Оңтүстік Африка тау үстірті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

І Тарау Солтүстік Африка облысының ландшафтысының ерешеліктері 4

1. 1 Атлас облысы 5

1. 2 Сахара 8

1. 3 Судан 12

ІІ Тарау Оңтүстік Африка облысының физикалық-географиялық жағдайы--14

2. 1 Солтүстік Гвинея облысы 15

2. 2 Конго қазан шұңқыры және шеткі таулар 17

ІІІ Тарау Шығыс Африка облысының ландшафтысының ерешеліктері 20

3. 1 Эфиоп тау қыраты мен Сомали үстірті 21

3. 2 Шығыс Африка тау қыраты 23

ІҮ Тарау Оңтүстік Африка облысының орографиялық жағдайы 25

4. 1 Оңтүстік Африка тау үстірті 26

4. 2 Кап таулары 28

Қорытынды 29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Африка материгінің физикалық-географиясына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Африканың физикалық-географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Африка материгінің физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты : Африка материгінің ландшафтысының таралу ерекшеліктерін құрастырып, оларға сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Алдымен әдебиеттермен танысу;

- Алынған әдебиеттерді жинақтау;

- Африка материгіне физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама;

- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, құрастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Африка материгіне физикалық географиялық сипаттама бере отырып, материктің табиғи қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар дүниесі айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді.

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер әр тарауда жазылған. Онда Африка материгінің физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама беріледі.

Сахара шөлі, Атлас таулары, Шығыс Африка таулары, Эфиоп тау қыраты, Оңтүстік Африка тау қыраты, Кап таулары ландшафтысының таралуы жайлы мәліметтер қарастырылады.

І тарау СОЛТҮСТІК АМЕРИКА ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Солтүстік Африка түгелдей дерлік Сахара плитасының шегінде жатыр. Рельефінде қазіргі климат жағдайларына сай келмейтін және өткендегі плювиалдардан құрылған эрозиялық формалар кеңінен дамыған үстірттер мен тау үстірттері басым. Солтүстік Африканың көпшілік бөлігі тропиктік және субэкваторлық белдеулерде жатыр, міне осыған сәйкес оның шегінде екі үлкен физикалық-географиялық облыс бөлінеді: Сахараның шөлді-тропиктік облысы және Суданның саванналық облысы.

Солтүстік Африкада ерекше орынды оның солтүстік-батыс бөлігі - Атлас облысы алады, ол субтропиктік белдеудің оңтүстік шегінде жатыр және Альпі қатпарлы белдеуінің тау ғимараттарының жүйесіне кіреді. Ландшафт жағынан бұл облыс әсіресе оның солтүстігі, Жерорта теңізі алқабының бір бөлігі болып табылады. Бірақ Атлас облысының оңтүстік жартысында сахаралық ландшафтқа өту байқалады. [1]

1. 1 АТЛАС ОБЛЫСЫ

Атлас облысының табиғат ерекшеліктерінде Жерорта теңізі субтропиктерін сахараның тропиктік шөлдері ландшафтарына өту сипаты байқалады. Африканың солтүстік-батыс жағалауы көп жағдайда Испанияның оңтүстік жағалауын еске түсірсе, ал оьлыстың ішкі аудандары өзінің табиғаты жөнінен Сахараның солтүстік шет аймақтарына жақын.

Облыс солтүстігі мен шығысында Жерорта теңізімен, ал батысында Атлант мұхитымен шектелген, оңтүстікте оның Сахарасымен шекарасы барлық жерде бірдей айқын білінбеген. Тұтас алғанда ол Атлас тау жоталарының оңтүстік етегімен сәйкес келеді, бірақ кейбір жерлерде сахаралық ландшафтар тауаралық ояңдарды бойлап солтүстікке қарай облыс алабына енеді.

«Атлас» және «Атлас таулары» деген атаулар еуропада қабылданған, бірақ жергілікті халыққа белгісіз. Жергілікті халықта жалпы осы барлық тау жүйелері үшін бірыңғай атау жоқ, тек қана жекелеген тау жоталары мен үстірттерінің аттары бар.

Жерорта теңізі жағалауы бойымен, жаға сызығына ілесе созылып жататын, Оңтүстік Испания мен Сицилия тауларының тікелей жалғасы болып табылатын биіктігі 2000-2500 м және қатпарлық жоталар бар. Бұл батыстағы Риф Атласы немесе Эр-Риф, шығыстағы ТелльАтлас. Облыстың жерорта теңіздік жағалауы жырымдалған әрі таулары кеме жүруге қолайлы қойнауларды жиектей отырып, теңізге тік құлайды немесе теңізден жағалық жазықтардың енсіз өңірімен бөлінген.

Облыстың оңтүстігінде Атлант мұхитынан солтүстік-шығысқа қарай Биік Атлас жотасы созылып жатыр, оның едәуір бөлігі герцин циклі кезінде қалыптасқа. Тубкаль массивінде ол 4165 м жетеді - бұл бүкіл облыстың максимум биіктігі. Биік Атластың солтүстік-шығысқа қарайғы жалғасы болып Сахара Атласы саналады. Биік Атластан біраз оңтүстікке қарай Антиатлас жотасы көтеріліп тұр, ол платформаның кайнозой қозғалысымен көтерілген шет аймағы болып табылады. [2]

Тау жоталарының екі зонасы аралығында тауаралық иіндерге сәйкес келетін ішкі жазықтар мен биік үстірттер өңірі жатыр. Үстірттер Атлант бойы шеткі ойпатынан сатылана көтеріледі де солтүстік-шығыста Жерорта теңізі жағалауына дейін барады.

Биік таулы облыс, жас солтүстік жоталарды қоса неогеннің аяғында вертикаль сипаттағы күшті қозғалыстарға ұшыраған бұл қозғалыстар оның қазіргі қалпын анықтаған және Оңтүстік Еуропа тауларынан бөлген. Осы вертикальдық ығысулар жеке тау жоталарының көтерілуіне әкеліп соқты және вулкандық әрекеті қоса-қабат жүрді. Көптеген биік шыңдар, соның ішінде Тубкаль да сөнген вулкандар болып табылады. Тектоникалық жанданудың толастамағандығын жиі жер сілкінуден көруге болады.

Қазіргі рельефтің ерекшеліктері едәуір дәрежеде Атлас облысының көпшілік бөліігнде басым түсетін құрғақ және шұғыл континенттік климатқа байланысты болады. Пәрменді жүретін үгілу процестері тауларды бұзып, олардың етегі мен ішкі үстірттерде қираған материалдың көп мөлшерде жинақталуына себеп болады. Осындай қалың үйінділердің арасынан қия, жалаң беткейлес және үшкір шыңды биік жоталар көтеріліп тұрады. Екінші жағынан, рельеф қатты эрозиялық тілімделуімен ерекшеленеді. Терең шатқалдар тау жоталарын кесіп өтеді, ішкі үстірттердің бетін тұрақты суы жоқ арналар жүйесі тілгілейді. Мұндай тілімдену - қазіргі жағдайлардың нәтижесі емес, осының алдындағы анағұрлым ылғалды дәуірдің мұрасы.

Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларына жазы құрғақ, ыстық, қыс ыжұмсақ, ылғалды климат тән. Жауын-шашынның едәуір мөлшерін мұнда батыс желдері Атлантикадан әкеледі де оларды таулардың батыс және солтүстік беткейлері мен жағалық өңірде қалдырады. Батыста жауын-шашын 800 мм астам жауады, шығысқа қарай олардың мөлшері күрт азайып, Сахель жазығында, Габес шығанағы маңында 200-300 м дейін төмендейді. Қыс айларының орташа температурасы Оңтүстік Еуропаға қарағанда жоғары болып, +12 - 15ºС-ге жетеді. Жағалауға қар қте сирек түседі және жылдам еріп кетеді.

Жазға температурбатыстан шығысқа қарай +24-тен +24 ºС-ге дейін жоғарылайды. жаз айлары мен өтпелі маусымдарда солтүстік жағалауда тауларда сирокко соғады (фен типті жел), бұл кезде температура +34-40 ºС-ге дейін көтеріледі.

Биік үстірттер мен тұйық аңғарлардың, сондай-ақ тау жоталарының ішкі беткейлерінің климаты шұғыл континенттік, құрғақ және жергілікті жердің өте биік болуына байланысты айтарлықтай қатал. Атлас облысының бұл бөліктерін «ыстық күнді суық ел» деп атайды. Тау жоталары ылғалды ауа массаларының ішкі аудандарға өтуіне бөгет жасайды, сондықтан онда жауын-шашын 500 мм аз түседі. Жауын-шашын максимумы барлық жерде қыста, ал қысы барынша суық болғандықтан (аяздар -10-17 ºС-ге дейін жететін кездер болады) қардың қалыңдығы тауларда 2 м дейін баратын кездер жиі болады. Кейде кенет ерте түскен қар тауда жайылып жүрген малды шығынға ұшыратады. Жазда үстірттің үсті мен ішкі аңғарлар қатты ысып кетеді де, температура күндіз +26-28 ºС-ге жетсе, максимум +50 ºС-ге дейін барды. Түні әдетте салқын, үсік жиі-жиі болып тұрады. Облыстың барлық жерінде дерлік егістер қолдан суғаруды қажет етеді.

Тек тікелей Атлант мұхитына жапсарлас аудандар ғана тұрақты арна ағыстарымен суғарылады. Қысқа өзендер де солтүстік беткейлерден Жерорта теңізіне құяды. Ішкі аудандардағы құрғап қалатын арналар оқта-текте жауған жаңбырдан кейін ған суға толады. Көптеген арналар тұйық көлдер - шоттарға қарай еңіс келеді, олар жылдың көп уақытында кеуіп жатады да, тұз қабыршығымен жабылады. Су торабының қоректенуінде және егістерді суарудағы таулардағы қардың көктемде еріген суының үлкен маңызы бар. Дегенмен өте тез шығындалады да бүкіл жаз бойы дерлік шоттар мен өзен арналары кеуіп жатады. [3]

Өсімдік және топырақ жамылғыларында, климаттағы сияқты, жағалық аудандар мен ішкі аудандар арасында айырмашылықтар бар.

Жағалауда беткейлердің төменгі бөліктерінде қошқыл қоңыр топырақтар басым, оларды маквис типті мәңгі жасыл қаулар, ергежейлі пальмалар тоғайы, мәңгі жасыл тоз емені орманы, ал сәл жоғарыда - алып атлас самырсыны мен қылқан тистен тұратын қылқан жапырақты ормандар өседі. 1500 м биікте мәңгі жасыл ормандар жапырақ тастайтын орта еуропалық жалпақ жапырақты ормандарға жол береді. Орманның жоғары шекарасы 3000 м биіктікте жатыр. Жағалық өңірдег ітабиғи өсімдіктер өте құртылып жіберілген. Климаттық жағдайлары субтропиктік дақылдардың өсуіне қолайлы. Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты жағалауларының суармалы тоғайлары, дәнді дақыл егістері алып жатыр. Балшықтан соғылған үйлерден тұратын араб елді мекендері төңірегінде абрикос, шабдалы және анар ағаштарының бақтарын жиі көруге болады. Ылғалды жел жаққа қараған террасаланған тау жүзім беткейлерінде жүзім шыбығы өсіріледі. Эвкалипт, атлас самырсыны және құрма пальмасы ағаштарының қолдан отырғызылған екпелері бар.

Құнары аз сортаң, көбінесе сұр топырақты болып келетін ішкі үстірттер мен аңғарлар құрғақ дала мен шөлейтке жатады. ондай жерлерге әлбетте тікенекті селдір, жастық тәріздес кішкентай бұталар, шағын ююб ағашы, қараған мен жабайы пісте, жусанның және жоғары сапалы, қағаз жасау үшін бағалы шикізат болып табылатын биік, әрі қатаң астық тұқымдас альфа тән. Жергілікті халық жабайы өсетін альфан жинайды, ал кей жерлерде оны арнайы қолдан өсіреді. Облыстың ішкі аудандарындағы халықтың дені мал шаруашылығымен айналысады және жартылай көшпелі күн көреді. Ұстайтын малдары негізінен түйе мен қой, олар тау ішіндегі құрғақ жайылымдардың жұтаң азығын қанағат тұтады.

3000 м биік тауларда өзінің түр құрамы жағынан Еуропаның тау шалғындарынан көп кейін тұратын альпі шалғындарының біршама сирек учаскелері кездесіп қалады. Ең биік жоталарының шыңдары өсімдіксіз болады және жылдың көп уақытында қар жамылып жатады. Таудың оңтүстік етегінен нағыз шөл басталады, ондағы әр жерде кездесетін оазистер құрма пальмасы өсіріледі.

Атлас облысының жануарлар дүниесі Африка мен Оңтүстік Еуропа түрлерінен тұрады. Оның құрамында кемірушілер көп, шөп қоректі жануралардан, кемірушілерден тұяқтыларға өтпелі даман бар. Қояндай ғана осынау бір ебедейсіз жануарлар тауда топ-тобымен жүреді, оның етін жейді. Жыртқыштардан барлық жерге бірдей шие бөрілер, виверралар, жабайы мысық және гиена тараған. Бұның оңтүстіктен келіп тұратын арыстандар қазір кездеспейді, бұл Испанияның оңтүстігінде қандай түр кездессе, тап сол түр. Кесіртке, жылан, әр түрлі жәндіктер көп-ақ. Ауыл - шаруашылығы оқтын-оқтын көк қасқа шегірткелердің басым келуіне зардап шегеді. [7]

1. 2 САХАРА

Тропиктік шөлдер Африканың солтүстігінде ұланғайыр территорияны алып жатыр. Шөл және шөлейт ландшафттар Атлант мұхитынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегі мен Жерорта теңізі жағалауынан Сенегал өзенінің төменгі ағысынан бастап, Чад көлі арқылы Нілдегі Хартумға өтетін сызыққа дейінгі жердің өн бойына созылып жатыр. Осынау 7 млн км 2 орасан зор кеңістікті Сахара деген жалпы географиялық атаумен біріктіріп атайды.

Сахараның географиялық шекарасы барынша айқын. Тек қана оңтүстікте, табиғат жағдайлары шөлейттен саваннаға бірте-бірте ауысатын жерде анық физикалық-географиялық шекара жоқ. Сахара оңтүстікте тұрақты жауын-шашынды кезеңі бар жерде аяқталады.

Сахара түгелімен Африка платформасының шегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізгі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп, горизанталь тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген үстірт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күмбезтәріздес қыраттар түрінде ежелгі интруизиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстармен көмкеріліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән.

Сахараның қиыр шығысында, Қызыл теңіз бен Ніл аралығында кристалдық негіз сәл көтеріңкі келіп, кей жерлері мезозой құмтастарының қабаттарымен жабылған. Онда биіктігі 2000 м дейін баратын төрткүл үстірттер көтеріліп тұрады, эрозиялық күшті тілімденудің болғандығын дәлелдейтін бұларды терең, құрғақ шатқалдаркесіп өтеді. Облыстың бұл бөлігі Арабия және Нубия шөлдері деген атаумен белгілі.

Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғаыр құм жинақталған Ливия шөлінің үстірті өтеді. Солтүстікте Сахараның беті бірте-бірте аласарады, онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі - 133 м. Каттар ойысы - Жердегі ең терең құрғақ ойсытардың бірі.

Сахараның орталық бөлігін де кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіген биік тау қыраттары мен үстірттер түзеген. Олар: Тибести, Ахаггар, Мфорас т. б. тау қыраттары. Тибести тау қыратының ең биік шыңы - сөнген Эми-куси вулканы (3415м), кратерінің диаметрі 12 км, бұл бүкіл Сахара облысының ең биік шыңы. Массивтердің рельефі қатты тілімденген, олардың беткейлері құзды және жартасты, етектерін түрлі ірі қираған материалдар басып кеткен.

Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасты, құм тас және сазды жыныстардың қабаттары жапқан.

Сахараның көп учаскелері моноклиналды құрылымды болып келеді де жақс ыкөрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Рельефтің мұндай типі солтүстік-шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин-Адджер үстіртіне, солтүстікке таман орналасқан Тадемоит үстіртіне, Антиаталасты жиектеген Джебель-Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық рельефінің құрылуында тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын алған эрозиялық процестердің рөлі зор.

Сахараның шөлді үстірттерінің бетін арабтар «уэд» деп атайтын арналар жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл арналар суға толады, бірақ ары кетсе бірнеше еүннің ішінде, кейде бірнеше сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды. Уэдтердің көпшілік бөлігі негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан-жаққа салаланып тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабынан пайда болған плювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін аллювийлік құм материалдар басып қалған немесе саз жыныстары қатайтқан.

Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әр түрлі тұйық ойыстарға аяқталады, бұл да Сахара рельефі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жауыннан соң ойыстар азғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың түбін тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының түбі тұзданбаған. Ойыстардың пайда болуына тектоника, жер асты эрозиясы процестері, карст түзілістері және үйінділерді жел үріп кетуі роль атқарған.

Үйілу процестерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс шықпауы ұлан-асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты. Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттердің араларындағы ояңдарға және кең-байтақ тұйық қазан шұңқырларға эрг деп аталатын орасан зор мөлшерде дюна құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз «өлі», құм учаскелерімен қатар аумақты жерлері алып жатқан құм дюналары да баршылық, бұлар үнемі басым желдің бағытына қарай көшумен болады. Құм әсіресе Ливия шөлінде өте көп шоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі онда 300 м жетеді.

Сахараға малта тастан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан орасан зор тегіс учаскелер тән.

Сахараның көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас түйіліп жатады. Мұндай тастақ алаптар «хамада» деп аталады. Хамаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан жартасты, қия беткейлі оқшау үстірттер - «гара» көтеріліп тұрады.

Сахара болмысы жыл бойы құрғақ тропиктік ауаның үстем болуымен байланысты. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын-шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде дерлік 50 мм аз. Ішкі аудандарда жауын-шашын кейде қатарынан бірнеше жыл бойына жаумайды және жаңбырдың жаууы кездейсоқ сипатта болады. Мұндайда кейде су басуын тудыратын нөсер өтеді. Жауын-шашынның біршама артуы тек биік тау қыраттарының беткейлерінде ғана байқалады, бірақ онда да оның жылдық жиынтығы 100 мм жетпейді. Шөлдің солтүстік және оңтүстік шет алқаптарында жауын-шашын анағұрлым тұрақты жауып тұрады және ол жылдың белгілі бір кезеңдеріне сай келеді. Солтүстікте жаңбыр күзде, қыста және көктемде, ал оңтүстікте жазда жауады. Азды-көпті тұрақты жауын-шашынды бұл өңірлер солтүстікте Сахарадан Атлас облысына, ал оңтүстікте Суданға өтпелі орын алады.

Сахарада ауа әрдайым құрғақ және шаң тұнып тұрады, оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25%-дан төмен. Аспан айналып ерге түсетіндей ыстық күндері ауа өте қатты және әркелкі қызғанда көріну жағдайлары бұрмаланады, сағым ойнап көк жиектен өмірде жоқ өзендер, көлдер және таулар көрінеді. Сахарада жауын-шашынның аздығымен қатар дүние жүзідег ең күшті буланушылық байқалады. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалыңдығы 6 м баратын су қабаты булана алады. Мейлінше тұрақты жазғы желдер - пассатар солтүстік және солтүстік-шығыстан құрағқа және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмосфералық депрессиялар өт екүшті құм және шаң борандар туғызады - бұл Сахарадағы басты апаттың бірі.

Облыс температурасының ағымына тәуліктік және жылдық күрт контрастар тән. Жазда күннің ыстығы +50ºС-ге жетеді, ал шаң мен құм ала келетін ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер апшысын қуыра түседі. Сахарада көлеңкенің өінде болатын абсолют минимум бүкіл жер шарының абсолют максимумы болып табылады. Топырақ беті +60-80 ºС дейін қызады. Жазда түннің өзінде температура +30 ºСкем болмайды, тәуліктік ауытқулар 30-50 ºС жетуі мүмкін. [4]

Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. күндіз температура +20-25 ºС шамасында тұрса, түнде қатты жылу қайтару салдарынан 0 ºС-ге дейін салқындайды, ал кейде үсік қатты соғатыны сондай, ыдыстар мен қолдан жасалған су алқаптарындағы су қатып қалады. Тауларды -18 ºС-ге дейін аяздар байқалған.

Сахараның Атлант мұхитының суық Канар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті - шөлдің басқа бір жағалық типі болып табылады. Ондағы температыра мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80% жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады, бірақ жауын-шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.

Сахарда жер беті суы жоқтың қасы, сумен қамтамасыз етудің көзі- жер асаты суы адамдардың, малдардың және өсімдіктердің күн көріс көзі де ос ысу. Жер асты суына құмды шөлдер бершама бай. Құм астының кейбір жерлерінде жер асты суларының бұлақтарына бастаам беретін айтарлықтай қалың горизонттары жатады. Көптеген уэдтердің жер асты ағындары болады. Сахарада суды көпшілік жағдайда құдықтардан алады. Соңғы кездері сумен қамтамасыз етуде наосостармен және қысымды горизонттардың сенімді де тұрақты суларын пайдаланатын терең артезиан құдықтары үлкен роль атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Африка Республикасы
Оңтүстік Африка Республикасының жалпы шаруашылығына сипаттама
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Африка жайлы
Сахара шөлі
Шығыста қазан шұңқыр Шығыс Африка тау қыратының жарқабақты шетімен күрт шектеледі, одан
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Африка континенті
География туралы ұғым (дәрістер)
Геоинфонавигатор облыстық жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану -ғылыми функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz