Спарта мемлекетінің құрылысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Афина мен Спартаданың мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесі

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

І. СПАРТАДА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Спарта мемлекетінің пайда болуы5

1. 2 Спарта мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты8

1. 3 Спарта мемлекетінің құрылысы9

ІІ. ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ РЕФОРМАЛАРЫ

2. 1 Тезей реформалары12

2. 2 Солон реформалары13

ІІІ. АФИНА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ САЯСИ ҚҰРЫЛЫСЫ

3. 1 Афина мемлекетінің билік органдары18

3. 2 Афина мемлекетінің сот жүйесі21

ҚОРЫТЫНДЫ23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі. Ежелгі Грекияның мемлекеттік құрылысы, мемлекеттік реформалары және Спартада мемлекеті мен Афина мемелекетінің мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесі қарастырылады .

Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз карақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.

Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінің пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі - таптық қоғамның пайда болуына соғыс әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тайпаларымен бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қоялады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды.

Спарта мемлекеті қандай да болсын сыртқы саудаға тыйым салған еді. Бірде-бір шетел көпесі Спартаға келе алмайтын. Басқа елдерден ешқандай тауар әкелінбейтін. Сауда тек ел ішінде жөне жергілікті базарда жүргізілетін. Бұл уақытта Грекияда күміс ақша жүретін, бірақ Спартада оны қолдануға рұқсат етілмейтін.

Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic) .

Б. э. д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің нәтижесінде әдет-ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi) дүниеге келген.

Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс, пираттық және құл саудасы:

1) әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар.,

2) Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы.,

3) құлдардың өзара көбейуі.

Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған.

Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек «бөтендер» деген санатқа қосылады.

Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.

Меншік құқығы. Б. э. д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.

Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.

Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.

Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т. б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған.

Неке және отбасылық құқық . Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын. немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады.

Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.

Курстық жұмыстың мақсаты. Афина мен Спартаданың мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін анықтай отырып, тақырыпты зерттеу.

Міндеттері:

- Афинаның мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін қарастыру;

Спартаданың мемлекеттік құрылымы және қоғамдық салыстырмалы мінездемесін анықтау.

І. СПАРТАДА МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Спарта мемлекетінің пайда болуы

Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta ) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon ) - ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б. з. б. 6 - 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б. з. б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б. з. б. 10 - 9 ғасырларда басқа жерде - Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б. з. б. 8 - 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары - спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар - илоттар өң-деді. Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы - периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті. Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б. з. б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б. з. б. 431 - 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б. з. б. 371 - 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б. з. б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.

Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-ҮІІІ ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады. Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінің пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі - таптық қоғамның пайда болуына соғыс әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тайпаларымен бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге, құлдарға жеке меншік құрып, оғам таптық саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты. Лаконияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінін жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэкттердің құқықтары көп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның өзінде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илотгар және периэктер еді.

Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандықтармыз деп атады.

Пелопонестің аумағында, таулы жерлерде тұратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге өз еркіменен бағынған ахейліктердің кейбіреулері периэктер деп аталды. Бұлар толық құқылы азаматтар болмаса да, құлдыққа түсе қоймаған халық.

Илоттардың құқығы құлдардың құқығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер және илоттар осылай бөлінді.

Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді. Сол жер учаскелері спартандарға таратылды. Учаскені бөлуге болмайтындай етіп, илотгармен бірге берілді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, өлсіз болып туылса, оны өкесіне шатқалдан лақтыруға бұйыратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.

7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: "Ликург заңымен балаларды ақысына жұмыс істейтін мұғалімдерге өткізуте болмайды" Балалардың 12 жасқа дейін оқитын жері Агела деп аталды. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.

Мектептің тәртібі өте қатал болатын, Балалар қатты төсеніште жастықсыз ұйықтап, жеңіл көрпе ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяқ, жалаң бас жүретін. Олар ыстықты қалай көтерсе, суыққа да солай шыдауы керек еді.

Спарта балалары өзара көп төбелесетін еді. Қарттар олардың төбелесіне қарап, балалардың мінез-құлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар балаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның ауырғанына шыдауға үйрететін.

Мектепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен шұғылданды. Тәрбиенің мақсаты - күшті де шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, ән салуды және билеуді, патриоттық тақырыпқа өлең оқуға үйренді. Философиямен, өнермен айналысуға рұқсат етілмеді. Балалар мейлінше қысқа да ықшамды сөйлеуге үйретілді.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Мұның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шұғылданды.

Қыздар ұл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткенде үйленіп, шаңырақ құрды. Бірақ олардың кейінгі өмірі таза әсксри сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол өздері мектепке бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияға қатынасады, жерғе қожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс еді.

Сисситияның әрбір мүшесі үн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді өз үлесін әкеліп тапсырады. Сисситияда олар оскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияның мүшелері "тең адамдар қауымына" кірді және барлық саяси құқықтарды пайдаланды. Егер спартандық кедейленіп, сисситияға өзінііі үлесін қоса алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып "тең адамдар қауымынан" да шығарылатын. Сөйтіп ол саяси құқығын да жоғалтатын.

Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің құқығын толық пайдалана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рұқсат берілмеді, өзіне керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына сатып алғызады. Өте көп уақытын ол сисситияда өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары құқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтін, үлкен қызмет орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандық ең алдымен жауынгер болуы керек еді. Бұл сырттан келетін жаудың жақындығынан туған қажеттілік емес, өзімен дұшпандық пиғылдағы халық илоттармен үнемі бірге өмір сүруден туған құбылыс еді.

Өкімет спартандықтардың жеке өмірінде істейтін істерін құқықпен тәртіпке салды.

Спартада тұратын азаматтар заңның алдында бірдей деп саналды. Спартадағы адамдар байып кетпеу үшін екімет алтын және күміс ақшаны қолданудан қалдырды. Сауда мен қолөнер ұят жұмыс саналып, оны тек илоттар ғана атқарды. Жерді сатуға болмайтын еді. Спарта азаматтарының киген киімдері қарапайым, үйдің ішінде пайдаланатын заттары бірдей болды. Ешкім бай ыдыс-аяғымен және үйдің заттарымен, суреттермен және кілемімен мақтана алмады. Ешкімде сән-салтанатты нәрсе болған жоқ, бұл заттарды шетелден де әкелуге рұқсат етілмейтін. Осының бәрі эфорлар алқасының қадағалауында болатын.

Спартандықтар қауымының мықтылығын илоттардың б. д. дейінгі 466 жылы болып өткен көтерілісі көрсетті. Адамгершілікке сыймайтын қатынастарға илоттар көтеріліс арқылы наразылық білдірді. Әсіресе б. д. дейінгі 464-455 жылдардағы көтеріліс есте қаларлықтай ірі болды. Бұл ежелгі Грекиядағы ең үлкен таптық күрестің көрінісі еді.

1. 2 Спарта мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты

Спартаның сыртқы саясаты да қатар жүрді. Өзіне көрші Коринф, Сикион, Мегары деген полистарды бағындырып алды. Бірақ Спартаның нарық пен мәдениеті басқа мемлекеттерден қала бастады. Өйткені, сыртқы елдер оған қырғи-қабақпен қарап, сенімсіздік білдіріп отырды. Осындай саясат салдарынан Спарта саяси реакцияның ошағына айналды. Спартаның табы-"спартандар" тең адам қауымы дегенді құрды. Бұл рулық қоғамнан таптық қоғамға өтетін кезеңге тән өскери демократияның қалдығы еді.

Спартандар әскери іспен шұғылданды. Тек осы ғана спартандарға лайықты іс деп саналатын. Күшті де мықты жауынгерлер тәрбиелеу үшін Спартада арнаулы тәрбие жүйесі болатын. Әрбір жаңа туған баланы Спартаның жоғарғы мекемесі-герусияға, яғни, ақсақалдар кеңесіне апаратын. Мұнда арнаулы комиссия нәрестені өмір сүруге қалдыру керек пе, не оны өлтіру керек пе деген мәселені шешетін.

Илоттар. Спарта мемлекетінің ішкі саясаты илоттарды бағындыруға бағытталды. Илоттардың құқығы болған жоқ. Спартандық илотты өлтіре алатын. Жылына бір рет Спартада "криптия" күні өткізілетін. Жас спартандықтар түнде жиналып, ешкім танымас үшін маска және ұзын жамылғыштар киіп, илоттардың селоларына аттанатын. Кездескен илотты жабылып өлтіретін. Спартандықтар ең жас және күшті илоттарды өлтіруге тырысатын. Өлтіруді үйрену үшін жас спартандықтар илоттарға су қосылмағаи арақ беретін еді. Олар мас болып, бұзық өлең айтып, жаман би билеп, бұзықтық көрсететін. Спартандықтар илоттардан жиіркену сезімінде тәрбиеленді, олар илоттарды қатты жек көретін еді. Илоттар ең қиын да ауыр жұмыстарды істейтін. Олар Спартаның басқа тұрғындарынан ерекшелену үшін айрықша киініп, иттің терісінен тігілген құлақшын киетін.

Әскерде илоттар қосымша жұмыстар атқаратын (өлген кісілерді жерлейтін, тосқауылға тұратын, илоттар ешқандай қылмыс істемесе де, олар өздерінің құл екенін ұмытпасын деп спартандықтар оларды таяқпен ұратын) .

Адамгершілікке сыймайтын мұндай қатынастарға илоттар көтерілістермен жауап беріп отырды.

Пэриэктер. Спартаның жер учаскелерінің көбі пэриэктерге бөлініп берілді. Пэриэктер қолөнермен және саудамен айналысты. Олар тастан және құмнан ыдыс істеді, жүннен киім тікті және ежелгі Грекиядағы ең жақсы болатты қорытты.

Спарта қауымының артта қалуы периэктерге сауда мен қолөнерін дамытуға мүмкіндік бермеді. Периэктер көбіне ең қажетті нөрселерді ғана жасады. Үйлер балта мен аранын көмегімен ғана салынды. Құрал-саймандар ұстауға рұқсат етілмейтін, оның үстіне тіпті Спарта мемлекеті бұтан өзі тыйым салған. Сонымен бірнеше ғасырлар бойы спарталықтар қолөнер өркендеудің төмен дәрежесінде болды.

Спарта мемлекеті қандай да болсын сыртқы саудаға тыйым салған еді. Бірде-бір шетел көпесі Спартаға келе алмайтын. Басқа елдерден ешқандай тауар әкелінбейтін. Сауда тек ел ішінде жөне жергілікті базарда жүргізілетін. Бұл уақытта Грекияда күміс ақша жүретін, бірақ Спартада оны қолдануға рұқсат етілмейтін. Мұнда сауданы қиындату үшін үлкен темір ақшаны әдейі ұстайтын. Спартаның ақшасы үлкен темірден істелген өте ауыр болатын. Оны арнаулы қоймаларда сақтайтын.

1. 3 Спарта мемлекетінің құрылысы

Илоттарды бағынышта ұстау қиын болды, өйткені олар спарталықтардан бірнеше есе көп еді. Спарта мемлекеті әскери күштің қуатымен ғана өмір сүруге мәжбүр болды.

Спарта мемлекетінің аристократтық түрі оның қоғамдағы нарықтық қатынасына байланысты болды. Натуралдық шаруашылықтың үстемдігі, қолөнер мен сауданың нашар дамуы, Спарта қоғамынан тыс қалған периэктердің колында шоғырлануы бұл елдің өзіндік ерекшелігі болды.

Әскери басқару органдарының күшейіп, әскери емес жай халықты басқаратын органдардың аздығы мемлекеттің құрылымына елеулі әсер етті.

Спартада қос патшалық болды (Архагет) . Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін фактордың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эврипонтидтерден шыққан билеушілер.

Патша билігі мұрагерлікпен жалғасатын. Патшалар әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылары сайлайтын.

Патша қызметінің ең мықты саласы - әскери басқару. Соғыс уақытында патша қандай болса да шешім шығаруға құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кейбір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол үл бала асырап алу, мұра алу, мұра қалдыру істерін түгелімен қарайтын.

Патшаның өлімі Спарта үшін үлкен оқиға қатарынан саналды. Онда базар 10 күнге жабылатын, сауда тоқтайтын. Патшаиың денесін балға салып сақтайтын, халықтың бәрі онымен қоштасуы тиіс. Илоттар патша өліміне бетін тырнап жылауға мәжбүр болған.

Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. Олар апелла мен герусияға бағынатын, оларды эфорлардың комиссиясы да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомейлер - тандап алған спартандар, флейтистер, дәрігерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілермен келетін. Тойларда патшаны төрге отырғызып, ең құрметті тамақты беретін. Оларға белгілі бір күндері семіз мал, арақ және сұлыдан істелген үн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға да құқылы болды.

Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сияқты 300 адамнан тұратын.

Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге-гиппагретке бағынатын.

Әскери қызмет. Наварх-флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. Олар патшамен бірге тасаттық беретін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Солон реформалары
Мемлекет туралы түсініктер
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Афинының мемлекеттік құрылысы
1920-жылдардағы Қытай
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Мемлекет нысаны туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz