Аудит қызметінің этикасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АУДИТ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы 5
1.2 Аудит стандарттары және аудитордың кәсіптік этикасы 7
1.3 Аудиттің шетелдік тәжірбиесі 9
2 Аудиторлық қызмет және аудитордың этикасы
2.1 Аудиторлық қызметтің этикалық – құқықтық механизмдері 17
2.2 Аудит қызметінің этикасы 22
2.3 Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этика ережелері 27
3 Аудит жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Аудиторлық қызметті дамыту бағыттары 32
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер 38
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі
қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік
қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа
экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде
аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты –
бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың
шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша,
заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру
бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар
кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және
шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз
бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды
орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика
қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті
шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика
салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың
мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар,
прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби
құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық,
мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді
басшылыққа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді
қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және
тәуелсіздік
принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі
адал орындалуын талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен
тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет
етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы
мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе
жалғандығын көрсетіп береді.
Тақырыптың өзектілігі –нарықтық қатынастар жағдайында көптеген
кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық
ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау,
коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың замын
жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі, қажетті
ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың
нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Сондықтан кез келген ұйымда аудитордың қызметі қажет болады. Ал осы қызмет
барысында аудитордың қызметін дұрыс жүргізу үшін ең алдымен ол этикалық-
құқықтық ережелерді сақтауы керек. Аудитордың этикасы – аудит қызметінің
сапалы жүргізілуіне тікелей әсерін тигізеді. Аудиторлардың қызметіндегі ең
басты назар аударатын жағдай ол- аудиторлардың өзін өзі ұстауы, басқа
адамдармен қарым қатынастарындағы әдептілік ережелері және жалпы айтқанда
олардың кәсіптік этикасы болып табылады. Аудитор өзінің кәсіби міндетін
орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық,
обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне
сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін
пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиторлық қызметтің жүргізілу тәртібін,
оның ұйымдастырылуын түсіндіріп, аудиторлардың қызмет барысындағы этикасын,
кәсіби этика тұрғысынан қарағанда өзін өзі ұстау мәнерлерін толық ашып
ұсыну болып табылады.
1. АУДИТ ОБЬЕКТІСІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы
Қазіргі заман аудитінің Отаны–Ұлы Британия. Бухгалтер-аудиторлар
алғашқы рет Ұлы Британияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған. 1862 жылы
қабылданған заң британдық компанияларға қатысты бухгалтерлік есеп және
қаржылық бақылау бойынша мамандары компаниялардың есеп шоттарыны ең кем
дегенде жылына бір рет міндетті түрде тексеру қажет. Аудиторлық және де
басқа өндіріс пен капиталдың шоғырландыру және орталықтандыру дауылды
процесс болып жатқан және де акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектелген
қоғамдар, сенімдік серіктестіктер және басқа бірлестіктер құрылып жатқан ең
дамыған капиталистік мемлекеттерде пайда болған.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық
талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық
фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды
есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі
аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде
қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын
мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру компаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану,
жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша
қаражаттары мен инвестициялардың замын жүргізу бойынша сан алуан келісім
шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар
арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз
аудитор ғана дәлелдей алады.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің;
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау,
сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы
есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін
құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған
аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа
бағытталған қаржыландыру беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен
дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
1.2 Аудит стандарттары және аудитордың кәсіптік этикасы
Аудиторлық қызметінің стандарттары болып практикада жалпы қабылданған
кәсіптік қызмет механизмін реттеуі болып саналады. Аудит, оның мақсатын,
маңызын, мәселелерін жүзеге асыру, механизм процедурасына жетісу және
шешуін бір методолигиялық база принципі негізінде шығару.
Стандарттар аудиторлар Палатасымен әзірленеді және олар үш топқа
бөлінеді:
-жалпы ережелер (стандарттар);
-аудиторлық тексеру жүргізу ережелері (стандарттар);
-есеп беру жүргізуінің ережелері (стандарттар);
Стандарттар түсінікті, біртұтас және халықаралық көзқарасты есепке алу
тиіс.
Стандарттар қолданылуы фирманың ішкі әдістемелік жұмыстарын
ұйымдастыруымен тікелей байланыста.
Әдістемелік жұмыстарының бағыттары болып:
- фирма ішіндегі аудиторлық стандарттарын әзірлеу;
- аудит әдістерін әзірлеу;
- фирманың пікірлерін даулы күрделі экономикалық, есептелу және
салық сұрақтары бойынша пікірлерін істеп шығару;
- аудиторларды оқытуды ұйымдастыру;
- мамандарды тестілеу, ақпараттау және т.б.
Аудит қызметі клиент және бухгалтерлік есебін пайдаланушылар сеніміне
негізделген. Аудит негізгі талаптары оның жетіктігін нормативтік
актілерімен анықталады. Бірақ аудиттің адамгершілік және кәсіптік мінезінің
анықталған нормалары бар, олар заңменен бекітілмеген. Бұл этикалық талаптар
аудиторлық кәсіпке ие болған қоғам ішінде орналастырылады. Бұл талаптарға
міндетті ескертпелер қолданбайды, бірақ бірнеше мемлекеттерде кәсіптік
ұйымдар мүшелері жылына бір рет этикалық нормаларын қолдану туралы есеп
береді.
Аудиторлар және бухгалтерлер кәсіптік басқармаларының негізгі этикалық
талаптары:
-дұрыстық;
-тәуелсіз;
-әділдік;
-құпиялылық.
Этикалық-кәсіптік нормалар алдын ала ескерілуі керек:
-аудитор міндеті болып бухгалтерлік есеп беру пайдаланушылардың
қызығуында істеу;
-дұрыстық пен қасақана еместік;
-сырттан қысым жасалуына жол қоймау;
-керекті ақпарат көлемі негізінде пікір қалыптасуы;
-құпиялылық;
-басқа аудиторларға жақсы қатынаста болу;
-және де аудиторлардың клиенттермен, мемлекетпен, бухгалтерлік есеп
беру пайдаланушыларымен, өзара қатынасы ережелері.
Аудиторларың кәсіптік этикасының кодексі келесі мақалаларды кіргізеді:
-жалпы ережелер;
-жалпы қабылданған моральдық нормалар мен принциптер;
-қоғамдық қызығушылық;
-ауитор дұрыстығы және ықыластығы;
-аудитор тәуелсіздігі;
-аудитордың кәсіптік жетіктігі;
-клиенттердің құпиялылық ақпараты;
-салық қатынастары;
-кәсіптік қызметтер ақысы;
-аудиторлар арасындағы қатынас;
-қызметкелердің ауиторлық фирмамен қатынасы;
-жарнамалар мен көпшілік ақпараты;
-аудитордың қосылмайтын істері;
-басқа мемлекеттердегі аудиторлық қызметтер;
-халықаралық нормаларға осы кодекстің сәйкестігі.
3. Аудиттің шетелдік тәжірбиесі
Дамыған мемлекеттердегі қаржылық тексерудің дамыған түрі, формасы
ретінде тәуелсіз аудитті айтуға болады. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті -
көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар,
кәсіпкерлер, акционерлер және т.б пайдаланатын экономикалық ақпараттың
анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.
Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-
та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп
аталады. Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар,
ал Германияда-шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания
мен ағылшынсаксондық елдерде - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б.
деп атайды.
Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың
ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында
есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді жылына
әдетте 1 мәрте шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет
жүктейтін заң сериялары шықты.
Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативті
актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы
айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит
туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда - 1867 ж., ал АҚШ-та - 1937 ж.
қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген
елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің
Алқалы (присяжный - ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.),
АҚШ-та - Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда -
Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда –
Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың
ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық кызметті Әділет
министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам
ғана жүзеге асыра алады .
АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық
экономикалы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық
тәжірбиесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе
қызметтерінің мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. Аудиторлық қызмет саны –
дамыған мемлекеттерде жеткілікті, олардың қызметінің дамығаны соншалық,
халықаралық аудиторлық фирмалардың құрылуына әкелді. Сыртқы тексеруден
басқа, көптеген фирмаларда өзінің шығындарын бақылау, тауарлардың
өтімділігін қамтамасыз ету, дұрысты экономикалық режимнің сақталуын бақылау
және көрсетілген қызметтердің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін ішкі
аудитті жүргізеді.
Ішкі аудит - трансұлттық корпорациялардың шаруашылық қызметі үшін аса
мыңызды. Мысалға, Истмэн Кодак компаниясын айтуға болады, бұл АҚШ тағы
әлемге танылған, өздерінің қызметтері мен тауарларын сатудан көшбасшы
болып саналады. Мұнда ішкі аудит 60 жылдан астам уакыт бұрын пайда болған.
Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты –кәсіпорынның қаржылық-
шаруашылық қызметтірін реттейтін заңдылығын, бухгалтерлік және қаржылық
есептерінің құрылу заңдылықтарын және тағы басқа заңдылықтарын сақталуын
қамтамасыз ету. Сонымен қатар, аудиторлық қызметтер келісім шарттық негізде
бухгалтерлік есептің дамуы үшін, кірістерді ұлғайту үшін, кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде кеңестер береді.
Халықаралық тәжірибеге назар аударатын болсақ, аудитордың қызметі
арнайы екі нормативтік-құқықтық топтарға бағынады:
- мемлекеттің заңды актілеріне, ең алдымен аудиторлық қызмет туралы
заңға;
- аудиторлық стандарттар мен этикалық нормаларға.
Дамыған елдерде аудиторлық бақылау сыртқы қаржылық бақылаудың алдыңғы
нысаны болып табылады, өйткені әр түрлі салалар арасындағы трансұлттық
концерндер, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен ұйымдар,
коммерциялық банктер, сақтандырушы компаниялар, кооперативтер, жеке және
қоғамдық ұйымдар үшін ведомстволық бақылау өте тиімсіз.
Нарық экономикасы дамыған елдерде қаржылық бақылау органдарының
ұйымдастырылушылық құрылысында мынадай схема қолданылады:
1) мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы парламент немесе
президентке бағынатын –Шоттық палата немесе Бас аудитор аппараты.
Бұл органға мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлімін жалпы бақылау
жүктелген.
2) мемлекеттік кіріс бөлімін қадағалайтын, үкімет немесе министрлікке
бағынатын салық ведомствосы;
3) бюджет арқылы қаржыландырылатын министрліктер мен ведомстволардағы
соған сәйкес министрге немесе ведомство басшысына бағынатын бақылау-
ревизиялық бөлімшелер. Бұл бөлімшелерге бюджеттік, арнайы, басқа
да қорлардың дұрыс жұмсалуының нақты бақылауы жүктелген;
4) есеп беру мәліметтерін, баланстардың анықтығын, жүргізілетін
операциялардың заңдылығын тексерумен айналысатын және кеңестік
қызмет мемлекеттік жеке және қоғамдық құрылымдардың ұйымдарға
жүктелген жауапкершілігін көрсетуді келісімшарт арқылы жүзеге
асыратын тәуелсіз аудиторлық бақылау.
Экономикасы дамыған нарықтық мемлекеттерде көптеген үлкен
кәсіпорындарда өздерінің ішкі аудитқа немесе ішкі тексеруге арналған
бөлімшелері болады, олар кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық бөлімшелерінің
қызметін тексеруден өткізіп отырады. Бұл кезде ішкі және сыртқы аудит іс
әрекеттерінің келіспеушілік мәселесі туындайды. Ішкі тексеру жүйесінің
негізгі қызметі – кәсіпорын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету,
кәсіпорында болатын шаруашылық операциялар туралы мәліметтердің толықтығын
және дұрыстығын, жұмыстың өнімділігін арттыру үшін тексерудің дамығын,
тиімді формаларын, әдістерін қолдану.
АҚШ тағы аудиттің дамуы. АҚШ тағы аудиторлық қызмет Ұлыбританияның
аудиторлық қызметінің ықпалынан пайда болған. Бұл жөнінде американдық автор
Уильям Стембер жазған: Аудит қызметі Америка Құрама Штаттарына Британдық
бухгалтерлермен 19 ғасырдың аяғында ауыстырылды деп. 20 ғасырдың басына
дейін АҚШ-тағы аудит ағылшындық модель негізінде құрылды.
1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896
жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленді. Сол
кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей
өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған
маманданған бухгалтер атқара алатын еді.
АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер
мен аудиторлар институттары (SЕС, ҒАSВ, АІСРА) бар. Дайындау және
біліктілік емтиханы сияқты міндеттері бар осындай жалпыға бірдей
ассоциациялармен қатар америкалық кәсіби ұйымдар жағымды тәжірибелерді
жалпылауға, журнал арқылы әйгілеуге, аудит саласындағы монографиялық
әдебиеттерді басып шығаруға және ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл
бөледі. Олар ғылыми зерттеу күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешумен
ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал мәселелерді де анықтаумен
айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін табуға алдын ала әзірлік ерте
бастан жүргізеді.
Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде
пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол
кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең
аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір
тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және
Уэльстің алқалы бухгалтерлер институы, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған
және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы
Ұлыбританиядағы ассоциацияға тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше
болып қана қоймай, сонымен бірге британдық доминион, колониялар мен
мандаттық аумақтардың (территориялардың) өкілдері де оған кірді. Одан әрі
бұл елдердегі ұлт-азаттық қозғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін
аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық
ұйымдары құрыла бастады.
Бүгінгі танда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер
ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз кызметін әлемдегі 189 елде
жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек
Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып,
жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің
құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар. Кәсіби аудиттің қоғамдық институты
жұмыс істейді.
Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау,
игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен
және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа
құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған
нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ
мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен
айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші
ретіндегі аудиторлар категориясы бар.
Бірқатар шетелдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативті-құқықтық
актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген
мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады.
Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне
аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат
беретін біліктілік талабы белгіленді. Мысалы, Англияда тұлғаның
бухгалтерлік органға мүше болып табылатындығын Мемлекеттік хатшының
өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған бухгалтерлер
Институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды.
Аудиторға тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге
құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және
тәртіптілік, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі
болады.
Қазіргі уақытта АҚШ та 45000 астам аудиторлық фирмалар бар. Қызмет
ететіндердің саны бір және бірнеше мың адамнан асатындар. Оларды 4
категория бойынша бөлуге болады:
1. Үлкен төрттік. Оларға Нью Йорктағы офис 1000 адамнан аса,
бұның өзінің АҚШ тың әр үлкен қалаларында бөлімшелері бар,
жылдық табыс мөлшері 500 млн долларды құрайды;
2. Басқа Ұлттық компаниялар;
3. Жергілікті және региондық үлкен фирмалар;
4. Кіші жергілікті фирмалар.
Аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалар, оның ішінде Үлкен төрттік
те кіреді, олардың өз ассортиметтерінде кәсіби аудиторлық қызмет көрсету
және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден де көп атау бар.
Аудиторлық кеңес беру қызметтің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы
әбден ықтимал. Көптеген елдерде Үлкен төрттік қызметінің ауқымы
кеңейгеніне және күштеуіне наразылық анғарылады. Батыстық іскер
топтарының пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін
шоғырландыру, олардың одан ары біріктіруі немесе бөлу арқылы аудиторлық
қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен.
Аудит саласындағы оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен
әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы
аудиттің, сәйкестікке орай аудит пен қаржылық есеп берулер аудиті
көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр
түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін
жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
- Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-
бағдарлы және тәуекелге негізделген;
- Құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл, келісуші,
реттемеленген және келісімшарттық;
- Қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық,
өндірістік, маркетингтік;
- Толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық,
арнайы;
- Әдістемелік тәсілдермен: есепшіліктік, тестілік, обьекті және
циклдік бойынша;
- Жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелері,
перманенті, ретроспективтік және стратегиялық;
- Қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық,
ресурстық, сыртқы экономикалық;
- Аудит жүргізілетін субьектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік,
ведомствалық, қоғамдық;
- Тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен:
операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік
аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және
басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.

2.1 Аудиторлық қызметтің этикалық – құқықтық механизмдері
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін өзі ұстау мәнері аса
маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы
әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс тәжірбиелік аспекті).
Р.К. Маутц және Х.А.Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей
келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі
философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін-өзі ұстау әдебінің
жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді,
деп атап кеткен болатын.
Осыған байланысты әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын,
оның ішінде моральдік талдау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын
белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент бар:
- Шешімді талдау проблемасы;
- Жаман мен жақсы туралы түсінік;
- Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдік
шешімдерді зерделейді.
Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі,
жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін
өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары
мен ережелерінің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің,
заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.
Өзін өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып
табылатын өзін өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді.
Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың
шешімін табуға болады, оның үстінде, онда кәсіби талаптар да бар. Белгілі
бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекс нақты өзін өзі ұстау декларациясы болып
табылады, әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы
мүмкін емес.
Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау
жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни
оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектелмейді.
Әрбір адам – тек жеке тұлға ғана емес, ал, сонымен бірге, қандай да
бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен
аудиторлар да өз әріптестері қабылдайтын шешімдерді қадағалаушы кеңес
берушілер, оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы
кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды.
1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың
кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби
тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қабылданған:
1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және
моральдік сапаларын таныту керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі
жан жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыру қажет.
2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс.
Қоғам мүддесіне қарай әрекет қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары
кәсіби шеберлігін көрсету керек.
3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби
міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы керек.
4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай
отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық
жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз
болғаны абзал.
5. Тиісті (жете ықылас-ынта аудару). Аудиторлар кәсіби стандарттары сақтауы
қажет, өз білімдерін жоғарлату және кәсіби міндеттерін толық орындап,
қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ
қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны
жөн.
6. Қызмет көлемі және сипаты. Аудиторлар көрсетілген қызметтің көлемі мен
түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы
керек.
Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп,
кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде
қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
- Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып
табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп
беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен
де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы
керек.
Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады. Егер аудитор:
- Клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
- Таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның
инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен
инвестициясы бар болса;
- Компаниядан несие алса немесе берсе (бұл тыйым әдеттегі тәртіппен қаржы
институттарын алынатын кредитке қатысты болмайды);
- Тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;
- Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
- Компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын
болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған
негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмасса;
- Егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот
процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық
пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
- Клиент инвестор болатын болса, онда инвестор – кәсіпорында аудитордың
қаржылық мүдделігі болады;
- Егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей
қатысты немесе онымен кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса
және тағы басқа.
Адалдық және объектівтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге
асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделерінің сәйкеспеуінен
болатын дау жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы
қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар,
қаржылық есеп берудегі жанылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор
қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұсқан
келтіреді.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша
кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға
кезігеді. Аудиторлардың операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі
пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы
ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін
болса, оған таңдаудың қажеті жоқ. Осы заманға қаржы нарығы күрделі әрі
қитұрқы қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі
анық бола бермейді.
Кәсіпорын басшылары аудиторларды сатып алатын жағымсыз оқиғалар да
болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық
есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын
(түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз кұзыретіндегі
қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса
назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар- жасап,
қорытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
Құпияны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz