Қытай жазба деректерінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1 Үйсін мәселесінің тарихнамасы және деректері9

2. Патшалық Ресей тұсында және Кеңестік дәуірде үйсін ескерткіштерінің зерттелу деңгейі. 14

3. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы Үйсін археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі. 20

Қорытынды27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ29

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Ғасырлар бойы қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің тарихи тәжірибесін объективті шындық тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу Отандық тарихнамаға жүктеліп отырған күрделі де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағытта қол жеткізген ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік идеологияны, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруына, егеменді еліміздің іргетасын нығайтуға, жалпы алғанда халқымыздың болашаққа деген сенімінің артуына қосар үлесі зор және ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасын қалпына келтіріп, оны жаңа қырларын жүйелі түрде зерттеп, қазақ тарихының беттерін толтыруға мүмкіндік алып отырмыз

Өткен ғасырда ұлттық көне тарих зерттеу саласында өздерінің зерттеулерімен, еңбегімен, талантымен зор үлес қосқан ғалымдардың шоғыры шықты. Олардың ғылыми еңбектерінің құндылығы мен негізіне ғылыми тұрғыдан талдау жүргізбей тұрып, болашақта тарихи зерттеулерді айтарлықтай деңгейде жүргізу мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстан тарих ғылымын қалыптастырған ғалымдардың мәдени мұрасын дұрыс түсініп, оны жан-жақты талдап игеру білудің маңызы зор. Ұлттық көне тарихымызды, мәдениетімізді, оның құрамдас бөліктерін жеке-дара талдап зерттеу ұлттық төл тарихымыз бен мәдениетіміздің қырларын терең саралауда жол ашатыны сөзсіз.

Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне замандағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет болып отыр. Яғни, адамдардың тіршілік әрекетінен қалған заттарды зерделей келе, археология ғылымы өткен тарихымыз турасында мәліметтер тобын беріп отыр. Осы мәліметтер туралы ежелгі еліміздің территориясында орналасып, кейіннен қазақ елінің тайпаларының құрамында кездесетін тайпалар тобы да кездесіп отыр. Міне сондай тайпалардың бірі ретінде үйсін тайпаларын алуымызға болады.

Үйсіндер ғасырлар бойы Жетісу жерінде мекендеп өзіндік мәдениетін қалыптастырып, керемет ескерткіштерін бізге мұраға қалдырған. Осы ескерткіштерді зерттеп, оларды ғылыми айналымға енгізу біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

Сонымен үйсін археологиялық ескерткіштерінің зерттелуіне байланысты бірнеше өзекті мәселелерін көрсетуімізге болады:

Біріншіден, Жетісудағы үйсін археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихына арналған еңбектер отандық тарихнамада жоқтың қасы. Осыған байланысты кезінде жазылған еңбектердің көбі ескірді. Одан бері Жетісу жеріндегі көптеген үйсін дәуірінің ескерткіштері зерттелді. Атап айтқанда олардың обалары және де қоныстары көптеп зертелді. Сайып келгенде, соңғы жылдардағы археологиялық ізденістерді толығымен қамтыған, ғылыми ой пікірлерді жүйелеген еңбектердің болмауы, тақырып өзектілігін нақты көрсетеді.

Екіншіден, Үйсін атауы қытай деректері арқылы ортамызға сіңісіп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамында үйсін атауы кездесіп отыр. Сол себепті де Қазақстан территориясын ежелгі заманда мекен етіп, кейін бұл атауы ортамызда қайта кездесуі әрине заңдылық болып отыр. Сол себепті де ежелгі заманда елімізде мекен етіп, артында өзіндік тарихын қалдыра білген үйсін тайпасы туралы зерттеп, оның мәнін ашу жұмыстың өзектілігін байқатып отыр.

Үшіншіден, Жетісу үйсін археологиялық ескерткіштерін зерттеу қазіргі таңда маңызды екендігін, сонымен қатар оның тарихымызда алатын орнын көрсету және теориялық болжамдық жағынан өзекті мәселердің бірі болып отыр.

Қазақстан тұрғындарында тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттік консепциясында бұл мәселе кезек күттірмес маңызды мәселе ретінде қойылады. «Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы» атты ғылыми сессияда да: «Үшінші мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайта сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені, тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-мағанасын ұғындыра түседі» делінген.

Осыған орай тарих ғылымында өткеніміз бен бүгінімізге көз жүгірткен болатынбыз. Өзінің 2500 жылға созылған ұзақ тарихын көптеген оқымыстылар зерттеулеріне көз жүгірте отырып, ежелгі үйсін тайпаларының қазақ халқының құрамына енген жергілікті Жетісулық тайпалар болғандығы қазіргі таңда айтылып жүргендігі белгілі. Олай болса, б. з. д ІІІ-І ғасырларында өмір сүрген үйсін тайпаларының тарихын зерттеу күні бүгінге дейін қазақ тарихында ерекше орны бар өзекті тақырып екендігін танытып отыр.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттері тақырыптың өзектілігі және оның қамтитын хронологиялық мерзімінен туындайды. Мақсат -Жетісу өңіріндегі Үйсін дәуірінің ескерткіштерінде жүргізілген ізденістер негізінде алынған деректерді жинақтап, топтастырып, саралап, жеткен нәтижелерін көрсету.

Осы мақсатқа орай, төмендегідей міндеттер туындайды:

  • үйсін мәселесіне тарихнамалық талдау жасап, басты дерктік негізін көрсету;
  • Жетісу үйсін археологиялық ескерткіштерінің патшалық Ресей және Кеңес үкіметі тұсындағы зерттелу деңгейін анықтау және зерттеу жұмыстарына талдау жасау;
  • Жетісу үйсін археологиялық ескерткіштерінің тәуелсіздік жылдарында зерттелу барысын көрсету;
  • үйсін археологиялық ескерткіштерін зерттеудің қазақ тарихымен сабақтастығын айқындау;

Зерттеу жұмысының нысаны. Жетісу үйсін археологиялық ескерткіштеріне қатысты ғылыми ақпараттар қоры, ғылыми зерттеулер мен ізденістер зерттеу нысанына кіреді.

Зерттеу пәні. Үйсін ескерткіштерін қазу барысында алынған мәліметтер негізінде қол жеткізілген пайымдаулар мен тұжырымдардың ғылыми әлеуеті зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістері. Курстық жұмыстың мақсатына орай ең алдымен тарихылық принцип басшылыққа алынады. Зерттеу барысында статистикалық, салыстырмалы типологиялық, тарихи қалпына келтіру әдістері кеңінен қолданылады.

Методологиялық және теориялық негіздері. Ғылыми айналымға үйсін археологиялық ескерткіштеріне қатысты зерттеулерді топтастырып, жүйелеп енгізуді мақсат тұтқан осы ізденісті жазуда барлық зерттеушілердің теориялық және ғылыми-практикалық жұмыстары басшылыққа алынады деп жоспарлануда. Зерттеудің методологилық негізін тарихи-мәдени және өркениеттілік ұстанымдар қалайтындығы анық. Сондай-ақ үйсін тарихы мен мәдениетіне қатысты айтылған теориялық ой-пікірлерді саралауда тарих ғылымында қолданылып жүрген барлық зерттеу әдіс-тәсілдері, принциптері мен ұстанымдары қалайтындығы анық. Жаңа тарихи - методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принциптерін негізге алдым. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегіндегі соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алынып, зерртеу барысында зерттеу, талдау, сараптау әдістерін қолдандым.

Тарихнамасы. Жазба деректер бойынша үйсін тайпалары туралы алғаш тарихи жазбаларды ғылыми айналымға енгізген зерттеушілер Н. В. Кюнер мен Н. Я. Бичурин болды [1; 2] . Олар қытай тілін өте жақсы меңгергендіктен, олардың аудармаларын және басқа деректерді пайдалана отырып В. В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихы очеркі» атты еңбегінде үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жазды [3] . Сол сияқты қытай маманы Ю. А. Зуев та үйсін тайпасы туралы жаңа деректер тобын пайдалана отырып, қазақстан тарихын жазуда үйсіндер жайлы өз үлесін қосты [4] .

Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек сіңірген ғалымдар академик Ә. Марғұлан мен М. Бернштам болды [5] . Іле өзенінің орталық ағысының оң жақ жағалауында үйсін ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізіп, алынған материалдар бойынша олардың өмір сүрген мезгілін дәуірлерге бөліп, даму кезеңдерін бір жүйеге келтірген А. Г. Кушаев болды [6] .

Сол сияқты сақ, үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ уақыт айналысқан К. А. Акишев болды. Ол үйсін тайпаларының қоғамдық құрлысы мен әлеуметтік-экономикалық жақтарын бір жүйеге келтіріп, үйсін тайпаларының мемлекеттік дәрежеде - таптық құрлыста өмір сүргендігі туралы жазды [7] .

Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов болса қазақ арасынан жинаған шежірелік жинақтарына қарай отырып, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы екендігін мәлімдеген болатын [8] .

Сол сияқты әйгілі ғалым Е. С. Малов үйсін атауының 8 ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларында кездесіп, олардың сақ тайпаларымен туыс болғандығын атап өтеді [9] .

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б. д. д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады десе, ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді [10] .

Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог Е. И. Агеева мен А. Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады [11] .

Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю. А. Зуевты, С. Аманжоловты, В. В. Восторовты атауға болады.

Зерттеуші Ю. А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдесе, ал зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зерттеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарастырып өзіндік пікір ұстанады [12] . Сол сияқты В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді [13] .

Сондай ақ соңғы жиырма жыл ішінде үйсін мәселесімен және олардың археологиялық ескеркіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми айналымға енгізген зерттеушілер шоғырын атап айтуымызға болады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген және қала әкімдігі тарапынан қаржыландырылған зерттеу жұмыстарының бір бағыты үлкен Алматы аумағындағы ерте темір дәуіріндегі қоныстарды қамтиды. Барша Жетісу аймағындағы қоныс тұрақтарды зерттеу нәтижесінде осы өңірде мал шаруашылығы мен егіншіліктің, қалалар мен далалық аймақтардың өзара ықпалдаса отырып, қатар өмір сүргенін неғұрлым дәйекті деректер арқылы дәлелдеуге мүмкіндік туды. Бұл жұмыстарға ғалымдар Т. В. Савельева, Д. А. Воякин, С. Ақылбек, А. Н. Марьяшев, Ф. П. Григорьев, А. А. Горячев, Ю. А. Мотов, О. В. Кузнецова, американдық археологтар К. Чанг, П. Туртеллотт, Н. Миллер, А. Розен атсалысты.

Сонымен тарихнамада байқағандай, үйсін проблемасын зерттеуге Ш. Уәлиханов, А. И. Левшин, А. Н. Бернштам, К. А. Ақышев, К. Г. Кушаев, Ю. А. Зуев, А. Г. Максимова, С. Аманжолов және т. б. ғалымдар мол үлес қосты. яғни үйсін тарихы мәселесін зерттеу ісінде олардың ізденістерінде бұрын айтылмаған пайымдаулар жасалғаны байқалады.

Деректік негізі. Курстық жұмыстағы дерктік қор негізін екіге бөлуге болады. Біріншісіне, үйсіндер туралы жазба деректер, тарихи дерекнамалар кірсе, екіншісіне далалық археологиялық ізденістер жатады.

Ежелгі үйсін тайпалары туралы негізгі дерек көздерін қытай деректері береді. Яғни, Н. Мыңжан кітабына сүйене отырып, үйсін тайпалары турасында бірнеше деректер тобын атап өтуімізге болады. Мәселен, үйсін тайпалары туралы «Хан патшалығы тарихы, дуан шежірелерінде», «Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресінде» «Үйсін елі» деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы баяндалған. Сол сияқты «Тарихи жазбалар, Дуан шежіресінде» де үйсін тайпалары аталады.

Сол сияқы үйсін тайпалары туралы тағы бір құнды мәліметтер тобын Шадыман Ахметұлының құрасытыруымен ҚХР Үрімжі қаласында басылып шыққан «Ежелгі үйсін елі» атты үйсін тарихына қатысты қытай деректері мен зерттеулерінің топтамасы беріп отыр. Аталған зерттеуде 1960-1990 жылдар аралығында зерттеушілер назарында болған үйсін тайпаларының тарихы, деректері, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер топтастырылған.

Сондай-ақ жоғарыда атап өткендей жұмыстың негізгі дерек көздерін археологиялық материалдар тобы құрайды. Академик Ә. Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйелері туралы мәліметтер берсе, археолог-тарихшы А. Н. Бернштамның Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады. Ал К. А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығы туралы мәліметтер береді. Археолог ғалым Г. А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б. д. д. Y -ІY ғасыры мен б. д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар болғандығы туралы мәлімет береді. Бұл аталғандардың барлығы да бізе ежелгі үйсін тайпалары туралы негзгі дерек көздерін береді.

Сонымен қатар соңғы жылдары Жетісу үйсін археологиялық ескерткіштерін Ә. Т Төлеубаев, Т. В. Савельева, Д. А. Воякин, С. Ақылбек, А. Н. Марьяшев, Ф. П. Григорьев, А. А. Горячев, Ю. А. Мотов, О. В. Кузнецова, американдық археологтар К. Чанг, П. Туртеллотт, Н. Миллер, А. Розен зерттеді. Сондай-ақ ескерткіштердің зерттелу тарихына қатысты бірқатар еңбектер жарияланды. Олардың арасынан біздің қарастырып отырған тақырып ішінара болса да А. Досымбаева, Д. С. Байгунаков т. б. ізденістерінде көтерілді. олардың да еңбектері осы курстық жұмыстың деректік негізіне жатады.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тараушадан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Үйсін мәселесінің тарихнамасы және деректері

Көп ғасырлар бойы Жетісу жері әр түрлі тайпалардың, халықтардың өмір сүрген, мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан ортасы болды. Осы жерлерді ежелден жайлаған үйсін ескерткіштерін зерттеу Қазақстан археологиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Ерте темір дәуірінде өмір сүрген үйсіндердің тарихы жөнінде басы ашылмай келе жатқан мәселелер әлі де бар. Атап айтқанда этникалық тарихы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, сонымен қатар олардың алып жатқан территориясы мен таралу аймағы әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Жетісу жерінде қытай жазба деректерінің хабарларына қарағанда б. з. б. ІІ ғасырларда атақты үйсін тайпаларының өмір сүргендігі туралы мәліметтер кездеседі. Үйсін тайпалары кейіннен сол атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына сіңген ру. Үйсін этносы қазақ халқының тарихында ерекше орны бар тарихи тақырып болғандықтан зерттеуді көп қажет етеді.

Мәселенің тарихнамалық қарына келер болсақ, зерттеуші Н. Я. Бичурин аударған қатай деректерінде үйсіндердің зерттелу тарихының негізгі деректік қорлары кездеседі. Үйсіндер тарихын зерттеген ғалымдар Н. Я. Бичурин, Н. В. Кюнер, В. С. Таскин, Ю. А. Зуев, Н. Мыңжан үйсіндер тарихына мол үлес қосқан. Бұл ғалымдардың еңбектері үйсіндердің зертттелу тарихнамасын толықтыра түседі.

Деректік мәліметтер бойынша Іле өзенінің оңтүстігіндегі Іле Алатауын қытай елінің б. д. д. жазба дерегінде Үйсін тауы деп атаған. Халқымыздың тарихына ерекше мән беріп, оны алғаш тарихшы ретінде жазған атақты ғалым А. И. Левшин өзінің еңбегінде бұл Қытай жеріне кіріп жатқан Алатау ма немесе Үйсін Алатауы ма деген сауалға нақты ешнәрсе айта алмайтындығын жазған [14] . Ал археологиялық зерттеулер бойынша Іле өзенінінің оң жағы болсын сол жағы болсын б. д. д. ІІІ ғасырларда ежелгі үйсін тайпаларының өмір сүргендігі толығымен дәлелденген. Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик В. В. Бартольд үйсін атауына үлкен мән берген. Ғалым халқымыздың тарихына байланысты алғаш рет «Жетісу очеркі» атты көлемді еңбегін жазды. В. В. Бартольдтің пікірі бойынша Ыстық көлдің оңтүстік жағындағы Ферғана, Күшпен Шершинге дейінгі Қытай Түркістаны аралықтағы Манглай Сүбе облысының жері де Жетісудың бір бөлігіне жатқан. Ғалым бұл жерлер түріктенген моғол тайпаларының бірі дулаттардың жері деп көрсетеді [15] . В. В. Бартольд дулаттардың жері Жетісу аймағы деп көрсетеді.

Ал зерттеуші Н. А. Аристов өзінің пікірі бойынша дулу тайпасы шығыстан хундармен бірге Батысқа қарай жылжып қоныстанғанын атап өтеді [16] .

С. Аманжолов болса «Менің ойымша бүгінгі дулаттар ертедегі орхон-енисей түріктерінің тура ұрпақтары (Y-YІІІ ғғ. ) деп көрсетеді [17] . Ертедегі үйсін, қаңлы, дулат және т. б. тайпалар қазіргі қазақ халқының құрамына сол атауман енген Ұлы жұздің рулары екендігі айқын.

Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б. з. б. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады дейді. Бұл тайпалар шығыста көршілес өмір сүріп ақыр аяғында олардан теперіш көріп, Жетісу жеріне келіп, мұнда сақ тайпасын ығыстырып, үйсін тайпасымен араласса керек Ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді [18] .

Жетісу жерінде судың молдығына байланысты бұл өлкенің құрғақ табиғатына қарамастан отырықшылық күй кешкен. Бұл процесс турасында академик Ә. Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйесінің бүгінге дейінгі өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетеді [19] . Бұл кезеңде Жетісу аймағында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген археолог-тарихшы А. Н. Бернштамның қазақ халқының тарихына сіңірген еңбегі өте зор. А. Н. Бернштам Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады [20] . Ғалым ескерткіштердің материалдық жағына сүйене отырып, ежелгі үйсіндердің шығыстан яғни Қытайдың Гонсу провинсиясынан келмегендігін олардың таза Жетісуды мекен еткен үйсіндер болғандығын дәлелдей отырып, қытай дерегінің негізсіз екендігін жазады.

1946 жылы Қазақстанда ғылыми академия ашылады. Соған орай үйсіндер тарихын зерттеу мәселесі кеңейе түседі. Жетісу аймағына жүргізілген зерттеулердің барысында болған К. А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығын атап өтеді. Сондай-ақ үйсін тайпалары сақ тайпаларының заңды жалғасы, ұрпағы болғандығын да атап өтеді. Зерттеуші Алматы облысының Кеген ауданының Ақтас қыстағынан алынған материалдарға сүйене отырып, үйсін тайпаларының негізінен үш кезеңді бастан өткізгендерін дәлелдейді. Яғни, бірінші кезеңінде б. з. І-ІІІ ғасырында, екінші - ІY-YІ ғасырларында және үшінші кезеңі - ХYІІІ ғасырында қазақ халқының өмір кешкен кезеңі. Бұл кезеңдер қазба жұмыстарының кезінде табылған үйсіндердің тұтынған бұйымдарынан белгілі болған. Археолог ғалым Г. А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б. д. д. Y -ІY ғасыры мен б. д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар ғұмыр кешсе, ал одан кейін таптық жіктелулер болғандығын атап өтеді. Сол сияқты ғалымдар Г. А. Кушаев пен К. А. Акишев өз еңбектерінде үйсіндердің әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты зираттардан алынған материалдарға талдау жасай отырып, үйсін тайпаларындағы салт-сана, әдет-ғұрыптардың қазақ халықында да кездесетіндігін де жазады. Мәселен үйсін тайпаларының көкке (көк тәңірге), жерге (жер анаға), суға (су анаға), отқа (от анаға), күнге, айға және т. б. аспан дененлеріне сиыну салтының сақталғандығын жазады [21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Сақ, усунь, кангюй бірлестіктерінің этникалық тарихын ежелгі нарративтік деректер мен кейінгі жаңа зерттеулер негізінде жүйелілікпен негіздеп, аталмыш халықтардың этногенезін анықтау
Жүздердің зерттелуі
САҚ ӨНЕРІ
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Үйсіндер мен қаңлылар
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Сақ тайпалары туралы ақпарат
Ғұндар Саяси тарихы
Түргеш қағанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz