Ескендір ЖШС тауар ассортиментінің қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 ӘРТҮРЛІ ТИПТЕГІ САУДА КӘСІПОРНЫНДА ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
5
1.1 Тауар түрлеріне және ассортменттеріне сипаттама 5
1.3 Тауар ассортиментін топтастыруды ұйымдастыру және оның тиімділігі
8

2 САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ТАЛДАУ 11
2.1 Өнім өндіру көлемін, ассортиментін және өткізуді талдау 11
2.2 Тауарды өткізуді ынталандыру құралдары мен формалары 20
2.3 Тауар өнімінің құрылымын талдау 21

3 КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ КОММЕРЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ
ФОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 28
3.1 Тауарды өткізуді ұйымдастыру мен ынталандырудың формалары 28
3.2 Кәсіпорындардағы коммерцияны ұйымдастыру мен ынталандырудың
формаларын жетілдіру жолдары 34

ҚОРЫТЫНДЫ 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты жолдауындағы: Біз бүгінгі Жолдау
арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа
бағдар жасадық [1,7б] деп елбасы айтқандай осы ұстаныммен алдағы болашаққа
аяқ басып келеміз. Нарықты жинақты зерттеу ережесі бойынша, тауарды
зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті,
тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар - қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатынның
барлығы және ол тұтыну мақсатында нарыққа ұсынылады.
Былай деп, алдын ала болжау жасалық, әйел сұлу болып көрінсем деген
мұқтаждықты басынан кешіруде, бұл мұқтаждықты қанағаттандыруға тауардың
баршасы қабілетті, біз болсақ таңдау үшін тауар ассортиментін атаймыз. Бұл
ассортимент өзіне косметиканы, жаңа киімді, курорттық күнге қыздырынуды,
косметологтың қызметін, пластикалық операцияларды және т.б. кіргізеді.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Бұйымдар мен қызмет
түрлерінен басқа, бұл жеке адам, орын, ұйымдар, қызмет түрлері және идеялар
болуы мүмкін. Теледидардан қандай көңіл көтеретін хабар көргісі келеді,
демалысқа қайда бару керек, қай ұйымдарға көмектескен дұрыс, қандай
идеяларды қолдаған жөн, осылардың барлығын тұтынушылардың өздері шешеді.
Нақты тауар және нақты адам қажеттілігін, қанағаттандыруды келесі
сурет арқылы көз алдыға елестетуге болады.
Тауар тұтынушының талап–тілегіне неғұрлым толық сәйкес келген сайын,
өндіруші соғұрлым мол табысқа қол жеткізеді. [2, 54б]
Логикалық қорытынды мынада, өндірушілер тауарларын сатқысы келетін
өздерінің тұтынушыларын іздеп тауып, олардың қажеттіліктерін анықтап, содан
кейін осы қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын тауарлар шығаруы
тиіс.
Адамдар өз мұқтаждықтары мен талап–тілектерін айырбас көмегімен
қанағаттандыруды шешкен жағдайда, маркетинг орын алады. Айырбас–орынына
айырбасқа бір зат ұсына отырып, қандайда бір өзі қалайтын объектіні алу
актісі.
Айырбас арқылы жеке тұлғалар өздері қалайтын объектіні ала алатын төрт
тәсілдің бірі болып саналады. Мысал үшін, ашыққан адам келесі тәсілдермен
тамақ табуы мүмкін: аңға шығудың көмегімен, балық аулаумен және жидектерді
жинаумен (өзін-өзі қамтамасыз ету), тамақты біреулерден ұрлау (жеп қою),
оны сұрап алумен (қайыр тілеу арқылы сұраншақпен), өзін тамақпен қамтамасыз
етуі мүмкін және ең соңында, оған тамақ бергені үшін оны өтеудің құралы,
ақша, басқалай тауар немесе қандай бір қызмет түрін көрсетуді (айырбас)
ұсынады. Мұқтаждықтарды қанағаттандырудың төрт тәсілінің ішінде айырбас
неғұрлым басымдыққа ие. Бұл арқылы адамдар басқалардың құқына қол
сұғуларына, әлдекімдердің қайырымдылығына тәуелді болмайды. Олар оны шығара
ала ма, жоқ па оған қарамастан бірінші қажеттіліктегі кез–келген затты
олардың өз беттерімен шығаруына тура келмейді. Өндірістің, өздері жақсы
меңгерген заттарды шығаруға жұмылып, содан кейін оларды басқалардың жасап
шығарған қажетті заттарына айырбастауға болады. Нәтижесінде қоғамдағы
тауарларды өндірудің жиынтығы өседі.
Берілген жұмыста зерттеу объектісі болып Ескендір ЖШС табылады.
Зерттеудің пәні Ескендір ЖШС тауар ассортиментін талдау болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның коммерциялық қызметінің
бағыттарын жетілдіру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
1) Әртүрлі типтегі сауда кәсіпорнында тауар ассортиментін қалыптастыру
2) Сауда кәсіпорндарындағы тауар ассортиментін талдау
3) Кәсіпорындардағы коммерцияны ұйымдастыру мен ынталандырудың
формаларын жетілдіру жолдары.
Осы курстық жұмысты жазу барысында Коммерциялық қызмет, Менеджмент,
Маркетинг пәндері бойынша әдебиеттер кеңінен қолданылады, және де
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік бойынша материалдар мен
Ескендір ЖШС қызметінің көрсеткіштері мен аралық басылымдары қолданылады.

1 ӘРТҮРЛІ ТИПТЕГІ САУДА КӘСІПОРНЫНДА ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.1 Тауар түрлеріне және ассортменттеріне сипаттама

Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде
қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе
бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан,
сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар
бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына қарай тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске
арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушы
қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар - күнделікті сұранымдағы,
алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең)
сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл
тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы
тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды
жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрi оларды күнделiктi сатып
алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы
тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және
сатып алу процесінде олардың безендірілуіне баса назар аударып,
қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға
жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы
тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу
үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары,
электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең)
сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу
туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер,
сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.). [3, 72б]
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе
өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар,
жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар
номенклатурасы ұғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасы – нақты
сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бiрлiктерiнiң
барлық ассортименттiк топтарының жиынтығы.
Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықтығымен, тереңдігімен және
үйлесiмдiлiгiмен сипатталады.
Тауар номенклатурасының кеңдігі деп фирма шығарған ассортименттік
топтардың жалпы санын айтады. Мысалы, Ақсай-нан ұн өнімдерінің 5
ассортименттік топтарын шығарады. Олар – нан, ойық тоқаш нан, пряник,
сухари (кептірілген нан), кондитер өнімдері.
Тауар номенклатурасының толыққандығы деп – барлық ассортиментті
құрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады. Мысалы, Ақсай-нан нан
өнімдерінің 14 түрін шығарады.
Тауар номенклатурасының тереңдігі – бұл әр ассортиментті топ шегіндегі
ұсынылған тауар нұсқалары. Мысалы, Ақсай-нан жұмсақ нан, жай нан, макпен,
жүзіммен тоқаш пісіреді. Бұл ұсыныс тереңдігі 4-ке тең екенін түсіндіреді.
Тауар номенклатурасының үйлесiмдiлiгiне әр түрлі ассортимент
топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын
талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштерi тұрғысынан өзара
ұқсастығы жатады. Ақсай-нан компаниясының ассортименттік тауар топтарының
номенклатурасы үйлесiмдi, себебі – осының барлығы, тек әдеттегі тарату
арналары арқылы өтетін күнделікті сұраныстағы тауарлар.
Тауар номенклатурасын сипаттайтын бұл 4 көрсеткіш фирманың тауар-
номенклатурасын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасына
тауарлардың жаңа ассортименттік топтарын қоса отырып кеңейте алады. Фирма
шығарылатын тауардың өлшемін өзгерте отырып және оған әр түрлі қоспалар
қосу арқасында тауар номенклатурасын тереңдете алады. [4, 17б]
Маркетингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген
түсінік кездеседі.
Нақты өнім нақты сипаттары бар тауардың негізгі физикалық мәнін
көрсетедi. Мысалы, Kodak фотоаппараты, Bosсh кір машинасы, Сұлтан
макароны, Нұр шарабы, т.б. сияқты.
Кеңейтілген өнім – тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның
қызмет көрсетуін білдіреді. Мысалы, Pentium компьютерін сатып алуды
тұтынушы оны пайдалану мен қызмет көрсету ережесін және бағдарламалар
пакетін алумен байланыстырады.
Жинақталған өнім – бұл маркетинг тұжырымдамасына сай тауардың ауқымды,
айтарлықтай кең анықтамасы. Берхаус фирмасының киiмдерiн сатып алған
тұтынушы өзін жас, сән-салтанатты, қайратты немесе нәзік сезінуі мүмкiн.

1.2 Тауарды қасиетіне байланысты топтастыру

Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін
әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
1. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы
еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын
заттарды айтады;
б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы
жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек
жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
2. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер)
тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін -
экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.
Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі
ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен
шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада
бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың
болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның
нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі
қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну
құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді,
яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз
тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен
айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай
формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі
болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады.
Тауардың екі қасиеті бар:
а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның
тұтыну кұны деп атайды.
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара
пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды
алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер
бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған
еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады
деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін
пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының
өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек
теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси
экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге
жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті
еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші
еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол
жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына
байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір
тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты
еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы
болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы
жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті
абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан
мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен,
өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.
Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты.
А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік
жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін
іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық
өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті
жұмыс уақыты арқылы анықтады.
Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері
(К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін
сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті
баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және
оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады. [5, 28б]
Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең
қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды
ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең
соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.
Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің
әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша
пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген
мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын
алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке
ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы
аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон
ұмтылыстар жасады.
Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың
тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі
пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және
оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу
әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың
өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз
шешімдерін тапты.

1.3 Тауар ассортиментін топтастыруды ұйымдастыру және оның тиімділігі

Тауар ұғымына тауар саясаты жатады, яғни нарыққа ұсынылған тауар
ассортиментi, олардың сапасы, дизайны, нарықта өмiр сүру уақыттары,
орауы, таңбасы жатады.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық
сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. [6,
39б]. Мысалы, ФудМастер компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг
стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар
жинағын) өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.
Тауар ассортиментiнiң кеңдiгi фирманың мақсаттары мен мiндеттерiне
байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететiн фирма ауқымды тауар
ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда
ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған
сайын фирманың тауар ассортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу
(наращивание) және толықтыру (насыщение) арқылы жүзеге асырылады. Тауар
ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға немесе екi бағытқа да бірдей жылжуы
мүмкін.
Тауар ассортиментiнiң жоғарыға қарай өсуi. Екінші деңгейде, яғни
нарықтың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына
қарай ұмтылады. Нарықтың жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және
пайданың мол түсуін қажет етедi. Жоғарыға қарай өсу көптеген құралдар мен
тәуекелділікті талап етеді. Нарықтың жоғарғы эшалонында орныққан
компаниялардың позициялары мықты, ал оның төменгі сатысындағы
бәсекелестерінің мүмкіндіктері аз. Сондықтан жоғарғыдағылар нарықтың
төменгі эшелонында әрекет ету туралы шешім қабылдауы мүмкін. Әлуетті
тұтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға
мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарықтың жоғары
деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен делдалдарының кәсіби
біліктілілігі мен қабілеттілігі жетпеуі мүмкін.
Тауар ассортиментiнiң төменге қарай өсуi. Көптеген фирмалар нарықтың
алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда,
фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшiн басқа да
нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсудi нарықтың
жылдам дамушы сегментіне ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы
мүмкін. Бірқатар американдық фирмалар (Форд, Дженерал Моторс) 70-
жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны, яғни
нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мұны жапон
фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін
қамтып алды.
Тауар ассортиментiнiң жоғары және төмен өсуi. Нарықтың орта эшелонында
әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғарыға да,
төменге де өсіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай
жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен
сатуы қажет. Фирма жоғарыға қарай өсуi үшiн жоғары сапалы тауарлар шығарып,
оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы тиіс.
Осындай амал қолдану арқылы Sony корпорациясы дербес аудиоплеерлердiң
әлемдiк нарығында алдыңғы қатарға шықты.
Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше
себептері бар:
– табысты көбейту қажеттілігі;
– ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірін
ескеру;
– фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;
– бәсекелестердің іс-қимылын бейтараптандыру.
Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа
тауар айтарлықтай ерекшеленуі керек. Алайда, тауар ассортиментінің толығуы
жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады. Себебі, тауарлар бір-бірімен өзара
бәсекеге түседі, ал тұтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкiн. [7, 45б]
Тауарлық ассортименті бойынша дүкендердің мынадай типтері бар:
1. Супермаркеттер - үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар
ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер.
Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде
азық-түлікпен қатар күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің
ауданы 400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.
2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5 мың шаршы метрге
дейін жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге
қарағанда 2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен,
көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Олардың ассортиментінде азық-түлік және
басқа тауарлары бар.
3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі шаршы
метрге жетеді. Супермаркеттің, көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме
сауданың негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін,
азық-түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім
және тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға
арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы
Wal-Mart, Алматыдағы Рамстор-Бутя дүкендер жүйесі.
4. Cash & Carry дүкендері. Ауданы - 400 шаршы. м. жоғары. Жұмыс
күшін үнемдеу арқылы тауарларын төмен бағамен сата алады. Көбіне азық-түлік
тауарларын ұсынады.
5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтарын, алуан түрлі
ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім-кешек, аяқ-киім, және т.б.)
6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін
ұсынады. Сауда орындарының жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты олардың
саны азаюда.
7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен
арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортиментті тауарларды ұсынады.
Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині.
8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні жұмыс
істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар
бағасы жоғары болады.
Сонымен, сауданы ынталандыру іс-шаралары бөлшек және көтерме
саудагерлерге сауда нүктелерінде тауар ассортиментін қолдануды талап етеді.
Бәсекелестердің күші қашанда жоғары, сондықтанда өндірушілер бағаға
жеңілдік, компенсация, тауарды қайтаруда кепілдік жасап отыруы тиіс.

2 САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ТАЛДАУ

2.1 Өнім өндіру көлемін, ассортиментін және өткізуді талдау

Өнімді өндіру көлемі мен оның өткізу өзара байланысты
көрсеткіштер. Нарық толыған сайын және бәсекелестік күшейген сайын
сату көлемін өндіру апны талмайды, керсінше сатылуы мүмкін көлем
өндірістік бағдарламасы өңдеу негізгі болып табылады, яғни кәсіпорын
тек нақты түрде өткізе алатын өнім көлемін өндіру қажет.
Тұтынушылар-өндіріс процесі кезінде тауар немесе қызметті тұтынатын
ұйымдар және жеке тұлғалар.
Тұтынушыларды талдаған кезде келесідей топты жүйелеуге болады:
Негізгі өнімді тұтынушылар, жеке тұлғалар.
Ескендір ЖШС фирмасы тұтынушылар үшін нарықта өз қажеттіліктерін
толығымен қанағаттандыру мақсатын жүзеге асыру. Әрбір тұтынушы тауар сатып
алар алдында өз қажеттілігіне және бұл тауардың пайдалылығына арентация
жасау қажет. Ескендір фирмасы тұтынушылардың талғамына, қалауына,
тандауына, тауардың пайдалылығына баса назар аударады. Осы тұрғыда фирма
өзінің тұтынушыларын қанағаттандыратын тауармен қызыметін анықтайды.

Кесте – 1. Тұтынушылар типі

Тұтынушылар Өнім Тұтыну Келісішарт Жалпы Өндіріс
типі түрі: көлемі, С жағдайы өткізу көлеміне
негізг көлеміндегтұтынушылар
і і үлесі әсерінің
тиімділігі, Э
1.Негізгі + 260540.5 Қолма-қол 60.8 58.4
өнімді
тұтынушылар
2.Жеке + 185308.5 Қолма-қол 43.2 41.5
тұтынушылар
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Кесте – 2. Ескендір ЖШС фирмасының тұтынушылар нарығы

Айнымалылар мәні Типті бөлу
Географиялық ұсыным Қарағанды облысы

Кесте – 2 жалғасы

Регион Қарағанды, Теміртау қалалары. Бұқар-Жырау
ауданы.
Психиологиялық ұстаным Жоғарғы – орта – төменгі.
Адам типтері Әуесқой, Салқынды, сусынға құмар
Қоғам кластары Өмір сүйгіштер
Мінез- құлық ұстаным Сапасына көңіл бөлу, жиі сатып алу, жай
және арнайы жағдайда сатып алу.
Демографиялық ұсыным Ой еңбегімен, техника маманымен
айналысатын лауазымды адамдар, орта
буындар, үй билері, жұмысшылар,
жұмыссыздар.
Жас мөлшері 4-65 жастан асқандар,бөбектер, балалар,
жас өспірімдер, жастар, сткуденттер, орта
жастағылар, егде жастағылар, кәрілер.
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Ескендір ЖШС фирмасының тұтынушылары осы аймақтағы көтерме саудамен
айналысатын кәсіпкерлердің барлығын жатқызамыз. Соның ішінде ең ірі тауар
өткізу нүктелері :

Кесте – 3. Тауар өткізу нүктелері

Тұтынушылар Мекен- жайы
Ануар Қарағанды қаласы ,
19-орам
Девятый , Мадина, Алатау Сатыбалдин 8
Бек, Ғасыр Жамбыл көшесі , 87, 97
Майқұдық Чапаев көшесі , 67
Выбор, Самади Карбышева , 1
Ескендір , Ар-Ай, Барыс Мұқанов, 55
Олжас , Раха Мұқанов,53
Супер-Маркет, Самади, Агенства
Толқын, Құралай Бейбітшілік даңғылы ,2
Диас , Супер Алиханов көшесі,21
Таня Фурган, Екатерина, Гапеев көшесі,22, 37
Айнұр

Кесте – 3 жалғасы

Саят Гоголь көшесі,68
Керуен, Ғалым Республика көшесі , 13
О, ғажап Теміртау қаласы ,
Тәуелсіздік даңғылы
Салтанат, Екатерина Ленин көшесі ,
Океан, Акцент Құрылысшылар даңғылы.
Жастар Құрылысшылар даңғылы.
Қарлығаш Үштөбе қалашығы,
Центральная көшесі.
Сая Жансүгіров көшесі.
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Жабдықтаушылар – компанияны және олардың жеке бәсекелестерін
материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін іскерлік фирмалар және жеке
тұлғалар.Жабдықтаушыларды талдаған кезде жеткізілетін қызметтің түрі мен
көлеміне байланысты айрық шаланатынын көруге болады. Ескендір ЖШС
кәсіпорынында материалды жабдықтау өзара келісілген келісім – шарт
негізінде жүргізіледі.
Сату көлеміне жабдықтың әсерінің тиімділігі жабдық сомасының өнім
өндірісі көлеміне қатынасымен есептеледі:

Э = ПО* 100%
(1)

Осы берілгендер нәтижесінде жабдықтың өндіріс көлеміне тигізетін
тиімділігінің жылдан-жылға азайғанын байқауға болады.
Ескендір ЖШС фирмасының тікелей әсер ету ортасы болып отырған
жабдықтаушылары да баршылық. Ескендір ЖШС жабдықтаушылары фирма
тауарларының жоғарғы қызығушылық тұрғыда өтуіне мүмкіншілік береді.
Ескендір ЖШС жабдықтаушыларының сапасы өте жоғары. Ескендір ЖШС фирмасы
үлкен, танымал жабдықтаушылармен қарым-қатынас жасайды.
Ескендір ЖШС фирмасының жабдықтаушылар өз ара жасалған келісім-шарт
бойынша жұмыс жасайды. Ескендір ЖШС фирмасы осы өзіміздің еліміздегі,
яғни Қазақстан жабдықтаушылар мен қатар шетелдермен, яғни Ресей
жабдықтаушылармен тығыз байланыста болады. Ескендір ЖШС фирмасының
жабдықтаушылары Асар LTD; Казсформ; Каз Сибирский Берег; Марта и;
ИКР, ОАО Қарағанды кәмпиттері, Чебурашка, Харьковчанка Ескендір
ЖШС фирмасының жабдықтаушыларына толығырақ тоқталамын.

Кесте – 4. Ескендір ЖШС фирмасының жабдықтаушылары

Жабдықтар Іскерлік фирмалар, және тұлғалар мекен
жайлары.
Констрат Асар LTD
Какао. Қарағанды қаласы.
Бөтелке (пластмасса) Казсформ.
Қақбақтар (қақпақ) Казсформ.
Бөтелке (шыны) Мадина.Теміртау қаласы.Абая, 97
Пакеттер (конфетке арналған) Чебурашка. Қарағанды қаласы.
Гоголя көшесі, 86.
Котик. Алматы қаласы, Теміртау көшесі,12
ОАО Конфеты Караганды. Гоголь көшесі,76
Тел\факс 8(7212) 56-26-55
Харковчанка. Кацарская көшесі,24\26
тел\факс (057) 712-86-53
Пакеттер (қытырлақ нанға Сибирский Берег. Ресей,63049
арналған) Новосибирск, Красный пр. Көшесі,79
Тел\факс (3832) 27-64-67
Марта М. ЖШҚ
Ресей,630055
НСО, Мочище карьері, Кубавая көшесі,68.
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Бәсекелестер – бірдей тауар немесе қызметті нарықта ұсынатын және және
сол жолда өзалдына күреске түсетін кәсіпорындар немесе ұйымдар.Бәсеке-
нарықтың тең құқылы субъектілерінің арасында тауарды барынша тиімді өткізу
немесе капиталды белгілі-бір өндіріс саласында пайдалы түрде орналасуға
байланысты болатын эканомикалық сайыс түрі екенін түсіне білген Ескендір
ЖШС фирмасы өзінің бәсекелестеріне төтеп бере алуда. Ескендір ЖШС
компаниясы шығаратын өнімдерінің өзіне тән бәсекелестері бар. Фирма
бәсекелестік күресте келісімді, талғамды жеңілдете отырып қателіктерден
сақтануды және өнімнің сапасына, дизайына, ассартиментіне және
тұтынушылардың көзқарасына қарайды.
Талдаудың басты міндеттеріне :
1. Өнім өндіру мен өткізу динакамикасы және жоспарды орындалу
дәрежесін бағалау.
2. Бұл көрсеткіштер мөлшерінің өзгеруіне факторлардың әсерін
анықтау.
3.Өнімді шығару мен өткізуді жоғарлатудың шаруашылық ішіндегі
резервтердің игеру бойынша іс-шара
ларын өңдеу.
Ескендір ЖШС тауар ассортиментінің қалыптасуы. Коммерциялық
нәтижелікті қамтамасыз ету нарықты және нарықтың өндіріп отырған тауарының
мүмкіндігіне тәуелді. Маркетинг аясында келесі тапсырмалар орындалады:
- Тұтынушы мен нарықты кешенді зерттеу;
- Тауар ассортименті мен бағасын жоспарлау;
- Ағымдағы сұранысты толық қанағаттандыратын әдістерді жасау;
- Қанағаттанбаған тұтынушыны тауып, потенциалды сұранысты табу;
- Өтімді жоспарлау мен жүзеге асыру;
- Өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыру бойынша
әдістерді жасау.
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы бірнеше негізгі принциптерге
негізделеді: Бірінші принцип - тұтынушы мен нарықты толығымен зерттеу.
Екінші принцип – тауардың тиімді ассортиментін анықтау. Үшінші принцип –
өтім саясатының тиімдісін өңдеу. Негізін құраушысы бірінші принцип болып
табылады, қалғандары оған базаланады. Маркетингтік зерттеулер нарықта 80 %
сәттілікті қамтамасыз етеді, бірақ өз бетімен емес, кәсіпорынның қызметін
анықтайтын және оның негізінде жүзеге асырылатын шешімдер шартында ғана.
Нарықты зерттеу нәтижесіндегі болжамдау нарық сегментациясы болуы тиіс.
Ол Ескендір ЖШС үшін өте маңызды болып келеді. Нарықта белгілі бір топ
тұтынушыларына керекті тауар ғана жылжып отырады. Сондықтан тауар тұтыну
тобына бейімделуі тиіс. Қарағанды қаласының азық-түлік тауарлары нарығын
тұтынушылар тобына бөлейік:
Табыс деңгейіне байланысты:
- жоғарғы;
- орташа;
- төменгі.
Жас бойынша топтар:
- 20 жасқа дейін;
- 50 жасқа дейін;
- 50 жастан жоғарғы;
Сауда кәсіпорнының бөлшекті-көтерме түріндегі ассортиментті саясат
халықтың әр бір түріне сәйкес бола алады. Фирма ассортиментінің
қалыптасуында келесі факторларға сүйендік: тұтынушылық сұраныс, тауар
сапасы, көлік жағдайы, техникалық қамтамасыз ету, тауарлардың
өзарабайланыстылығы. Ескендір ЖШС тауарлардың бекітілген тізімі бар. Ол
тізімде үнемі және кезеңдік сұранысқа ие тауарлар жатады. Үнемі пайдалану
тауарлары нан және нан өнімдері, сүт және сүт өнімдері, бакалей тауарлары
жатады. Кезеңдік сұраныс тауарларына балық деликатестері, шарап, арақ
өнімдері кіреді. Фирмадағы тауар ассортиментінің тереңдігі мен көлемі орны
мен мамандандырылуына тәуелді. [9, 25б]
Ескендір ЖШС тауар ассортиментінің көлемі мен тереңдігі үлкен емес.
Халықтың сұранысының толығырақ қанағаттандырылуы мен сауда тиімділігін
арттыру фирмада тауардың тұрақты ассортиментіне әкеледі. Бұл дегеніміз,
сауда залында тауарлардың барлық түрі, тобы болуы тиіс. Тауарлы
ассортиментінің тұрақтылығы ассортимент тұрақтылығының коэффициентімен
анықталады.

(2)
мұндағы
КУТ – тұрақтылық коэффициенті
ТФ – тексеріс кезіндегі сатылып отырылған тауар түрінің саны.
ТН – бекітілген ассортименттік қатармен сәйкес сатуда болуы тиіс тауар
түрінің саны.
Кәсіпорындағы КУТ 0,8 ге тең. Ол көрсеткіштің 1 ге жақын екенін
білдіреді, сондықтан фирманың ассортименті тұрақты болып саналады.
Ескендір ЖШС бір жыл ішінде өзінің тауар ассортиментіне көптеген
өзгерістер енгізді. Ескендір ЖШС ассортименттік тізімін басшы бекітеді.
Тереңдігі мен көлемі тұтынушы талғамына тәуелді болып келеді.
Осы фирманың басшылары белгілі бір тауар ассортиментін енгізбес бұрын
кәсіпорынның рентабельділігін арттыруына көбірек көңіл бөлуі тиіс деп
ойлаймыз.
Тауар жетілу кезңіне келгенде (мысалы ЖШС Нәтиже өнімі),
коммерсанттар жеткізушілерден сатып алу бағасының төмендеуін талап етеді.
Бірақ негізігде Ескендір ЖШС негізгі ассортиментті тауарлары барлығына
қажетті және тұрақты сұранысқа ие тауарлар болып табылады. Негізгі
ассортимент тауарлары унифициатталған бып келеді, егер өзгеріп отырса тіпті
баяу жүреді.
Ескендір ЖШС негізгі бәсекелестік артықшылығы келесілер болып
табылады:
– Сапалық талаптарға сай тауарларды сатып алушыға ұсыну;
– Стандартты емес тауарларды ұсыну, оларды қызықтыру;
– Икемді баға саясатын қолдану;
– Ішкі және сыртқы жарнама жүргізіп отыру;
– Қосымша қызмет көрсету көлемін арттыру;
– Тауар позициясының үлкен ассортиментін қолдану.
– Халыққа несиеге берілуі мүмкін тауарларды сату.
Ескендір ЖШС маркетингтің негізгі мақсаты тұтынушы жағынан
қарастырғанда тауар ассортиментін ұлғайтумен айналысады, онымен қоса әр
түрлі халық тобына икемді тауарларды сату.
Негізгі жүргізіліп отырған ассортименттік саясат сатудағы тауарлар
ассортиментін ені жағынан ұлғайту болып табылады.
Сатудағы тауар ассортиментін кеңейту келесі бағыттар бойынша
анықталады:
– өнім номенклатурасы бойынша жеткізушілермен байланыс орнату;
– аймаққа тауарды әкеліп отырған және тапсырыстар бойынша жұмыс
істейтін фирмалармен тұрақты байланыс орнату;
– жекеменшік кондитерлік цех өнімінің ассортиментін кеңейту.
Бағабелгілеу тәжірибесін қарастыра отырып, жеткізушілермен сатып алу
бағасы бағаны белгілеу келісімінде негізделеді. Кейбір жағдайда келісімде
сатып алу бағасының өзгеруі келісіледі.

Талдау обьектілеріне:

1.Өнімді өндіру және өткізу көлемі тұстай және ассортимент
бойынша.

2.Өнім сапасы

3. Өндіру және өткізу құрылымы

4. Ырғақтылығы.

Талдау алдымен өнімді шығару және өткізу динамикасын зерттеуден
басталады.Есептік кезеңде өнімді өндіру және өткізу жоспарының
орындалуын бағалау келесі кесте арқылы жүзеге асады.

Кесте – 5. Ескендір ЖШС-нің тауарлы өнім шығаруын талдау

Бұйым түрі Өнім өндіру көлемі, млн теңге Өнім өткізу көлемі, млн теңге

Шампан водка өнімін өндіру көлемі бойынша жоспардан 4.6%-ке кем
орындалған, ал өнім өткізу көлемі жоспардан 1,6% асыра орындалған. Напитки
Ананас өнімін өндіру көлемі бойынша жоспардан 8,7% –ке кем орындалған,
ал өнім өткізу көлемі бойынша жоспардан 4.6% -ке асыра орындалған.
Апельсин сусыны өнім өндіру көлемі бойынша жоспардан 8.4% – ке асыра
орындалған, ал өнім өндіру көлемі бойынша жоспардан 5.7% –ке кем
орындалған. Абрикос минералды сусыны өнім өндіру көлемі бойынша жоспардан
33,2% –ке асыра орындалып, өнім өткізу көлемі бойынша жоспардан 9.6% – ке
орындалған. Талдауды келесі түрі өнімнің номенклатурасы мен ассартименті
бойынша жоспарды орындалуын талдау Ол үшін келесі кесте толтырылуы керек.

Кесте – 6 Өнімнің ассортиментін талдау

Жоспарлы баға бойынша Жоспардың Ассортимент бойынша
өнім өндіру көлемі, орындалуы,жоспарды орындалуында
мың теңге. % есептелген өнім көлемі.
Бұйым түрі
Жоспар Нақты

Өндіру көлемі 436256 445849 95.4 180494
Апельсин 11585 12565 108 11585
Абрикос 7751 10332 133.2 7751
Буратино 7740 7760 100 7732
Дюшес 7900 7760 100 7900
Киви 7904 7910 100 7900
Кола 8058 9880 123 8003
Лимонад 8026 9886 123 8020
Персик 8238 9867 119 8130
Лимон 8360 9810 117 8250
Экзотик 9211 9800 116 8421
Яблоко 9705 9900 103 9560
Кока-кола 9580 7690 97 9568
Буратина 1300 1304 100 1300
Дюшес 1124 1260 112 1120
Кока-кола 1188 1290 108 1170
Шыны 1,5литр 300 404 133 294
Дюшес
Лимонад 305 344 112 3050
Лимон 505 520 102 5000
Фанта 564 620 109 5600
Яблоко 864 867 100 8600
ФРУТЕЛЛО
Барбарис 14 12 85 14

Кесте – 6 жалғасы

Бинго 15 13 86 15
Холидей 14 13 92 14
Сафари 18 17 89 18
ҚЫТЫРЛАҚ НАН
Бекон 2333 2480 106 2300
Грибы 2863 2900 101 2800
Курицей 3000 3004 100 3000
Морские 4500 4505 100 4300
Мекс. Соус 4604 4802 104 4500
Пицца 5000 5645 112 5000
Сыр 5700 5742 100 5600
Салями 8066 8187 101 8000
Чеснок 8074 8120 100 8000
КОНФЕТЫ 200 204 101 200
Қорап 140гр.
Для Тебя
Наурыз 160 150 93,75 150
Құттықтаймыз 120 110 91,6 120
Мерекелеріңіз 152 123 80 150
Грильяж 140гр. 54 52 96 51
Для Вас
Комплемент 95 85 89,47 92
Для Вас(желтые 76 74 97,3 75
розы)
Мечта 85 82 96 85
От всей души 19 18 94 18
Гриляж 240гр. 25 24 96 25
С любовью
Для Тебя 37 34 91,8 26
Комплемент 97 94 96 95
Для Вас 93 92 98 90
8-Наурыз 14 12 85 14
Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Сонымен, өндіріс құрылымының өзгерісі барлық экономикалық
көрсеткіштерге үлкен әсерін тигізеді. Оның ішінде: Материал сыйымдылығы;
Өнімнің өзіндік құны; Пайда; Рентабельділік.

2.2 Тауарды өткізуді ынталандыру құралдары мен формалары

Қазіргі күнде Ескендір ЖШС тауар саутудың келесі түрлері бар:
1. Өзіне өзі қызмет көрсету – бұл сатып алушы өзі таңдаған, алған,
тауарды есеп айырысу жеріне өзі әкелетін сату формасы.
2. Түрлері бойынша тауар сату – сауда залында тауар түрлері ғана
қойылады. Сатып алушы тауарды өзі немесе сатушының көмегімен, яғни тауарды
қызметте көрсететін, таңдайды.
3. Ашық есептеуде тауарды сату – сатып алушылар өзері, яғни сатушының
көмегінсіз кейде мәліметтер алып, керек бұйымын алады. Тауарлы сатушы
өткізеді.
Дүкеннің негізгі қызметінің негізгі бағыты сатып алушылардың
сұраныстарын толығымен қанағаттандыру болып табылады. Ол сатылып жатқан
тауар ассортиментін ұлғайтумен, тауарайналысы арқылы тауарайналымын
арттыру, жаңа тауар тобын енгізуді жүзеге асырылады.
Ұнамды әлпет, жақсы көңіл күй мен өзін өзі ұстай білу, шынайы
күлімсіреу, маманды біліктілік – Ескендір дүкенінің сатушысы болып
табылады. [11, 83б]
Сатушы жаднамасына сәйкес әр бір сатушы келесілерді білуі қажет:
1. Сатушының жұмыс күні жұмысқа шығу графигімен анықталады.
2. Сатушының киімі мен сыртқы әлпеті әскерлік жағдайға сәйкес келуі
тиіс және санитарлы гигиеналық талаптарға сай, шашы таралған, ұқыпты, киімі
үтіктелген таза болуы тиіс.
3. Жұмысқа кірісер алдында сатушы міндетті:
- өзінің жұмыс орнын тиісті санитарлы жағдайға келтіру мен күн
барысында тазалықта ұстау;
- тауар ассортиментінің толықтығы мен бар болуын тексеру, егер
болмаса, оларды толтыру бойынша шаралар қолдану;
- тауарларды сатуға дайындау (буылған нәрселерді шешу, тазалау
және т.б.) және оларды санау;
- тауарларға бағаның қойылуын қадағалау;
- жұмыс орнында бүктеу мен инвентарь материалдарының болуын
тексеру
4. Жұмыс уақыты барысында сатушы міндетті:
- тиянақты, әдепті және сатып алушыларға қызмет көрсетуге;
- тұтынушылардың қай тауарға сұранысы көп екенін зерттеп,
уақытылы жетекшілерге хабарлау, кемшіліктер туралы айтуға;
- егер сатып алушы тауарды қай жерде немесе қандай тауарлар
тұрғаны туралы ақпарат сұрасаоған түсіндіруге;
- залда ұсынылған тауарларды сақталуына бақылауды жүзеге
асыру;
- есептеу жүргізбеген тұтынушыны байқаған кезде дау жанжалға
түспеу. Түсініксіздіктер туындаған жағдайда секция, бөлім,
әкімшілікті тез арада шақыруы тиіс;
- бірге жұмыс істейтіндермен сыпайы болуы тиіс, қызмет
лауазымына байланысты және жасы үлкендерге сыйластықпен
қарау;
- жоғары лауазымды жұмыскерлердің тапсырмаларын сөзсіз,
кесеріспей орындау. Орындауды дұрыс емес деп санаса, өзінің
ойын айту.
. 5. Сауда залының сатушысы құқығы жоқ:
- сатып алушыға назарсыз, қызығушылық танытпай, немқұрайлы
қарау;
- сапасыз тауарды ұсыну;
- бекітілген график бойынша жұмысқа шығуды бұзу;
- бекітілген киім тәртібін бұзу;
- отырып қызмет көрсету;
- тамақ ішу, темекі тарту, жеке әңгімелер жүргізу;
- жұмыс орнынын кету.
6. Сатушы құқылы:
- Ұжымда пайда болған сұрақтарды айту мен әңгімелеу:
- қажетті бүктеу мен инвентарь материалдарымен жұмыс орнын қамтамасыз
ету;
- тауарларды сату орнына әкелуін талап етуге.

2.3 Тауар өнімінің құрылымын талдау

Ассортимент саясаты тұтынушы талабына сай тиімді ассортиментті тауар
құрылымын, бір уақытта ТӨЦ-тің әр кезеңінде болатын өнімнің жаңғыртып,
жетілдіруі мен жаңа тауарды шығару проблемасын топшылайды.
Нарықта бір мезгілде болатын, бiрақ жаңашылдық деңгейi бойынша
айқындалатын тауар ассортиментінiң оңтайландырылуы фирма пайдалылығы мен
жұмысының тұрақтылығын кепiлдейдi.
Кейбір ғалымдар, нарықта бір мезгілде тауардың мынадай топтары болуы
керек деп санайды. Олар – негiзгi, қолдаушы, стратегиялық және тактикалық
тауарлар. [12, 71б]
Негiзгi – кәсіпорынға негізгі пайда әкелетін және өсу кезеңінде болатын
тауарлар. Қолдаушы тауарларға – сатудан түскен түсімді тұрақтандыратын және
кемелдену кезеңіндегі тауарлар жатады. Стратегиялық тауарлар дегенiмiз –
кәсіпорынның болашақтағы табысын қамтамасыз етуге икемделген тауарлар.
Тактикалық тауарлар әдетте өсу мен толу кезеңінде болатын және негізгі
тауар топтарының сатуын ынталандыруға бейімделген тауарлар. Тауарлардың
негізгі тобы нарық айналымындағы барлық тауарлардың 73- 85%-ын құрайды.
Фирманың барлық тауарларының 15–25%-ы – өсу кезеңінде, 50-60%-ы –
жетiлу кезеңінде, 30%-ы – құлдырау, ал 5–10%-ы енгізу кезеңінде болса,
ассортименттік қатынас оңтайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ассортименттік саясаты
Тауарды өткізудің құлдырау кезеңі
Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортименті
Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорны «Мерей» дүкенінің сервисін ұйымдастыруды талдау
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау туралы
Кәсіпорынның сыртқы ортасы - «Смак» ЖШС
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Пәндер