Философия - Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Астрономия - ғалам туралы ғылым
1.1. Астрономиялық түсініктердің пайда болуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ..3
1.2. Қазақ жеріндегі алғашқы философиялық
түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... 11

ІІ. Ғарыштық болашақ
2.1. Ғарыш
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 12
2.2. Кеңістік пен
уақыт ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22

1.1. Астрономиялық түсініктердің пайда болуы және қалыптасуы

Философия - Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі. Тарихи дүниеге деген
көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге
келді. Оны біз мифология дейміз (mithos-грек сөзі, баян, аңыз, logos-грек
сөзі, ілім деген мағына береді).
Миф - табиғат , қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы
фантастикалық түсініктер (phantasia - грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы
қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі , адамның табиғаттың
әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген
қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну
іңкәрі - мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап
шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік
пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.сс сұрақтардың
жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай
қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне
байланысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған
сұрақтары , ізденістерінің бір - біріне ұқсас жақтарын да көруге болады.
Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі?
Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір -
бірінен бөлінген?
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды
қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде
табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсіндіріледі. Мифтер
-адамзаттың балалық тарихындағы туындылары. Сол кездегі адамдар
мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің ықпалын тигізе алатынына
кәміл сенді. Сонымен олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін
қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға
бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos -
грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі, дүниеге келу , пайда болу) аңыздар.
Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos - грек сөзі, шексіз
шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-
әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі
табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Қытай аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген.
Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) іщінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның
ішінен дәу алғашқы адам - Пань-Гу шықты, -дейді Қытый мифологиясы. Содан
кейін ол оң қолымен сермеп қалғанда, хаос қақ жарылып, жер мен аспан пайда
болыпты. Әрі қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан күн күркірейді, бір
көзінен күн туса, екіншісінен ай пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі оның
екі қолы мен екі аяғынан, өзендер оның қанынан, жаңбыр шыққан терінен пайда
болыпты.
Конфуций (551-479 б.ғ.д.)- Қытай халқының ұлы ойшылы, саяси
қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе
жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізгі еңбегі - Лунь-уй
(әңгімелер мен пікірлер).
Конфуций философиясында дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі
қалыптасқан ой-өрістің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына
табынып, тағдырға сенген. Мысалы, Лунь-уй кітабында: Аспан жөнінде не
айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі.
Басқа не айтуға болады? Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге
жатқызуға болмайды, - дейді ұлы ойшыл.
Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда ол
Пуруша- ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып,
оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады.
Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы
не нәрсеге айналды? Оның аузы -Брахманға, қолы- кшатриге, бөксесі-вайшьиге,
аяғы- шудраға айналды. Ай - ойынан, күн - көзінен, кіндігінен - кеңістік,
тынысынан - жел, басынан - аспан, аяғынан - жер. Осылай Дүние келді, -
дейді Ригведа.
Ал Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман болып саналады.
Брахман - ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін сақтайды. Ол - Дүнинің
ең басы, себебі байланыстырушы. Оны қалай танып - білуге болады? Деген
сұраққа, нети-нети (ол емес, ол емес) деген жауап береді. ол танылмайды,
бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды...
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы)
топырағында дүниеге келеді. Олар тарихқа фисиологтар (physis - табиғат,
грек сөзі, natura - табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын
ойшылдар ретінде кіреді. Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа
қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның негізінде жатқан
алғашқы затты іздейді. Олардың ойынша , ол зат, біріншіден, сезіммен
танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен
олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен
табуға тырысады.
Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген
ойшылдар өздерінің даналыққа деген құштарлығын, білімге деген
талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай, Толығынан дана - ол
Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз.
Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп , Милет қаласынан шыққан
Фалес (625-547б.ғ.д.): Алғашқы Дүниенің негізін құрайтын зат - су, -
деді. Өйткені су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан
ол табиғатта барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. Фалес барлық
заттардың қорегі дымқыл болып келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен
дымқыл табиғаты бар деген ойларды айтыпты-мыс деген қағидалар тарихта
қалған.
Сонымен, Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте - бірте аңыз-қиялдан
айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты.
Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы - Анаксимандр. Ол Фалестің жан
досы , оқушысы болған деген пікір бар.
Анаксимандр алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Судың өзі
нақтылы заттың түрі ретінде алғашқы негіз бола алмайды. Алғашқы негіз
(arche - бастау, грек сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны
Анаксимандр апейрон деген ұғыммен береді. (apeiron - шексіз, бейнақтылы,
грек сөзі).
Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз,
сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да
анықталмайды.
Сонымен ішкі және сыртқы жағынан алғанда шексіз апейтрон Дүниедегі
шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл дүниені қамтып, қоршап,
бүкіл заттарды тудырып, ауыстырып отырады.
Бұл шексіз алғашқы негіз жоғарыда айтқандай құдіретті болғаннан
кейін, ол Құдайға тең, өйткені ол өлмейді де құрымайды. Егер грек
мифологиясындағы Құдайлар дүниеге келіп мәңгілік өмір сүрсе, Анаксимандрдың
Құдайы - апейрон - мәңгілік, шексіз, оның басы да соңы да жоқ.
Анаксимен (585-525 б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір
сүрген. Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және біреу
болғанмен ол бейнақтылы емес, керісінше , нақтылы - ол ауа. (aer - грек
сөзі, ауа). Бірақ ауаның ерекшелігі - ол көрінбейді , сонымен қатар ол үне
бойы қозғалыста, олай болса өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла
келе желге, содан кейін бұлтқа, содан кейін жерге , содан тасқа т.с.с.
айналады.
Грек мифологиясындағы жанды адамның тынысымен теңеуін, Анаксимен
өзінің философиясында пайдаланды. Ауа адамның жан дүниесін де тудырады.
Олай болса, Құдайды да тудырған ауа деген пікірге келеді.
Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында оқшау
тұрған - Гераклит (VI-V б.ғ.д). Ол Эфес қаласында дүниеге келген.
Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін, оған
күңгірт деген ат қойылған. Гераклит Бұл ғарыш, барлық өмір сүргенге бір,
еш Құдай , я болмаса адам жаратпаған, болған , болып жатқан және болатын
жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, жанып отырады.
Келесі үлкен тұлға - Пифагор (VI-V б.ғ.д). Жас кезінен бастап білімге деген
құштарлығы оны шығысқа - Мысыр еліне тартты. Еліне қайтып оралғаннан кейін,
ол өзінің құпия мектебін ашып, өзінің философиясын шәкірттеріне таратты.

Пифагор математика ғылымымен айналыса келе , Дүниедегі құбылыстардың
заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен беруге болатынын байқады.
Олай болса, Дүниенің алғашқы негізі суда, ауада да , жерде т.с.с. емес,
санда болар деген ой келді.
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп, батыс
мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Музыка
саласында дыбыстардың арақатынасы математикалық түрде көрсетіле басталды.
Жердегі ауа райының өзгеруі, маусымдардың келу ерекшеліктері, тіршіліктің
даму циклдары - бәрі де математикалық заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің
космологиясында геоцентризмнен бас тартып , жердің шарға ұқсастығын ,
күннің тұтылуы, айдың жер мен күннің екі ортасынан өтуінде екенін т.с.с.
көрсетті.
Сонымен сан - заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан
- абстракция , ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде - сан -
ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың фюзисі яғни - табиғаты.
Зенон Элея топырағында б.ғ.д. VI ғ. аяғында дүниеге келеді. Аңыздар
бойынша ол өз заманының саяси өміріне атсалысқан ойшыл болса керек. Ал
енді Зенонның философиялық көзқарастарына келетін болсақ , ол Дүниенің
болмысын мойындаған, бірақ кеңістікті жоқ деп есептеген. Дүниедегі
болмыстың табиғаты жылы мен суық, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан
тұрады. Адамның өзі жерден, ал оның жан дүниесі жоғарғы көрсетілген 4
элементтің қосындыларынан тұрады деп есептеген.
Эмпедокл (490-430 б.ғ.д.) жан - жақты дамыған ірі тұлға болған: ол
философиямен қатар өлең жазған , саясатқа араласқан, адамдарды емдеген.
Эмпедоклдің айтуынша, Дүниенің негізінде 4 стихия - от, су, жер мен ауа
жатыр. Оларды бір-бірімен біріктіретін - Сүйіспеншілік, ал ажырататын-
Жаугершілік.
Анаксагор (500-428 б.ғ.д.) бай және кең танымал ақсүйектер отбасында
дүниеге келеді. Бірақ ол өсе келе , байлықтан бас тартып, өзінің өмірін
толығымен ғылым мен өнерге арнайды. Ол кісінің ойынша, Күн - ол Құдай емес,
орасан зор жанып жатқан от, Ай жер сияқты және онда тіршілік бар, күннің
күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы - бұлттардың бір-бірімен соқтығысуында
т.с.с. Ал барлық заттардың пайда болуына түрткі болған , оларды ретке
келтіріп отыратын ол НУС (nous-грек сөзі, ақыл - ой) - дүниежүзілік ақыл-
ой. Қорыта келе, Анаксагор Афинадағы ғылымның , философияның дамуына өзінің
зор әсерін тигізді.
Элеаттардың көтерген мәселеріне Эмпедокл мен Анаксагорға қарағанда
басқаша жауап берген Левкипп пен Демокрит болды. Левкипп пен Демокрит
өздерінің атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық
жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады.
Левкипп (Vб.ғ.д.) Милетте туғанымен, Элеяға келіп, өз ілімін
таратады. Демокрит (460 б.ғ.д.) Левкиптің шәкірті болған. Левкипп пен
Демокрит ғылымыға атом (atomos - бөлінбейтін) ұғымын, ары қарай бөлінбейтін
, көзге көрінбейтін, өте ұсақ , сапасыз, тек қана бітімі , көлемі жағынан
бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлшектерді ұсынды.
Атомистика Дүненің айда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші
сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір
сүреді. Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып
көзге көрінетін , қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады. Екінші
сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен соқтығысуының
нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады. Бұл дауылда бір-
біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп , Дүние өмірге келеді.
Үшінші атомдардың қозғалысы - ол заттың бетіндегі өте жеңіл атомдар.
Олар заттан ұшып, біздің түйсіктерімізге әсерін тигізіп, иісті тудырады.
Атмоистердің айтуына қарағанда, 4 стихияның атомдары әртүрлі. Оттың
атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, қалған атомдарының бітімі
кубқа ұқсайды. Олардың ішіндегі ең кішісі ауаны құрайтын атомдар, орташа
көлемдегісі суды, үлкендері жерді құрайды.
Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін , ғарышта әртүрлі
дүниелер бар. Біреулерінде күн мен ай болмауы мүмкін, кейбіреуінде екі-
үштен болуы мүмкін, біреулерінде тіршілік болса, кейбіреулерінде болмауы
ғажап емес ...
Сонымен Демокриттің Дүние жөніндегі ілімнде ешқандай Құдай, я болмаса
басқа рухани күш жоқ: ол бәрін де механистік көзқарастың шеңберінде
түсіндіргісі келеді.
Б.з.д. IV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет , соның ішінде
философия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі. Ал философияның өзінің
ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилофиялық кезең және софистика
ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық
философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар Платон мен Аристотель
болды.
Платон (б.з.д. 427-347ж.) философия саласында жасаған төңкерісі -
оның Эйдос (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным
қанағаттандырмайды, өйткені Дүние ағым, заттар өне бойы өзгерісте,
тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ,
өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай
білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар
көзі Шынайы болмыста - Эйдос әлемінде, қол астындағы болмыстан біз оны
таба алмаймыз.
Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең ұлы фиолсофы,
заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен
бірге өз заманының ұлы қолбасшысы , үлкен Империя жасаушы Александр
Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған. Табиғат
философиясына арнаған еңбектері: Физика 8 кітап, Аспан жайлы 4 кітап,
Аспандағы құбылыстар жайлы т.с.с.
Аристотель Дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар -
материя және бітім, форма. Материя бітімсіз, бітім материясыз өмір сүре
алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идеясыз өмір сүре алмайды
десе , онда Арситотель форманың өзі де материясыз болмыста жоқ деген
пікірге келеді.
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылай ай астындағы
дүниеге , яғни оның натурфилософиялық көзқарасына келер болсақ, онда бұл
Дүниенің бұрынғы философтар айтқан 4 стихиясына қайта ораламыз.
Аристотель алғашқы материя қанша енжар , сапасыз, сансыз т.с.с.
болғанымен , дегенмен оның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар.
Ал оларлың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы Дүниенің негізінде жатқан төрт
стихияны тудырады: жылы мен құрғақ - отты, жылы мен дымқыл - ауаны, суық
пен дымқыл - суды, суық пен құрғақ - жерді.
Ал аспанды алар болсақ, - ол құдіретті Эфирден - квинтэссенциядан
(бесінші мән) тұрады.
От пен ауа жеңілірек болғаннан кейін, Дүниенің шекарасына , ал жер
мен су ортасына қарай жылжиды. Сондықтан оттың жалыны , жылы ауа жоғарыға
көтеріліп кетеді, ал су төменге қарай ағады, ауаға лақтырылған жер қайтадан
төменге түседі.
Ай астындағы Дүние осы төрт стихиядан құралады. Егер Демокрит, я
болмаса Анаксагор заттарды ұсақ бөлшектердің бір-бірімен араласуының
негізінде пайда болады десе, Аристотель олар бір-бірімен сіңісіп кетеді
деген пікір айтады, яғни заттар біртұтас нәрсе ретінде оның құрамдас
бөлшектеріне теңеуге болмайтынын көрсетеді.
Сонымен дүниеге келген заттардың формасы болғаннан кейін олар өзінің
ішкі мақсатына лайықты өзгеріске, қозғалысқа түседі. Аристотель
қозғалыстың төрт түрін көрсетеді:
Пайда болу мен құру.
Сапалық өзгерістер, яғни заттардың қасиеттерінің өзгеруі.
Сандық өзгерістер, яғни заттың үлкеюі мен кішірейуі.
Орын ауыстыру.
Эпикур (342-270 б.ғ.д.) - Демокриттің қолдаушысы. 306 ж. Афина
қаласында өзінің мектебін ашты. Ол соңында Эпикур бағы деген атақ алды.
Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол - каноника, физика және
этика.
Эпикур физикасына келер болсақ, оның негзгі қағидалары мынадай:
Еш нәрсе жоқтан пайда болып және жоққа кетпейді. Ғарыш әрқашанда
осындай болған және болашақта да осындай болады, өйткені басқаға айналатын
еш нәрсе жоқ.
Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің
сезімдеріміз айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас еді.
Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі заттар
құралған.
Ғарыштың көлемі шексіз - атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік
жағынан алғанда да Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.
Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия
ғалымы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік
жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс,
Юпитер, Сатурн мен жылжымайтын жұлдыздар сферасы қозғалып жүретін болды.
Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді,
өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер Ғаламның орталығы болып саналды.
Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке
негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік
қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ
тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың
қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра
отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды,
оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп
есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын
ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар
бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген
орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар
Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре
түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа
үйлесімдерін енгізді. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад
маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген.
Әл-Фараби (толық аты Абу Насыр Мухаммед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат Тюрки)
870-950 жж. Қазақстан жерінде,Отырар қаласында дүниеге келген. Жас кезінде
білім іздеп , Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб
тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық философияны зерттейді. Өзінің Ізгі
қала жөніндегі еңбегінде Әл - Фараби: Дүниені тудырған - Бірінші Мән,
-дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген,
ешқандай мінсіз (одан бсақалардың бәрінің де ең болмаса бір, я бірнеше
кемшіліктері , міндері болады).
11 ғасырда Әбу Райхан әл-Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея
айтқан. 13 ғасырда Әбу Жафар ат-Туси Оңтүстік Әзірбайжанда обсерватория
салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде
де обсерватория салынды. 1428-29ж. Ұлықбек Самарқанда салдырған
обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың
каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді.
Астрономия ғылымы көне заманда пайда болған ілімдердің біріне жатады.
Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, өздерінің
бағыттарынан таймай көшіп-қонып отырған. Біздің қарастырып жатқан Қайта
өрлеу заманындағы астрономияның әрі қарай дамуына түрткі болған теңізбен
сауда - саттық жасау, алыс елдерге мұхитты қақ жарып бару болды. Ол үшін
теңіз жолдарын әрі қарай мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық
ізденістерді жандандырды. Екінші үлкен мәселе - Юлий Цезарь заманында
жасалған күнтізбені түзеу, ол да астрономиялық зерттеулермен байланысты
болды.
Үшіншіден , сонау көне заманда жасалған Птоломейдің Геоцентрлік
жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта практикалық жағынан
ескірді.
Осындай жағдайда өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы ғалымы Николай
Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген Аспан
сферасының айнала қозғалысы жөнінде деген еңбегінде жазған еді. Оның
ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана
қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен
Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз
осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның
орбиталары орналасқан. Коперник жылжымайтын жұлдыздар сферасын Күннен өте
қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп
аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала
қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала
қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым
және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі
құрылымының схемасын құрып қана қоймай , сонымен бірге ғаламшарлардың
Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен
көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп
шығарды.
Коперниктің ілімі дүниенің геоцентрлік жүйесіне күйрете соққы берді. Ол
барлық жаратылыстанудың дамуына қуатты соққы бола тұрып, астрономия ғылымы
аясынан алысқа тарады.
Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы,
1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің
ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін
дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн - бұл Күн
жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар - біздің Күн
сияқты басқа жүйедегі Күндер, сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала
ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген
данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано
Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.
1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға
бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай
бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас
және Жер мен аспан арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей
Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан
денелері қозғалысының центрі тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа
шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады.
Олай болса, Шолпан - Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді
дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей
ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады.
Аспан тазалығын көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды
бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі
аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс
жолы - жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін
анықтады. Олай болса, Ғалам ертеде ойлағандағыдан әлдеқайда ғаламат екен,
ал ол кішкентай Жерді айнала бір тәулік ішінде толық айналым жасап шығады
деп болжау мейлінше аңғырт түсінік еді. Галилейдің ашқан жаңалықтары
дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қолдаушылардың санын көбейтті және сонымен
қатар шіркеуді коперникшілдерді қудалауын күшейтуге мәжбүр етті. 1616 жылы
Коперниктің Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде атты кітабы оқуға
тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді, ал ондағы ілім Қасиетті Жазбаға
қайшы келеді деп жарияланды. Галилейге Коперниктің ілімін насихаттауға
тыйым салынды. Солай бола тұрса да 1632 жылы оған өзінің Дүниенің екі ең
басты жүйелері - Птоломей және Коперник жүйелері жөніндегі диалог атты
кітабын жариялаудың мүмкіндігі туды, онда ол гелиоцентрлік жүйенің
ақиқаттығын нанымды көрсете білді, сөйтіп ол католиктік шіркеудің оған
деген ашу-ызасын күшейтіп алды. 1633 жылы Галилей инквизиция сотының алдына
шақырылды. Жасы келген ғалымды өзінің көзқарасынан бас тартуға қол қоюға
мәжбүр етті және өмірінің соңына дейін инквизицияның бақылауында ұстады.
Иммануил Кант (1724-1804 жж.) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазіргі
Калининград) қаласында дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген.
И.Кант 1745ж. Жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану
мәселелерімен айналысады. И. Кант күн жүйесінің пайда болуы жөнінде болжам
жасайды. Оның ойынша , ғарышта тараған әртүрлі материалдық бөлшектер тарту
күші арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның ішіндегі тарту және оған қарсы
бағытталған итеру күштері үлкен дауылдар тудырып, шарға ұқсайтын ұсақ
бөлшектердің үйкелесуінің негізінде қызып жанатын объектілер дүниеге
келеді.
Ғарышта бір жұлдыздық жүйелер пайда болып, екіншілері сөніп жатады.
И.Канттың ойынша, біз өмір сүріп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан
алуан объектілер бар. Ал олардың көбі біз сияқты саналы пенделерді тудыруы
мүмкін. Табиғат , жалпы алғанда , мәңгілік іс-әрекет пен жаңару жолында
өмір сүреді, ол өзінің бітпейтін қайта құру әрекетін тоқтатпайды.

1.2. Қазақ жеріндегі алғашқы философиялық түсініктер

Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін
көне аңыздар мен дастандар , ертегілерден бастайды. Егер аңыздарға бай
халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін
болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды
- ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер.
Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл
Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние,
негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер
мен күн, өлім мен өмір, адам мен табиғат, бақ,құт пен зардап, жарық пен
қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір,
Жаратқан әлеміне жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан
дүние - ол Жер мен Су әлемі. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне тасқа
ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша суреттеледі: Биікте көк Тәңірі,
төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...
Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқанайнала
қоршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық
күштерінен үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса
керек, өйткені олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға
қамқорлыпен қараған, жабайы өсімдіктердің жемістерін сыйлаған.

2.1. Ғарыш философиясы

Ғарыш философиясы деген кезде , біз екі нәрсені айтуымызға болады.
Біріншіден, ол - дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың ,
яғни рухтың алатын орны; екіншіден , адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма,
я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді игеріп, өзінің ықпалын бүкіл
ғарышқа тарата ала ма?
Бірінші сұраққа қайсібір ұлттық философия жауап беруге
тырысады, ал екінші сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен
алғанда орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының
ерекшеліктерінің біріне жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Ал енді оның
өзінің де себебі бар шығар.
Біздің ойымызша , Алтын Орда мемлекетінің қысымынан кейінгі Ресей
қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпілуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия және дүниетаным жайлы
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия - көзқарастың бір түрі
Философия: пәні мен функциясы
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философиялық білімнің негізгі сипаттары: дүниеге көзқарас, миф, дін және философия
Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер