Желілік графикті тұрғызу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 1
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 Желілік жоспарлау және басқару 2
бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Желілік модель және оның элементтері 2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.2 Желілік графикті 9
тұрғызу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
1.3 Кризистік жолды 15
таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
2 Тәжірибелік 19
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.1 Мәселені анықтау және оны 19
шешу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қолданылған әдебиеттер 22
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
Пікір жазуға 23
арналған ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

Кіріспе

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану қажеттігі өмір
талабынан туындап, математикалық модельдер құра алу және құрылған модель
негізінде алға қойылған есепті шеше алу мүмкіндіктерін дамыту қазіргі
кезеңде ерекше маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Құбылыстар мен
процестерді оқып үйренуде, өндіріс пен ғылымда есептеу техникасының кеңінен
қолданылуы модельді білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттігін
туғызуда. Сондықтан қазіргі кезде есептің математикалық моделін құру, яғни
нобайлай алу мәселелері көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылыми және педагогикалық зерттеулер жүргізуде, яғни зерттеу
объектілерін оқып үйренуде, оларды біліп тану үрдісінде математикалық
модельдерді қолданудың ролі артып отыр. Табиғаттағы шындық процестердің
сызықтық емес жүйелерін модельдеу арқылы ақиқатты тану, таным үрдісінің
кеңеюіне және білім берудің артуына мүмкіндік береді.

1 Желілік жоспарлау және басқару бағдарламалары
1.1 Желілік модель және оның элементтері

Желілік жоспарлау және басқару бағдарламалары үш негізгі кезеңді
қосады: құрылымдық жоспарлау, календарлы жоспарлау және жедел жоспарлау.
Желілік модель операциялардың арасындағы өзара байланысты бейнелейдi
және олардың орындауын ретін көрсетеді. Операцияны ұсыну үшін стрелка
қолданылады, стрелка бағыты бағдарламаны уақытында іске асыруға
бағытталады. Операциялардың арасындағы реттелу қатынасы оқиғалар арқылы
беріледі. Оқиға бiр операциялар бiткенде және басқа операциялар басталатын
уақытымен анықталады. Бастапқы және кез келген операцияның шектi нүктелерi
екі оқиға, бастапқы оқиға және шекті оқиғамен суреттеледi. Кейбір оқиғадан
шығатын операциялар осы оқиғаға кіретін барлық операциялар аяқталғанша
басталаламайды. Әрбір оқиға бұл түйін, ал әрбір операция ол бағдарланған
доға. Операциялардың уақытында жүруі оқиғаның нөмерлену жолымен беріледі
және бастапқы оқиға нөмері әрқашан шекті нөмерден кіші болады.
Желілік модель құрастыруының ережелерi:
Ереже 1: Желідегі әрбір операция бір және тек қана бір стрелкамен
көрсетіледі. Бір де бір операция желіде екі рет қайталнбауы тиіс.
Ереже 2: Операцияның бір де бір парасы бірдей бастапқы және шекті
оқиғалармен анықталмауы керек.
Ереже 3: Әрбір операцияны желілік модельге қосу үшін келесі
сұрақтарға жауап беру керек.
А) қарастырылатын операциялар алдында қандай операциялар аяқталу
керек?
Б) берілген операция аяқталғанна кейін қандай операциялар жалғасу
керек?
В) қарастырылатын операциямен бір уақытта қандай оперцияларорындалуы
мүмкін?
Желілік модель және оның негізгі элементтері:
Желілік жоспарлау және басқару жүйесі төмендегілерді іске асыруға
мүмкіндік береді:
• кейбір жұмыс кешенінің тасымалдаудың күнтізбелік жоспарын
қалыптастыру;
• уақыт резервін айқындау және жұмылдыру, материалдық және ақшалай
шығындар;
• басқаруды жұмыс жиынтығының көмегімен жүзеге асыру, жұмыс барысында
жоспарлау мен мүмкін болатын олқылықтарды ескеріп отыру;
• әр түрлі деңгейдегі басқарушылар және жұмысты орындаушылар арасындағы
жауапкершілікті бөлудің басқару тиімділігін көтеру.
Мұндай жобалардың ерекшелігі жеке қарапайым жұмыстар қатарынан
тұратындығы. Олар бір-бірін кейбір жұмыстардың алдыңғысы бітпей тұрып
басталмауына ескертіп отырады. Мысалыға, фундаментті тұрғызу, қажет
материалдар жеткізілмес бұрын басталмауы керек, ал материалдар жол аралық
салынбайынша жеткізілуі мүмкін емес; сол сияқты құрылыстың кез-келген этабы
сәйкесінше техникалық құжаттар жиналмайынша басталуы мүмкін емес, т.с.с
Мыңдаған жеке операциялар мен зерттеулерден тұратын үлкен және қиын
жобалардың жұмыс жоспарын құру үшін, оларды кейбір математикалық модель
көмегімен сипаттау керек. Жобаларды бұлай сипаттау желілік модель деп
аталады.
Қаржылық жағдайын жақсарту үшін фирмаға М400 маркалы цементке деген
сұранысты үлкейту керек және тұтынушы нарығын кеңейту керек. Фирма цементті
арнайы тарада орналастыруды дұрыс деп санайды. Цехты қайта жабдықтау үшін
мамандандырылған тараның өндірісі үшін қажет жабдықты орнату керек
Сол себептен төмендегілерді орындау қажет деп есептеледі:
1. қайта жабдықтауға техникалық тапсырманың әзірленуі;
2. қайта жабдықтауға техникалық тапсырманың шығарылымы;
3. техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың өңделуі;
4. кадрлардың таңдап алынуы;
5. қажет жабдыққа тапсырыс беру және жеткізу;
6. электржабдығына тапсырыс беру және жеткізу;
7. жабдықтарды орнату;
8. электржабдықты орнату;
9. қызметкерлерді оқыту;
10. сынау;
11. пайдалану сызығына өткізу.
Желілік модель желінің спецификалық формасында берілетін, графикалық
көрінісі желілік график деп аталатын, өзара байланысты жұмыстар жиынтығының
орындалу жоспарын білдіреді. Желілік модельдердің негізгі ұғымдары оқиға
және жұмыс болып табылады.
Жұмыс - белгілі бір нәтижелерге әкелетін және қандай да бір шикізат
шығынын талап ететін, сонымен қатар белгілі бір уақытқа созылатын
процесстің түрі.
Оқиға – бұл бір жұмыстар аяқталып екіншісі басталғандағы уақыт мезеті.
Оқиға өткізілген жұмыстардың нәтижесін көрсетеді, және жұмыстан
айырмашылығы уақытқа созылмайды. Мысалы, фундамент бетонмен толтырылған,
құймалардың қатаюы бiтiрілген, есеп тапсырылған т.с.с.
Сол себептен, кез-келген жұмыстың басы мен соңы оқиғалар жиынтығымен
сипатталады, олар бастапқы және соңғы оқиғалар деп аталады. Сондықтан нақты
жұмысты теңестіру үшін жұмыс кодын қолданады (i,j), бастапқы номерден
тұратын (i-ші) және соңғы оқиғадан (j-ші), мысалы (2,4); (3,8); (9,10).

Құрылымдық жоспарлау этабында жұмыс пен оқиғаның өзара байланысы
желілік график көмегімен бейнеленеді, ол жерде жұмыс оқиғаларды бейнелейтін
төбелерді қосатын бағытпен көрсетіледі.
Жоба басталатын оқиға бастапқы(И) деп аталады. Өзінен кейін оқиғалар
тізбегі жоқ оқиға аяқталушы(З) деп аталады.

Сурет 1.1 Желілік графикті тұрғызу үлгісі

Желілік графикті тұрғызғанда келесі ережелерді ұстану керек:
бағыт ұзындығы жұмысты орындалу уақытына тәуелді болмайды;

бағыт түзу сызық болуы міндетті емес;

нақты жұмыстар үшін түзу, ал жалған жұмыс үшін кесілген бағыт қолданылады;

әрбір операция бір ғана бағытпен көрсетілуі тиіс;
ылғи бір оқиғалар арасында параллель жұмыстар болмауы керек, мұндай
жағдайды болдырмау үшін жалған жұмыстар қолданылады;

бағыттардың қиылысуын болдырмау керек;

оңнан солға қарай бағытталған бағыттар болмауы керек;

бастапқы оқиғаның нөмірі соңғы оқиға нөмірінен кіші болуы керек;

■ бастапқы оқиғадан бөлек аспа оқиғалар болмауы керек;

■ аяқталушы оқиғадан бөлек тұғырықты оқиғалар болмауы керек;

■ цикл болмауы керек.

Тапсырманы шешу алгоритмі:
1. модельді немесе желілік графикті тұрғызу;
2. желілік графикті реттеу;
Желілік графикті реттеу дегеніміз, жоғарыдағы ережелермен тұрғызу
керек дегенді білдіреді.
3. Жобаның сызықты диаграммасын тұрғызу;
Сызықты диаграмманы тұрғызғанда әрбір жұмыс уақыттың параллель осінде
сызықтармен бейнеленеді, оның ұзындығы сол жұмыстың ұзақтығына тең болады.
Ұзақтығы нөлге тең жалған жұмыстар болған жағдайда ол нүктелермен
белгіленеді. Жобаның сызықты диаграммасынан кризистік уақытты, кризистік
жолды, сонымен қатар барлық жұмыстың уақыт резервін анықтауға болады.
4. кризистік жолды таңдаймыз;
Кризистік жолды анықтау үшін – жұмыс-кесінділерді қарастырамыз.
5. кризистік жолға жататын параметрлерді (жұмысты) талдаймыз;
6. қалған басқа жұмыстарды талдаймыз;
7. уақытша параметрлерді есептейміз;
Эксперттің және жобаның жауапты орындаушыларын сұрау негізіндегі
жұмысқа арналған үлестірудің сандық мінездемесін анықтау үшін үш уақытша
бағаны анықтайды:
a) оптимисттік бағаны, яғни қолайлы жағдайлардағы жұмыс ұзақтығы;
b) пессимисттік бағаны, яғни қолайсыз жағдайлардағы жұмыс ұзақтығы;
с) өте ықтимал бағаны, яғни қалыпты жағдайлардағы жұмыс ұзақтығы;
8. уақытша бағаның сандық мінездемесін анықтау (есептеу);
9. жобаны орындау мерзімі нұсқаушы мерзімінен асып түспейтіндігінің
ықтималдық бағасы.
Бізге берілген жобаны құрастырғанда 12 оқиға ерекшеленді деп ойлайық:
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 24 олардың
жұмыстарын байланыстыратын: (0, 1), (0, 2), (0, 3), (1, 2), (1, 4),
(1, 5), (2, 3), (2, 5), (2,7), (3, 6), (3, 7), (3, 10), (4, 8), (5,
8), (5, 7), (6, 10), (7, 6), (7, 8), (7, 9), (7, 10), (8, 9), (9,
11), (10, 9), (10, 11). Желілік график құрап, оны реттеу керек.

1.2 Желілік графикті тұрғызу

Жұмыстардың тізімінен көргендей, желілік графиктің бастапқы оқиғасы 0
оқиға болып табылады (себебі оның алдында ешқандай оқиға жоқ), ал
қорытындылаушы – оқиға 11 (себебі онан соң ешқандай оқиға жоқ). Желілік
графикаға байланысты уақыт өзгерісі солдан оңға қарай, 0 оқиғаны
графиктің сол жақ бөлігіне орналастырайық,сол арқылы аралық оқиғаларды
сәйкес нөмірлеріне байланысты олардың арасына орналастыру арқылы 11
оқиғаны – оң жақ бөлікке орналастырамыз.

Сурет 1.2 Оқиғаларды жұмыс тізіміне сәйкес бағыттармен байланыстыру

Тұрғызылған желілік график құрастыру ережесін қанағаттандырады.
Дегенмен, бұл график толығымен реттелмеген.
Желілік графикті реттеу. Мұнда оқиғалар мен жұмыстар келесідей
орналасу керек: яғни реттелген желілік графикте барлық жұмыс-бағыттар
солдан оңға қарай бағытталған: кіші нөмірлі оқиғадан үлкен нөмерлі оқиғаға
қарай.
Шартты түрде желілік графикті бірнеше тік қабаттарға бөлеміз (оларды
бөлшек сызықтармен айналдырып, рим цифрларымен белгілейміз).
І қабатқа бастапқы оқиға 0 ді орналастырып (сурет 2), ойымызша бұл
оқиғаны және онан шығатын барлық жұмыс-бағыттарды графиктан сызып тастаймыз
(1 суретті қараңыз) Сонда ешқандай кіріс бағыты жоқ ІІ қабатты құрайтын 1
оқиға қалады. Ойша 1 оқиғаны және онан шығатын жұмыстарды сызып тастасақ,
ІІІ қабатты құрайтын 4 және 2 оқиғалар ешқандай кіріс бағытсыз қалады. Осы
көрсетілген сызу процедурасын жалғастыру арқылы, 5 және 3 оқиғалы IV қабат,
7 оқиғалы V қабатты, 8 және 6 шы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электр энергетикасы» мамандығы студенттері үшін есептік – сызба жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Алмагүл 35/10 кВ-тық қосалқы станциясын қайта құру
Архивтеу программалары
Байланыс желілері мен сымдар
Құрылыстық конструкцияларын пайдалану
Құрылысшы мамандар даярлау негізінде студенттердің таңдау курсы ретінде ұсынылатын «Қатпарлы серпімді бет теңдеуінің математикалық моделін жасау» технологиясы мен пайдалану әдістемесін жасау
Әмбебaп моделдейтін бaғдaрлaмaлaрды пaйдaлaну тиімділігі. MatCad
Жүйелер туралы алғашқы түсініктер, графикті жүйелер
Жабын қабатының материалдары
Электр жүктемелерінің графиктері
Пәндер