Жетім балалар мен ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы
мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық
ерекшеліктері ... ... .11
Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға
қалыптастыру ... ... ... ... .21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек
көрсету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.27
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына
жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент
Үкіметке мынадай тапсырма берді:
• жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;
• білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім
беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
• техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып
жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;
• бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің
қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес
құру.
Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге
бағытталуы тиіс:
Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға
қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай – 100 пайызды құрауы тиіс.
2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге
асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен
және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп
салынатын болады.
2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын
болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.
2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесі 30 пайызды құрайды.
Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға
дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер
рейтингісінде атап өтілетін болады.
- Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының
негізі болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері бойынша
Қазақстан Республикасында 46 126 жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 16 008-і жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і
отбасылардағы қамқорлық пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде.
Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны шешу
мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған
Қазақстан балалары бағдарламасы балаларды мемлекеттік қолдаудың тиімді
кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау
бойынша шаралар өткізуді көздейді.
Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларда аса
маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жетіспейді. Тәрбиеленушілер
үшін балалар үйі – уақытша болатын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар
өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады.
Тәрбиеленушілердің өмір жолдарының ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің
дербес өмірге қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік
тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған бұрынғы
тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып шығады.
Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара әрекеттестігі
жағдайында мүмкін болады. Сондықтан жетімдік өмір салтының ата-аналарының
қамқолығынсыз қалған балалардың әлеметтенуі мен дербестену процесіне
жағымсыз ықпал етуі, сондай- ақ ересектердің балаларға қатысты
позицияларының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне
бұлардың бәрі әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын
оңтайландырудың мүмкіндіктері мен жеке тұлға қалыптасуының жаңа резервтерін
іздестіру қажеттілігіне келеді.
Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі бір жағынан, жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бі- лім беру
мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың тиімді
технологияларын енгізудің объективтік қажеттілігімен, екінші жағынан
мамандырылған мекемелердегі мұндай ортаның мазмұндық-технологиялық
құрамдастарының жеткіліксіздігімен және әзірленбегендігімен анықталады.
Осыны есепке ала отырып, зерттеу проблемасы мына түрде тұжырымдалады: жетім
балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім
беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологияларының
тиімділігін анықтайтын жағдайлар қандай?
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру
технологиялары жобасы балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір-тіршілігінің
жағдайларын жақсартуға арналған.
Зерттеу мақсаты: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта
құру, қоршаған әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалына тұрақты, әлеуметтік
табысты жеке тұлғаны дамытуда көмек көрсету.
Зерттеу міндеті: 1.Республиканың жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің балаға
достастық орта құру жөніндегі қолда бар тәжірибелерін зерделеу.
2.Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру мекемелеріндегі балаға достастық ортаны құру жөніндегі қолда бар
алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы ақпарат жинастыру мен талдау.
Бұл оқу құралында балаға достастық орта қалыптастыратын факторлар
көрініс тапқан. Әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, жеке
тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуінде қиындықтардың туындау мәселелері
зерттелді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым барабар тәсілдерін
іздестіруде балалардың өмір сүруінің қазіргі жағдайларына, олардың өздеріне
және ағымдағы жағдаятқа, көзқарастарына көңіл бөлінді. Аталған мекемелер
қызметкерлерінің тәжірибесі зерделенді. Жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беруге арналған мекемелердегі балаға
достастық ортаны қалыптастыру бойынша зерттеу әдістері мен іс-тәжірибелік
ұсынымдары берілді.
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың
проблемалары ғылым мен іс-тәжірибенің ең әр түрлі салаларындағы көптеген
зерттеушілердің: дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың,
философтардың, социологтардың назарын аударып келді және аударуда. Жетім
балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын
зерттеуді төрт топқа бөлуге болады. Біріншіден, жеке алғандағы балалар
үйінің нақты тәжірибесіне кешенді талдау жасауға арналған бірқатар жұмыстар
пайда болды (Г. Ананьева, А. Андреева, Н. Анохина) [1, 2, 3].
Екіншіден, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің психологиялық бейімделу
проблемалары белсенді түрде зерделенуде. Шетелдік психологтардың арасында
жабық үлгідегі мекеме жағдайларындағы баланың жеке тұлғасы дамуының
проблемаларын, аналық жылу мен аялаушылықтың жоқтығы салдарларын жою
мүмкіндіктерін А. Адлер, А. Фрейд, Й. Лангмейер, З. Матейчик зерттеді [4,
5, 6].
Үшіншіден, балалар үйі тәрбиеленушілерінің депривация про- блемаларына
отандық зерттеушілер И.В. Ежовтың, Ю.А. Евдокимовтың, И.В. Дубровинаның,
А.М. Прихожанның, Н.Н. Толстыхтың, Т. Войтенконың [7, 8, 9, 10, 11, 12]
еңбектері арналды. Төртіншіден, жетім u1073 балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтену проблемаларын өз еңбектерінде
И.С. Кон, Л.М. Шипицына зерттеді [13, 14].
Олар жетім баланың әсіресе, интернаттық мекемелердің көмегі арқылы
өмірге бейімделетін әлеуметтік-эмоциялық саладағы дамуының өзіндік
тетіктерінің қалыптасуын атап көрсетеді.
Мұнымен бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік өмірге,
балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге бейімделуіне байланысты көптеген
зерттеулер жүргізілуде. Балаларды дербес өмір мен қызметке дайындаудың
әлеуметтік-психологиялық қырлары И.С. Конның, А.В. Петровскийдің [13, 15]
зерттеулерінде келтірілген. Жетім балаларды дербес өмірге дайындаудың бұл
проблемасының педагогикалық қыры П.П. Блонскийдің, А.С. Макаренконың, В.А.
Сухомлинскийдің еңбектерінен [16, 17, 18] көрініс тапты. И.Ф.
Дементьеваның, Ю.А. Евдокимовтың еңбектерінде жетімдіктің алдағы ересектік
өмір үшін әлеуметтік салдарлары қарастырылады [19, 8].
Жоғарыда санамаланған авторлардың еңбектеріне талдау жасау балаға
достастық ортаны қалыптастыру проблемасының көп қырлы екенін және кешенді
зерттеуді талап ететінін дәлелдейді. Алайда, аталған проблемаға арналған
жарияланымдардың жеткілікті екеніне қарамастан балаға достастық ортаны
қалыптастыру технологиялары балалар үйлері жұмысының тәжірибесіне
жеткіліксіз енгізілген және зерттелген, бұл қосымша теориялық арнаулы
еңбектер мен іс-тәжірибелік зерттеулерді талап етеді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру мекемелерінде балаларды күтудің, қадағалаудың, бағудың,
тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың ортақ міндеттері бар. Балалар үйі балаға
отбасын қандай да бір мөлшерде алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік
құрылым болып табылады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі
балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді u1072 анықтау үшін отбасы орындайтын
қызметтерді қарастырайық.
Социолог А.Г. Харчев [21] отбасының мынадай әлеуметтік қызметтерін
бөліп көрсетеді:
• қалпына келтірушілік – жеке тұлғалық тұрғыда балалардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;
• тәрбиелік – жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;
• шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің тән саулығын қолдау,
отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді күту;
• экономикалық-кәмелет жасына толмағандар мен отбасының еңбекке
қабілетсіз мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;
• бастапқы әлеуметтік бақылау – өмірлік қызметтің әр түрлі
салаларында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын моральдық жағынан реттеу,
сондай-ақ жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастағы
жауапкершіліктер мен міндеттемелерді реттеу;
• рухани қарым-қатынас – отбасы мүшелері жеке тұлғаларының дамуы,
рухани жағынан өзара байытылу;
• әлеуметтік-мәртебелік – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік
мәртебе беру; қоғамның әлеуметтік құрылымын қабылдау;
• бос уақыттық – бос уақытты ұтымды ұйымдастыру, қызығушылықтардың
өзара байытылуы;
• эмоциялық-психологиялық қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу.
Егер отбасының бұл функцияларын балалар үйіне түсіретін болсақ, онда
балалар үйі баланың әлеуметтік өмірге араласуының аса маңызды функциясын
орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына балалар үйінде тәрбиеленетін
жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жоқтығы
жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі уақытша болатын жер, оқу аяқталған
соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады.
Балалар үйінің тәрбиеленушілерді бұл дербес өмірге қаншалықты дайындағаны
олардың одан кейінгі өмір жолдарының ойдағыдай болуына жағдай жасайды.
Жетім балалар мен ата-аналарының u1179 қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың қолданыстағы формаларын төрт санатқа бөлуге болады:
• отбасылық (қорғаншылдық, қамқорлық, асырап алу);
• мемлекеттік (сәбилер үйлері, балалар үйлері, әр түрлі үлгідегі
мектеп-интернаттар);
• мемлекетте қорғаншылық міндеттердің бір бөлігін сақтай отырып,
отбасылық тәрбиенің элементтерін үйлестіретін мемлекеттік-қоғамдық санат
(балалар қабылдайтын отбасылар – отбасылық балалар үйі, патронаттық
отбасылар, балалар баспанасы);
• мемлекеттік емес (жекеменшіктегі балалар үйлер, баспаналар және
басқалар).
Мекемелерге: жетім балалар, бағудан бас тартылған балалар, соттың
шешімі бойынша ата-аналарынан ажыратылған балалар, ата-аналық құқықтарынан
айырылған, сотталған, іс-әрекеттілікке қабілетсіз деп танылған, ұзақ уақыт
емделіп жатқан (оның ішінде психикалық аурулар да бар) ата-аналардың
балалары, сондай-ақ ата-аналарының тұратын жері анықталмаған балалар мен
күн көрісі төмен отбасылардың балалары қабылданады.

арналған ұйымдардың бәріндегі мақсаттық бағыт –бұл балаларды әлеуметтік
қорғау, оларға қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын беру, олар үшін оңтайлы
өмірлік жолды анықтау, психикалық және тәндік денсаулықты қалпына келтіру.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1. Жеке тұлғаның ақыл-ой, эмоциялық және денелік дамуына себеп
болатын үй жағдайларына жақындатылған қолайлы жағдайлар жасау.
2. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-
педагогикалық жағынан оңалдыруды қамтамасыз ету.
3. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін білім беру
бағдарламаларын игерту, оқыту мен тәрбиелеу.
4. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз
ету.
5. Тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытудың әр түрлі u1085
нұсқалары бар [20]:
1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
мектеп –интернатта тұрып, оқиды. Бұл жағдайда мынадай түр өзгерістер
кездеседі:
• топтары жасы бірдей балалар мен қыздардан жас және жыныстық
белгілері бойынша толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты бұлайша толымдауда
балалардың қарым-қатынас шеңбері шектеулі болады, бұл балалардың қатынастық-
байланыстық дағдыларының айтарлықтай дамымай қалуына әкеп соғатыны
күмәнсіз.
• топтары отбасының орнын басу қағидаты бойынша – жынысы мен
жастары әр түрлі балалармен толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты құру
қағидаты да осындай, бірақ бір сыныпта отбасының орнын басатын бірнеше
топтың балалары оқиды.
• жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардан
сынып толымдау мен оларды оқытудың бірінші, екінші нұсқасы да мектеп-
интернат жағдайларында олардың әлеуметтік-эмоциялық дамуына қолайлы жағдай
жасамайды, өйткені мекен ету ортасы, әсіресе отбасыларда тәрбиеленетін
балалармен шектелген.
Бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар:
• Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
мектеп-интернаттан тыс орналасқан қосымша білім беру мекемелерінің жұмысына
белсенді қосу. Бұл олардың эмоциялық және қатынас-байланыстық тәжірибесін
молайтады. Әр түрлі шағын әлеуметтік орталарда өз Мені позициясын
анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге егер бала бір емес, балалардың әр
түрлі топтарымен өзара әрекеттестік болатын бірнеше үйірмеге (студияға,
өнер мектептеріне) қатысса, онда өте жақсы.
• Мектеп-интернат көбінесе ықшамауданның, шағын ауылдың, кенттің
балалары үшін мәдениет құрушы балалар орталығына айналды. Мектеп-интернатқа
отбасылардағы балалар да келеді. Мұндай жағдаят жетім балалар үшін қарым-
қатынас – байланыстар тұрғысынан емес, сондай-ақ олардың эмоциялық даму
тұрғысынан да неғұрлым қолайлы. Оларда қонақтың емес, қожайынның
сезімі; өз абыройын u1089 сезіну мен өзін және өзінің мектеп-интернатын
жақсы жағынан көрсету ниеті қалыптасады.
• Балалардың жексенбі, мереке күндерінде, каникул күндерінде қамқоршы
және қорғаншы отбасыларда; өз туысқандарында болуы. Баланың әлеуметтенуі
мен оның әлеуметтік-эмоциялық даму проблемаларын шешудің бұл жолы бәрінен
бұрын, баланың отбасындағы өмірлік жағдайларға тап болып, отбасылық
қатынастардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдылардың тәжірибесіне ие
болатындығымен маңызды.
2. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
балалар үйінде тұрады, өздерінің білім деңгейіне сәйкес келетін
шағынаудандағы мектепке барады. Қазіргі уақытта балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері баратын мектептерде сыныптарды толымдаудың мынадай
формалары орын алуда:
• мектепте тек балалар үйінің балаларымен толымдалған жетімдер
сыныптары құрылады. Оларды жеке сыныпқа жасанды жолмен бөлу көбінесе бұл
балаларда отбасылық балалардың ғана емес, сондай-ақ педагогтардың да
көзқарасына байланысты ашу-ыза туындатады.
• жетім бала үшін сыныпта отбасында тәрбиеленетін құрдастарымен бірге
оқитын жағдаят неғұрлым қолайлы болып шығады. Бұл кезде бала сыныптағы
құрдастарының ұжымы мен балалар үйінде әр түрлі жағдаятта болады. Бұл
жағдаяттардың әрқайсысы әр түрлі эмоциялық көріністерге: ашу-ызалы, жалған,
бейімделгіш мінез-құлықтан отбасылық балалармен жақсы достық қатынастарға
дейін әкеледі. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіне
толығырақ тоқталайық. 2009 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін жетім

беру ұйымдарында балаға достастық ортаны қалыптастырудың құрамдас
негіздеріне мониторинг жүргізілді. Зерттеулер Алматыда (№2 балалар үйі және
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған u1073 балаларға
арналған мамандандырылған Жанұя кешені), Таразда (Ұлан балалық шақ үйі,
Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар
үйі, Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана),
Семейде (№8 балалар үйі, Подросток балалар баспанасы), Атырауда (облыстық
№1 мектеп-интернат, Ақбота балалар үйі) жүргізілді. Аталған мекемелер
жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша бағдармалар мен үлгілер көрсетті.
Үлгілердің, бағдарламалар мен жобалардың мазмұндары мекеменің
тұрпатына қарай ерекшеленеді. Бірақ тұтастай алғанда ұйым әрбір кезең үшін
нақты шарттарға жауап беретін жұмыстың перспективалық жоспарын таңдай
алады. Көкейкесті міндеттер шеңбері айқындалады. Оларды іске асыру жолында
бағдарламалар әзірленеді, инновациялық үлгілер енгізіледі. Бағдарламалардың
ішінде жобалар да ұсынылады. Бағдарламалардың, үлгілер мен жобалардың
тиімділігі мониторингтің көмегімен айқындалады. Мұның жарқын мысалы ретінде
Тараз қаласындағы Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұсынуға болады.
2007-2008 оқу жылында балалар үйі дамуының перспективалық жоспарымен
мекеме жұмысының Дербес өмірде өзін-өзі тану мен өзін өзі жетілдіруге
қабілетті әлеуметтік бейімделген бала жеке тұлғасының дамуы, балаларды
оңалту тақырыбы анықталған, екі эксперименттік бағдарлама: Табысқа апарар
жол және Рухани-өнегелілік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға
бейімделу әзірленіп, сынақтан өткізілуде.
Рухани-өнегелік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу
бағдарламасы тиімді енгізілуде. Ол бойынша балалар үйі жағдайларында
балалар және жасөспірімдермен рухани-өнегелік жұмыс жүйесінің негізгі
позицияларын жаңартудың, тәрбиеленушілерді жалпыадамзаттық құндылықтар
туралы біліммен қаруландырудың, өнегелік категориялары аясында адамзаттың
рухани мәдениетіне қатыстырудың, балаларда өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеу
қызметі мақсатымен зерттеу қажеттілігін қалыптастыру- дың сәті түсуде.
Табысқа апарар жол бағдарламасы тәрбиеленушілерді әлеуметтік
қорғауға, олардың әлеуметтену процесіне көмек беру мен қолдау жасауға
бағытталған. Бұл бағдарлама тәрбиеленушілерде оңды бағытталған өмірлік
жоспарларды, кәсіптік ниет-пиғылдарды, әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен
икемділіктерді қалыптастыру; жасөспірімдерде өмірдегі табыстарға
ұмтылушылықты дамыту міндеттерін көздейді. Бағдарлама маңызды жеке тұлғалық
қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды, балалар үйінен шыққаннан кейін
проблемалық жағдаяттарға қарсы тұра білу икемділігін дамытады.
Бағдарлама Сенің өмірлік таңдауың және Іскер адамның іс-тәжірибесі
жобаларымен толықтырылған. Бұл жобалар жасөспірімдердің кәсіптік таңдауын
нақтылауға, олардың болашақ кәсібіне қызығушылығын белсендіруге және
балалар үйін бітірушілер өмірдің қаржы-ақшалық нормативтерімен танысуға
тура келетін экономика мен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған.
Мысалы, тәрбиеленушілер күнкөрістің ең төменгі деңгейінің қандай екендігі,
ақшаны қалай жұмсау керектігі, олардың балалар үйін бітірген- нен кейінгі
ақша табудың перспективалары қандай екендігі туралы интерактивтік ақпарат
алады. Перспективалармен неғұрлым нақты және көрнекті танысу үшін қаланың
барлық оқу орындарына экскурсиялар жасалды.
Педагогикалық ұжымға мониторинг жасаудың нәтижелері бағдарламаның
тәрбиелеу процесіне табысты енгізіліп жатқанын көрсетті. Жоғары сынып
оқушылары кәсіп таңдау жөнінде байсалды ойлана бастады, оқуға ынталану
артты. Көптеген түлектер оқуларын тек кәсіптік мектептер мен лицейлерде
ғана емес, ЖОО-нда, колледждерде жалғастыруға ұмтылады. Бітірушілерде
өзінің жеке басының табыстылығына көзқарастары өзгерді, өзін-өзі бағалау
артты, өз болашағын жобалау шеберлігі қалыптасты, балалар әлеуметтік-
тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерге ие болды.
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері
Балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалардың психикалық дамуын көп
жылдар бойы зерттеген психологтар И.Лангмейер мен З.Матейчик психикалық
депривация түсінігін енгізді. Олар мұны ұзақ уақыт бойы субъектіге кейбір
негізгі өмірлік маңызды психикалық қажеттіліктерін жеткілікті мөлшерде
қанағаттандыру үшін мүмкіндік берілмейтін өмірлік жағдаяттардың нәтижесінде
туындайтын псхикалық жағдай ретінде түсіндіреді.
Баланың зияткерлік дамуының жеткіліксіздігі танымдық процестердің
дамымағандығынан, әлсіреуі немесе қалыптаспағандығынан, ойлаудың
(көрнекілік-бейнелік, абстрактілі-қисындық, ауызшалық және т.б.) нашар
дамуынан, есте сақтаудың нашарлығынан, назар аударудың тұрақсыздығынан,
білімдарлықтың төмендігінен, пәндер мен оқиғаларға ұзаққа созылмайтын
қызығушылықтың нәтижесінде басталған істі аяқтай алмаушылықтан, танымдық
уәжделудің төмендеуінен және т.б. көрінуі мүмкін. Психологиялық зерттеулер
тәрбиеленушілерде көңіл бөлу мен есте сақтау даму деңгейінің орташа
статистикалық нормадан ауытқымайтынын дәледейді. Алайда ішкі күштерді,
тірексіз іс-тәжірибелік әрекеттерді талап ететін міндеттерді шешудегі
қабілетсіздіктен көрінетін жағдайда аса тәуелділік, абстрактілік-қисындық
ойлау мен ауызша-қисындық ойлау дамуының төмендеуі айқындалды. Бұл
мәліметтер балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді зияткерлік дамудағы
төмендеудің негізгі себептері туа біткен тұқым қуалаушылық факторлары,
орталық жүйке жүйесі жұмысының анатомиялық-физиологиялық бұзушылықтары
емес, ортаның ықпалы, педагогикалық, жаңсақтықтар болып табылатынын
дәлелдейді. Себептердің біреуі ересектермен сапалы, мазмұнды
қарым-қатынастың жоқтығы болып табылады.
Барлық зерттеушілер балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жеке
тұлғасының қалыптасуындағы көп қиындықтар эмоциялық-еріктік салада:
әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуынан, өзіне деген сенімсіздіктен,
өзін-өзі ұйымдаструшылық пен мақсатқа ұмтылушылықтың төмендеуінен,
дербестіктің жеткіліксіз дамуынан, өзін өзі барабар емес бағалауынан,
айналасындағылармен қалыпты өзара қарым-қатынастар жасауға
қабілетсіздіктен, ынтымақтасу үрдісінің мүлдем жоқтығынан көрініс табатынын
атап көрсетеді. Осы тектес бұзылушылықтар көбінде аса алаңдаушылықтан,
эмоциялық ширығудан, психикалық қажудан, эмоциялық торығудан, әр текті
кедергілерге аса сезімталдықтан, қиындықтарды жеңуге дайын еместіктен,
жетістіктер мен табысты қажетсінудің төмендеуінен, сенімсіздіктен,
қызбалықтан, ұстамсыздықтан, шамадан тыс импульстік белсенділіктен,
эмоциялық салқындықтан, өзін өзі күштеуден, айналасындағылармен эмоциялық
қарым-қатынастардың бұзылуынан, енжарлықтан, торығудан және т.б. байқалады.
Балалар үйлерінің жасөспірімдеріндегі бірқатар ерекшеліктер олардың
айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастарынан көрініс табады. Он
жасқа жеткенде жасөспірімдерде олардың ересектермен, құрдастарымен бала
үшін іс жүзіндегі пайдалылығына негізделген қатынастары орнайды,
жақындыққа тереңдемеу қабілеттілігі, сезімдердің үстірттігі, моральдық
арамтамақтық (нұсқау бойынша өмір сүру әдеті), өзінің зияндылығын, қажет
еместігін ойлап, күйзелу қалыптасады.
Араласа білмеу мінез-құлықтың барабар емес ниеті түзулік немесе
озбырлық (мысалы, барлығы үшін айналасындағыларды кінәлау, өз кінәсін
мойындай алмауы мен оған ниет білдірмеуі және басқалары) сияқты қорғаныстық
формаларының басымдыққа ие болуына себеп болады. Бір жағынан, балаларда
ересек адамның назар аударуы мен достық пейілін, адамдық жылуды, мейірім
мен оңды эмоциялық қарым-қатынастарды қажетсінуі артады, екінші жағынан бұл
қажетсінуге толықтай қанағанттанбау байқалады: ересектер тарапынан
балаларға аз көңіл бөлінуі, бұл қатынастарда жеке тұлғалық мәселелер сөз
болуының аздығы, олардың эмоциялық жұтаңдығы мен негізінен мінез-құлықты
тәртіптеуге бағытталған мазмұнды бір сарындылық, ересектердің жиі алмасуы.
Ересектермен қарым-қатынастағы санамаланған ерекшеліктер балаларды
біріншіден, толыққанды жеке тұлға қалыптасуының негізінде жатқан өзінің
керектігін сезінудің маңыздылығынан, екіншіден, басқа адамның құндылығына
тілектес болудан, адамдарға терең байланып-маталудан айырады.
Мектеп оқушылары мен балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің арасындағы
айырмашылықтар басқа балалармен араласуда да байқалады. Балалар үйлерінде
тұратын балалардың бәрі толып жатқан құрдастарына бейімделуге мәжбүр
болады. Балалар санының көптігінде эмоциялық ширығуды, алаңдаушылықты,
күшейіп келе жатқан озбырлықты жасайтын ерекше әлеуметтік-психологиялық
жағдайлар жасырулы болады. Балалар үйіндегі өмір жағдайлары: балалар мен
ересектердің арасында тәулік бойы болу, көңілсіздік, үй-жайларда оңаша
болуға жеткілікті кеңістіктің жоқтығы; жеке заттары мен өз орнының жоқтығы
оның жеке тұлғалық дамуына ықпал етеді,
өзін жеке тұлға ретінде сезінуін қиындатады.
Балалар үйіндегі балалар еріксізден ересектермен және құрдастарымен
тұрақты қарым-қатынаста болатын жағдаят ерекшелігін есепке алатын болсақ,
балалардан қарым-қатынас дағдыларын тиімді қалыптастыруды, ұжымдық
міндеттерді шеше білуді, қақтығыстардан шығар жолдарды табуды күткендей
боламыз. Алайда, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің мектеп оқушыларымен
салыстырғанда ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынастағы жанжалдарды
шешуде көбінде жолы бола бермейді. Балалар үйінің жасөспірімдерінде өзіндік
сананың қалыптасуында да өз ерекшеліктері бар. А.М. Прихожан мен Н.Н.
Толстых отбасында және отбасынан тыс өсіп келе жатқан жасөспірімдердегі
Мен бейнесінің сипаттамасы бірқатар мәнді параметрлер бойынша
ерекшеленеді деп есептейді: 1) өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне,
мүмкіндіктеріне бейімделу (бұқаралық мектеп) – сыртқы ортаға бейімделу
(мектеп-интернат); 2) Мен бейнесінің есейгендік, онымен байланысты
өзіндік құндылықтар жүйесі бағытында қарқынды қалыптасуы (бұқаралық мектеп)
–
Мен бейнесінің бұл жақтарының көрсетілген кезеңдерінің тұрақтылығы
(мектеп-интернат); 3) жасөспірімдік сипаттамалардың айқын көрінуі
(бұқаралық мектеп) – Мен бейнесінің кейбір жақтары дамуының жас
сипаттамаларымен сәйкес келмеуі (мектеп-интернат).
Жасөспірімдік кезең оңашалану, дербестік үшін күреспен, бақылауды
қабыл алмаумен және т.б. сипатталады. Алайда егер де мектеп оқушылары
өздерінің дербестікке ұмтылуын, қамқорлық пен бақылау жасауға қарсы
наразылығын ашық білдірсе, онда интернатта құндылықтар ретінде оған тура
қарама-қарсы нәрсе бөлініп көрсетіледі – өзіне бақылау жасау қажеттігін
мойындау ...интернаттағы мінез-құлқы ойдағыдан анағұрлым төмен
жасөспірімдер өздеріне қамқорлық, бақылау қажет деп есептейді: бұқаралық
мектептегі 10%-ға қарсы 70 %. Өмірді үнемі регламенттеу, дербес таңдауға
немесе маңызды шешімдер қабылдауға қабілетсіздік тәрбиеленушілердің
өз өмірлерін өздігінен ұйымдастыру қажеттігін елеулі әлсіретеді, жұмыстар,
уақытты бөлу аталған дағдыларды дамытпайды, бұл олардың балалар үйінен
шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуін қиындатады.
Балалардың дербестігі дамуындағы кемшіліктерге олардың айналасындағы
ересектердің тарапынан жасалатын аса қорғаншылық, шамадан тыс қамқорлық
себеп болады деп есептеу қабылданған. Жас кезінен балалар үйінде тұрып келе
жатқан балалар көбінде қорғаншылықтың жоқтығы, ересектермен қарым-
қатынастардың тапшылығы жағдайдарында өседі. Оларды дербес болуға
мәжбүрлейтін жағдайларда балалардан өзін-өзі ұйымдастыру, өз мінез-құлқын
жоспарлау икемділіктері дамуының салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейін
күтуіміз керек еді. Алайда мінез-құлық еркіндігі дамуының бұл элементтері
тәрбиеленушілерде олардың отбасындағы құрдастарымен салыстырғанда анағұрлым
төменгі дәрежеде қалыптасқан. Балалар үйіндегі балалардың ересектермен
шектеулі, көпшілік жағдайларда топтық қарым-қатынасы іс-жүзінде балаға
дербестік бермейді, керісінше, оны қатаң күн режимімен, қандай да бір
сәттерде ересектер үнемі жасайтын нұсқаулар, ересектер тарапынан жасалатын
бақылаумен қатты шектеледі, сөйтіп қадам
басқан сайын бөтендердің нұсқауларын орындау әдеті қалыптасады. Отбасында
тәрбиеленетін бала талап етулер мен бақылау жасаудың неғұрлым жұмсақтау
жағдаятына тап болады, ересектермен бірге күрделі қызметке қатысады,
жекелеген жұмыстарды орындауды ғана емес, жоспарлаудың, қызметті
ұйымдастырудың, бақылаудың жеткілікті дәрежедегі күрделі бағдарламаларын
меңгеруге де үйренеді.
Отбасында бұл күрделі қызметтік элементтердің бәрін меңгеру арнайы
оқыту жағдаятында өтпейді, қызметтің алуан түрлерінің аясына табиғи түрде
еніп кетеді. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қызметтің алуан түрлерінде
ересектермен өзара әрекеттестіктің мұндай саналуандылығынан айырылған,
осының нәтижесінде оларда мінез-құлықты ерікті түрде реттеудің, жоспарлау,
өзіне өзі бақылау жасау, және т.б. сияқты басты элементтері жеткіліксіз
қалыптасқан болып шығады.
Өзінің қазіргі жағдайын өткенмен және болашақпен салыстыра білу
қабілеті – дамушы жеке тұлғаның өзіндік санасындағы аса маңызды оңды білім.
Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің эмоциялық қолайсыздықтары, өткені,
бүгінгі күні мен болашағына қатысты алаңдаушылық олардың санасына өзіндік
із қалдырады.
Отбасы мен балалар үйлерінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің уақытша
перспективасын кезінде А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых егер мектеп оқушылары
үшін іске асуы жеткілікті дәрежеде алыс болашақпен (институтқа түсуге,
отбасын құруға ұмтылу, кәсіптік қызметте табыстарға жетуге және т.б.)
байланысты сарындардың көптігі сипатты нәрсе болса, онда тәрбиеленушілерде
бүгінгі күннің немесе жуырдағы болашақтың сарындары (футбол ойнау, ертеңгі
болатын бақылауды 4-ке жазу және т.б.) басым болатынын, алыстағы
перспектива сарындарының іс-жүзінде білдірілмегенін анықтайды.
Уақытша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz