Жастардың еңбек нарығындағы жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

I бөлім. Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауының психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1.Кәсіби өзін-өзі анықтау
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6
1.2.Жастардың мамандық таңдауындағы қиындықтар және әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

II бөлім. Еңбек нарығындағы
жастар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Жастардың еңбек нарығындағы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Жұмыссыз жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстар ... ... ... ... ... ... .18

III бөлім. Зерттеу
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..25
Жоғарғы оқу орны студенттерінің өз мамандықтарына қатынасын анықтауға
арналған сауалнама
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған
негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу
мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам  талаптарына  орай еңбек сипаты мен
мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне  байланысты кәсіби бағдар мен мамандық
таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және
әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби
бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік
реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану,
психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа
дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен
қолдануды күшейтіп негіздейді.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен
мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу
қажеттілігі психология және әлеуметтік ғылымдар үшін әрқашан маңызды болып
табылады.
Алайда, кәсіби бағдарлану жүйесінің білімдер сферасында жетіспей жатқан
жастарының бірі оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығуын, білімділігін,
қабілеттерін зерттеу және өзіндік бағалауларын, мамандық таңдауға
байланысты зерттеу мәселелері әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да курстық
жұмыстың негізгі мәселесі, кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі тұлғаның іс-
әрекетті психикалық өзіндік реттеу жүйелерінің қалыптасу ерекшеліктері,
тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын дұрыс ашып көрсете
алу.
Алғашқылардың бірі ретінде оқушылардың мамандық таңдау себептерін
арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры Н.И.Кареев болды.
Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және
олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп
көрсетілген. Мамандық таңдау себептерін тереңнен зерттеген Н.А.Рыбников
болды, ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына,
тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т.б. байланысты.
И.В.Дубровина болса жасөспірім кезеңдегі негізгі психологиялық өзгеріс
өзін-өзі анықтау емес, сол өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық деп
есептейді. Мұндағы өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындық дегеніміз:
-Сана сезімінің жоғарғы дәрежеде қалыптасуы;
-Тұлғалық қажеттіліктің дамуы;
-Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол
жетерлік табыстары.
Қазіргі  жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесін мамандықталған өзін-өзі
анықтаусыз толық деп айту қиын. Өзін-өзі анықтау мәселесіндегі барлық
сұрақтар ішінде психологияда мамандықталған өзін-өзі анықтауда толық
жауаптар берілген С.П.Крягже алғашқы этапта мамандықталған өзін-өзі анықтау
екі түрге бөлінеді деп көрсетеді, яғни белгілі мамандық таңдау немесе
мамандырылған мектеп таңдау.
С.Л.Рубинштейн бойынша өзіндік анықталу сыртқы себептің ішкі әсерге
байланысты болып табылады. Сыртқы себептелу “сыртқы детерминация”
әлеуметтік шарт, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминациясын анықтайды. Бұл
жағдайда жеке анықтама жеке  детерминация болып табылады.
Сондай-ақ, Л.И.Божович жұмыстары да өзін-өзі анықтауға психологиялық
анықтама береді. Біріншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі онтогенез
өзегінде яғни жасөспірім кезеңі мен жастық шақ кезеңінде пайда болады.
Екіншіден, өзін-өзі анықтау қажеттілігі тұлғаның өзі және айналасы туралы
түсінігін жүйелеу ретінде қарастырылады. Үшіншіден, өзін-өзі анықтау
болашақта мамандық таңдауға байланысты. Осылайша, Л.И.Божович өзін-өзі
анықтауда екі жақтылықты көрсетеді, бір жағынан ол мамандық таңдауда,
болашағын жоспарлауда қажет болса, екінші жағынан өзінің өмір сүру
мағынасын іздеу болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының
қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай
дифференциалды және жеке қатынас болып табылады. Оқушыларды топқа
дифференциалды түрде бөлу әр топтың мамандық таңдаудағы әсер ету
жағдайларын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір топқа әсер
ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы мүмкін.
Сондай-ақ дифференциация жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады.
Кәсіби бағдардың әдістеме түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды
ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы
сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам
көзқарастарының практикалық әдісі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар
сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны
диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл
идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, “диагностикалық концепсия” деп
аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы,
дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының
“тәрбиелік концепсиясы” болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ
диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және
негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың
маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар
орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі
функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы
диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына
дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби
жоспарларына орай алдын-ала топтарға  классификациялау және осы топтардағы
сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады. Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар
жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар
жүйесін дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және
кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағытының көптеген мақсаттарының
ішінде оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жастар ретіндегі жоғарғы сынып оқушыларының
болашақтағы кәсіби мамандық таңдауындағы қабілеттілігін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Алдын-ала тұлғаның белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығы мен
қабілеттілігінің кәсіби диагностикасын анықтау.
-Жастардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін
қызмет түрлеріне түсінік беру.
-Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
таңдау бағытын жетілдіріп, тірбиелеу.
Курстық жұмыстың пәні:  Тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі анықтауы,
мамандық таңдау себептерінің актуалды мәселелері.
Курстық жұмыстың объектісі:  Жоғарғы сынып оқушылары мен жоғары оқу
орны студенттері.

I Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауының психологиялық ерекшеліктері

1. Кәсіби өзін-өзі анықтау проц

Кәсіби өзін-өзі анықтау процесі адам өмірінің ұзақ уақытты периодын
қамтиды – кәсіби қызығушылықтың кішкене талшығы пайда болғаннан және
балалық шақтағы белгілі бір мамандық саласын таңдап, бейімделуінен бастап
ұлғайған кездегі белгілі мамандықты таңдау дәрежесіне жетуіне дейін. Осы
период аралығында тұлғаның тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
және өзінің өмірдегі орнын анықтау процесі де қатар жүреді. Әлеуметтік
әдебиеттерде аса кең тараған өзін-өзі анықтау түсінігі бойынша тұлғаның
өзіндік өмір жолы мен кәсіби бағдарын анықтау сияқты маңызды мәселелер
белгіленген. Бұл мәселеге М.Х.Титма ерекше назар аударған. Ол дайындық,
тәрбиелеу түсініктерінен қосылу және өзін-өзі анықтау түсініктеріне
алмасатынын байқаған, және осы аралықта тұлға әлеуметтік іс-әрекет
барысында пассивті объект ретіндегі рөлінен белсенді субъект рөліне алмаса
бастайды. Расында да, жеке тұлғаға сыртқы ортасынан жиі қарама-қайшылық
тудыратын әр-түрлі кең көлемді іс-әрекеттер әсер етеді. Сондықтан, тұлға
осы әрекеттерді белсенді қалыпқа келтіріп, өзіне қалыптастыру арқылы өз
қызығушылығы бойынша кәсіби және өмірлік жолын анықтай алады[1].
Өзін-өзі анықтау өзіндік детерминациядан құралады. Өзіндік
детерминацияның кілттік позициясын – болашаққа деген детерминация – өмірлік
мақсат-армандар, жоспарлар мен бағдарлар орын алады. Осындай жағдайда
өмірлік мұратты зерттеу мәселесі кәсіби өзін-өзі анықтаудың көп санды
мәселесін зерттеудегі маңызды бағыт болып табылады.
Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау облысындағы жұмыстың қазіргі заманғы
жағдайына үңіле отырып, зерттеушілер ағымдағы үдерістің (процесс) көп
өлшемділігі мен көп сатылылығын көрсетеді. Ол үдеріс қалыптасып жатқан
тұлғаның алдындағы қоғамның міндеттерімен; кәсіби іс-әрекет бір бөлігі
болып табылатын жеке өмірлік стильдің қалыптасу үдерісімен; жеке тұлғалық
талғамдары мен икемділіктерінің белгілі бір үлесі (баланс) және еңбекті
бөлістіру жүйесіндегі кейбір нақтылықтар орнатылуы шарт болатын шешім
қабылдаумен байланысты бірнеше аспектілерін қарастырады. Соңғы аспект
кәсіби өзін-өзі анықтаудың әлеуметтік және психологиялық факторларының
қиылысу нүктесі болып табылады және жастардың мамандық пен өмірлік жолын
таңдаудағы ең өткір мәселелерін тиімді шешу үшін аса кең ауқымды
мүмкіндіктерді белгілейді. Бұл туралы В. А. Ядов, тұлғаның өзін-өзі
анықтауын зерттеу барысында мәселеге салааралық келістің жемістілігі
байқалатынын айтқан. Расында да, әлеуметтанушылардың зерттеулері жалпы
әлеуметтік ортадағы жеке тұлғалардың өмірлік жолдарын анықтау мен олардың
құндылық-нормативтік санасының құрылымы мен күнделікті іс-әрекетінде нақты
шарттар үлкен мағына беретінін көрсетеді. Бірақ бұл жұмыстардан біз осы
үдеріске жеке тұлғалардың өздерінің белсенділіктерінің әсерін біле
алмаймыз. Ал психологтардың зерттеулері, керісінше, тұлға мінез-құлығын
реттеу мен өзін-өзі реттеудегі индивидуалды-психикалық ерекшеліктердің
қаншалықты маңызды екенін көрсетеді... Мұндай зерттеулерде әлеуметтік
шарттар не абстрактілі деректер үшін қолданылады, не олар
экспериментальды жағдайларды нақты сипаттауда ескеріледі.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың әр түрлі кезеңінде тұрған жастардың өмірлік
мұратын зерттеу салааралық келістің іске асыруын кең көлемді мүмкіндіктерін
ашады. Сондықтан өмірлік мұрат мазмұнында жеке тұлғаның қалыптасып жатқан
әлеуметтік ортасының құндылықтары мен нормалары жинақталады. Кәсіби өзін-
өзі анықтаудың әрбір кезеңіне арнаулы әлеуметтік жағдай, өзінің ортасы мен
атмосферасы сәйкес келеді. Тұлғаның кәсіби қалыптасу үдерісінде төрт
негізгі кезең ажыратылады: кәсіби ойдың қалыптасуы; кәсіби оқу, үйрену;
кәсіби бейімделу; тұлғаның кәсіби еңбекте толық немесе ақырындап кірігуі.
Бұл ұзақ уақыттық үдерістің негізгі сәті мамандықты таңдау сәті болып
табылады. Дәл осы кезеңде өзін-өзі анықтау – бір уақытта және өзін-өзі
шектеу мағынасын береді. Өзін-өзі анықтаудың мамандық таңдаумен тікелей
байланысты осы фазасында анализді мамандық таңдау өте маңызды болып
табылатын орта мектептің жоғары сынып ұлдары мен қыздары объектісі ретінде
қарастырады. Бұл фазаның бастамасы балалықтан бозбалалыққа, орта мектеп
жасынан жоғарыға өтуімен сай келеді. 9-сыныптан соң колледж бен
техникумдарға түскен оқушылар 14-15 жасында өзінің кәсіби және өмірлік
жолдарын анықтап қойғандар. Ал оқуын мектепте жалғастырғандар он жеті
жасына таман бірден таңдау жасауға жол тартады. Орта білім алған тұлғаның
алдында таңдауы қажет болатын кәсіби жол көп болғандықтан, олар мектепте
арнайы кәсіби дайындықты алса да, бұл жағдайдың күрделілігі түспейді. Бұл
жағдайда қоғам мен тұлға кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінің байқау мен
қателік, сәтсіздік пен түңілу, материалдық және моральдық шығын сияқты
созылмалы серияға айналып кетпеуіне бірдей қызығушылық танытады. Бірақ
балалықты ересектіктен, шешім қабылдау мен әрекет жасаудағы бағыныштылықты
тәуелсіздіктен ажырататын кезеңді әлі практикалық түрде өткермеген мектеп
уақытында жауапкершілікті талап ететін шешімді қабылдау кезінде қателік пен
қиындықтардан қалай қашуға болады?
Әрине, жастық шақтың арнайы басымдылығы алда тұрған жауапкершілікті
талап ететін қиын таңдауды күдіктенбей шешім қабылдауында тұр. Егер, ол 15-
17 жасында алдындағы бар өмірі мамандықты дұрыс таңдауына байланысты екенін
түсінсе, онда ол шамадан тыс эмоционалдық шиенеліспен түйіндес деп
есептелінбейді.
Мамандықты таңдау жағдайын бағалай отырып, таңдау дегеніміздің өзі –
оқушының тек жақын арадағы өмірлік мұратты қозғайтын шешімді қабылдайтын
маңызды уақыт болып табылатынын ескеру керек. Ол қабылданған шешім жырақ
болашақтағы салдарын есепке алып, не есепке алмай жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер оны есепке алмай шешім қабылдаса, оның алдағы мақсаттары мен мамандығы
сай келмей қалуы мүмкін. Ондай жағдайда, ер бала немесе қыз жастар
мамандығында қиындық пайда болған уақытта, ол кәсіпке не үшін қажет екенін
және мамандық оған қандай мүмкіндік беретінін түсінбейді. Осы уақытта
тұлғада бірден түсінбеушілік пайда болады және мамандықты ауыстыру ойына
келуі мүмкін. Бұл жағдай, көбінесе, 1-курс студенттері мен өндірісте
мамандық алу мерзімі аз жұмыскерлерде байқалады. Әлеуметтік зерттеулердің
куәландыруы бойынша, бұл қателіктің пайда болуына ЖОО-ғы оқыту сапасының
төмендігі мен жас жұмыскерлердің білімі мен біліктілігінің кәсіпорынның
жұмысымен сай келмеуі әсер етеді. Алайда, жұмыскерлерді идеалды түрде
дайындау мен қолдану тұлға өзінің ойланбай шешім қабылдап, кездейсоқ кәсіп
иесі болу мәселесін шеше алмайтындығын да ескеру керек. Өте жиі мамандық
таңдаудың факторы болып мына жағдайлар табылады – жұмыс орнының үй-жайына
жақындығы, жолдасына еліктеу, жеке таңдауының дұрыстығына жоғары
сенімділік, ата-анасының табанды ұсыныстары, үй-жай немесе қалада тіркеу
жасайтын жұмысты таңдау т.с.с. Сонымен, Аитованың дерегі бойынша,
жұмысшылардың 52%-ы мамандық таңдауға кездейсоқ жағдайлар әсер етті деп
санаған.
Демек, жас адам мамандық таңдау кезінде тек жақын арадағы өмірлік
мұраттарын есепке алып қоймай, сонымен бірге сол таңдалынған мамандығы
арқылы жететін алыстағы мұраттарын да есепке алуы қажет. Осымен
байланыстыра отырып, алдағы назарды әлеуметтік өмір тіршілігінің әр түрлі
саласындағы кәсіби жоспарлар мен өмірлік мақсат-мұраттар мен жақын арадағы
және алыстағы өмірлік мұраттарының қиысуы мәселесіне тоқталатын боламыз.
Жеткілікті маңызды қиындықтар мамандық таңдаумен байланысты жағдайда пайда
болады, және әлеуметтік қоғамдағы кәсіби насихаттаулар өздерінің күштерін
өзіндік кәсіби және өмірлік жолдарын іздеудегі әрбір адамға шексіз
мүмкіндіктерді көрсетуге жұмсауы жағдайында пайда болады. Жастарға барлық
жол ашық деген ұран – көптеген жас адамдар үшін ерекше қызығушылықты
тартады. Ол біздің қоғамдағы мәнді құбылыс болып табылады және тұлғаның
дамуына, қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуіне мүмкіндік береді. Бірақ бұл
дегеніміз нақты адамдардың мамандық таңдауымен байланысты орындалатын
проблемалар мен қиындықтарды жасыру керек деген сөз емес. Мұнда таңдалынған
кәсіптің адамның қабілеттілігі мен икемділігіне, сонымен қатар арнаулы
профиль мамандарына халық шаруашылығы талаптарының сәйкес келуі
қажеттілігіне қатысты белгілі ережелер көмектесуі екіталай. Сонымен,
әлеуметтанушылардың зерттеулері мектепте оқитындар мен кәсіби дайындықтағы
және еңбек ету кезіндегі жалғасымды табыстылықтарының арасындағы тікелей
тәуелділікті көрсетеді. Сондықтан, жас адам кәсіби және өмірлік талаптарын
сөзсіз оқу іс-әрекетіне көзқарасымен қиыстыруы міндет. Қабілетті және адал
адам жұмыс істеудің аса жауапкершілікті талап ететін, психологиялық жағынан
да, физикалық жағынан да оған сай келмейтін саласын таңдайтындықтан,
В.С.Магун бұл талаптарды адами ресурс деп атайды. Мамандық таңдай отырып,
жас адам оның алдында барлық жол ашық екені туралы ғана ақиқатты емес,
сонымен қатар, қиын сапарға жеңіл жолдануға болмайтынын да білуі керек.
Тіпті жоғары өмірлік мақсаттар, егер олар өткен және қазіргі өмірінде
жиналып қуаттанбаған болса, тұлғаның өзін-өзі тиімді жетілдіруіне көмектесе
алуы екіталай. Сондықтан, кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісіндегі өмірлік
мұраттың қалыптасу проблемасын зерттеудің мәселесінің бірі ретінде алыс
өмірлік мұраттарының негізін құрайтын жастардың өзекті өмірлік жағдайлары
мен өмірлік мақсаттарының арақатынасын қарастырады[2].

1.2. Жастардың мамандық таңдауындағы қиындықтар және әсер етуші
факторлар

Жастар үшін мамандық таңдау жағдайы қаншалықты қарапайым еместігін
түсіну үшін қазіргі таңда бар мамандықты өз алдыңа елестетіп көру қажет.
Қазір әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар деп есептелінуде. 1939 жылғы КСРО-
ның мамандықтар сөздігінде 19 мыңға жуық мамандық көрсетілген, ал қазір
онда 40 мыңнан аса атау бар. Ондаған мың мамандықтың арасынан біреуін
таңдау және адаспау – мұндай тәуекелділікке тек жастық шақта батылың жетуі
мүмкін, себебі ол кезде жаңа мамандық таңдай отырып, өзінің қателігін
дұрыстауға уақыт бар. Кәсіби мобильділік еңбек жолының алғашқы кезеңдерінде
жоғары дәрежеде қажет екендігі белгілі. Кәсіби мобильділіктің арнаулы
дәрежесі жастардың басым бөлігі маманданбаған немесе аз маманданған
еңбекпен жұмыс бастайтындықтан қажет. Келешекте сол жастардың көбісі аса
жоғары жалпы білімді және кәсіби дайындықты талап ететін мамандықты
меңгереді. Бірақ кәсіби өмірдегі мобильділіктің едәуір бөлігі мемлекет үшін
созылмалы және қымбат бағалы кәсіби дайындықты алған жас ұлдар мен қыздар
еңбек іс-әрекетінде мамандықтың оларға ұнамайтынына және алдағы өмірлік
мақсаттарымен сай келмейтіндігін көздері жетеді. Әлеуметтік зерттеулер
жоғары сынып оқушылары тіпті өздері білетін аз көлемдегі мамандықтар туралы
шалағай түсінікте болатынын көрсетеді. Кәсіби бағдарланудың әсер етуші
құралы болып табылатын мамандықты сипаттаудың ғылыми негіздері әлі күнге
дейін құрастырылмағандықтан, жастар осы қалыптасқан жағдайға кінәлі
болмайды. Қазіргі таңда мамандық түрлерін белгілеуге, сонымен қатар,
бірыңғай құрылым мен мамандандырылған кәсіби ақпараттық бағытты көрсететін
қысқаша профессиограмма жасауға да әрекет жасалуда. Ағымдағы жасалып жатқан
жұмыс ойдағыдай аяқталып, ақыры, кәсіби бағдарлану орталықтары кәсіби іс-
әрекеттің әр түрі мен типі туралы қажетті ақпарат материалдарымен
қамтамасыз етілетін болады. Білім алушылардың мамандықтар әлемімен
таныстырудың тиімді жолының пайда болуы, кәсіби ақрараттық көзқарас
тұрғысынан, анық алға жылжу болып есептелінеді. Алайда, кәсіби
бағдарланудың мақсаттарын шешуге бұл жеткіліксіз, себебі, кәсіби ақпарат
адамның мамандық туралы жаңа білім алуға деген қызығушылығына сүйенеді.
Яғни, кәсіби бейімделу адамның кәсіби және өмірлік мақсаттарына
бейімделуінде тірек алуы керек. Жоғары мектеп жасы – адамның алдағы уақытта
іс-әрекеттің кәсіби және басқа салаларына қатынасын анықтайтын құндылық
бағдарларының қалыптасу кезеңі. Осы бағдарлардың арасында тұлға үшін
маңызды, өмірлік жолдың басты бағыттарын анықтайтын бір немесе бірнеше
бағдарлар бар. Ал егер мамандық таңдау жоғары айтылған бағдарлармен тұспа-
тұс келмесе, онда ол сәтсіз болуы ықтимал. Сондықтан, мамандықтың
сипаттамасында оның құрылымын, сапасын, жұмыскерлерден алынатын талаптар,
және мамандық жайлы басқа да сипаттамаларды қарастырып, жастарды болашақ
кәсібімен таныстыру керек. Әр түрлі мамандық тұлғаның құндылық бағдарларын
әр түрлі деңгейде шыңдауы мүмкін. Мысалы, жастардың арасындағы ең басым
құндылық болып физикалық еңбек мамандықтары талап ететін физикалық өзін
жетілдіру, қуаттану, және басқа да сапалар табылады. Бірақ қалыптасып
кеткен таптаурын бойынша құндылық бағдарлары сай келмесе де, олар саналы
еңбекті жоғары маманданған кәсіпті таңдауға тырысады. Дәл осы кез көптеген
жұмыс мамандықтарының сипаттамасында есепке алынуы керек, өзінің күш-қуаты
мен тәжірибелік интеллектісін шыңдауға, тек қана жұмыста емес, сонымен
қатар отбасылық өмірде де қажет болатын білімдер мен дағдылар алуына
мүмкіндік беру керек. Кәсіби бағдарланудың кәсіби іс-әрекеттен тыс шығып
кетуі тек кәсіби ғана емес, басқа да өмірлік құндылықтармен қатысы бар
болашақ мамандықты таңдау жайындағы әр жақты ойластырылған шешімнің елеулі
факторы болуы мүмкін. Жас адам өзіне маңызды өмір саласында мамандықтың
қандай мақсат-мұраттарды ашатынын білуі керек. Жоғарыда айтылған
мәліметтердің өзімен бірге жеткілікті ғылыми фундаменті болуы үшін, нақты
кәсіп иелерінің үлгілі өмір жолы жайлы арнайы зерттеулері қажет. Сол кезде
әрбір мамандық тұлғаның өмірлік мұраты көзқарасы тарапынан ұсынылар еді,
яғни өз орнын табуға және табысқа жетуге, сонымен бірге арнайы құндылық
бағдарларын жүзеге асыруда мүмкін болатын қиындықтарға төтеп бере алу.
Мамандық туралы ақпарат беру мен насихаттау кезінде сол немесе басқа
мамандықты таңдаушы адамның болашақта кездестіретін қиындықтар мен
проблемаларды айту қабылданбаған. Мүмкін, мұнда жетіспеушіліктерге
толығымен тыйым салатын және сол уақытта құтылуы қажет құндылықтарға
негізделген жарнама жүргізудің қағидасы жүзеге асады. Алайда, мамандық –
тіптен жарнаманы қажет ететін зат емес. Тіпті, егер жас адамды оның
таңдауының тек жағымды тұстарымен қызықтыратын болса, онда сол кәсіпте
кездесетін қиыншылықтарға дайын болмауы жағдайды одан әрі ушықтырады.
Сонымен, өнеркәсіп саласындағы жас жұмыскерлердің жартыға жуығы бастапқы 3-
4 жылда мамандықтарын ауыстыруына тура келетінін көре аламыз. Осыны ескере
отырып, мамандық туралы насихат жасауда кәсіптің тек романтикасын ғана
емес, сонымен қатар, оның қоғамдық мәні мен жағымды, қолайлы
перспективаларын да атап өту қажет. Жастар мамандық таңдаумен байланысты
артықшылықтарды да, қиындықтарды да білуі керек, және объективті ақпаратқа
сүйене отырып, алдағы барлық өмірін шешетін, ойластырылған шешім қабылдауы
маңызды. Тұлғаның жеке құндылықтары мен мамандықтың шарттары тұспа-тұс
келмесе, онда ол үшін кәсіби іс-әрекет қиын болып көрінеді. Мысалы: өз
игілігіне бос уақыттың көп болғанын қалайтын жұмыскер көп уақытты талап
ететін жұмыста табысқа жете алмайды, ал материалдық қажеттіліктердің көп
болуы оның еңбекақысына тура келмейді. Жастардың өз бос уақыты, тұрмысы
және материалдық қажеттіліктерін өнімді кәсіби қызметпен байланыстырып
таңдаған мамандықтардың артықшылығы болады. Кәсіби ақпарат пен насихат
жүргізудегі құндылықтық-бағдарлық келісті орнату үшін жастардың кәсіби өзін-
өзі анықтау кезеңіндегі құндылықтық бағдарларының қалыптасу ерекшеліктерін
зерттеу қажетті.
Мамандық таңдауға қатысты қиындықтар зор әлеуметтік мәні бар
проблемалардың да қатарын туғызады, сонымен бірге, жастардың кәсіби
бағдарлары туралы сұрақтардың шешімімен айналысатын ғалымдар мен
практикалық жұмысшылардың аса үлкен назарын талап етеді. Айтылған
проблемалардың ішінде аса маңыздысы жоғары біліктілікті талап ететін
мамандықтарға бағдар қойған оқушылардың кәсіби және біліми жоспарларының
сай келмеуі болып табылады.
Орта мектепті бітірушілер стресс жағдайына байланысты ерте қалыптасқан
кәсіби бағдармен жұмысқа кіріседі. Осыған байланысты жұмыскердің еңбекке
бейімделу процесінде қиындықтар болады. Тағы бір проблема ЖОО-на түсе алмай
қалған талапкерлердің мамандық таңдауға ниеттерінің қашуы.
Талапкер ЖОО-на белгілі бір мамандықты арнайы оқып, сол мамандықты
меңгеру мақсатында оқыса, онда оның алдындағы кәсіби бағдары жүзеге асуы
әбден мүмкін. Ал егер талапкер ЖОО-на түсуді міндет етіп қоятын белгілі
таптаурын бойынша түсуі мүмкін, ол оның кейінгі кәсіби жетілуін тежеуі де
мүмкін[3]

Мамандық таңдау тұлға қалыптасып жатқан макро- және микроортасының
әсері бойынша әлеуметтік факторлармен анықталатыны сөзсіз. Осы факторлардың
жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына әсері көптеген әлеуметтік зерттеулерде
қарастырылған. Онда кәсіби өзін-өзі анықтаудың әр түрлі кезеңінде тұрған
жастардың қалыптасуына отбасының, мектептің, құрдастарының, бұқаралық
ақпарат құралдарының және басқа да қоғамдық институттардың ролі көрінеді.
Сыртқы орта факторының анализіне үңіле отырып, әңгіме нақ өзін-өзі анықтау
туралы – үдеріс жөнінде, және адам өз мамандығын өзі таңдап, сонымен бірге,
кәсіби және өмірлік жолын таңдау туралы екенін назардан қалдырмауы керек[4]

II Еңбек нарығындағы жастар

2.1. Жастардың еңбек нарығындағы жағдайы

Қазіргі кезең әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтер үшін
жаңа посткеңестікте пайда болған жастардың санаты – жас жұмыссыздарға
ерекше назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік жұмыстың бұл бағытының
көкейкестілігі бірнеше жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден,
барлық ТМД елдері сияқты Қазақстан үшін жұмыссыздық құбылысының жаңа
әлеуметтік-экономикалық феномен екендігі. Екіншіден, жастардың еңбек
нарығындағы жағдайларының ерекшелігіне байланысты. Үшіншіден, жұмыссыздық
жағдайында қалған жас адамдардың әлеуметтік-экономикалық сезінулерінің
ерекшеліктері.
Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде – бұл еңбекке
қабілетті және еңбек еткісі келетін халықтың қоғамдық өндіріске тартылмауы.
Бұл ең алдымен нарық экономикасының феномені, бірақ мәні жағынан сол
қоғамның экономикасының, саясатының, идеологиясының, моралінің өзіндік
қосындысы.
Жұмыссыздық, оның ауқымы, ұзақтығы – қоғам дамуының өзіндік белгісі.
Оған деген әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі қатынас уақыт өткен
сайын өзгеріп отырды. ХХ ғасырдың басында жұмыссыздықтың әлемдік аумағы аса
жоғары болғанда, оны ұзақ уақыт бойы әлеуметтік кесір деп есептеп, онымен
барлық күшті, әдістерді қолдану арқылы, соның ішінде мемлекеттік реттеу
әдістерін қолдану арқылы күресу керек делініп келді. Соңыра, ХХ ғасырдың
ортасында әлеуметтік-еңбек қатынастары мен қоғамды әлеуметтік бағдардағы
нарық экономикасы жағдайында құрудың әрі қарай дамуына байланысты,
жұмыссыздыққа деген жаңа көзқарас қалыптасты – ол уақытша сипаттағы
мемлекет үшін еш қауіпті проблема туғызбайтын әлеуметтік құбылыс ретінде
қарастырылды. Қазіргі уақытта көптеген экономистердің пікірінше,
жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық санат бола отырып, қысқа уақытты, ұзақ
уақытты және тоқыраулы болады екен. Осындағы ең соңғы түрі қоғамға барынша
экономикалық, моральдық және әлеуметтік шығын әкеледі, соған байланысты
жұмыссыздықтың тоқырауын немесе оның деңгейін қысқартуды болдырмаудың
белсенді шараларын қолдану керек.
Жұмыссыздықты түрлерге бөлудің критерийлеріне оның тек ұзақтығы емес,
пайда болу себептері де жатады. Жұмыссыздықтың түрін анықтау жұмыссыздармен
жүргізетін әлеуметтік жұмыстардың бағдарламасын жасау үшін маңызды.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлеріне фрикциондық, құрылымдық және циклдік
жұмыссыздықтар жатады.
Фрикциондық (лат. – үйкеліс) жұмыссыздық – ең кеңінен тараған түр.
Елдің экономикалық өсу кезінде де бір жұмыс орнын екіншісіне ауыстыратын,
бір мекен-жайдан екіншісіне көшуші, оқу біткеннен кейін немесе келісім
бойынша жұмыс іздеген адамдардың толасыз адамдар көшкіні болады. Мұндай
адамдардың бос қызмет орындарына орналасу процесі белгілі бір уақытты қажет
етеді. Жаңа жұмыс орнын іздеу кезеңі де фрикциондық (ағымдағы)
жұмыссыздықты туғызады. Дамыған елдерде фрикциондық жұмыссыздықпен халықтың
экономикалық белсенділігінің 23 пайызы қамтылған. Алғаш рет еңбек нарығына
шыққан, көптен күткен экономикалық дербестікке қол жеткізгісі келген жас
адамдар үшін фрикция кезеңінің аса ұзақ болмауы өте маңызды.
Құрылымдық жұмыссыздық тұтынушылар сұранысы құрылымының және өндіріс
технологиялар өзгерістерінің базасында пайда болады да, өз кезегінде,
кәсіби мамандандырылған өлшемдер бойынша жұмыс күшіне деген сұраныс
құрылымын өзгертеді. Жаңадан пайда болған, қазіргі заманғы тауарлар мен
қызмет түрлері дамушы технологияларды енгізуді, өндірістің ескілерін жоюды
(немесе қысқартуды) қайта құруды және жаңа шаруышылық объектілерін дамытуды
талап етеді, ол қажетсіз болып қалған жұмыскерлердің қысқаруына, жұмыс
күшін қайтадан оқытуды, еңбек нарығында жаңа талаптарға сай кадрларды
іздеуге әкеп соғады.
Құрылымдық жұмыссыздық тиімді экономикаға тән: дамыған елдерде шамамен
40 пайыз жұмыстан босатылу құрылымдық факторларға, кәсіпорындардың профилін
қайта өзгертумен байланысты. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмысшылар үшін оның
теріс салдарын азайту мақсатында үнемі зерттеуді, жалпы экономикалық және
арнаулы сипаттағы алдын алу шараларын қолдану үшін болжау жүргізуді талап
етеді. Жастарға тиімдісі – құрылымдық технологиялық қайта құруды есепке
алатын, нақты, болашақта қажеті бар мамандықтарға даярлау.
Циклдік жұмыссыздық өндірістің төмендеуінен туады,яғни тауарлар мен
қызметке деген сұраныстардың жиынтығы азайып, жұмыстылық қысқарып,
жұмыссыздар санының өсуі байқалатын экономикалық фаза циклінде пайда
болады. Батыс мамандарының бағалауынша, экономикалық өрлеу мен құлдырауы
кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық 0-ден 8-10%-ға дейін және одан да жоғары
ауытқиды екен. Циклдік жұмыссыздықтың теріс салдарын жеңу үшін халықты
жұмыспен қамтудың, соның ішінде еңбек нарығында аса керексіз халық тобы
болып келетін жастарға арналған, мемлекет тарапынан жәрдем ақша бөлінетін,
арнаулы бағдарламалары жасалуы керек.
Жоғарыда айтылған жұмыссыздықтың түрлерінен басқа жұмыстың басқа
жұмыстың уақытша орындалуынан туындаған және шаруашылықтың салаларының
қызмет етуіне байланысты туындаған (ауыл шаруашылық жұмыстар, сал ағызу,
балық аулау және т.б.) маусымдық жұмыссыздық, сондай-ақ жұмысшылар белгісіз
себептерге байланысты, толық емес жұмыс күнін (аптасын) атқарған, болмаса
әкімшілік демалысқа жіберілген жағдайдағы жасырын жұмыссыздық болып
бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі жұмыссыздық – еліміздің дамуының
өтпелі кезеңіндегі нарықтық қатынастардың қалыптасуы процесінде, жоспарлы
экономика жағдайында жұмыс күшінің дәстүрлі тапшылығын алмастырумен
байланысты еңбек нарығындағы нормалардың өзгеруінен пайда болатын құбылыс.
Республикадағы жұмыссыздықтың объективтік себептеріне:
-өндірістердің қысқаруы мен жабылуына байланысты туындаған экономикалық
дағдарыс;
-бұрынғы мамандандырылған жұмыс күшінің нарықтық талаптарына сәйкес
келмеуі[5].
Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының мәліметтеріне
қарағанда, жұмыссыздар саны 1 млн. адамға жуық екен[6]. Біздің еліміздегі
жұмыссыздық проблемасына шынайы баға беру, біріншіден, циклдік
жұмыссыздықтың жоғары деңгейде, ал жартылай құрылымдық жұмыссыздықтың бар
екенін мойындауды қажет етсе, екіншіден, оны реттеу үшін және оны азайту
үшін арнаулы шаралар қолдану керектігін сезінуді қажет етеді. Мұндағы
жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың қағидасы жұмыссыздық кезіндегі оларды
материалдық жағынан қамтамасыз етуді ғана емес, ең бастысы жаңа жұмыс
орындары мен қолданыстағы жұмыс орындарын жаңарту, жұмысынан айырылған
тұлғалардың кәсіптік жарамдығын қамтамасыз ету, олардың жұмыс күшін еңбек
нарығында бәсекеге қабілеттілік тудыра алатын сұранысқа жеткізу процестерін
белсендіру үшін экономикалық жағдайлар қалыптастырудан тұруы керек.
Жастар халықтың ішінде еңбек нарығында әлсіз бәсекеге қабілеттілікті
тудыратын санатқа, топқа жатады. Жастардың еңбек нарғындағы жағдайының
ерекшелігі олар күшті энергетикаға ие болып, тезірек өзін-өзі көрсетуге,
өмірден өз орнын табуға ұмтылуымен қатар, кәсіби білімнің жетіспеушілігіне
қарай, қажетті мамандандырылған және еңбек дағдыларының жоқтығына қарай
жұмыс күшінің ең әлсіз тобына жататындығы. Кез-келген қысқартулар кезінде
жұмыс берушілер тәжірибелі, мамандандырылған жұмысшы кадрларды сақтап
қалып, жастарды қысқартуға тырысады. Сонымен қатар, жастардың жартысы
жұмысты оқумен қатар жүргізгісі келеді, бұл да жұмыс берушіге қосымша
қиындықтар туғызады. Жастардың әйелдер жағы еңбек нарығында өздерінің
физиологиялық ерекшеліктеріне қарай кейбір еңбек салаларында әйел күшін
қолдану мүмкіндігі жоқтығына байланысты ғана емес, сондай-ақ әйелдердің ер
адамдарға қарағанда жұмыс берушіге үлкен әлеуметтік жүк болуына да
байланысты (декреттік демалыстар, баланы күтуге байланысты дәрігерлік
қағаздар және т.б.) одан да төмен бәсекеге қабілетті болып келеді.
Сондай-ақ, жастардың еңбек нарығындағы жағдайы мемлекеттің жоғарғы және
орта арнаулы оқу орындарының түлектерін орталықтандырылған жұмысқа бөду
жүйесінен бас тартуына да байланысты қиындап отыр, бұл бір жағынан, жас
мамандардың жұмысқа орналасуында қосымша қиындықтар туғызса, екінші жағынан
оқу орындарының жаңа жағдайларға бейімделе алмайтын және сапасыз түлектер
даярлайтындығын, әлсіздігін, қабілетсіздігін анықтап берді.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық бөлінуі жағдайында, жастар
жұмыссыздығын зерттеуде үлкен тәжірибесі барбатыстық мамандар жастардың
кәсіби әлеуметтендіру ерекшелігіне ерекше назар аударады, оны әртүрлі
класстардан шыққандар әлеуметтік институттары – отбасы, мектеп және т.б.
арқылы әртүрлі еңбек дағдыларын игереді немесе әртүрлі әлеуметтендіруден
өтеді де, тек солардың ғана қандай да бір мамандықтарға сәйкес келетіндері
туралы сенімдері күшейеді, сөйтіп қандай да бір жұмысқа тұру үшін білім алу
немесе басқа да еңбек дағдыларын меңгеру сияқты сыныптық астардың барлығын
сезінбейді деп түсіндіредi [7]. Ағылшын ғалымының бұл пікірін байлардың
және кедейлердің мектебі бар АҚШ-та жүргізген зерттеулері де қолдайды:
байлардың мектебінде оқитын оқушылар стандартты тесттер өткізген уақытта
дауыстап оқудың 100 мүмкіндік пункттерінен 80 алса, математика бойынша – 87
алады, ал кедейлер оқитын мектептерде екі жағдайда да оқушылар 40 пунктке
де жетпей қалады екен. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық полярлануының өсуімен байланысты жастардың еңбекке
орналастыру, жұмыссыздық проблемаларын ТМД елдерінің мамандарының соңғы
зерттеулері көрсетіп отыр [8].
Жастардың еңбек нарығындағы жағдайының проблемасын қарастыра отырып,
жастардың жасына, біліміне қарай және өздерінің алдарына қойған мақсаттары
мен қажеттіліктеріне қарай әртүрлі екенін есте сақтау керек. Соған
байланысты еңбек нарығындағы жастар сегментінде кем дегенде төрт әртүрлі
топтарды бөлуге болады, оларды еңбекке орналасуға байланысты
проблемаларының ерешелігі біріктіреді: 14-16 жастағылар, 16-18 жастағылар,
18-23 жастағылар және 23 жастан асқандар [9].
Осы барлық топтар еңбек нарығында кейбір ортақ белгілерге ие:
біріншіден, білімі мен мамандығы барларды да, екеуі де жоқтарды да бірінші
кезекте жұмысқа тарту туралы сөз болып отыр, екіншіден, олардың барлығы
алғаш рет еңбек нарығына түсе отырып, қоғамнан қолдауды және өздерін
еңбекке орналастыру проблемасын жедел шешуді күтеді.
14-16 жастағы жастар тобының еңбек нарығындағы өздеріне тән
ерекшелігіне олардың әлі де болса қалыптасу, оқу, қоғамдық құндылықтарды
меңгеруі жатады. Бұл кезеңде қоғам әлі жасөспірім жастағы жас адамдарда
еңбектің өмір әрекетінің басты саласы екендігі туралы таптаурынның
қалыптасуына барынша күш пен құралдарды қолданулары керек.
16-18 жастағылар үшін өмірдің нарықтық жағдайларына бейімделуге ұмтылыс
тән, олар әдетте, нарықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
Жұмыссыздық
Қазақстандағы еңбек нарығыны
Жастарға арналған бағдарламалар
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Тәжірибе өту кезеңі
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста
Пәндер