Шалдай орман шаруашылығы мекемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I Бөлім

I тарау

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

Шалдай орман шаруашылығы, жалпы барлық территорияға сипаттама

Питомник орналасқан аймақтың табиғи жағдайлары

  1. Ауа-райы сипаттамасы
  2. Ауданның экономикалық сипаттамасы
  3. Ауданның табиғи-климаттық жағдайы
  4. Рельеф
  5. Гидрологиялық жағдай

II Тарау

Питомниктің өндірістік қуаты және оның аумағының есебі

  1. Тігу бөлімі мен кесінділерді тамырландыру бөлімінің
  2. Аналық кесінділер плантациясының өндірістік қуаты
  3. Питомниктің пайдалы аумағын есептеу
  4. Тұқым себу бөлімінің пайдалы аумағы
  5. Ағаш және кесінді тікпелерін өсіру бөлімі
  6. Кесінді тамырландыру бөлімшесі
  7. Терек пен талдың аналық-кесінді плантациясы

III Тарау

Питомниктің территориясын ұйымдастыру

  1. Жолдар торабы
  2. Суару жүйесі
  3. Қорғаныш екпелер мен қоршаулар

IV Тарау

Көшет өсіру агротехникасы

  1. Бастапқы топырақ өндеу
  2. Тыңайтқыштар, гербицидтер, улы химикаттар
  3. Көшет өсіру

II Бөлім:

  1. Техникалық есептеулер
  2. Тікелей шығынды есептеу
  3. Питомниктің жалпы өндірістік және әкімшілік-басқару

шығындарының есептері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

  1. Бүгінгі таңда орманшылықтар шаруашылық дербестікке ие емес, орман шаруашылығын жүргізудің қазіргі нысанында өндірістік (операциялық) шығындарды қаржыландыру орман шаруашылығы мекемелерінің деңгейінде жүргізіледі. Оның шотына бюджеттен бөлінген қаржылар, сондай-ақ орманшылықтарда жұмылдырылатын өзіндік қаржылар түсіп отырады. Бюджеттен бөлінетін қаржылар орман күзетудің еңбекақы қорын өтеуге, орманшылықты басқару аппаратын (жартылай көлемде) қамтамасыз етуге бағытталады. Ал, өзіндік қаржыларын жұмсауға орманшылықтар тікелей қатыспайды. Соның салдарынан олар қаржы көлемдерін қарқынды көбейтуге ынталы емес. Орманшылықтар заңды тұлға құқықтарына ие емес, олар басқа мекемелермен, ұйымдармен экономикалық байланыстар жүргізбейді, сондай-ақ есептік шоттары жоқ. Олар тікелей өз өнімін сатудан түскен ақша-қаражаттарын да, несиені де ала қоймайды, бухгалтерлік балансты өз бетінше есептемейді, яғни экономикалық функциялары қатаң шектелген және тек өндірістік функцияларды ғана атқарады. Осыған байланысты орманшылықтардың құқықтарын кеңейту басты міндет болып отыр. Ол қазіргі қалыптасқан жағдайды нәтижелі өзгеруін қамтамасыз етеді, себебі қазіргі жағдайларда объективті түрде дәл осы орманшылық шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарын жүзеге асырудың басты нүктесі ретінде тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге кепіл береді. Шаруашылық жүргізудің нарықтық талаптарына бара-бар жағдайларды құру мақсатында орманшылықтардың орман басқару бойынша қең құқықтары болуы қажет.

Орман шаруашылық өндірісінің дамуы орманды қалпына келтіруді әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Орманды қалпына келтіру процесі әлеуметтік-экономикалық, биологиялық, географиялық және т. б. әртүрлі факторлардың шиеленісуі жағдайында жүреді. Сондықтан да экологиялық-экономикалық процестердің өзара байланысында жүргізілетін зерттеулер қиынға түседі, өйткені бұл үлкен көлемдегі эксперименттік мәліметтер мен қолда бар ақпараттарды есепке алуды және қайта қарауды талап етеді .

Орманды қалпына келтірудің имитациялық моделі - бұл табиғи оңтайландыру объектісінің қасиеттеріне ие орманды қалпына келтірудің зерттелетін тәсілдерінің жеңілдетілген түрі. Осыған байланысты оңтайландыру объектілерінің экологиялық-экономикалық және табиғи-климаттық жағдайларын қанағаттандыратын орманды қалпына келтіру тәсілдерінің оңтайлы құрылымын анықтай

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Шалдай орман шаруашылығы, жалпы барлық территорияға сипаттама

ҚР Үкіметінің 2003 жылы 23 қаңтарындағы №75 Қаулысы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2003 жылдың 28 ақпанындағы №30 бұйрығының негізінде ормандар және жануарлар дүниесін қорғау бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Шалдай және Бесқарағай мекемелерінің бірігуі жолымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды.

«Ертіс орманы» резерваты - ландшафтық және биологиялық әралуандықты сақтау мен қалпына келтіруге, осы аумақтағы табиғи ресурстардың теңгермелі пайдаланылуын және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған қорғау режимі әртүрлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

«Ертіс орманы» МОТР-ң жерлері облыс аумағының 4%-ын алады. Ормандардың көбісі Лебяжі және Щербақты аудандарында жатыр және олар онда негізгі қарағайлы орман түрінде келеді.

Орман қорының есебі бойынша жылдың табиғи резерват бойынша жалпы аудан 277961 га құрады, соның ішінде орманмен қамтылған аудан 148298 га (53. 3%) . Ал орманмен қамтылмаған аудан 75483 га (27. 5%) құрайды. Резерваттың орман алаңы 2 орман шаруашылығы мекемесінен, 16 орманшылықтан, 38 орман шебері учаскесінен, 193 орман қарау аймағынан тұрады.

«Ертіс орманы» табиғи резерваты бойынша орманшылықтардың аудандары, орман шебері учаскесінің, орман қарау аймағының орташа аудандары 1 -кестеде келтірілген.

1 кесте - «Ертіс орманы» табиғи резерватының әкімшілік-шаруашылық құрылымы*

Орманшылықтар
Жалпы ауданы, га
Орман шеберінің учаскесі
Орман қарау аймағы
саны, бірлік

орташа

ауданы, га

саны, бірлік
орташа ауданы, га
Орманшылықтар: Шалдай орман шаруашылығы мекемесі
Орманшылықтар: Галкин
Жалпы ауданы, га: 12109
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 6010
9
1345
Орманшылықтар: Бауыртал
Жалпы ауданы, га: 14977
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 7488
11
1362
Орманшылықтар: Степной
Жалпы ауданы, га: 16476
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 8238
11
1499
Орманшылықтар: Сейтен
Жалпы ауданы, га: 15640
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 7820
11
1422
Орманшылықтар: Садықащы
Жалпы ауданы, га: 18571
Орман шеберінің учаскесі: 3
Орман қарау аймағы: 6190
12
1548
Орманшылықтар: Шошқалы
Жалпы ауданы, га: 13353
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 6676
10
1335
Орманшылықтар: Шалдай
Жалпы ауданы, га: 19550
Орман шеберінің учаскесі: 3
Орман қарау аймағы: 6517
13
1504
Орманшылықтар: Заводты
Жалпы ауданы, га: 14715
Орман шеберінің учаскесі: 2
Орман қарау аймағы: 7358
11
1338
Орманшылықтар: Первомай
Жалпы ауданы, га: 17856
Орман шеберінің учаскесі: 3
Орман қарау аймағы: 5952
12
1488
Орманшылықтар: Мекеме бойынша барлығы
Жалпы ауданы, га: 143247
Орман шеберінің учаскесі: 21
Орман қарау аймағы: -
100
-
Орманшылықтар: Мекеменің орташа көрсеткіші
Жалпы ауданы, га: 15916
Орман шеберінің учаскесі: -
Орман қарау аймағы: 6916
-
1426

Mемлекеттік табиғи-орман резерваты «Ертіс орманы» Павлодар облысының Щербақты және Лебяж аудандарының аумағында орналасқан.

Облыста орман онша көп жерді қамтымайды. Дегенмен де, Павлодар облысы көлемі жөнінен қарағай орманынан Қазақстанда Семей облысына ғана жол береді. Орман массивтері, орманды дала, жайылымды, ленталы және таулы қарағайлы ормандарға бөлінеді.

Облыстың мемлекеттік орман фонды 456, 2мың, гектарға тең. Олар:

  • Қарағай орман жолағы-2779 мың, га
  • Су жағалауындағы ормандар-43, 4 мың, га
  • Далалы шоқ ормандар-84, 2 мың, га
  • Баянаул ұлттық табиғи парктың тау ормандары-50, 7 мың, га

Облыстың негізгі аумағында ормандардың ерекше тобын, Шалдай және Бесқарағай мемлекеттік мекемеде бекітілген - Ертіс өңірінің ленталы қарағайы құрайды. Олар Алтай өлкесінен және Семей облысынан облыс шекарасына кірген. Бұл ормандар құмды дөңдердің шөгінділері жиналған жерлерде өседі. Павлодар, Баянауыл ленталық борларда 2 орман шарушылығы : Шалдай және Бесқарағай.

Сонымен, жоспарлап отырылған Павлодар облысы Бесқарағай орман шаруашылығы тұрақты питомникті ұйымдастырудың негізгі бір жолы болып табылады. Қазір де Қазақстанның ормандарының жай күйі жағдайында тұрақты питомниктерді ұйымдастыру және оларды көбейту ауадай қажет мәселе. Осы мәселені шешу кезінде, орман шаруашылығының орман питомнигі пәнінің мойнына жіктелген міндет. Орман питомнигінің пәнінің алдына қойған міндеті ретінде тұрақты питомникті ұйымдастыру кезінде курстық жобаға көңіл бөліп жүрген дұрыс

Кестеден көріп отырғанымыздай, «Ертіс орманы» табиғи резерваты Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы мекемелерінен құрылған, Шалдай мекемесі 143247 га (МОТР бойынша жалпы ауданның 51. 5%), ал Бесқарағай мекемесі 134714 га (48. 5%) ауданды алып жатыр. Шалдай мекемесі 9 орманшылыққа, ал Бесқарағай мекемесі 7 орманшылыққа бөлінген.

Орман қорын есепке алу аудан, қор және басқа да таксациялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Бұл, өз алдына, орман қорының құрылымы бойынша бірнеше жылдарға салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. «Ертіс орманы» табиғи резерваты орман қорының есебі бойынша резерваттың орман алқабының жалпы ауданы 225985 га құрады немесе жалпы ауданның 81. 3%-ын алып жатыр (2-кесте) .

2 кесте - Орман қорының жалпы ауданын алқаптар санаты бойынша бөлу

Алқаптар аты
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан
Шалдай
Бесқарағай
га
%
га
%
га
%
Алқаптар аты: 1. Резерваттың жалпы ауданы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 277961
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 100
143247
100
134714
100
Алқаптар аты: 2. Жалпы орман алқабы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 225985
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 81. 3
116879
81. 5
109106
80. 9
Алқаптар аты: 2. 1 Орманмен қамтылған жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 148298
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 53. 4
80482
56. 2
67816
50. 3
Алқаптар аты: Соның ішінде орман ағаштары
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 28367
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 10. 2
15933
11. 1
12434
9. 2
Алқаптар аты: 2. 2 Жинақтқайыңған ағаштар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 2106
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 8
1025
0. 7
1081
0. 8
Алқаптар аты: 2. 3. Орман питомниктері
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 98
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 03
31
0. 02
67
0. 05
Алқаптар аты: 2. 4 Орманмен қамтылмаған жерлер, барлығы
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 75483
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 27. 1
35341
24. 6
40142
29. 8
Алқаптар аты: Соның ішінде өртеңдер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 51560
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 18. 5
27618
19. 3
23942
17. 8
Алқаптар аты: Ағашы кесілген жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 1576
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 6
342
0. 2
1234
0. 9
Алқаптар аты: Алаңқай жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 21946
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 7. 9
7376
5. 1
14570
10. 8
Алқаптар аты: Сирек ормандар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 401
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 1
5
-
396
0. 3
Алқаптар аты: 3. Ормансыз алқап
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 51976
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 18. 7
26368
18. 4
25608
19. 0
Алқаптар аты: Соның ішінде жыртылған жерлер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 731
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 3
356
0. 2
375
0. 3
Алқаптар аты: Шабындықтар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 22515
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 8. 1
12479
8. 7
10036
7. 4
Алқаптар аты: Жайылымдар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 17073
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 6. 1
7696
5. 4
9377
7. 0
Алқаптар аты: Сулар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 532
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 2
211
0. 2
321
0. 2
Алқаптар аты: Жолдар, квартал жолақтары
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 4452
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 1. 6
2411
1. 7
2041
1. 5
Алқаптар аты: Елді мекендер
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 620
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 2
383
0. 3
237
0. 2
Алқаптар аты: Батпақтар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 427
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 2
214
0. 1
213
0. 2
Алқаптар аты: Құмдар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 15
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 0. 01
13
0. 01
2
-
Алқаптар аты: Басқа да алқаптар
«Ертіс орманы» МОТР бойынша жалпы аудан: 5611
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мекемелері бойынша аудан: 2. 02
2605
1. 8
3006
2. 2

2-кестеден көріп отырғанымыздай, табиғи резерват бойынша ормансыз алқап жалпы резерват ауданының 18. 7%-ын құрайды. Ормансыз алқаптың 8. 1%-ын шабындықтар, 6. 1%-ын жайылымдар, 1. 6%-ын жолдар, квартал жолақтары және 2. 02%-ын басқа да алқаптар алады. Өртеңді жерлердің басым бөлігі Шалдай орман шаруашылығы мекемесіне келеді және жалпы мекеме ауданының 19. 3% құрайды. Бесқарағай мекемесінде жалпы мекеме ауданының 17. 8%-ын өртеңдер, 10. 8%-ын алаңқай жерлер, 0. 9%-ын ағашы кесілген жерлер, 0. 3%-ын сирек ормандар алып жатыр.

1 Питомник орналасқан аймақтың табиғи жағдайлары

Аймақтың топырақ-климаттық жағдайы ағаш бұталы өсімдіктердің өсуіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан питомниктің аймағы- Павлодар облысына тоқталып кетейін.

Павлодар облысының солтүстік бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы- Ертіс маңы жазығы, оңтүстік жағын Сарыарқаның шығыс сілемі алып жатыр. Павлодар облысының рельефі, басқа территориялар сияқты ұзақ жылдар бойындағы жердің ішкі және сыртқы күштердің өзара қақтығысуларынан қалыптасқан.

Топырағы. Жердің солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына қарамастан облыстың барлық территориясы бірдей -топырақ белдеуінің маңында каштан топырақта орналасқан. Территорияның үлкен бөлігін -қоңыр топырақты белдеу алып жатыр, тек солтүстік шетіне қарай қара топырақ белдеу, оңтүстік- шығыс белдеуінде топырақты ашық каштан. Горизонттың жоғарғы жағы, жыртылған жерлерін тозандату қара топырақта 97% жетеді. Жердің көптеген көлемі суландыруды, тұзды азайтуды керек етеді. Топырақта суды ұстап қалу үшін қар тоқтату жұмысы жүргізіледі. Топырақтың құңарлығын көтеру үшін тыңайту қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану амалдарын қорғанады.

Павлодар облысының өсімдік жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы боз, бетеге, жусан, шоқ қайың, шоқ терек және қарағай өседі. Ал жануарлар әлемінде қасқыр, түлкі, қоян, ақтышқан, суыр, қосаяқ, орманды өңірде сілеусін, тиін, елік; құстардан дала бүркіті, күйкентай, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, тоқылдақ, өзен мен көлдерде қаз, үйрек, шағала т. б мекендейді.

Сонымен қатар Павлодар облысы пайдалы қазындыларға бай: қоңыр көмір, полиметалл рудалары, отқа төзімді бұйымдар және шыны даярлаға жарамды құм, ас тұзы, құрылыс материалдары кездеседі. Шекара сипаттамасы: резерват территориясы республиканың солтүстік - шығыс бөлігінде қара - қоңыр (темно- каштановый) топырақты, селеулі - бетегелі құрғақ даласында (ковыльно - типчаковый) аймағында (подзона) орналасқан. Шекара ұзындығы 556км құрап, оның солтүстік - шығысы Ресей федерациясы Алтай өлкесімен ұзындығы 70км, оңтүстік - шығысын Шығыс Қазақстан облысының ұзындығы 30км шектеседі. Қалған 456 шақырымы батыс шекарасында Павлодар облысының далаларымен шектеседі

1. 1 Ауа-райы жағдайларының сипаттамасы

Орманның өсуі жағдайына әсер ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы қары аз қатты қыспен сипатталады . Максималды және минималды амплитудалық температрасы -89ºС-ге тең.

Павлодар облысының климатының қалыптасуына территорияның терең континетальды жағдайда орналасуы, күн радиациясының молдығы, ауа циркуляциясының жылдамдығы, жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі әсер етеді.

Маусымда күннің ұзақтығы-17 сағат, желтоқсанда 7 сағатты құрайды.

Облыс маңында орташа жылдық температура 1 ºС-3 ºС, солтүстікте 0 ºС, орта бөлікте -1, 8 ºС, ал оңтүстікте -2, 6 ºС. Нағыз жылы айдың орташа айлық температурасы- шілдеде 19 ºС дан 21, 3 ºС-қа дейін ауытқиды. Нағыз суық айдың температурасы қаңтарда- облыс территориясында 17 ºС дан 18, 1 ºС, ал нағыз аязды күндерде температура -47 ºС.

Вегетациялық кезең 5 ºС-да сәуірдің үшінші онкүндігінен басталады да, қазанның алғашқы онкүндігінде аяқталады.

Атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылына 200-300мм шамасында ауытқиды. Жауын-шашын жыл бойында біркелкі тарамайды. Ауаның жылдық орташа салыстырмалы ылғалдылығы-69%. Қар жамылғысының жатуы 150-160 күнге созылады.

Шекара сипаттамасы: резерват территориясы республиканың солтүстік - шығыс бөлігінде қара - қоңыр (темно- каштановый) топырақты, селеулі - бетегелі құрғақ даласында (ковыльно - типчаковый) аймағында (подзона) орналасқан. Шекара ұзындығы 556км құрап, оның солтүстік - шығысы Ресей федерациясы Алтай өлкесімен ұзындығы 70км, оңтүстік - шығысын Шығыс Қазақстан облысының ұзындығы 30км шектеседі. Қалған 456 шақырымы батыс шекарасында Павлодар облысының далаларымен шектеседі.

Климаттың негізгі көрсеткіштері:

1. Ауаның температурасы- орташа жылдық-1, 6 ºС

максималды-41 ºС

минималды--49 ºС

2. 1 жылдағы жауын-шашын мөлшері-411мм

3. Вегетативті кезеңнің созылуы-137 күн

4. Көктемдегі соңғы суық-20. 05 күндері

5. Күздің ең 1-ші суығы-08. 09

6. Ертістің қатуының орташа күні-20. 11

7. Орташа жүру кезеңі-25. 04

8. Қар жамылғысы: қалыңдығы-20см

пайда болу уақыты-16. 11

ормандағы еритін уақыты-11. 04

9. Топырақтың қату тереңдігі-60см

10. Жыл мезгілі бойынша желдің бағыттары:

қыс-оңтүстік-батыс

көктем- оңтүстік-батыс

жаз-солтүстк, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс

күз- оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс

11. Желдің орташа жылдамдығы:

қыс-2, 8м/сек

көктем- 3, 1м/сек

жаз-2, 8м/сек

күз- 3, 3м/сек

12. Ауаның қатысты ылғалдылығы-36%.

Жоғарғы айтылғандардың қорытындысы бойынша климаттың негізгі сипаттамасы:Қатты желді және аз қарлы, кысы ұзақ және қатты.

  1. Құрғақшылыққа әкелетін ыстық, құрғақ, желді жаз.
  2. Ылғал жерге сіңіп үлгермейтін қардың тез еруі, қыстан жазға тез өтуі.
  3. Бұлтты ауа-райының жетіспеушілігі, олардың жыл бойы дұрыс бөлінбеуі

Құрғақ және суық күз

1. 2 Ауданның экономикалық сипаттамасы

Егер де қарасақ, яғни ауыл шаруашылық ауданы негізгі аңшылық бағытта, тамақтың жетіспеушілігін сезінуде, ендеше мынадай қорытынды шығаруға болады, яғни мемлекеттік орман қорының жерлері аңшылықтың даму базасы ретінде маңызы зор.

Орман шаруашылығының орман экономикасына маңызы тек қана сүрек өлу үшін емес, сонымен қатар халық шаруашылығын қанағаттандыру үшін орманның керек екенін атап ету керек.

Жолақты борлар, яғни өте қатты топырақты-климаттық жағдайларда ормансыз шөлді ортада орналасқан, климатты-реттеуші, топырақ қорғанышы, санитарлы-гигиеналық және рекреационды маңызы жоғары. Таза ауа, әдемі табиғи ландшафтар көптеген демалушыларды қызықтырады.

Орманшаруашылық территориясы Бесқарағай административті ауданның маңында орналасқан. Аудан жерлері жер байланысының сипаты бойынша 1024, 4 мың га-ды құрайды, ал оның 684, 9 мың га немесе 67% - орманшаруашылығына жатады, пастбища негізінде ұсынылған (40%) және (20%), ал аз мөлшері - (4%) шөп шабуға ұсынылған. Ең жоғарғы пайыз (29%) мемлекеттік орман қорының жерін құрайды. Халық шаруашылығының негізгі саласы ретінде ауыл шаруашылығы ет-сүт бағыты бойынша және аз мөлшерде бидай жерлерінің бөлінуі болып табылады. Ауыл шаруашылық шикізат базасында кеңінен дамыған тамақ өнімі, және де жеңіл өндіріс түрі мен жүн өңдеуде орын алады.

Негізгі маңызы бар болып есептелетін - орман шаруашылығы. Орындау қатарында қорғаныш, санитарлы-гигиеналық, рекрационды және басқа да функциялар сүрек және оны өңдеуде негізгі орын алады.

Орман дайындай, ағаш өңдеу, целюллозалы-қағаздық және орман-химиялық саласындағы мекемелер орман шаруашылығы орналасқан аудандарда жоқ.

Жергілікті ормандарда сүректі дайындау және өңдеумен орманды кесу, ағаш өңдеуші және қылқанды-дәруменді орман шаруашылық цехтары, кесу материалдарын дайындаушылар, халық қолданатын тауарлар, қылқынды-дәруменді ұнмен жіне басқада өнімдерді шығарушылар айналысады. Сонымен қатар, мемлекеттік орман қорының жерлері ауданда аңшылықтың дамуының қосымша базасы болып табылады. Жыл сайын шөп шабыда және екпе ормандар ортасын шабуға уақытша қолдану үшін жіберілді.

Бесқарағай ауданы жоғары сатыдағы орманымен ажыратылады. Мемлекеттік орман қорының жерінен басқа, аудан территориясында (3, 8 мың га) орман, үлкен бөлігі (5 мың га) - қорғаныш жолақтары бар, мемлекет салымының арқасында құрылған. Қалған сеппелер жапырақты тұқымдастардың кішігірім учаскісімен көрсетіледі.

Орманшаруашылық аумағындағы көлік торабы грунтты жолдармен орманшаруашылығы бағыты бойынша, сонымен қатар жалпыға қолдану үшін ұсынылады.

Орман шаруашылығының транспортты-экономикасының қарастырылуымен байланысты жолдар, аудандық және облыстық орталықтармен, сүректі шығару үшін, орманшаруашылығының басқада тлуелері үшін, өртке қарсы жұмыс орындау үшін және т. б. қолданылады.

1. 3 Ауданның табиғи-климаттық жағдайлары

Қарастырылып отырған территориямыз, республикамыздың солтүстік шығыс бөлігіндегі қою сары топырақты құрғақ ақ селеулі бетегелі дала аймағына орналасқан. Ландшафт түрі құрғақ далалы, класс ішінде сортаңды, қою сары топырақты орналасқан әртүрлі селеулі өсімдіктері бар келді-жазық жер. Орман шаруашылығы ісін тәртіптейтін, межелі құжаттар бойынша, сондай-ақ ҚазҒЗИ ОША зерттеулерімен қаралып отырған территориямыз Ертіс - Обь өзендерінің айналасындағы қарағайлы-қайыңды ормандарға, Павлодар ауданы бойынша құм-далалы жерге жатқызылған.

1. 4 Рельеф

Павлодар құмды-далалы ауданы Ертістің оң жағасындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жолақты орманның Қазақстанға тиесілі бөлігі әртүрлі шөпті-селеулі дала аймағына орналасқан. Жолақты ормандардағы рельефтің құрылу ерекшеліктері ертеректе бір жолмен құйылған су қойынауларында флювиогляциялық түзілістердің жиналуынан, бұл жерде ерте келіп қосылған Обь және Ертіс өзені суларынның әсерінен бірнеше рет жуылып, шайылып, ұшырылып кетуінен қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағайлы орман зиянкестері
Қала экологиясы
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі
Шалдай орман шарушылығына сипаттама
Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz