Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3

І. БАНК ҚАРЫЗДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.

1.1.Банк қарыздарының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Банк қарыздарының түрлері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..11
1.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін
жүргізу ... ... 16

ІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қарыздарды қайтару
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2.Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу әдістер ... ... 24
2.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жетілдіру...33

ІІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

3.1. Қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебінің аудитін
жүргізу ... ...39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...43
ПАЙДАЛАНЫЛғАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 44

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар
бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да
мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін
ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейіне байланысты белгілейді.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы,
әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі ресурстарының басты
мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық актиатік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк
болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек
қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған
ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші
болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар — кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші
өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі сипатын
көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы
жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары
пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып,
қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының
элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік
өтелмеген құн – несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен — өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған
ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік
берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті
процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге
қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа
сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде
несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл
жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық
категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банктеріндегі
қысқа мерзімдегі қарыздарымен несие есептер ұғымы мен құрылымын талдау
болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі екінші деңгейлі банктердің банк
қысқа мерзімдегі қарыздарымен несие есептердіжетілдіру жолдарын және
реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда
мақалалар, маңызды деректер, статистикалықкөрсеткіштер жан-жақты
пайдаланылып отыр.
Қазақстанда аталған мәселелер осы күнге дейін жеткіліксіз зерттелген.
Экономикалык әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы қысқа мерзімдегі
қарыздарымен несие есебіаспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар
(Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев,
М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К.
Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, сондай-ақ
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде – Банк қысқа мерзімдегі қарыздарымен несие
есебітуралы ұғым және қызметі, мәні және қажеттілігі қарастырылды, сонымен
қатар оларды жоспарлау, реттеу қарастырылған.
Екінші бөлімде -Осы бөлімде Банктің карызымен несие есебіне
сипаттама, оның құрылуы, жеткіліктілігі және динамикасы, банк қарыздарының
операциялары мен нарықтық өзгерістері келтірілген.
Үшінші бөлімде -Банктегіқысқа мерзімдегі қарыздарымен несие
есебіоңтайландыру жолдары келтірілген.

І. БАНК ҚАРЫЗДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.

1.1.Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан
Республикасы банкісі бекіткен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензиясы берілген ұлттық
банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге
асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

Несие өтеу қабілеттілігі кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін
толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие,
негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми техникалық
деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін
шығаруға,ынталандыруға, халыққатүрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін
экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі.
Олардың ішінен жеке көңіл бөлетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде
орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің дипозиттерімен және
шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға
беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында
коомерциялық және келісім шарт негізінде беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге
асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша
қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі.Банк мекемесі
табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауып туғызатындықтан, ондай
кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу
мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оның
жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша
түріндебанкке өтініш беріледі. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер
кәсіпорынның қарызы жоқ болса, және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың
берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның
берген өтінішінің оң шешімін табу мүмкін.
Әдетте, қарыз шоттары банктерде есеп айрысу шоты ашылған жерінде
ашылады.Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілген өтініш міндеттемесін
ұсыну керек.Несие беру келісім шарты бекітілігенге дейін қарыз алушының
несиені қайтару қабылеттілігін мұқияат талдауға қарыздың өтелмеуіне әсер
ететін факторларын қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында
өтеуін (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын
қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем
қабылеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б мүмкіндіген
зерттеуге міндетті.
Банк қарыз алушыға несиелік қызымет көрсету үшін онымен бірге бір
жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбюір несие берудің
жағдайын әрбір клиент бойнша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін
материалдық құндылықтардың айналысмдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі
ақталыуына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс цикылының
ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағрақ мерзімге де, бірақ 2
жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие алған жағдайда:1031,1011-есеп айрысу мен касса шоты:3310
-жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде
аталған шоттар дебеттеліп және 3010 (банк несиелері) шоты кредиттеледі.
Несиені өтеген жағдайда 3010 шоты дебеттеліп және 1031шоты
кредиттеледі.Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмген қарыздарды төлеут
мерзімі жеткенде 3010 (банк несиесі) шотына : (мерзімінде өтелмеген
ссудаллар) немесе қайтару мерзімі үзартылған талдамалық шоттарына есептен
шығарылады.
Несиені пайдаланған үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген
пайыздардың сомасы 7320 (пайыздар бойынша шығындар) шотының дебеті және
3380 (төленуге тиісті проценттер) шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.Проценттерді төлеу 3380 (төленуге тиісті процентер) шотының
дебеті және 1031 (есеп айрысу шотындағы қолма-қол ақша ) шотының кредиті
бойнша көрсетіледі.
Несие әдетте, қарыз алушының есеп айрысу шотында қаражаттың бар блуына
қарамастан, қолма-қосыз тәртіпке беріледі немесе есеп айрысу шотына
аударылады. Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын,қарыз алушының
немесе қарызданушының несиені өтеу қабілеттрілігін қарызданушының
репутатциясын қаржылық және эконогмикалық жағдайын баланс өтемділігін,
айналым қаражаттарын пайдалану тиімділіігін басқа жағдайларын жан-жақты
талдап зерттйді.
Тұрақты түрде несиелегетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне
бухгалтерлік баланстың мәләметтері бойынша бақылау жасалынады.Олардыңрбір
итоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебеторлық және
кпредиторлық қарызы талданады ал керек болған жағдайда қойма мәліметтері
және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрініс зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін
пайыздар, айыппұл төлеуге міндетті.
Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап қарыз беруші
екінші бір тарапқа қарыз алушыға өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын
береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық
міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады. Сондықтан берілген несиені
есепке алу үшін 3020 " Банктен тыс мекемелердің несиелері " деген шотын
пайдаланады. Бұл пассивті шотқа еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз
берушілердің банктерден басқа мәліметтердің жиынтығы.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегін төлемдер мен
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған
кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс
екі шотын; "Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер " және "Берілген
міндеттемелерді қамту мен төлемдер" деген шоттарын пайдаланады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі,
кепілге салудың шарты, сақтандыру полесі және т.б болады.Кепілдеменің және
кепілдемеге салудың мәнін қарастырайқ. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан
несие берушіге (несие беруші кәсіпорынға) борышкерден (несие алушы
кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қаматамасыз ету
үшін беріледі.Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады.
Кепілдеменің мәні: борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті
төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағжайда банкттер, кәсіпорындар немесе
ұйымдар несиені төлеуді өз мойндарнына алады. Міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі
өндірістік және коомерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен
қолданылып жүр.Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етуі тоқтамаса, кепілдік
тоқтатылады:кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған
мүлікке меншік иесі ретінде иеленнген жағдайда, кепілге салынған мүлік
мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б кепілдіктің түрлері болып
мүлікті салу және ипотека саналады.
Кепілге салу кезінде кепілдікке кепілдікке салынған мүлік кепілге
берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімінен
кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылынып сол
жерде қалынуы мүмкін.
Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің несие 3
тұлғаның иелігімен пайдалануында болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай несие берудің басқа да түрлері 4030 (басқа да
несиелер) шотында есебі жүргізіледі 4030 -ші шотында кәсіпорынның
еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылыған облигацисы,
тауарлары, жұмыстпары, қызметтері және берілген векселдерді есепке алады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу үшін берілетін векселдердің есебі.
Сатып алушы сенімхат арқылы жабдықталушыдан жеткізілген тауармен
(жұмыспен,қызметпен) есеп айрысу кезінде жай немесе аудармалы векседі
пайдалануы мүмкін. Вексел ұстаушы жабдықтаушылармен, мердігерлермен және
басқа да кредиторлармен есеп айрысуда берілген векселмен қамтамасыз етілген
қарызын 4030 шотта есепке алады.
Пайыздық вексел бойынша 4030 шотқа (берілген вексел) деп аталатын суб
шотын ашуды ұсынады.
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас
аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне
ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды
білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл
банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке
азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз
алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей
қызметтерді атқарады:
қайта бөлу;
айналыс шығындарын үнемдеу;
айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
капиталдың шоғырлануын жеделдету;
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының
толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін,
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін
несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана
қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар:
чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады.
Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар,
айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде
енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда
кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін,
несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несие нысандары, олардың жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің
бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-
ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы
уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі
сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен
салыстырғанда төмен болады;
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына
қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай
турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады.

1.2. Банк қарыздарының түрлері мен ерекшеліктері

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
макқатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
кепіл-хатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
сенім (бланктік)несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты
күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты
күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және
тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық
несиелер;
түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска
мерзімді несие.
Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық
шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған
жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап,
банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие
береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік
қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері
ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы,
овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі.
Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома
клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан
табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы
жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз
етусіз беріледі.
Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін
өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды
несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта
құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе
нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында
берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және
олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік
несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері
есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар,
өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік
құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала
отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін
несиесі.
Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын
коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды
қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор)
экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының)
берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің
сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер
(сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы
оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз
ұстап қалады.
Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентініңжабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-
фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды
қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие.
Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен
қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып
алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі
қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды
түрде рәсімделген міндеттемесі.
Несиелеу объектісіне қарай:
меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және
басқа да мүліктер алуына;
ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы
маусымдык үзілістерге;
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Ссудалық пайыз
Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік қатынастардың даму жағдайында
пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.
Ссудалық пайыз — уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіреді.
Ссудалық пайыз:
несиені пайдаланғаны үшін төлем;
несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру
тәсілі.
Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда
банктер пайыз сомасын толық және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз
есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз
бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын
білдіреді.
Ссудалық пайыз екі қызмет атқарады:
бөлу;
ссудалық капиталды өсіру.
Бөлу қызметі жаңадан құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.
Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын баяндайды, яғни қарыз
алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.
Ссудалық капиталды өсіру қызметі банктің несие беруші ретіндегі
несиелік әлеуетін арттыруды көздейді.
Ссудалық пайыздың мынадай түрлері болады:
Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді
қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді. Іс жүзінде базалық
мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды. Мұндай
факторларға мыналар жатады:
Инфляция қарқынын ескере отырып және несиелік ресурстарға сұраныспен ұсыныс
негізінде белгіленген номиналдық мөлшерлеме;
Инфляция қарқынын шегеріп тастау арқылы есептелетін нақты мөлшерлеме;
Несиелік шарттың мерзімі ішінде өзгермейтін тұрақты пайыз
мөлшерлемесі;
Экономиканың жағдайына байланысты өзгеріп отыратын өзгермелі пайыз
мөлшерлемесі;
ҚҚА және ҚҰБ-нің ықпалымен реттелетін пайыз мелшерлемесі;
Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай түрлері
қолданылады:
жай пайыз мөлшерлемесі — несиенің мерзімі ішінде бір капитал сомасына
есептелетін пайызды есептеу әдісі;
күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің
капиталына есептелетін пайыздық төлем.
Қазіргі уақытта банкаралық қатынастардың дамуы тұсында банктер бір-бірінен
несие алу және бір-біріне несие беру қатынастары дамып отыр. Осындай
ссудалық пайыздың түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР —
париж банкаралық мөлшерлемесін жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР -
лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа
қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.
АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады. Бұл
ресми банкаралық мөлшерлемеден өте жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға
беретін несие бағасынан темен.
Ссудалық пайыз қарыз алушының қаржылык жағдайына тікелей байланысты
белгіленеді, егер ол тұрақты болса онда оның мөлшері төмен не керісінше.
Іс жүзінде барлық елдерде пайыз саясатын реттеуге мемлекет араласады.
Мұндағы максат несиеге деген бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық
валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Тұтыну несиесі
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол
елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал,
Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде
тұтыну несиесін ен. қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық
құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады.
Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді
сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік
несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей
байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл нысанының экономикасы
дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі,
субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық
игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни
кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі — бұл дайын
өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге
мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды
рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді
түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және
пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды
ынталандыруға тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге
жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай
түрлері қолданылуда:
автомобилдік несие;
ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.)
берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк
несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
жиһаз;
сантехника;
аудио-видео-және түрмыстық техникалар;
компьютер және оргтехника;
басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және
басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

1.3. Банктегі қысқа мерзімдегі қарыздармен несиелер есебін жүргізу

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру қазақстан
Республикасы банкісі бекіткен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензиясы берілген ұлттық
банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге
асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

Несие өтеу қабілеттілігі кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін
толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие,
негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми техникалық
деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін
шығаруға,ынталандыруға, халыққатүрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін
экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі.
Олардың ішінен жеке көңіл бөлетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде
орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің дипозиттерімен және
шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға
беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында
коомерциялық және келісім шарт негізінде беріледі.
2)Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге
асырылады. Банк қарыздары (ссудасы) бұрындары берілген ссуда бойынша
қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі.Банк мекемесі
табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауып туғызатындықтан, ондай
кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу
мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оның
жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша
түріндебанкке өтініш беріледі. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер
кәсіпорынның қарызы жоқ болса, және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың
берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның
берген өтінішінің оң шешімін табу мүмкін.
Әдетте, қарыз шоттары банктерде есеп айрысу шоты ашылған жерінде
ашылады.Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілген өтініш міндеттемесін
ұсыну керек.Несие беру келісім шарты бекітілігенге дейін қарыз алушының
несиені қайтару қабылеттілігін мұқияат талдауға қарыздың өтелмеуіне әсер
ететін факторларын қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында
өтеуін (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын
қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем
қабылеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б мүмкіндіген
зерттеуге міндетті.
Банк қарыз алушыға несиелік қызымет көрсету үшін онымен бірге бір
жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбюір несие берудің
жағдайын әрбір клиент бойнша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін
материалдық құндылықтардың айналысмдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі
ақталыуына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс цикылының
ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағрақ мерзімге де, бірақ 2
жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие алған жағдайда:1031,1011-есеп айрысу мен касса шоты:3310
-жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде
аталған шоттар дебеттеліп және 3010 (банк несиелері) шоты кредиттеледі.
Несиені өтеген жағдайда 3010 шоты дебеттеліп және 1031шоты
кредиттеледі.Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмген қарыздарды төлеут
мерзімі жеткенде 3010 (банк несиесі) шотына : (мерзімінде өтелмеген
ссудаллар) немесе қайтару мерзімі үзартылған талдамалық шоттарына есептен
шығарылады.
3)Несиені пайдаланған үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген
пайыздардың сомасы 7320 (пайыздар бойынша шығындар) шотының дебеті және
3380 (төленуге тиісті проценттер) шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.Проценттерді төлеу 3380 (төленуге тиісті процентер) шотының
дебеті және 1031 (есеп айрысу шотындағы қолма-қол ақша ) шотының кредиті
бойнша көрсетіледі.
Несие әдетте, қарыз алушының есеп айрысу шотында қаражаттың бар блуына
қарамастан, қолма-қосыз тәртіпке беріледі немесе есеп айрысу шотына
аударылады. Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын,қарыз алушының
немесе қарызданушының несиені өтеу қабілеттрілігін қарызданушының
репутатциясын қаржылық және эконогмикалық жағдайын баланс өтемділігін,
айналым қаражаттарын пайдалану тиімділіігін басқа жағдайларын жан-жақты
талдап зерттйді.
Тұрақты түрде несиелегетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне
бухгалтерлік баланстың мәләметтері бойынша бақылау жасалынады.Олардыңрбір
итоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебеторлық және
кпредиторлық қарызы талданады ал керек болған жағдайда қойма мәліметтері
және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрініс зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін
пайыздар, айыппұл төлеуге міндетті.
Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап қарыз беруші
екінші бір тарапқа қарыз алушыға өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын
береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық
міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады. Сондықтан берілген несиені
есепке алу үшін 3020 " Банктен тыс мекемелердің несиелері " деген шотын
пайдаланады. Бұл пассивті шотқа еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз
берушілердің банктерден басқа мәліметтердің жиынтығы.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің Бас шоттар тізбегін төлемдер мен
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған
кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс
екі шотын; "Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер " және "Берілген
міндеттемелерді қамту мен төлемдер" деген шоттарын пайдаланады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның
кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полесі және т.б
болады.Кепілдеменің және кепілдемеге салудың мәнін қарастырайқ. Кепілдеме
кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге (несие беруші кәсіпорынға) борышкерден
(несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін
қаматамасыз ету үшін беріледі.Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және
мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер-кәсіпорын несие бойынша
өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағжайда
банкттер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені төлеуді өз мойндарнына алады.
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме
кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коомерциялық қызметтерінде аталған
жағдай кеңінен қолданылып жүр.Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етуі
тоқтамаса, кепілдік тоқтатылады:кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда,
кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленнген жағдайда, кепілге
салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б кепілдіктің
түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.
Кепілге салу кезінде кепілдікке кепілдікке салынған мүлік кепілге
берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімінен
кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылынып сол
жерде қалынуы мүмкін.

ІІ. БАНКТЕГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДЕГІ ҚАРЫЗДАРМЕН НЕСИЕЛЕР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қарыздарды қайтару тәртібі

Коммерциялық банктердің несиелік қызметті атқаруы -несиелік
механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын
қамтамасыз ететін несиелеу әдістері мен формаларын енгізуді, несиелік
операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.
Қазақстан Республикасында несиелеу: Қазақстан Респуб-ликасының
Ұлттық банкі туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы зандарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда
бекітілген Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу.
Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық
меншік формалары мен түряеріне қатысты.
Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге
асады, ол мәртебе Ұлттык банкінің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік
операдияларды жүргізуге лицензияның бар болуымен анықталады.
Қарыз несиелік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың
мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздары
болған жағдайларда да беріледі.
Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз
уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді
өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зертгеп білуі
қажет.
Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі.
Ол шоттар несиенің бағытталуы бойынша (несие шифр) ашылады. Мұндағы өнімді
сатудан түскен түсім мен басқада түеімдер есеп айырысу шотына аударылады.
Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезіңде тауар-материалдық құндылықтар,
көрсетілген қызметтер үшін ақшалай-есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ
қолданылмаған қарыз қалдығы мөлешрінде чектік кітапшаны және аккредитивтер
ашу үшін беріледі.
Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері
төмендегілерге байланысты қойылады: несиені пайдалану мерзіміне, қарыз
алушының төлей алмау тәуекеліне, несиелік ресурстар үшін төлем мөлшеріне,
объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқада
факторларға байланысты.
Қарыздың қорытынды күнi Банк айқындайтын осындай одан да кешiрек күн
болып табылады. Банк осындай кешiрек күн туралы Қарыз алушыны дереу
хабардар етедi.
Қарыз алушы араға уақыт салып Банк шешiм қабылдап отыратын Қарыз
сомасының бiр пайызы (1%) мөлшерiнде бiр жолғы комиссиялық алым төлеуден
ықтимал iшiнара босатуды ескере отырып, Банкке осындай алым төлеуге
мiндеттенедi. Мұндай алым осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 60 күннен
кешiктiрмей төленуге тиiс.
Қарыз алушы негiзгi Қарыздың араға уақыт салып алынбай қалған
сомасының бiр пайызының төрттен үш (1%-дың 34) мөлшерiнде қаражат қалдырып
отырғаны үшiн Банкке жылдық комиссия төлеуге мiндеттенедi.
Қарыз алушы Қарыздың алынған және кей кезде өтелмей қалған негiзгi
сомасы бойынша пайыздар есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн ЛИБОР-дың Базалық
ставкасына қосу ЛИБОР-дың жиынтық спрэдiне тең ставкамен несиелiк пайыз
төлеп тұруға мiндеттенедi. (b) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн: (i) "пайыздар
есептеу кезеңi" осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап және сол күндi
қоса отырып, бiрақ содан кейiнгi бiрiншi пайыздық төлем күнiн шығара
отырып, пайыздар есептеудiң бастапқы кезеңiн және бастапқы кезеңнен кейiнгi
Пайыздық төлем күнiнен бастап және оны қоса отырып, бiрақ содан кейiнгi
Пайыздық төлем күнiн шығара отырып, әрбiр кезеңдi бiлдiредi".
"Пайыздық төлем күнi осы Келiсiмнiң 2.07-бөлiмiнде көрсетiлген күндi
бiлдiредi.
Пайыздар есептеудiң әрбiр кезеңiне арналған "ЛИБОР базалық ставкасы"
Пайыздар есептеу кезеңiнiң бiрiншi күнi бағаланатын (немесе Пайыздар
есептеудiң бастапқы кезеңi жағдайында Пайыздық төлем күнiне не Пайыздар
есептеудiң осындай кезеңi күнi, не пайыздық есептеулердiң бiрiншi күнiнiң
ертеңгi күнi бағаланатын) Банк орынды түрде айқындайтын және жылдық төлем
пайызы ретiнде тұжырымдалатын бiрыңғай валютамен алты айлық депозиттер
бойынша Лондонның банкаралық рыногындағы ұсыныс ставкасын бiлдiредi.
Әрбiр пайыздар есептеу кезеңiне арналған"ЛИБОР жиынтық спрэдi"(А) бiр
пайыздың төрттен үшiн (1%-дың 34-iн); (В) Банктiң өтелмеген Қарыз қаражаты
немесе Банк орнықты түрде айқындайтын және жылдық төлем пайызы ретiнде
тұжырымдалатын бiр валюталық Қарыздарды немесе Қарыздың бөлiктерiн
қаржыландыру үшiн Банк бөлген Қарыз қаражатының бөлiктерi жөнiнде алты
айлық депозиттер бойынша Лондонның банкаралық ұсыныс ставкаларынан немесе
өзге мөлшерлi ставкалардан төмен (немесе жоғары) әрбiр Пайыздар есептеу
кезеңi үшiн алу(немесе қосу) орта мөлшерлi маржаны бiлдiредi.
Банк пайыздар есептеудiң әрбiр кезеңiне айқындалатын ЛИБОР базалық
ставкасы мен ЛИБОР жиынтық спрэдi жайында Қарыз алушыны немесе Гарантты
дереу хабардар етедi..06-бөлiмде көрсетiлген пайыздық ставкаларды
айқындауға әсер ететiн нарықтық бәсекенiң өзгеруiне байланысты Банк жалпы
алғанда өзiнiң Қарыз алушыларының және атап айтқанда Банктiң мүдделерi үшiн
Қарыз бойынша пайыздық ставкаларды айқындау үшiн 2.06-бөлiмде
көрсетiлгеннен өзге базис қолдану қажет деп тапса, Банк Қарыз бойынша
пайыздық ставкаларды айқындау үшiн базистi өзгерте алады, бұл ретте ол
осындай жаңа базис жайында Қарыз алушыны кемiнде алты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын экономикасы
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржылық жағдай аудитінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Несиелік тәуекелді басқару
Берешек қарыздарды талдау
Бағалы қағаздар классификациясы
Пәндер