Шет тілін оқыту теориялық негіздері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 2-4.
I-ТАРАУ. Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел
тілдерін қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.
II-ТАРАУ. Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. ... ... ... 5 -.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттерімен, оқыту принциптері ... ... ... ... ...
12
2.2 Шетел тілін оқыту барысында интерактивті тəсілмен жұмыс жасаудың
ерекшеліктері мен пайдалылығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында шет ел тілдерін
қазіргі оқытудағы ерекшеліктері.
Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық – технологиялық өзгерістер
қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға
себеп болады. Ұлттық білім беру жүйесін құруға ұмтылыс, білім беру
мақсаттарын қайта қарау, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу оқыту мен
тәрбиелеудің жаңа түрлері мен әдістерін ендіру керек.
Қазақстан Республикасының әлемдік экономика кеңістігіне енуі барлық білім
беру мекемелері қызметінің оқушы тұлғасын дамытуға бағыттадуын талап етіп
отыр. Ал бұл жағдай мүмкіндігінше әрбір оқушының ерекшелігі мен
мүмкіндіктерін ескеретін педагогикалық үдеріс технологиясын, білім беру
мазмұнын дәйектеуді талап етеді.
Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып
– білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін
қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі – сабақ. Сабақ
дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде ...
оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі
қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі
бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы деп көрсетеді.
Мұғалім үшін оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі сабақ болып
табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылардың білімінің мол,
дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал
осындай сабақтың мақсат, міндеттері тек дамыта оқыту жүйесінде ғана өз
нәтижесін бермек. Дамыта оқытудың жүйесінің негізі – мұғалімнің оқушыларға
көп материал беруі емес, нақты меңгерте отырып, нақты тірек –сигнал
есебінде өз білімін одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін,
сапалық деңгейін анықтауға үйрету. Мұғалім оқу материалдарын беруде
оқушылардың есте сақтауына әсер ете отырып, оның ойлау қабілетіне тікелей
әсер ететіндей жағдай жасау керек. Ойлау арқылы оқушылар өздері
шығармашылыққа ұмтылады, материалды дайын түрде қабылдамай, оны жеке
зерттеу немесе топтық зерттеулер жүргізе отырып, көзімен көріп, өз сұрағына
жауап таба алады. Оқу оқуға күштемей танымдық қызығушылықтарының,
талпынысың мұқтаждығы мен ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана
тиімді болады. Дамыта оқытудың негізгі мақсаты- оқушылардың белсенділігін
арттыра отырып, білімге өз күшімен жеткізу.
Сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық педогогикалық элементтері: мақсаты,
мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс
табады. Оның нәтижелігі – оқушының білімді дұрыс меңгерудің шарты. Жаңа
педогогикалық технологияларды, жаңа идеяларды тәжірбиеге баяу ендірудің
басты себебі, сабақты ұйымдастырудың, өткізудің әдістемелік деңгейінін
төмендігінен екені белгілі.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:
білім беру міндеттері мен оның құрамдас элементтерін, дамытушы және
тәрбиелік міндеттермен байланысын нақты қою. Сабақтың жалпы жүйесіндегі
орнын анықтау;
сабақтың оптималды мзмұнының оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ
мақсатына сәйкестігін, оқушылардың двйындығын ескере отырып, анықтау;
оқушылардың сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да ғылыми ілімдерді
меңгерудің, білік, дағдысының қалыптасуы деңгейін болжамдау;
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдарын таңдау, олардың сабақтың
әрбір кезеңіндегі тиімді ықпалын бақылау және ынталандыру, таңдаудың
танымдық белсенділікті қамтамасыз етуі;
сабақ барысында ұжымдық және дербес жұмыстарды оқушылардың дербестігімен,
өзіндік жұмысымен үйлестіру;
сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру;
оқушылардың жемісті жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Мұғалім өзінің әрекетін, оқыту, ынталандыру, қарым-қатынас тәсілдерін
пайдалана отырып, құрастырады. Осылайша, сабақ құрылымының ішкі және сыртқы
элеметерінің үйлесімі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу әрекетінің
тұтастығын танытады.
Білік, дағдыны қалыптастыру- колдану. Оқушының дамуы тек білімді игерумен
шектелмейді. Игеруден кейін материалды өздігінен қайта өндеу жұмысы
жасатылуы тиіс. Ең бастысы – бұл кезеңде оқушының үйренген әдс-тәсілдерін
көрсетуі үшін емес, өздігінен жаңа әрекет тәсілдерін танытуы үшін мақсатты
түрде жағдай жасалады. Мұғалім ол үшін таныс емес, жағдайда білімді қолдана
білуге арналған тапсырмаларды, эвристикалық әңгімені, шығармашылық
сипаттағы дербес жұмыстарды пайдалануы керек. Қазіргі сабақтың дәстүрлі
сабақтан негізгі айырмашылығы –онда оқушы білімді тек игеріп қана
қойылмайды, сонымен қатар оның толыққанды дамуы үшін барлық жағдай
жасалады.
Білімді бастапқы бекіту құрамдастырылған сабақтың міндетті бөлігі болып
табылады. Сабақты бекітудің әдіс-тәсілдері сан алуан, дегенмен оқушылардың
ойлау белсенділігін көтеруге бағытталуы керек. Бұл мұғалімнің
жетекшілігімен жүргізілетін жеке жұмыс формасында (тапсырма, жаттығу жазу,
кесте, диаграмма, технологиялық карта құрастыру, қима қағаздармен жұмыс
жасату, анықтамалық және нормативтік әдебиеттермен жұмыс жасату, мазмұнды
иллюстрациялау) болуы керек. Материалды бекіту кезеңінде мұғалім
оқушылардың қатесін түзетеді, қаншалықты түсінгендерін анықтайды.
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясын мұғалімдер өз
тәжирбиелерінде жиі қолданылады. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың
нәтижелі түрі болып табылатын бұл технологияда сабақ құрылымының өзіндік
ерекшеліктері бар. Сабақ өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.
Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне
әсер етіп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш
алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық
түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі.Сонымен қатар оқушылардың жаңа
идея мен мәліметтерді үйренуге, оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда
іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де осы
кезеңде іске асады.
Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа мәлімет пен идеяны немесе жаңа
мазмұнды игеріп, іске асырады. Бұл кезеңдегі оқушының негізгі міндеті- жаңа
мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім-сенімдерімен
байланысқандығы жөнінде хардар болу. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа
білімді бұрынғымен біріктіре отырып, жаңа ақпараттың қолданбалылығы мен
қолайлығын қарастырады, белгісізден белгілі қарай жүретін ақпарат пен
идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдайды.
Ойтолғаныс кезеңі үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезеңде
оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөзерімен
жеткізеді. Мақсаты- оқушылардың білімдері ұзағынан мазмұнды болуы шындыққа
ұласуы үшін бұрынғы мәліметтері мен жаңа мәліметті өз деңгейінде қабылдау.
Ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасай отырып, сабақ- оқушының танымдық
әрекетін ұйымдастыру формасы ғана емес, оқушының тұлғалық қасиеттері мен
дербес сапаларының қалыптасуына ықпал ететін негізгі білімдік орта деген
қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, сабақ барысында мұғалімнің кәсіби
шеберлігінің маңызы зор. Әдістемелік тұрғыдан шебер педагогика-
психологиялық тұрғыдан сауатты, дидактикалық тұрғыдан тиімді
ұйымдастырылған сабақ оқу тәрбие нәтижелігінің кілті деуге болады.
II-тарау. Шет тілін оқыту теориялық негіздері.
Қазақстан республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен
маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті
білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен коғам алдында жаңа маңызды
мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің
мазмұны аныкталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана
және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тындап түсіну,
сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды,
оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - катынас мәдениетіне
де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру
мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады.
Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін окып жатқан елдің
мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде окушылар дұрыс қарым-қатынас
жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тындап
түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формата болады, тыңдау
импрессивті формата болады. Ауызша айтылтан сөзді қабылдау мен түсіну өте
күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну кысқа мерзімдік және ұзақ
мерзімдік еске, кабылдауга, логикаға, саната, ажырату және таным
механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тындап түсіну барысында
оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялык есту кабілетін
қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процес болғандықтан жалпыға ортақ
киындыктарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
• Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық жоне грамматикалык материал
окушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жатдай оқушыта тындатан мәтіннің
мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындыкгы жеңудің жолы - оқушылардың
пассивтік және потенциалдык сөздік қорын байыту;
• Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялык ерекшеліктері
болуы занды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып
алады да, басқа адам айтқан сөзді тусінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің
жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі колдану керек;
Мұғалім әдетте сабакта өте баяу ырғакпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар
оның айткан сөзін түсінсін дегендік. Окушылар осындай баяу сөзге
дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл киьшдықты
сабақта тек техникалық құралды қолдану аркылы жеңуге болады;
• Мұгалім сабакта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел
түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Окушылар осы қайталауға үйренеді.
Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын кайталамайды, сондыктан мұғалімнің
мақсаты окушылардың тыңдаған мәтіннің мазмүнын бір-ақ рет тындағанда
түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда окушылар мәтіннің мазмұнын бір рет
тындағанда түсінбесе, оны екінші per тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы
мүғалім тындайтын мәтінге косымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы,
мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басгы кейіпкеріне, оқиға
уақытына, оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
• Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушініц бет- әлпетін көріп,
оның сөйлеу органдарының қимыл-козғалысын байкап отырса, онда ол өзі тындап
отырған сөзді жеңіл түсінеді, біракта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі
мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т.с.с.). Жоғарыда
айтытлған киындыктарды женудің алғышарты - мұғалімнің сабакта техникалык
құралдарды кеңінен пайдалануы және тындау кабілеттерін дамытуға арналған
жаттығуларды дұрыс үйымдастыра алуы.
Окушылардың шетел тілі сабақтарында тыңдап түсіну кабілеттерін дамытуда
төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады. Бірінші топ жаттығуларынын мақсаты -
мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық киындыктарды
алдын ала жою. Екінші топ жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға арналған
жаттығулар. Мұнда окушылар мәтінді тыңдайды, оның тақырыбын, идеясын
анықтай, берілген кестенісызбаны және т.б. толтыру, сұрактарға берілген
жауаптардың мәнін мазмұнына сәйкес келетін аныктай және т.б.
Үшінші топ жаттығудың максаты - мәтін мазмұнын толык түсініп, оқушылардың
бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және
талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін
мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты
кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және
т.б. Үшінші топ жаттығуларып орындау барысында окушыларға тірек, таяныш
сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуга болады.
Төртінші топ жаттығудың максаты - окушыларды мәтін мазмұнының бастыидеясына
байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, ≪дөңгелек үстел≫
ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б. Енді тыңдауға арналған
мәтіндерге койылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
• тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және
оның мазмұны окушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
• мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
• мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін кызыкты жаңа мәселе болуы керек;
• мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы
тиіс.
Жогарыда айтылған ойларды корытындылай келе, оқушылардың тындап түсіну
іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде окушылардың тындап түсіну
іскерліктерін дамытпасак, окушылардың шетел тілінде сөйлей алуға да үйрете
алмаймыз.
2.1 Сабаққа қойылатын міндеттері мен, оқыту принциптері.
Сабақ – оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу танымдық іс-әрекетін
қамтамасыз ететін оқытулы ұйымдастырыру формасы. Сабақ жүргізу өнері
мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды
түсінуі мен орындауына тығыз байланысты. Бұл тараптар мектептің алдына
қойған міндеттерімен, оқыту принциптерімен анықталады. Сабаққа қойылатын
жалпы талаптарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: дидактикалық,
тәрбиелік және ұйымдастырушылық.
Дидактикалық немесе білімдік талаптарға жатады:
1. Тұтас сабақтың және оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін,
сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындау;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес
оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындау;
3. Оқытудың ынталандырудың және бақылаудың, оқушылардың танымдық
белсенділігін қамтамасыз ететін сабақ барысында оқушылардың дербес оқу
жұмыстары мен ұжымдық жұмыстардың алуан формаларын үйлестіретін, анағұрлым
тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
4. Сабаққа тиімді оқытудың шарттары мен принциптері, әсіресе, пәнаралық
байланысты жүзеге асыру.
Қазіргі сабаққа дидактикалық талдаудың құрылымы:
* оқытудың негізгі принциптерінің дербес және бір-бірімен үйлесімді
жүзеге асырылуына баға (жаңашылдық осыдан көрінуі тиіс);
* сабаққа қойылатын бағдарламалық-әдістемелік талаптардың нақты әрі
шығармашылықпен орындалуының үйлесімділігіне баға;
* сабақтың типін анықтау сауаттылығына баға;
* оқушылардың дайындық деңгейі, нақты оқу және тәрбиелік мүмкіндіктері
сабақты жобалауда және жүргізуде қаншалықты ескерілген?
* Оқушылардың қызығушылықтары, бейімділіктері, қажеттіліктері мен
сұраныстары ескерілгенбе?
* Сабақтың мақсатын (міндеттерін) жобалаудың (ойлап табудың)
толықтығына баға;
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
1. Сабақ барысында берілетін ғылыми ілімнің негізінде оқушылардың
диалектика –материалистік дүние танымын, жоғары адамгершілік сапалары мен
эстетикалық талғамдарын өмірмен тығыз байланыстыра отырып қалыптастыру.
2. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, оқу-танымдық әрекеттің жағымды
мотивтерін, шығармашылық бастамшылдығы мен белсенділіктерін дамыту және
қалыптастыру;
3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. ( ойлау, ес, назар, қиял, т.б.)
мен даму деңгейлерін ескеру және жан-жақты зерттеу;
4. Мұғалімнің педагогикалық тактіні сақтауы.
Сабақ- бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы оның
интеллектуалдық байлығының өлшемі, оның дүниетанымы мен эрудициясының
көрсеткіші.
Оқушы мектептен белгілі бір білім көлемін ғана емес, оқу білігін алып шығуы
керек. Қазіргі ақпараттар ағыны толассыз уақытта адам өзіне қажеттісін
талғап алатындай, ақпараттар көзімен жұмыс істей білетіндей болуы керек.
Яғни ақпараттар бұрқасынан қажеттісін жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау
іскерлігі оның бойында мектепте қалыптасуы тиіс.
Сабақ кезеңдері:
* Ұйымдастыру кезеңі;
* Үй тапсырмасын тексеру кезеңі;
* Білімді жан-жақты тексеру кезеңі;
* Оқушыларды жаңа материалды белсенді және саналы игеруге дайындау
кезеңі;
* Жаңа білімді игеру кезеңі;
* Жаңа білімді бекіту кезеңі;
* Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Сабаққа қойылатын ұйымдастырушылық талаптар:
1. Тақырыптық жоспарлау негізінде сабақты жургізідің ойластырылған
жоспарының болуы;
2. Сабақты жүргізудің нақты ұйымдастырылуы (уакытылы бастау, әрбір минутты
тиімді пайдалану, сабақтың ырғағы, логикалығы);
3. Түрлі оқыту құралдарын, сонымен қатар оқытудың техникалық құралдарын
дайындау және пайдалану. Бұл аталған талаптар сабақтың нәтижелігінің
қажетті шарты болып табылады. Мұғалім оларды жақсы білуі және сабақты
жоспарлауда қолдануы тиіс.
2. Әдістеме ғылымына қысқаша шолу.
Қазіргі әдістер.
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету
жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу.
Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет
тілдеріне оқыту әдістемесінде әдіс сөзі мынадай ұғымда қолданылады:
біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаларына
негізделген тұтас бір бағыт. Әдістемелер әр түрлі кезеңдерде оқыту
мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырды: мысалы логикалық
қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс,
т.б., тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, фонетикалық әдіс, тілдің
психолгиялық қағидалары бойынша тндуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап
табушының аты-жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн, Пальмер, Уэст, Фриз,
т.б. әдістері. Негізгілері:
Грамматикалық – аудармалық әдіс – ең көне әдіс;
Тура әдіс – 1870 жылдан бастап;
Кәзіргі әдістер;
Грамматикалық – аудармалық әдіс – көбіне классикалық тілдерді, әсіресе,
латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді
жаттау арқылы оқытылады. Жана сөздер грамматикалық тақырыб көлемінде
алынады. Ал, аударма жана сөздерді сөз құрылымын ережесін оқытқанда
қолданылады. Барлық жаттығулар грамматикалық ережененін аясында кұрылып,
ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аудармалық әдістің ерекшеліктері:
Грамматикалық талдаудың негізі;
Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар.
Грамматикалық аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі –
оны әуелі ана тілінде түсініп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен
баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын,
етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқышуға осы сөйлемның шет
тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал
синтаксистің негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Бірақ ағылшын
тіліндегі грамматикалық құрылымдар қазақ тіліндегі құрымдылармен сәйкес
келмейді.
Грамматикалық аудармалық әдіс алғашында XVIII – XIX ғасырларда мектептерде
кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингивистика
ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX- XX ғасырлардың
соңында екі грамматиканың арақатынасы ажыратылды. Қазір де әдістемеге
дәстүрлі тұғырдан қарағанда грамматикалық аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі.
Тура әдіс грамматикалық аудармалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік
мемлекеттердің үлкен елдерді жаулау сияқты процесстер шет тілін білетін
мамандарға сұранысты арттырды, бұл өз кезегіне жаңа әдістің пайда болуына
себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың
негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшеліктері:
Шет тілін оқытудың негізгі бағыты - тәжірбиелік, яғни, бірінші орынға
сөйлеу қойылуы;
Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
Тілді уйрету ісінде аударманың өте әз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша
жаттығулардың көп қолданылуы;
Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолданылуы ( грамматикалық әдісте
грамматикалық ереже бірінші беріліп жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте
әуелі жаттығулар орындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).
Айтуды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді;
Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыбқа байланысты мәтіндер құрастыруға
назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен
беретін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем
қолданылмауы.
XIX ғасырлардың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше
түрлері пайда болды. Тура әдісті жақтаушылар Г.Гуэн, М.Валтер, т.б.
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалімлер тіл үйретудің алғашқы күннінен бастап,
оқушыны әңгімелесуге тартып, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің
мағынасын түсіндіру үшін қыймылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушының шет тілін меңгеруге
деген қызығушылығын артырады.
Дегенімен, бұл әдісті қолданудың қыйыншылықтары да кем емес. Мәселен:
Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек
тақырыбтың негізіне сүйенеді, сол ушін оқушы өте көп жаңа сөздерді білуі
керек;
Мектепте оқушылардың сөйлеп уйренуіне жағдайдын болмауы;
Тәжірбиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді;
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдіскерлері Г.
Пальмер мен М.Уэст болды.
Г.Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталады.
- шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылады.
Г.Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3 мың сөз
болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:
Іс қимыл арқылы ( мұнда арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы
білдіретін жаттығулар ұсынылады);
Сәйкестендірудің 100 кестесі. Оқушылар осы кестегілердегі шет тіліндегі
мысалдарға қарап сөйлемдер құрастыру тиіс.
Г.Падьмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқышуларға
мынадай мүмкіндіктер береді:
Сөйлем үлгілерінде үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі
ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
Тындау жаттығуларының көп болу оқушыға жылдам сөйлегенде шетел тілін
түсінуге мүмкіндік береді.
Мысалы: грамматикалық аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б. Грамматикалық
аудармалық әдісінің негізіне логикалық ойлау мен оқушының шет тіліндегі
мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық
ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлеу білуге уйретеді,
сондай-ақ оқу және жазу да қатар журеді.
Екіншіден, әдіс сөзі белгілі бір автордың ұсыған оқыту жүйесіндегі бағытын
білдіреді.
Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір
тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидалары мен
айқындалатын іс әрекет арқылы анықталады.
Егер оқытуды тұтас жүие ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар:
оқытущы мұғалім және оқушы студент.
Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап
отыруы керек. Оқу – өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының
бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс әрекет: біріншісі – оқытады,
екіншісі- оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс әрекетін бөлек қарауға
болады.
Сабақтағы мұғалімнің қызметтері.
Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал
оқушының міндеті - оқу материалы мен танысу, үйренген шет тілін ара-қатынас
құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып,
еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің
мағнасын түсіну.
Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.
Мұғалімге қойлатын басты талап – оны ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы.
Оқушыны оқу материалының дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу
процессін ұйымдастыру тиіс.
Мұғалімнің бастапқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет
тілі оқушылар үшін жаңа және ана тілінен кейінгі екінші тіл.
Бірінші сабақтардан бастап, әр оқушыны сабаққа тартығу тырысу қажет, ол
үшін оқыту тәсілі мен тәртібін дұрыс құра білу керек.
Шет тілін оқытудың мақсаттары.
Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән
атаулары мен тақырыбтары, сғат саны белгіленеді, бұл оқудың негізгі құжаты
болып табылады. Бұл құжат оқулық пен салыстыру барысындағы өзгерістердің
толықтырулырдың көрнісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту тәрбие жұмысын осы
бағдарламаларға сүйене отырып, жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның
түпкі және қосалқы мақсаттарын, ажырата білу керек, себебі әр сабақтың
негізгі және қосалқы мақсаттары бар.
Негізгі және қосалқы мақсатардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім
үшін айқын болу керек. Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1. Тәрбиелеу;
2. Ағарту;
3. Дамыту.
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1. тәрбиелік;
2. Дамыту;
3. Ағартушылық;
4. Тәрбиелік ( практикалық).
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі шет тілін оқуға үлкен
қызығушылық танытады. Бастапқы кезенде аз сөздерді ғана айтсада, соған
қуанады. Олар амандасып, қоштасып уйренеді, заттардың атауларын білгісі
келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыру
қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тыңдай білуге, сұрай білуге
үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге, шет тілі арқылы қол жеткізуге болады.
Адам адамға – дос, жолдас, бауыр деген моральдық қағиданы есте ұстаған
жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітаб оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Сондай-ақ
мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы
интеллектуалды, еңбекті де дамытуға болады. Балаларды оқи білуге, ақыл ой
еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау
үшін кажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамаларды пайдалана білуі
керек. Оқулық белгілерін түсіне білу керек. Оқыту эстетикасы талғамды да
қалыптастырады.
Оқытудың дамыту мақсатары.
Дамыту мақсаттарын оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл ой, ерік жігерін
дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлау мен байланысты.
Оқу ұйымдастыру білігімен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың
негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және
сол тілде ойлауды дамыту – тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтседе, оқытудың барлық мақсаттары өз ара тығыз байланысты. Демек,
қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез келген түлді уйрену үшін өте
маңызды. Сондықтан осы мақсаттарды алға қою арқылы, қалаған тілді меңгеруге
болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары.
Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әр бір тіл сол тілде
сөйлейтін халықтың мәдиенетінің тікелей көрсеткіші. Оқушылар жаңа тілді
оқып үйрену үшін, сол тілде сөйлейтін халық туралы хабардар болады, өз
ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі- тілді оқытудың ағартышулық
мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі құралдары – сөздер мен
грамматикалық формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, ше тілінің
терминдері мен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен
грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғалім бірінші
сабақтан бастап ана тілімен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Оқудың тәжирбиелік мақсаты.
Оқытудың тәжирбиелік мақсатын түсіну үшін шет тілі пәнәнің ерекшелігімен
танысу керек. Тіл –сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін
игерудің тәжирбиелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша
және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша
түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу шет тілінде жазылған
мәтінді оқи білуі жатады.
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша
да, жазбаша да, жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін
берік қалыптастыру қажет.
Шет тілін оқытудың мазмұны.
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Оқытудың
мазмұны негізгі 3 компоненттен турады:
1. Лингвистикалық;
2. Психологиялық;
3. Әдістемелік.
Лингвистикалық компонент.
Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика
ғылымы – тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл
таңбалар жүйесін өз ара түсіну үшін қолданады. Ал, әдістеме осы белгілерді
оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық ,
морфологиялық – синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша
түрлерін зерттейді.
Соны мен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен қызмет атқарады. Ал,
сөйлеу дегеніміз- осы белгілер жүйесін қарым –қатынас барысында қолдану.
Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін
толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің белгілі бір өзіне ғана тән бірліктері бар. Тілдің
бірліктерінің:
Фонема, морфема, сөз, прозологиялық бірлік, микро және макро мәтіндер
жатады. Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжирбиелік қарым
қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы,
фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір бірінен бөлек
оқытса, ол ешқандай коммоникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Психологиялық компанент.
Психология ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Психология
адамның ісәрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілін сөйлеу де
адамның іс әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын
зерттейтін ғылым саласын – психо-лингвистика деп атайды. Мұнда адамның
сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс қыймылды, әрекетті
ойлау моделы ретінде зерттейді.
Шетел тілін оқыту әдістемесінің дамуының әлеуметтік тарихи шартнама.
Шетел тілін оқыту әдістемесі шетел тілін практикалық тұрғыдан меңгеруге
бағыттайтын ғылыми сала ретінде көрсетіледі, сонымен бірге оның тұжырымында
оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген мақсаттары мен мазмұны пәннің
ғылыми тұрғыдан қолданбалы саласы ретінде анықталады, сондай ақ шетел
тілін оқытудың тиімді әдістерін жасаумен шұғылданатын сала ретінде
сипатталады. Болашақ шетел тілін пәнәнің оқытушыларына арналған оқу пәні
ретінде шетел тілін оқытудың әлістемесінің пәндік саласы шетел тілі болып
анықталады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік тұрғыдан негіздеусіз шетел
тілін меңгеруді нысаны ретінде алға қою формалды конструкт болғандықтан
және ол мәдениетке тән арнайы категория болып табылмағандықтан білім
берідің зерттеудің пәнаралық кешенді нысчвны болып көрсетілуі (басқа тілі-
басқа мәдениетті тұлға)- ьарихи тұрғыдан негізделген жағдаят екні аян.
Білім беру спасына қойылатын әлеуметтік талап білім беру парадигмасыының
өзгеруіне жағдай ьуғызып шетел тілін оқытуда қоғамның құбылмалы
сұраныстарына жауап бере алатын білім берудің жаңа әдіснамасын табу
қажеттігін көрсетеді. Жахандану кезеңі өзара тығыз байланысты қоғамдар
халықаралық қарым қатынас құралы болып табылатын шетел тілінің әлеуметтік
тұрғыдан құндылығының артуы тілдің қазіргі маманның кәсіби компетенциясының
басты көрсеткіші ретінде көрініс табуына әкелді.
Қоғамдағы тіл статусын қайта қарау оның оқу пәні ретінде
түсініктемелеріне тереңірек үңілу оқу және зерттеу нысаның өзгерту
қажеттігін көрсетеді. Біздің жағдайымызда жеке ғылыми бағыт болып табылатын
білім беру саласының құрамдас бөлігі болып шетелдік білім беру анықтамалар
болса, оның ғылыми тұрғыдан дамуының қазіргі деңгейіне сәйкес келетін
бөлігі ретінде шетел тілі көрсетіледі. Соған сәйкес тілдік білім беру
көп аспектілі және бешенді біртұтас ретінде негізделеді және ол тұлғаны
оқыту және тәрбиелеу арқылы қалыптастыруды көрсететін педагогикалық
категория ретінде танылады.
Осыған байланысты шетел тілін оқыту ғылыми негізге сүйенген жеке білім беру
парадигма ретінде келесідей құрылыста көрініс табуы мүмкін:
1) өзінің жеке әдіснамасы бар;
2) өзіне тән сипаттамалары бар;
3) ғылыми таным ретінде зерттеулерде бір жүйеге негізделген;
4) бірінғай теориялық тұғырнамасы бар;
5) категория мен ұғымдары бар.
Тілдік білім беру жүйесі, кез келген жүйе секілді белгілі бір алға қойған
мақсаттар мен жоспарлаған нәтижелерге жету үшін қызмет етеді, ол біздің
жағдайсызда шеттелдік білім беру жүйесін анықтауды талап етеді.
Сондықтан шетел тілін уақыт талабы қойып отырған шет тілдік білім берудің
бірыңғай жуйесі ретінде зерттеу мен реттеу нысаны ретінде қарастыру
қажеттігі туындап отыр. Олай болса қазіргі шеттелдік білім беру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz