Ауызша аударманың түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . 3

Бөлім І. Ауызша аударманың түсінігі мен түрлері . . . . …. 5

1. 1 Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым - қатынас құралы. . …. . 5

1. 2 Ауызша аударманың түсінігі. . …. . 8

1. 3 Ілеспе аударма . . . …10

1. 4 Кезекті аударма . . . 14

Бөлім ІІ. Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар . . . 17

Бөлім III. Аудармашылардың ауызша аударманы жүзеге асыру кезінде туындайтын қателіктерін дұрыстау әдістері . . ……… . . . …22

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …26

Кiрiспе

Жұмыстың жалпы сипаты. Әлемдік экономиканың өсуіне байланысты кәсіпкерлер, мемлекеттік қайраткерлер және кәсіпорын басшылары келіссөздердің жүргізілуі мен мәмілелердің шешімі үшін аудармашы қызметін қажет етеді. Сыртқы экономикалық қызметтермен үнемi шұғылданатын кейбiр кәсiпорындар тұрақты негіздегі аударма мамандарын жалдауды қолданады.

Қызмет көрсету саласының биiк дамытуы аудармашының сапалы қызметтерiмен пайдалануға мүмкiндiк бередi. Бiздiң күндерде ең үлкен сұраныспен iлеспе және кезекті ауызша аударма түрлері пайдаланылады. Ілеспе аударма кезінде маман шетел мәтінін үзіліссіз аударады. Ал кезекті аудармада мәтін әңгімелесуші жасаған үзіліс кезінде аударылады.

Аударма өзге тілдегі мәтінді (жай сөзден бастап романға дейін қамтиды) мағынасы бойынша бір тілге аудару. Бір тілден екінші тілге аударылған сөздің жазылуы, айтылуы өзгереді. Аударма процесін жүзеге асыратын адам аудармашы деп аталады. Аудармашы белгілі бір тілдерді жетік меңгерумен қатар, өзінің саласына қатысты оның жұмысының материялы болатын жаңалықтарды жан-жақты білуі тиіс. Ауызша аударма адамға өте қажет. Бұл аудармада аудармашы мәтінді есту арқылы, ауызекі тілде аударады. Аудармашы сөйлеушінің қасында болады. Ауызша аударма үлгеруді қажет ететін сөйлеушінің сөйлеу шапшаңдығы, есімдерді, сандарды, даталарды есте сақтау қабілеті бір тілден, екінші тілге ауысуын т. б білуді қажет етеді. Аударма іс - әрекет ретінде, тексттің түрленуі арқылы бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Негізгілері ауызша және жазбаша аударма. Ауызша аударма - бұл аударманың бір түрі. Әдетте аудармашы сөйлеушінің қасында болады. Сондықтан сөйлеушінің жесттерін көруі мүмкін. Бұндай жағдай сөйлеушіні дұрыс түсінуге көмектеседі. Бірақ кейде аудармашы аудиторияны көрмеуі де мүмкін, бұл арнайы кабинада отырған кезде болады. Аудармашы тек наушник арқылы сөйлеушінің айтқан сөзін естіп отырады. Ауызша аударған аудармашының мақсаты тексттің фрагментінің мағынасын есінде сақтауы тиіс. Ал кейін фрагментті басқа тілге аудару және сөйлеушінің сөйлеу стилін, эмоцияларын жеткізу. Ауызша аударатын аудармашының есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек. Міндетті талабы - тез аудару.

Аудармашы қандай сапаға ие болуы керек? Аудармашы қызметінің бір маңыздылығы-ол аударып отырған жұмыс саласын өте жақсы талдай білуі керек. Аудармашылар шетел уәкілдерімен жұмыс істеуде тек қана көмекші қызметін ғана емес, сонымен қатар «пайдасынан зияны көпті» болуы мүмкін. Міне осы тақырыптың өзектілігін ұғындырады.

Жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты ауызша аударманы жүзеге асыру процесінде туындайтын контексті қателерді зерттеу және оларды түзеу әдістері болып табылады.

Жұмыстың міндеті. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі нақты міндеттерді іске асыру қажет:

  • ауызша аударманың ерекшеліктері, ұғымы және оның түрлерін сипаттау: ілеспе және кезекті аударма;
  • ауызша аударманы жүзеге асыруда туындайтын типтік қателерді түзету мақсатында анықтау;
  • ауызша аударманы жүзеге асырудағы аудармашылардың жіберетін қателіктерін түзету әдістерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының материалдары. Іс барысында әр түрлі тіл мамандарының материалдары талқыланған. Әсіресе Е. В. Бреустің «Орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы теория мен практика негіздерін» атап өтуге болады. Сонымен қатар бұл жұмысты жазуда И. С. Алексееваның «Аудармашының кәсіби тренингі» кітабының тигізген көмегі зор болды.

Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста салыстырмалы талдау әдісі (ауызша аударманың түрлерін зерттеу үшін қолданылады) ; аудармашы жұмысының облысындағы ғылыми әдебиеттің теориялы-әдістемелік әдісі, аударманың лексикологиясы мен теориясы; аударма процесін теориялық пішіндеу және аудармашылық процестін заңдылықтарын іздеп табу әдісі секілді әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының пәні. Жұмыстың пәні ауызша аударманы жүзеге асырудағы аудармашының жеке және кәсіби жұмыс мінездемелері, оның дағдылары, қабілеттілігі, кәсіпқойлығы және аудармашының кәсіби жарамдылығының басқа да сапалары болып табылады. Сонымен қатар типтік қателерді түзету.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы аудармашылық тәжірибеде пайда болатын өзгерістерді және бұл қызметке өсетін мүддені қарастыру. Ауызша аударма теориясының сұрақтары ашылып, әлемдегі тілдердің әртүрлілігі қысқаша бейнеленеді.

Курстық жұмыста аударма облысы және сол ғылымның теориялық жұмысы және аударма ісін жүзеге асырудың мақсаты мен әдісі қысқаша сипатталады.

Жақсы аударма немесе жақсы аудармашы жауап беруі тиіс талаптардың қатары құрастырылады. Аудармашылардың аударма тәжірибесінен алынған қағидалар мен кепілдемелер туралы пікірлері беріледі. Аударма мәтінін жасай алу шеберлігіне қатысты «аудару көркемөнері» ұғымының мәні ашылады, сонымен қатар ой және сөйлеу қызметінің әр түрлі теориялық зерттеуінің қиындығы қарастырылады. Аударма теориясының аударма тәжірибесімен тікелей байланысы да сипатталады.

Бұл жұмыста аудару тәсілдерін сипаттау, оның түрлерін толығырақ қарастыру, жұмыс барысында туындайтын проблемалар мен қиындықтар сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады, сонымен қатар аудару түрлерінің ішіндегі ең қызықты да күрделісінің бірі - ілеспе аударма жайында толық сипаттама беріледі.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның нәтижелері ауызша аударманың тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде осы тақырыптың өзектілігі, кәсіби маңыздылығы, зерттеу пәні және әдістері ашылады. Бірінші бөлімде ауызша аударманың жалпы түсінігі мен оның түрлері зерттеледі. Екінші бөлімде кәсіби аудармашының мінездемелері қарастырылады. Ал, үшінші бөлімде аудармашылар үшін кездесетін типтік қателіктері зерттеледі. Қорытындыда негізгі қорытпалар жасалады.

Бөлім І

Ауызша аударманың түсінігі мен түрлері

1. 1 Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым - қатынас құралы

Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.

Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.

Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі-білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі-қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.

Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен, көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене араласты.

“Аударма” - көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек, оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады.

А. В Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты тілдік шығарма ретінде зерттейді.

Аудармаға байланысты, басты екі жайт бар:

1. Аударманың мақсаты - бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырманды/тыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;

2. Аударма дегеннің өзі - басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу.

Аударма мынадай тұстарда қолданылады.

1. диалектіден оның әдеби тіліне;

2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс) ;

3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес) ;

4. бір тілден екінші бір тілге;

5. туыстас тілдер арасында;

6. тегі бөлек тілдердің арасында;

7. көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес) .

Аудармада да, тіл сияқты, “адамдар қарым-қатынастың аса маңызды құралы”. Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл - аударманың түсінікті болуының негізгі шарты.

Аударманың ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі-ауызша аударма.

Ауызша аударма-түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.

Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.

Кезекті аударма- бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.

Кезекті аударманың қарабайыр нұсқасын желілік деп атауға болады және көбінесе қасында ілесіп жүргенде әрі экскурсияларда пайдаланылады.

Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.

Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.

Ауызша аударма-аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша кезекті аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді.

Кезекті аударма-оны тыңдағаннан кейін мәтінді ауызша аудару. Кезекті аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады.

Алайда кезекті аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.

Ілеспе аударма-ауызша аударманың ерекше түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару) .

Сөйлеушіге аудармашының аударып үлгеруі үшін мағыналық топтар арасында үзіліс жасауының қажеті жоқ. Сондықтан баяндама, хабарлама үзіліссіз айтылады. Бұл аудитория тыңдаушыларының назарын ұстап тұруға, оны сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тілді білмейтін мырзалардан бұрын баяндамашының тілін түсіндіреді, елең еткізетін, күлкілі және тіпті келеңсіз оқиғаларды болдырмайды.

Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.

Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.

Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық.

Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.

Тілдік дәнекерлік қай-қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз - аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу.

Аударманы тілдік дәнекерліктің басқа түрлерімен салыстыра отырып, іс жүзінде аудармаға қойылатын талаптарды қорыта келсе, аударманың даму қарқынын еске ала отырып аударма өзінің қоғамдық тиімділігі, табиғилығы, толыққандылығы жағынан қарым-қатынасты әдепкі бір тілдік қарым-қатынасқа мүмкін болғанынша барынша жақындатуға арналған тілдік дәнекердің жоғары дәрежедегі, дамыған түрі деп тұжырымдауға болады. Аударма әдебиеті осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің өзекті мәселесінің біріне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден, аударманың, төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанға байланысты болса, екіншіден, аударма қоғамның әр бір жеке адамның зердесін, интелктісін байытатын, тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды.

1. 2 Ауызша аударманың түсінігі

Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.

Синхрондық аударма дегеніміз - аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі, синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.

Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспе аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.

Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.

Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл -күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.

Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
Аударманың түсінігі мен түрлері
Көркем аударма түсінігі
ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі
Аударма-түсінігі,түрлері,маңызы
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Аударма түсінігі
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Қағаздан аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz