Бастауыш сынып мұғалімнің педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық негіздері

  1. Педагогикалық шеберлік бойынша ағартушы педагог ғалымдардың ой-пікірлері . . . 6
  2. Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері . . . 12
  1. Бастауыш сынып мұғалімнің педагогикалық шеберліктің көрсеткіштеріБастауыш сынып мұғалімнің сабақ өткізу барысындағы оқушымен қарым-қатынас орнату шеберлігі . . . 17Педагогтық шеберлік - негізгі сапа . . . 22

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейкестілігі; жоғары білімді, өз ісінің шебері маманын даярлау мәселесі қай кезде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қай саланы алсаң да, оның дамуына, кемелді деңгейіне көтерілуіне, өскелең де, өзгергіш өмірден өз орнын алуына басты себеп, сол саладағы маман кадрлердің жеткілікті деңгейде дайындалуына байланысты.

Республикамызда соңғы жылдарда жарық көрген мемлекеттік құжаттарда Білім туралы заңы /2010/, Мемлекеттік білім бағдарламасы /2010/ болашақ қоғам мүшесі, келешекте оның белсенді қайраткері болатын жастармен, олардың білім алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты, шебер де, іскер етіп даярлауға баса көңіл бөлу керектігі атап көрсетілген. Осы аталған тұрғыда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де ең өзекті істің бірі.

Педагогикалық үрдісте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыда, әдістемелік және теориялық жағынан дайындау негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр.

Бастауыш сыныпта білім берудің көп пәнділігі, тәрбие жүйесінің күрделілігі, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің мектеп өміріне енуі, педагогикалық институттардағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау негізінде оларға кәсіби бағдар беру мәселесін ғылыми тұрғыдан зертеуді керек етеді.

Сондықтан халықтық педагогикаға ден қойып технология сабақтарының сабақтастығы негізінде салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлерді жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың өнерін, оның нәзік те көркем сырын ескеріп болашақ мұғалімдерге мәдениеттілікті, көркемдікті, әсемдікті, сұлулықты түсіндірудің және эстетикалық талғамын арттырудың бірден-бір жолы осы мәселені ұлттық үрдісте көптеген ғылым салаларының тоғысқан тұсынан жаңа педагогикалық талапқа сай қарастыру болып табылады.

«Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек. Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс», - деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай ұстаздың қай жерде болса да, мектепте де, халық ортасында да ерекше адам екені жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен байқалып тұратыны кімге болса да аян. Ал, мектеп ішінде мұғалім-ең басты тұлға. Өнер-білімі жағынан жоғары, тәрбиелік жағынан тағылымы мол, қабілетті, эстетикалық талғамы ерекше әсерлі, тәжірибеде өз ісінің шебері, халықтың сенген ой-пікірін, тапсырған жұмысын зор бағалап, орынды аяқтайтын қасиеттерді бойына сіңіре білуі қажет. Өйткені заманымыз да, халқымыз да, әрбір ата-анада өзінің көзінің қарашығындай сақтайтын баласын берсе, халқымыз өзінің болашақ ұрпағын тәрбиелейді деп сенім артып тапсырып отырғанын әр ұстаз жақсы біледі.

Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды 12 жылдық жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр.

Педагогтың тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтың тұлғалық сапасы «педагог-оқушы» қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.

Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай-ақ оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Әрине олардың мәнділігін кемітуге болмайды.

Тұтастай алғанда мұнда осы критерийлерге сай психология мен педагогика ғылымдарының негізімен қаруланған, шығармашыл ойды табысты іс-шараларға ұластыра алатын қазіргі заман мамандарын даярлау -ең басты әрі өзекті мәселелердің бірі.

Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш сынып мұғалімі.

Курстық жұмыстың пәні: бастауыш сынып мұғалімнің сабақ барысындағы кәсіптік шеберлігі.

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі талапқа сай кәсіби шеберлігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, мазмұны мен әдістемесін тәжірибеге енгізу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу;
  2. Бастауыш сынып мұғалімінің сабақ өткізу кезіндегі педагогикалық шеберлігінің оқушыларға әсерін нақтылау;
  3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлікке баулудың әдістемелік нұсқауын ұсыну.

Зерттеу әдістері: мектептегі және жоғары оқу орындарындағы білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемелекеттік құжаттармен танысу, жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауға арналған білім стандартының мазмұнын талдау, педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеулермен және мерзімді баспа материалдармен танысу, оларға талдау жасау, бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқауларға шолу, авторефераттарды салыстыру, жаңа ақпараттарды өңдеу.

Зерттеудің теориялық базасы шетел және отандық авторлар А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, А. И. Щербаков, Ю. П. Азаров, Н. В. Кузьмина, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, И. П. Андриади, В. А. Мижоренко және М. И. Ермоленко, В. П. Куравлева, А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин, Л. А. Байкова, Л. К. Гребенкин, А. М. Новиков, В. Г. Белинский еңбектері болып табылады.

