Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы


ЖОСПАР

Кіріспе

1. БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ФИЗИКА.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі

2. БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар
2.2 Ауылшаруашылық қалдықтарымен ластану
2.3 Биологиялық алуан түрдің қысқаруы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е

«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр. Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды, көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен, тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде.
Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі өсу түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы – Біртіс қойнауында мыстың шектік концентрациясы (ПДК – предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе, мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады [3].
Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш көлінің күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында суды пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность, т.13, Центральный и Южный Казахстан, вып. 2, Бассейн оз.Балхаш, Алматы, 1996. С.283-336.
2. Проблемы гидроэкологической устойяивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат», Алматы, 2003. С.3-171.
3. Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. Под редакцией кандидата геолог-минералогических наук Т.К. Кудекова. Изд. «Каганат», Алматы 2002. С.71-114.
4. Джусупбеков Д.К. Вероятностный прогноз уровня и минерализации воды озера Балхаш. Автореф. на соискание ученой степени кандидата географических наук. Изд. «Қазақ университеті»- Алматы, 2002. 26 с.
5. Давлетгалиев С.К., Джусупбеков Д.К.. Статистические характеристики колебаний уровня озера Балхаш //Вестник КазГУ, сер.географ., Алматы, КазГУ, 1997. С. 66-73.
6. Гидрологические и водхозяйственные аспекты Или-Балхашской проблемы. Под ред. А.А. Соколова, Л., Гидрометеоиздат, 1989. С.207-298.
7. Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. Под ред. И.И. Скоцеляса. С-П., Гидрометеоиздат, 1995.
8. Абдрасилов С.А. Русловые процессы и формирование внутриконтинетальных дельт (на примере реки Или).- Алматы, Рауан, 1994. С192-205.

Пән: География
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 15 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




ЖОСПАР

Кіріспе

1. Балқаш көлінің Физика-географиялық сипаттамасы
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі

2. балқаш көлінің экологиялық жағдайы
2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар
2.2 Ауылшаруашылық қалдықтарымен ластану
2.3 Биологиялық алуан түрдің қысқаруы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

К і р і с п е

Қазақстан-2030 стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан
Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып
табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда
орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану
бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының
маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-
өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың
климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол
Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан.
Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл
суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында
Республикадағы ірі Балқашмыс металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен
қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр
шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда
Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте
жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде
тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын
елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін
таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың
шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол
негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың
т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба
сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр.
Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын
тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды,
көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап
қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның
көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і
ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр
металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар
ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп
кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен,
тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен
ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені
суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде.
Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі өсу
түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы – Біртіс қойнауында мыстың шектік
концентрациясы (ПДК – предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе,
мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары
ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады
[3].
Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған орта
жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш көлінің
күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында суды
пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін
тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай
қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс.

1. Балқаш көлінің Физика-географиялық сипаттамасы

1.1 Табиғи жағдайы
Балқаш көлі Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің
орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда
орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су
қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және
солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс
жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және
солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің
жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың
ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс
Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.
Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп бөлігі
(353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай
Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су
айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің
арасынан өтеді.
Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және
Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-
Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан
қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды,
бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген
суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған
кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс
жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы – Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және
алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда
ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен
70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі
тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-
шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті
аймаққа тән болып келеді.
Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз) қар
суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан басталатын
өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр суларымен
қоректенеді.
Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді және
құрғақ климатты болып келуінде.

1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі
Балқаш көлінің су деңгейіне үзіліссіз бақылау жүргізілген негізгі төрт
бекет мәліметтері гидрологиялық жылнамаларда келтірілген, ол бекеттер:
ст.Шығанақ, Балқаш қ., Алғазы аралы және Қарашаған қойнауы. Қарашаған
қойнауында Балқаш көлі деңгейіне 1912–1918 жылдарда бақылау жүргізілген
мәліметтер бар. 1932 жылдан бастап Балқаш қаласында тұрақты бақылау
жүргізіле басталды. 1954 жылдан бастап үзіліссіз тұрақты бақылау жұмыстары
жоғарыда аталған ст.Шығанақ, Балқаш қ., Алғазы аралы және Қарашаған қойнауы
бекеттерінде жүргізілді (1-сурет)

1-сурет. Балқаш көліндегі гидрологиялық бететтердің орналасу сұлбасы.
Қазіргі кезде Балқаш көлініңің циклдік тербелісінің келесі ритмдерін атап
айтуға болады:
( қысқапериодтік көпжылдық (3-7 жыл),
( ғасырішілік (20-30 жыл),
( ғасырлық (60-200 жыл),
( көпғасырлық (1800-1900 жыл).
XVIII-XI ғасырлардағы Балқаш көлінің деңгейінің тербелісінің жалпы сұлбасын
келесі түрде көрсетуге болады:
1810-1840 жж. – минимумы шамамен 1840-1845 жылдарға келетін деңгейдің төмен
түсуі;
1845-1852 жж. – максимумы шамамен 1850-1852 жылдарға сәйкес келетін
деңгейдің жоғары көтерілуі;
1853-1885 жж. – минимумы 1884-1885 жылдарға сәйкес келетін су деңгейінің
төмен түсуі;
1886-1910 жж. – максимумы 1908-1910 жылдары байқалған су деңгейінің
көтерілуі;
1912-1946 жж. минимумы 1946 ж. байқалған көл деңгейінің төмен түсуі;
1947-1961 жж. –максимумы 1961 ж. болған деңгейдің көтерілуі;
1962-1974 жылдарға дейін жалпы алғанда деңгейдің төмен түсу тенденциясы
байқалғанмен, бірақ деңгейдің жоғары отметкада тұрақтануы байқалды;
1975-1987 жж. – минимумы 1987 ж. байқалған деңгейдің төмен түсуі;
1988 жылдан бастап осы кезге дейін көл деңгейінің біртіндеп көтерілу
тенденциясы сақталуда.
1970 жыл Іле өзенінде Қапшағай су бөгені салынғаннан кейін Балқаш көлінің
деңгейі негізінен Қапшағай бөгетінен жіберілетін су мөлшеріне тәуелді болып
отыр. Іле алабынан қайтарымсыз алынатын су мөлшерінің өсуі Іле өзенінің
атырауы ауданын қысқартып, Балқашқа жеткізетін су көлемін кемітті. Оның
үстіне соңғы кезде Іле өзені суының 80%-қалыптасатын ҚХР-да солтүстік
аймақтарды қарқынды игеру және ауыларуашылығын дамыту үшін Іле алабынан
алынатын су мөлшерін бірнеше есе өсіріу мақсатында жаңа каналдар тартылып,
су қоймалары салынуда [2]. Есептелген мәліметтер бойынша Іле өзенінің
ағындысы соңғы жылдары 5% -ға дейін кеміген. Соңғы ақпараттарға қарағанда
ҚХР аумағында Іле өзенінен Эби-Нур көліне тартылатын канал және Іле
суынның бір бөлігін Тарим өзені алабына бұру жобаланған. Алынатын су
мөлшері жылына Іле ағындысының 15-40%-ын (шамамен 1,5-4,0 км3) құрайды [2].

2-сурет. Балқаш көлі деңгейінің өзгеру графигі.
2. балқаш көлінің экологиялық жағдайы

2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар

Балқаш көлінің суында көптеген микроэлементтер саналады, соның ішінде
ауыр металлдар алдыңғы қатарда орын алады. Олар көлдің жағалауларында
орналасқан өнеркәсіп орындарынан жіберілген ақаба сулармен кліп түседі және
түтінмен шыққан улы заттардың аспаннан су бетіне түсуінен құралады. Балқаш
маңы топырағы құрамындағы ауыр металлдар 1-кестеде келтірілген. Салыстыру
үшін Жердің граниттік қабатындағы ауыр металлдардың құрамы қатар
келтірілген.

1-кесте
Балқаш маңы топырағы құрамында және көл түбінің түптік
шөгінділерінде ауыр металлдардың құрамы, мгкг
Элемент Құрамы Көпжылдық орташа 2001ж. Біртіс қойнауы
мәні
Жердің топырақта Батыс Шығыс 1992ж. 2001ж.
граниттік Балқаш Балқаш
қабатында
Титан 3300 - 3630 2880 - 4000 -
Марганец 700 117 800 640 394 800 580
600
Барий 600 - 880 700 - 530 -
Стронций 230 - 740 690 - 470 -
Ванадий 76 80-85 64 53 - 80 -
Мырыш 51 27-53 130 53 53,3 67 578
Хром 34 70-90 56 42 48,1 33 64
Никель 26 20-39 35 32 23,6 27 38
Мыс 22 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
"Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы."
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы
Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы
Балқаш көлінің толық сипаттамасы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Балқаш көлінің бассейініне физикалық-географиялық сипатама
Шқо физика-географиялық сипаттамасы
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Балқаш көлінің су деңгейі
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь