Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы


Мазмұны
Кіріспе4
1 Қаржылық инвестиция портфелінің қалыптасу теориялары6
1. 1 Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы және құрылу қағидалары мен тәртібі6
1. 2 Бағалы қағаздар портфелін басқару: мақсаттары мен міндеттері10
1. 3 Инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекелділігі18
2 Бағалы қағаздар және олардың табыстылығы мен тәуекелділігін талдау20
2. 1 Кәсіпорынның инвестициялық портфелінің табыстылығын бағалау20
2. 2 Облигациялардың табыстылығын талдау27
2. 3 «Қазпочта» АҚ-ның инвестициялық портфелі және акцияларды шығару проспектісін талдау35
3 Қазақстан Республикасының қаржылық инвестициялар табыстылығын басқаруды жетілдіру43
3. 1 Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту43
3, 2 Банктің инвестициялық портфелін басқаруды жетілдіру45
Қорытынды49
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі51
Қосымша №153
Қосымша №254
Қысқартылған сөздер тізімі
ҚР - Қазақстан Республикасы;
АҚШ -Америка Құрама Штаты;
АҚ - Акционерлік қоғам;
ААҚ - Ашық акционерлік қоғам;
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
БҚР - Бағалы қағаздар рыногы;
IPO - бірінші акцияларды орналастыру.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығындағы үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізу.
Бағалы қағаздар нарығы қаржылық жүйенің ажырамас бөлігі. Акционерлік капиталды және борыштық бағалы қағаздарды қолайлы аумаққа қайта орналастыруды жүргізеді, инвестиция өтімділігін және бәсекелестік қабілетін көтереді. Капиталды (акция, облигация, банктік депозиттер және т. б. ) тиімді орналастыру білімді инвесторды қажет етеді, ол есеп айырысатын аумақта табыстың түсу және түспеу тәуекелін баланстайды. Бір жағынан меншік иесі дәл уақытында қажетті шешім қабылдау үшін әрқашан өз кәсіпорнының қаржылық жағдайына талдап жасап отыруы керек.
Қаржылық инвестициялау дегеніміз - ақша қаражаттарын, акция, облигация және т. б. бағалы қағаздарға үдерісі. Бағалы қағаздарға салатын тұлғалар эмитенттер болып саналады. Инвестор салым жасаған кезде бірнеше мақсат қояды: салымның қауіпсіздігі, салымның табыстылығы, өсуі, өтімділігі.
Инвестициялық протфель - инвестициялық обьектілерге, анықталған инвестициялық стратегияға сәйкес мақсатты құрылған салымдар жиынтығы. Осыдан шыққанда инвестициялық портфельдің құрылуының негізгі мақсаты аса тиімді және сенімді инвестициялық салымдарды іріктеу жолымен жасалған инвестициялық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету ретінде құрылуы мүмкін.
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының негізгі институты болып оның техникалық инфрақұрылымының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, сондай-ақ брокерлер-дилерлерді, тіркеушілерді жəне банк кастодиандарды қоса отырып рыноктың кəсіби қатысушылары.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелі».
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы қаржылық инвестициялардың табыстылығы мен тәуекелін талдай отырып, олардың қазіргі жағдайын бағалау.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер көрсетіледі:
- Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуын сипаттау;
- Бағалы қағаздарға инвестициялар, олардың табыстылығы мен тәуекелдерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар мен инвестициялық портфельді басқаруды жетілдіру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, бағалы қағаздар және иинвестициялар портфельдерінің табыстылығы мен тәуекелдігі, мақсаттары мен міндеттері туралы жазылған.
Екінші бөлімде, кәсіпорындағы инвестициялық портфелінің табыстылығы талданған.
Үшінші бөлімде, бағалы қағаздар нарығының дамуы сипатталған.
Бүгінгі бағалы қағаздар нарығы тиімді инфрақұрылыммен экономикалық қарым-қатынастағы дамыған елдердегі инвестицияны жинақтауды түрлендіруде ең негізгі рольді атқаратын, ақша қаражаттарын қайта бөлудегі ең негізгі механизм болып қатысады.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулері мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұхааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.
1 Қаржылық инвестиция портфелінің қалыптасу теориялары
1. 1 Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы және құрылу қағидалары мен тәртібі
Бағалы қағаздар нарығы қаржылық жүйенің ажырамас бөлігі. Акционерлік капиталды және борыштық бағалы қағаздарды қолайлы аумаққа қайта орналастыруды жүргізеді, инвестиция өтімділігін және бәсекелестік қабілетін көтереді. Капиталды (акция, облигация, банктік депозиттер және т. б. ) тиімді орналастыру білімді инвесторды қажет етеді, ол есеп айырысатын аумақта табыстың түсу және түспеу тәуекелін баланстайды. Бір жағынан меншік иесі дәл уақытында қажетті шешім қабылдау үшін әрқашан өз кәсіпорнының қаржылық жағдайына талдап жасап отыруы керек.
Кәсіпорынның акцияларын шығару және сату, сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының басқа да қаржылық құралдарын сатып алу жолымен жүзеге асырылатын қаржылық инвестиция инвестициялаудың ерекше формасы болып табылады.
Бірінші реттегі шығарылған акциялардан алынған қаражаттар жарғылық капиталдың қалыптасуына бағытталады.
Қосымша шығарылған акциялар мен артықшылықты акцияларды сатудан алынған қаражаттар меншікті капиталды арттыру мен қызметті кеңейтуге бағытталады.
Корпоративтік облигацияларды сатудан алынған қаражаттар өндірістік қызметті қаржыландыру мен басқа эмитенттердің жоғары табысты бағалы қағаздарын сатып алуға бағытталады.
Қосымша табыс көзі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады.
Инвестициялық белсенділікті жоғары деңгейге көтеру бағалы қағаздар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы халық жинағын нығайтады және қаржылық секторды тартады.
Біздің экономикаға қаржылық инвестициялаудың ішкі көздерінің әлеуеті жеткілікті дәрежеде (әр түрлі зейнетақы қорларымен тартылған банктік сектор мен халықтың қаражаттары) .
Инвестициялық үдерістің бұл кезеңі - бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру кезеңі болып табылады. Осыған байланысты инвесторлар іріктеу проблемаларымен қақтығысады, бұл іріктеу микроболжамдар деп аталады.
Қаржылық инвестициялау дегеніміз - ақша қаражаттарын, акция, облигация және т. б. бағалы қағаздарға үдерісі. Бағалы қағаздарға салатын тұлғалар эмитенттер болып саналады. Инвестор салым жасаған кезде бірнеше мақсат қояды: салымның қауіпсіздігі, салымның табыстылығы, өсуі, өтімділігі.
Инвестициялық протфель - инвестициялық обьектілерге, анықталған инвестициялық стратегияға сәйкес мақсатты құрылған салымдар жиынтығы. Осыдан шыққанда инвестициялық портфельдің құрылуының негізгі мақсаты аса тиімді және сенімді инвестициялық салымдарды іріктеу жолымен жасалған инвестициялық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету ретінде құрылуы мүмкін.
Таңдалған инвестициялық саясаттың бағытталуына және инвестициялық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету ретінді құрылуы мүмкін:
- капитал өсімінің максимизациясы;
- табыс өсімінің максимизациясы;
- инвестициялық тәуекелдердің минимизациясы;
- инвестициялық портфельдің талап етілетін өтімділігін қамтамасыз ету.
Инвестициялық портфельдің құрылуының берілген мақсаттары маңызды дәрежеде баламалы болып табылады. Осылай, капиталдың нарықтық құнының өсімі инвестициялық портфельдің ағымдағы табысының белгілі бір төмендеуімен байланысты. Капиталдық құнның өсімі және табыстың жоғарлауы инвестициялық тәуекелдің жоғарлауына алып келеді. Қажетті өтімділікке жету міндеті инвестициялық портфельге капиталдық құнның өсіун және жоғары табысты қамтамасыз ететін, бірақ төмен өтімділікпен сипатталатын обьектілерді қосуға бөгет жасауы мүмкін. Қарастырылатын мақсаттардың бағытталығына байланысты инвестор инвестициялық портфельді құрған кезде олардың басымдылықтарын анықтайды немесе жасалған инвестициялық саясаттың бағытталуына шыққанда бөлек мақсаттардың тең болғанын көздейді.
Инвестициялық портфельдің құрамындағы обьектілердің, инвестициялау мақсаттарының, басқа факторлардың айырмашылығы табыстың және тәуекелдің белгілі бір қатынасымен сипатталатын инвестициялық портфель типтерінің көп түрлілігімен түсіндіріледі. Бұл өзінің инвестициялық портфельдің жіктелуіне табады.
Инвестициялық портфельдің инвестициялау обьектілері жіктелуінің ең алдымен инвестициялық қызметтің бағытталуы мен көлеміне байланысты. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін құрылатын портфельдің негізгі типі нақты инвестициялық жобалардың портфелі, ал институционалдық инвесторлар үшін - қаржылық құралдар портфелі болып табылады.
Бұл инвестициялық обьектілердің түрлерімен және оларды басқару әдістерімен сипатталатын дербес портфельдердің түрлерін біріктіретін аралас инвестициялық портфельдердің құрылуының мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы кезде арнайы инвестициялық портфельдер инвестициялау обьектілері сияқты жеке критерийлеріне (салалық немесе аймақтық), инвестициялардың мерзіміне, тәуекел түрлеріне және т. б. байланысты құрылуы мүмкін.
Инвестициялаудың басымды бағыттарына тәуелді келесілерді бөлуге болады.
- өсу портфелі;
- табыс портфелі;
- консервативті портфель.
Өсу портфелі курстық құны өсетін компаниялардың акцияларын сатып алудын құрылады. Курстық құнның өсу қарқындары портфельдердің бірнеше типтерін сипаттайды.
- агрессивті өсу портфелі - капиталдың максималды өсіміне бағытталған. Оның құрамына тез өсетін жаңадан құрылған компаниялардың акциялары жатады. Берілген портфель типіне салатын инвестициялар аса тәуеклді болып табылады, бірақ сонымен қатар олар ең жоғары табыс алып келе алады.
- консервативті өсім портфелі берілген топтың ішіндегі төмен тәуекелді портфель болып табылады. Негізінен курстық құны жоғары емес, бірақ тұрақты өсімімен сипатталатын жақсы танымал ірі компаниялардың акцияларынан тұрады, капиталды сақтауға бағытталған;
- орта өсім портфелі - сенімді бағалы қағаздармен қатар тәуекелді бағалы қағаздар жатады. Ол капиталдың орташа өсімін және біркелкі тәуекел дәрежесін қамтамасыз етеді.
Табыс портфелі жоғары ағымдағы табысты алуға пайыздық және дивидендтік төлемдерге бейімделген. Курстық құнның біркелкі өсімі бар және жоғары дивидентті акциялардан, облигациялардан және жоғары ағымды төлемдері бар басқа бағалы қағаздрдан тұрады. Берілген топқа кіретін портфельдердің түрлері:
- тұрақты табыс портфелі - жоғары сенімді бағалы қағаздардан тұрады және тәуекелдің минималды деңгейінде орташа табыс алып келеді;
- табысты қағаздар портфелі - тәуекелдің орташа деңгейінде жоғары табыс алып келетін бағалы қағаздар мен корпорациялардың жоғары табысты облигацияларынан құрылады.
Инвестициялау мақсаттарының сәйкес келу дәрежесі бойынша балансталған және балансталмаған портфельдер деп бөлуге болады. Балансталған портфель оның құрылуы кезінде қойылған сипатына сәйкес келетін табыстар мен тәуекелдердің балансталуымен сипатталады. Оның құрамына әр түрлі инвестициялық обьектілер жатқызылуы мүмкін: тез өсетін нарықтық құн, қатынасы нарықтық конъюнктурамен анықталатын жоғары табысты және басқа обьектілер. Осы кезде әр түрлі инвестициялық салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге және жиынтық тәуекелдерді төмендету кезінде жоғары табысты алуға мүмкіндік береді.
Балансталмаған портфель оның құрылуы кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтін портфель болып табылады.
Инвестициялық портфельдің құрамындағы обьектілерді іріктеу инвесторлардың қалауына сәйкес жүзеге асырылатындықтан, инвестор және портфель типі арасындағы байланыст бар болады. Осылай, консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты портфель, орта біркелкіге - әртараптанған портфель, агрессивті инвесторға - жоғары табысты, бірақ тәуекелді портфель сәйкес келеді.
Инвестициялық портфельдің құрылу негізіне салынған негізгі қағидалар:
- инвестициялық портфельдің құрылуы жасалған және қабылданған инвестициялық саясаттың сәйкес мақсаттарына жетудің қажеттілігінен туындайтын инвестициялық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның өтімділігін және тұрақтылығын ұстап түру мақсатында инвестициялық портфельдің көлемі мен құрылымының, оны құрайтын көздердің көлемі мен құрылымына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- кәсіпорын қаражаттарының және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін табыстылықтың, тәуекелділіктің және өтімділіктің оңтайлы қатынасына жету;
- инвестициялық портфельді әртараптандыру, оның құрамына әр түрлі инвестициялық обьектілерді, соның ішінде салымдардың сенімділігі мен табыстылығын көтеру және тәуекелді төмендету үшін баламалы инвестицияларды қосу;
- инвестициялық портфельдің басқарылуын қамтамасыз ету, ол инвестициялардың негізгі сипаттамаларын бақылау бойынша инвестордың мүмкіндіктеріне сәйкес инвестициялардың санын щектеуді және күрделілігін білдіреді.
Инвестициялық портфельдің құрылуы инвестициялық саясаттың, инвестициялық климаттың және нарық конъюнктурасының қалыптасқан жағдайларын есепке алғанда инвестициялық портфельдің құрылуының басымды мақсаттары анықталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Инвестициялық портфельдің құрылуының бастапқы нүктесі баланстың пайдалылығы мен өтімділігіндегі тәуекелдің тиімді деңгейін анықтау мақсатында сыртқы ортаның инвестициялық тартымдылығын және инвестордың өз мүмкіндіктерін өзара байланыста талдау болып табылады. Осындай талдаудың нәтижесінде инвестициялық портфельдің негізгі сипаттамалары (жіберілетін тәуекел дәрежесі, күтілетін табыс мөлшері) белгіленеді, инвестициялық ресурстардың көлемі мен құрылымын есепке алғанда бүкіл инвестициялық портфельдің шегінде инвестиция түрлерінің пропорцияларын онтайландыру жүзеге асырылады.
Инвестициялық портфельдің құрылуының маңызды кезеңі оңтайлы портфельдің құрылуы мен инвестициялық обьектілердің қасиеттерін бағалау негізінде инвестициялық портфельге қосу үшін нақты инвестициялық обьектілерді таңдау болып табылады. Нарықта ұсынылған бағалы қағаздардың ішінен портфельге әдетте акциялар мен облигациялар жатқызылады. Оның себебі - портфельге бағалы қағаздарды іріктеу критерийлерінде. Осылай, портфельге кіретін бағалы қағаздар инвестор үшін қол жетерлік болуы керек, инвестормен бекітілген табысты алып келіуі, ал табыстың ықтималды өзгерістері болжамды болуы қажет.
1. 2 Бағалы қағаздар портфелін басқару: мақсаттары мен міндеттері
Бағалы қағаздар нарығында сүйенетін негізгі принцип « Барлық жұмыртқаны бір портфельге салма» деген даналыққа сәйкес келеді. Бағалы қағаздар нарығына қатысты бұл инвестордың барлық қаражатын бағалы қағаздың бір ғана түріне немесе бір қаржы құралына салмауы «инвестицияламауы) тиіс дегенді білдіреді. Салымдарды әртараптандыру қажет, яғни инвестицияланатын бағалы қағаздар номенклатурасын кеңейту керек. Кері жағдайда инвестор өзінің инвестицияларын жоғары тәуекелге және төменгі тиімділікке әкеледі.
Инвестициялау тәуекелі (жүйелік емес) болашақта бағаларды болжау мүмкін еместігіне негізделген, келісім-шарт жасау уақытындағы операциялардың анықталамағандығымен байланысты. Бір компанияның акциясына ақша салған инвестор оның бағамдық құнының өзгеруіне тәуелді болады. Егер де ол қаражатын бірнеше компанияның акциясына салған болса, онда ол бір акция бағасының өзгерінен емес, барлық акциялардың орташаланған бағамына тәуеклді болады. Ортша бағам аз өзгереді, себебі бір акцияның бағасының өсуіне байланыты орнын толтырып отырады және тербеліс өзара жаылуы мүмкін.
Сондықтан да тәжірибелі инвестор бағалы қағаздың бір түрін ғана емес, бағалы қағаз портфелінің бірнешеуін иеленуші болып табылады.
Осыған сүйене отырып, институционалды инвестор ұжымдық инвесторлар ретінде ақша қаражаттарын әртараптандыруды іске асырады және бағалы қағаздар портфелін қалыптастырады.
Инвестициялауды жүзеге асыруда қорлар белгілі бір мақсатты бағдарға сүйенеді, осының негізінде инвестициялық стратегияны құрайды.
Инвестициялық стратегия - бұ негізгі мақсатты бағытқа сүйене отырып, портфельді басқару және инвестициялауды жүзеге асырудың жалпы жоспары.
Кесте 1 - Инвесторлар типі және оларды инвестициялау мақсаты
Қорлар ұжымдық инвесторлар ретінде шыққандықтан, олардың мақсатты бағыттары көп жағдайда анықталады және салымшының типіне, сипатына байланысты болады.
Сонымен өзінің инвестициялық стратегиясын жүзеге асыруда қорлар әр түрлі мақсатты бағыттарға сүйенуі мүмкін: жоғары немес аз және тұрақты ағымдағы табыс немесе дивидендтер алуы не болмаса бағалы қағаздар нарығының бағасының өсуі, яғни салынған капиталдың өсуі. Соңында осы екі мақсатты да үйлесіруі мүмкін.
Сондықтан барлық стратегияларды үш негізгі түрге бөлуге болады:
Кесте 2 - Инвестициялық стратегияның түрлері
- Өсу портфелі
- Табыс портфелі
- Табыс және өсу портфелі
Жүргізілетін стратегияның сипатына сәйкес барлық қорларды келесідей категорияларға шартты түрде бөлуге болады:
Бірінші категорияға мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алушы қорлар жатқызылады. Мұндай қорларға жеке зейнетақы қорлары, қордың активтеріне салынған (инвестицияланған) ақша қаражаттарымен тәуекелге барғысы келмейтін және мемлекеттік зейнетақы мөлшерінің жоғарлауына үміттенетін салымшылар.
Екінші категорияға ұзақ мерзімді инвестициялауды жүзеге асырушы қорларды жатқызамыз. Олар акциялар, облтгациялар жанама бағалы қағаздарды сатып алады және мемлекеттік бағалы қағаздарға қарағанда, осы бағалы қағаздар арқылы анағұрлым жоғары табыс алуға мүмкіндік береді. Мұндай қорлар үшін тәуекел екінші ретті фактор болып табылады.
Үшінші топқа өзінің активтерін максималды түрде, тәуекелді азайту мақсатымен әртараптандыруға баратын, алайда бірінші топтағы қорларға қарағанда жоғары табыс алуды көздеген коммерциялар кіреді. Мұндай қорлардың портфелі тіркелген және өзгермелі болып келеді. Тіркелген портфельдер белгілі мерзім аралығында құрылымын сақтайды және оның ары қарай қызмет етуі өзіне кіретін бағалы қағаздарды өтеу мерзіміміен анықталады. Өзгермелі және басқарылатын портфельдер құрылымы ауыспалы, ондағы бағалы қағаздар құрамы әр түрлі қаржылық құралдарды үйлестіру арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізу мақсатымен әрдайым өзгеріп отырады.
Төртінші топқа өте қысқа мерзімге инвестициялаумен, тіпті бір күндік келісімдермен айналысатын қорлар жатады. Мұндай қорлардың клентуралық базасы алуана түрлі: банктік депозиттер бойынша пайыз қарағанда инвестицияланған қаражаттан анағұрлым жоғары пайыз алуды қалайтын жеке тұлғалар және уақытша бос ақша қаражатын пайдалы және қысқа мерзімге орналастыру мүмкіндігін іздеуші фирмалар құрайды.
Бесінші топқа нақты анықталған өсу стратегиясы бар қорлар кіреді. Бұл қорлар әрдайым өзінің табысын қайта капитализациялауға маманданған, яғни алынған табысты (пайдалы) қайтадан бағалы қағаздарға инвестициялай алатын, соның нәтижесінде қор активтерінің тұрақты өсуі болады. Өте маңызды факт, қор стратегиясы бойынша өзінің акционерлеріне акциялар бойынша дидидендтерді төлеуді емес, қаражаттарды қайта инвестициялауды көздейді. Стратегиялық шарттарды анықтайды, мысалы, белгілі бір уақыт аралығында және сол уақыт басталғанда қайта инвестициялау бойынша операциялар тоқтатылады да, қордың барлық активтері сатылып, алынған қаражаттар акционерлер арасында тартылады. Одан ары қарай өтімді болуы мүмкін немесе сол акционерлер жаңа салымдар енгізіп, осы үдеріс қайталанып отырады.
Алтыншы топқа тек бір ғана салаға маманданған қорлар кіреді. Олар қаражаттарды инвестициялаудың стратегиясымен анықталған тек бір ғана саланы инвестициялайды. Бұл перспективті, болашағы бар, енді көтеріліп келе жатқан сала. Осындай қор бұл саланы бақылауды өзіне алады және белгілі бір саланы бақылаушы холдингтік құрылымға айналуы мүмкін.
Инвестициялық стратегия өзінің портфелінің ғаламдық сипатын анықтап қана қоймай: өсу портфелі, табыс портфелі және аралас портфель, сондай-ақ портфельмен байланысты операцияларды нақтылауды, қандай бағалы қағаздарды сатып алу керектігіне дейін анықтайды.
Мысалы, Pensylvania Portfolio инвестициялық қоры өзінің инвестициялық стратегиясын келесідей анықтайды.
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы. Инвестициялық саясаттың мақсаты - инвестицияланған қаражаттардан табыс алу және оны максималды түрде өсіру. Инвестициялар қоғамдық жобаларды қаржыландыруға қосымша қаражаттарды тарту мақсатымен шығарылатын муниципалды облигацияларға жұмсалуы қажет. Қаржының үштен екі бөлігі А класынан (Standart & Poor’s Service) төмен емес кластағы облигациялар болуы тиіс. Қалған облигациялар ВВВ класынан төмен емес класты құрауы қажет. Активтерінің 100%-80%-ы табыс салығы салынбайтын облигациялардан тұруы тиіс. Олардың 65%-ы Пенсильвация штатының, сондай-ақ жеке тұлғаларына жеке табыс салығы салынбайтын облигациялары болуы қажет. Облигациялар тікелей муниципалды биліктен немесе андеррайтерлерден сатып алынуы тиіс.
Managed Growth Fund инвестициялық қоры өзінің стратегиясын өсу стратегиясы ретінде анықтайды. Қор негізінде бағалы қағаздарды және жай акцияларды сатып алу көзделінеді, соның ішінде жай акцияларға конвертацияланатын қарыздық (міндеттемелік) бағалы қағаздар. Ағымдық бағасы төмендетілген, дұрыс бағаланбаған, қазіргі таңда әйгілі (атақты) емес бағалы қағаздар сатып алынуы тиіс. Сонымен қатар, басқарушы артықшылығы бар акцияларды және басқа да нұсқаларды, егер де олардың бағасының жоғарлауы күтіледі деп есептесе сатып алуға құқығы бар. Уақыт өте келе фьючерстік келісімдерді, опциондарды, басқа да жанама қаржылық құралдарды сатып алуы мүмкін, бірақ олардың жалпы бағасы қор активтерінің 10%-ынан аспауы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz