Мәдени мінез - құлықты қалыптастырудың негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

1. Мінез - құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты5

1. 1 Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері7

1. 2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу10

2. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттер мәселелері15

2. 1 Тұлғаның адамгершілік мәдениеті17

2. 2 Оқушының ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуы19

2. 3 Оқушы іс-әрекетін ынталандыру25

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі31

Кіріспе

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болатын қасиеттері. Адамның мінезі оның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарының, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отырады.

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге қалыптастыруда айрықша үлгі көрсетуі керек. Еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен -ақ бастау артық болмас.

Мектептегі балалар мінез ерекшеліктеріне қарай ұяң, тұйық, ашық, алғыр болып келеді. Мінезі ауыр балалар сабақ оқу үлгірімі, берілген тапсырманы игеріп алып кету жағы да баяу болады. Ондай кезде мұғалімнің көмегі керек-ақ. Бала мінезіндегі адалдыққа қайшы келетін қылықтарды дер кезінде тоқтата білу де асқан көрегенділікті талап етеді. Сондықтан баланы әрқашан бақылауда ұстап бірге сөйлесіп, ой бөлісіп турған жөн. Теріс бағытағы мінез-құлық қалыптасуының алдын алу үшін бала назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Оның сөзіндегі өтірік пен шындықты ажырата білу керек. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияның дамыған заманында балалар ата-анасымен сұхбаттасып, тәлім-тәрбие туралы өнегелі ақыл-кеңес алудың орнына компьютерге қадалып отырады. Ондай баланың мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы қандай болмақ. Сондықтан менің таңдап алған курстық жұмысымның тақырыбы қоғамда өзекті мәселе болып отыр.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Көпшілікке мәлім кейбір ата-аналар күнделікті тіршілікте бала тәрбиесіне ат үсті қарап жатады. Пенделікке салынып күйбең тірлікте балаға мейірім, қамқорлық керектігін естен шығарып алады. Әке-шешенің қадағалауынан, тәрбиесінен тыс қалған балалар теріс жолға түсіп, көшедегі бұзақыларға қосылады. Оның мінез-құлқы да бұрыс бағытқа қарай икемделе бастайды.

Мен тақырыпты зерттеу барысында сондай келеңсіздіктің алдын алуды алдыма мақсат етіп алдым. Яғни, балалар мінез-құлқын дүрыс бағытта тәрбиелеу жолдарын қарастырдым. Ізденіс нәтижесінде мынадай міндеттерді белгіледім:

  • Бала мінез-құлқының қалыптасуына әсер етуші факторларды ашып көрсеті;
  • Тәрбие басы тал бесіктен басталатынын дәлелдеу;
  • Бала мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздардың рөлі туралы толық мағлұмат беру. Міне осы көрсетілген міндеттер орындалған жағдайда мақсат орындалады. Яғни, балаларды дұрыс мінез-құлықта тәрбиелеудің тәсілдері туралы толық ақпарат жинақталады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Сөздің шындығы керек аталмыш тақырып сонау Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, ұлы педагогтар Әл-Фараби, Қ. Иассауи, Ы. Алтынсарин тағы басқаларының еңбектерінде арқау болған. Бала тәрбиесі туралы идеяларды өздерніңі шығармаларына арқау еткен қазақ даласының ойшылдары Ж. Баласағұн, М. Қашқари бар.

Мінез-құлқы тақырыбында түрлі кітаптар мен басылым беттерінде көлемді зерттеу мақалалары жарияланды. Әсіресе, «Бастауыш мұғалім», «»XXI ғасыр мектебі» деген журналдарда осы тақырып қамтылып жүр. Менің жазған шағын курстық жұмысым аталған еңбектердің сапына қосылады деп ойлаймын.

Тақырыптың құрылымы: Курстық жұмыстың мазмұны әдеттегідей кіріспе бөлімнен басталады. Ары қарай негізгі бөлімде тақырыпт толықтай ашуға тырыстым. Ол екі тарауға жіктелген. Соңында қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерді де тізімге кіргіздім.

1. Мінез - құлық туралы теориялық-әдістемелік сипаты

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасынан айқындалатын құбылыс. Ол тәрбиеге байланысты қалыптасып, дамып отырады.

Мінез ұғымын алғаш сипаттап жазған грек философтары Теофраст және Лабрюйер мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағалады.

Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.

Мінез-құлық дегеніміз -адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамдарға, тапсырылған әске қалай қарайтынынан байқалады. Амам мінез-құлқының алғашқы көрінісі-қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам-сенімі көрініс береді. Баланың еш әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі:таланты, мінезі, ақылы да дамуы мүмкін емес.

В. И. Зябкин ұсынған қағидалар ішінде:

-оқушының әлеуметтік ортаға қосылуы және үлкендердің әрекеттілігі, себебі тұлға қоғамдық қарым -қатынас жүйесіне қосылу үдерісінде ғана қалыптасады;

-жүйелілік;

-балаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторды фильтрлеу, себебі қалыптасып келе жатқан тұлға сыртқы әрекеттерден әсер алады және жағымды әсерлерді жіберетін және жағымсызын өткізетін ерекше фильтр қажет.

Баланың мінез -құлқын дұрыс бағытта қалыптастыуға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады. Олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұларалық қақтығыстардың жалғасуы әсер етеді. Мінез -құлықтың қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.

Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылым болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс - мінез-қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінездің түр - түрі көп. Оның моральдық жағынан ұстамдылығы, бірқалыптылығы, толықтылығы, салмақтылығы мінездің негізгі сапалары болып табылады.

Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы - педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше - объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.

Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін.

1. 1 Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негіздері

Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болатын қасиеттері. Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша, қалыптасқан табиғи мінез балаға тумысынан берілу мүмкін. Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатыны, қандай іспен шұғылдану ұнайтыны да маңызды рөл атқарады. Сондай -ақ эстетикалық қызығулар мінездің жұмсақ, сыпайы, жібектей болуына өз септігін тигізеді. Адамдардың ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Ал интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіреді.

Мінез ерекшеліктері адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді.

  • Сангвиник -қимыл -әрекеті тез, көңіл күйі тез -тез;
  • Холерик -қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшелігіне қарағанда тежеуден қозуға басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік, менмендік, шыдамсыздық, жеңілдік байқалады. Тиісті тәрбие беру әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын ұшқыр, таусылмас күш иесі болып қалыптасады.
  • Флегматик -қимыл -әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа төзімді, көпшілік ішінде байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы іс-әрекетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде флегматик тұлға өз шаруасын тап тұйнақтай етіп аяқтайтын, шыдамды, төзімді, сабырлы адам болып қалыптасады.
  • Меланхолик - сыртқа көп сыр аша қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адамдар тобы. Тиімді тәрбие берілмесе, меланхолик бала өте сабырлы, төзімді мінез көрсетеді.

Демек, мінез бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық құбылыстарға тығыз байланысты.

Мәдени мінез-құлықтарының негізгі көрінісі -адамгершілік қатынас. Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі сонау алғашқы заманда -ақ қарастырылып келеді. Адамгершілік қасиеттерінің негізгі ерекшеліктерін адам қарым-қатынасынан байқауға болады.

Баланың дұрыс мінез-құлықта тәрбиеленуіне ұстаздар қауымының атқаратын қызметі зор. Жақсы мұғалім өз оқушысына өмірлік жолдас болады. Баланың адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жанұя мен мектеп тәрбиесінен артық ештеңе жоқ. Кейбір жағдайда жанұя тәрбиесі нашар болса өмір

Мінез-құлықтың ережелері:

1. Жеке бастың гигиенасы, жинақылық пен тазалық ережелері

Күн сайын бір мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал.

Ертеңгілік жуыну, тісті тазалау, құлақ пен мойындарын жуу.

Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан бастап жуынып-шайынып жүр.

Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын сақта.

Түкіргенде және жөтелгенде аузыңды бет орамалмен жауып, теріс қарап қақырын.

Шашыңды тәртіпті таза ұста, ол әр қашан жуылған әдемі қиылған болсын.

Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып жүру керек.

Дастарған басында дұрыс отыру, құралды пайдалану орны мен әдебін сақта.

Әркез жинақы, таза киініп жүр.

Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді үйде жүргенде кию керек.

Қонаққа барғанда ерекше жинақы, мерекедегідей әдемі киінеді.

Өз киімің мен аяқ киіміңе ұқыпты бол.

Жұмыс істейтін орныңды таза ұста.

Сыртқы киімді көрінген жерге тастай салмай ілгішке іліп қой.

Ойыншықтарыңды да рет-ретімен ұста. Ойнап болған соң жинау керек.

2. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ержелері

Сыпайлық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын білдіреді. Ондай адам ылғи да сәлемдесіп, қоштасып жүреді. Басқаларға жылы шырайлы, ілтипаты болады. Ендеше сыпайылықтың да өзіндік ережелері бар екенін есте ұстаған жөн.

Сен отырған бөлмеге жасы үлкен кісі кірсе, оған бірінші болып амандас.

Үлкен кісі саған қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр.

Өз жолдас, қатарлас құрбыларыңмен сыпайы бол, оларға оғаш ат, айдар қойып атама. Ыңғайсыз болады. Жолдасыңа ұнамай, көңіліне тиюі мүмкін.

3. Дәлдік пен міндеттілік ережелері

Сен бұл жарық дүниеде жалғыз емессің, өзіңнен басқа да адамдар бар.

Жалпыға ортақ ережелер болады. Оны бір кісідей сақтау керек.

Жұмыс не болмаса ойын, тіпті көңілді кештер ұйымдасқан түрде көпшілікпен өтуі керектігін естен шығарма.

Кез келген істі бастай отырып, уақытында дұрыс аяқта.

Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер кезінде ұйықтап, уақытында орныңнан тұр. Осы аталған ережелер толықтай орындалған кезде бала толыққанды тұлға болып қалыптасады.

1. 2 Мінез-құлық ауытқушылықтары және оларды жою мен алдын алу

Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio » -ауытқушылық) . Девианттық мінез-құлық -қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма) » және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді.

Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.

Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.

Психологияда «қылық»- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз(аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық -бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім -тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы т. б. мұраларынан да елеулі орын алған.

Мінез -құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П. П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П. П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.

Ал, А. С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т. В. Лодкина, А. В. Захаров, В. С. Мухина, З. Матвейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен.

Белгілі психолог ғалым Б. Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:

- Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;

- Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;

- Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.

Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.

Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп-қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.

Жағымды девиантты мінез-құлық - бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т. б. көріністер болуы мүмкін.

Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т. б.

Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар.

Сонымен, девианттық мінез-құлық -кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық - бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т. б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады.

Девиантты мінез- құлық үлкен екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, ашық немес жабық психопатологиясы бар, психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай және оларды жазаланатын болса-қылмыс деп атайды. Жастар арасында соңғы жылдары тәртіп бұзушылық, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық, жезөкшелік кең орын алуда. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі түсті бейресми журналдар, т. б. ) көргендерін тез қабылдайды. Міне, сондықтанда алған ақпарат пен телехабарла беріліп тұратынқылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастарды қатыгездік пен жүгенсіздікке ұрындыруда.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Неліктен жасөспірім шақ қауіп тудыратын шақтар?

Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді.

Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы.

Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Ұлтаралық қатынас мәдениетінің көрсеткіштерінің мәдениетінің сипаттамасы көрсеткіштері
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
МӘДЕНИ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық дағдыларын оқу-тәрбие процесінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz