Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
I. Ата –ананың бала алдындағы
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
II. Ата –анамен жұмысты
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Ата -  аналарды жиналыстарға іс шараларға тартудың
манызы ... 6
2.2. Ата -  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы  
шарттары..6
3. Ата – анамен   жүргізілетін 
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 7
III. Ата  -   аналарға  арналған  
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
IV Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4.1
Қаратпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...13
4.2
Сәлемдесу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .16
4.3
Қоштасу  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17
V. Бақшадағы балалардың күн режімі және оны жасаудың қажеттілігі.18
VI Ата –анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке
тәрбилеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
5.1.Тәрбиешімен ата ана бірлесіп мерекелік кештерді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..28
Пайдалнған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30

Кіріспе

Курстық жұмыстың кіріспесін Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың мына сөзімен
бастасам баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын кезеңде,  әр  отбасында 
өсіп    келе жатқа өрімдей ұл қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,  
еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  ең  жоғарғы   тілек  ең  
биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.  
Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің   
күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата -  ана   тәрбиесінің  
орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  Отбасы  -   өмірге    сәби  
әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ  
жалғастыруда   теңдеі   жоқ   орын.  
Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты
балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін  
ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.  
Ұлы   педагог   А. С. Макаренко :   Балалардың   алдында   беделді  
болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта  
өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын  
рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін ата ана   баршылық.   Бұл  
беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал  
баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады  деген.
Отбасы  -   барлығының   басы,   жан -жақты   даумуының  негізі 
болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата -  ана  мен   баланың  
қарым  -  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене  
тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  -  
баланың  алғашқы   тәрбиешілері.
Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге  
байланысты   ұстаздар   мен   ата -   аналардың   бала   тәрбиелеудегі  
жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде  
отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау  
керек.   Әрбір   ұстаз    ата -  аналармен   қарым  -  қатынас   жасауда  
түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,  
ата -  ананың   қызығушылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,  
ата -   ананың   балабақшаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер  
еді.
Енді осы курстық жұмысты жазу арқылы ата-анамен балабақша арасындағы
ынтымақты, терең байланысты толығымен ашып көрсетуге тырысамын.
I. Негізгі бөлім
1. Ата –ананың бала алдындағы міндеттері
Баланы  жастан ,  Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің  
деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп  
кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате  
көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  Балаңыздың   тәрбиесін  
бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  -  құлқыңызды,  өмірге 
көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба   деген  
сауал   туады.
   Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие  
төмендегі   міндеттерді  шешеді.
- Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау, 
тазалықты   қалыптастыру.
- еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы  
еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  -  өзі   қызмет   етуге   үйрету.
- Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  -  қатынас  
жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .
- Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер  
жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап  
отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  -  тәрбие  беріледі.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып,
мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық,
ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік
тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық
тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы
іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына
сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Ата -  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .
Бала бақыты білімде.Білім    бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы  
сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды , -  дейді 
А.  Байтұрсынов. Сондықтан білімді ұрпақ келер күннің кепілі болмақ.

II. Ата –анамен жұмысты ұйымдастыру

Ата -  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:
* Ата -  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;
*Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына 
үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;
* Ата  – аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын 
басшылыққа   алу;
Ал  міндеттері:
* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.
* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата -  ананың  өміріндегі 
тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.
Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы 
кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне  
айналуда   тәрбиешілердің   практикасында  ата -  аналармен  және  
көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі   формалары  
қалыптасып,   жемісті   түрде   қолданылуда.   Олар   ата -  аналармен  
жекелеп   және  ұжымдық  жұмыстар   жүргізді.
Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата -  аналардың  
пеадгогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие  жұмысын 
жүргізуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.   Балаларды  
тәрбиелеудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата -  аналарға   көмектесу 
тәрбиешілердің    міндеті .
Ата -  аналармен   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін   қалай  
ұйымдастыруға   болады?
Ол  үшін  біз  ата -  аналармен   жақынырақ   танысып,   отбасының  
әлеуметтік   жағдайын,   отбасы   мүшелерінің   бала   тәрбиелеудегі  
ролін   анықтау   үшін,   ата -  аналардың  ұсыныс  -  пікірлерін,   ойын  
бөлісу   мақсатында   сауалнамалар,   анкеталық   сұрақтар   алуымызға  
болады.   Сонымен   бірге   жыл  бойғы   жүргізілетін   жұмыс   түрлерін  
ата   -   аналармен   бірлесе   отырып   жасаған   тиімді.   Себебі,  ата
-  аналар   заман   талабына   сай   өзекті   мәселелерді,   отбасы  
тәрбиесіне   байланысты   тақырыптарды   өздері   ұсына   алады.  
Сонымен   қатар   ата -  аналардың   ұсыныс  -  пікірлермен  санаса  
отырып   ата -   аналарға   арналған   әңгімелер  мен   лекциялар,   
консультациялар,   сұрақ -   жауап   кештері,   тәрбие   жұмысын   алмасу  
жөніндегі   конференциялар,   ата - аналарды   педагогикалық  
әдебиеттермен   таныстыру   әдіс  -  тәсілдері   қарастырылады.  М. Әуезов 
Қай   істің   болсын   өнуіне   үш  түрлі   шарт  бар.   Ең   алдымен  
әуелі   ниет   керек,   одан   соң   күш  керек,   одан   соң   тәртіп  
керек .  Өмірлік   тәжірибе  ұлы   жазушымыздың       сөзінің  
құдіреттілігін   байқатады.

2.1. ата -  аналарды жиналыстарға іс шараларға тартудың манызы

Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,  
бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс - 
шараларға,  ата -  аналар  және   топ    жиналыстарына   ата -  аналарды 
тартудың   қажеттілігі:
* Балаларда  іс  -  әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі  болады;
* Балалар   маңызды   жетістіктерге  жете  алады;
* Ұнайды;
* Балалар   еліктеудің   жаңа   үлгісін   алады;
* Ересектер   мұғалім   жұмысымен   жақын   танысып,   оны   бағалай  
біледі;
* Ата – аналар   және   басқа да ересектер   мектепке   оқыту  
философиясымен   және   оқу   жоспарларымен   танысады;
* Ата – аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   бала  
тәрбиелеуге,   оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді,

2.2 ата -  аналармен қарым қатынас жасау кезіндегі тәрбиешінің есте
сақтайтын ережелері

Тәрбиешілер   ата -  аналарға   ақыл  -  кеңес  беріп,   ұсынылатын  
тыңдау   барысында   төмендегідей  қарым   -   қатынас   ережелерін  
есте   сақтауы   керек;
 
• Бір – біріне  көңіл  бөлу;
• Тыңдау;
• Сыйлау;
• Көзбе – көз  қарау;
• Тиімді   орынды  таңдау;
• Әзілді  сезіну;
• Ұрыс – керістен  сақтану  сияқты.
Сонымен   қатар   ата -  аналарға     тәрбиеші   сөзі   әсерлі,  
отбасы  қажеттіліктеріне   байланысты  екендігін   түсіндіріп   толық 
тыңдату  үшін;
• Сиқырлы  сөздер   айту;
• Баласының   жетістігін   айту;
• Сенімді   болу;
• Көңіл  -  күйіне   қара;
• Намысына   тимеу;
• Материал   арқылы  сөйлесу  ( анкета,  тест,  т.б);
• Қарапайымдылық;
• Пікірін  сыйлау.

2.3 Ата -  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары

* Әрбір   отбасының   мықты   жақтары   болады,   әр   адам   жақсы  
ата  -  ана  болғысы   келеді;
* Барлық   отбасы   көмекті   қажет   етеді,  көмек  түрі   отбасының  
нақты   қажеттіліктеріне   байланысты   болады;
* Ата – анамен   жұмысты   ұйымдастыру   барысында  ата -  ананы,  
яғни   отбасын   тәуелді   ету   емес,   оның   қиыншылықтарды   жеңу  
мүмкіндігін   нығайтуды   көздеу;
* Баланың   дамуы  туралы   ақпарат  ата -   аналарға   бала 
тәрбиелеуде  өз   ролін   жүзеге   асыруға    ықпал  етеді;
* Әрбір   отбасы   көрсетілген   көмектің   тиімділігіне   көзі  
жеткенде  ғана,   қоғамдық   жұмыстарға   белсене   араласады;
* Тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру  
жолдарын   түсіндіреді;
* Ата -  анамен  баланың   ортақ  қарым -  қатынастары   жөнінде  
кеңес   беру;
Ата – аналар  клубы
Балабақшадағы,  отбасындағы   топтағы  кездесетін  қайшылықты 
жағдайларды  шешуге   арналады
Тақырыптық  кеңес
ата – аналарды   психологиялық  педагогикалық  білім   және 
тәжірибе  жаңалықтарымен  таныстыру,  кеңес  беру,  ой  қозғау, ой  қорыту

Педагогикалық   семинар
Отбасылық  тәрбиенің   әдіс -  тәсілдеріне   арналады.  Семинарға 
тәрбиешілер де,  ата – аналар да  жан  жақты  дайындықпен  қатысуы  қажет
Шығармашылық   кештер
Балабақшаішілік  және   топішілік   болып,   озық   қабілетті,  
танымал  ата -  аналарды   үлгі  тұту,  насихаттау   мақсатында  
ұйымдастырылады
Топқа  ата – аналарды   тартудың  қажеттілігі
*  Балаларда   іс  – әрекетті   таңдаудың   үлкен   мүмкіндігі   болады
* балаларға   маңызды   жетістіктерге  жете  алады
* балаларға   отбасы мен   балабақша   байланысын   сезіну   ұнайды
* тәрбиешіге   балаларға   жетекшілік   жасау   жеңілірек  болады 
жекелеп   оқыту   мүмкіндігі   туады
* ата -  аналар   және  отбасы   мүшелері   өздерінің   балаларының   
оқытуға   қатысы  бар   екендігін   сезінеді
* ата – аналар   балабақшадағы   оқыту  -   тәрбие   жоспарларымен  
танысады
Ата – анамен   жүргізілетін  жұмыс
Жұмыс түрлері :
Топішілік  ата -  аналар  жиналысы
Балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы
Ата – аналармен  жеке  кездесу
Ата – аналар  үшін  ашық  есік күн
Мерекелік  кештерге  шақыру
Ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру
Отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

Негізгі   міндеттері  :
* тәрбиешінің   топ  ата -  аналармен  құрамын   зерттеуі
* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату
* ата – аналар   ұжымын   құру
* ата -  аналардың  педагогикалық  білім   дәрежесі   мен  
мәдениетін   үнемі   арттырып   отыру
* үштік  одақ  ( бала, ата – ана,  тәрбиеші )  жұмысын   жандандыру 
Атқаратын   қызметі  :
* ата -  аналарды   топтағы   оқу  -  тәрбие   процесінің    мазмұны  
және   әдістемесімен   таныстыру
*  ата -  аналар   белсенділерімен   жұмыс   жүргізу   және    әр  
түрлі   қоғамдық   ұйымдармен,   жұртшылықпен   өзара   әрекеттесуін  
қауымдастыру

III. Ата  -   аналарға  арналған   жұмыстар
Ата  -   аналарға  арналған   жұмыстар
 
Тақырыбы:     Бала  тәрбиесіндегі   ата -  ана  жауапкершілігі
Мақсаты :  ата – аналарды   балаларға   жауапкершілікпен,   ұқыпты  
қарауға   шақыру.
Міндеттері:
1. Балаларды   адамгершілікке   тәрбиелеудегі   ата -   ананың  
жауапкершілігі
2. Балабақшада   ата -  ананың   оқу  -  тәрбие  саласындағы   ролі
3. Алдағы   уақытта   тәрбиеленушілерді   тәрбиелеуде  тәрбиеші  мен  
ата -  ананың   бірігіп   жұмыс   жасауы.
Әдіс тәсілдер: Жиын,  әңгімелесу,  көрсету
Керекті   құралдар:  компьютер,  қағаздар,  қаламдар
Барысы:  Ұстаз  -  бағбан,   бала -  гүл   деген  қағида   әр  
тәрбиешінің   ұстаздық   ұстанымы.   Осы   қағиданы   ата – ана мен  
ұстаз   бірігіп   пайдалансақ  балабақша    бала   үшін   ең   сүйікті  
мекенге   айналар   еді.   Бағбанға   гүлдің   әйтеуір   өскенінен,  
әдемі  болып   өскені  қажет  екендігі   сияқты,   ата – ана  мен  
ұстазға   да   баланың   әйтеуір   ержеткенінен,    әдепті   болып  
есейгені   қажеттірек.
Бағбан   өзінің   өсірген   гүлінің    санымен  емес,   сапасымен  
мақтанатыны   сияқты,   ата – ана да   баласының   әдептілігімен  мақтануы 
тиіс. Мына сұрақтар сізді мазалай жүруі тиіс:
- соңғы   кездерде  балаңызда   қандай   өзгерістер   болды?
- Сіздің   балаңыз  өз  жауапкершілігін   сезіне  ме?
 
1 . Мен  күнмін   ойыны
Мені   балам   не   үшін   сыйлау   керек?    Осы   сұрақ  
төңірегінде   екі   топ   мүшелері   бірігіп   отырып   өз  пікірлерін 
жасады.   Содан   кейін   әр   топтан   бір   мүшесі   шығып  
таныстырады.   Қорыта   келе   екі   топ   мүшелері
-          адамгершілік
-          имандылық
-          тәртіпті
-          жақсы  қасиет
-          өтірік  айтпайтын
-          еңбексүйгіш
-          қайырымды
-          қарапайым
-          адал,  ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б
 
ІІ.  Сіздердің   балаларыңызда  сіздерді  мақтан  тұтады
Олар  өздерінің   жанұясы  туралы   былй  дейді:
-          менің жанұям  менің  бақытым
-          мен папммен, мамаммен бақыттымын
-          мен мамамды өте жақсы көремін
-          мен, ше  папамды
-          мен  үйдегілердің  барлығын сыйлаймын
Менің  жанұям    сурет  көрмесін  тамашалау
ІІІ  біздің  балаларымызға  кейде  онша  көңіл   бөлінбейді.
Балаларымыз   шеттеп,  көңілі   жабырқаулы   күйде   жүреді.   Сол  
кезеңдердегі   балаларымыздын   ойы:
- мен   олардың   ұрысқанын   қаламаймын,
- алысқа  кеткенін  жақсы  көремін
- маған  папам  көп  ұрсады
- менің   істеген   ісімді   дұрыс   емес   дейді
 
ІҮ . Не себепті   көңілі   толмайды?
Гүлдің  сусырап,  шөлдейтіні   сияқты,  бала  да  ынта  ықыласқа  
шөлдейді.   Өйткені   ата -  ананың   балаға   бар   жағдайды   жасаудан  
басқа  ,  мейірімі, жылуы,  қамқорлығы   қажет.
Ү. Жауапкершілік  дегеніміз  не?
Баланың   азамат   болып  қалыптасуына   мұғалім  мен  ата – ана  
жауапкершілігі.
Ата – аналар  ойы:  Жауапкершілік   дегенімі   өзінің   іс -  әрекеті 
туралы   біреуге   есеп  беру   қажеттігі.   Жауапкершілікті   болу  
үшін   мұғалім   мен  ата -  анада   қандай  қасиетте   болуы   керек?
Тәрбиеші:
- баланың   дүниетанымын  өзгерту   мүмкіндігі  бар
- ата – анаға  талап  қойылады
- балаға да  талап   қойылады
Ата – ана
-          мәдениетті
-          жан – жақты
-          уақыт бөле  білу  керек
-          психологиялық  көңіл  күйі
-          дүниетанымы
-          ойлау  қабілеті
-          өзін – өзі  тәрбиелеу
-          мұғаліммен  қарым – қатынаста  болуы  қажет
 
Бала ата – ана  мен   мұғалімнен  қандай   өнеге  ала алады?   Әке 
мен   шеше   өзін   тәрбиешімін  дей  отырып,   өздері  де   тәрбиеге  
енуі  қажет.
Бүлдіршіндер  өнерімен  қорытындыланады.
Қазіргі   таңда    баланы    тәрбиелеуде   ата -  ананыңда,   тәрбиеші 
-   ұстаздың да   атқаратын   ролі   зор.   Жас   күнінде   бала   қандай  
тәрбие   алса   сол   ізбен   алға   қарай   өседі.   Тәрбие   кезінде  
отбасының,    балабақшаның  да   алатын   орны   бар.
Ата – ана   баласына   өз   отбасын   қадір   тұтудан   бастап,  
туған   -  туыс,  Отан,  Қазақстан   деген   ұғымдарды   терең  
түсінгені,   құрметтеп  қарауға  тәрбиелеу   керек   екенін   ұғындыру.
Ата -  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ.   Сондықтан   ата
-   ана   басты   талапты   өздеріне   қойғандары   жөн.   Баланың  
тәрбие   алуына   қоғамнан  өз  орнын   табуына   жағдай   жасауына  
әрбір  ата – ана   педагогикалық   әдіс -  тәсілдерге   сүйенгені   дұрыс.

IV. Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары
Баланың сөз әдебін қалыптастыру жолдары Бала тәрбиесі — баршаның ісі.
Отбасының да, балабақшаның да,   мектептің де мақсат — мүддесі біреу, ол —
болашақ ұрпақ тәрбиесі.Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата
— ана құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні
шешесінің мейірбан сөзі, көретіні анасының аялы алақаны. Ұяда не көрсе,
ұшқанда соны ілер немесе Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер
деген де осының айғағы.Яғни, ата — әженің, әке  - шешенің өнегесі, өнері
балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан
ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.
Халқымыз  Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара деген сөзінде де
тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе керек.
Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан — жақты
жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін
айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру
көзделуде.Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың Су басынан тұнады,
өрт алдынан сөнеді деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында
айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, адал сәбилеріміздің
тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты
өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата - ананың міндеті деуге болады.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана
— сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен
әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл — адамның өмірлік
қажетін өтейтін қатынас құралы. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.
Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым —
қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін үйрету керек. Қазіргі
заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана
тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.
Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің
бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде
түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде
тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының
қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен
баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып
өсетініне өмір тәжірбиесі куә. Міне, біздің кішкентай ботақандарымыз тіл
шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз.
Сөз — тілдің негізі. Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де  қылыштай
кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын,
ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын
жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы баланың
білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап
қалыптасады. Оның алғашқы ұстазы ата — анасы, тетелес ағалары мен әпкелері.
Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн санап жетіле
береді. Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады.
Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу
отбасының, балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады. Сөз
этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген
мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым — қатынасқа ұйтқы болып реттеп
отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері,
тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды
аңғартады. Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас жасауы
үшін, оның сыпайы түрде жүзеге асуы үшін, сондай — ақ көңіл — күйге жағымды
әсер етуі үшін жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени -
көпшілік орындарда және т.б. Жерлерде бүлдіршіндердің өзге адамдармен өзара
қарым — қатынас жасауы алуан қырлы, сан түрлі болып келеді. Оларды
санамалап айтып тауысу мүмкін емес.Әйтсе де мұндай сан алуан қарым —
қатынастың типтік түрлері болады. Оларды, негізінен, мынадай басты — басты
топтарға бөлуге болады: сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату,
құттықтау, тілек айту, ризалық білдіру, өтішіш жасау т.б. Бұл тізбек,
әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың
болуы мүмкін.

4.1 Қаратпалар
Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр
жағынан алғанда сан алуан. Олардың, негізінен, туыстық қарым — қатынасқа,
таныс — бейтанысқа және әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар.
Бір алуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап, сөз
саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп, орынды
қолдануға үйрету керек. Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын әке сөзін
алайық.Ол, бірішіден, балалы болған ер адам дегенді білдірсе, екіншіден,
баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде
өзінен жасы кіші адамға қарағым, шырағым деген мағынада айтылатын
қаратпа. Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін
балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек. Себебі, жас өсіп келе жатқан
сәби, біріншіден, кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз
әдебін қалыптастырады. Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай
былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:
1)Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апа,әпке, әпше,
тәте, іні, қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға,
немере апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере
іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
2)Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже,
нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.
3)Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы
жезде.
4)Құдандалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи,
құда.
Бұл атауларды бүлдіршіндерге үйретуіміздің басты себебі жоғарыда айтып
өткеніміздегідей туыстарымен қалай туысатынын біледі және қазіргі кездегі
қалыптасқандағыдай аға, апай дей бергеннен гөрі осындай туыстық атауларды
қолданса, енді бір жағынан жеті атаны білу ұғымымен де байланыстыруға
болады және баланың тіл байлығы байиды. Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің
тіл байлығының  дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына
да өз деңгейінде жағдай жасаймыз.
Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін папа, шешесін мама деп
атайды. Аудан мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын қазақтардың
арасында да бұл көрсеткіш тым жоғары. Тіпті шалғай ауылдардың тең жартысы
мамамен папаға бауыр басып алғанын өз көзімізбен көріп, өз құлағымызбен
естіп те жүрміз. Мұның сыртында туған әкесін батя, іні — қарындастарын
братишка, сестренка, ата — әжесін дед, бабуля дейтін қазақтарда
қисап жоқ. Ал осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы
қарым — қатынасты реттеу қызметіне нұқсан тигізеді. Осының салдарынан
адамдар арасында   түсінбестік пайда болып, ынтымақ, бірлік, сыйластықтың
аса маңызды сапалары әлсірейді. Тіпті ұлттық санаға да іріткі түсе
бастайды.
Халықтың жан дүниесінің , ұлттың ұлттылығының бір көрінісі — туыс
атаулары. Бұлар — бізге ата — бабаларымыз тастап кеткен  қасиетті тілдік
ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір жеткіншектің санасын ұштайтын
ұлы ұғымдар. Әкемен, апамен тілі шыққан сәби ерте бастан өзінің  осы
сөзді тудырған халыққа қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы
екенін сезініп өтеді.
Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның жан —
дүниесін елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің бөтен сөзін
салып, құлағына сіңіре бастайтын өзіміз екенбіз.
Эмоциональды — экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек қолдансақ
сәбидің жүрегіне мейірім ұялатуға болады. Көбінесе кішірейту, еркелету
мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -шым, -шім, -тай тәрізді экспрессивті
қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу мағынасында жұмсалады: әкежан,
әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан, ағашым, ағатай, ағай, шешежан,
шешетай, көкежан, көкешім, көкетай т.б. Баланың, әсіресе, кішкентай
сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп көңілін марқайтатын сөздер, тілдік
амал — тәсілдердің тағы бір алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр
қозым, ақботам, айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді
тәуелдік жалғауымен айтылатын қаратпалар деуге болады. Олар — эмотивтік
қызметі аса күшті этикеттік құралдар. Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып,
қозым, ботам, деп еміреніп отырады. Эмоциялық әсері күшті бұл қаратпалар,
біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым — қатынас орнату үшін аса
қажет. Адамның тынысы жан тұрмысына байлаулы. Жан шат болса, дауыс та шат
болады. Қысқасы, ана баласының қасында үндемей отыруы дұрыс емес. Ана
нәрестеге ақ сүтін бере отырып, оны алақанымен сылап — сипайды. Қарды
қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді деген мақал осы жайтты аңғартады. Сезу
мүшесіне әсер ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл — күйге
әсер ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып — толғанып
айтатын қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай қажетті
құрал. Адамның болмысын, мінез — құлқын, бір — бірімен сан алуан қарым —
қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып отырады. Сондықтан осындай
амал — тәсілдерді қолдану арқылы балаға жастайынан өзге адамдарға аялы
алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға үйрету керек. Жақсы сөз жарым ырыс,
Жақсы сөзге жан семіреді деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала
тәрбиелеудің халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.

4.2 Сәлемдесу
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік
мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп,
қалыптасқан түрі. Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт
салып, кездескен таныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cөз әдебін қалыптастыру жолдары
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Қазақ тілі сабағында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуді ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Оқушылардың тіл және сөйлеу мәдениеті
Сөз құдіреті
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Пәндер