Биржалық шарттың ережелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . 3
Негізгі бөлім

І. Биржалық шарт ұғымы және мазмұны

1. 1. Биржалық шарттың мазмұны4

1. 2. Биржалық шарттың ережелері. . 8

1. 3. Биржалық мәміле ұғымы. …12

ІІ. Биржалық шарттың формасы және шарттың түрлері
2. 1. Биржалық мәміле түрлері. . 15

2. 2. Биржалық шарт жасасу негізі. 19

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . ………27

Кіріспе

Азаматтық құқық пәні бойынша курстық жұмысымның тақырыбы «Биржалық шарттар». Шарт ұғымын саралайтын болсам, шарт бір тараптың екінші тараппен әртүрлі шарт жасасуы.

Шарт жасау екі немесе одан да көп адамдардың құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі деп те түсінуге болады. Шарт деген сөздің өзіне тоқалып өтсем, шарт көне құқықтық құрылымы ретінде жүзеге асырылған.

Шарт-құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт. Бұл курстық жұмыста биржалық шарттың ұғымы, шарттың мазмұны, шарт еркіндігі, шарт формасы, шарттың елеулі ережелері, шарттардың түрлері, шарт жасасатын жер, шартты өзгерту және бұзу, шарттан бас тарту туралы баяндалған.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады. Себебі шарттан міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде-сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

Азаматтық құқықтық шартты міндеттемелік, заттық, авторлық құқық қатынастарымен байланыстырады. Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және тағы басқа туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Биржалық шарт - биржадағы сауда-саттық үдерісінде биржа делдалдары арасында биржалық тауарға жасасылған шарт. Көпшілік алдындағы сауда-саттық жағдайында биржалық шарт ауызекі түрде жасасылады, электрондық сауда-саттық жүйесінде шарт жасасу тәртібі пайдаланылатын техникамен (телефон арқылы, компьютерлік желілер арқылы) айқындалады

Биржалық мәміле - биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт (келісім) болып табылады. Биржалық мәмілені тіркеу және рәсімдеу тәртібін биржа белгілейді. Биржада жасалған, бірақ жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мәмілелер биржалық болып саналмайды.

Биржаның осы биржада биржалық емес мәмілелер жасаған биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға айыпақы қолдануға құқы бар.

Курстық жұмысымда келесідей әдебиеттерді қолдандым:

1. Ғ. Төлеугалиев Азаматттық құқығы, Азаматтық құқық І том Ю. К 1. 2. 2. 2. Толстой А. П. Сергеев. Е. Б. Жүсіпов Г. Т. Өтегенов « Шарт ерекшеліктері». 3. Темірғалиева Р. А. «Шарттар жинағы» және тағы басқа әдебиеттер.

І Биржалық шарт ұғымы және мазмұны

1. 1. Биржалық шарттың мазмұны

Биржалар 15 - 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т. б. болып бөлінеді.

Шарт - көне құқықтық құрылымының бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу, ал оларды бұзу заң талаптарын бұзүшылықты білдіреді.

Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

«Шарт» - термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қабылданады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық фактор, сол шарттық міндеттеменің өзі, шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болған заңдың факт. Сондықтан да шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерде туындайтын негіздердің бірі болып табылады. Шарт-мәміле болып табылады және шартқа екі және көпжақты мәмілелер туралы, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және тағы басқа ережелер қолданады.

Нарықтық конъюнктураға байланысты биржа сұраныс және ұсыныс негізінде тауарға нақты бағаны белгілеуге мүмкіндік береді

Сатып алушы мен сатушыға бәсекелес орта қалыптастыру әр позиция бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу, бірнеше брокер мен дилер жабдықтаушыдан болсын, сатушыдан болсын бірдей талаппен қатыса алады, бұл сауда-саттықтық жеңіл бәсекелестік негізінде, пайдалы бағамен тауарды алуға және сатуға мүмкіндік береді.

Тауарды потенциалды тұтынушылар мен жеткізушілерді іздеу іс- шараларын қарапайымдылату биржалық сауда-саттық, уақытты үнемдеуге көмектеседі, себебі алушылар (сатушылар) және олардың брокерлары/дилерлары бір тауар алаңында болады

Қысқа уақыт аралығында мәмілелердің көлемді мөлшерін жасау мен рәсімдеу биржалық сауда-саттық барысында бір немесе бірнеше контрагенттермен бірнеше минут ішінде биржа мәмілесінің шарттарын белгілеп, сонымен қатар қорытынды мәмілеге қажетті құжаттарды рәсімдеуге болады. 1

Сату-сатып алу шарттарының стандартты формасы биржалық мәмілелерді рәсімдеу үшін биржаның стандартты сауда-саттық келісім-

1 Қаржы қаражат №8, 2004 жылы

шарты қолданылады, бұл биржалық тауардың, биржалық сауда-саттықтағы ерекшелігін ескереді. Әзірленген құжат түрлері, практикада көптеген сұранысқа ие болып, мүмкіндік бойынша іске асуда.

Биржалық келісім-шарттың мәні:

1. Биржа, Кеілісім-шарт бойынша, Клиент тіркелу кезінде таңдаған Биржалық нарықтың секторлары немесе секторлар жиынтығына сәйкес, Биржаның Интернет-сайтында нақты уақыт тәртібінде Сауда-саттық ақпаратын қарауға рұқсат беру арқылы Клиентке ақпараттық қызметтер көрсетуге (бұдан әрі - Қызметтер), ал Клиент Келісім-шарттың шарттарына сәйкес Қызметтердің құнын уақытылы төлеуге міндеттенеді.

2. Келісім-шарт Клиент Оферта Акцептін жүзеге асырған сәттен бастап жасалды деп саналады.

3. Келісім-шартқа сәйкес Клиентке берілген сауда-саттық ақпараты, тек қарау үшін және Клиент пайдалану үшін арналған. 2

Клиентке келісім-шартқа сәйкес алған сауда-саттық ақпараттарды жаңғыртуға, жариялауға немесе қандай да бір амалмен таратуға (соның ішінде пайдакүнемдік мақсатта) тыйым салынады.

Биржаның клирингілік орталығы арқылы міндеттемелерді орындалуын қамтамасыз ету мен есеп айырысу биржа қатысушылары, биржа мәмілесі бойынша мүмкіндіктердің іске асуын қамтамасыз ету үшін, (брокерлері, дилерлері және олардың клиенттері (жабдықтаушы мен алушылар) өзара есеп айырысу барысында биржаның клиринг шотымен және клиринг орталығының кепіл құжат беру арқылы басқа да құралдарын пайдалануға болады

Азаматтық құқықтық шартты міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады. Міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиятын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалық құқық қатынастары болып табылады.

Биржалық сауда-саттықтың ережелеріне сәйкес биржалық мәміле міндетерінің іске асуына көптеген құралдарды қолдануға болады:

-кепілақы (наличные и безналичные),

- банк кепілі/ қаражат мекемелері

- сақтандыру куәлігі

- қаражат (наличные и безналичные), Биржалық тауардың құнына жететіндей, биржаның клиринг шотына салынған қаражат

- ҚР заңнамасына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің өзге түрлері 3

Биржалық шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері. Биржа:

1) Клиенттен Келісім-шарт шарттарын тиісті орындауын талап етуге;

2 Бухгалтерлік есеп және аудит №2, 2003 жыл.

3 Бухгалтер бюллетені: қазан 2003, №41

2) Клиент:

-Қызметтер құнын төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда; немесе

-Биржа Клиенттің қандай да бір әрекеттерін Келісім-шарттың қағидаларын бұзды деп негізді санаған жағдайда, Клиентке Сауда-саттық ақпаратына Рұқсатты уақытша тоқтатуға;

3) Клиентке алдын ала хабарлаусыз, сауда-саттық ақпаратының және/немесе оның кез келген бөлігінің форматын өзгертуге;

4) Интернет желісіндегі Сауда-саттық ақпараты немесе оның кез келген бөлігі жарияланатын беттерінің мекен-жайларын, осындай өзгертулер туралы Биржаның Интернет-сайтында хабарландыру жариялап, өзгертуге;

5) Клиентке алдын ала хабарлаусыз, Сауда-саттық ақпаратының және/немесе кез келген оның бөлігінің құрамын өзгертуге, егер осындай өзгертулер Сауда-саттық ақпараттың құрамындағы мәліметтер санының қысқаруына әкеп соқтырмаса;

6) бір тарапты тәртіпте көрсетілетін қызметтерге қатысты тарифтерді өзгертуге, сондай-ақ келісім-шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге, осындай өзгертулер/толықтырулар туралы хабарландыруларды Биржаның Интернет-сайтында, өзгертулер/толықтырулар қолданысқа енгізілер алдында, кемінде 10 (он) жұмыс күн бұрын жариялаумен;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

Клиент:

1) Биржадан, Келісім-шартта қарастырылғандай, Қызметтер көрсетуді және өзге де міндеттерін тиісті орындауын талап етуге;

2) Келісім-шарттың 2. 3 тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, сауда-саттық ақпаратын пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.

Биржа:

1) Клиентке, Келісім-шартта қарастырылғандай, Қызметттерге төлеу бойынша Биржаны банктегі шотына ақша аударылған күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күн аралығында Сауда-саттыққа Рұқсат беруге;

2) Клиентке Сауда-саттық ақпаратына Рұқсат беретін бағдарламалық-аппараттық кешеннің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге;

3) Келісім-шарттың шарттарына сәйкес, Қызметтерге төлеу шоттарын Клиентке белгіленген тәртіпте және уақытылы ұсынып тұруға;

4) Сауда-саттық ақпаратын қарау Рұқсатын уақытша тоқтатуға негіз болған (Келісім-шарттың 3. 1 тармағының 2) тармақшасы) тәртіп бұзушылықтарды Клиент жойған жағдайда, Клиентке Сауда- саттық ақпаратын қарау Рұқсатын 1 (бір) жұмыс күн аралығында қайта беруге;

5) Келісім-шарт бойынша Клиенттің өз міндеттерін орындауға әсер ете алатын, деректемелердің өзгеруі туралы және өзге де ақпараттарды Клиентке, осындай өзгерістер пайда болған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн аралығында хабарлауға;

6) Келісім-шартта және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да барлық міндеттемелерін тиісті орындауға міндетті. 4

Клиент:

1) келісім-шарттың шарттарына сәйкес, Қызметтердің құнын уақытыл және толық көлемде жасауға;

2) Келісім- шарт бойынша қызметтерді алуға қажетті, байланыс каналын (Интернет желісіне рұқсатын) дербес түрде және өз есебінен ұйымдастыруды жүзеге асыруға;

3) Пайдаланушының аты мен Клиенттің Құпия сөзінің құпиялығын қамтамасыз етуге;

4) Келісім-шарт бойынша міндеттерді орындауға әсер ете алатын, деректемелердің өзгеруі туралы және өзге де ақпараттарды Биржаға, осындай өзгерістер пайда болған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн аралығында хабарлауға;

5) Келісім- шарттың 2. 3 тармағында белгіленген, Сауда-саттық ақпаратын пайдалану бойынша шектеулерді орындауға;

6) Сауда-саттық ақпаратын алу Рұқсатын жүзеге асыруға қажетті, Пайдаланушының аты және Клиенттің Құпия сөзіне қатысты құпиялылық тәртібін бұзған жағдайда, осы туралы Биржаға Тараптарға түсінікті түрде, осындай дерек орын алған сәттен бастап бір жұмыс күн аралығында хабарлауға;

7) Келісім-шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттемелерін тиісті орындауға міндетті.

Биржаның қорытынды мәміле міндеттерінің іске асу жолында пайда болатын дау -дамайлар, биржалық арбитраж «Аралық сот туралы» ҚР заңына сәйкес брокер/дилер және олардың клиенттерін (сатушы алушы) азаматтық және экономикалық сотқа барудан құтқарады. 5

4 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Депортаменті, “Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынылымдар” - Алматы 2000 жыл.

5 Т. Әбдіхалықов, «Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж

1. 2. Биржалық шарттың ережелері

Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Шарт еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауы бойынша пайдаланады деген ережесіне негізделген. Шарт еркіндігі азаматтық кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігі мен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады. Шарт жасасу міндеті Азаматтық кодексте, егер мұнда жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387 бап) . Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады. Азаматтық кодекстің 306 баптың 1-тармағына сәйкес кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Биржалық сауда-саттыққа шығарылған тауардың сапасына қойылатын шартсыз міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету жолында, биржа тәуелсіз эксперттік ұйымдармен ынтымақтастық туралы мәміле құрылады, бұл брокерларға/дилерларға және олардың клиенттеріне (сатушы алушы) олардың қызметтерімен және қажетті әдіс туралы қорытынды алуға мүмкіндік береді

Клирингілік операция бойынша кепілдік меншік, биржалық тауар бағалануын ұйымдастыру

Биржа мәмілесі бойынша шартсыз өзара есеп айырысуды іске асыру үшін және мәміле міндеттерінің орындалуын іске асуын қамтамасыз ету үшін, биржада кепіл ақы қолданылады, сонымен қатар мүлік, мүлік меншіктігін растайтын құжаттар, қоймалық, т. б. құжаттар биржаның клиринг орталығына ұсынылады

ҚР заңнамасына сәйкес биржа кепіл ақы құжаттары негізінде брокерларға/дилерларға және олардың клиенттеріне (сатушы алушы) мәміле жасауға мүмкіндік береді.

Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады. Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдың куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық формасы туралы тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасалады деп есептеледі. 6

6 К. Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы «Экономика» 2001ж

Егер барлық биржалық мәмілелерді топтастырса, онда негізгі екі топты бөліп шығаруға болады.

Нақты тауарға жасалатын мәмілелер (немесе кассалық мәмілелер немесе қолма-қол ақшаға мәмілелер) - биржада айналысқа түскен тауарларды, бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын шын мәнінде сатып алу мақсатында жасалады. Өз кезегінде, нақты тауарға жасалатын мәмілелер кэш-мәмілелерге (немесе «спот» мәмілелері) және форвардтық мәмілелерге бөлінеді.

«Спот» мәмілелері - бұл дереу немесе жақын арада орындалатын қолма-қол ақша қаражатына жасалған мәміле. «Спот» мәмілесі дереу биржа жабылған бойда, «ертеніңде», яғни биржалық жақын күнде (бірнеше күннен кейін) орындалуы мүмкін.

Форвардтық мәмілелер - тараптардың беру туралы келіскен және шартта белгілеген болашақта беру және емеп айырысу мерзімінің талаптары бойынша ұйым-сатушының ұйым-сатып алушы меншігіне берген тауарына жасалатын мәміле.

Нақты тауарсыз жасалатын мәмілелер - бұл мәмілені орындау үшін биржалық тауарды кейіннен беруге болжам жасамайтын мәмілелер (мұндай мәмілелерді басқаша жедел биржалық мәміле деп атайды) . Әдетте, оларға фьчерстік және опциондық мәмілелер жатқызылады.

Фьчерстік мәміле сатушының сатып алушыға белгілі бір мерзімде белгілі бір орынға жеткізіп беретін белгілі бір тауардың қандай да бір санына байланысты стандарттық міндеттеме болып табылады. 7

Сыртқы экономикалық мәмілені халықаралық құқықпен реттелуін қарастырайық. Сыртқы экономикалық қатынастардың ерекше қасиеті құқықтық регламентацияның әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануды міндеттейтін субъектілік құрылымы жағынан түрлі қатынастарды бірыңғай жүйеге келтіру болып табылады. Қатынастың екі деңгейі бар: біріншіден, мемлекетаралық және халықаралық құқықтың әмбебеп, аумақтық, локальдық сипаттағы басқа субъектілері арасындағы қатынас (көбіне мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасында), екіншіден, әр түрлі мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалар арасындағы қатынас. Әсіресе жеке және заңды тұлаға арасындағы қатынас сыртқы экономикалық қызметте аса маңызды рөл атқарады. Бірінші қатынас халықаралық (жария) құқық нормаларымен реттелсе, екінші қатынас ұлттық заңнамамен, оның ішінде халықаралық жеке құқықпен реттеледі. 8

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудегі халықаралық құқықтың рөлі екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Халықаралық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда құқықтық негізін, яғни құқықтық режимін орнату;

2. Материалдық-құқықтық нормаларды унификациялау негізінде сыртқы экономикалық мәміленің бірыңғай құқықтық реттелуін құру.

7 Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар. Қазақстан Республикасы - 1997ж.

8 Баймұханова С. Б. , Ә. Ж. Балапанова. «Бухгалтерлж есеп жэне аудит».

Бірінші бағыттың ішінен екі жақты шарртарды атап кеткен жөн. Бұл шарттар тек сауда емес, сонымен қатар келісуші меемлекеттер арасындағы кез келген экономикалық қатынастардың жалпы құқықтың негізін орнатады.

Соңғы уақытта сауда шарртарының дамуында олардың орнына сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім-шарттар жасалуда.

Осы шарттар қатысушыларға маңызды мәселелерді шешеді: әр келісуші мемлекет тарапынан сауда немесе экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға құқылы субъектіні анықтайды; кедендік алымдар; тауарды кіргізу-шығару тәртібі; транзит; тауарды тасымалдауға қатысты қатынастарда бір біріне құқықтық режим береді, бір мемлекеттің жеке заңы және заңды тұлғасының екінші мемлекеттегі қызметінің құқықтық режимін анықтайды.

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудегі құқықтың екінші бағыты әр түрлі мемлекеттерде бірыңғай құқықтық режим құрудан көрінеді, ол тиісінше коллизиялық құқық нормалары мен азаматтық материалдық құқық нормаларының унификациялануы арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы экономикалық мәмілені реттеудің тағы бір ерекшелігі мемлекеттік емес реттеу болып табылады. 9

Мұндай реттеудің негізігі нысаны «контракттік талаптар»: шартты жасай отырып, тараптар келісім бойвнша өздерінің құқықтары мен міндеттерін еркін орнату бостандығына ие. Бірақ бұл бостандық шексіз емес. Біріншіден, жария құқық нормаларымен, екіншіден, азаматтық құқықтың жалпы диспозитивтілігімен (тыйым салынбағанның бәрі рұқсат етіледі), үшіншіден, азаматтық құқықтың императивті нормаларымен шектеліп отырады.

Мемлекеттік емес реттеу жүйесінде халықаралық сауда әдет-ғұрыптары ерекше орында. Әдет-ғұрыптар - тәжірибеде қалыптасқан, бірақ міндетті заңи күші жоқ бірыңғай тұрақты ережелер жиынтығы.

Егер шартта сауда әдет ғұрыптарына сілтеме жасалса, ол онда сипатқа ие болып, шарттың талаптары ретінде қабылданады. Дүниежүзінде халықаралық сауда әдет-ғұрыптарының бірнеше түрлері бар.

Сыртқы экономикалық мәмілені мемлекеттік емес реттеу нысанына сот және арбитраж тәжірибесін жатқызуға болады. Оның маңызы:

- халықаралық сауда әдет-ғұрыптар және қолданбалы құқық нормаларының талқылауы мен мазмұнын анықтау;

- әр түрлі салалар мен жүйелерге жататын құқықтық нормалардың келісімді қолданылуын қамтамасыз ету;

- сыртқы экономикалық мәмілені реттейтін халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық нормалардың дамуына жағдай туғызу. 10

9 Әубәкіров Я. Ә. , Б. Б. Байжұмаев, Ф. Н. Жақыпова Экономикалык теория. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті» 1999.

10 Ержанов М. С, Ержанов С. "Есеп саясаты " Алматы 1997ж.

Төлем тәртібі мен шарттары:

Қызметтердің құны, жарияланған қолданыстағы тарифтерге сәйкес, Клиенттің Тіркелу кезінде таңдаған Биржалық нарықтың секторына немесе секторлар комбинациясына байланысты. Биржа клиентке, алдын ала толық төлеу шартымен, келісім-шарт шегінде қызметтер көрсетеді. Қызметтерге төлеуді клиент алдын ала төлейтін кезең басталар алдында, Биржа ұсынған шоттар негізінде, шотта көрсетілген соманы келісім-шарттың 10 бөлімінде белгіленген Биржаның тиісті банктегі шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

Келісім-шарт шегіндегі Биржа мен Клиент арасындағы есеп айырысулар ұлттық валюта - теңгемен, осы тармақтың екінші абзацында белгіленгенді қосапғанда, жүзеге асырылады. Клиент Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда есеп айырысулар АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Клиент қызметтердің құнын келісім-шартқа сәйкес тиісті шот алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн аралығында төлейді. Қызметтерге төлеу шотын Биржа клиентке факс арқылы немесе электрондық пошта арқылы жібереді. Егер бухгалтерлік құжаттарды материалдық (қағаздағы) тасымалдағышта алу қажет болған жағдайда клиент биржаға тиісті жазбаша сауал жіберуі керек.

Биржа қызметтерге төлеудің бірінші шотын клиент тіркелу өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, кейін - ай сайын, төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 25 (жиырма бесінші) жұлдызынан кешіктірмей жолдайды.

Биржа:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық және заңды тұлға
Мәмілені құқықтық реттеу
Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Мәміле ерік актісі
Тауар биржасының мүшелері
Тауар биржасының қызметі
Шарттар туралы жалпы ережелер
Мәміле жарамдылық шарты
Мәмiленiң жазбаша түрi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz