Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің
жүргізілу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6
2. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... . 18
3.Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына калькуляция
жасау ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2003-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік
аграрлық азық-түлік бағдарламасы елдің агроөнеркәсіп кешенін еркін нарықтық
экономиканың принциптеріне сәйкес одан әрі дамытуды көздейді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін
құру, бәсекеге қабілетті өнім шығару мен ауыл шаруашылығы өндірісін
мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды етудің негізінде Қазақстанның азық-
түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп айқындалған.
Бағдарламада ағымдағы ахуалға талдау жасалып, проблемалар айқындалған
әрі саланы дамытудың шаралары көзделген.
Бағдарламаның шаралар кешенін іске асыру үшін 2003-2008 жылдары
бюджеттік қаржыландыруды 24,5 млрд. теңгеге көбейту көзделген, оның ішінде
жаңа бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға 15,5 млрд. теңге, қазіргі
бюджеттік бағдарламаларды кеңейту үшін 9 млрд. теңге бағытталды. Одан
басқа, Қазақстан Даму Банкі мен екінші деңгейдегі банктерден 3,4 млрд.
теңге қаражат тартылды. Республикалық бюджет шығыстары ЖІӨ-нің 1,8%
құрайды, бұл ағымдағы көрсеткіштен 2 еседей жоғары. Бағдарламаны іске
асыру еселенген тиімділік арқылы экономиканың басқа салаларының өсуін
қамтамасыз етуге, ауыл халқын еңбекпен қамтуға, олардың табысы мен тұрмыс
деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар
тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең
құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен
тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезенде, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы
әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда,
тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен
қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл
шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кенейіп, оның себебінен,
өңдеу өнеркәсібінде өнделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың
өндірістік қуаттылығы толық пайданылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы
жылдары республикада күрделі өндеу кәсіпорындарының көбі өндірісін
тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың
техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық
шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен
аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден - бір жолы, агроөнеркәсіп кешенін
нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-
техникалық негізде тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл
шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау, сақтау, өңдеу және
өткізу кәсіпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық
тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің
негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал
оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен
түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал шаруашлығы үлкен
маңызға ие. Себебі, бұлардан алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және
т.б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде
ауыл шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы
интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен
қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық
тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды
тұрақты дамыту. Ауыл шаруашылық кешендерін қалыптастырудың
ғылыми негіздері.
Курстық жұмыстың мақсаты-ауылшаруашылығындағы, соның ішінде
малшаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігін,ұйымдастырылуын жан-
жақты мәлімет бере отырып, талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік
есептің жүргізілу ерекшелігін:
• Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігін;
• Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оның өзіндік құнына калькуляция
жасауды қарастыру болып табылады.
1. Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік
есептің жүргізілу ерекшелігі
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай
айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпау
керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға
береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі
ресурсы - жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам өмір сүре
де алмайды. Экономика ерекшелігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі
осы жерде орналасқан.
Біріншіден, ол табиғаттың, ауа райының жағдайына толық байланысты,
бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін.
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және біркелкі емес, ал,
тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өнімдеріне қарағанда бір жермен бір
орында емес, шашыранды, оларды бір жерге жинау мүмкін емес, тиімді
болмайды.
Төртіншіден, ауыл шаруашлық өндірісі, онда жұмыс істейтін
жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады.
Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.
[1]Бесіншіден, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда
сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақта зардап
әкелуі мүмкін: біріншісі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі, оның
тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы
инерцияның күшеюіне, ал, ол өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы
өзі пайдаланып отырған өнімдерінің қымбаттауына (трактор, машина, комбайн,
жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер т.б.) әкеліп соқтырады: екіншіден,
бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің (шаруа
қожалықтарының) табысын да молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі,
табыстан артылып қалған қаржыны фермер (шаруа қожалығы) өнеркәсіп
орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының бәрі агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық
прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиелінушіліктің пайда болатынын
көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен
агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту - бұл жанұялық шаруа (фёрмер)
қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан, ауыл шаруашылық өндірісінің
жаңа түрі, екінші жағынан, бұл кеңшар (совхоз) мен ұжымшарлардан
(колхоздардан) ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп
шаруашлық экономикасында шаруа қожалықтары, коопперативтер т.б. формалары
арғы ғасырдан келе жатыр, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен "Ұлы сталиндік
өзгеріске" дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы
ғалымы, ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай
кеңшар (ұжымдармен бірге) мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және
отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір
сүріп, халыққа қызмет көрсете алады.
Чаянов А.В. (1888-1939) біздің аграрлық тарихымызда ғалым-зерттеуші
ретінде орын алған ғалым. В.И.Ленин "Кооперация туралы" деген еңбегін
жазғанда А.В.Чаяновтың еңбектерімен танысып, онымен ақылдасып отырған.
Чаяновтың мәліметтеріне қарағанда 1917 жылғы қаңтардың бірінде Ресей елінде
63 мыңға жуық кооперативтер, 24 млн. жарнашы - мүшелерін құрастырып жұмыс
істеген, соның ішінде сібірлік кооперативтер үлкен табыс кіргізіп отырған.
1921 жылдан 1928 жылға дейін олардың саны да, сапасы да өсіп отырған.
Қытай Халық Республикасындағы тұрғын халықтың 80 пайызына дейін
ауылдарда тұрады. Бір ерекшелігі - ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл
шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық
айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық, жалгерлік, кооперативтік әдіспен
жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін Жалға келісім шартпен алып жұмыс
істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке
жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайызын беріп, қалған
40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Ендігі қалған өнімнің
50 пайызы жалгерлік ұжым мүшелері өздері бөледі, не мемлекетке, немесе
басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік
шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 пайызын береді.
Әрі жеке меншікті жанұялы (семьялы фермерлер 1 мыңнан 13 (20) мың долларға
дейін өнім өндіріпі сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы 16
пайызы бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған
серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық
мүддесінен қол үзгені, жерінен айрылған шаруа елді тойындыра алмайды және
ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекеттік қаржы қандай көлемде болса да,
құмға сіңген су сияқты еш жәрдем тигізе алмайды және саланы ілгелі дамыта
алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде
агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер, шаруа қожалықтары,
кооперативтер, жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс
істейді. Осылардың әрқайсысына қысқаша түсініктеме берелік.
І.Шаруа қожалықтары - бұл фермерлерге ұқсас сияқты, Фермер ауыл
шаруашлығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе,
шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған, өнім өндіріп келген
кішігірім құрылымдар.
[2]Сонымен, шаруалар қожалығы - өз еңбегімен (немесе жалғыз өзі, не
жанұя мүшелерімөн) жұмыс атқарып, өнім өндіріп, өзін-өзі қаржыландыратын,
заңды, дербес шаруашылық.
Оның ерекшеліктері: 1). Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы
жүргізеді; 2) Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін, оны
заңды иесі бола алады және жұмыс істейді; 3) Барлық жағынан заңды түрде
мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті орындарда өз шешімдерімен бекітіп,
шарт жасасып, отырады, өзінің мөрі, банкідегі шоты, кіріс, шығыс баланстары
болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс
орны да болып табылады; 4). Өндірген өнімдеріне және құрал-жабдықтарына,
тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние
мүлкі актімен бекітіледі; 5). Өз жағдайларына, мамандандырылғанына қарай не
өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын,
алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін,
табысын өзі біліп, өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол ешкімге
бағынышты емес. Сондықтан онның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар
мемлекеттік, кооперативтік, өздері сияқты шаруалар қожалығымен қолма-қол
ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды; 6). Өз өндіріс
орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне
араласпайды; 7). Өндірілген өнімнің 60 (70)-80 пайыз тауарлығы, яғни
сатылатындығы болғандықтан, оның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
8). Шаруа қожалығының негізгі мақсаты - шаруалардың жанұя мүшелерін азық-
түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге, өндірген өнімдерді сату арқылы
пайда табу.
1998 жылғы наурыздың 31-де "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан
республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан республикасында шаруа
(фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық,
ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Мұнда, адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына
арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен сондай-ақ осы өнімді
ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық - еңбек бірлестігі
шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.
Шаруа қожалығы мынандай нысандарда болуы мүмкін:
Кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген
отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
Бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік
меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез
келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.
Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құралады және жер пайдалану
құқығына мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылады деп
есептелінеді.
Шаруа қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруалығының тең
құқықты өндірістік бірлігі болып табылады.
Шаруа қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен
көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-
ақ шаруашылық жүргізумен байланысты да мәселелердің меншігінде жер
учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге қора-қопсылар,
мелиорациялық және басқа да құрылыстар өнім беретін және жұмысқа жегілетін
мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және қожалық үшін оның мүшелерінің
ортақ қаражатына сатып алғынған басқа да мүлік болады.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі
болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістік
шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл
шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін
одан әрі арттыру болып табылады.
[3]Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде
кәсіпорындарында басшылықты табысты ұйымдастыруға қажетті алғышарттар
жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел
талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы
мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жылдық
мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше
арта түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін
қажетті өндірістік көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек
өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де
уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын
бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалынатын
шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы
игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің интенсивті технологияларын,
суландыру және басқаларын қолданудың экономикалык тиімділігі жөнінде
мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі
- шаруашылық есеп, оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат
ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және
өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары
өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл
әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтық
тұтастай және оның - бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын
бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің
озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру
арқылы қол жеткізуге болады.
[4]Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды
түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды
ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылық қызметіне бақылау және оның
жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік
есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын,
бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін
қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын
бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді
мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен
айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды
өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін
арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің
прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын
енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін
арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің
еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен
құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды
ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық
жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік
жасайды.
Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы
ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі.
Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден
экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды,
шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең
білуді талап етеді.
Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек
және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның
өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді
пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және онын мәліметтерінің
жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп
жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындауына жедел
басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп
отыру болып табылады. Есеп беру - жеке учаске (бөлімше) және тұтастай
кәсіпорын бойынша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық
қызметінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылай отыруға
қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды
орындауына бақылау жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның,
саланың және тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы
жоспарларын жасағанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық
салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және
ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады.
Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орындалу
көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша)
сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат
көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді
өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары)
жоспарының орындалуы сипатталады.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бес-күндік,
онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық
болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда
кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы
бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі ережеде көрсетілген.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп шоттарының
жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық
салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық
кәсіпорындарынын ерекшелігін ескеретін толықтырулармен қаражат Министрлігі
статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен.
Қосымшада бухгалтерлік есеп шоттарыныц жоспары келтірілген, ол оқулықтың
тексті бойынша шоттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық
ордерлік және автоматтандырылған түрлерін қолданады.
Журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізетін
шаруашылықтар пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке
компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске
асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары-
машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады.
Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға
негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып,
талдау, бақылау, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек
назар аударуға мүмкіндік береді. Орындалатын операциялар алғашқы
құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған
және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің
журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері
белгіленген тәртіп бойынша бекітілген.
Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік
есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар)
бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материалдық игіліктердің қозғалысы
(кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептерді қабылдайды және жүйеге
келтіреді, есептесу-төлем ведомстволарын жасайды, жалгерлік ұжымдардың және
ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердін дербес (лицевои)
шоттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен бірге дербес
шоттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік
бөлімшелерден және, сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да
олардың негізінде есептеу регистрларына (журнал-ордерлер, ведомостволар)
жазылады. Олар Бас кітапты, баланста және есеп берудің
басқа да түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта
есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы
құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап
болады, содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар
өнделіп, шаруашылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жалгерлік қатынас
жағдайында материалдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу
елеулі түрде жеңілдетіледі. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық
ресурстарды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға
берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпараттар беріледі.
Есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен
маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің
сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Кестені шаруашылықтағы есеп жұмысының
барлық түрлері енуі тиіс алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп
беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі кұжаттар және құжаттар
айналымы жөніндегі Ережені басшылыққа алу қажет. Пайдаланылған құжаттар
болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.
Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары
(мықты жіппен төрт жерден тесіп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке
өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі,
тақырыптары дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы
болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды
сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен
методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталған..
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорындарында
бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және
қаражат тәртібінің сақталуын бақылау міндеттеледі. Бухгалтериялардың жұмысы
министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас
басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты
ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұысын бас
бухгалтерлер жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады. Колхоздарда бас
бухгалтердің міндеттері мен праволары (құқықтары) Шаруашылықтың бас
бухгалтері жөніндегі үлгі Ережеде белгіленеді. Бас бухгалтер есепті ұтымды
ұйымдастыруды, ессптердін озат түрлері мен әдістерін енгізуді, компьютерлік
техниканы кеңінен қолдануды, қаражаттарды дұрыс және уақытылы есептеуді,
шаруашылық операцияларын дұрыс құжаттауды, өндіріс шығындарын, қаражат
нәтижелерін, қаражат, қарыз беру және есеп айырысу операцияларын сенімді
және уақытылы есептеуді, бюджетпен уақытылы есептесуді, кассалық және есеп
айырысу тәртіптерін қатаң сақтауды, инвентаризацияны уақытылы және толық
жүргізуді және оның нәтижелерін есепте көрсетуді, сенімді құжаттар
негізінде есеп беруді уақытылы жасауды, басқа қызметтермен бірге өндірістік-
қаражат қызметін экономикалық талдауды, пайдаланылмай жатқан резервтердің
бетін ашып, іске қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Бас бухгалтер есеп пен
бақылауды, ақша қаражаттары мен материалдық игіліктердің толық сақталуын
қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне
жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар
берілген.
Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық
қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады. Ол бухгалтерия
қызметкерлерінің жұмыс бабындағы міндеттерін белгілейді; бас бухгалтердің
операцияларды хаттау және көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін олардың
деректері мал мен құс өзгерісінің Есеп Кітабына және фермадағы мал мен
құстың өзгерісі туралы қорытынды есепке жазылады.
Жалгерлік қатынастар жағдайында № 57, 95, 96, 97, 103, 100, формалы
актілер, № 98 формалы ведомость және № 104 формалы жолдама-накладной
қолданылмайды. Бұл құжаттардың орнына чек-накладнойлар (Ф. № 2496)
қолданылады.
2. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшелігі
Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі 13 (20)-шоттың
Мал шаруашылығы деген 2-субшотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша жыл
басындағы қалдық бірқатар салаларда (түйе шаруашылығында, қой
шаруашылығында, балық шаруашылығында, омарта шаруашылығында) кездесетін
аяқталмаған өңдірістің өзіндік құнын көрсетеді. Жыл ішінде шоттың дебетінде
малды бағу жөніндегі шығын, ал несие бойынша - жоспарлы өзіндік құнымен
бағаланған мал шаруашылығы өнімінің шығымы жазылады. Жыл аяғында өнімнің
нақты өзіндік құнына калькуляция жасалғаннан кейін жыл ішінде кіріске
алынған жоспарлы өзіндік құны калькуляциялық айырмаларды тиісті шоттарға
жатқызу жолымен нақты өзіндік құнына дейін жеткізіледі. Соның нәтижесінде
өнім шығымы мен соған қатысты шығындар жыл аяғында, түгендеу жазбаларымен
бекітілген аяқталмаған өндіріске жататын шығындарды қоспағанда, түгелімен
13 (20)-шоттан шығарылады. Шаруашылық аралық өндіріс өнімінің шығыны мен
шығымы өз өндірісінен бөлек есептеледі. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен
шығымының талдау есебі малдың мынадай түліктері мен топтары бойынша
жүргізіледі:
Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: 1. Сауын малының негізгі табыны
(сиырлар және бұқалар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал (қашарлар
және барлық жастағы өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар,
бұқалар мен өгіздер, бұзауы еметін сиырлар). Етті ірі қара: 1. Етті малдың
негізгі табыны (сиырлар, бұқалар және 8 ай толмаған бұзаулар); 2. Өсіруге
және бордақылауға қойылған мал (8 айдан асқан барлық жастағы қашарлар мен
өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар, бұқалар мен
өгіздер). 1. Буйволдардың негізгі табыны (ұрғашы буйволдар, бұқа
буйволдар). 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал.
[5]Шошқа шаруашылығы: 1. Шошқалардың негізгі табыны (негізгі
мегежіндер, қабандар, енесінен айырылмаған торайлар); 2. Өсіруге және
бордақылауға қойылған шошқалар.
Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы) - жүніне қарай: биязы жүнді,
жартылай биязы жүнді, жартылай жүндес, қылшық жүндес, 1. Негізгі қой отары
(айырылмаған қозыларымен қоса саулықтар, қошқарлар, сынақтағы қошқарлар);
2. Өсіруге және бордақылауға қойылған қой.
Қаракөлге және қой шаруашылығы: 1. Негізгі отар (айырылмаған
қозыларымен саулықтар, қошқарлар, сынақтағы қошқарлар); 2. Өсіруге
(айырғаннан кейін) және бордақылауға қойылған қой.
Құс шаруашылығы: 1. Ересек үйір; 2. Өсірілуге қойылған балапандар;
3. Инкубация - жұмыртқаны инкубациялау.
Жылқы шаруашылығы: 1. Негізгі үйір; 2. Өсіруге қалдырылған жас
жылқы.
Бұғы шаруашылығы мен түйе шаруашылығы: негізге келе, жас төлді өсіру
мен ересек малды бордақылау.
Мал шаруашылығы салалары жөніндегі шығындар мына баптар бойынша
есептеледі:
1. Еңбек ақы, төлеу шығындары - өндірістік бөлімшелердің тікелей
технологиялық процесте істейтін жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу. Аталған
жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу тікелей тиісті мал түліктерінің
(топтарының) шығындарына енгізіледі. Егер еңбекке ақы төлеудің жекелеген
түрлері мен өнідірісте жұмыс істелген уақыт үшін заңға сәйкес
есептелетін ақыны тікелей шығын есебі объектілеріне жатқызу мүмкін болмаса,
бұл жағынан аталған жұмысшылардың еңбегіне төленетін ақы еңбекке тікелей
төленетін ақыға пропорциялы түрде есеп объектілері бойынша бөлінеді.
Еңбекке ақы төлеу сомасына 13 (20)-шоттың 2-субшоты дебеттеліп, 60 (70) шот
кредиттеледі. Еңбекке есептелген заттай ақы 13 (20)-шоттағы 2-субшоттың
дебеті мен 60 (70)-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Еңбекке
төленетін ақыны есептеуге және атқарылған жұмыстың есебіне
бригадирдің еңбек пен атқарылған жұмыстың есебі жөніндегі кітапшасы, еңбек
пен атқарылған жұмыстың есеп парақтары, атқарылған жұмыс нарядтары және
басқалар негіз болады. Еңбекке төленетін заттай ақы белгіленген
тәртіппен бағаға есептеледі және есептер мен ведомостар негізінде өндіріс
шығындарына жатқызылады. Жалгерлік жағдайында бұл бапта жыл ішінде
шаруашылық табысына аванс және түпкілікті есеп айырысуға белінген сомалар
есептеледі;
2. Әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінген қаржы - қызметкерлерді
әлеуметтік сақтандыруға арналған қаржылар; олар мал шаруашылығында
істелетін еңбекке ақы төлеу шығындарынан норматив бойынша анықталады.
Әлеуметтік қауіпсіздендіруге арналған қаржылар 13 (20)-шоттағы 2-субшоттың
дебеті мен 69-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі;
3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау құралдары - пайданылатын
биопрепараттардың, дәрі-дәрмектердің және дезинфекциялаушы құралдардың
құны, шаруашылыкқа осы мақсат үшін бөлінген қаржы есебінен сатып
алынған болса, бұл бапка жатқызылмайды. Құралдар шығыны 13 (20)-шоттағы 2-
субшоттың дебеті және 10-шоттағы Өсімдіктерді, жануарларды қорғау
құралдары және дәрі-дәрмектер деген 10-субшоттың кредиті бойынша
көрсетіледі. Басқа ұйымдардың малды сақтауға байланысты қызметі 13
(20)-шоттағы 2-субшоттың дебеті және 76-шоттардың кредиті бойынша
көрсетіледі;
4. Жемшөп - өзі өндірген және сатып алынған, малды, құсты және басқа
жануарларды азықтаңдыруға пайдаланылатын жемшөпке жұмсалатьн шығындар.
Жемшөп дайындауға жұмсалатын шығындар да осы бапқа жатқызылады.
Олардың әрбір атауы бойынша жұмсалатын жемшөптің есебі жемшөп шығынын
жазатын Есеп журналында (Ф. № 35) жүргізіледі. Жемшөпті алдын-ала сақтау
орындарынан тұрақты сақтау орындарына жеткізуге байланысты шығындар оларды
шаруашылықтың қоймаларына жеткізу жөніндегі шығындар ретінде тиісті
жемшөптердің құнына жатқызылады; жемшөпті тұрақты сақтау орындарынан
фермаларға жеткізу жөніндегі шығындар жемшөпті басқа қызметкерлер жеткізген
жағдайда - тиісті баптар бойынша малдың белгілі бір түлігіне немесе тобына
жатқызылады. Жұмсалған жемшөп есеп айырысу бағасымен бағаланады (жалгерлік
жағдайында). Жемшөп дайындау жөніндегі шығындар 2-субшотқа қосымша жеке
шотта есепке алынып, малдың тиісті түліктері мен топтары бойынша оларды
жемшөп дайындалып, тұтынылған жемшөп салмағына пропорциялы түрде бөлу
жолымен ай сайын осы бапқа жатқызылып отырады. Жемшөп шығысының ведомостары
негізінде жемшөп шығыны жемшөптің бір өлшемімен және қорытылатын
протейнімен көрсетіледі. Жұмсалған жемшөп құнына 13 (20)-шоттың 2-субшоты
дебеттеліп, 10-шоттың Тұқым және жемшөп деген 11-субшоты кредиттеледі;
5. Жұмыстар мен қызметтер - қосалқы және қызмет көрсетуші
өндірістер, сондай-ақ басқа кәсіпорындар атқаратын жұмыстар мен көрсететін
қызметтерге арналған шығындар. Өз көлігінің қызметі малдың жекелеген
түліктері (топтары) арасында жүкті тасымалдау жөнінде атқарылатын, тонна
километрмен немесе эталонды гектармен (тракторлар бойынша) есептелетін
жұмыс көлеміне пропорциялық түрде бөлінеді. Егер бұл шығындар өнімнің әр
түрінің өзіндік құнына негізгі және толық көрсетілуі қамтамасыз етілсе,
оларды бөлудің өзге әдістерін де қолдануға болады.
Электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтау жөніндегі қызметке
арналған шығындар тиісінше сырттан келіп түсетін электр, жылу энергиясының,
судың, газдың құнына, сондай-ақ электр станциясынан алынатын электр және
жылу энергиясының құнына қосып анықталады. Бұл бап бойынша басқа
кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері атқаратын тасымал қызметі мен басқа
жұмыстарға ақы төлеуге арналған шығындар да көрсетіледі.
Өздерінің жүк таситын автокөлігінің қызметі 23-шоттағы 2-субшоттың
кредитінен 13 (20)-шоттағы 2-субшоттың дебеті бойынша көрсетіледі.
Тартылған көлік жөніндегі шығындар 60-шоттың кредитінен 13 (20)-шоттағы 2-
субшоттың дебеті бойынша жүргізіледі. Тракторлар арқылы атқарылатын тасымал
жұмыстары бойынша да мал көлігімен көрсетілген қызмет нақты сол сияқты
өндіріс шығынына жатқызылады (23-шоттың кредитінен). Бұл шығындар жыл
ішінде эталондық гектардың жоспарлы өзіндік құны бойынша есептеп шығарылып,
жыл аяғында нақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz