экономика
жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
Қолма – қол ақша да, қолма – қол ақша да емес ақша
да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын–ала бөлуін қызмет атқаратын.
Барлық қоғамдық өнім өндіру құралдары және тұтыну заттары ( өнімдер мен
қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдар ттехникалық
жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (
жалақы, зейнетақы және т.с.с ) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы
бөлінеді. Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол
ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай
бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша
қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша
қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттеледі. Ақша айналымы біртектес мемлекеттік
меншік формасына қызмет көрсетеді. Ақша айналымының алғашқы және қорытынды
кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.
Қолма – қол ақша және қолма – қол ақша емес белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарды.
Мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген
қызметтерге тарифтер бекітумен де щұғылданады. Сонымен, ақша айналымы деп
қолма – қол және қолма қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша
белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай
келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді. Ал метал ақша жүйесінде
әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді.
Себебі металл
монетаның ( алтын немесе күміс ) өз құны өзінде көрсетілген (номинал)
құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының
қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен
ақша айналымын біріктірді. Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға
болмайды. Оған себеп – қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша
белгілерінің өз құны көрсетілген құнмен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ
деуге болады. Демек қазір
құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.Айналыста
жүретін тек қолма – қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек
ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма – қол ақшамен өтелген барлық
төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы дегеғн
қолма – қол ақша мен қолма – қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын
және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін
ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол ақша
айналысы және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.
Айналыста тек қолма – қол ақша
жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары
ретінде нақты ақша белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер және ұсақ
монеталар) айналыста жүркді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз
бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен.
Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының
басым көп бөлігін алу және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшаны Ұлттық банк банкнота түрінде
эмиссиялайды ( ҚР – ның ақша өлшемі – теңге), екінші деңгейдегі банктер
оның эквивалентін қолма – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысы мен заңы
Дүниежүзілік ақша қызметі
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
Ақшаның айналысы және оның дамуы
Ақша айналысы мен заң
Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша айналысы құралы
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Пәндер