Темперамент типтеріне жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I. Жасөспірімдердің темперамент типтерінің ерекшеліктерін айқындау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1. Темперамент типтеріне жалпы сипаттама 4
1.2. Жасөспірімдердің жеке іс-әрекетіне темпераменттің тигізетін әсері 13

1.3.Темперамент типтерінің жасөспірімдердің жеке басында көрінуі 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Әдебиеттер тізімі 28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Темпераменттің адам психикасындағы дамуындағы
әсер етуін зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Психологиядағы темперамент теориясы қазіргі уақыттағы көп зерттелінген
индивидтік қасиеттің бірі болып табылады. Темперамент туралы көптеген
психологтар мен физиологтар зертеулер жүргізген. Темпераментке берілген
бір қатар анықтамаларға назар аударатын болсақ, олардың әр біреуі
темпераменттің комплекстік жүйесін белгілейді. Отандық, шетелдік
психологтар мен физиологтардың темпераментке арналған зерттеу жұмыстары
негізінен көп. Совет психологтары Б. M. Теплов, И. П. Павлов, B.M. Русалов,
B. C. Мерлин, Я. Стреляу, B. Д. Небылицин сияқты ғалымдар өз проблемаларын
ұсынды. Белгілі физиолог И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға
жүргізген болса, Б. M. Теплов және оның әріптестері аталмыш тәжірибені
адамдарға жүргізді.
Шетелдік психологтардың ішінде JI. Тэрстоун, У. Шелдон темперамент
теориясын конституциялық жағынан қарастырып, Э. Кречмер адамның психикалық
ерекшеліктері мен дене бітімін психикалық ауруларға бейімділігін клиникалық
жағынан зерттей келе, адам дене құрылымына көптеген өлшеулер жүргізіп, төрт
конституциялық типке бөліп берді. Темпераменттің адам іс-әрекетінде, мінез-
құлқында алатын орны ерекше. Олай деп айтатынымыз темперамент индивидтің
эмоциясына әлеуметтік қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Темперамент адам
мінез-құлқын реттеп, өмірлік қиыншылықтарды шешу жолдарын қалыптастыру үшін
қажет.
Мақсаты: психикалық даму үшін, жасөспірімде темпераменттің алатын
орнын зерттеу.
Міндеттері:
- Психикалық дамудағы темперамент ролінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Қойылған міндеттерге қарай темперамент теориясын қарастыру;
- Қойылған міндеттерге қарай, зерттелінуші жасөспірімді іріктеу, зерттеу
жүргізу;
- Нәтижені қарап, талдау жасау.
Болжам: жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуына темперамент
типтері ерекше әсер етеді. Оларды интраверсия – экстраверсия арқылы
анықтап, зерттеуге болады.
Зерттеу пәні: психикалық дамуда темпераменттің бейнеленуі.
Зерттеу обьектісі: жасөспірім шақтағы балалар.
Әдістемелік негізі: Отандық жэне шетелдік зерттеулердің теориялары.
Зерттеу құрылымы: Кіріспе, бірінші бөлім, қорытынды, әдебиеттер
тізімі.

I. Жасөспірімдердің темперамент типтерінің ерекшеліктерін айқындау
мәселелері.

І.І Темперамент типтеріне жалпы сипаттама.
Темперамент дегеніміз – адамның психикалық процестерінің, күйлерінің
және мінез - құлықтарының динамикалық ерекшеліктерін анықтайтын оның
тұрақты даралық жэне психофизиологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Бұнда
адамның тұрақты психологиялық қасиеттеріне, оның мінез-құлқы тәуелді болып
келеді. Психофизиологиялық деген термин сәйкес қасиеттер тек қана
психологияның бөлігін ғана емес, сонымен қатар адам физиологиясының бөлігін
құрайды, яғни бір уақытта психологиялық және физиологиялық болады.
Темпермент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке
өзгешеліктерінің бірі. Темперамент- жеке тұлға қасиеттерінің ішіндегі ең
маңыздыларының бірі. Бұл мәселеге деген қызығушылық 2500 жыл бұрын пайда
болған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылымы мен даму
ерекшеліктерімен негізделген даралық айырмашылықтардың болуынан туындайды.
Темперамент адамдар арасындағы соның ішінде эмоциясының интенсивтілігі мен
тұрақтылығы бойынша, эмоционалдық әсерленгіштігі әрекетінің темпі мен
энергиясы бойынша, сонымен бірге көптеген бірқатар басқа да динамикалық
сипаттамалар бойынша психикалық ерекшеліктердің болуын анықтайды.
Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барлық іс-әрекетінде оның мазмұны,
мақсаты және себеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді. Темперамент
мәселесін зерттеуге көптеген қадамдар жасалғанына қарамастан, бүл мәселе
қазіргі психологиялық ғылымда әлі де талас және толығымен шешілмеген
мәселелер қатарына жатады. Қазірде темпераментті зерттеуде көптеген
бағыттар бар.
Бұл жаста адамның тұлғалық жағынан пісіп жетілу кезеңі аяқталады, оның
өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, болашақ кәсібін таңдау
міндеті жүзеге асырылады. Жасөспірімдердің сөйлеу ерекшеліктерінің
қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше рең
беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерімен жақсы
көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Красногорскийдің
баланың жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне әсер етіп отырады
деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар,
жастардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің
ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қимыл-
қозғалыстармен де санаспауға болмайды.
Алайда осы көпшілік бағыттардың әр түрлілігіне қарамастан,
зерттеушілердің көпшілігінің мойындауы бойынша темперамент жеке адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасатын биологиялық негізі, ал осы жеке
адамның темпераментпен негізделген қасиеттері тұрақты және ұзақ болып
табылады.
Жасөспірімдердің тұлғалық әлеуметтік дамуының негізгі индикаторы
ретінде идеялар жүреді. Жасөспірімдердің ар-намыс идеалы эмоционалды
бейнені айқындайды. Бұл идеал жасөспірімдердің өзіндік бағасының критериі
ретінде жүреді. Жасөспірімдер өмірде өз орнын іздейді
Алғашқы кезеңде, 10-11 жас аралығындағы жасөспірімдердің идеялары нақты
қасиетте жүреді.
Екінші кезеңде, 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдердің идеялары 68%
нақты болса, ал 30 % жалпылама болып табылады.
Үшінші кезеңде, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің идеялары
жалпылама түрде болады. Өсіп келе жатқан бала үшін іс – әрекет
мотивтерімен қылығы маңызды орын алады.
B.M. Теплов темпераментке келесідей анықтама береді: Темперамент деп
адамға тэн эмоциональдық қозу мен екінші жағынан олардың күшімен байланысты
психикалық ерекшеліктердің жиынтығын айтады.12
Тарихқа сүйенсең, темперамент түсінігін ғылымға ежелгі грек дәрігері
Гиппократ енгізген. Оның айтуынша адамдар негізгі төрт ағза шырынының
арақатынасы арқылы ерекшелінеді, яғни қан, флегма, қара өт және сары өт.
Гиппократ организімдегі сұйықтардың бірінің екіншісінен басым болуы кейбір
аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін түсіне
білді. Оны бездердің бірі деп санады. Бұл адамның жеке ерекшеліктерін
жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Ағза шырындарының бұл арақатынасы грекше красис сөзімен белгіленіп,
кейін оны латынның Іетрегатепі;- дұрыс өлшемі, ұқсастық деген сөзіне
ауыстырады. Гиппократтың іліміне сүйене отырып, антикалық кезеңнің басқа
әйгілі дәрігері Клавдий Галем темперамент типологиясын құрып, кейін өзінің
De temperamentum атты әйгілі трактатында жазып кетті. Галем организмде
жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі
салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты.
Жеткіншектердің даму деңгейлеріне байланысты өзіндік ар-намыс
кодекстері дамиды. Әрине, заңдар мен ережелер ересектерден алынады. Бірақ,
әркім қалайша өзінің ар-намысын қорғайды, бостандығын қалай сақтайды
барлығына мән беріледі, бақыланады. Бұл жерде сенімділік, шыншылдық
бағаланады, ал өз сөзіне тұрмау, опасыздық жазаланады.
Қарым-қатынастағы бейімделушілік, ересектердің бейімделуімен сәйкес келеді.
Бірақ, құрдастардың қылығын бағалау максималды және эмоционалды жүреді.
Қоршаған орта сияқты, жеткіншектердің қарым-қатынастағы бейімделу әдісі
әртүрлі. Алайда, мұндай бейімделушілікке әсер ететін құрдастарға деген
қажеттілік пен жалғыздықтан қорқыныш сезімі. Бұл сәтте жеткіншек өзін
жалғыз санайды, мазасыздық сезімі туындайды. Ал егер құрдастарымен қарым-
қатынас сәтті болса, жеткіншек өзін бақытты сезінеді.
Ұжымның оқушыға деген тигізетін әсері, ең алдымен оқушының сыныппен
орныққан үйлесімділікке байланысты. Жеткіншек шақта қарым-қатынастың
таңдауы өседі. Бұл балалық ұжымның құрылымдық даралауына әкеледі, өсе келе
сыныптағы сәтсіз орныққан оқушылар саны өсе береді.
Статустың төмендегі сыныптағы оқушы үшін жағымсыз зардабын тигізеді;
мазасыздық, агрессивтілік, оқушының невротизациясына әкеледі.
Осыған байланысты оқушының статусын анықтау ғылыми-практикалық міндет болып
табылады. Топтағы оқушының орны ұнау немесе ұнамау құрылымының негізі болып
табылады, бұл социометрикалық статуспен баяндалады.
Түрлі авторлармен сыныптағы сәтсіз орынға ие болатын жеткіншектер
ерекшеліктері берілген. Қайшылықтардың негізгі себептері топтың әр
мүшесінің даралық мінезінің акцентуациясына назар аудара авторлар, бірігу
іс-әрекетінің ерекшелігін, құндылықтар мен нормалар құрылымына мән
бермейді.
Тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы, ең алдымен, топтың даму деңгейіне
байланысты.
Сонымен, қарым-қатынас жеткіншек шақтың негізгі мақсаты болып
табылады.
Біріншіден: құрдастармен қарым-қатынас мәліметтердің ерекше өзегі.
Осының көмегі арқылы ата-анадан ала алмаған мәліметтерді ала алады.
Екіншіден, тұлғааралық қарым-қатынастың өзекті түрі. Іс-әрекетті
бірігіп орындау, әлеуметтік өзара әрекеттестікке дағдылануды, ұжымдық
тәртібіне бағынуға, үйренуге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бұл эмоционалды қатынастың өзекті түрі. Топқа енетін сезіну,
жеткіншектің сәтті және тұрақтылықты сезінуге мүмкіндік береді.
Жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктерін анализдеуге арналған жұмыстарға көшейік.
Бұл секілді түйсіктердің позитивті маңызы зор. Өйткені, адамның тәнін
зерттеу тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кездегі кең танылған жан тәнге
байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді. Орта
ғасырдағы ғылымдарда темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына
байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше
физиологиялық ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің
құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне тағы басқаларға
байланысты деген пікірлерде тарады. Оның ілімі бойынша темперамент типі
ағзадағы шырындардың біреуінің басымдылығына тәуелді. Ол темпераменттің 13
типтерін анықтап көрсетті, бірақ кейін олардың саны 4-ке дейін қысқарды.
Темпераменттің 4 типтеріне мыналар жатады:
Сангвиник (лат.Sanduis-қан); Флегматик ( грек Pledma-шырыш); Холерик
(грек. Chle-өт); Меланхолик ( Melaschole- қара өт).
Бұл концепция көптеген ғасырлар бойы ғылымдарға үлкен әсерін тигізді.
Бұған Гален ұсынған темперамент типтерінің атаулары өте кең таралу фактісі
дәлел бола алады.
Адам темпераментінің типі ағзадағы сұйықтардың арақатынасы бойынша
анықталады деген пікір ұзақ, яғни 19ғ. аяғымен 20ғ. басына дейін жалғасты.
И.П. Павлов адамның жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы
ұғымдарды енгізе отырып, дәл осы қасиеттер және олардың бірігуі адам типін
анықтайды деген болжам айтты.
Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін
адамдар, көбінесе ұйытқымалы, қимыл қозғалысқа шапшаң келеді. Ол да
ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар.
Істі тұрғызатын істемеген, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ
түсетін кездері де болады. Бұлар холерик темпераменттің өкілдері.
Павлов бойынша осы қасиеттерге қозу, тежелу күштері,
олардың байсалдылығы жатады.
Павлов қозу күші мен тежелу күшін жүйке жүйесінің 2 тәуелсіз
қасиеттері деп айырады. Қозу күші жүйке клеткасының жұмыс қабілетін
бейнелейді. Ол функционалды шыдамдылықта, яғни жүйке жүйесінің ұзақ немесе
қысқа мерзімді, бірақ күшті қозуды төзіп және осыдан қарама-қарсы тежелу
күйіне ауыспау қабілетінде көрінеді. Тежелу күші тежелу процесін
реализациялаудағы жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті ретінде анықтама әртүрлі
тежегіш шарттары реакциялардың салу сияқты құрылу қабілетінде көрінеді.
Жүйке жүйесінің байсалдылығы туралы айтқанда Павлов қозу мен тежелу
процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер осы процестердің біреуінің күші
екіншісінен басым болса, онда сабырсыз, байсалсыз болады. Жүйке жүйесінің 4
қасиеті осы жүйке процестерінің қозғалғыштығы 1 жүйке процесінің 2-шісіне
ауысу жылдамдығында көрінеді. Бұл қасиет өмір жағдайларының өзгеруіне
сәйкес мінез-құлықтың өзгеру қабілеттілігінде байқалады. Жүйке жүйесінің
бұл қасиетінің өлшемі 1 әрекеттен 2-шісіне, мысалы пассивтіліктен
активтілікке ауысу жылдамдығы болып табылады. Павловтың бөліп көрсеткен
жүйке қасиеттерінің бұл қасиеттері жүйке жүйесінің типін немесе жоғары
жүйке іс-әрекетінің типін анықтайтын нақты комбинациялар құрайды.
Бұл тип индивид үшін тән жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері- күшінің
байсалдылығы мен қозғалғыштығының қозу мен тежелу процестерінің
арақатынастарының бірігуінен құралады. Павловтың айтуы бойынша Гиппократтың
атап көрсеткен темперамент типтеріне ұқсас жүйе жүйесінің 4 негізгі түрі
бар. Жүйке жүйесінің күштерінің айырмашылықтарынан күшті және әлсіз типтер
бөлінеді, олардың өзі байсалды және байсалсыз түрі қозудың тежелуден
басымдылығымен сипатталады. Соңында байсалды түрлер қозғалғыш және инертті
деп бөлінеді. Бұл Павловтың көрсеткен жүйке жүйесінің типтері тек саны
жағынан емес, сонымен бірге негізгі сипаттамалары бойынша да темпераменттің
4 классикалық типтеріне сәйкес келеді.
Күшті, байсалды, салғырт тип - флегматтик;
Күшті, байсалды, қозғалғыш тип- сангвиник;
Күшті, сабырсыз қозуы басымды түрі- холерик;
Әлсіз тип- меланхолик.
Павлов ұсынған типологиясы осы аймақтағы көптеген тәжірибелер мен
зерттеулердің қайнар көзіне айналды.
Көптеген физиологтар мен психологтар әрі қарай дамуларға зерттеулер
жүргізді. 50 ж.ж. десек адамдардың мінез-құлқын лабараториялы тұрғыдан
зерттеуге қадамдар жасалды. Әуелі В.М. Теплов, ал кейін В.Д. Небылицин
басқарумен жүргізілген бұл зерттеулер нәтижесінде Павлов типологиясы жаңа
әлеуметтермен толықтырып зерттеудің көптеген әдістері өңделеді, сонымен
бірге эксперименталды тұрғыдан жүйке процестерінің тағы 2 қасиеті анықталып
көрсетілген: лабильділік және динамикалық.
Жүйке жүйенің лабильділігі жүйке процестерінің пайда болуы мен
аяқталу жылдамдығында көрінсе, жүйке процестерінің динамикалық мәнін оң
және тежелгіш шартты рефлекстерінің құрылуы жеңілділігі мен жылдамдылығы
құрайды. Бұл жағдайда 2 сөзбен сипаттап беру мүмкін емес. "Өйткені хх
ғасырдың ішінде темперамент туралы біздің ой-пікірлеріміз өзгеріп, бірақ
көбісі бұрынғы күйінде қалады.
Соңғы 10 жылдықтың ішінде ғылымда:
1 -шіден адам темпераменті мен мінезін нақты айыру қалыптасты. Енді
психология бойынша, қазіргі оқулықтардың ішінде әсіресе ғылымда темперамент
пен мінез бір-бірінен бөлек қарастыратын адам жеке тұлғасының әр түрлі
сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.
2-шіден, психологтар теиперамент типтерін сипаттап бейнелеуді үйреніп
қана қойған жоқ, сонымен бірге осы мақсатқа орай құрылған арнайы тесттер
көмегімен олардың диагностикасы мен бағасын өңдеуді үйренді.
3-шіден, қазіргі адамдардың көбісіне темперамент типтерін оқып
зерттеу, бұрынғы дәстүрлі сипаттамаларға темпераменттің таза типтерінің
сәйкес келуі өмірде сирек. Ұқсас жағдайлар 25%- 30%-ке дейін барлық
жағдайды құраса, қалған 70% - 75% темпераменттің аралас типтеріне ие болып
келеді. Осылайша ғасырлар бойы құрылған темперамент типтерінің
классификациясы шынайылыққа дәл сәйкес келмейді және эмперикалық және
статистикалық зерттеулермен толық дәлелденбеген.
4-шіден, 1 адам әр уақытта темпераменттің әртүрлі типтерін көрсету
мүмкін, және бұл ол адам дәл нақты осы уақытта немен айналысатынына
тәуелді. Мысалы 1 адам адамдармен қарым-қатынас жасауда холерик болып, бір
уақытта жұмыста сангвиник болуы мүмкін немесе басқа жағдай, адам жұмыста
флегматик темпераментін танытса, қарым-қатынас барысында меланхолиялық
түрін көрсетеді. Ресейлік психологтар, Л.С Выготскийден бастап жеткіншек
шақтың негізі – ересектің сенімнің қалыптасуы деп санайды. Алайда,
ересектік құндылықтарға назар аударады, жеткіншектің баламын деп
сезінуіне әкеледі. Әрине, балаға қарағанда өзін жетілдіруге талпынады. Осы
жерден қарама-қайшылық туындайды-жеткіншек өзін ересек деп есептейді,
бірақ ересектен даму деңгейі төмен екенін біледі.
Өтпелі шақтың негізгі қажеттілігі ересектерден тәуелсіз болуға талпыну,
ата-анадан, мұғалімнен бақылауынан шығу.
Әлеуметтіктің негізгі әсері болып жеткіншектің, ата-аналарының қарым-
қатынасы болып табылады. Жанұядағы жағдай баланың өмірлік жолын анықтайды.
Балаға тек саналы әсер ету ғана емес, жанұядағы атмосфера да әсер етеді.
Бұл әсер ету бала дамыған сайын жинала береді. Барлық әлеуметтік
психологиялық тәртіптің аспектілерінің негізін жеткіншектің жанұясындағы
қарым-қатынасы анықтайды. Жанұядағы қарым-қатынас жеткіншектің дамуына әсер
етеді. Жанұядағы жағымсыз жағдайлар, қиын жеткіншектің дамуына әкеледі. Ата-
аналардың жеткіншекке әсер етудің бірнеше механизмі бар:
Нығайту – баланы қолдау немесе құқық орнату.
Идентификация – бала ата-анасына ұқсауға талпынады.
Түсінушілік – баланың жан дүниесін түсіну, оның өзіндік сансын дамытады.
Сонымен қатар, эмоционалды тонмен бірге ата-ананың балаға берген
тәртібі де маңызды. Бұл процесс күрделі.
Әрине тәуелсіздік баланың ата-анамен арасында орныққан қарым-қатынасына
байланысты, соның ішінде ата-анасына деген достық жне махаббат сенімі,
жанұяда қалыптасқан құндылықтарға олардың қаншалықты нақты болғанына
байланысты. Баланың эмоционалды құштарлығы, оның ата-анаға бұрын болған
тәуелсіздігіне байланысты, көбіне ана әкеге қарағанда жақынырақ болады.
Жеткіншек өскен сайын мұндай тәуелділік баланы қиналтады. Ата-ананың
махаббатының аздығы жағымсыз әсер қалдырады, алайда, жағымды эмоцияның аса
көптігі де балаға зиян келтіреді. Ішкі дүниесін билеуге кедергі етеді. Аса
қатты өз баласын сүйетін ана, баланың жеке дамуына әсерін тигізеді. Мысалы:
ер бала өсе келе ата-анасына тәуелді, әрі агрессивті, әрі пассивті болуы
мүмкін. Кейде жеткіншек өзін ата-анасына керегім жоқ деп санайды.
Жеткіншектерді түсіну үшін оның ересектермен қалыптасқан қарым-қатынасының
функциясының өзгеруіне көңіл аударған жөн. Бала үшін ата-ана бірнеше
мағынаға ие:
1. эмоционалды жылулық пен қолдаудың бастамасы;
2. билік, игілік, жазалау, мадақтау көзі;
3. ұқсаудың үлгісі, ақылдың негізін іске асырушы;
4. ересек дос және кеңесші.
Бұл функциялар мен психологиялық маңызы өсе келе өзгереді. Жеткіншек
шақ – ата-анадан тәуелсіз болу периоды. Тәуелсіздік эмоционалды болуы
мүмкін. Яғни, жақын, әрі жылы қарым-қатынас (ата-ананың махаббаты) болуы
мүмкін немесе қайшы алыс, тіпті дұшпандылыққа жеткізуі мүмкін.
Қазіргі кезеңде психология ғылыми белгілі жүйеде темперамент типтерінің
бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер
таппаған. Алайда дәстүрлі қабылданған темпераменттің 4 түрінің
психологиялық сипатын түзу үшін көбінесе төмендегі аталған негізгі
темперамент қасиеттері қолданылуда.
Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына
себепші сыртқы әсер күштерінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап әрекетінің
туындау шапшаңдығы.
Жауап - әрекет ету бірдей ықпалды сыртқы және ішкі әсерлерге болған
орынсыз жауап әрекет дәрежесі.
Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және
кедергілерді жеңу үшін, жеке адам әрекет-қылығының қарқындылығы табандылық,
зейінділік, таңдау, тағы басқа жауап - әрекетке келу мен белсенділік
қатынасы адам іс-әрекетінің сезім пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді
екенін білдіруі кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар көңіл-күйден
кездейсоқ оқиғалардан болмаса ниет, мақсат, тағы басқа жатады.
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайға қаншалықты
жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға сылғырт тіпті жан қалың
көрсетуі.
Қандай да бір іспен қызықса, ол құмарлықпен толық беріліп жұмыс
жасайды, бірақ күші ұзаққа жетпейді және осы күші біткен соң ол істей
алмаймын дегенге жетеді. Ызалану күйін, нашар көңіл күй, күштің төмендеуі
мен әлсіздік пайда болады. Көңіл-күй көтерілуі мен энергияның оң
циклдерімен депрессия қөңіл күй төмендеудің теріс циклдерімен ауысуы,
адамның мінез-құлқы мен өзін-өзі сезінуінің түзу еместігін, оның неврозға
және адаммен конфликт пайда болуына соқтырады.
Темперамент 25 мың жыл бұрын пайда болды. Оған деген қызығушылықтың
төркіні- арамызда бойында болатын өзара өзгешеліктер. Әр адамның жан
дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің
өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер
Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың
айтуынша әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлар денесінде 4 түрлі
сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар денені жылытып тұратын-қан,
салқындататын- шырыш (слизь), құрғататын- бауырдағы сары өт және оған
дымқылдық беретін-қара өт (талақ). Осы 4 түрлі сұйықтың араласуының
пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді
темпраментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ пен оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы 4 түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне
байланысты деп түсінген. Мәселен организмде қанның пропорциясы артық болса,
ол сангвиникалық ( латынша сангиус - қан), ал шырын басым болса (грекше
шырын - флегма), флегматик, ал организмде қара өт басым болса меланхолик,
сары өт басым болса холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп атаған.
Гиппократтан сәл кейін өмір сүрген ежелгі грек философы Аристотель адамдар
арасында айырмашылықтардың себебі қандай да бір сұйықты игеру емес,
керісінше сол сұйықтық ең маңыздысы қанның құрамының айырмашылығына
байланысты деді.
Ал, егер қан сұйық болса, ол адамның салқын, бірақ қарқынын, үдей
сезімдерді игергенін білдіреді деп айтты. Ал егер тығыз заттарға бай болса,
ол адамның жылы, бірақ ызақор екенін білдіреді.
Темперамент типтері туралы ілімді жаңа ғылыми негізге аударуға
тырысқан И.Л.Павлов болды. Ол темпераментті жоғары нервтік әрекеттің типі
ретінде қарастырды. Темпераменттің әр түрлі типін физиологиялық тұрғыдан
негіздей келіп, Павлов нервтік жүйе қасиеттерінің көрінуінен
типологиялық ерекшелік байланысын көрсетіп, темперамент типін нервтік жүйе
типтеріне сәйкестендірді. Павлов бойынша типтердің қорытынды
классификациясы былай қалыптасты:
Холерик типі (ұстамсыз)- бұл ұстамсыз нервтік жүйе. Сангвиник типі
(қалыпты)-өте қалыпты қозғалғыш нервтік жүйе. Флегматик типі (инертті)-өте
қалыпты инертті нервтік жүйе. Меланхолик типі (әлсізтежелгіш)- әлсіз
нервтік жүйе.
Темперамент типін осылай қарастырудың екі жағымды жағы бар:
1. Мінез-құлықтың психологиялық категорияларының қазіргі
уақыттағы жаңа физиологиялық базаларға сай келуі.
2. Мінез-құлық нерв жүйелерінің қасиеттерінің көріну типологиялық
ерекшеліктерінің жиынтығымен байланысты.
Павловтың классификациясы өзінің сыртқы құрылымының қарапайымдылығына
қарамастан ішкі терең қарама-қайшылықтарға ие.
1. Павловтың көрсеткен нервтік жүйе қасиеттерінің көріну
типологиялық ерекшеліктерінің байланысы қазіргі көрсеткіштер бойынша жиі
кездеспейді. Оны Павловтың өзі де түсінді. Ол аралық типтердің бар екенін
және олар он шақты болуы мүмкін екенін айтты.
2. Типтердің болуда оның біркелкі қатынасы жоқ. Бір жағдайда тек 3
типологиялық ерекшеліктермен байланысты. Келесі бір жағдайда екі
типологиялық ерекшеліктермен байланысты, ал үшінші жағдайда бір
типологиялық ерекшеліктермен байланысты болады. Дегенмен, нервтік жүйенің
әлсіздігі қозумен тежелудің қозғыштығы мен инерттігін бір қалыптылық
сияқты типологиялық ерекшеліктермен немесе процестердің бірігіп жазумен
бірге әртүрлі қосылыстар беруі мүмкін.
3. Соңғы 10 жылдықта алынған көрсеткіштер бойынша, холерик типі нервтік
жүйенің күштілігіне байланысты емес, керісінше оның әлсіздігі байланысты.
4. Маңызы бойынша адамның психологиялық мінездемесі (іс-әрекетте, қарым-
қатынаста және жасаған қылықтарда көрінетін психологиялық мінездеме)
тікелей физиологиялық феномендерден айырылмауы тиіс.
Осы теорияларға жататын алғашқы темперамент теориясының авторлары
голланд психологтары Г. Хеймонс пен E. Вирсма болды. Олар да сұрақтан
тұратын сауалнаманы өңдеп, ол арқылы 2500 адамды зерттеді (ересектер мен
балалар). Алынған нәтижелер негізде олар темпераменттің негізгі 3
сипаттамасын көрсетті.
- Эмоционалдылық - эмоционалдылықтың жоқтығы. Бұл қасиет белгілі бір
сипаттамаларға қатысты туындайтын эмоционалдық реакциялардың күші мен
жиілігін анықтайды.
- Активтілік - пассивтілік. Бұл қасиетті еңбектегі, мектептегі, тұрмыстағы
белсенділікті анықтау арқылы көруге болады.
- Біріншілік функция - екіншілік функция. Біріншілік функция жақсы
дамыған адамдарда қоршаған ортадағы ситуацияларға деген реакция тез
өссе,керісінше екіншілік функция жақсы дамыған адамдарда реакция өте
баяу басталып, кейіннен ол өседі.
Бұл 3 сипаттаманы жүйелей келе, темпераменттің 8 түрлі типін
анықтауға болады. Г. Хеймонс жэне Вирсма бойынша темперамент типологиясы:
К.Г. Юнг типологиясы: К.Юнг психологиялық ерекшеліктерді есепке ала
отырып адамдарды типтерге бөлді. Ол жалпы 2 типті- экстеравертті жэне
интервертті көрсетті: Экстравертті тип - объектіге бағытталғандылық тән,
сол себепті ол өзінің қылықтарын бағалауды өзге адамдар мен қоғамдық
нормаларға ұсынады. Интровертті тип - субъектінің қиындылығы обьектінің
қиындылығынан әрдайым жоғары. Өз пікірін өзге адамдардың пікірінен жоғары
қояды.
Г. Айзенк теориясы. Батыстағы әйгілі темперамент теориясының (Ә.
Кречмер жэне K. Юнг) жетіспеушіліктерін дұрыстауға тырысқан ағылшын
психологы Г.Аизенк болды. Ол осы екі оқымыстының типологиясын
4 координаттан тұратын жүйе ретінде қарастыруды ұсынды.
Г. Айзенк бойынша Э. Кречмер және K. Юнг типологиясының сәйкестілігі.
Экстераверттер мен интераверттердің қылықтарын сипаттай келе ( бір жағыныан
жоғары нейротизмдік адамдарды). Г. Айзенк темперамент типтерінің өзіндік
моделін ұсынды.

1.2. Жасөспірімдердің жеке іс-әрекеттіне темпераменттің тигізетін әсері.

Темперамент - адамның жоғарғы жүйке әрекеті типінің сыртқы көрінуі,
сондықтан тәрбие, өзіндік тәрбие нәтижесінде ол сыртқы көрініс бұрмаланын
өзгереді. Сондықтан темпераменттің таза типтегі сирек кездеседі, бірақ
сол ие басқа тенденцияның басымдығы адам мінез-құлқында әрқашанда көрінеді.
Іс-әрекет адам өмірінің дамуында маңызды орын алады, бұл адамның жеке
тұлғалық қасиетінің дамуына зор ықпал етеді. Сондықтан, темперамент
типтерінің жалпы сипаттамасына тоқтала отырып, адам іс-әрекеттіне
темперамент типтерінің тигізетін әсерін анықтап көрейік:
Сангвиник темпераменті - шық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды,
қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді,
басшылыққа жетекшілікке қүштар. Жылдам, тез қозғыш, көңіл- күйі жиі
өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ
біреу бағыттап отырмаса тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті
белсенді жүріп отырады. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен
интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлеп айтуға тырысады.
Сөйлегенде ым-ишара жағы басым болып келеді, көбінесе эмоциялы, қозу
жағдайында тұрады. Бұл адамдардың мінез-құлқынан қажырлық,
белсенділік сияқты жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да
сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге ықтайлы, ширақ темперамент болып
саналады. Сангвиник қарым-қатынас жасай біледі және оны ұнатады. Олар
достарын тез табады. Алдын-ала уәде беріп оны орындамауы да мүмкін.
Қандайда болсын жаңа бастауларда жеңіске жететініне сенімді.
Ал ренжіген жағдайда теріс эмоцияға терең берілмейді, алғашқы райыннан
тез қайтады. Қиналмастан бірінші істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса
қайтадан үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер.
Әдетте сангвиник типті адам өткені мен болашағын болжастыруға өзінің
субъективті пайымдауының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді
объективті бағалауға бейім. Экстраверт, оның жүйке жүйесінің қозғыштағы
сенімдердің қызығушылықтарының, көзқарастардың өзгергіштігін, жаңа
жағдайларын тез бейімделуін негіздейді. Сангвиник өлшемді әрекет етуші,
бірақ тек көп қызықты істер болғанда, ал басқа жағдайда ол көңілсіз, әлсіз,
сылбыр, алаңдағыш болады. Стрестік ситуацияда арыстан реакциясын көрсетеді,
яғни белсенді және ақылды, өзін қорғап, жағдай қалыптылығы үшін күреседі.
Флегматик темперамент - ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық
тілейді, сенімді, тұрақты, бірқалыпты. Бұл темпераменттегі адамдар сабырлы,
орынсыз алып - саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы
мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды,
салқын қанды. Бір істі бастаса аяғына дейін жеткізеді. Мұндай балалардың
сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Флегматиктер өте салмақты, жай
қозғалып, еш активтілік көрсетпейді. Басқа адамдар тағдырына араласпайды,
басқаларға қысым көрсетпейді. Дегенмен, флегматиктер басқалардың еркін
өзгегін ерекше көндіре алады және мұны басқалар сезбеуі де мүмкін.
Флегматиктер жүйке жүйесі күшті, байсалды бірақ инертті адамдар,
нәтижесінде жай қозғалып, көп сөйлемейді, эмоция байқалуы жай, ренжіту,
күлдіру қиын. Жоғары жұмыс қабілетіне ие, күшті және ұзақ
тітіркендіргіштерге, қиындықтарға жақсы қарсы тұрып, бірақ аяқ асты
күтпеген жаңа жағдайларға тез жауап қайтаруға қабілетті емес. Әрекетті
енттер, сезімталдығы мен көңіл шарпуларын кеш көріністі.
Қалыптасып қалған стереотип пен дағдылардан бас тартуға қабілетті
емес, әдеттерін, өмір тәртібін, жұмысын, достарын өзгертуді ұнатпайды, жаңа
жағдайларға қиын бейімделеді.
Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде
болып жатқан жағдайға селсоң қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ
мұның салқындығы адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады. Барлық білгені ішінде интраверт.
Холерик темпераменті - бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз,
шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін қарым-қатынаста аумалы-төкпелі,
тұрақсыз, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ. Мұндай оқушы қимыл-
әрекетті сүйеді, әдепте оның қимыл қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол
қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой
әрекетінің белсенділігі байқалады, бұл оқу тапсырмаларын орындауда жақсы
көрінеді.
Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Бұнда өз
эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып күйіп-пісуге дайын
тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам,
интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар
тез қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик
темпераментіндегі оқушы өте сезімтал болғандықтан әртүрлі әсерге тез
беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір
көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Олар қалай қозып, тез ашуланса, солай басылады. Холерик темпераментті
басқа типтерге қарағанда қоршаған ортаға ұнамайды. Холериктер жүйке жүйесі
қозуы тежеуден басымдылығымен анықталатындықтан көбіне ойланбай жауап
реакциясы байқалып, өз-өзін тежеуге, ұстамдылық танытуға үлгертпей
шыдамсыз, екпін-қарқындылық танытады.
Қозғалыс тездігін, қызбалық, ұстамсыздық көрсетеді. Осы ниеттер мен
қызығулары, сезімі көбіне сырттай көрінеді. Сондықтан толық экстраверт.
Меланхолик темпераменті басым жасөспірімдердің ерекшеліктері: Сәл
нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу
қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен,
онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі
оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Меланхолик
темпераментіндегі оқушы көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей,
жай ғана жүріп тұрғанды ұнатады. Мен деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ,
тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Уәде беруден
бас тартады, өйткені оны орындаудың қиыншылығын алдын-ала ойлайды. Өте
сирек көңіл көтереді, басқалардың көңілді жүргенін ұнатпайды. Меланхоликтер
жүйке жүйесі әлсіз адам, тіпті әлсіз тітіркендіргіштерге жоғары
сезімталдыққа ие. Меланхоликтің тыныш әдеттегі жағдайлармен салыстырғанда
іс-әрекеттің нәтижесі нашарлауы мүмкін. Жоғары сезімталдық тез шаршауға
және жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады, өте ұзақ демалысты қажет
етеді. Кішкене сылтау себептің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Темперамент жайында
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Қабілет анықтамасы
Темперамент типтерінің сипаты
Жалпы психологияның даму тарихы
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент сипаттамасы
Пәндер