Суды төмендету жұмысы


Кіріспе
I. Кіріспе . . .
II. Негізгі бөлім
2. 1 Жер асты сулары туралы жалпы түсінік . . .
2. 2 Жер асты суларын азайту . . .
2. 3 Жер асты суларын азайту әдістері . . .
III. Қорытынды . . .
IV. Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Бүгінгі рефераттық жұмысымның тақырыбы «Жер асты сулары». Рефераттық жұмыстың негізгі бөлімін үш бөлімге бөліп қарастыратын боламын. Олар: 1. жалпы түсінік 2. Жер асты суларын азайту 3. Жер асты суларын азайту әдістері.
Жер асты сулары - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Ол шөгiндi және барпылдақ тау жыныстары бөлшектерiнiң арасы. Ұсақ кеуектерiн, магмалық және метафорттық жыныстардың жарықтары мен жiктерiн, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Ж. а. с. қалыптасу жағдайына, тереңдiгiне, арын күшiнiң мөлшерiне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып үш топқа бөлiнедi. Қалқыма су кiшiгiрiм ойпаттарда, құм шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сiңiуiнен уақытша пайда болған жер бетiне жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына, ауа-райының өзгерiстерi үлкен әсер етедi. Сондықтан су қорын құрайтын негiзгi көз жойылғанда, бұл су қорғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
Жер асты суларына жалпы түсінік
Барлық құрылықтағы су көлемінің 4 % жуығы біздің ғаламшарымызда орналасқан. Шамамен оның жартысы мәңгілік қарлар мен мұздықтар құрамына кірсе, қалған бөлігі: өзен, көл, жер асты сулар және мәңгілік қатқан жер асты мұздарына таралған. Жер бетіндегі барлық табиғи суларды су ресурстары деп атайды. Табиғи сулар жер асты және жер үсті сулары деп екіге бөлінеді.
Жер асты суы - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Олар атмосфера мен жер үсті суларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар жер асты сулары жер шарындағы су айналымына қатысады. Жер асты сулары тек қана құрылық астында ғана емес, ол мұхит пен теңіз астында да орналасқан.
Негізінен жер асты суларының пайда болуы кейбір тау жыныстарының суды жақсы өткізуіне, кейбіреулерінің өткізбей ұстап қалуына байланысты. Мысалы, жауын - шашындарды (атмосферные осадки) жердің беткі қабатына қуыстар мен жарықшақтар арқылы өткізетіндер - су өткізгіш тау жыныстары болса, керісінше суды өткізбей ұстап қалатын сутірек тау жыныстары болады (водоупорные) .
Суреттен көріп отырғанымыздай жер асты көрінісі берілген. Яғни, ең жоғарғы қабат - топырақты су қабаты, екінші қабат - су өткізуші қабаты, үшінші қабаты - сулы қабат, одан төменірек- грунт су, соңғысы - су тіректі тау жыныстар. Бұл жер асты сулары ары қарай бастау арұылы өзенге ұласады.
Жер асты сулары өзінің күйі, химиялық құрамы, құрылымына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Жер асты суларының бір түрі - жердің топырақты су қабаты. Яғни, бұл қабатты жер асты мен үстіңгі қабат аралығын толтырушы деп түсіндіреді. Олар еркін күйде немесе байланысқан түрге бөледі. Еркін күйде ауырлық күш әсерінен орын ауыстыратын болса, байланған күйде өзара молекулалық күштер арқылы байланысады.
Ал еріген қар немесе жауған жаңбырдың топыраққа сіңіп, шайылып, топырақ қабатында жиналған суды сулы топырақ қабаты деп атайды. Су өткізбейтін қабаттан жоғары орналасқан бірінші қабат - грунт суы деп аталады. Олар атмосфералық жауын - шашын, ағын сулардың сүзілуі мен су буының конденсациялануы арқылы толтырылып отырады. Жер бетінен топырақты су қабатына дейінгі аралықты - топырақ суының жату тереңдігі деп атайды. Ол ылғалды кезеңде, жауын - шашын көп жауғанда, қарлар көп мөлшерде ерігенде, құрғақ мезгіл азая бастағанда үлкейеді.
Грунт суы - табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 - 5 м-ден 50 - 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қыратты бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1, 5 - 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл - терең қабат аралық жер асты суы.
Грунт суы қабатынан төмен қарай бірнеше жер асты суы қабат аралық су өткізуді тежейтін бөліктерден ( немесе қабаттардан ) тұрады. Кейбір қабат аралық сулар арынды күйге ауысады. Бұндай құбылыс тау жыныстары қабатының тостаған тәрізді күйде болып, ондағы су белгілі бір қысымға ұшырағанда пайда болады. Сонымен қатар мұндай жер асты суларын төменнен жоғары қарай бұрғыланған ұңғыма көмегімен жоғары қарай көтереді. Осындай жер асты суын - артезианды су деп атайды. Көбіне артезианды сулар үлкен көлемді алып жатқандықтан, артезиан су көздері жоғары әрі тұрақты су шығынына ие болады. Кейбір атақты, мысалы, Солтүстік Африка оазистері осындай артезиандық су көзі әсерінен пайда болған.
Артезиан суы - тереңде (75 - 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады.
Жер астындағы сулар жер бетіне сай немесе өзен жазықтықтарынан бастау алып шығады. Олар тау жыныстарының сулы қабатына байланысты пайда болады. Өйткені, грунт суы тереңдігі мезгілге, жауын көлеміне қарай өзгеріп отырады. Кей кездері су көзі тіптен жоғалып кетсе, кей кездері керісінше болады. Негізгі су көзінің температурасы әр түрлі болуы мүмкін. Егер су температурасы 20°С-қа дейін болса - салқын, 20 - 37°С аралығында жылы, 37°С-тан жоғары ыстық болады. Көпшілік ыстық сулар вулканды аймақтарда кездеседі.
Қазіргі таңда жер асты суларын қала және ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін, ауылшаруашылық жұмыстары үшін жер астынан тартылып алынады. Жер асты суларының үлкен қорына қарамастан, оларды тез арада жаңартып отырады. Себебі, олар көптеген техникалық қалдықтар немесе өзге де заттар әсерінен зиян келуі, ластануы мүмкін.
Жер асты суларын азайту
Су деңгейін азайту - жер асты суларының қысымы мен деңгейін арнайы дренаждық құрылғы көмегімен төментету. Бұл көбіне құрылыс жұмыстары кезінде, шахта мен карьерлерде эксплуатациялау басталғанда, жер асты сулар деңгейін статикалық қорды өңдеуін күшейту және динамикалық ағысты тоқтату арқылы интенсивті төмендету арқылы жүргізеді. Бұндай жұмыстар жұмыс алаңында арнайы су төмендеткіш ұңғыма ( кейде озық дренажды және инесүзгілі құрылғымен қосып) көмегімен жасайды. Су деңгейін төмендеткіш ұңғыма: сүзгі, суды айдауға арналған сораптан, автоматты басқару батырмасынан тұрады және суды айдау үшін коллектормен жалғайды.
н
Cхема водопонижения на карьере: 1, 2 - первоначальный напорный и сниженный уровни подземных вод; 3 - водопонижающие скважины c погружными насосами; 4 - сквозные фильтры; 5 - иглофильтровые установки; 6 - горизонтальные скважины; 7, 8 - водоотводные трубы и каналы; 9 - водоносные горизонты; 10 - насосная камера; 11 - шахтный ствол; 12 - дренажный штрек.
Су деңгейін төмендету - іргетасты грунт суының зиянды әсерінен қорғайтын коплексті шара. Белгілі болғандай, ұсақ дәнді топырақтардан жасалған құдықтарда су деңгейін төмендету ашық түрде жүргізуге болмайды. Бұндай кезде көбіне груннты су деңгейін төмендету ( грунтовый водоотлив ) әдісі тиімді болады. Екі әдістің айырмашылығы: грунт су деңгейін төмендету әдісі ашық әдіске қарағанда жұмысты орындау технологиясы ұтымды, яғни, ұңғымалар арқылы суды төмендетеді, әр түрлі құрылыс машиналарын және механизмдерді қолдана аламыз. Бұл дегеніміз жұмысты бір жағынан жеңілдетеді, екінші жағынан орындау мерзімін азайтады.
Алайда кей жағдайларда жоғарыда айтқан тәсіл іске аспай қалуы мүмкін. Егер сазды және құмайт тәрізді балшық топырактарда кездессе. Осындай кезде арнайы су деңгейін төмендету тәсілі қолданылады: электр кептіргіш және вакуумды кертіру. Бұл технологияны орындау үшін қарапайым су сорғыш сораптан басқа вакуумды сорап қолданылады ( ауаны сору үшін ) . Электр кертіргіш әдісі тұрақты тогы бар арнайы электр -генератордың қатысуымен жасалады.
Суды төмендету жұмысы
Жер асты суларын азайту әдістері
Жасанды су деңгейін төмендету жұмыстары
Су деңгейін төмендету үшін: ине сүзгілі құрылғы, сорғыш ине сүзгісі, вакуумды су төмендеткіш, су төмендеткіш ұңғымада орналасқан тереңдік сорап әдісі қолданылады. Бұл әдістің негігі ерекшелігі - грунт суын ұңғыма мен құдықтарға айдаған кезде, оның жоғарғы жағы белгілі бір бұрыш жасай оймалы формаға айналады (воронкалы) . Воронка формалы бетті - депрессиялы бет, ал олардың аралық қабатын - депрессиялы воронка деп атайды. (сур. 86)
Суды айдау мөлшеріне қарай депрессиялы воронка таралу ауданы мен тереңдігі бойынша үлкейіп отырады. Айдауды тоқтатқан кезде грунт суы қайта қалпына келеді. Мақсаты - депрессиялы воронканы сулы топыраққа байланыстырып, дамыту.
Рис. 86. Схема водопонижения:
а - одной скважиной; б - двумя скважинами при водоупоре ниже дйа котлована; в - то же на уровне дна котлована; 1 - контур котлована под строящееся сооружение; 2 - водопони-жающая скважина; 3 - сухой грунт, находящийся выше уровня грунтовых вод (УГВ) ; 4 - депрессионная воронка (осушенный водопонижением грунт) ; 5 - поверхность депрессии; 6 - обводненный грунт; 7 - погружной насос; 8 - водоупорный слой; h - максимальная высота остаточного слоя воды, снимаемого открытым водоотливом
Жеңіл ине сүзгі көмегімен су деңгейін төмендету
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz