Әлеуметтік статистика көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Әлеуметтік-экономикада статистиканың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... .4
1.1 Әлеуметтік – экономикалық статистикалық пәні, әдістері және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері ... ... ... 9 1.3
Үй шаруашылықтарына ішінара бақылауды ұйымдастыру ... ... .11
IІ Статистикалық графиктерге жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Статистикалық
графиктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
2.2 Статистикалық
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
2.3 Алғашқы және қайта
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25

Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Статистикалық графиктер тек экономика ғана емес бүкіл статистикалық
есептер, көрсеткіштерді график түрінде көрсету түсінуге, түсіндіруге әрі
анық көре алуға үлесін қосады. Осы курстық жұмыста біз графиктердін
түрлерін, қолдану тәсілдерін көре аламыз. Мұнда қарастыратын мәселелер
кестенің түсінігі, олардың түрлері маңызы қолдану принціптері
қарастырылады. Одан кейін графиктердің түрлері қолдану тәсілі қандай график
не мағына беретінін талқылаймыз. Статистика графиктермен біз қоғамдық
құбылыстарды зерттеп, оның тенденциясын анықтаймыз, қоғамды шындыққа жақын
ақпаратпен қамтамасыз етеміз, болашаққа болжай жасай отырып көптеген
қателіктерді болдырмаймыз.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді
қорытындылаудың негізгі тәсілі топтастыру әдісі болып табылады.Қазіргі
таңда елімізде көптеген әлеуметтік – экономикалық процестер, яғни еліміздің
экономикасын көтерудің барысында, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға
көптеп күш жұмсалуда.Сол себепті халыққа көмек жасау үшін олардың
әлеуметтік деңгейін топтап, көмек беру үшін статистикалық топтаудың маңызы
зор болып табылады.
Курстық жұмыста 4 – кесте, 6 – суреттен тұрады. Кестелер әлеуметтік
желіден, статистика теория кітабінан алынды.
Қаралған тақырыптар әлеуметтік – экономикада көп қолданылады. Қазақстан
республикасының статистикалық басқармаларында көп қолданылады. Таратпалы
қатарлар жұмыты жеңілдетіп, қорытындыны тез алуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты – әлеуметтік экономикалық процестерде
графиктер арқылы даму қарқынын көру және статистикалық тұрғыда қолдану. Кең
көлемді мәліметтерді статистикалық топтастыру арқылы қысқартып, нақты
мәліметтер бойынша график тұрғызу.
Курстық жұмыстың міндеті :
статистиканың қоғамдағы ең қажетті болып саналатын статистикалық тотастыру
және сол бойынша график құру туралы толықтай мағлұмат беру;
алынған көрсеткіштер арқылы қорытынды жасай алу;
экономикалық маңыздылығын анықтай білу.
Курстық жұмыс жалпы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
Теориялық бөлімде әлеуметтік экономикалық статистикада графиктер
көрсеткіштеріне толық мағлұмат берілген. Көрсеткіштерді график арқылы
көрсету тәсілдері толық қамтылған.

І Әлеуметтік-экономикада статистиканың маңызы

1.1 Әлеуметтік – экономикалық статистикалық пәні, әдістері және
міндеттері
Әлеуметтік статистиканың пәні объектілері қоғамның, адамдардың өмірі
мен қызметінің әлеуметтік және демографиялық құрылымының, сондай – ақ олар
мемлекет пен және құқықпен жасайтын өзара қарым қатынастардың сандық
сипаттамасын зерттейтін.
Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Ерекше мәні мен зерттеу объектісі болады;
Сандық та, сондай – ақ сандық емес деректерді (реттік шкалада немесе
атаулы шкалада өлшенген) пайдаланылады;
Деректер сұраққа берілген жауап ретінде жиналады;
Әлеуметтік ақпаратты арнайы өңдеу мен жинап қорыту тәсілдерін (мысалы,
арнайы ұйымдастырылған зерттеулер) қолданады;
Әлеуметтік статистика пәні – қоғамнын әлеуметтік өмірінің қатынастары
жүйесін саны мен сапасына қарай бағалау, адамдардың мінез - құлқы мен
олардың расында игіліктердің бөліну заңдылықтарын анықтау.
Әлеуметтік статистиканың зерттеу объектілері мына екі түрге болінеді:
Жеке объект – адам, халық
Ұжымдық объект – адам топтары: отбасы (отбасылар), еңбек ұжымы
(ұжымдар), үй шаруашылығы (шаруашылықтар) және т.б.
Бақылау бірлігі – зерттеу мақсатына байланысты адам, үй шаруашылығы.
Әлеуметтік статистика мына бір неше тараудан құралады:
- Халық санының сататистикасы
- Отбасы мен үй шаруашылықтары статистикасы
- Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы
- Халықтың табысы мен шығысының статистикасы
- Халықтың тауарлар мен қызметтер тұтыну статистикасы
- Халықтың тұрғын үй жағдайы және тұрмыстық қызмет көрсету
статистикасы
- Халықтың бос уақыт статистикасы
- Халықты жұмыспен қамту және оның жұмыссыздық статистикасы
- Халықтың денсаулығымен оған медициналық қызмет көрсету
статистикасы
- Халыққа білім беру деңгейі мен оны оқыту жүйесі мен дамыту
статистикасы
- Сауықтыру және бос уақыт өткізу статистикасы
- Моральдық статистика
- Қоғамдық саяси жүйе мен қоғамдық пікір статистикасы
- Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау статистикасы
Әлеуметтік статистиканың әр саласында белгіленген әлеуметтік –
экономикалық көрсеткіштер қалыптасады. Осы көрсеткіштердің арасынан
халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің маңызы зор, өйткені олар:
Экономиканың жай – күйін, халықтың әл – ауқатын көрсетеді;
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін
пайдаланылады
Әр түрлі елдерден экономикалық даму деңгейлері халықаралық салыстыру
үшін қолданылады.

Әлеуметтік - экономикалық статистика сапасы анықталған жалпы әлеуметтік
– экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың үлесімін,
экономикадағы және әлеуметтік саладағы даму заңдылықтарын көрсетеді.
Статистика қоғамдық дербес ғылым ретінде елді басқару, мемлекеттік саясатты
әзірлеу мен нарықтық ахуалды бақылау үшін Қазақстан Республикасының жағдайы
мен оның дамуының кешенді сандық сипаттамасын қамтамасыз етуге тиіс.
Бақыланатын объектілер- барлық деңгейлерде орын алған жаппай әлеуметтік
экономикалық құбылыстар мен процестер:

А) микродеңгей – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;
Б) мезодеңгей – экономика саласы, экономика секторы, өнім;
В) макродеңгей – жалпы елдің экономикасы.
Әлеуметтік – экономикалық статистика теориялық жағынан экономикалық
теория мен философияның негізгі ережелері мен категорияларына негізделеді.
Экономикалық теорияда қоғамның даму заңдылықтары, олардың шығу тегі мен
маңызы қарастырылады. Диалектикалық тану әдісіне сәйкес статистика
қоғамдағы барлық құбылыстар мен процестерді бір – бірінен бөлмей, өзара
тығыз байланыстыра отырып, олардың үздіксіз өзгеруі мен даму тарихи
оқиғалар тізбегінде зерттейді. Статистикалық жалпы сандық ақпаратты
қолдану, бір жағынан, жалпы заңдылықтың санын растауға немесе жекелеген
теориялық ережелерді теріске шығаруға, ал екінші жағынан нарықтық
экономикадағы жаңа құбылыстарды, процестерді дұрыс бағалап, экономикалық
теорияны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Осыдан әлеуметтік –
экономикалық статистиканың экономикалық теория, философия және
математика(жоғары математика, ықтималдық теориясы және т.б.); салалық
экономика (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және т.б.), қоғамдық ғылымдар
(тарих, әлеуметтану, саясаттану, демография және т.б.) барлық басқа
ғылымдармен өзарабайланысы байқалады.
Әлеуметтік – экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының
негізгі ережелері мен әдістеріне негізделеді. Статистикалық әдістер қоғамды
зерттеудің келесі жүйелі үш сатысында қолданылады:
Статистикалық бақылау (бастапқы статистикалық ақпаратты жинау);
Бақылаудың нәтижелерін белгіленген статистикалық жиынтыққа жинақтау
және жинақтап қорыту;
Статистикалық ақпаратты талдау.
Әлеуметтік – экономикалық статистика жалпы ижалпы әлеуметтік -
экономикалық құбылысты статистикалық зерттеу (мысалы, халықты, өнім
шығаруда) ұйымдастыры, оның алғашқы сатысында келесі функцияларды
орындайды:
Бастапқы ұғымдар мен категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу
міндеттерін анықтайды;
Көрсеткіштер жүйесін және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасын
құрастырады;
Барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы немесе барлық
кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есептілік нысанында жаппай
санау арқылы немесе үй шаруашылықтарын іріктеме тексеру арқылы ақпарат
жинайды.
Статистикалық бақылаудың екінші сатысында жиналған фактілер жинақтап
қорытылады, бірдей ұқсас белгілер бойынша топтарға бөлу және біріктіру
арқылы жүйеленеді. Бірлік топтары мен жалпы жиынтық көрсеткіштердің
қорытындылары мен сомалары есептеледі. Әлеуметтік – экономикалық статистика
топтастыру әдісінің көмегімен бірліктердің типтерін,топтарын шағын
топтарының басты белгілері бойынша зерттейді, белгінің жеке көрінісін
сипаттаудан бүкіл массадағы жалпы көріністі сипаттауға көшеді. Мысалы
қазақстан халқын жан басына шағылғын орташа табысының мөлшері мен жан
басына шағылған орташа ақша жинағы бойынша топтастыру арқылы халықтың өмір
сүру деңгейін көруге болады. Статистикалық жұмыстың үшінші сатысында
кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, сондай- ақ жалпы
кезең ішінде кәсәпорындардың салалардың, секторлардың экономикалық
қызметінің нәтижелеріне және еліміздің жалпы экономикасына факторлардың
жасағанықпалы бағаланады. Ұдайы өндірістің барлық жақтарының байланысы мен
тәуелділігін зерттеу үшін көрсеткіштерді талдап қорыту, яғни вариация
белгілерінің динамикасы, орташа шама, көрсеткіштерін есептеу; құбылыстар
динамикасы; индекстер; корреляция; детерминация есептеу; баланстық әдіс,
теориялық- ықтималдық әдістері қолданылады. Жиналған дәне топтастырылған
ақпараттарды тиімді етіп көрсету үшін статистикалық кестелермен
графиктердің барлық түрлері пайдаланылады.
Әлеуметтік – экономикалық статистика салалық статистикалармен
байланысты. Олар экономиканың жеке салаларын, тауарларын(мысалы,
демография) немесе категорияларды (мысалы, бағдарлар) зерттейді және
макроэкономикалық көрсеткіштерді, яғни еңбек ресурстарын, жалпы ішкі өнімді
және т.б. есептеу үшін мәлімет ұсынады. Әлеуметтік – экономикалық
статистикалық салалық статистикалармен байлайнысы халықаралық статистика
мен бухгалтерлік есеп жөніндегі стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесін(ҰШЖ)
құрудың біріңғай әдістемесіне негезделеді. Бұл ретте Біріккен Ұлттар
Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі (1993 жылғы нұсқа) халықаралық практикада
қабылданған нарықтық экономиканың статистикалық моделі болып табылады.
Қазақстанда ҰШЖ 1993 жылы ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып
енгізілді, ол елдің статистикалық ақпаратқа ішкі қажеттілігін
қанағаттандыруға және макроэкономикалық көрсеткіштерді халықаралық деңгейде
салыстыруды қамтамасыз етеуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік – экономикалық статистикалық ұлттық экономикалың жай – күйі
мен дамуын көрсететін статистикалық көрсеткіш жүйесінің қалыптасуын
зреттейді. Әлеуметтік - экономикалық статистиканың көрсеткіштеріне:
1) Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.
2) Ұлттық байлықтың көрсеткіштері.
3) Шығын мен аралық тұтынудың көрсеткіштері.
4) Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштер.
5) Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері.
6) Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері.
7) ҰШЖ баланстық құрылымдарының көрсеткіштері.
8) Әлеуметтік статистика көрсеткіштері.
Көрсеткіштер жүйесі Қазақстан Республикасында нарықтық қаты-
настарының дамуына орай жетілдіріледі.
Көрсеткіштер жүйесі:
Зерттелетін әлеуметтік – экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымы мен
динамикасын;
Еңбек, материалдық, қаржы ресурстарының факторлары мен олардың тиімді
пайдаланылуын;
Өндіріс пен тұтыну арасындағы; тұтыну мен жинақтаудың, әр түрлі меншік
нысанындағы кәсіпорындар арасындағы, экономиканың секторлары арасындағы
пропорцияны (үйлесімді);
Жалпы ұдамы өндіріс процесі мен оның жекеленген сатыларын жаппай
әлеуметтік – экономикалық құбылыстарының, яғни ұлттық табыс өндірістінің,
бөлудің, айналысының, оны пайдалану мен жинақтаудың заңдылықтары мен
байланыстарын;
Экономиканың барлық салаларының, республика өңірлерінің даму
заңдылықтарын салааралық дәне өңіраралық байланыстарды жеке қарастырып
статистикалық бағалау үшін қажет.
Әлеуметтік – экономикалық статистикалық негізі міндеттері мыналар болып
табылады:
Статистикалық көрсеткіштер жүйесін ҰШЖ бойынша ғылыми әзірлеу мен
жетілдірілу (атап айтқанда, ұлттық байлықтың, ресми емес және жасырын
экономиканың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның сапасы мен ақшалай
бағасының толық құрамы мен көлемін анықтау);
Қазақстан Республикасыныңи әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы
мәлімет жинау және жан – жақты көрсету;
Талдау және мемлекеттік және өңірлік деңгелерде негізделген
басқарушылық шешім қабылдау үшін барлық пайдаланушылары (басшы, қоғамдық,
әлеуметтік, ғылыми, коммерциялық құрылымдарды) сапалы және дұрыс ақпаратпен
уақытында қамтамасыз ету;
Ұлттық байлықтың өсу резервін, жұмыс істейтін халықтың толықты
пайдаланбау, жұмыссыздық салдарынан жоғалтылған өнімді анықтаудың
статистикалық әдістерін жетілдіру және пайдалану;
Әлеуметтік статистика саласында әсіресе Қазақстан халқының өмір сүру
деңгейін анықтауда арнайы ұйымдастырылған бақылауды (мониторингті),
іріктеме зерттеуді қолдану;
Экономиканың тепе – теңдігінің, пропорционалдылығын (үйлесімділігін)
оның барлық деңгейлерінде статистикалық бағалау;
Макродеңгейдегі баланс, қардылық есепті, ҰШЖ бойынша салааралық баланс
әзірлеу және жасау;
Халықаралық салыстыру жасау;
Экономикалық – статистикалық талдауда статистикалық математикалық
әдістерді қолдану;
Әлеуметтік – экономикалық себептілік – салдарлық байланыстардың
келешегін болжау және модельдеу, бизнес – тәуекелдерді бағалау;
Бухгалтерлік және статистикалық есептілік нысандарын жетілдіру.

Халық статистикасы
Халық – осы елдің аумағында тұратын адамдыр. Санақта халықтың белгілі
бір мерзімде қалыптасқан жағдай бойынша саны есептеледі. Статистикада жалпы
халық пен оның жекелеген топтары (жұмыс істейтін, жұмыссыз, еңбекке
жарамды, қаладағы, селодағы, ерлер, әйелдер және т.б.) халықты байқау
объектісі болып табылады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.
Еңбекке жарамды жастағы халық – халықтың ақыл оймен және күшімен еңбек
етуге қабілетті бөлігі (ҚР еңбек заңнамасына сәйкес оған 16-63 жас
аралығындағы әйелдер жатады).
Еңбекке қабілетті жастағы еңбекке жарамды халықтың саны еңбекке
қабілетті жастағы халықтың санынан (тұрақты) әлеуметтік қорғау органдарында
зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін I және II
топтағы мүгедектердің санына және еңбекке қабілетті жастағы, жеңілдікпен
жасы бойынша зейнетақы алатын жұмыс істемейтін зейнеткерлердің санынан аз.
Халық пен Еңбек статистикасынаң міндеті мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасы халықтың саны туралы ақпарат жинау;
Халықтың құрамын жынысы, жасы, ұлты, өнері, отбасы жағдайы, кәсіп түрі,
күнкөріс көзі және т.б. белгілер бойынша зерттеу;
Халықтың табиғи қозғалысын зерттеу;
Халықтың көші – қон қозғалысын зерттеу;
Еңбек нарығын, жұмыс істеу мен жұмыссыздықты зерттеу;
Халықтың санын болжау.
Халық туралы ақпарат көздеріне мыналар жатады:
Халық санағы – саны уақыт сәтіне (2009 жылы– ақпанның 24- пен 25
қараған 00 сағатта) қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстан Республикасының
әрбір азаматын сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік дерек жинау
процесі. Қазақстан аумағында халық санағы 1897, 1920, 1926, 1939, 1959,
1970, 1979, 1989, 1999, 2009 жылдары жүргізілді.
Халық санағының арасындағы аралықтардағы ағымдағы есеп:
Халықтың табиғи қозғалысы( туу, өлім, некелесу, неке бұзу) азаматтық
актілердің жазу нысанында;
Халықтың көшу қонуы, келген, кеткен жерге жеріне статистикалық есепке
алу талон түрінде жүргізіледі.
Іріктеме бақылауды халықтың әлеуметтік – демографиялық құрамы,
Қазақстан Республикасы мен оның жекелеген өңірлерінде жұмыспен қамту туралы
қосымша мәлімет алу мақсаты қойылады.
Кәсіпорындардың еңбек бойынша статистикалық есептілігі – жұмыс істейтін
халықтың еңбек қызметін сипаттайды.
1999, 2009 жылдары жүргізілген халық санағының айта кетерлік
ерекшелігі - осы санақ кезінде үй шаруашылығына бақылау жүргізілгені. Үй
шаруашылығы – бірге тұратын, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктіретін
(толықтай немесе ішінара), тұрғын үйді бірге пайдаланып, тамақ өнімдерін,
қызметтерді бірлесіп тұтынатын адамдардың тобы.
Үй шаруашылығының отбасының ерекшеліктері:
Міндетті түрде туысы емес адамдардың бірге тұруы және олардың ортақ
шаруашылық жүргізуі;
Үй шаруашылығы өзін – өзі материалдық жағынан қамтамасыз ететін бір
адамнан тұруы мүмкін.
Халықтың саны келесі категориялар бойынша, яғни тұрғылықты халық, нақты
халық және олармен тығыз байланысты – уақытша кеткендер және уақытша
тұратын халық болып есептеледі.

1.2 Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері

Қазақстан экономикасының белгіленген уақыт кезеңіндегі жай күйі ұлттық
шот деп аталатын баланстық кестелерде санмен көрсетіледі. Макроэкономикалық
көрсеткіштерді жүйесі нарықтық экономиканы тиімдеу реттеу үшін қажет.
Ұлттық шоттарды әзірлеу үшін ақпарат ретінде өндіріс, бюджет, әлеуметтік
қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс статистикасының,
сондай – ақ салық және кеден статистикасының деректері пайдаланылады.
Шығарылым (Ш) – бұл экономиканың резидент – бірліктерінің есепті кезең
ішіндегі өндірістік қызметінің нәтижесінде жасалған тауарлар мен
қызметтердің жиынтық құны. Шығарылым өндіріс шотында және тауарлар мен
қызметтер шотында жазылады.
Экономиканың жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) шығарылым мен аралық тұтынудың
арасында (өндіріс шотында) айырма ретінде анықталады. Шығарылым сияқты
қосылған құн да негізі бағаларда бағаланады
ЖҚҚ негізгі бағаларда = B негізгі бағаларда – АТ – ҚДЖЕК, мұнда: ҚДЖЕК
қаржы делдалдарының жанама есептелетін қызметтері;
Экономика салалар мен секторларында есептелген сол бір сомаларды
екінші қайтара есептеуге жол бермеу үшін олар шегеріледі.
Алайда қолданыстағы әдістеме бойынша ҚДЖЕҚ бөлінбейді және тиісті
бірліктердің аралық тұтынуында көрсетілмейді, олар шығарылымы нөлге тең
экономиканың аралық тұтыну шығысында дереу жатқызылады.
ЖҚҚ – ны тұтынушының нарықтық бағасында есептеу үшін өнімнің таза
салығы мен импортты қосу қажет:
ЖҚҚ тұтынушының нарықтық юағасында = ЖҚҚ негізгі баға + ТС өнім мен
импортқа (ҚҚС қоспағанда),
Мұнда: ТС өнім мен импортқа (ҚҚС қоспағанда) =С өнім мен импортқа (ҚҚС
қоспағанда) – Д өнімге (импортқа демеу қаржыны қоспағанда).
Таза қосылған құн (ТҚҚ) жалпы қосылған құннан өндіріс шотында негізі
капиталды тұтынуды (НТҚ) шегеру, яғни ТҚҚ = ЖҚҚ – НКТ.

Еңбек статистикасы
Қазақстанда еңбек нарығының жай – күйі мен дамуының сипаттамасы еңбек
етуге қабілетті жастағы еңбекке жарамды халық категориясымен байланысты.
Халықтың қай бөлігі еңбек ететін халықты (еңбек ресуртарын) құрайды?
Еңбекке қабілетті халық (еңбек ресурстары) – еңбек етуге қабілетті
халық, яғни нақты жұмыс ітейтін және экономикада жұмыс істейтін, алайда
еңбек ете алатын ықтимал қызметкерлер. Еңбек ететін халық экономикалық
белсенді белсенді халыққа және экономикалық белсенді емес халыққа бөлінеді.
Экономикалық белсенді халыққа(жұмыс күші) – халықтың тауар мен қызмет
өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Хаылқаралық
стандарттарға сәйкес экономикалық белсенді халыққа 15 жастан бастап және
одын ересек адамдар жатады. Экономикалық белсенді халықтың саны экономикада
жұмыс істейтін және жұмыссыз адамдардың санының сомасы ретінде есептеледі.
Экономикалық жұмыс істейтін
жұмыссыз
Белседі = халықтың саны +
халықтың саны
халықтың саны
Экономикалық белсенді жастарға 15 – 24 жас аралығындағы жұмыс істейтін
және жұмыссыз халық жатады.

Еңбекші халықтың (еңбек ресурстарының) категориясы
Ұшж – де жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық жалдамалы
қызметкерлер және жалдамалы емес жалдамалы емес немесе дербес жұмыс
істейтін қызметкер деп екі категорияға бөлінеді.
Қызметкерді тиісті катергорияға жатқызу оның сыйақыны, ненің негізінде
алатынына негізделеді. Жалдамалы қызметкерлер – кәсіпорынның (ұйымның)
басшысымен шарт (келісімшарт) жасасқан азаматтар. Олар еңбек шартына сәйкес
жұмыс істейді және кәсіпорыннан еңбекақы немесе лауазымдық жалақы
нысанындағы кәсіпорнынның қосылған құнының бөлігі болып табылатын сиақы
алынады.

1.3 Үй шаруашылықтарына ішінара бақылауды ұйымдастыру

Халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері жөніндегі ақпарат негізінен
үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудан алынады.
Үй шаруашылықтарын ішінара бақылау үй шаруашылықтарының құрамы,
халықтың ақшалай табысымен шығысының деңгейі және құрылымы туралы мәлімет
алу мақсатында жүргізіледі.
Үй шаруашылықтарының ішінара бақылау қағидалары:
үй шаруашылықтарының жиынтығын іріктеп республикалық және облыстық
деңгейде жүргізілуі тиіс
тауарлар мен қызметтердің кең түрде жіктеу пайдаланылады
экономика тұрақсыз, бағалар әр түрлі және инфляция жағдайында халық өзі
жұмсайтын шығысын иесіне түсіруі қиын болғандықтан, ұдайы ақша шығысын
тіркеу үшін қысқы (екі мерзімдік) уақыт аралығы қолданилады
Қазақстанда шаруашылықтарының іріктеме жиынтығы 1999 жылы
ҚР халық санағының қорытындылары бойынша Тұрғын уй жайлары тізбесінің
негізінде аумақтық бөлініс бойынша қалыптастырылады.
Үй шаруашылықтарының бүкіл (Бас) жиынтығы мына алты стратаға бөлінеді:
үлкен - үй шаруашылықтарының саны 30 мың бірліктен асатын ірі қалардың
үй шаруашылықтары кіреді;
орташа - үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен асатын, алайда 30
мың бірліктен аспайтын орташа қалалардың үй шаруашылықтары
шағын - үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын
қалалардың қала тұсында кемттердің үй шаруашылықтары
Алматы қаласының үй шаруашылықтары
Астана қаласының үй шаруашылықтары
Селолық елдімекендердің үй шаруашылықтары
Тұрғын үй – жайлардың жеке үй, жеке үйдің бөлігі жеке пәтер сияқты
түрлерінде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады. Іріктеу көлеміне 12
мың үй шаруашылығы кіреді. Шаруашылықтардың ҚР барлық өңірлерінің болуын
қамтамасыз ету үшін олар көп сатылы кездейсоқ – ықтимал іріктеу әдісімен
құрылады.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен құн көрсеткіштерінің жүйесі
Халықтың өмір сүру деңгейі – лайықты өмір сүруге арналған материалдық
ресурстарға: салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік ұтқырлықты
қамтамасыз етуге, ақпаратпен алмасуды және қоғам өміріне қатысуға қол
жеткізу.
Халықтың өмір сүру деңгейі күрделі экономикалық категория ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық статистика
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтік – экономикалық статистиканың мазмұны мен мақсаты
Статистиканың жалпы теориясы
Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері. Статистикалық талдауда вариация көрсеткіштерін қолдану
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Статистикалық бақылау зерзаты
Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Пәндер