Зерттеудің негізгі әдісі сипаттушы немесе дескриптивті әдіс болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, нысаны мен зерттеу пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері айтылады.

Бірінші бөлім «Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық негіздері» деп аталады. Осы бөлімнің «Педагогикалық шеберлік бойынша ағартушы педагог ғалымдардың ой-пікірлері» атты бірінші бөлімшесінде зерттеліп отырған мәселенің Отандық, Ресейлік қалыптасқан философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ғалымдардың ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, тарихи дамуы және теориялық негізі анықталды. Екінші бөлімше «Педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері» деп аталып, педагогтың кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктеріне анықтама берілген, ол үш түрлі көзқарасқа негізделеді. Біріншісі- педагогикалық әдеп- оқушылармен қарым-қатысқа жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру; екіншісі- мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі; үшіншісі - мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.

Курстық жұмысымның екінші бөлімі «Бастауыш сынып мұғалімнің

педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері» деп аталады. Бөлімнің «Бастауыш сынып мұғалімнің сабақ өткізу барысындағы оқушымен қарым-қатынас орнату шеберлігі» атты бірінші бөлімшесінде мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнату шеберлігі, яғни педагогикалық тактикасы, педагогикалық әдеп, сенім, байқағыштық, ілтипаттылық сияқты қасиеттер сипатталған.

«Педагогтық шеберлік - негізгі сапа» деп аталатын екінші бөлімшеде мұғалімнің кәсіби қызметінің ең жоғарғы деңгейі педагогикалық жаңашылдық - адамдардың жаңа жасампаздық қызметі туралы айтылады. Жаңашылдық ұғымының мәні, мұғалімнің іс-әрекет саласында адамның жаңа, прогрессивті принциптері, идеялары, тәсілдері енгізілді.

Қорытындыда жалпы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілген.

1 Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 1 Педагогикалық шеберлік бойынша ағартушы педагог ғалымдардың ой-пікірлері

Педагогикалық шеберлік- ұстаздық талант пен тығыз байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», -айтады.

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990) . Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек [1, 15] .

Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді қарастырамыз.

Ян Амос Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық қызметті атқаратын мұғалімді өте жоғары бағалады. Ол мұғалімнің ролін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес».

Қазақ халқының белгілі ағартушы -педагогі, қазақ топырағында тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев осы аталмыш оқулықтың кіріспесінде мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы- мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»- деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады [2, 12] .

Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі айтқан: «Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны қайта құюға болады, егер алтын тастар бүлінсе, онда іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар-өмірге келетін адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.

Н. К. Крупская 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.

Педагогикалық шеберлік туралы А. С. Макаренконың пікірлеріне сүйенетін болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік-бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы» бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру-өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет-әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді [2] .

Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.

В. А. Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: «Идеалдармен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық- педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы-міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екені айтады.

А. И. Щербаков педагогикалық шеберлік- мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты-өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.

Ю. П. Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әркеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе қжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».

Міне, шеберліктің құдыреті- осындай тұтасқан үйлесімде. Ю. П. Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік істейтін ісіміздің материялдық жағында болуы тиіс, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.

Н. В. Кузьмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.

Н. В. Кузьминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында) .

Ю. К. Бабанский «мұғалім-кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.

Н. В. Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі психологиялық-педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.

Павлютенконың ойынша мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегідей компонентер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық саласы;

ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады) ; б) тұлғаның өзін-өзі тануы.

В. А. Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтық процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.

И. П. Андриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интелектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.

В. А. Мижоренко және М. И. Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтық қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықтаалды.

В. П. Куравлеваның анықтамасында педагогтік шеберлік « . . . теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» делінген. Осы анықтаманы өрбіие отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп, біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкепршілікпен орындау кезінде көрінеді.

А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның педагогикалық-психологиялық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.

Л. А. Байкова, Л. К. Гребенкиннің дәлелдеуінше педагогикалық шеберлік- бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі біріншіден, педагогтың жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағымәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік пен адамдармен тіл табысу атап айтылған.

Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастары жүйесі- кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады деп тұжырым жасайды.

А. М. Новиков педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьтермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға болмайтындығына көз жеткізеді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А. М. Новиков педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайды ашып береді, оқушыға өз мақсатына-мұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады.

Орыс ғалымы В. Г. Белинский былай дейді: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр» [3] .

Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам[4] .

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздікісз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғызқан, өзінің қоғамдағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

  1. Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
  2. Пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойына әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
  3. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады [5] .

Педагогикалық шеберліктің негізі-балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу -тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін - өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынандай жүйелерге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологиясының маңызы
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz