Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1. Оқытудың интерактивті
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...3
2.Негізгі бөлім
2.1.Оқытудың интерактивті әдістерінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..7
а) Топтағы әрекеттестікті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
б) Интерактивті оқытудың дәстүрлі оқытумен
байланысы ... ... ... ... ... ...10
2.2.Интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3.Интерактивті әдістерді қолдану және жұмыс
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .17
2.4.Оқыту барысында педагогикалық технологияларды ұтымды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3. Тәжірибелік бөлім
3.1. Информатика пәнін оқытуда оқушылардың таным белсенділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.2. Оқытудың интерактивті әдісін қолдану арқылы сабақты
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
5. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .37

I. Кіріспе
1.1. Оқытудың интерактивті әдістері
Зерттеу жұмысының мақсаты  - мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту
тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары, интерактивті тақтамен оқушылардың
жұмыс жүргізуі және интерактивтің тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне
көз жеткізу.
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны
ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық
елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық
технологиядар болып отыр. Осыған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін
ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру
кездейсоқ нәрсе емес.
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту
ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат –
оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын,
оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және
ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген,өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын
сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-
қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері
қажет.
Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық –технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік
материалдар байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді.
Ақпараттық –технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына,
іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте –ақ
республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін
ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде
компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық
оқушы-компьютер-мұғалім жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты
ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге
түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Ел басы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі
уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті
құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің ,
оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі-
inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында
оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір
толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын
оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және
де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті
тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері
анық.
Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп
қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала
электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша
орындатқан тиімді.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен
ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және
әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу,
олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге
көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2)
пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,
әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды
өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана
шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп
аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы
тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі
болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім,
біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық
техника жатады.
Ал шығапрамашылық деген сөздің сырына үнілсек , ол адамның мақсатты
ісіне жету жолындағы талаптануы мен толқынысының жігері мен
сабырлығынан, сұранысы мен сезімнен көрінеді.
Шығарамашылық сөзінің төркіні шығу, ойлар табу дегенге келіп
саяды.
Шығрамашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік
белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі , жаналық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты
анықталады.
Шығармашылық кәсіпкерлік тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары
–күшті кәсіби білім, шығармашылықпен ойлау, кәсіпкерлікті игеру,
бәсекелестік қабілеттілікті дамыту болып табылады.
Осы айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану
негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді
ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Ұстаздың шығармашылық
жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі
ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне , яғни шеберлігне
байланысты.
Инртерактив – ағылшынның тұлғаралық қарым-қатынас деген сөзі. Демек,
интерактивті оқыту әдістері жеке тұлғаға бағытталатын қазіргі білім беру
парадигмасын қанағаттандырады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі әдістерінен оқу үрдісінде
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік
сақтауымен мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Инртерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа
жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын
қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін
мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып,
ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері
ретінде оқушылардың өз міндеттермен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет
дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің
субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай
отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті
оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде
оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп,
өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын
айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары
қауымдастықпен бәсекелестік болып табылады.
Психолог – ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда
алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу,
әртүрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе
өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рөлдік ойындар арқылы
әртүрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әртүрлі білімдерді синтездеу
кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі
ситуациялар мен мәлім еттерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық
ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Сыртқы бағдарлар Ішкі бағдарлар
Психологиялық Тұлғаралық әрекеттесуге Топтық жұмысқа дайын
ұйымдастыру ұмтылу. болу.
Бірлескен әрекет ережелерін Құқықтар мен міндеттерді
мойындау. түсіну.
Жалпы топтық рефлексияның Өзара әрекет дағдыларын
дамуы. меңгеру.
Ұжымдық ынтымақтастықтың Өзіндік рефлексияның
қалыптасуы. дамуы.
Оқу әректінің
субъектісіне айналу
Педагогикалық Мақсат қоюға үйрену Интепрактивті оқуға
ұйымдастыру Қажетті оқу кеңістігін дайындықтың қалыптасуы
қалыптастыру Өзара әрекеттесу
Оқу топтарын жасақтау дағдыларының дамуы
Топтық жұмыс ережелерін Танымдық белсенділіктің
қабылдау артуы
Жаңаша бағалау жүйесін жасауСынып ұжымының қалыптасуы

а) Топтағы әрекеттестікті ұйымдастыру
Интеракативті әдістемеде топтағы әрекеттестікті ұйымдастырудың келесі
тәсілдері бар:
1. Ұқсастық айырмашылық. Бұл тапсырма бойынша оқушыларға екі жағдай
беріледі де, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
ұсынылады. Бұл тапсырмалалар түрлі елдердің немесе этникалық
топтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуге қолданылуы
мүмкін.
2. Ранжирлеу (маңызына қарай топтау). Бұл тапсырманы орындау
оқушылардан бірнеше пайымдауларды қарауды және оның басқалармен
салыстырғандағы орнраластыру. Бұл тапсырмада маңызын немесе
құндылығын анықтауды талап етеді. Тапсырма жеке пікірлерге
негізделеді және көптеген пікір талас туғызады.
3. Кезегіне қарай оқушыларға бірнеше пайымдауларды қарау және оларды
қандай тәртіппен орналасатынын немесе орналасуы қажеттігін шешу
ұсынылады. Әдетте хронологиялық тәртіп талап етіледі.
Тапсырманың бұл түрі оқушыларда пайымдаулармен жақсы танысуға, оларды
өзінің қарсыласына түсінрдіруге үйретеді. Бұл әдіс оларды практикалық
мәселелерге тиянақты қарауды талап етеді.
4. Сәйкестілігін іздеу. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардан сөздердің
немесе пікірлердің сәйкестігін анықтау талап етіледі. Бұл -түсінікті
бекіту үшін ұтымды тапсырма.
5. Рейтинг. Бұл тапсырмада оқушылардан бірнеше пайымдауларды қарау және
оларды баға критерийлері ретінде қолдана отырып, ретіне қарай орналастыру
талап етіледі. Олар әрбір пайымдауды қандай орынға қоюды шешулерді тиіс.
Пікірлерге негізделген мұндай типтегі тапсырмалардың жауапты көптеген
пікірталастарын туғызуы мүмкін. Олар оқушылар түсінігінің қай деңгейде
екенін анықтауға пайдалы болуы мүмкін.
6. Топтастыру. Бұл тапсырма оқушыларға пайымдаулар қатарын
критерийлеріне сәйкес топтастыруды ұсынады. Мұнда олар ұсынылған
критерийлер жөнінде көп білетін болады.
7. Жалпы қорытынды. Бұл тапсырмалар бойынша оқушылар тиісті сәттерді ,
белгілеулерді және оларды түрлі тәсілдермен жазып алулары тиіс.
8.Шындық өтірік. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар пайымдаудың шын-
өтірігін анықтайды, қарастырады және шешеді. Бұл – оқушылардың бұрынғы
білімін бекітуі, шығатын құжаттарды оқуға мақсат қоюы және түсініктерін
тексеруі үшін тиімді тәсіл болуы мүмкін.
9. Дұрыс па әлде өзгерту қажет пе? Бұл тапсырманы орындауда оқушылар
пайымдаулардың дұрыс-бұрыстығын қарастырады және шешеді.
10. Қарама - қайшылық пайымдау. Тапсырманың бұл типінде оқушылардан бір
нәрсе мен екінші нәрсені салыстыру және артықшылықтар мен кемшіліктердің
тізімдерін құру талап етіледі.
11. Себеп-салдарын анықтау. Бұл тапсырманы орындау оқушылардан белгілі
бір әрекеттің себеп-салдарын анықтауды талап етеді.
12. Сендер не ойлайсыңдар? Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға
олардың сенімі жөнінде ойлануына тура келеді. Тапсырманың мақсаты –
пікірлерді салмақтап каөруге алынған тапсырманы қолдау. Бұл – түсініктерді
бекіту үшін өте жақсы тәсіл.
13.Зерттеу және есеп беру. Бұл тапсырманы орында үшін оқушылардан
жақсылап ойлану және өз орталарында зерттеу жүргізу талап етіледі. Есеп,
эссе, сөз, диаграмма түрінде болуы мүмкін. Тапсырманың бұл түрі оқушылардың
сенімін бекіте түседі.

б) Интерактивті оқытудың дәстүрлі оқытумен байланысы
Көптеген мұғалімдер оқытуды дәстүрлі және жаңаша деп екіге бөледі.
Алайда, тек екі ғана оқыту әдісі бар деген тұжырым – қате. Дұрысы, белсенді
және қалыпты интерактивті оқытудың арасында алуан түрлі оқушылардың өзара
әрекеттестігінің мүмкіндіктеріне қарай жүздеген әдістер бар. Мысалы,
мұғалім ескі оқулықпен жұмыста оқушылармен белгілі бір мәселенрі жазбаша
орындамас бұрын жұптық тәсілмен талқылап алуын тапсырса, онда оның
интерактивті әдісті қолданғаны.
Кейбір мұғалімдер дәстүрлі оқытудың кемшіліктерін анығырақ сезінген
кезде, онымен оқытуды мүлде тоқтатсақ қалай болады деп сұрайды. Әрине, жоқ,
өйткені біздің мақсат – оқыту әдістемесі қорын байыту. Кәсіби мұғалім
интерактивті әдістен дәстүрлі әдіске ауыса білуі, тіптен бір сабақтың
ішінде қажетіне қарай әр кезеңінде әртүрлі әдіс қолдану машығына ие болуы
тиіс.
Дәстүрлі және интерактивті оқыту
Дидакт-ғалымдардың айтуынша дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар
екен.
• Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.
• Бала білім қажеттігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

• Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.
• Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктері ескерілмейді.
• Іс ұжымдасып атқарылмайды, тек мәлімет алмасу жүреді.
• Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.
• Басты мақсат – адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша
ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу процесін басқаруға қатыстыру.
2. Ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету.
3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

2.2. Интерактивті әдіс – тәсілдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде интерактивті
әдістер, интерактивті оқыту деген терминдермен жиі кездесеміз.
Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен
ұйымдастырғанынан көрінеді.
Интерактивті әдістер және интерактивті оқыту терминдерінің ортақ
түбірі – интер ағылшынның inter (между, меж) аралық: act (действовать,
действие) әрекет ету деген сөздерінен енген. Интерактивті әдістер
тіркескен мектеп жасына дейінгі балалардың өзара әрекет етуіне жағдай
жасайтын тәсілдер, ал интерактивті оқытуды өзара әрекеттесуге негізделіп
құрылған оқыту деп түсінуге болады.
Интерактивті әдістердің мәні - әрбір баланың баламен өзара белсенді
байланыста болып, мұғаліммен бірлесіп отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу
танымдық нәтижеге жетуі.
Бұл әдістер барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір
әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект ретінде
болады. Мұғалімнің ролі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, топ басшысы,
мектеп жасындағы балалардың ынта ықыласын белсенді етуші қалпында
көрінеді.
Интерактивті оқыту әдістері мектеп жасындағы балалардың өз өмір
тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Сондықтан да олар сабақта
ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта
жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.
Сабақта интерактивті әдістерді әдістерді пайдалануда мынадай шарттар
орын алулары тиіс:
• мақсатты нақты белгілеу;
• мұғалім балалардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін
түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы
керек.
Қазіргі кезде интерактивті оқыту екі бағытта жүзеге асырылып жүр:
• Қарым-қатынас. Риторика;
• Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, мектеп жасына дейінгі балалар үшін
қарым-қатынас алаңын құру.
Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері:
➢ топпен жұмыс
➢ оқу пікір сайысы
➢ Сократтық диалогтар
➢ Ойындық жобалау
➢ Ми шабуылы
➢ Пікірталас
➢ Дөңгелек үстел
Қоғамымыздың қазіргі кезеңіндегі басты мәселелердің бірі мектептегі
білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың
әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі –
орыс ғалымы В. П. Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В. М.
Монахов, М. В. Кларин, П. И. Третьяков, И. П. Сенновский, Г. А. Монахова,
М. А. Чошанов, т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В. П. Беспалько
Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық
жүйе, жоба деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға
ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара
байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
Б. Т. Лихачев Педагогикалық технологияны оқыту үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін
бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын
айтады.
Педагогикалық технологиялардың түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен
тәрбиенің ажырамас бірлігі:
➢ мұғалім-оқушы, оқушы-миұғалім, мұғалім де субъект, оқушы да субъект;
➢ Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынасы;
➢ Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-
қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны адам етіп тәрбиелеу,
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, балаларының жаны мен
жүрегіне жылылық ұялату.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық
механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың
бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы.
Баланы өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық
икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
➢ оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
➢ бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
➢ оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.
Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы
мынаны көздейді:
➢ білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
➢ барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);
➢ оқытуды жеделдету.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі,
саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы, білім, білік, дағдыны
дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Білім, білік, дағды меңгерту мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.
Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілгі , оқушыларға
берілген тапсырманың саралануы, тапсырма баланың күші жететіндей және
қолайлы болуы шарт.
Бағдарламалап, оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама
негізінде оқытудың құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу
материалдарының кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық
бірізділікпен беріледі.
Оқытудың компьютерлік технологиясы.
Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптасртыру және қатынас қабілетін
дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту
тәрбиеленушінің тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни,
баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен
есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш
бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден
тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,
қажетке жарауын қалыптастырады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына
қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Өздігінен даму технологиясы.
Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер
әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи
болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны
баланың тәрбиешіге: мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер деуіне
жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның
еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Ең бастысы тәцрбиеленуші
өзін-өзі бағалайды.
Дамыта оқыту технологиясы.
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни, бала бойында еркіндік,
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр
бала өзін-өзі ертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту
дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор.
Дамудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму,
мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші рөлі, жоғары
қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгеріілеу, оқыту
үрдісін баланың сезінуі, барлық баланың дамуы жолындағы, оқыту үрдісінің
әртүрлілігі, жекелеп оқыту жолындағы жұмыстар болу керек.
Модульдік оқыту технологиясы.
Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді
көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп
бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін қиындықтың
алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикаилық
біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобаланған
технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл
тәрбие жұмысы жолында пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі.
Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптарды, дидактикалық
модуль.
Балалар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы
өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан оқушылардың жас
ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып тиімді
пайдалану.

2.3. Интерактивті әдістерді қолдану және жұмыс тәсілдері
Интерактивті әдісті қолданатын мұғалімдердің айтуы бойынша, тек қана
ақпарат беріліп, оны талқыға салмай бірден жаттығуға көшетін топтарда
мұғалімдерің сөзі бала есінде нашар сақтлады. Сонымен қатар олардың ойынша
мұндай жағдайларда балаларға көбіне құнды ресурстарды, яғни топтарының
идеяларын пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Зерттеулерге сүйенсек, біз
істеген нәрсеміздің 80 %-ын, оқығанымыздың 20%-ын, ал естігеніміздің 10 %-
ын есте сақтайды екенбіз.
Мұнда қазіргі демократиялық қоғамға қажетті белсенді араласу
дағдыларының үлгілері мен дамуы талап етіледі.
Сабақ кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың өзара және тәрбиеленуші
мен тәрбиешінің арасында қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың және білім
берудің интерактивті әдісі деп атаймыз.
Мұндай ара-қатынас әдетте қандай да бір проблемаларды шешу жолдары мен
ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды екендігін талқыға салу арқылы
арқылы жүреді.
Бұл жерде проблеманы шешу үрдісінің маңыздылығы оны шешкеннен
артықтау. Себебі интерактивті әдістің мақсаты жай ақпарат беріп қоймай,
мектеп жасына дейінгі балаларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті әдіс кең ауқымды мақсаттар мен ара-қатынас түрлерін
қамтиды. Алайда қандай әдіс қолдансақ та, негізгі білімнің көзі мектеп
жасына дейінгі балалардың өмірлік тәжірибесінде.
Білім беру үрдісінде мектеп жасына дейінгі балалар мынадай адамдармен
өзара қатынаста болады:
1. тәрбиешімен немесе мұғаліммен
2. шағын топпен
3. басқа оушылармен
4. үлкен топпен
Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Ал жас
мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мекатеп жасына дейінгі балалар және
мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін,
нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп,
тиімді тәсілдерді нәцтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет-ақ.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа
педагогикалық технологиялар:
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов,
В. Репин, В. Левин)
• оза отырып оқыту (С. Лысенкова)
• іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков)
• тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов)
• саралап оқыту
• шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі
• деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту
• жобалап оқыту технологиясы
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік
тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін
қалыптастыру және дамыту, баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту,
баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр тәрбиеленуші оның
қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін тәрбиеленушінің өзі
сезінуі. Осыған байланысты бірқатар бадабақшалардың оқу тәрбие үрдісінде
интерактивті әдістер қолданылып, жүзеге асырылып жүр.
Интерактивтік деген сөз энциклопедиялық сөзікте көрсетілгендей,
интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал, интеракция жеке индивидтердің,
топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма кезек өтуі.
Ғалым Т. Левандовский интеракцияны қарым-қатынас жасау үрдісінің
синонимы ретінде сипаттайды. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат құруда мектеп жасына
дейінгі балалардың белсенділігін арттырады. Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді.
Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамсыз етеді.
Интеракция термині әлеуметтік психологияда бар. Адамдар арасындағы
қарым-қатынас, біріккен әрекет қоғам мүшелерінің өзара ой, пікір, идея
алмасу арқылы жүзеге асатын болса, интеракция қарым-қатынас кезінде мектеп
жасына дейінгі балалардың істі ұйымдатыра білу қабілеттері де көрінеді.
Интерактивтік әдістермен сабақ өткізу кезінде оқытушы – кеңесші,
серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып бірін-бірі
қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі тәрбиеленушінің
сұхбатына үшіншісі араласуына болады. Ол қарсы топтың тәрбиеленушісі де
болуы да мүмкін. Қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Интерактивті оқыту әдістемесі
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Оқушыларды оқыту процесінде
Педагогикалық технологияның құрылымы
Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі
Интерактивті оқыту технологиясы
Пәндер